Функциональды зерттеуге 8 страница

Жүрек түрткісінің биікгігі деп - кеуде қуысы тербелісінің амплитудасын айтамыз. Биіктігі жағынан жүрек түрткісі жоғары және төмен болып екіге белінеді.

Пальпация әдісімен зерттеу кезінде жүрек ұшының саусақтарға әсер ететін қысымы жүрек ұшы түрткісінің күші деп аталады. Ол сол жақ қарыншаның жиырылуына байланысты болады. Алдыңғы екі қасиеті сияқты, түрткінің күші де кеуде қуысының қалыңдығына және оған жүрек ұшының жақын орналасуына байланысты. Ең бастысы, ол сол жақ қарыншаның жиырылу күшіне сәйкес келеді.

Пальпация жасалғанда жүрек түрткісінің серпімділігін байқауға болады, бұл дегеніміз гипертрофия кезінде сол жақ қарыншаның бұлшық еті тығызданады, серпімділігі артады. Ал сол жақ қарынша қатты қалыңдағанда "күмбез" тәрізді түрткі сезіледі, себебі бұл кезде жүрек кеуде қуысына тығыз жанасып жатады.

Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см оңға қарай бесінші қабырға аралығында жатады. Егер науқас сол жағымен жатса, бұл нүкте солға 2 см, оң жағымен жатса, оңға 1-1,5 см ығысуы мүмкін. Ал адам тік тұрғаңда мұңдай өзгерістер болмауы тиіс. Жүрек ұшының ығысуына жүректен тыс себептер де әсерін тигізеді. Оларға кеуде пердесінің жоғары тұруы, кеуде қуысы көлемінің өзгеруі, өкпенің бүрісіп қалуы т. с. с себептер болады.

Пальпация арқылы “мысықтың пырылдауы” сияқты симптомын анықтауға болады. Бұндай симптом сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның аралық тесігі тарылғанда кездеседі. Пальпация арқылы кеуде торшасының деформациясын табуға болады (жүрек томпаюы).

Тамыр соғуы (пульс) - бұл жүректің жиырылуы кезінде айдап шыққан қанның әсерінен артерия қабырғаларында пайда болатын кезеңді тербелістер. Әдетте пульсті білезік артериясында үш саусақпен анықтайды. Пульсті самаймен ұйқы артериясында анықтауға болады. Пульстің бірнеше сиапттамалары бар: жиілігі, ырғықтылығы, толуы, толықсуы. Пульстік толқыны келесі түрде пайда болады. Сол жақ жүрекшеден қолқаға айдалған қан, артерияларға тарап оларды толтырады. Дені сау адамда пульстің соғуы минутына 60 – 80 рет, әдетте ырғағы дұрыс (пульстің соғу аралығы бірдей уақытта өтеді). Білезік артериясының қанмен толуы жеткілікті. Пульстің толықсуын артериядағы тербелістер тоқтағанға дейін оны қысып тұруға керек күшпен бағалайды. Пульстің толуын пульсті толқын өту кезінде артерияның көлемінің ұлғаю дәрежесімен анықтайды. Пульстің келесі түрлері бар: толық, бос және жіп тәрізді. Пульстің соңғы екі түрі өткір жүрек жетіспеушілігінде пайда болуы мүмкін, ауыр жағдайды білдіреді. Пульстің жиілігі – бұл пульстік толқынның көтерілуінің жылдамдығын есептеу. Пульстің аритмиясын табу өте маңызды. Аритмиялар жүректің қызметінің бұзылыстарымен байланысты болуы мүмкін. Жүрек – қан тамыр ауруларындағы артериалдық қан қысымын өлшеу маңызды болып табылады. Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларында сырқатқа қатысты биохимиялық қан анализінде мүмкіншілікті өзгерістер байқалады: протромбин, холестерин, ферменттердің мөлшерінің көрсеткіштері өзгереді. Қазіргі заман талабына сай шығарылған мониторлы ЭКГ, УДЗ және тағы да басқа тексерістер түрлері қолданылады.

Артериялық қысымды өлшеу Артериялық қан қысымды өлшеудің медициналық маңызы өте зор. Сол жақ қарыншаның систоласына сәйкес келетін максималды (систолалық) және минималды (диастолалық) қысымды ажыратады. Қалыпты жағдайда ересек адамның систолдық қан қысымы орта есеппен алғанда 120-139с.б.б., диастолдық 80-89 с.б.б. Систолдық және диастолдық қысымның арасындағы айырмашылық тамыр соғу қысымы пульстік деп аталады. Оның көрсеткіші 40-50 с.б.б. Қан қысымын иық артериясынан Коротков тәсілі бойынша анықтайды.

Қан қысымын өлшеу ережелері:

1. тынық кезде;

2. өлшемді бір қолдан өлшеген дұрыс;

3. науқасты жатқызып немесе отырғызып, колды жүректің деңгейінде ұстау. Егер қолы жүрек денгейінен төмен болса, қан қысым көрсеткіші жоғарылайды, ал егер жоғары болса – қан қысым көрсеткіші төмен болады;

4. жалаңаштанған иыққа манжетті бір саусақ сиятындай етіп қысып салу;

5. манжеттің төменгі шегі шынтақ ойығынан 2,5 см жоғары болуы керек;

6. манжетке резеңке баллон көмегімен ауа жібереді. Манжеттің ішіне кірген ауа иық артериясын қысып, ондағы қан ағысын тоқтатады (манжетте тамыр соғысы жоғалады);

7. фонендоскопты шынтақ буындағы шынтақ артериясына қояды. Ары қарай ауаны манжеткадан секундына 2 атмосферамен шығарып, шыбық артериясымен қан өткенде пайда болатын дыбысты тыңдайды. Бірінші естілген дыбыс (І тон) - систолды қысымға сәйкес. Ауаны шығарғанда аппараттың шкаласына мұқият қарап отырады. Артериядағы қан ағысы толық қалпына келгенде дыбыс жоғалады, бұл кез диастолдық қысымға сәйкес (ІІ тон). Ал екі көрсеткіштің айырмашылығы пульстік қан қысым болып табылады;

8. 2-3 минут аралығықпен 3 қайтара өлшеген дұрыс;

9. үш көрсеткіштің ең аз көрсеткіші нақты көрсеткіш болып табылады.

Перкуссия Бұл әдіс арқылы жүректің көлемін, оның орналасуын, шекарасын, кескін үйлесімін (конфигурация), сол сияқты қан тамырлары шоғырының енін де анықтауға болады. Негізінде жүрек екі жағынан өкпемен жабылып жатады, перкуссияның шарты бойынша, өкпе ауасы бар мүше, онда ашық дыбыс, ал жүрек ауасыз мүше, оңда тұйық дыбыс естіледі. Осындай әр түрлі жағдайлар перкуссия әдісін тиянақты түрде қолдануға мәжбүр етеді.

Жүректің алдыңғы бетінің кішкене аймағы ғана кеудеге жақын жатады, қалғаны өкпемен шектеулі, сол ашық жатқан кішкене аумақта абсолютті тұйық дыбыс естіледі. Бұл шекара жүректің абсолютті тұйықтығы деп аталады. Ал өкпемен қоршалған жүректің аумағына перкуссия жасағанда, өте тұйық емес, одан бәсендеу, тұйықталған дыбыс естіледі. Мұны жүректің салыстырмалы тұйықтығы деп атайды.

Жүректің нағыз шекарасы салыстырмалы тұйықтыққа сәйкес, яғни ол кеудедегі жүректің кескіні. Абсолютті тұйықтық - ол жүректің өкпемен қоршалмаған ашық, оң жақ қарыншасынан тұратын бөлігі.

Перкуссия жасағанда төменгі көрсетілген ережелерді басшылыққа алған жөн. Науқастың қалпы: жүрек перкуссиясын жасағанда науқас тік тұруы тиіс, екі қолы төмен түсірілген, ал халі ауыр, өздігінен тұра алмайтын науқастарды төсекте жатқан қалпында перкуссия жасайды. Есте ұстайтын бір нәрсе: тік қалыптағы науқастардың жүрегінің мөлшері аз болса да төмендейді, яғни аздап кішірейеді (15—20 %), ал ол көлденең қалыпта кеуде пердесінің қалпына байланысты үлкеюі мүмкін. Жүректің шекараларына өкпенің шеттері әсер етеді, өйткені оның дем алып, дем шығарған сәттерде өзгеруі мүмкін.

Дәрігердің калпы: дәрігер плессиметр саусағын дұрыс өзіне ыңғайлы қоюы қажет. Жүрекке тікелей емес перкуссияны қолданған ынғайлы болады. Жүрек шекарасын Образцов-Яновский тәсілімен анықтайды.

Плессиметр саусақтын қалпы: плессиметр саусағын кеудеге тығыз ұстап, анықтайтын шекарамызға сәйкестендіріп (параллель) қояды.

Жүрек перкуссиясы: бұл кезде ең алдымен жүректің қай шекарасын анықтаймыз, соны білу қажет. Салыстырмалы тұйықтықты анықтау үшін орташа күшті перкуссияны қолданады. Абсолютті тұйықтықты анықтағанда бәсең перкуссияны қолданады. Кейбір клиницистер өте бәсең Гольдштайдер әдісін де қолданады.

Перкуссияның бағыты: жүрек перкуссиясын ашық дыбыстан бәсең дыбысқа қарай, өкпеден жүрекке қарай жасайды.

Жүрек шекарасын белгілеу: жүрек шекарасының белгісін плессиметр саусағының өкпе перкуссиясы сияқты ашық дыбыс жағынан (сыртқы жағынан) белгілейді.

Жүректің және қан тамырлар шоғырының енін анықтау. Ол үшін жүрек перкуссиясын төменгідей төртіппен жүргізеді: ең алдымен жүрекгің оң жақ ше-карасын кейін, сол жақ және жоғарғы салыстырмалы тұйықтыктығын анықтайды, қосымша жүрек кескін үйлесімін (конфигурациясы) сантиметр өлшемімен өлшейді. Салыстырмалы тұйықтыктан кейін абсолюттік тұйықтықты және қан тамырлар шоғырының енін анықтайды.

Журектің салыстырмалы түйықтығын анықтау. Жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтаудың алдында дәрігерде кеуде пердесінің биіктігі туралы түсінік болу қажет, себебі кеуде пердесінің қалпына қарай жүректің шекарасының өзгеруі мүмкін. Кеуде пердесі жоғары тұрса, яғни биіктесе, жүрек көлденең калыпта болады, осы жағдай жүректің салыстырмалы шекарасының үлкейгенін көрсетеді. Ал кеуде пердесі төмендесе, жүрек тік қалыпта тұрса, оның шекарасы кішірейеді. Кеуде пердесінің қалпын анықтау айтарлықтай қиын емес. Ол үшін оң жақ өкпенің төменгі шекарасын білу қажет. Перкуссияны ортаңғы бұғана сызығы бойынша плессиметр саусақты үшінші қабырға аралығына койып, төмен қарай жылжи жүргізеді де, бұл қалыпты жағдайда алтыншы қабырға аралығында болады.

Жүректін салыстырмалы тұйықтығының оң жақ шекарасын анықтауүшін өкпенің төменгі шекарасын анықтағаннан кейін плессиметрді бір қабырғаға жоғары көтеріп орналастырады - төртінші қабырға аралығында және саусақты қабырғаларға көлде-нең қойып жүрекке қарай жылжытып перкуссия жасайды. Анық ашық дыбыстан оның бәсеңдегеніне дейін соғып, саусақтың сыртқы жағынан белгі қойылады, осылайша жүректің оң жақ шекарасын табады. Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ шетінен 1 см алшақ орналасады.

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасын анықтаған кезде жүрек түрткісі орналасқан қабырға аралығынан анықтайды, өйткені бұл жерде жүректің сол жақ қарыншасы орналасады және ол жүректің сол жақ шекарасы болып есептеледі. Біріншіден, пальпация әдісімен жүрек түрткісін тауып алады, содан соң саусақ плессиметрді оның сырт жағынан қойып, сол деңгейде төске қарай жылжытып перкуссия жасайды. Егер жүрек түрткісі анықталмаса, перкуссияны бесінші қабырға аралығыңда ортаңғы қолтық сызығынан теске қарай анықтайтын шекараға сәйкестендіріп жүргізеді.

Жүрек перкуссиясы кезінде орташа не бәсең күш қолданады, шекара белгісін саусақтың ашық дыбыс шығатын сыртқы жағынан қояды. Қалыпты жағдайда жүректің салыстырмалы тұйыктығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасып, жүрек түрткісімен сәйкес келеді. Бұл жүректің сол жақ қарыншасы болып есептелінеді.

Жүректің жоғарғы шекарасын аныктау үшін саусақты төстің сол жақ шетінен 1-1,5 см алшақ төске келденең қойып, екінші қабырға аралығынан бастап, төмен қарай жылжыта перкуссия жасайды. Жоғарыдағыдай тек қабырғалардың арасынан псркуссия жасамай, қабырғаның үстінен де соғып анықтауға болады. Перкуссияны өкпенің ашық дыбысынан жүректің бәең дыбысына дейін жасайды, белгіні ашық дыбыс жағынан қояды. Қалыпты жағдайда ол үшінші қабырғаға сәйкес келеді. Жүректің жоғарғы шекарасын өкпе бағанасының конусы мен сол жақ жүрекшенің құлақшасы құрайды.

Жүректің көлденең өлшемін аныктау үшін жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау, оның көлденеңін білуге айтарлықтай жәрдемдеседі. Ол үшін жүректің оң жақ шекарасынан, төртінші қабырға аралығымен төстің орталық сызығына дейінгі қашықтықты анықтайды. Ол қалыпты жағдайда 3—4 см-ге тең. Кейін бесінші қабырға аралығымен жүректің сол жақ шекарасынан бастап орталық сызыкқа дейінгі аралықты өлшейді. Бұл қалыпты жағдайда 8-9 см. Барлығын қосқанда жүректің салыстырмалы шекарасының көлденеңі 11-13 см-дей болады.

Жүректің конфигурациясын анықтау үшін алдымен бұғана ортасынан өтетін сызық үстінен саусақты тоске қарай параллель қойып, екінші қабырғаның деңгейінде бәсең дыбыстан тұйық дыбысқа дейін саусақ плессиметрді жылжытады. Тұйық дыбысқа келгенде саусақтың бәсең дыбысы жағынан белгі қояды. Оң жақтан да, сол жақтан да төстің шетіне қараған орын, бұл міне қан тамырларының шоғырының ені болып есептелінеді. Енді жүректің салыстырмалы шекарасын оң жақтан үшінші, төртінші; сол жақтан үшінші, төртінші, бесінші қабырға арасынан табады. Осы табылған нүктелерді қосып демографиялық сызық жүргізсек, жүрекгің конфигурациясы шығады.

Сау жүректе қарыншаның қолқаға түскен жерінде, яғни жүректің сол жақ контурында езіне тән орыны болады. Бұл негізінен қан тамырларынан тұрады. Осы бұрышты жүректің "белі, мықыны" деп атайды. Бұл сол жақ жүрекшенің орналасуына қарай анықталады.

Жүректің абсолютті тұйықтық шекарасьн аныктау үшін салыстырмалы тұйықтықты, жүрек конфигурациясын анықтағаннан кейін, жүректің абсолютті тұйықтықты құрайтын шекарасын анықтауға кірісеміз. Бұл жүректің тікелей кеудеге тиіп тұратын, өкпемен жа-былмаған алдыңғы беті немесе бөлігі болып табылады. Әрине, бұл бөлікті перкуссия жасағанда абсолютті тұйық дыбыс естіледі, ол жүректің сол жақ қарыншасынан тұрады. Абсолюттік тұйықтықты анықтауда сол жоғарғыда айтылған перкуссия ережесін сактай отырып орындалуы тиіс. Одан айырмашылығы сол, бұл ретте әлсіз, бәсең перкуссия әдісі қолданылады. Плессиметр саусақты анықтайтын шекарамызға параллель қойып, салыстырмалы тұйықтық шекараларынан бастап бәсең дыбыстан абсолютті тұйықтықка дейін жылжыта перкуссия жасалынады. Абсолютті жүрек тұйықтығын анықтау, жоғарғы салыстырмалы тұйықтықты анықтағандай, алдымен бірінші оң жақ, кейін сол жақ және жоғарғы шекараларын анықтау тәртібімен жүргізілуі керек.

Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтық шекарасын анықтау үшін плессиметр саусақты жүректің сол жақ салыстырмалы тұйықтығының тұсына, төске параллель қойып, өте жай күшпен ақырындап, абсолютті тұйықтық естілгенге дейін, төске қарай жылжыта соғады. Тұйықтық естілген жерде тоқтап, плессиметрдің сыртқы жиегінен, салыстырмалы тұйықтық жағынан белгі қояды. Қалыпты жағдайда абсолютті тұйықтық төстің сол жақ жиегінен өтеді.

Жүректің сол жақ абсолютті тұйықтық шекарасын анықтау үшін жүректің сол жақ абсолютті тұйықтығын анықтаған кезде плессиметрді жүректің сол жағына оның салыстырмалы тұйықтығының шекарасының сырт жағынан орналастырып, ішке қарай тұйық дыбыс шыққанша жылжыта соғады. Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті тұйықтығының сол жақ шекарасы салыстырмалы тұйыктық шекарасынан 1-2 см ішке қарай орналасады.

Жүректің абсолютті тұйықтығынын жоғарғы шекарасын аныктау үшін плессиметрді жүректің жоғарғы салыстырмалы тұйықтығының жоғарғы шекарасына орналастырып, төмен қарай, тұйық дыбыс шыққанша, жылжыта соғады. Белгіні саусақтың жоғарғы жиегіне қояды. Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті тұйықтығының жоғарғы шекарасы төртінші қабырға тұсына орналасады. Кейбір жағдайларда перкуссияны жүректің абсолютті тұйықтығынан салыстырмалы тұйықтығына қарай жасайды.

Қан тамырлар шоғырының шекарасын анықтау үшін перкуссия жасау өте қиын және күрделі болады, себебі қан тамырлар шоғыры кеуденің жоғарғы аймағында орналасуынан.Бұл жерде өкпе дыбысы ашық, қатты шығады, сондықтан қан тамырларының бәсең дыбысын ажырату қиынға түседі. Плессиметрді теске параллель, екінші қабырға аралығына қойып, ортаңғы бұғана сызығынан төске қарай жылжытамыз, сөйтіп оң жақтан, сосын сол жақтан анықтаймыз. Дыбыс бәсеңдеген жерде саусақтың сыртқы жиегінен белгі қою керек. Қан тамырлар шоғырының ені қалыпты жағдайда 5—6 см. шамасында.

Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын

науқастардың тексерісі

Науқастың шағымдары: Жүрек маңайының ауырсынуы

(орналасуы, ұзақтығы) Ентігу (ұстама түрде, үнемі)

Жүректің жиі соғуы (ырғақтылығының бұзылуы)

Демікпе. Ісіктердің білінуі. Бастың ауруы

Аурудың даму тарихы Әсер ететін мәнбірлер. Себептері

Басталуы. Дамуы. Қолданған емі

Науқастардың өмір тарихы 1. Тұқым қуалау. Жағымсыз қылықтар, суық тию 2. Баспамен жиі – жиі ауыруы

3. Күйзеліске ұшырау

4. Жұмыс жағдайы. Мамандығы

Науқасты қарап тексеру 3бейнелеме

Қарау Пальпация(сипалау) Перкуссия тықылдату Аускультация(тыңдау)
1.Терінің көгеруі. 2.Ентігу 3.Ісіктер 4.Мойын тамырларының ісінуі 5.Тамыр соғуының күшеюі (“каротид биі”) 1.Жүректің соғысын анықтау (әлсіздігін, күшеюін) 2. Тамыр соғуын анықтау (жиілігі, ырғақтылығы, толуы, толықсуы) 1.Жүрек, бауыр шекарасын анықтау 2.Іш қуысына сары судың жиналуын анықтау 1.Жүрек дыбыстарын, ырғақтылығын, қосымша дыбыстарды анықтау 2. Жүрек шуларын есту
Зертханалық тексеру әдістері Құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
1. Жалпы қан анализі 2. Қанның биохимиялық анализі: ақуыз, фибриноген, С – белсенді ақуыз, протромбин көрсеткіші, холестерин, трансаминазалар, лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназа   1.Артериялық қан қысымды өлшеу 2.Электрокардиография 3.Рентген сәулесімен зерттеу 4.Фонокардиография 5.Эхокардиография

Жүрек аускультациясы. жүрек тондары қалыпты жағдада және патологияда. Жүрек аускультациясы Жүрек шулары: органикалық және функциональды шулар. Фонокардиография туралы түсінік. Диагностикалық маңызы

Жүректі төменде көрсетілген тәртіппен тыңдау қажет.

Науқастың қалпы. Дәрігер жүрек-қан тамырлар жүйесі ауыратын науқастарды тындағанда әр жағдайда, яғни тік тұрғызып та, жатқызып та тыңдауға дағдылануы тиіс. Науқастардың кейбір қалыптарында, жүрек ақауларыңда пайда болатын дыбыстар жақсы естіледі. Мысалы: қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігінде пайда болатын протодиастолалық шуыл, науқастың тік түрған қалпында жақсы естіледі, екі жармалы қақпақшаның қызметі жетіспеушілігінде пайда болатын систолалық шуыл науқас жатқанда жақсы естіледі. Екі жармалы қақпақшаның тарылуыңда науқас сол жақ бүйіріне қарай жатқанда жақсы байқалады. Жүрек қабының үйкеліс шуылы, жүректің негізінде науқас кеудесімен төмен қарай еңкейген кезде анық та жақсы естіледі.

Дәрігердің қалпы: Жүректі тыңдағанда дәрігер науқастың оң жағында тұруы керек. Дәрігердің тыңдайтын нүктелеріне стетоскопты қоюына ештеңе кедергі болмауы тиіс.

Тікелей және стетоскоппен тыңдау. Жүректегі әрбір нүктелерде пайда болатын дыбысты бірінен-бірін айыра білу үшін, жүректі тыңдағанда стетоскоп немесе фонендоскопты қолданады. Кейбір дыбыстар жүректі тікелей құлақпен тыңдағанда жақсы естіледі. Сау адамның жүрегін тындағанда екі үнге қосымша үшінші үнді де естуге болады,

Жүректі дем алудың әр фазасында тыңдау қажет: жүректі дем алмай тұрғанда тындаған өте дұрыс, неге десеңіз бұл кезде өкпедегі дыбыс жүректің дыбысына кедергі жасап дұрыс бағаланбайды. Бұл үшін науқас демалып, демді түгел шығарып, сосын дем алмай тұрғанда жүректі тындайды, бұл үзілісті көп созуға болмайды, осы әдіспен тыңдауды бірнеше рет қайталауға болады.

Әрине қақпақшалардың осыншама жақын орналасуы жүректе пайда болған дыбыстарды бір-бірінен айыру үшін өте қиындық туғызады. Сондықтан клиникалык, ұзақ бақылаудың нәтижесінде жүректі тыңдау нүктелерін және дыбыстың әрбір қақпақшадан қайда жақсы берілетініне байланысты мынадай тұжырым жасалған: екі жармалы қақпақшада пайда болған дыбысты жүректің ұшынан жақсы естілетіні дәледденген.

Қолқа қақпақшасы төстің оң жақ жиегінде екінші қабырға аралығында орналасады. Өкпе артериясы - төстің сол жақ жиегінде екінші қабырға аралығында. Үш жармалы қақпақша — төстің төменгі жағында оның семсер тәрізді өсіндісінің негізіңде орналасқан.

Қолқа қақпақшасынан қосымша нүктені С. П. Боткин ұсынған болатын, сонымен бұл нүкте сол кісінің есімімен С. П. Боткин нуктесі деп аталады. Бұл үшінші және төртінші қабырғаның төстің сол жақ жиегіне бекітілген жеріне сәйкес келеді. Айтылған нүктелердің ішінде өзінің нағыз проекциясына жетпей жатқан ол екі жармалы қақпақша. Бұл қакпақшада пайда болатын дыбыс сол жақ қарыншаның қалың бұлшық еті арқылы систола фазасында кеудеге жақындайды, сондықтан дыбыс жақсы естіледі. Қолқа қақпақшасы екінші қабырға аралығында — оң жақта төстің жиегінде — оның нағыз проекциясынан бірталай жерде, мұндай дыбыстың жақсы естілуі қанның ағымына тікелей байланысты болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: