Жалпы ережелер

1. «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беруді» (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсетудің атаулары.

2. «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беруді» (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен әзірленді.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: қызмет алушы қызмет көрсетушіге жүгінген сәттен бастап, мемлкеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алғанға дейін- 5 жүмыс күн;

сұрау салуды берген кезде күтудің жол берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үлгісі – жазбаша.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі - туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін есептемегенде күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ға дейін.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жазба түрінде қызмет көрсетушіге осы стандарттың 1- қосымшасына сәйкес үлгіде жазбаша өтініш береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде жеңілдіктер қарастырылмаған.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану тәртібі

11. Қызмет көрсетуші лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және өтініш дайындауға жәрдем көрсетуді қызмет көрсетуші мамандар мына мекенжайда жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор 8, 605-кабинет,телефоны: 8 (7172) 74 98 38, 74 91 63.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген немесе сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым таңдау бойынша жазбаша түрде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) мына мекенжайға жіберулеріне болады: Астана қаласы, Қабанбай даңғ. 32/1, «Transporttower» ғимараты, № 2117 кабинет, телефон: 8(7172) 24-04-75, 29-08-48 немесе қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуіне құқылы.

Жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі күндерін есепке алмағанда, күн сайын сағат 9.00-дан 18.30-дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс.

Арызды қабылдау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кеңсесінде тіркеледі.

Мемлекеттік қызметті алушыға, арызды қабылдаған тұлғаның, арызды қабылдағаны туралы растау үшін, қабылдаған күні мен уақытын, арызды қабылдаған тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын, арызға жауапты алу орыны мен мерзімін, арыздың қарастырылып жатқандығы жайлы ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректерін көрсете отырып талон беріледі.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы Заңымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсметудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын басқа да талаптар

12. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға да заңды тұлғаларға да көрсетіледі (бұдан әрі-қызмет алушы).

13. Әлеуметтік осал топтағы тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуде қызмет көрсетушіге жеке өтінімінің немесе мүмкіндігінің жоқтығына байланысты сенімхат немесе пошталық байланыс арқылы мына мекенжайда жүргізіледі: Астана қаласы, Орынбор 8, 605-кабинет.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша біріңғай байланыс- орталықтарының нөмірі (1414) немесе мына телефон нөмірлері бойынша: 8(7172) 74-98-38.

15.Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары мына интернет-ресурстарында көрсетілген: www.kit.gov.kz, www.mint.gov.kz.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі бойынша кеңесті мына мекенжайдан алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 605 кабинет, тел.: 8(7172) 74-98-38, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қысқаша ақпарат осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет алудың сызбанұсқасы осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.

« Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

1 қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетіне

_______________________ __________________________ _____________

(кімнен, заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

Сізден туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беруді сұраймын.

Ұйым туралы мәлімет:

1.. Заңды мекенжайы_ __________________________________________________

(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй,

____________________________________________________________________________________________________________________________________

телефоны, факсы, email)

2.Нақты мекенжайы ________________________________________

(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй,

__________________________________________________________________

телефоны, факсы, email)

______________ ________________________________________

(қолы) (аты-жөні)

М.О.

«___» _____________20__ ж.

« Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

2 қосымша

«Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру» мемлекеттік қызметін алудың тәртібі туралы қызмет алушыға жадынама

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: қызмет алушы жүгінген сәттен бастап, мемлкеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алғанға дейін- 5 (бес) жүмыс күні;

Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімі: еркін түрде жазбаша сұрау салу

 
 


Қосымша ақпараттар: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірегей байланыс орталығының нөмірі: (1414), қызмет көрсетушілердің байланыс нөмірлері: 8(7172) 74-98-38, 74-91-63
«Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3 қосымша Қызмет көрсетушіге жүгінуде мемлекеттік қызмет алудың сызбасы
 
 


Қызмет көрсетуші қызметкерлерінің, құжаттар пакетін, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген тізімге сәйкестігіне талдау жасау

Қойылған

Қойылған талаптарға

талаптарға сәйкессіздігі

сәйкестігі

       
 
Қызмет алушыдан қызмет көрсетуші құжаттар тізімін алғанын дәлелдейтін құжаттарды алу (№ кабинета, окна)
 
Құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту (№ кабинета, окна)
 


 
 


Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне

көңілі толмаған жағдайда

 
 
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану


 
 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: