Мультфильмы: Верните Рекса 2 страница

- өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

- өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, сызба.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Балалар мұғалімге қосылып, төмендегі өлеңдерді айтады.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Балалар өлең жолдарын кезектесіп айтады.

 

Адам болғым келеді

С.Дәуітов

Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,

Бал-бұлақтай мөп - мөлдір таза болғым келеді.

Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,

Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,

Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,

Ең бастысы өмірде - кісі болғым келеді.

 

Өзіммен өзім

Өмірдің мәнін оқушыларға сезіндіру мақсатында мұғалімнің сөзі арқылы релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады:

-Балалар, ыңғайланып,еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін.... Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру және сол бойынша оларға да өз пікірлерін айттыруүшін әңгімелесу жүргізеді.

• Өмірді тану не үшін қажет?

• Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Дәптермен жұмыс бойынша: алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінін» сұраған тілектеріңді айтып беріңдер.

Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім тарапынан түйінделеді:

-Дұрыс айтасыңдар. Адам ұзақ, жақсы, бақытты өмір сүру үшін өмірді сүю керек. Ал өмір өзінен, айналасындағы адамдардан, қоршаған табиғаттан құралады. Сол себепті де адам осы айтылғандардың барлығын сүюі, сыйлауы қажет. Адам өмірге қандай болып келсе, өзін сол табиғи күйінде қабылдауы тиіс, жасандылық адамға жат қасиет. Өмірде көп жетістіктерге жету мен жақсылыққа, сый-құрметке, қуаныш пен бақытқа кенелу адамның өмірді танып білуге, оның үйренуге деген құштарлығына байланысты. Көп біліп, білгенін орынды қолданған адамның жақсы өмір сүруі ақиқат. Өмірге адам болып келген соң өмірдің қуанышын, бақытын, жақсылығын сезіну керек. Өйткені өмірді жақсарту, бақытты өмір сүру өз қолымызда.

Тапсырма

Сабақта оқушыларға «Өмірді танып білгім келеді» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті» әңгімесін кідіріспен айта отырып, сұрақ қою арқылы оқушыларды да әңгімеге қатыстырады.

Түйіндеме

Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады.

Дәйексөз

Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға жазылған «Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара» деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аударады, оның мәніне тоқталады, түсіндіріледі.

Балалар дәйексөзді дәптерлеріне жазады.

Оқушыларға өмірдегі адамдар мен айналасының қажеттілігін ұғындыру мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.

Жаттығу-ойлану

Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойынша плакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады.

1-топ. Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?

2-топ. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезіне білдіңдер? Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?

3-топ. Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу үшін не қажет?

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады:

«Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады».

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме құрастырыңдар.

2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салыңдар.

Қорытындылау

Мұғалім оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қорытындылайды.

Жүректен жүрекке

Мұғалім сабақта айтылған ойларды қорытындылайды, оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» өлеңі арқылы білдіреді.

-Бүгінгісабақтан оқып білгеніміздей өмірді сүю, оған құштар болу-бақытты, жақсы өмір сүруге көмектеседі. Осы өмір өздері сияқты балалардың қызықты әлемі. Өмірдің гүлі де, қуанышы да сендерсіңдер. Өздеріңді сүйіңдер.

Үнтаспадан «Біз өмірдің гүліміз» әнін тыңдайды. Бәрі бірге қосылып айтады.

 

Біз өмірдің гүліміз

 

Сөзін жазған Ә.Дүйсенбиев

Әнін жазған Б.Ғизатов

 

Зеңгір көктен, Бал достыққа,

Нұрын төккен, Жолдастыққа,

Ортақ біздің күніміз Шақырады әніміз.

Жайнап өскен, Тыныштықта,

Жайдары өскен Нұр құшақта,

Біз өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз. Сабақ саны: 4

 

Сабақтың тақырыбы:Менің сүйікті ісім

 

Құндылық:дұрыс іс-әрекет

 

Қасиеттер:еңбексүйгіш

 

Мұғалімі:Намазова.Д

 

Сынып:3"а,ә,б,в,г"

 

Оқушылар саны:

 

Сабақтың мақсаты:Балалардың "еңбек" құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту

 

Міндеттері:

 

-сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру.

 

-еңбек ету іскерліктерін дамыту.

 

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(құралдар,материалдар)

 

оқулық,дәптер,әр түрлі іспен айналысқан балалардың суреті.

 

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.

 

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

 

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

 

Дәптермен жұмыс.Әңгіме мазмұны бойынша Білім мен өмірді салыстырмалы тұрғыда жазып талдау.

 

Сабақтың жүрісін талқылау:

 

3.Әңгімелеу

 

Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Сендердің сүйікті істерің бар ма?

 

Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет?

 

Балалардың жауаптары тыңдалып болғаннан кейін сүйікті іс туралы мағлұмат беру.

 

Әрбір адамның ұнататын сүйікті ісі болады. Бірі ән салуды, екіншісі би билеуді, үшіншісі гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналысуы мүмкін. Кесте тоқу – біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау – екіншісінің, тағамдар даярлау -үшіншісінің, үй жануарларын күту –төртіншісінің сүйікті ісі болуы да мүмкін. Сол іспен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта, жігер, қызығушылық, сүйіспеншылык сезімдері артады. Сүйікті ісі адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді.Сүйікті іс үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, сондықтан бос уақыттарыңды сүйікті істеріңе арнауға тырысыңдар.

 

4.Мәтінмен жұмыс

 

А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқыту.

 

1. Ата-аналар, ұстаздар балаларға не үшін риза болды?

 

5.Дәйек сөз

 

«Сүйіп істеген іс шаршатпайды» Халық мақалы

 

6.Тапсырма

 

Кітаптағы суреттерге қарап, әңгіме құрастыру, өздерінің істері туралы айтып беру тапсырылады.

 

7.Жаттығу- ойлану

 

Оқушыларүш топқа бөлінеді.Үш топқа үш түрлі дәйексөз беріледі.Дәйексөздің айтылуына мән беріп,өз пікірлерін айтады.

 

1 топ. «Ерекше іс істесең, ел таңырқайды» Қ.Айнабеков

 

2 топ. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» Халық мақалы

 

3 топ. «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» М.Горкий

 

8.Үйге тапсырма

 

Дәптермен жұмыс

 

«Мен сүйікті ісіммен шұғылданғанда...»

 

9.Соңғы тыныштық сәті

 

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.

 

- Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімілестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді. Атырау обылысы Мақат ауданы Доссор поселкесі

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектебі: Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің

Мұғалімі: Оразова Назымгул Калыбаевна

Тақырып: Менің сүйікті ісім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: _еңбексүйгіштік, табандылық, төзімділік

Сынып 3 Оқушылар саны _______

 

Сабақ мақсаты: Балаларға еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақ міндеттері: Білімділігі:Сүйікті ісі туралы түсініктерін қалыптастыру Дамытушылығы:Еңбек етуіскерліктерін дамыту Тәрбиелілігі:еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Ресурстар: нақыл сөз, А4 ақ ақағазы, маркер, оқулық,, видеокассета, ән мәтіні
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин) 5Тережесін сақтау 2.Тыныштық сәтi. (2 мин) Су астына саяхат 3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин) «Кім немен ойнайды» өлеңін жаттап келу,өз сүйікті істеріңді суретпен салып келу -Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер? -Сендердің сүйікті істерің бар ма? -Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Сабақ барысын талқылау:
4.Дәйексөз. (5 мин) «Сүйіп істеген іс шаршатпайды» -Оқушыларға қайта-қайта оқыту. -Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?  
5.Мұғалім сыйы(10 мин) «Құмырсқаның еңбегі» мултьфильмін көрсету -Фильмнен нені ұқтыңдар? -Құмырсқалар қалай еңбектенеді екен? -Олар өз істерін сүйіп жасай ма?  
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин) Дәйексөздің айтылуына мән беріп,сол туралы өз пікірлерін айтады 1 топ «Ерекше ісістесең,ел таңырқайды» 2топ «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» 3топ «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» Қортындылау:Сүйікті ісіңді сүіп істесең ешқашан шаршатпайды.Сол істі сүйгенің соншалықты,тіпті денең сергіп демалып қаласың. Сондықтан да сүйікті іс өзіңе де, өзгеге де пайда келтіреді.    
7.Топпен ән айту. (4 мин) «Еңбекшіл бала»  
8.Үй тапсырмасы. (1 мин) «Менің жарқын болашағым» тақырыбында сурет салып келу  
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин) (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»    

 

Ілмек сөздер: Менің сүйікті ісім, Менің сүйікті, Ме

 

Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы,Айтиев селосы?Айтиев бастауыш мектебі

Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна

Пәні:Өзін-өзі тану

Сынып:3

Тақырыбы: Қиял арманға жетелейді

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қиял,жақсылық,қамқорлық

Мақсаты: Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге баулу.

Міндеттері:

-қиял, арман туралы түсініктерін кеңейту;

-шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;

-жақсылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Ресурстар:/құралдар,мәліметтер/

Барысы:1)Ұйымдастыру бөлімі.1.Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгіндеу.3.Ережелерді қайталау:сабақта біз....тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек.

4.Балдарды ұсыну.Сабаққа дайындығын тексеру:оқулық,дәптер,қарындаш,өшіргіш,

ұштағыш.

2)Тыныштық сәті:

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.

Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

 

үнтаспа «Өзін-өзі тану елінің» сурет сюжетті суреттер,

 

Дәйексөз.

«Армансыз адам болмайды»Халық даналығы.

--Қиял – шексіз,ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі.Арман-адамның болашаұтағы қиялының іске асуы.Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады.Мысалы:Отанның тыныштығы,өмірдің қызықты,сәтті,баөқытты болуы.Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз.

Әңгімелесу. «Ана қиялы» аңызын оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

-Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды, деп ойлайсыңдар?

-Сендердің қандай қиялдарың арманға ұласты? Ол қалай жүзеге асты?

(балалардың жауаптары тыңдалады) «Өзін-өзі тану»оқулығы

Шығармашылық жұмыс: Балаларды 2 топқа бөліп,тапсырма беру:1-ші топ: Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар.

2-ші топ: Менің қиялымдағы болашақтағы әлем.

Топпен ән айту. «Ертегілер Әлемі»

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.

Нұрына шомылдым бүгін.

Жұлдыз, айы – көркем,

Әдемі еді неткен!

Құстары сөйлейді,

Бұлттар тербейді,

Мен оянып кеттім, әттең!

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?!

Әлемдеріңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер, сендер…

Гүлдерден, бұлттардан,

Әр гүлде бір арман.

Таусылмайтын тәтті,

Сый әкеліп жатты

Жан біткеннің бәрі маған.

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?!

Әлемдеріңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер, сендер…

Тыныштық сәті./баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет! Құндылық Ішкі тыныштық

Қасиеттер Шыдамдылық, тәртіп, сыпайылық

Мұғалiм Азербаева С.Қ

Сынып:3

Оқушылар саны:25

 

Сабақ мақсаты:Қиял арманға жетелейді тақырыбы бойынша ішкі тыныштык құндылығын ашу

Міндеттері:

1. Балаларды шыдамдылыққа үйрету арқылы қиял арман туралы түсінігін қалыптастыру;

2. Оқушылардың тәртіп туралы ұғымын кеңейту;

3. Сыпайылыққа тәрбиелеу Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушыларды топқа бөлу түстермен

 

«Су асты патшалығына саяхат» Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

 

2. Үй тапсырмасын сұрау «Ана қиялы» әңгімесі.

5-сабақ

1. Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды, деп ойлайсыңдар?

2. Сендердің қандай қиялдарың арманға ұласты?

3. Ол қалай жүзеге асты?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз. «Армансыз адам болмайды»

Халық мақалы

1. Қиял, арман деген не?

2. Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыңдар?

3. Неге армансыз адам болмайды?

Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме: «Арманға қанат бітеді»

№46, 15 қараша 2011 жыл «Ұлан» газетіне жарияланған мақала

Айдос бүгін тағы да үйінде жалғыз қалды. Ол өзі сүп-сүйкімді 5 жасар бала. Іші пысып не істерін білмеді. Бір кезде... Еденнің көтеріліп бара жатқанын сезді. Еден астынан әп-әдемі, кішкене бала шықты.

- Сен кімсің? Не болды? – Қорыққанынан Айдостың даусы дірілдеп шықты. Ол айқайлап жіберуге дайын еді.

- Атым Кішкентай! Сен маған қарап таңдаңба, мен жер асты тұрғынымын.

Оның мәдениетті сөйлегеніне Айдос қайран қалды.

- І-і-і... Менің есімім...

- Ия білемін. Сенің атың Айдос.

- Оны қайдан білесің?

- Мен бәрін білемін.

Олар үнсіздік еліне кіріп кетті. Бұл үнсіздікті Айос бұзды.

- Теледидар көреміз бе? – деді жай ғана.

- Теледидар көу өте зиян. Ол көру, есту мүшелерін әлсіретеді,- деді Кішкентай.

- Кішкентай... Менің досым боласың ба?

- Әрине!-деді ол қуана.

Міне тағы да тыныштық.

Айдос, сен нені армандайсың?

- Менің арманым асқар таудан да үлкен. Біріншісі – мектепке бару. Онда достар табу. Ал сенің ше? – Ол өзіне риза болды. Қалайша әдемі сөйледі, анасы естігенде ғой...

- Ал менің арманым...

Сол кезде есік тоқылдады.

- Мен сені ата-анаммен таныстырайын, сен менің алғашқы досымсың!

- Жоқ, кейін,- деп кішкентай бала еден астына кіріп, ғайып болды.

Есіктен ата-анасы кірді. Екі бетін кезек-кезек сүйіп жатыр.

- Жалғасы бар. Күткен арманы орындалады. Бала екі аяғынан жүріп мектепке барады.

 

1. Айдостың арманы не еді?

2. Айдостың арманының орындалуына кім көмектесті?

3. Айдостың қиялы неге жетеледі?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Плакатқа сурет салу тыныштықта.

 

Топпен ән айту.

Біз өмірдің гүліміз

Сөзін жазған С.Молдасынұлы

Әнін жазған Ф. Жолдасова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз

 

Үй тапсырмасы.

6-сабақ» «Ата өсиеті» оқуға

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

(Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау)

Сабақты аяқтау

 

Қиял арманға жетелейдіән: Өзін - өзі тану

Сынып: 3

Бастауыш сынып мұғалімі: Шамиганова Р. М.

Сабақтың тақырыбы: Қиял арманға жетелейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: