Кіріспе 16 страница

6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.

Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.

Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс.

Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.

Мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешiмдерiмен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкiмдікке хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.

Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Әкімнің атқаратын қызметіне мыналар жатқызылады:

- аумақтық дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;

- аграрлық сектордың тиiмдi және тиiмдi жұмыс жасауын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру сызбасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану сызбасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгiзедi;

- облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

- ауданаралық (қалааралық) жолаушылар көлiгi қатынасын ұйымдастырады және т.б.;

Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн Премьер-Министрдің келісімімен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды немесе қызметінен босатады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.

2.Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды. Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.

Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.

Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон легіне қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық болашағы жоқ аумақтарда тұрады.

Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi мекендердегі кеңiстiк экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдардың болашағы жоқ болып қалды.

60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1,8 млн. адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5,2 млн. адам) - орташа, 595 АЕМ-нiң (189,9 млн. адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.

Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз үйлестiрiледi.

Елдi кеңiстiктiк ұйымдастырудың өңiрлiк жобалаумен, аса маңызды табиғи ресурстарды пайдаланудың және инфрақұрылымның салалық сызбаларымен өзара байланыстырылған моделi қалыптаспаған.
Аралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (облыстардың, аудандардың, қалалар мен ауылдардың) мүдделерiн қолдау, трансөңiрлiк процестердi үйлестiру құралдары (тетiктерi) жоқ.

Қазiргi уақытта елдiң аумақтық дамуындағы ахуалды былайша сипаттауға болады.

Күштi жақтары:

1. Елдiң Еуразия құрлығының орталығында, екi континенттiң - Еуропа мен Азияның қиылысында қолайлы географиялық орналасуы. Қазақстан әлемнiң аса iрi елдерi - Ресей Федерациясы мен жылдам өсiп келе жатқан Қытайдың арасында, Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия өңiрлерiмен көршiлес орналасқан.

2. Шекара маңындағы өңiрлердiң басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12-ci шекара маңында. Дамыған және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң тәжiрибесi шекара маңындағы өңiрлер осы мемлекеттердiң өсу аймақтарына айналғанын көрсеттi. Шекара маңындағы өңiрлер экономикалық белсендiлiк орталықтары болып табылады және бүкiл елдiң әлемдiк экономикалық жүйеге ойдағыдай кiрiгуiне ықпал етедi.

3. Ауқымды жер ресурстары мен табиғи-климаттық ерекшелiк-тердiң әралуандылығы алуан түрлi аграрлық өнiм өндiруге мүмкiндiк бередi. Республиканың аумағы он табиғи-ауыл шаруашылығы аймағын қамтиды, ауыл шаруашылығы алқаптарының үлесi - 82 % (1, 2, 3-қосымшалар).

4. Iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге де, сол сияқты елдiң өсiп келе жатқан экспорттық мүмкiндiктерiн iске асыруға да мүмкiндiк беретiн әралуан және бай минералдық-шикiзат базасы. Уранның, қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, көмiрдiң, хромның, темiрдiң, марганецтiң, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұзының барланған қорлары жағынан Қазақстан әлем елдерiнiң алғашқы ондығына кiредi.

5. Елдiң өндiрiстiк әлеуетi: өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы құрылымы, тиiстi өндiрiстiк қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық салалары - отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi.

6. Елдiң бүкiл аумағын қамтып жатқан көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым желiсiнiң болуы.Темiр жолдың және автомобиль жолдарының желiсi шектес елдерге шыға отырып, барлық өңiрлер арасында тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстандық автомобиль жолдары мен темiр жол халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамына енгiзiлген. Ақтау теңiз портын "ТРАСЕКА" және "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамындағы мультимодальдық көлiк торабы ретiнде пайдалану мүмкiндiгi бар. Елде 21 әуежай (22-нiң iшiнен) жұмыс iстейдi, оның 14-iне халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етiлген. Елдiң барлық өңiрлерiн талшықты-оптикалық байланыс желiлерiмен байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистралдың құрылысы аяқталып келедi.

7. Инновациялық-бiлiм беру әлеуетi: кейiннен бiлiм беру-инновация кешендерiн қалыптастыру базасы ретiнде университеттердiң, iрi жоғары оқу орындарының және мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталықтарының болуы.

8. Бiрегей рекреациялық ресурстар: табиғи кешендер және олардың құрауыштары, мәдени-тарихи ескерткiштер мен сәулет объектiлерi.

9. Демографиялық оң серпiн және еңбек ресурстары резервiнiң болуы. Соңғы жылдары халықтың табиғи өсiмiнiң ұлғаюы. Еңбек ресурстарының резервi ретiнде ел iшiнде жұмыс күшi артық өңiрлердiң болуы. Демографиялық резерв ретiнде көршiлес мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiнде қазақ диаспорасының болуы.

SWOP – талдау оның әлсіз жақтарын да көрсетті.

1. Негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алшақтық. Теңiз (мұхит) қатынас жолдарына тiкелей шығудың болмауы.

2. Әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi, құрылымның бұзылуы мен экономиканың сақталып отырған ыдырауы. Экономикада экспорттық шикiзатқа бағдарланған оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара әлсiз байланысқан экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым қалыптасты.

3. Өнiмдiлiктi төмендететiн және аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн ұлғайтатын факторлардың болуы. Егiстiк сапасының салыстырмалы төмен болуы. Егiстiк бонитетiнiң (құнарлылықтың салыстырмалы деңгейiн көрсететiн) 50 бiрлiктен асатын балы 23,2 млн. гектар егiстiктiң тек 4,2 млн. гектарына қатысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,8 млн. гектары (14,8 %) су және жел эрозиясына ұшыраған (4-қосымша). Өнiмдiлiгi аз жайылымдардың басым болуы.

4. Елдiң жекелеген өңiрлерiнде су ресурстарының тапшылығы. Ел өңiрлерiнiң басым бөлiгi құрғақ аймақта орналасқан және сумен қамтамасыз етуде қиындық шегiп отыр (5-қосымша). Жерүстi суларының тек 56 %-ы ғана Қазақстан аумағында қалыптасады, ал қалғаны сырттан келедi, бұл республиканың кейбiр өңiрлерiнiң шекаралас мемлекеттердiң су ресурстарына тәуелдiлiгiн күшейтедi.

5. Минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi. Әлеуеттi бай қорлардың аз игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда шоғырлануы.

6. Электр энергиясы бiр өңiрлерде артық болған кезде басқа өңiрлерде тапшы болуы. Елдiң солтүстiк және шығыс өңiрлерi электр энергиясын шамадан тыс шығарады, ал сонымен бiр мезгiлде оңтүстiк және батыс өңiрлерге ол елдiң басқа өңiрлерiнен немесе таяу орналасқан елдерден (Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан) импортталады.

7. Ел экономикасының осы заманғы қажеттiлiктерiне сай келмейтiн көлiк желiсi. Көлiк инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Республиканың негiзiнен кеңестiк уақытта қалыптасқан көлiк жүйесi қазiргi жағдайда республиканың халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне толық қосылуын тежеп отыр. Елдiң темiр және автомобиль жолдары өткiзу қабiлетiнiң төмендiгiмен сипатталады. Қарқынды тозу мен бұзылудың салдарынан жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң шамамен 30 %-ы күрделi жөндеудi талап етедi, 75 %-ы берiктiк пен тегiстiктiң қолданыстағы нормативтерiне сай емес.

8. Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның тозуының жоғарылығы. Елдiң шағын қалалары мен ауылдық аудандарындағы инфрақұрылым желiсiнiң нашар дамуы. ЖЭО-ның негiзгi құралдарының табиғи тозуы 40-60 % көлемiне жеттi, бұл иелiктегi электр және жылу қуаттарын шектеуге әкеп соқты. 2010 жылға қарай ЖЭО турбиналарының 50%-ы өзiнiң белгiленген қуаттарының парктiк ресурсын тауысады. Елдi мекендердiң энергия желiлерi мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң айтарлықтай тозуы. Ел халқының 1,7 %-ы әкелiнетiн сумен жабдықталады, 25 %-ы жеткiзудiң қиындығына байланысты суды алдын ала тазартылмаған ашық көздерден iшедi.

9. Су шаруашылығы инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Бөгеттердiң, су тораптарының және өзге құрылыстардың нашар техникалық жай-күйi.

10. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi. Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз етiлген. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қолжетiмдiлiк жоқ немесе қиын. Халықтың табиғи және миграциялық өсiм қарқыны жоғары iрi қалалар мен өңiрлерде әлеуметтiк инфрақұрылымның даму қарқыны артта қалған.

11. Рекреациялық инфрақұрылымның дамымауы. Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң көпшiлiгi кеңестiк уақытта салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға сай емес.

12. Елдiң бүкiл аумағында экологиялық ахуалдың нашарлауы. Әуе бассейнiнiң ластануы, су ресурстарының таусылуы және ластануы, "тарихи" ластану, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар, жердiң шөлейттенуi және тозуы, биологиялық әралуандылықтың бұзылуы, радиоактивтi ластанулар өңiрлердегi қоршаған ортаның басты проблемалары болып қалып отыр (6, 7-қосымшалар).

13. Елдiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымының осы заманғы талаптарға сай болмауы. Нарықтар мен елдi мекендер жүйелерiнiң шекарасы өңiрлердiң әкiмшiлiк шекарасына әркез сәйкес келе бермейдi. Бұдан басқа, облыстық (11 қала) және аудандық (10 қала) маңызы бар кейбiр қалалар өз мәртебесiне сай емес (8-қосымша). Мысалы, Ақтөбе облысының Жем, Темiр сияқты аудандық маңызы бар қалаларының халық саны 2,5 мың адамнан, ал Қызылорда облысының Қазалы, Ақмола облысының Степняк сияқты қалаларының халық саны 6 мыңнан аспайды. Бұрын құрамына селолық округтер енгiзiлген қалалардың шекарасы реттелмеген.

Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.

Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.

Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан болашағы бар аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi. Бұл жүйе бойынша аймақтың даму стратегиясын жасаған болатын, оның негізгі алға қойған мақсаттарының бірі – экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыру, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды.

Алға қойылған елдi орнықты және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткiзу өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара байланысты мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне байланысты.

Әлемдiк және өңiрлiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары - өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады.

Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталықаумақтық дамудың стратегиялық осьтерi:

1. Қалыптасқан, сол сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етедi;

2. Ортақ еуразиялық экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында қалыптастырылады.

Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау, Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады.

Елдiң солтүстiгi мен батысындағы осі "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн құрады.

Оське кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай - Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы мiндет болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: