</H6> </BODY> </HTML>
16.Стильдердің мұра ретінде берілуі.
HTML-кодтың құрылыма сатылы түрде болады. Барлық құжат <body>…</body> тәгтері ішінде орналасады. Ал <P> азат жолы ішінде <В> тәгімен белгіленген элементтер болуы мүмкін. Стильдің мұра ретінде берілуі <body> тәгі үшін анықталған стильдің құжаттағы барлық тәгтерге әсер ететіндігін білдіреді. Сәйкесінше егер бір тәг үшін стиль құрылса, онда сол тәг ішіндегі басқа тәгтерге де осы стиль міндетті түрде беріледі.
Мысалы, <P> тәгі үшін келесі стиль берілген болсын:
P{ color: red; font-size: 14pt; font-family: Arial,sans-serif}
Онда осы азат жол ішінде орналасқан <EM > тәгінің элементтері де экранда қызыл түспен, 14 пункт көлемінде жұмыр қаріппен шығарылады.
Мысалы:
<P>Стильдік анықтаулардың <EM> мұралану </EM> қасиеті болады. Егер <EM> тәгі үшін мәтін символдары арасын ашып жазу қажет болса, онда мұндай қасиет қосымша беріледі.
|
|
<HTML><HEAD><TITLE> Қосымша стильдік нұсқаулар</TITLE>
<STYLE type=”text/css”><-- P{color:red; font-size:14pt; font-family: Arial,sans-serif} -->
</STYLE> </HEAD> <BODY bgcolor=white text=black> <P>Стильдердің мұралану
<EM style=”letter-spacing: 6pt:”> қасиеті бар </EM> </BODY></HTML>
<EM> тәгінің ішкі мәтәні <P> тәгінің мәтіндері сияқты шығады (14 пункт, қызыл түсті, жұмыр қәріп), ал style=»letter-spacing: 6pt» қосымша анықтаудың әсерінен сөздегі әріптердің арасы 6 пункт болып ашылып орналасады. Сонымен ішкі қосымша тәгет жаңа стильдік анықтаулар кіргізіп қана қоймай, оның ата тегі болып саналатын сыртқы тәгтің де қасиеттерін өзгертуге болады. Мысалы, келесі мәтіндегі “ мұралау қасиетә бар” сөзі көк түске боялып тұрады.
<HTML><HEAD><TITLE> Стильдік қасиеттерді қайта анықтау</TITLE>
<STYLE type=”text/css”><!-- P{color:red; font-size:14pt; font-family: Arial,sans-serif}
--></STYLE></HEAD><BODY bgcolor=white text=black><P>Стильдік анықтаудың
<EM style=”letter-spacing: 6pt: color:blue”> мұралау қасиеті бар </EM>
</BODY></HTML>