Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 7 страница

Оқып үйренейік

Б.Соқпақбаев

Жекпе-жек

Оқушылар мәтінді бөліп оқиды.

· Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?

· Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?

· Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?

(оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтар бойынша жауап береді)

Дәптермен жұмыс

Салауатты өмір салтын ынталандыру-әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.

Н.Ә. Назарбаев

1. тапсырма

Нақыл сөзді оқыңдар. Салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін іс-шаралар ұсыныңдар.

(оқушылар екі топқа бөлініп, іс-шаралар ұсынады)

 

Ойланып көрейік

Денсаулық-адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық-денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет-дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі.

Жаңа ақпарат

«Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әдеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз.

Егер адам бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты болса, оған өз әдеттерін өзгертудің қажеті жоқ. Егер әдеттер денсаулыққа зиянды және жеке тұлға үшін қауіпті болса, оның өзгелерге деген қауіпсіз қарым-қатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек.

Көп жасау, дені сау, бақытты болу-адамның өз қолындағы іс».

Дәйексөз

В. Суворов

«Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын,

өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді».

 

 

2.тапсырма

Өзіңді жақсы көресің бе?

Сұрақтарға мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.

1. Өзіңді осы қалпыңда жақсы көресің бе?

2. Сәтсіздік сені қудалай бере ме?

3. Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?

4. Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?

5. Басқа біреу егер сенің орныңда болса, өзіе қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?

6. Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?

7. Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?

8. Сенің көңіл-күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?

9. Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын алдын ала сезесің бе?

10. Өз сезіміңді айтып жеткізу-саған проблема ма?

2-тапсырмадағы тестің кілті

0-10ұпай

Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту-сенің қалыпты жайың.Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады жіне осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек саеу керек!

11-34 ұпай

Саған өзіңді жақсы көру туралы тақырыпта ойлану маңызды емес. Мүмкін сен мұның қаншалықты қажетті екенін білмеген де боларсың. Сен өз қабілеттеріңді толықтай және қажетінше көп пайдаланбайсың, кемшіліктер мен сәтсіздіктерге көңіл бөлесің. Тек өзіңдікіне емес, өзгелердікіне де. Осындай сәттерде өзіңді жақтырмау сезімі сенің басқа адамдарға көңіл бөлу және жақсы көру мүмкіндіктеріңе кедергі келтіреді.

35-50 ұпай

Сен өзіңнен де басқаның абыройын бағалай аласың. Бұл саған қарым-қатынаста көмектеседі және дау-жанжалдан аулақ болуға мүмкіндік береді. Сен өзіңнің барлық кемшіліктеріңді жақсы білесің, бірақ олар үшін бұғып қалмауды үйренгенсің. Олар саған өзіңді жақсы көруге кедергі жасамайды, өйткені сен оған лайықтысың. Ал мұның өзі көбінесе сенің табыстарыңды айқындайды және қуанышты көңіл күй сыйлайды.

 

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін, іскерліктерін іс жүзінде дәлелдеуге жағдай туғызады.

 

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР

ДЕН АУЛАҚ БОЛУ

ТИІМДІ ТАМАҚ

ТАНУ

 

ДЕНЕНІ ШЫНЫҚ

ТЫРУ

ОҢТАЙЛЫ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС

 


 

 

Салауатты өмір салтыныңұстанымдары

 


 

ЖЕКЕ ГИГИЕНА

 


 

КӨТЕРІҢКІ

КӨНІЛ- КҮЙ

 

Дәптермен жұмыс

2 тапсырма

Адам ағзасына темекінің тигізетін зиянын сурет арқылы көрсетіңдер (әрбір оқушы жеке дәптеріне темекінің суретін салып, зиянын түсіндіреді).

Жүректен жүрекке

Оқушылар шаттық шеңберіне шығып, зиянды әдеттерден аулақ болатынын керісінше, салауатты өмір салтын қолдайтынын айтады.

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы,
Қаракөл орта мектебінің Өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Суатова Тогжан Болатовна

Өзін - өзі тану 8 сынып
Тақырыбы: Салауаттылық - өмір салты
Мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;
•Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым - қатынас жасай білуге баулу;
• Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: оқулық, оқушы дәптері, плакаттар, жүрекше, шарлар.
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне жиналып, «Туған жер» әнін шырқайды.
Ш. Сариев
Дені сау адамдарға өмір - жұмбақ,
Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.
Кеуденің сәулесіндей көз жанары,
Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.

Ойланайық, пікірлесейік
•Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
•Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?
•Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
• Зиянды әдеттерге нелер жатады?
Жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы - құрдас, серіктестері ықпал етеді.
Ерік - күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп «тек бір рет» деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады.
Оқып үйренейік
Б. Соқпақбаев
Жекпе - жек
Оқушылар мәтінді бөліп оқиды.
v Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?
v Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?
v Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?
(оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтар бойынша жауап береді)
Дәптермен жұмыс
Салауатты өмір салтын ынталандыру - әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.
Н. Ә. Назарбаев
1. тапсырма
Нақыл сөзді оқыңдар. Салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін іс - шаралар ұсыныңдар.
(оқушылар екі топқа бөлініп, іс - шаралар ұсынады)

Ойланып көрейік
Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық - денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет - дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі.
Жаңа ақпарат
«Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әдеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз.
Егер адам бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты болса, оған өз әдеттерін өзгертудің қажеті жоқ. Егер әдеттер денсаулыққа зиянды және жеке тұлға үшін қауіпті болса, оның өзгелерге деген қауіпсіз қарым - қатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек.
Көп жасау, дені сау, бақытты болу - адамның өз қолындағы іс».
Дәйексөз
В. Суворов
«Кімде - кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын,
өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді».

2. тапсырма
Өзіңді жақсы көресің бе?
Сұрақтарға мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.
1. Өзіңді осы қалпыңда жақсы көресің бе?
2. Сәтсіздік сені қудалай бере ме?
3. Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?
4. Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?
5. Басқа біреу егер сенің орныңда болса, өзін қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?
6. Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?
7. Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?
8. Сенің көңіл - күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?
9. Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын алдын ала сезесің бе?
10. Өз сезіміңді айтып жеткізу - саған проблема ма?
2 - тапсырмадағы тестің кілті
0 - 10ұпай
Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту – сенің қалыпты жайың. Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады және осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек сену керек!

 

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Тақырып: Салауаттылық - өмір негізі
Құндылық: Дұрыс іс – әрекет
Қасиеттер: салауаттылық, денсаулықты бағалай білу.
Сабақ мақсаты: оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділігі: салауатты өмір сүрудің мәнін ашу,
Дамытушылығы: салауатты өмір сүруіне ықпал ету,
Тәрбиелілігі: денсаулығын бағалауға, салауатты өмір сүруге қоршаған орта тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Ресурстар мен құралдар: мәтін, нақыл сөздер, үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта, плакат, маркер т. б құралдар

Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Еліміздің президенті Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан - халқына жолдауында - Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты тармағында - «азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына әзірлеу» қажеттігі көрсетілген.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Салауаттылық - өмір негізі»

Үй тапсырмасын тексеру. А. Самиғоллаұлының «Ойлан достым» шығармасын оқып, мазмұнын талдау, сұрақтар қою.
1. Сіздер, Жангүлдің орнында болсаңыздар, не істер едіңіздер?
2. Мұндай жағдай сіздердің орталарыңызда кездесті ме?
3. Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыздар?
4. Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек?(саналылық, ерік, жігер, шыдамдылық, білімділік, еңбекқорлық, өмірге деген құштарлық және оны бағалай білу т. б)

Дәйексөз.
Т. Карлейльдің нақыл сөзі. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»
Мәнін түсіндіру, дәптерге жазып алу.
Әңгімелесу (сұхбат)
1. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?
2. Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
3. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс - әрекеттер жасайсыз?
4. Салауаттылық - өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?

Зиянды іс - әрекеттермен қалай күресеміз, болдырмау үшін қандай алдын - алу шараларын жасауға болады деп ойлайсыздар?
Слайд «Ойлан, достым (Зиянды әрекеттердің салдары жайлы)
Топтық шығармашылық жұмыс. Үш топқа бөлінеді.
Топқа ат қою, мағынасын түсіндіру(мақал немесе нақыл сөзден)
«Салауатты өмір» жобасын жасау, ортада жариялау(ұран жазу)

Сұрақтарға жауап беру (әр топқа 4 сұрақтан беру)
1. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?
2. Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға шалдықтырады?
3. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?
4. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?
5. Ең көп таралған ауру?
6. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?
7. Нашақорлық зардаптары?
8. Жұқпалы аурулар жайлы не білесің?
Ойын. «Нақыл сөздерді аяқта»
1. Ауырып ем іздегенше,....(ауырмайтын)

2. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуінен болады - (бақытты өмір)
1. Тәртіп пен еңбек -... кепілі (денсаулық)
Белсенді топты атау, мадақтау.

Сабақты қорытындылау.
Халық денсаулығы - тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған іс - әрекеттерінің жемісі. Қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырғанда ғана болашағымыз жарқын болмақ.
Ей, замандас, алдыменен досыңды ұқ,
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын,
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік!
Топпен ән айту. «Ойлан, балам» әні

Үйге тапсырма. «Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу.
Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдай отырып, бүгінгі сабағымызда айтылғандай «Дені саудың – жаны сау» демекші, біздің өміріміз, денсаулығымыз өз қолымызда екенін өте жақсы түсінеміз. Деніміз сау болса, отбасымызда да, достарымызбен де, мектепте заманауи білімді меңгеруде де еліміздің көркеюіне үлесімізді қосамыз. Көңіліміз шат, жанымыз тыныш болады. Осы көңіл - күйде сәл тыныштықта отырайық. Тыныштық, тыныштық! Тыныштық барлық жерде, тыныштық бүкіл әлемде! Салауаттылық - өмір салты

Мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

∙Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;

∙Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;

∙Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үнтаспа, суреттер.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Ш.Сариевтың «Дені сау адамдарға өмір - жұмбақ» атты өлеңін оқиды. Сонымен қатар өмір, денсаулық туралы оқушылардың өздері шығарған немесе жатқа оқитын өлеңдері болса айтуларына болады.

Дені сау адамдарға өмір – жұмбақ,

Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.

Кеуденің сәулесіндей көз жанары,

Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.

 

Әңгімелесу

Оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау үшін әңгімелесу жүргізіледі. әңгімелесу кезінде мұғалім балалардың салауатты өмір туралы түсініктерінің қандай екенін бағдарлайды. Әңгімелесу сұрақтары төмендегідей:

Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

Зиянды әрекеттерге адам неліктен үйір болады?

Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытындылайды.

 

Мәтінмен жұмыс

Сабақтағы негізгі әдстің бірі ретінде мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтін оқу арқылы оқушылар сабақтың негізгі идеясы туралы түсінік алады. Мәтінді оқып, талдайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын білдіреді. Оқуға Б.Соқпақьаевтың «Жекпе-жек» әңгімесінен үзінді ұсынылады. Мұғалім мәтін талдату кезінде адам өміріндегі денсаулықтың маңызына оқушылардың назарын аударады. Оқушылар мәтін кейіпкерінің спортпен айнгалысу, қызығу, жаттығу нәтижесінде қандай жетістікке жеткеніне көз жеткізеді. Спортпен айналысу салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі екенін біледі. Балалар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын түйіндейді.

...Мұрат басқалардан артқарақ оқшау отыр. Мүйізделген сырдай жарылып шығып, қораштанып бүгіле түскен. Көзі шекарашылардың ойынында болса да, көңілі басқада. әлгінде Садықтан тапқан жеңілісі титықтатып, намысын шоқтай қарып, күйдіріп отыр.

«Япыр-ай, осыншама әлсіз болып, нәзік болып туармын ба? Күшті болып, Садықтай болып неге тумадым? Сонда мен оған танытар едім».

Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?

Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?

Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?

 

Ойланып көрейік

Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға берілетін білім түйіндеме арқылы нақтылана түседі.

С.Мырзалы

Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық – денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңге, қабілет-дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қаоап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі.

 

Дәйексөз

Мұғалім оқушылармен сабақтың дәйексөзі бойынша жұмыс жүргізу арқылы олардың білімдерін толықтыра түседі.

Оқушылар сабақтың дәйексөзі ретінде ұсынылған В.Суворовтың «Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді» - деген нақыл сөзімен танысып, мағынасын қалай түсінетіндерін таратып айтады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет.

Тапсырма

Нақыл сөзді оқыңдар. Салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін іс-шаралар ұсыныңдар.

Тапсырма

Берілген суреттен адамның темекі зиян келтіретін ағзаларын табыңдар. Оның қалай әсер ететіндігін бояп көрсетіңдер.

(Жүрек, бүйрек, асқазан, көк бауыр, ми ауруларын суреттен белгілейді.)

 

Тапсырма

«Ауырып, ем ізденгенше, ауырмайтын жол іздейік» атты тақырыпта ой тұжырым жазыңдар.

 

Тапсырма

«Өзіңді жақсы көресің бе?» атты тест сұрақтарына мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «ия» немесе «жоқ» деп жауап бер.

Жүректен жүрекке

Мұғалім сабақты аяқтап, қорытындылау мақсатында оқушыларды «Жүректен жүрекке» шеңберіне шақырады. Барлығы қосылып, «Ойлан, балам!» әнін айтады. Әнді үнтаспадан тыңдауларына да болады.

 

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл өмірге кімдер келіп-кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.

 

Қайырмасы:

Ойлан, балам,

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған.

Ойлан, балам!

 

Ойлан, балам, алда үміт, арманың,

Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың.

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей,

Қайта ормалмас ғұмырымды жалғадың.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: