Менеджерлер деген кімдер

Менеджерлер - ұйымды басқаруды жүзеге асыратын маманды басқарушы.

Басқару қызметіне әр түрлілік тән, сфераларда жетекшінің ортақ факторлары, ортақ қасиеттері бөлініп шығады:

- Басқару қызметінің мәні қысқа мерзімділігімен, әр түрлілігімен, орындалып отырған қызметімен сипатталады.

- Менеджерлер белгілі бір ұйым бөлімдерінің жетекшісі ретінде белгілі бір міндетті орындай алады және бұл қызмет іс-әрекетті анықтайды.

Менеджерлерге қойылатын талаптар:

- Адамдарды түсіну. Психологиялық интуиция – тұлғаның техникалық ерекшеліктері мен жағдайын түсіне алу. Байланысқа бейімділікті байланыстыра қолданудағы қабілеттілік;

- Лидер ерекшелігі. Адамның қызығушылықтарын сипаттау және түсіну қабілеттілігі, өзіне жауапкершілікті алуды қалау. Айналадағыларға бейресми ықпал ету қабілеті;

- Қазіргі менеджмент негіздерін білу және оларды тәжірбиеде қолдана білу. Басқару стилін сауатты таңдау. Тиімді уәждеме. Шешімдерді дайындауды және қабылдауды ұйымдастыру;

- Құзыреттілік. Ұйым жұмысының өзіндік ерекшелігі мен бейімін анықтайтын арнайы сұрақтарды білу. Еңбектік және шаруашылық заңдылықтардың негізін білу;

- Оқиғаның дамуын алдын ала көре алу қабілеті;

- Мақсаттарды құра алу (жоспарлауға қажетті);

- Өзара байланысты ұйымдастыру және оларды тиімді бақылау қабілеттілігі (еңбекті ұтымды бөлу, бақылау амалдарын таңдау үшін).

Сөздік

Құзыреттілік – компетентность

маман – специалист

мерзімділік – периодичность

міндет – обязанность

сыпайылық – вежливость

уәждеме – мотивация

ұтымды – выигрышный, выгодный

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1.Мәтінді оқыңыз.

2.Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Менеджер деген кім?

2) Басқару қызметінде жетекшінің қандай ортақ қасиеттері болады?

3) Менеджерлерге қандай талаптар қойылады?

3. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

4. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз жұмыс істейтін бөлімге жаңа қызметкер қабылданды. Жаңа қызметкерді ұжымға бөлімінің бастығы таныстырды. Жаңа қызметкермен қарым-қатынасты қалай орнатасыз?

2. Бейнефильм «Мен де бастық болар ем».

«Мен де бастық болар ем»атты бейнефильмді мына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=8rePQ85ezygбойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: