Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 10 страница

Жарияланды 17-07-2014, 16:56 Категориясы: Өзін өзі тану

Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
• Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір - құрмет сезімдерін ламыту;
• Адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.
- Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, үсті - басыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.
- Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.
- Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң, табақтарды жерге лақтырдың.
- Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң, дуалдарды шимақтадың.
- Бес жасқа толғаныңда, анаң саған әдемі киімдер киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір - қожалақ болып оралар едің.
- Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектепке алып барды. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.
- Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшақтағысы келіп мектептен қашан келер екен деп, сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.
- Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.
- Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң, бар уақытыңды достарыңа бөлдің.
- Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң, «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.
- Жасың отызға толып бала - шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң, «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.
- Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.
- Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата - ананың мәселелері балаларын мазалайды» дедің.
- Күндердің күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді.
Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылатындығын ұмытпа. Анаңды еш уақытта жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Еш уақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма. Сенің жалғыз ғана «анаң» бар!

Үй тапсырмасын тексеру
3. Әңгiмелеу (сұхбат).
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Ана өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ананың қоғамдағы, отбасындағы орны туралы не айтар едіңдер?
Ж. Дәулетбектің «Ана - өмір тірегі» атты әңгімесін оқыңдар.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбында шығарма жазыңдар.
Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін.
Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңдар. Дәл ортасына «менің анам» деп жазып, сипаттап беріңдер.

Жалғасын тап.
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
• Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.
• Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.
Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз.
1. Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі.............
2. Ашығын айтсам, мен кейде ата - анамды тыңдамаймын, себебі..........
3. Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам.................
4. Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын...............
5. Ашығын айтсам, анамды тек қуантсам деймін..............
6. Ашығын айтсам, кейде анамды ренжітіп алсам....................
7. Ашығын айтсам, анамның мұңайғанын көрсем........
8. Ашығын айтсам, анам ауырып қалса...................................
9. Ашығын айтсам, анама ұзақ уақыт үйде болмаса.....................
10. Ашығын айтсам, анам бір нәрсе бүлдірсем, мені қатты жазалайды.......
11. Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін..........................
12. Ашығын айтсам, кейде мен анамды түсінбеймін..........

Дәйексөз.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н. Назарбаев
6. Үй тапсырмасы.
Дәптер толтыру.
7. Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, шаттыққа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңіздер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Ана тілі-жүрек үні
(8-сынып)
Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі.
Нұрғалиева Айбаршын Тоқанайқызы

Сыныбы:8
Пәні:өзін-өзі тану.
Сабақтың тақырыбы:Ана тілі-жүрек үні.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға ананың қоғамдағы,өмірдегі,ұрпақ тәрбиесін-
дегі орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана
махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
-балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік,қадір-құрмет сезімдерін
дамыту;
-адамзат баласының алдындағы үлкен парыз-ананы сүюге,ана еңбегін ақтай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:буклет,газет,жүрекшелер,даналық сөздер
І.Шаттық шеңбері.
1.Қымбат Әбілдақызы. «Жан ана»
ІІ.«Анаға қуаныш жолдау» Оқушылар тілегі.
Мұғалім:Ана-әрбір отбасындағы бірінші сөз.Ана-ең әдемі және әуезді сөз.
Оны әрқашан күліп тұрып,қуанышпен және көтеріңкі көңіл-күймен айту керек.Ана-бұл біз үнемі,күн сайын,бүкіл өмір бойы айтатын ерекше есім.
Ананың махаббатына,ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді.Ана деген ардақты ат.Олай болса, өздерің пайдаланатын қымбат сөз арқылы анаға деген риза-
шылық сезімдеріңді білдіріңдер
Анамызға тілек:
-Аналар аман болсын!, -Ауырмасын! -Күн секілді күліп жүрсін!
Денсаулық тілеймін! Жер бетіндегі барлық балалар мен аналар аман болсын! т.с.с. оқушылар өз тілектерін айтып шығады.
Оқушылар: «Әрқашан күн сөнбесін» әні.
Мұғалім: «Анаға қуаныш жолдау» кезеңінен кейін баланың анаға деген сезімін арттыру,ананың балаға деген махаббатын сезіндіру мақсатында
Қымбат Әбілдақызының «Анам» өлеңін мәнерлеп оқып бердім.
Маған жарық сыйлаған кім?
Анам!
Жылатуға қимаған кім?
Анам!
Жөргегімді ауыстырып,құндақтап,
Мен деп жанын қинаған кім?
Анам!
Мен ауырсам жүдеген кім?
Анам!
Айыққанша қосылғанша қатарға,
Тілегімді тілеген кім?
Анам!
Қателессем кешірген кім?
Анам!
Анамдағы махаббатқа нанам
Ең бірінші ана керек балаға,
Ақ аналар жүріңдерші аман!
ІІІ.Мәтінмен жұмыс.
а/ «Ана-өмір тірегі» әңгімесін оқу.
ә/Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтінді талдау.
ІУ. «Ана-деген кім?»
а)Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс орындалады.Газеттер мен журнал кесінділері арқылы немесе оқушылардың
өздері салған суреттері арқылы,коллаж арқылы қорғау жұмысын орындайды.
Қорғау жұмыстары «Ана-күн.» «Ана-табиғат.» «Ана-алып бәйтерек».
«Ана-өмір гүлі» тақырыбында болды.
ә)Эссе.Оқушылардың ана туралы ой толғаныстары.
У.Жаңа ақпарат
Оқушы оқиды.
УІ.Ойын-жаттығу.
«Ана,анашым» сөздерімен жаттығу жасау.
Мұғалім:
Бір ертегіде король өз қыздарынан өзіне деген сүйіспеншілігін қандай да бір
затпен салыстыра отырып әңгімелеуді өтінеді.
Бір қызы өзінің әкесіне деген махаббатын гауһар таспен,екіншісі дәмді
тоқашпен салыстырады.Ал үшіншісі кез келген тағамның тұзсыз дәмі бол-
майтыны сияқты өмір де ана мен әкеге деген махаббатсыз болмайды деп ай-
тады.
Оқушылар:
Мысалы, «Ана,анашым мен сізді бұлаққа теңеймін.Себебі,бұлақ суындай мөлдірлікке,тазалыққа,адалдыққа бізді сіз үйретесіз» немесе «Ана,анашым мен сізді құлпырған гүлге теңеймін,өйткені сіздің мінезіңіз әрқашан жайда-
ры,көңіліңіз көтеріңкі. Сіздің гүл сияқты жайнап,жасарып,қартаймай жүре беруіңізге тілектеспін.» Осы сияқты оқушылар өз аналарын табиғатқа,күнге,
суға,биік тауға,жайдары жазға т.с.с теңей отырып,анаға деген сезімдерін біл-
діреді.
Мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып,ойын –жаттығудың түйіндемесін
жасайды.
Түйіндеме.Ананың қасиеттерін топтастыру.
Ана:мейірімді,қайырымды,ізгі,кешірімшіл,сұлу,көркем,қамқор,мәдениетті,
әдепті,әділ,білімді,өнерлі,шыдамды,төзімді,сырлас,ақылшы,сүйеніш,иба-лы,инабатты,нәзік т.б.
Ана бізге:дос,өмір сыйлаушы,жанашыр,ең жақын адам.
Біздің аналарымыз сегіз қырлы,бір сырлы.Аналарымыздан біздің үйренеріміз көп.Олай болса,мына даналық сөзге көңіл аударып,есімізде ұстайық.

УІІ.Дәйексөз.
«Жер бетіндегі жақсылық,ізгілік,қайырымдылық атаулының бәрі де ананың
ақ сүтінен тарайды.»
Н.Ә.Назарбаев.
УІІІ.Әңгімелесу
1.Неліктен ана махаббаты бәрінен биік?
2.Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалім:Түйіндеме ретінде «Өнеге» кітабынан «Жалғыз көзді ана» әңгімесі туралы тыңдалды.
Бұл әңгімеде анасының жалғыз көзінен ұялып,өскеннен кейін анасынан бөлек кеткен,үй болып,балалы болғаннан кейін де немерелерін шешесіне бір иіскетпеген тасбауыр,мейірімсіз ұл жөнінде әңгіме болады.Кейін Сингапур-
ден түлектердің бас қосу кешіне келіп,өзінің үйіне соққанда көршілері
өмірден өтіп кеткен анасынан хат табыстайды.Хатта мынадай сөздер жазыл-ған екен:
«Сүйікті ұлым!Бастауыш сыныпта сені ұялтқаным,Сингапурда балаларыңды қорқытқаным үшін өкінемін.Өмір бойы әрдайым сені ойладым.Сен білесің бе,кішкентай кезіңде біржағдайға ұшырап,көзіңнен айрылдың.Анаңмын ғой,сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмадым.Дәрігерге барып бір көзімді саған бердім.Менің орныма жарық дүниені толық көріп жүрсін дедім.Көзіңнен айналайын,мен сені өмір бойы мақтан тұттым.
Саған деген сүйіспеншілікпен-Анаң»
Осы әңгіме жөнінде оқушылар өз ойларын айтады.
ІХ. Қорытынды
Мұғалім:
Ана тілегі,ананың махаббаты бәрінен де биік екенін осы әңгімеден түсінуге болады.Әрбір ана отының өшпеуін,бақытының көшпеуін,шаңырағының
құламауын,сәбиінің жыламауын,сұм соғыстың болмауын,әлемде бейбітшіл-
іктің орнауын тілейді.
Өз перзентін асылым,алтыным,жасыл желек жарқыным,аспандағы жұл-
дызым,маңдайдағы құндызым деп еркелете отырып,жастарының ұзақ болуын
өмір бойы тілейді.Керек болса,жанын беруге даяр тұрады.
«Анаңды көтеріп,Меккеге үш рет апарсаң да,анаға мәңгі-бақи қарызсың»
деп бекер айтылмаған.
Мұхаммед Пайғамбар: «Әуелі анаңды сыйла,сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла» деген.
Бар сүйіспеншілігімізді анаға арнай отырып,ананың ақ сүтін арнау парыз.
Ана-әже-кейуаналардың бар арман-тілегі,ой-қиялы,елжіреу-еміренулері-келешек ұрпақ еді.Сол ұрпағы жолында өлімге де басын байлайтын.Адам
төзбес қиындықтарды басынан кешіруге даяр екендігіне Ғ.Мүсірепов аналары дәлел.Ғабиттың «Ананың анасынан» бастау тапқан аналар ірілігі
аңызға айнала келе, «Ақ босаға», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
(Жұбан мен Исраил) әндеріне ұласып,бар болмысыңмен солардың ұрпағы
екендігіңе риза боласың.Сол кездегі келіндер де,Ұлжан-Зерелер де мектеп
бітірмеген.Олар ұлы педагогтердің де еңбегін білмейді.Жоғары мектеп есігін ашпаған,қазақ аулының ортасы даярлаған кадрлар.Ауыл арасындағы пәтуа-
сыздық,имансыздық,мансапқорлық,өзімшілдік,арамдық,көре алмаушылық,
араздық сияқты жаман қылықтарды жөнге салған. Ана-әже-кейуаналарға
тән қасиеттер:ақылгөйлік,байсалдылық,көрегенділік,қайраттылық,даналық,
кең пейілділік,мейірімділік,қамқорлық.
Қыз-келіншек,әйел-ана,әже-кейуана тағылымы өшпес із қалдырды.Ол
қазақ тілінің ана тілі деп аталуы.Бұл анаға деген құрмет!
Ана әрекеті,ана арманы,ана мейірі,ана сүйіспеншілігі,ана жүрегі,қысқа-
сы,ана әлемі туралы көп жазған классик жазушымыз-Ғабит Мүсірепов.
1977 жылы жазған «Ана жыры» әңгімесінде ол «өмірге ғибрат таратушы дүние жүзінде екі адам болса,оның біреуі-ана,ал ол жалғыз болса-соның
өзі» дегенді нық айтады.
Иә,біз мойындаған шындық: ана-жер тәңірісі
Х. Үйге тапсырма:
Шығармашылық жұмыс. «Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбында шығарма жазу.Жекелеген оқушыларға Сара Назарбаева,Зейнеп Ахметова т.б.дара тұлғалар туралы жазу тапсырылды.

Амантоғай орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Нұрғалиева Айбаршын ТоқанайқызыІзгілік іздеп келемін

admin 30-11-2013, 01:49 7 842 Өзін-өзі тану

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ізгілік, қайырымдылық, қамқорлық, кеңпейілдік, қиянат жасамау сияқты рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында бар рухани-адамгершілік құндылықтардың дұрыс дамуына ықпал ету, бағыт беру.
Тәрбиелік: Ізгілікке, қайырымдылыққа, оймен, сөзбен және іспен ешкімге қиянат жасамауға, жан-жағындағылардың бәріне сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
Жағымды көңіл-күйге келтіру
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)
2. Үй тапсырмасын тексеру: Қ. Жаманбаева «Қыз-құндыз» ертегі
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап. (3-4 мин)
1.Ертегіде не туралы айтылады?
2.Неліктен әулие қарт ізгілік шырағын Қыз-құндызға сеніп тапсырды?
3.Қыз-құндыз әулие-қарттың аманатын орындау арқылы адамзат үшін қандай ізгі іс жасады?
Рухани-адамгершілікті ашатын сұрақтарға жауап:
1.Басқаларға жақсылық жасауға дайын тұратын адамдар өмірде көп кездесе ме? Неге?
2.Өзгелердің бақыты үшін өз өмірін қиюға дайын адамның ісін қалай бағалар едіңдер?
3. Дәйексөз (цитата). «Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді.» Сайф Сараи
Сұрақ: 3-4 оқушыны тыңдау (2-3 мин)
• Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіздер? Ізгілік істеу дегенді қалай түсінесіздер?
• Қандай адамды адамгершілігі мол, ізгі дейді?
• Жақсылық пен ізгіліктің арасындағы ұқсастық неде?
4. Әңгімелеу
«Ормандағы ағаш адамдар» (притча)
Қалың ну орманда кішкентай ағаштан жаратылған адамдар өмір сүріпті. Олардың көп болғандығы сонша, ну орманды түгелдей өздері басып алған екен. Олардың бір-бірімен айқұш-ұйқыш шатасып орналасқаны соншалық, түнде орманда олардың арасымен өту өте қиын болған. Олардың дауысы ағаш дауыс болған, ал ең қорқыныштысы - олардың жүректері ағаш болған екен. Бұл байғұстар сүйіспеншіліктің, аяушылықтың, қайғы-мұңды бірге бөлісудің, жылаудың, көз жасы дегеннің не екенін мүлде білмеді. Олар қолдарына түскеннің бәрін: құс па, аң ба, бәрін-бәрін өлтіріп, күл-талқанын шығарады екен.
Бір күні орманға бір кішкентай қыз келіп, адасып кетеді. Қыз бір ағаштың түбіне отыра кетіп, жылай бастайды. Жылап отырған қызды көріп, қасына бір ағаш адам жақындап келіп, өзінің ағаш даусымен:
- Мұнда неғып жүрсің? - деп сұрайды.
- Адасып кеттім.
- Мм, ал қолыңдағы не?
- Жас.
- Жас деген не?
- Жас жылағанда шығады.
- Ал жылау деген не?
- Жаның ауырғаны, қайғырып мұңайғаның.
Ағаш адамға бұл мүлде түсініксіз болды, өйткені өзі ешқашан жылап, мұңайып көрген жоқ қой. Ағаш адам қызға жол көрсетіп келе жатқанда қыз:
- Ақырын жүрші, жүрегім ауырады, - деді.
Ағаш адам: Жүрек деген не?
Қыз кішкене ойланып барып: - Адам онсыз өмір сүре алмайды, - дейді.
- Көрсетші өзіңнің жүрегіңді.
- Ол менің кеудемде соғып тұр.
- Ал маған сондай жүрек бола ма?
Қыз алдымен «Жоқ» деп, кішкене ойланып барып: «Мында бір жақсы дәрігер бар, ол жаңа ғана қайтыс болған адамдардың жүректерін жинайды, мен сені соған апарайын» дейді. Қыз ағаш адамды дәрігерге алып келеді. Дәрігер: -Сендерге не керек? деп сұрайды. Ағаш адам: Мен мына адамдардікіндей мейірімді жүрек алғым келеді.
- Қатігез жүрек керек емес пе?
- Жоқ дәрігер мырза, тек қана мейірімді жүрек керек, қатігездікте өмір сүру қорқынышты.
Дәрігер бір сөреден шыны банканы алып, оны ағаш адамға ұсынады.
- Міне нағыз мейірімді жүрек. Болмашы айғай, шуды сезеді, дірілдейді, себебі ол бәрі үшін ауырады, бәрін аяйды.
- Иә, иә, міне маған керегі де дәл осындай мейірімді жүрек,- деп ағаш адам қуанып кетті.
- Өкінбейсің бе?
- Жо-жоқ, өкінбеймін
- Бұл мейірімді жүрекпен сен көп қиналасың, қасірет шегесің ғой.
- Жақсы, жақсы дәрігер мырза, түсініп тұрмын.
Сөйтіп дәрігер ағаш адамның кеудесін ашып, оған адамның мейірімді жүрегін салып беріп, қоя берді.
Ағаш адам орманға келіп, өзінің туыстарымен бірге өмір сүре бастайды. Өзінің аға-інілерінің жасап жатқан қиянат, қорқынышты істерін көріп қатты қиналады, ауырады. Олардың аяушылық, мейірімділік, қайрымдылықтары жоқ жабайылықтары жанын түршіктірді. Олар бірін-бірі сындырды, жақты, әлсіздерді ұрды-соқты, қорғансыздарға зорлық-зомбылық көрсетті, бір сөзбен айтқанда қиянаттан басқаны білмеді.
«Сендер не істеп жатырсыңдар, неге сондай қатігезсіңдер? Неге сендердің жүректеріңде бір тамшы аяушылық, мейірім жоқ?» деп мейірімді жүректі адам өзінің бауырларына күнде налып қиналды. Сонда бір қарт ағаш адам: «Немене сен бізге қайта-қайта қатігезсіңдер, аяушылықты білмейсіңдер, жандарың ешкімге ауырмайды деп айта бересің, оқыта бересің? Бәрі үшін ауыра бере алмайсың, бәріне бірдей көмектесе алмайсың, біреу үшін аурып, бәріне бірдей жаның аши берсе, өзің ұзаұ өмір сүрмейсің.» деп мейірімді жүректі адамға ұрсып тастайды. Жаны қиналған мейірімді жүректі адам анадай тұрған бір ағаштың түбіне тұра қалып қатты-қатты өксіп жылп жібереді. Сол сәт анадай бір ағаштың түбінде тоңып, үсінуге аз-ақ қалған бір баланы көріп, жақындайды. Балада тіршілік нышаны байқалмайды. Мейірімді жүректі адам оны жұлқылып, «Тұр, тұр, әйтпесе үсініп қаласың» деп айқайлайды, бірақ бала қозғалмайды. Бұлардың қасына барлық ағаш адамдар жиналып, бұны мысқылмен күліп, мазақ етеді. Олардың соншалықты қатігездіктеріне қарап, мейірімді жүректі адамның тағы да жүрегі ауырады, жаны қиналады. Сөйтіп мейірімді жүректі адамның жүрегі біресе өлім мен өмірдің арасында жатқан баланы аяп, қатігез бауырларының ісіне ауырғаны соншалық, оның жүрегі лаулап жалындап жана бастайды. Жалын қолдарына жетеді, ол сол қолдарының жылуымен тоңып қалған баланы жылыта бастайды, мейірімді жүректі адам жана береді, жана береді, ал бала оның сол қызуына жылына береді, жылына береді. Әбден жылынған бала орнынан тұрып, орманнан шығып жүре береді, ал мейірімді жүректі адам жанып-жынып, басы ғана қалады. Бауырлары оны көріп: «Ал, осынша түгің қалмай жанғанда тапқан пайдаң не?» деп сұрайды, сонда мейірімді жүректі адам: «Өзімнің жылуыммен басқаларды тірілтіп барып өлген - мен үшін керемет, қасиетті іс» дейді. «Ал, ендеше, неге жылайсың?» деген бауырларына «Білесіңдер ме, мен сендерді аяп жылаймын» деп мейірімді жүректі адам көз жұмады. Ал ендеше құрметті менің оқырманым, Сіз өз жүрек жылуыңызбен, ізгі жүрегіңізбен кімді жылыттыңыз?
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Әңгіме не жайында?
2. Ормандағы адамдардың нағыз адамдардан айырмашылығы неде?
3. Адасқан қыз бен ағаш адам не туралы әңгімелесті?
4. Ағаш адам қандай шешімге келді және неліктен?
5. Шешімі орындалды ма?
Рухани-адамгершілікті ашатын сұрақтар:
6. Осы әңгімеден не түйдіңіздер?
7. Осы әңгімедегі кейіпкерлердің бойынан қандай құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар?
2. Танымдық ақпарат. Өз Отанында қиянатқа, зорлық-зомбылыққа қиянат жасамау арқылы күрескен күрескер Махатма Ганди (Индияның әкесі), Тереза-ана туралы
5. Шығармашылық жұмыс. (Бес «Т» еске түсіру)
Ізгілік деген не? Қиянат жасау деген не? Адамзат өмір бойы осы сұрақтарға жауап беруге тырысуда, ендеше балалар, біз де бүгін бір сәт осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрейікші! Өз ойымызды жазбаша беріп көрейік! (5-6 мин)
6. Топпен ән айту. «Әрқашан күн сөнбесін!» әні
7. Үй тапсырмасы. Жұмыс дәптеріндегі
Ғ. Жандыбаевтың өлең жолдарындағы ойды жалғастыр.
8. Соңғы тыныштық сәті Бүгінгі сабақтан не білдіңіздер? Не үйрендіңіздер? Мына сауалнама сұрақтарына жауап беріп көріңіздер!
Сауалнама «Аяқталмаған тезис»
Қиянат жасау: ол -.....
Ізгілік; ол -....
Ізгі адам ол -...
Қиянат жасамау ол -...


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: