Игнатенко Н.А., Гергерт Г.Э. 5 страница

Материалдық шығындардың барлығы:

· өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы;

· өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы;

· өндірістік жұмысшыларға есептелген негізгі және қосымша жалақысынан бюджеттен тыс әдеуметтік қорларға салымдар;

· жаңа бұйымдарды өндіруге дайындық пен игерудің шығындары;

· құралдар мен аспаптарды әзірлеу;

· жабдықтарды қамтамасыз етуге кететін шығындар;

· цехтік шығындар;

· брактан болатын шығындар;

· өзге өндірістік шығындар.

2. Өндірістік өзіндік құн цехтік өзіндік құнды, сондай-ақ жалпы шаруашылық (жалпы зауыттық) шығындарды қамтиды.

3. Толық өзіндік құн (сомалық шығындар) –– бұл өндірістік өзіндік құн, өндірістік емес шығындармен толықтыру.

§2. Шығындардың жіктелуі.

Шығындардың калькуляциялық бөлімдерін келесі топтарға біріктіруге болады:

А. Шығындар бөлімінің өнімін бірліктің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша тікелей және жанамаға бөледі:

тікелей шығындар –– өнімнің бірлігіне қарай қалыптасатын шығындар және олар нақтылы бұйымның, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін. Тікелей шығындардың үлгісі ретінде: шикізат пен материалдарға, сатып алынатын бұйымдарға, жартылай фабрикаттарға, өндірістегі жұмысшылардың негізгі жалақысына, отын мен энергияға және технологиялық қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар бола алады.

жанама шығындар –– бүтіндей цехтің немесе кәсіпорынның шығындарымен байланысты — өнім түрлері бойынша тікелей есептелмейді, қандай да бір көрсеткішке пропорционал есептеледі (цехтік және жалпы зауыт ішіндегі шығындар — жалақыға пропорционал; жабдықтарды ұстау мен қолдану шығындары — өндіріс көлемдеріне пропорционал).

Б. өндіріс көлемінің сипаты бойынша шығындар шартты-ауыспалы (ауыспалы) және шартты-тұрақты (тұрақты) болып блінеді.

ауыспалы (пропорционал) шығындар ­­–– жалпы көлемі өндіріс көлемінің өзгеруіне сәйкес өзгеретін шығындар. Ауыспалы шығындарға мысалы: шикізат пен материалдарға, өндірістегі жұмысшылардың негізгі жалақысына, технологиялық қажеттіліктер үшін отын мен энергияға, жабдықтарды қамтамасыз етуге (жартылай) кететін шығындар жатады.

тұрақты шығындар –– жалпы көлемі өндіріс көлеміне тәуелді болмайтын немесе шамамен тәуелді болмайтын шығындар. Тұрақты шығындарға: жалпы жүзеге асырылған жалпы шаруашылық шығындар, жабдықтарды қамтамасыз етуге және пайдалануға кететін шығындарды және т.б. жатқызуға болады.

В. Құрамы (біркелкілік дәрежесі) бойынша шығындар элементтік және кешенді болып бөлінеді:

элементтік (қарапайым) шығындар –– бір элементтен тұратын шығындар: шикізат пен материалдар, отын және технологиялық қажеттіліктер, өндірістегі жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы.

кешенді (күрделі) шығындар бөлімі бірнеше экономикалық элементтерден тұрады: жабдықтарды қамтамасыз етуге және пайдалануға жұмсалатын шығындар, цехтік және жалпы зауыттық шығындар.

Бір ғана шығындар бөлімі кейде қарапайым да, күрделі де бола алады, мысалы басқа жақтың жартылай фабрикаттары – қарапайым бөлім, өзінен шығарылған жартылай фабрикаттар – кешенді бөлім.

Г. Өндірістік үрдістерге қатысу дәрежесі бойынша шығындар:

өндірістік үрдістерді орындаумен байланысты негізгі;

өндірісті басқару және қызмет көрсетумен байланысты қосымша шығындар болып бөлінеді.

§3. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі жолдары

1) шикізаттар мен материалдарды қолдануды жақсарту — технологиялық үрдістің барлық кезеңдерінде шығындарды азайту нәтижесінде,брактың қысқаруы (бағалардаға айырмашылықтар үшін – аса арзан түрлерін таңдау мүмкіндігі);

2) энергетикалық ресурстарды үнемдеу — электр энергиясының шығындарын қысқарту; сәйкес тазартудан кейін суды қайтадан пайдалану;

3) өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, яғни еңбек өнімділігін арттыру – өндірістік үрдістердің механизациясы, автоматизациясы; технологияларды жетілдіру;

4) жұмыс уақытының шығындарын қысқарту – ауысым ішіндегі және күні бойғы тұрып қалулар.

САБАҚ №11.

Тақырып 3.2 «Нарықтық экономикада бағалардың түзілуі»

Жоспар.

  1. Бағалардың функциялары мен түрлері.
  2. Бағалардың түзілу тәртібі.
  3. Бағалардың түзілу мәселесінің амалдары.

§1. Бағалардың функциялары мен түрлері

Баға - тауар құының ақшалай көрінісі.

Баға өндіріс нәтижелілігін жоғарылатуда аса маңызды экономикалық тетік болып табылады және өндіріске, бөлуге, айырбас пен тұтынуға тікелей әсер етеді.

Бағалардың функциялары:

1. Есептік.

2. Ынталандырушы.

3. Бөлу.

Бағалар жүйесі өте күрделі болғанымен, барлық бағаларды үш негізгі түрге жіктеуге болады:

Келісімдік (нарықтық, еркін) бағалар сатып алушылар мен сатушылардың келісімі негізінде сұраныс пен ұсыныстың, бәсеке мен басқа да нарықтық жағдайлардың әсерінен түзіледі.

Мемлекеттік бағалар мемлекеттік органдармен бекітіледі. Мемлекеттік бағалар нарықтық экономикада келесілерге орнатылады:

1) Монополист кәсіпорындар өніміне;

2) Базалық тауарларға (берілген мемлекеттің экономикасы үшін);

3) Әлеуметтік маңызы бар тауарлар.

Мемлекеттік бағалар жүйесі екі эелементтен түрады:

- Бекітілген бағалар;

- Реттелетін бағалар.

Дүниежүзілік бағалар халықаралық саудада қолданылады және еркін конвесияланатын валютада төленеді.

Дүниежүзілік бағалардың әртүрлілігі - трансферттік (фирма ішілік) бағалар.

Нарықтық экономика жағдайларында бағалар тауарларды сату-сатып алу ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Аса кеңінен қолданылатн бағалар:

· Базистік бағалар.

· Фактурлық бағалар, соның ішінде:

- Ex works бағасы;

- FOB бағасы;

- CAF бағасы;

- CIF бағасы.

· Нақтылы бағалар.

· Дөңгелектелмеген бағалар – олар тауар төмен бағада сатып алынды деген көзқарасты қалыптастыра отырып сатып алушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады. Мысалы, 4599 руб.

· Экспорттық бағалар – бұнда өтім бойынша қосымша шағандарды, кедендік салықтарды, жүкті сақтандыру бойынша көлік шығындарын, жүкті сақтандыру бойынша шығындарды, келісімшарттарды жасау, сертификаттрады рәсімдеу және басқа да қағаздар бойынша шығындарды ескеру керек.

Баға құрылымы

Бағалар мен тарифтер жүйесі олардың келесі түрлерін қамтиды:

1. Өнеркәсіп бағалары:

· кәсіпорынның көтерме бағалары;

· өнәркәсіптің көтерме бағалары.

2. Ауыл шаруашылығының бағалары:

· сатып алу.

3. Сауда бағалары:

· бөлшектелген;

· колхоз нарығының бағалары.

4. Тарифтер:

· көліктік;

· коммуналды.

Бағалардың сандық өзара байланысын келесі кесте бойынша бақылауға болады:

Өнім бірлігінің толық жоспарлы өзіндік құны Нормативтік немесе жоспарлы кіріс Акциз НДС Сату ұйымдарының ағымдағы шығындары мен кірісі Сауда ұйымдарының ағымдағы шығындары мен кірісі
С П А НДС Нс Нт
Кәсіпорынның көтерме бағасы        
Өнеркәсіптің көтерме бағалары, сатып алу бағалары    
Бөлшектік бағалар, колхоз нарығының бағалары

§2. Бағаның түзілу тәртібі

Бағаның түзілуі тауарлар мен қызметтерге бағалардың түзілу және қалыптасу үрдісі.

Бағалардың қалыптасуының екі негізгі жүйелерін ажыратады:

a) нарықтық (еркін) бағаның түзілуі – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі негізінде;

b) орталықтанған мемлекеттік бағалардың түзілуі – мемлекеттік органдармен бағаларды орнату негізінде.

Еркін бағаның түзілуі – нарықтық экономиканы тиімді өздігінен реттеудің басты құралы болып табылады.

Еркін бағаның түзілуі келесідей тәртіпте жүзеге асады:

1. Мақсатты таңдау.

Аса кең таралғаны, кәсіпорынның күнделікті бағалық стратегиялары:

- нарықта тұрақты орынды сақтап тұру;

- нарық үлесін кеңейту;

- кірісті жоғарылату, рентабельділік деңгейін көтеру;

- нарықта көшбасшы болу және т.б.

кәсіпорын көрсетілген мақсаттарды бір уақытта ұстана алады немесе өзіне басты мақсат қоя алады.

2. Сұранысты бағалау.

Көлеміне әртүрлі факторлар әсер ететін тауарға сұранысты анықтамайынша, бағаны орнатуға болмайды.

2. Шығындарды талдау.

Шығындар тауардың ең төмен бағасын анықтайды. Оларды бағаларды төмендету кезінде ескеру керек, өйткені шығындардан төмен сату қаупі туындайды.

4. Бәсекелестердің бағалары мен тауарларын талдау.

Бәсекелестердің бағасына өзіндік бағаны есептеу кезінде жүгінген пайдалы.

5. Бағаларды қалыптастыру әжісін таңдау.

Тәжірибеде бағаларды түзудің келесі әдістері кеңінен таралған:

- орташа шығындар қосымша кіріс;

- залалсыздық пен мақсатты кірісті қамтамасыз ету;

- тауардың сезілетін құндылығы негізінде;

- көшбасшы бағаларының негізінде.

6. Соңғы бағаны орнату.

7. Бағаларды бақылау.

§3. Бағаларды қалыптастыру мәселелерін шешу жолдары

1. Жаңа тауарға бағаларды орнату:

1) қаймақты алу стратегиясы («Поляроид») — алдымен болуы мүмкін ең жоғары баға орнатылады, ал өтім баяулай бастаған кезде, келесі клиенттер эшелонын тарту үшін баға төмендетіледі;

2) нарыққа нық енгізу стратегиясы — ең жоғары көлемде сатып алушыларды тарту үшін ең төменгі баға орнатылады (бұның өзінде өнімнің бірлігіне шығындарды төмендете отыра, өндіріс көлемі артырады).

2. Тауар номенклатурасы шегінде бағалардың түзілуі —бағалар жүйесі бүтіндей тауарлар номенклатурасы бойынша ең жоғары кірісті алуды қамтамасыз ету керек.

1) бағаларды тауар ассортименті шегінде орнату: тауарлар төмен, орташа және жоғары сапамен (ет, сыр) ассоцияцияланатын үш деңгейі болады, және тіпті бағалар көтерілетін болса да, сатып алушылар өз деңгейінің тауарларын сатып алатын болады.

2) міндетті жабдықтарға бағаларды орнату: негізгі тауардың өндірушісі оған әдетте жоғары емес бағаларды, ал міндетті жабдықтарға – жоғары (ұстараға жүздер, автокөліктерге жабдықтар және т.б.) орнатады.

3) өндірістің жанама өнімдеріне бағаларды орнату – оларды сату негізгі тауардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді (сүт іркіті, күнбағыстың күнжарасы және т.б.).

3. Географиялық белгілері бойынша бағаларды орнату:

1) «франко-бағаларды» орнату —сатушы тауарды белгілі бір жерге өз есебі мен қатеріне орай жеткізіп беруге міндеттелетін сатудың франко-шарттары, бұның өзінде құнына көлік шығындары, сақтандыру және кеден шығындары кіреді;

2) жеткізу бойынша шығындарды қосумен бағаларды орнату – бұнда көлік шығындарының сомасы сатып алушының алыста болуына тәуелді болмайды;

3) зоналық бағаларды орнату (бұрын 1, 2, 3 белдеу бағасы болған).

4. Бағаларды жеңілдіктермен және зачеттармен орнату:

1) қолыма-қол есеп айырысуға болатын жеңілдіктер;

2) сатып алынатын тауар көлеміне байланысты (көтерме, үсақ көтерме, бөлшектік) жеңілдіктер;

3) мерзімдік жеңілдіктер;

4) зачеттар — ескі тауарды өткізген жағдайда, жаңа тауар бағасының төмендеуі.

САБАҚ №12.

Тақырып 3.3 «Пайда және рентбельділік.»

Жоспар.

  1. Кірістің аса маңызды экономикалық көрсеткіштері ретіндегі сипаттамалары.
  2. Кәсіпорында кірісті бөлу мен қолдану.
  3. Рентабельділік – экономикалық категория ретінде.

§1. Кірістің аса маңызды экономикалық көрсеткіштері ретіндегі сипаттамалары.

Өндіріс факторлерін (еңбек, капитал, табиғи ресурстар) және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің пайдалы өнімділігін біріктірудің нәтижесі тұтынушыға сату жағдайларында тауарға айналатын өндірілген өнім болып табылады.

Шаруашылық қызмет — ақшалай, материалдық және материалдық емес формаларда кірісті алуға бағытталған жеке тұлғаның кез-келген қызметі, бұндай жеке тұлғаның бұндай қызметті ұйымдастыруға тікелей қатысуы жүйелі, тұрақты және маңызды болған жағдайда. Сату кезеңінде өткен еңбекті заттандыру мен жанды еңбекті қамтитын тауардың құны анықталады. Жанды еңбектің құны қайта жасалған құнды көрсетеді және екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі өнімді өндіруге қатысатын жұмысшылардың жалақысын білдіреді. Оның көлемі жұмыс күшін іске қосу қажеттіліктерімен байланысты бірқатар факторлармен анықталады. Бұл жағдайда басқарушы субъектіге ол өнімді өндіру бойынша шығындардың бөлігін білдіреді. Қайта жасалған құнның екінші бөлігі тек өнімді сату нәтижесінде ғана жүзеге асатын таза кірісті білдіреді, ол оның пайдалылығының қоғамдық мойындауын білдіреді. Кәсіпорын деңгейінде тауар-ақша қатынастары жағдайларында таза кіріс кіріс формасына енеді.

Кіріс экономикалық категория ретінде, кәсіпкерлік қызмет үрдісі кезінде материалдық өндіріс саласында жасалған таза кірісті көрсетеді.

Кіріс келесі функцияларды атқарады:

1. кәсіпорын қызметі нәтижесінде алынған экономикалық нәтижені сипаттайды;

2. кәсіпкерлік қызметті ынталандырады;

3. әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастырудың көздерінің бірі болып табылады.

Кіріс түрлері:

1. Баланстық кіріс — келесілерден тұрады:

а) өткізілген өнімнен, орындалған жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден түсетін кіріс (түскен түсім мен өзіндік құн арасындағы айырмашылық);

б) кәсіпорынынң негізгі қорлары мен басқа да мүліктерін өткізуден түсетін кіріс;

в) өткізуден тыс операциялардан түсетін кіріс: басқа кәсіпорындардың қысметіне іскерлік қатысудан түсетін кіріс; құнды қағаздардан және т.б. түсетін кіріс.

2. Салық салынатын кіріс — кіріске салынатын салықты есептеуге арналған есептік база.

3. Таза кіріс — салықтарды және басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорынның құзыретінде болатын кіріс.

Одан кәсіпорында жинақтау қоры мен тұтыну қоры қалыптасады.

Жинақтау қоры – капиталдық салымдарға, айналым қаржысының өсуі мен толығуына және т.б. жұмсалатын шығындар.

Тұтыну қоры – сый ақыларды, айналым қаржысының өсуі мен толығуына және т.б. жұмсалатын шығындар.

§2.Кәсіпорын кірісін бөлу және қолдану

Кірісті бөлу және қолдану - кәсіпорынның қажеттіліктерін жабуды да, мемлекет кірістерін қалыптастыруды да қамтамасыз ететін аса маңызды шаруашылық үрдіс болып табылады. Кірісті бөлу механизмі өндіріс тиімділігін жоғарылатуға, иелік етудің жаңа формаларын дамытуды ынталандыруға көмектесетіндей етіп құрылуы керек.

Қоғамдық өндірістің объективтік жағдайларына байланысты отандық экономика дамуының әртүрлі кезеңдерінде кірісті бөлу жүйесі өзгеріп, жетілдірілді. Нарықтық қатынастарға өтуге дейінгі және оларды дамыту жағдайларында кірісті бөлудің аса маңызды мәселелерінің бірі бюджет пайдасында жүретін және иелік етуші субъектілердің иелігінде қалатын кіріс үлесінің қолайлы қатынасты болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуымен кәсіпорындар алған пайдасын, заңнамаға сәйкес міндетті төлемдерге, салыққа және басқа да бағыттарға жататындардан басқа кірісті, өзінің өалауынша жұмсауға құқылы.

Осылайша, кірісті бөлудің нақтылы жүйесіне қажеттілік туындайды, ең алдымен, ұйымға таза кірістің құрылуы алдындағы кезеңде. Кірістерді бөлудің экономикалық негізделген жүйесі бірінші кезекте мемлекет алдындағы қаржылық міндеттерді орындауға және кәсіпорынның өндірістік, материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуге кепілдік беру керек. Бөлу объектісі кәсіпорынның салыққа төленетін кірісі болып табылады. Оны бөлудің астарында кірістің бюджетке және қолдану баптары бөлімдері бойынша кәсіпорындарға бағытталуы түсіндіріледі. Кірісті бөлу заңнамасы салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге түсетін бөлікте реттеледі. Кәсіпорын иелігінде қалатын кірісті жұмсаудың бағытын, оны қолдану бөлімдерінің құрылымдарын анықтау кәсіпорынның құзыреттілігінде болады.

Кәсіпорын кірісін бөлу кезінде бөлудің негізгі принциптерін ескеру қажет. Оларды келесі түрде құру керек:

  1. Өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызмет нәтижесінде кәсіпорынмен алынатын кіріс мемлекет және иелік етуші субъект ретіндегі кәсіпорын арасында бөлінеді.
  2. Кіріс оған салық ретінде сәйкес бюджеттерде (қазіргі кезде жергілікті бюджеттерде) жүзеге асады. Оның бюджетке бөліну тәртібі мен төленуі заңнамаға сәйкес бекітіледі және оның ставкасы еркін түрде өзгертіле алмайды.
  3. Салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорынның иелігінде қалатын оның кірісінің көлемі кәсіпорынның өндіріс көлемін ұлғайту және өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелерін жақсарту мүдделерін төмендетпеу керек.
  4. Кәсіпорын билігінде қалған кіріс, бірінші кезекте оның ары қарай дамуын қамтамасыз ететін жинақтауға бағытталу керек, және тек қалған бөлігі – тұтынуға жұмсалуы тиіс.
  5. Таза кірісті бөлу, өндірістің қажеттіліктерін және әлеуметтік саланы дамытуды қаржыландыру үшін қорлардың қалыптасу үрдістері мен кәсіпорын резервтерін көрсету керек.

Шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайларында мемлекет кірісті бөлудің қандай да бір қағидаларын орнатпайды, бірақ кірістен салықты төлеу тәртібі арқылы кәсіпорындар өндірістік және өндірістік емес қорлар шығындарын, жәрдем беру мақсаттарының шығындарын, табиғатты қорғау іс-шараларын қажыландыруды, әлеуметтік сала нысандары мен мекемелерін қамтамасыз ету бойынша шығындарды ынталандырады.

Таза кірісті бөлу — нарықтық экономика жағдайларында мәні арта түсетін фирма ішілік жоспарлау бағытының бірі. Кәсіпорында кірісті бөлу және қолдану тәртібі кәсіпорынның жарғысында көрсетіледі. Кірістен қаржыланатын негізгі шығындар өндірісті дамытуға, еңбек ұжымының әлеуметтік қажеттіліктеріне, жұмысшыларды материалдық ынталандыру мен қайырымдылық мақсаттарына жұмсалады.

Осыған сәйкес, түсу шамасы бойынша кәсіпорындардың таза кірісі: НИОКР-ді қаржыландыруға, сондай-ақ жаңа техниканы жасау, меңгеру және енгізу бойынша жұмыстарды, технологияны жетілдіру және жаңа техниканы енгізуге, технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыруға, жабдықтарды модернизациялауға, өнім сапасын жақсартуға, техникалық қайта жабдықтауға, әрекеттегі өндіріс реконструкциясына жұмсалады. Таза кіріс айналым қаржысын толықтырудың көзі болып табылады. Өндірістік дамытуды қаржыландырумен қатар, кәсіпорын билігінде қалатын кіріс әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Осылайша, осы кірістен бір жолғы ынталандырулар мен зейнетақыға шығатындарға жәрдемақылар, сондай-ақ зейнетақыға үстеме төлемдер, еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлкіне салымдар мен акциялар бойынша дивиденттер төленеді. Заңмен бекітілген жалғасымдылық бойынша қосымша демалыстарды төлеу бойынша шығындар төленеді, үй төленеді, материалдық көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, тегін тамақтану немесе жеңілдетілген бағалар бойынша шығындар жүзеге асады.

Кірісті капиталдау — бұл қаржының капиталға айналуы.

Акционерлік қоғамдарда кәсіпорын кірісін бөлудің негізгі мақсаты дивиденттердің ағымдағы төлемдері мен кіріс бөлігін капиталдау есебінен кәсіпорын акцияларының нарықтық құнының өсуін қамтамасыз етудің қажетті пропорциялылығын қамтамасыз ету болып табылады. Таза кіріс есебінен өндірістік, материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, кәсіпорын нарықтық конъюнктураны ескеріп және онымен бірге кәсіпорын жұмысшыларының еңбек нәтижелерін ескеру үшін жинақтау қоры мен тұтыну арасында қолайлы қатынастарды орнатуға тырысу керек. Толық нарықтық қатынастарды жасау бағытында экономиканы реформалау үрдістерін кеңейту бағалы қазағдар нарығында шаруашылық қызмет субъектілерімен операцияларды кеңейтумен қатар жүреді. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар өзінің таза кірісінің бөлігін акционерлік қоғамдардың акцияларын, облегацияларын (басқа да кәсіпорындардың да, муниципалдық және мемлекеттік кәсіпорындардың да) сатып алуға жұмсай алады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: