Аллиттер немесе алюминийлі жыныстарға алюминий қышқылына бай (глиназем) Al2O3/SiO2 >1. Саздармен туыстас аллиттер, бұлар көбірк сиалды болады Al2O3/SiO2 < 1. Алиттердің басты құрамдық бөліктері болып Al2O3 H2O табылады.
Латериттер – үгілу кезінде аналық тау жыныстың орнында пайда болады. Қызыл, қызыл – қоңыр, күлгін түсті болып кездесіп, силикатты жыныстардың үгілу өнімі болып табылады. Латериттердің қимасы (үстінен төмен қарай)
1. Үстінгі белдеу – қызыл саз. Құрамында темір тотығы мен гидроаргиллит Al (OH)3
2. Құнарланған дақты белдеу, гидаргиллит пен Fe(OH)3 тұрады.
3. Кремнийлі – каолинитті белдеу. Бұл алғашқы орналасу белдеуі.
4. Каолиниттелген кристалды жыныстар.
5. Өзгермеген кристалды жыныстар.
Латериттті қыртыстың қалындығы 10-15м. Латерит қыртыс ыстық және уақытша ылғалды климатта қалыптасады. Нәтижесінде активті химиялық үгілу және бүткіл аналық жыныстардың жауынды сулардың шығарындысында, қозғалмайтын глинозем және темір тотықтары жиналады. Латериттер жұмсақ тау жыныстар.
|
|
Бокситтер тасымалдану және латериттің үгілуінің шайылуы нәтижесінде көлдік және теңіздік су қоймаларында біртіндеп шөгу кезінде пайда болады. Түрінің әртүрлілігімен сиппатталады. Әдетте тығыз, яшма тәрізді, борпылдақ, қолды былғайды. Бокситтердің минералдық құрамы: диаспор – HAlO2, бемит - AlOOH және гидраргиллит –Al(OH)3. Диаспор қатты, сингониясы ромб тәрізді, опал жєне корунд қосылысында кездеседі. Бокситтерге боб тәрізді құрлым тән, бобтары (1-15мм). Қатпарлы аудандар бокситтеріне диаспор – бемитті құрамды, платформалық аудандарда гидроаргиллитті құрамды.
Темірлі тау жыныстар
Темірлі тау жыныстарға шөгінді генезистегі темірлі рудалар: силикатты және карбонатты тотықтар жатады.
Рудалардың темір тотығы: гётит - HFeO2, лепидокрокит – FeOOH, лимонит - HFeO2. H2O, гематит - Fe2O3. Гётиттің жєне лимониттің табиғи қоспасын қоңыр темір деп атайды.
Сидеритті темір тау жыныстар. Басты минерал сидерит - FeCO3 қосымша кальцит, магнезит, шамозит, фосфорит жєне сазды бөлшектерден тұрады. Конкрециялар мен линзалар жатады.
Силикаты – темір тау жынысқа лептохлориттер. Бұл қою - жасыл түсті, оолитті құрлымды, темір тотығының қосындысынан тұрады.
Марганецты тау жыныстар. Марганецты тау жыныстардың басты минералдары болып: псиломелан, манганит, браунит, родохрозит.
Бұлар әртүрлі марганец тотықтары. Маранецты тау жыныстар негізінен көлдік және теңіздік бассейіндерінде түзіледі. Жағалауға жақын орналасқан марганецтар каллойдтардың химиялық кагуляциясына байланысты. Көп санды марганецты конкреция лар тереңсулы мұхит тұнбаларында кездеседі.