Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 12 страница

- сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан тұруы;

- қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;

- өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;

- әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара формаларымен іске асырылуы.

Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.

Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: - білімділік;

дамытушылық; тәрбиелік; практикалық.

Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі қолданылатындары - сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін түрлері. Атап айтсақ: -аралас сабақ;

- мұғалімнің жаңа білімді хабарлау сабағы;

- оқылған материалды бекіту сабағы;

- оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы;

- тексеру және оқушылардың білімдерін есепке алу сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс түрлері - сөздік, практикалық және көрнекілік әдістер. Бұлардың да түрлері әрбір сабақта, тіптен әрбір сыныпта әр түрлі болуы мүмкін.

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.

Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді.

Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.

Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақтың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қатар оқытылатын сыныптарда әр түрлі құралдарды қолдану жан-жақты ойластырылған болуы тиіс. Себебі, бір сыныпқа арналған құрал екінші сыныпқа кедергі жасауы мүмкін. ШКБМ-де соңғы кездері сабақта оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру барысында техникалық оқыту құралдары кенінен қолданылуда. Бір тақырыптық, бір пәндік сабақтар кезінде бұл құралдарды пайдалану өте тиімді.(мысалы; диафильм, кинофильм, сюжетті суреттер). Бір диафильм бойынша әр сыныпқа тапсырма беріп, жас ерекшеліктеріне қарай талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен бірге, ШЖБМ-де лингофондық кабинеттердің де ролі ерекше. Лингофондық қондырғылар өздік жұмысты ұйымдастырған кезде өте қажет құрал, мұғалім бір сыныппен жұмыс істеп жатқан кезде қалған сынып оқушылары өз бетімен жұмыс жасайды. ШЖБМ-тін математика сабақтарында кестелерді пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың арифметикалық амалдар кестесін, жазбаша есептеу тәсілдерін үйретуге, есептің шешу кездерін меңгеруге ықпал етуге болады.

56.Сабақ жоспарларын құрастыруда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері.

-Жана тақырыпты түсіндіру; -Оқушының сабақ барысындағы іс-әрекетін қадағалау сияқты негізгі міндеттерді атқара отырып:

-әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді;

-бір пәннен екінші пәнге ауысып отырады;

-әр сыныпқа жұмыс жасауға көшкенде оқушының жас ерекшелігіне, олардың білім дәрежесіне сай түсінік беруге ауысады;

-Мәселені өз бетімен шешуге, шығармашылыққа баулиды. Мұғалімнің өздігінен орындауға беретін жұмыстарының әдістері оқушыларға түсінікті және бағаланып отыру керек. Шағын жинақты мектепте бағалау жүйесінің жаңа өлшемдерін еңгізу білім сапасының негізгі кепілі.

57.ШЖБМ-те пәндерді оқытуда қолданылатын оқу әдістемелік құралдарға сипаттама

Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты).

Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.

Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді

Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.

58 клара

59ШЖБМ тегі сабақтарда жеке топтық жане ұжымдық жұмысты жоспарлау жане ұйымдастыру Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығының дамуы

Қазақстан Республикасы Егеменді ел болғалы өмірімізде түбірлі өзгерулер, жаңа ашық қоғам құруда үлкен бетбұрыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектепке, мұғалімге – жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізеді.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.» - деген болатын.

«Қазақстан Республикасының білім беру» тұжырымдамасының жобасында білім берудің мақсаттары мен міндеттерін және бұған дейінгі білім берудегі тежейтін факторларды атап көрсетті.

«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігінен дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп айта келіп, білім берудегі кедергі келтіретін факторларды атап көрсетті. Соның бірі:жаңа технологиялардың қолданылмауы;

Осыған байланысты педагогикалық тың ізденістер, жаңа әдіс-тәсілдер пайда бола бастады. Білім беруде, мектеп өмірінде білім сапасын қайтсек арттырамыз деген көкейкесті сұрақтар туындады. Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны оқытып – тәрбиелеуде жаңа технологиялардың қажеттілігі өмір талабы екендігі айқын сезілді.

Оқушылардың топтық оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді. Н.К.Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген.

Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс сан алуан әрекеттері топта өтетіні белгілі. Осы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру олардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарын жақындастырады, топтық қарым- қатынастың дамуына септігін тигізіп, оқу тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.

Топтық жұмыстың құрылымы мына бөліктерден тұрады:

а) жұмыстың мақсаты: не үшін қолданылады және соңғы нәтиже қандай болу керек;

ә) жұмыстың мазмұны: негізгі пәндік бағыттары;

б) жұмыстың маңызы: әлеуметтік пайдалы бағыттылығы мен мотивтері, жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;

в)жұмысты ұйымдастыру: ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, жұмыстың бірізділігі, мерзімін белгілеу;

г) жұмыстың технологиясы: тиімді тәсілді талдау, нақтылы білім, білік дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;

д) жұмыстың қарқындылығы, көлемі, оқушылардың жас ерекшелігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;

е) жұмысты бақылау: критерилерге сипаттама, топтың қалыптасуының нәтижесі, білімнің меңгерілуі.

Топтық жұмыстың тиімділігінің міндетті шарты: оны басқара білу. Басқару үш кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды (топтық жұмысты бағалау).

Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын оятпай, оқушының шығармашылығын дамыту мен өздігінен білім алуға үйрету мүмкін емес. Оқуға деген уәжді қалыптастыру жолдарының ішінде маңыздыларының бірі: оқу-танымдық міндеттерді шешу барысында топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек жағымды эмоциялық ахуал тудырады, білімге деген құмарлықтың дамуына, таным үрдісінің нәтижелі болуына әсер етеді. Топтық оқу жұмысының кейбірэлементтері: жолдасының жауабын толықтырады, әңгіме, пікірталастарда талқылауға қатысады, шешімді топтасып іздейді, жолдастарының шағын топтармен орындаған жұмыстарының қорытындысын бағалайды. Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда ұжымның әрбір мұшесі бірін-бірі оқытады. Я.Коменский «Ұлыдидактикасында» басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетіп,бекітеді деген, бұл идеяны Н.К.Крупская да қызу қолдап, «Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.Бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді» деп жазады.

Шағын топтарда дербес жұмысты ұйымдастыру топтық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әрбір оқушы жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды. Е. Конникова топтық жұмыс жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:

а) ол қызықтыратын болуы керек;

ә) ол балалардың қызығушылығын ескеріп, оған сүйенуі керек;

б) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып, өзінің үлесін қосуы керек.

И.Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін белгілейді:

а) ұйымдастырушылық бірлігі;

ә) психологиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық);

б) дайындық бірлігі (топтық жұмыстағы әркімнің тәжірибесі)

в) жұмыстың бағыттылығы.

Ж. Пиаже «Адамның ақылы өзін таниды, яғни психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста болады» деген. Біз бір-бірімізбен қатынасқа түскенде дамимыз, соның нәтижесінде жаңа түсініктер қалыптасады. Ал, қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарастарына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Шағын топтық, жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік сезім қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатынасы бар екендігін сезіндіреді. Ал, «бірлесе көтерген жүктің жеңіл» екендігі баршамызға аян.

Топтық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің ерекшеліктері

Топтық жұмыстың тиімді де қызықты болуы үшін мұғалімнің бойында қандай ерекшеліктер болуы керек?

·оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуына жағдай жасайды;

·оқушылар бір-бірімен еркін қатынасқа түсетіндей, өзіне жаңа ақпарат алуына мүмкіндік беретін жұмыс түрлерін ұсынады. Көп жағдайларда, топ мүшелері арасында жұмыстың бастапқы кезеңінде қарым-қатынасқа түсе алмау, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындайды.

·топтың әр мүшесінің өз ойын айтып, іс-әрекетке енуіне жағдай туғызып, болып жатқан іс-әрекетті бақылап бағдарлайды.

·«дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген бір жақты ой айтпайды, сондай-ақ, барлық пікір дұрыс деген жалаң ойдың жетегіне де ілеспейді.

·топ мүшелерін ынталандырып отырады, жұмыстарының жетпей жатқан тұстарын толықтыруға бағдар береді. Өзінің жұмысқа деген ынтасымен әр оқушыны алға жетелейді. Шағын топтардың жұмысының шығар биігін болжап, тиімді ой айтады. Топтың әр мүшесінің өсу жолын анықтайды. Сыныпта оқушылардың өздерін жайлы сезінуі үшін тиімді атмосфералық ахуал қалыптастырады. Эмоциалық қолдау көрсетеді.

·Топтағы жұмыс барысында топ мүшелері «мұғалімнің пікірін қабылдау міндетті» деген ойдан аулақ болады, бірақ ол мұғалімнің өз ойын айтуға тыйым салынады деген сөз емес.

·Қарапайымдылық – ең басты қадамдардың бірі.

·Кез-келген жұмыстың мақсаты мен міндетін, мазмұнын, түрлерін, құрылымын білумен қатар, топтың жеткен жетістігі, алған жауаптары, бағалары, сондай-ақ уақытты тиімді пайдалану, үзіліс жасау сынды дүниелер мұғалімнің назарынан тыс қалмайды.

·Топтың әр мүшесінің белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды. Бұл орайда мұғалімнің шеберлігі мен сауаттылығы қатар жүреді.

·Әр оқушының өз деңгейіне сай өсуіне мүмкіндік жасау.Топ арасындағы қақтығыстарды болдырмау, тіпті туындап жатқан жағдайда оны оңтайлы шешу де мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен сауаттылығына тікелей байланысты.

·Тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру кажет, топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, онтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

·Оқушылардың жұмысына сыпайы түрде араласады, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдейді.Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезендерде барынша қолдау көрсетуді талап етуі мүмкін.

·Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасайды.

Топтық жұмыстың ережелері

·Кезекпен сөйлеу

·Бірін-бірі мұқият тыңдау

·Пікірталаста өзгенің көз-қарасын түсіну үшін сұрақтын бар немесе жоқтығын сұрау

·Өз ойын қоса отырып, қосылатын пікірдің бар немесе жоқтығын сұрау

·Келіспеген жағдайда бөгде ойды мұқият тыңдау әр пікірге құлақ асу

·Айтылған пікірді ұжымдап талқылау

·Көмектесу және көмек көрсете білу

·Түсіндіруді сұрау

·Пікірталастың, әңгіменің қортындысын жасау

·Топпен ортақ бір пікірге келу

·Уақытты үнемді пайдалана білу

·Рөлдерді белгілеу(басшы, хатшы, репортер,бақылаушы және т.б)

·Жұмысты орындауда келісімге келу

Топтағы өзара қарым-қатынастың ерекшелігі

Тапсырманың нақты түрі мен орындалу тәртібін білу-сапалы жұмыстың кепілі. Сол себепті, жұмыс басталмай тұрып оқушыларға олардың нені жасау керектігі жөнінде айтылып өтілуі керек.

Жұмыс барысында топтың әрбір мүшесі:

-өз ойын еркін жеткізуі;

-ортақ іске өз үлесін қосуы;

-топпен бірге бір шешімге келуі;

-өзгенің ойымен санасуы;

-жұмысты белгіленген уақытта бастап, белгіленген уақытта аяқтауы тиіс.

Топтық іс –әрекет – әлеуметтік өзара қарым-қатынастың дамуы

Топтағы жұмыс ең алдымен топ мүшелерінің тілдесу, сөйлесу, пікірлесу қабілеттерін дамытудың негізгі өзегі, әлеуметтік қарым -қатынастың бастауы. Сынып оқушыларын бір ортаға жинап, оқушылар арасындағы қарым- қатынасты ізгілендірудің бірден -бір жолы – әңгімелесу мен өзара сөйлесуге, талқылауға жағдай туғызу болып табылады. Жоспарланған жұмыстың нәтижелі қорытындысында мақсатты түрде жүргізілген әңгімеге, көзделген дүниені талқылауға тікелей байланысты. Себебі, оқушылардың өзара әңгімелесуі, пікірлесуі, ой бөлісуі, ой қорытуы олардың өз ойларын қысылмай еркін жеткізуіне, сыныптастар арасындағы қарым –қатынастың артуына, топтық жұмыстың жандануына оң әсерін тигізеді.

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтиже немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқудың алғы шарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылыымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқуға қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Бірлескеноқуүдерісініңнегізгісипаттамаларымынадай:

1.Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3.Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4.Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастырудың және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, мұғалімдер және олардың оқушылары қадағалау жүргізудің және қарым-қатынас жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары маңызды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: