Мерзімсіз шешіп алу

Депозит депозитке алауыз

Қаржыңды салмас бұрын ойлан, қаржыңды салғаннан екі есе ойыңнан шығарма.

Банкке жинақ салғанда пайыздық үстеме және сол пайыздарды капиталға айналдырудан бөлек басқа неге назар аудару керек?

Мерзімсіз шешіп алу

Біріншіден, сіз таңдаған депозитті мерзімінен бұрын немесе жартылай шешіп алғанда сыйақыдан айырылатындығыңызды немесе пайыздық үстеменің төменділетіндігін анықтап алу қажет. Кейбір банктердің депозиттен қаржыңызды алған кезде комисся ұстайтындығын ұмытпаңыз. Мұны банкті кезекті табыс көзінен айырғаныңыз үшін беретін өтемақыңыз деп біліңіз. Бірақ бүгінде депозиттер нарығындағы бәсекелестік өте жоғары болғандықтан, банктер өз тұтынушылары үшін барынша жайлы шарттар ұсынады.

Келесі. Кейбір депозиттерден барлық қаржыңызды шешіп алсаңыз да, сыйақыңызды жоғалтпайсыз, ал өзгелерінде есепшотыңызда белгілі бір мөлшерде қаржы қалуы керек. Бұл соманың қанша ақша екендігін ұмытпаңыз және әрдайым сіздің депозитіңізде болуын қадағалап жүріңіз.

Депозитіңізді толтыру мүмкіндігі де - өте маңызды нәрсе. Депозитіңізді толтырған кездегі табысыңыз нақты қанша болатындығын, үстеме пайыздың қалай есептелетіндігін және ең бастысы жинағыңызды қалай толтыратындығыңыз туралы анықтап алыңыз. Қазір көптеген банктер терминалдар немесе банкоматттар арқылы жинақ ақшаңызды толтыруға мүмкіндік беретін депозит карталарын береді. Осы орайда, мұндай картаның сізге қаншалықты жиі қажет болатындығын және ол карталардың қанша тұратындығын нақтылау керек. Сіз үшін керек емес немес ыңғайсыз шарттардан аулақ болыңыз.

Алдын-ала әбден саралап алуды қажет ететін тағы бір жайт бар. Тіпті өз қаржысын "шебер" басқарамын деген адамдардың өзі мұны естен шығарып жатады. Осы орайда депозит иесі атанғысы келіп жүргендер үшін kaspi bank-тың атқарушы директоры Александр Емешев мынадай кеңес береді:

- Әдетте адамдар депозит таңдағанда жинақ ашар кездегі ғана шарттарына қарайды. Бірақ сіз банкпен келіскен мерзімнен де арыға ұзартқыңыз келуі мүмкін. Осы жағдайда келісімді автоматты түрде созуға болатындығын, қанша мерзім ішінде ұзартылатындығын және пайыздық үстеменің қанша болатындығы туралы біліп алыңыз. Оның қалпында қалуы да мүмкін, кей жағдайда құжаттың ұзартылу мерзіміндегі тарифке сай сыйақы көлемі де өзгереді. Айта кету керек, әдетте мұндай өзгерістер сіз үшін қолайлы бола бермейді. СОндықтан, барынша мұқият болуға тырысыңыз.

Тәулік бойына 24 сағат бақылау

Жинақ салатын банкті таңдар кезіңізде сіздің депозитіңіздегі барлық операцияларды интернет арқылы қаншалықты бақылауға болатындығыңызды да сұрауды ұмтыпаңыз. Артық уақытыңыз бен жүйкеңізді шығындамастан, қаржылық жағдайыңыздан хабардар болып отыратын ең ыңғайлы әдіс - ғаламтормен байланыста болу. Дат жазушысы Микаэл Вульф пен суретші Андерс Моргенталерден құралған Wumo шығарашылық дуэтінің банктердің жұмыс кестесіне арналған әзіл-қалжың аралас графигін білетін боларсыздар.

Сіздің қаржыңыз сақтандырылған ба?

Ендігі нәрсе ешқандай да қалжыңды көтермейді. Ең басты критерий- сіздің депозитіңіздің сенімділігі екендігін ұмытпаңыз. Егер сіз ақшаңызды сеніп тапсырған банк қажетті деңгейде сенімді болмаса сіз сыйақысыз қалуыңыз мүмкін, тіпті қаржыңыздан айырылып қалуыңыз ғажап емес. Сіздің жинағыңыз сақтандырылуы керек! Жинақ сақтандыру дегеніміз, банк банкрот болған жағдайда сіз бұл қаржы ұйымына салған ақшаңызды аз уақыт ішінде толығымен не жартылай қайтара аласыз. Төлем банк немесе мемлекет тарапынан құрылған арнайы фонд арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде Қазақстан дықдепозитке кепілдік беретін фонд бар. Сіз таңдаған банктің жинақтарды сақтандыру жүйесінде бар екендігін міндетті түрде анықтап алыңыз.

Бастысы банкпен болған кез-келген келісімді мұқият қарап алу керек. Тек барынша зейінді болған жағдайда ғана, салған қаржыңыз сізге табыс әкеледі.

Покердің кәсіби ойыншысы Дойл Ф. Брансон:"Қаржыңды салмас бұрын ойлан, қаржыңды салғаннан кейін де ойлануды ұмытпа". Өз дәулетіңізді жұмсар кезде саналы түрде шешім қабылдау алдағы уақытта алаңсыз жүруіңізге ықпал етеді.

Келесі материалдарымызда да біз депозит жүйесін зерттеуді жалғастырамыз және жинақ валютасы мен осы валютаға берілетін жылдық пайыздық үстемесі туралы әңгімелейміз. Бізді жиірек қарап жүріңіз және

Навещайте нас чаще, и заботьтесь о своих финансах!


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: