Кредит № 7

1. Тақырып №1. Құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы.

2. Дәріс мақсаты: Құрылыс материалдары өндірісі және гигиенамен студенттерді таныстыру.

3. Дәріс тезисі: Өндірістегі және азаматтық ғимарат тұрғызу үшін цемент,кірпіш,бетон және темірбетон қажет. Бұдан басқа құрылыста әйнек, әк, асфальтбетон, гипс, вермикулит, алгопорит, шифер (асбоцемент), черепица және баска материалдар жатады. Ағаш-фанерден, дранкадан, паркеттен, ағаш-қалдықтар, ағаш-плиткалар, синтетикалық материалдар-линолеум, плитка, шыныпластиктер тағы басқалар жатады.

Цемент өндірісі.

Цемент-негізі құрғақ(су қосылмағанда)және сулы әдіспен жағылатын құрылыс материалы.Дайын цемент құрамында кристаликалық кремний 0,8-7,3%мөлшерде,алты валентті хроммен(0,001%)бірге кездеседі.

Цемент зауытында шикі матералдарды ұнтақтап, араластырып, содан соң айналып тұратын пештерде күйдіреді.Пайда болған клинкер шарлы диірменде ұнтақталып,ал дайын өнім(цемент)келесі қолданушыларға транспортталады.

Соңғы жылдардағы цемент зауыттары жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған өнімдерді көрсетеді. Өндірістегі дайын және шикі шаңдар,интенсивті шу, жоғары ауа температурасы және ультражылу. Күйдіретін пештердің аудан көлеміне шаққан шаңның көлемі 34-40мг/м3 құрайды,ал ашық конвейрде ыстық клинкерді тасымалдау-50мг/м3, жабық тасымалдауда - 20-30мг/м3, қаптайтын цехтарда - 242-567 мг/м3, шикі өнімдерді ұнтақтағанда 79-88мг/м3.

Ауадағы жоғарғы мөлшердегі шаңның болуы себебі: дайын және шикі өнімдерді себудегі құрал-жабдықтардың толық емес жабылуы, сонымен қатар жерге түсу жолының ұзақтығы, шаңды материалдардың қатты жылдамдықпен ашық тасымалдануы, жеткіліксіз аспирация.

Ең жағымсыз жағдайға күйдіретін пештер жатады, кейде температурасы 42С жетеді және сәулелі жылумен байланысады, ол 3780 бастап 5040 кДж/м2/сағ дейін. Сәулелі жылудың көбі ыстық пеш құрал-жабдықтарының сыртқы бетіннен кептіретін барабандар болады

Шикі өнімдердемен,майдалағыш диірменмен және күйдіретін пештермен жұмыс істегенде орта және жоғарғы шу 90-115Дб құрайды.

Цемент зауытындағы жұмысшыларда кәсіптік аурулар(пневмокиноз, шаңды бронхит,дерматоз,кохлеарлы неврит,бронхеалды)болуы ықтимал,және тыныс алу ағзалары салмағының төмендеуі,жалпы ауруда уақытша еңбек қабілетінің жоғалуы келтірілген.

Темірбетондық өндіріс конструкциясы.

Бетон жасаудағы сыртқы ортаның негізгі жағымсыз факторлары дайын және шикі өнімдердің шаңдары,интенсивті шу және жоғарғы ауау температурасы(асфальтбетон).

Цементті вагондардан шығарғанда шаңның өлшері бірнеше мың мг/м3 жетеді,ал басқа орындарға тасымалдағанда 65мг/м3, бетонараластырғышта 88мг/м3.Инертті материалдарды тасымалдау, ұсақтауда ауадағы шаң концентрациясы 8-420мг/м3 жетеді. Пультпен басқаруда 1,6-9мг/м3 аспайды. Ең көп шанданатын ауа аз механикаландырылған өндірісте кездеседі.

Керамзит дайындаудағы ауа шаңының концентрациясы 34-330мг/м3 жетеді (ең жоғарғысы кебу өнімдерде) кепкен вермикулит 60-880мг/м3, алгопорит 2 169мг/м3.

Шаңның көзі жабық емес құрал-жабдықтарда,бтеон дайындау аймағвнда 95дБ жетеді,бұл орта және төмен көрсеткішпен есептегенде.

Бетон өндірісіндегі метеорологиялық жағдай сәтті.Бірақ күйдіретін пештері бар жабық ауданда ауа температурасы 35С,ал сәулелі энергия 6300-10080кДж/м2.сағ құрайды.

Алгопорит өндіруде орта 30мг/м2-дейін газбен, 60мг/м3-дейін көмірқышқыл газымен ластанады.Оның себебі,агломерационды машиналдың дұрыс жұмыс жасамауы.

Кірпіш және керамика өндірісі.

Құрылыста қоймалжын кірпіш және керамка(черепица,дренажды труба т.б)дайындау технологиясы шикі өнімді (қоймалжың)кептіргіш барабанда және формалы машинада,кептіру және күйдіру арқылы,сақиналы пеште немесе үңгірлі пеште дайындайды.

Өндірісте силикатты кірпішті және силикатты блокты дайындау арнайылылықты қажет етеді.Дайын емес өнімге бірінші әк және кварцты құм керек.Әкті арнайы пеште майдалайды оны езілген әкпен араластырып,алынған массаны престейтін формаға салады,сосын автоклавқа қояды.

Кірпіш және кеамика дайындаудағы негізгі сыртқы ортаның жағымсыз факторлары жоғарғы ауа температура,сәулелі жылу,шаңды ауа.Жұмысшылар өте ауыр жүк көтерумен сипатталады.Тәуліктік жүк салмағы ьірнеше тоонаға дейін жетеді.

Асбоцемент және асбосжылуизоляциялық материал өндірісі.

Шифер,вулканит,асбокартон,совелит,асбоперлит,асбовермикулит асбестен жасалады. Асбес бірінші бегунға, сосын сулы цементпен араластыратын голлендерге түседі.Сұйық тұрады,сусызданады және трубоформалық машинаға беріледі. Соңғы этапы кесу. Негізінен шифер өндірісі механикаландырылған және автоматтандырылған.

Асбеске ұқсас материалдар: диатомит, вермикулит және перлит т.б Дайындау технологиясы шиферге ұқсас, бірақ көбінде қол еңбегін қажет етеді.

Шифер жасау өндірісінде шаң,жоғары температура және ауаның дымқылдығы,интенсивті шу,кейде ауыр еңбек.

Полимерлі құрылыс-материалдарының өндірісі.

Соңғы жылдары кең тараған линолеум,плитка,шыныпластика тағы басқалар химиялық зауыттарда алынады.Осы материалдар әр түрлілігіне қарамастан дайындау үрдісі бірдей дайындықтан өтеді:шикі химиялық өнім дозатор,мерник,араластырғыш және т.б. материалдардың орнын ауыстыру ашық және жабық түрде,өнімді алу үшін жылытқыш агрегаттарды қолдану,кептіру,сұрыптау,соңғы этапы кесу.

Полимерлі материалдарды дайындаудағы негізгі факторлар: химиялық заттармен ауаның ластануы. Глифатталды линолеумді дайындауда ауада фталды ангидрид және акролейн табылады. Листті шыныпластиканы дайындау орнында ауада стирол 100-900мг/м3 көлемде табылады, материалды кесу орнында 7-8мг/м3. Шыныпластикамен жабылған опалубканы дайындауда ауада изопропилбензол, гидроперекись, изопропилбензол, толуол, ангидрид табылған.

Ағаштан жасалған құрылыс материалл өндірісі.

Ағаштан жасалған құрылыс материалдарын технологиялық үрдіспен алғашқы өнімдер (тақтай алу)және екіншілік дайын өнімді алады.

Ағаш дайындаудың бірінші этапы лесопильді кесу,екінші жеке цехта. Рамка,ағаш фонер,плита, және паркет дайындау үшін лесопильді рама кескіштер, формалы кескіштер және басқа ағаш өңдеу құралдары қоолданады,сонымен қоса престеу,кептіру.

Өндіріс орнындағы жағымсыз факторлардың бірі болып ауаның шаңдануы жатады, және де өндірістік шу, вибрация, жағымсыз метеорологиялық жағдай, ауаның химиялық заттармен улануы. Кейбір жұмыстар ауыр жүктерді көтеріуді қажет етеді.

Шыныдан жасалған құрылыс-материалл өндірісі.

Цехтағы жұмыс кептіру, ұнтақтау, құмды себу, доломит, бор, сода, натрийсульфаты, пегматит т.б. дайындаудан басталады. Шыныға өзгеше сапа беру үшін оған әр түрлі шихта қосындылар қосылады (мысалы фтор тұзы). Шихтаны қайнату үшін пешке салады, алынған шыны массаны созады, жаяды, дайын өнімді сорттайды, қораптайды.

Жаңа шыны зауыттарға мына қатарлар тән: жоғарғы ауа температурасы, сәулелі жылу, ортаның шаңмен химиялық қосылыстармен ластануы өндірістік шу. Жаңа өндірісте автоматтандырылған пультпен басқаруда нерв-эмоцилы ауырлық түседі.

Профилактикалық іс-шарада: механикаландырылған жыне автоматтандырылған өндірістік үрдістерді енгізу, шаңмен күресу, жылудың артуы, токсикалық заттардың шығуымен, шу және вибрациямен,рациональды желдеткіш құрылғымен. Индивидуалды қорғаныш заттары қолдану: тыныс алу жолдары, есту ағзалары және қол.

4. |Иллюстриациалық материал: презентация

5. Әдебиет:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: