Болып саналмайды

27. JavaScript while және do… while циклдері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

while циклінің орындалуы: алдымен шарт тексеріледі. Егер ол ақиқат болса,

командалар (цикл тұлғасы) орындалады. Келесі жолы да осы əрекеттер қайталанады, яғни шарт тексеріледі, егер ол ақиқат болса, цикл орындалады, т.с.с. Кезекті тексеру кезінде шарт жалған болған кезде, цикл жұмысы аяқталады. Циклде шарт алдын ала тексерілетін болғандықтан, ол бір де бір рет

орындалмауы да мүмкін.

Жалпы жазылуы: while(шарт)

команда;

Мысалы:

var i = 1;

var sum = 0;

while(i <= 100)

{

sum += i;

i ++;

}

alert("Қосынды 1 + 2 +... + 100=" + sum);

do while операторы while операторымен өте ұқсас, тек 1 ғана айырмашылығы шарттың ең соңында ғана тексерілетіндігінде және денедегі барлық іс-әрекет ең болмағанда 1 рет орындалады. Ал while операторында іс-әрекет орындалмауы да мүмкін,себебі онда шарт алдымен тексеріледі.

do while операторына мысал:

do {
  var a = prompt('Введите число 23','');
  if (a == 23) {alert('Условия выполнены!');}
  else {alert('Условия НЕ выполнены!');}
  }
  while((isNaN(a)) || (a!= 23));

28. JavaScript for функциясын пайдалану. Циклдерді практикалық түрде пайдалану.

Төменде for циклының жалпы жазылу түрі мен алдыңғы мысалдың осы команда

арқылы орындалуы көрсетілген.

Жалпы жазылу түрі:

for (цикл басы; шарты; қадамы)

команда;

Мысалдар

var i;

var sum = 0;

for(i=1; i<=100; i ++)

sum += i;

alert ("Қосынды 1 + 2 +... + 100 = " + sum);

Цикл жұмысы келесі түрде атқарылады: циклдегі алғашқы теңдік жүзеге

асырылып (мысалдағы i=1; командасы),содан соң келесі əрекеттер орындалады:

- шартты тексеру (мысалдағы i<=100);

- цикл тұлғасын орындау (мысалдағы sum+=i);

- қадамды көрсету командасын орындау, (мысалдағы i++).

Егер шарт бірден жалған болса, while командасындағы сияқты цикл тұлғасы бір

Де бір рет орындалмауы да мүмкін. Мұндайда қадам беру командасы да орындалмайды. Ал циклдің алғашқы командасы əрқашанда кем дегенде бір рет орындалады. Цикл басындағы for жолының үш командасының – басы, шарты, қадамы кез -келгені жазылмай кетуі де мүмкін, бірақ олардың арасында тұратын нүктелі үтір міндетті түрде сақталады. Егер шарт көрсетілмесе, оның мəні

ақиқат (true) болып саналады. Мұндайда, цикл шексіз түрге айналып кетеді:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: