Белдік немесе ригельді бекіткіш тетіктер

Белдік немесе ригель түріндегі тірек-тіреуіштер тіс қатарының шектелген ақауларын ортопедтік емдеу кезінде жиі қолданады. Белдік сияқты тіреуіштің мэні тірек тістерінің міндетті түрде жасанды тіс сауыттарымен қапталуында. Жасанды тірек тіс сауыттары штангалармен, ригельдермен (арқалықтармен, белдіктер) бірікті- ріледі. Алмалы-салмалы протездерің ішкі жағында белдік пішінін қайталайтын жартылай гильза орнатылады. Мұндай жүйені алғашқы болып Шредер мен Румпель ұсынған

Аталмыш ұстатқыш-тіректік конструкцияларды қолдану тірек тістердің клиникалық тіс сауыттары биік болған жағдайларында мүмкін. Алмалы-салмалы протездерді бекіту үшін штифтті қалпақшасы бар сақталған тіс түбірлеріне бекитін белдеулі конструкциясын Rassel Т.Williamson үсынған (сурет 151, а). Қалпақшалар штангамен біріктірілген (сурет 151, б). Протезді бекіту үшін алынбалы протездің ішкі бетінде нейлонды қысқыштар орналасқан.

Құлып түрінде бекіткіштер (аттачмендер)

Соңғы жылдары алмалы протезді бекіту үшін кламмерлер орнына механикалық тетіктер - аттачмендер кеңінен қолданылып жүр. Аттачмендер қүрылымдық ерекшеліктерге байланыеты сырт көзге көрінбейтіндіктен эстетикалық талапқа сай болады. Аттачмендер қүрылымдарының эр түрлі болуына қарамастан, екі бөліктен түрады. Бір бөлігі тірек тіске бекітіледі, ол қозғалмайды жэне матрица деп аталады, екінші бөлігі матрицаға кіріп түратын матрица, ол алынбалы протез қүрамына кіреді. Аттачмендердің тіске байланысты орналасуы бойынша (H.W.Preiskel, 1984), оларды түбірішкі, сауытішкі жэне тіссауыттан тыс деп бөледі. Құлыпты бекіткіштер құрылымдық жағынан бір-біріне өте ұқсас, олардың техникалық орындалуы өте күрделі, себебі, аттачмендердің бөліктерін озара қүрастыру жэне қондыру параллелометр мен арнайы қондырғыларды қажет етеді. Егерде тірек тістің клиникалық Т|с сауытының биіктігі жеткіліксіз болса, онда аттачмен тістің мойын тұсына жақын орналасқандықтан, қызыл иекті тітіркендіруі мүмкін, бұл жағдай олардыц кемшіліктері болып табьшады. Tie сауыты сьіртында орналасқан аттачмендер қүрылымы технологиялық проблемеларды қоздыруы мүмкін, себебі олар жасанды тіске арналган жерлерде орналасады. Құлыпты тіреуіштер тез тозады, бұл ретенцияны жоғалтуға әкеледі. Осымен катар, асыл металдардың корытпаларын қолдану керектігі олардың қолданысын шектейді. Құлыпты тіреуіштерді айырбастау қиындығы протездердің ұзак жэне мықты бекуіне әкелмейді. Аттачмендердің эр түрлі конструкциялары 152-суретте көрсетілген.

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездер

Клиникалық этаптары:

· 1 этап: науқасты тексеру, ем жоспарын құру, мед.құжаттарды толтыру. Стандартты қасыкпен толық анатомиялық қалып алу/негізгі, қосымша/. Қалыпты шайып, залалсыздандыру. /Эрисен, Дез/

· 2 этап: жақтардың орталық қатынасын анықтау, фиксациялау, жасанды тістердің материалын, формасын, түсін анықтау. Фиксациялайтын элементтерді таңдау.

· 3 этап: жасанды тістерді балауызды базиске орнықтыруын, фиксациялайтын элементтердің орналасуын тексеру.

· 4 этап: шақтап көру, фиксация, протезді,коррекциялау, кеңес, рекомендация.

Лабораториялық этаптар:

· 1этап: Мүсін құямыз. Окклюзиялық біліктері бар балауызды базия/валик/жасайды.

· 2 этап: Мүсінді артикуляторға гипстеу. Балауызды негізге жасанды тістерді орнықтыру, балауызды фиксациялайтын элементтерді орналастыру.

· 3 этап: базисті қорытынды модельдеу, балауызды пластмассаға ауыстыру,өңдеу,полировка.

Нея кламмерлері

Қазіргі заманда алмалы-салмалы тіс протездерін қолдану барысында Ней фирмасының құйма кламмерларі кеңінен қолданылатыны белгілі.

Нея фирмасының кламмерлер жүйесі 5 типке бөлінеді:

Бірінші типті кламмер (Аккер) өзінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты көптеген оңтайлы қасиеттері болумен қатар,оның көпшілік жағдайда қолдануына себепкер болады.Бұл кламмердің мүйізге ұқсаған екі иығы болады.Иықтартістің ақауға қараған жанасу беттерінде бірігіп окклюзиялық үстемесі болады. Кламмардің қатты бөлімдерінің серпімдік қасиеттері болмайды. Осы себепке байланысты кламмерлердің бұл бөлімінің қызыл иекке іргелес аймақта орналасуы протез отырғанда қиындықтарды туғызады. Бұл жағдай кламмердің ішкі бетін жонып жұқартуға тірейді. Кламмердің жұқарып жонылуы,оның тұрақтылығының (стабилизациясы) бұзылуына себеп болады.Сондықтан кламмердің тірек бөлімі меже сызығының үстінде орналасуы қажет.Кламмер иы ғының соңы,яғни ұшы жіңішкерген меже сызығының астында орналасады.Кламмер иығының бұл бөлімінің серпімділік қасиетінің болуы,кламмерге ұстатқыштық қасиет береді.

Бонвилл кламмері екі окклюзиялды бастырмалы төрт иықты.Бұл кламмер бірінші типке жатады.

І-ші типтегі кламмер

а) кламмердің тісте орналасуы;б) меже сызығы

Екінші типті кламмер (Роуч) окклюзиялық бастырма кламмер денесімен және Т-сияқты иықтарымен біріккен түрде болады.Кейде бұл кламмерді қосарланған немесе ажыратылған деп те атайды.Кламмердің иығымен Т-сияқты болуы және денесімен жалғану әдісі,иықтарының өте серпімді болуын қамтамасыз етеді.Осыған байланысты Т-сияқты иық меже сызығын кесетін түрде немесе толық оның астында орналасады.Бұл кламмердің окклюзиялық үстемесі қатты тірегішті қалыптастырады,ал серіппелі иықтары тиімді бекуді қамтамасыз етеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: