Нормативтік сілтемелер

Кіріспе

Мал шаруашылығының дамуы қазіргі таңда кең қолдау алуда, дегенмен оның шығындалуына жануарлардың әр түрлі ауруларының таралуы зиянын тигізуде. ҚР Президенті Қазақстанның халқына жолдануында мал шаруашылығының дамуына, сондай-ақ ветеринария ісін халықаралық стандарттарға сәйкес қылуға арналған жоспарларымен бөлісіп, Үкіметке осы орайда бірқатар тапсырмалар берген Халқымызды сапалы жануарлар өнімлерімен және шикізаттарымен қамтаммасыз ету ветеринария ісінің ойдағыдай жүргізілуінің нәтежиесі болып табылады.

Жануарлардың, құстардың өнімдерінің өндірісі кезінде, оларды тасымалдау, сақтау, әр түрлі жартылай фабрикат өнімдерін даярлап, базарлардау сату кезінде міндетті түрде ветеринария мамандарының тікелей қатысуымен ветеринариялық-санитарлық сараптау жүргізіледі. Біздің елімізде ет және ет өнімдерінің өндірісін арттыруға басым назар аударылуда. Республикамызда ет өндірісін дамыту жөнінде көптеген жетістіктерге қол жетседе, халық бұл өнімдерге деген қажеттілігін әлі күнге дейін толтыра алмай отыр. Оның себебі, әр түрлі жолмен өндірілетін ет және ет өнімдерінің нарыққа шығуы.

Ет өндірісі – көптеген елдердегі, атап айтқанда біздің еліміздеде негізгі басым бағыттағы өндіріс болып табылады. Бұған дәлел ретінде еліміздегі ет өңдеу орындарының көптеп салынуын, оның ішінде ет комбинаттарының, сойыс цехтарының, шұжық цехтарының салынуын келтіруге болады.

Бүгінгі күні еліміздің алдына қойған мақсаты отандық ет өнімідерінің өндірісінің дамуын арттыру, көлемін ұлғайту, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жән т.б. болып табылады.

Соңғы он жылдықта жануарлар өнімдерінің жеткіліксіз болуынан жыл сайын ет өндірісі төмендеп келеді. Дамыған елдерде мал өнімдерінің дамуы 90 %- ға дейін артып отыр. Ет өндірісінің және өңдеу орындарының санитарлық гигиеналық ережелерінің орындалмауы әр түрлі ауытқуларды тудырып, ет сапасының төмендеуіне әсер етеді.

Дипломдық жұмысымның мақсаты:

Сапалы мал өнімдерін алу үшін, ең алдымен ет өндірістерінің санитариясына байланысты. Ет өнімдерін өңдеу сатыларында гигиеналық талаптар дұрыс орындалуы арқасында сапалы да, қауіпсіз өнімдерге қол жеткізуге болады.Дипломдық жұмыс ет өндіру орындарында дезинфекциясын қадағалау, бағалау, қондырғылардың тазалығана негізделген.

Жұмыстың міндеттері: «Қарасу-Ет» ЖШС ет комбинаты қондырғыларын ветеринариялық санитариялық өңдеу, дезинфекцияның тиімділігін анықтау

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- ет өндіру орындарының дезинфекциясын бағалау

- заманауи дезинфекциялық препараттардың өндірісте қолданылуын анықтау

- жүргізілген дезинфекцияның сапасын санитариялық-гигиеналық бағалау;

Дипломдық жұмыс көлемі мен құрылымы: дипломдық жұмыс бетте компьютерде теріліп жазылған, кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом 4 кестелермен, 7 суреттермен көркемделген.

 

 

Әдебиетке шолу

 

Асель

1.1 Дезинфекция туралы ғылыми сипаттама

Дезинфекция деп сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары – зардапты микробтарды жою шараларын айтады. Бұл зардапты микробтарға бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар және риккетсиялар жатады.

Дезинфекция француздың des – жоямын, латынның infectio – жұқтыру деген сөзінен тұрады, оның баламасы зарарсыздандыру яғни, жұқпайтын ету. Дезинфекцияның нәтижесінде сыртқы ортадағы заттар зазарсызданып, ондағы зардапты микробтар өлтіріліп, ауру жұқпайтын болады. Зарарсыздандырудан басқа «залалсыздандыру» деген ұғым бар. Микроб өліп, дезинфекцияланған зат зарарсызданғанымен, онда микробтың уы, басқа да зиянды қалдықтар сақталуы мүмкін. Сондықтан да зарарсыздандыру мен стрилдеудің де айырмасы бар. Зарарсыздандыру, яғни дезинфекциялау, зардапты микробтарды жою болса, стрилдеу зардапты микробтармен қатар барлық микроб атаулыны жою. Ескеретін жай, зардапты және зардапты емес микробтардың арасыда айқын шекара жоқ және күнделікті өмірде зарасыздандырудың нәтижесін зардапсыз микробтардың жойылғандығы арқылы анықтауға тура келеді. Ал енді қазіргі заманғы ірі өндірістік кешендерге дезинфекцияны аса көп мөлшерде шоғырланған зардапсыз, не болмаса шартты түрде ғана зардапты микробтарға қарсы жүргізеді. [1,2]

Қазіргі заманға сай мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің көлемдесуіне, бақташылықтың кеңейуіне, сыртқы ортамен қарым қатынастың жиілеуіне байланысты, індеттің таралуына қолайлы шарт жағыдай жасалып, індеттің әсіресе жұқпалы ауруларды туылуы мен таралуына тиімді болып отыр, егерде жаөсы тізгінделмесе, тосыннан ауру қоздырғыш микроорганизмдер жұқпалы індеттер таратып, кең көлемдегі экономикалық зиянды тудырады. [3,4]

Жұқпалы індеттердің мал табындарында таралуына, бір бірімен жалғасқан үш шарт әзірленеді, олар жұқпалы індет, жұғу жолы және жұқпалы індетпен жұғымданған жануар болу керек, егер осы үш шартты жұқпалы індеттің таралу барысындағы үш негізгі буын десек, осы үш шарт бір уақытта өмір сүріп өзара байланыста болғанда ғана жұқпалы індеттердің таралуын тудырады. Жұқпалы індеттерді тізгіндеу үшін осы үш шартты қолға алып, жұқпалы індет көзін жойып, таралу жолын тосқанда ғана, жануарлардың жұғымдануының алдын алуға болады.[5]

Дезинфекция қызметінің маңыздылығы оның ортадағы ауру қоздырғыш жұғу көздерінің жойып, таралу жолын тосуы арқылы, жануарларда індет қоздырғыш микроорганизмдердің шабуылына қарсы тутқа (тулға) қалыптастыру (тудыру). Жұқпалы індет тарататын үш шарттың екеуі санитариялық және дезинфекциялық шаралар арқылы орындалады. Сондықтан індеттің алдын алу, тізгіндеу және жоюдың түйіні дезинфекциялау және тазарту жұмысын жақсы істеу керек. [6]

Егер объект нашар тазаланса онда химиялық дезинфекциялық ерітінділер, нысанның бетіндегі жабысып қалған органикалық заттармен бірігіп олармен адсорбцияға (сіңіріледі) түседі, осының салдарынан ауру қоздырғыш микробтарға өз әсерін толық тигізе алмайды немесе оған тән бактерицидтік қасиеті едәуір төмендейді.

Дезинфекция нысандарына яғни зарасыздандырылатын заттарға жататындар:

- мал қоралары: сиыр, қой, ешкі, жылқы, құс, қоян қоралары, терісі бағалы аңдардың лапастары (шед), инкубаторлар, ара ұялары, мал төлдейтін қоралар, бұзау профилакториялары, төл қоралар, оқшауханалар, карантин жайлары;

- ветеринариялық нысандар: емханалар, ауру малдарға арналған стационарлар;

- мал қораларының ішкі жабдықтары: мал тұрағы, астау мен науа, мал байлайтын жабдықтар;

- малды күту жабдықтары: қамыт - сайман, ер - тұрман, ноқта - жүген, тарақ - шетка;

- арнаулы жұмыс киімдері: етік, алжапқыш;

- су және су көздері, малдың жемі;

- әр түрлі жайлар мен бөлме ішіндегі ауа;

- мал серуендейтін аула, топырақ;

- сүрлем шұңқырлары мен мұнаралары, жем қоймалары;

- көлік жабдықтары және ыдыстар;

- көң, садыра, канализация ағындысы, сарқын су;

- мал өлекселері, шу, қасапхана тастандылары;

- мал мен құстан алынған шикізаттар: тері, жүн, түбіт, қауырсын, мамық, қыл, сүйек;

- инкубациялық жұмыртқа;

- малдың сүті, желіні, сыртқы жыныс мүшелері [7,8]

Тазалау кезінде, әсіресе ақырға, суарғыштарға, қабырғаның төменгі жағына, қабырға ортасындағы қалқандарға, еденнің ашық саңылауына және қи тазалайтын каналға аса көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі кездегі мал қорасының бөлшектерінің үстіңгі қабаттарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, құрылыс материалдарының ылғал өткізгіштігінің төмендігі, темір бетонды конструкцияны кең түрде қолдану, беткі қабаты жылтыр материалдар, шыны, тағы басқа материалдар өзінің тегіс тайғанақ бетінде дезинфекциялық ерітінділерді көп мезгілге ұстап тұра алмайды.

 

1.2 Дезинфекция түрлері

Дезинфекция – сыртқы орта нысаналарындағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Дезинфекция нысандары: мал шаруашылығы кешендері мен ферма территориялары, ондағы мал қоралары, көмекші және тұрмыстық бөлмелер, сою пунктілері, қи, азық, мал, мал өнімдерін және шикізаттарын тасымалдайтын көліктер, құрал-жабдықтар, қызметшілер аяқ-киімдері мен арнайы киімдері, қи.

Дезинфекцияны жалпы принцип бойынша ауру қоздырғышының түрлеріне, дезинфекциялық заттарға төзімділігіне байланысты ұйымдастырып өткізеді.

Дезинфекция көрсеткішіне (түріне) қарай екіге бөлінеді: профилактикалық және лажсыз. Профилактикалық дезинфекцияны аурудың алдын алу және патогенді микроорганизмдердің таралуын алдын алу мақсатында жүргізеді. Лажсыз дезинфекция (ағымдық және қорытынды) жұқпалы ауру тараған шаруашылықтарда инфекция ошағын жою және патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын тоқтату мақсатында жүргізіледі.

Дезинфекция келесі операциялардан тұрады: алдын ала дезинфекция (қажет болған жағдайда), механикалық тазалау және дезинфекция.
- Мұқият механикалық тазалау – беткей сипаты және түсі көрінетін, көзбен қарағанда қи, азық және басқада заттардың қалдықтары көрінбейтін тазалаудың деңгейі. Ластану сипаты, деңгейі, түріне және дезинфекция мақсатына қарай беткейлерді алдын ала ылғалдандырмай-ақ жуғыш немесе дезинфекциялағыш заттар көмегімен механикалық тазалаудан өткізеді.
- Дезинфекция алдында мал қорадан түгелдей немесе бөлшектеп малды шығарады.
- Судың және дезинфекциялық ерітінділердің әсерінен тозатын қондырғыларды полиэтилен пленкасымен жабады, беткейлерді дезинфекциялық ерітінділермен ылғалдандырыды, артынан кырғыш немесе судың көмегімен қидың негізгі бөлігін, азық және басқада лас заттар қалдықтарын алып тастайды (алдын ала тазалау). [9,10].

Алдын ала тазалаудан кейін қол қиын жететін жерлерді бір рет ыстық 2 % күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе екі рет арасына жарты сағат салып 5% кальций содасының ерітіндісімен өңдейді.

- Мал қораларын тазалап болғаннан кейін қондырғыларды және бөлмелерді жөндеу жұмыстарынан өткізеді.

- Механикалық тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргізген соң еденді қайталап жуып, астауларды азық пен судан тазартып, қораларды артық ылғалды жою үшін желдетеді.

- Қораларды, қондырғылар мен құрал-жабдықтарды және басқа да нысаналарды дезинфекциялағанда химиялық ерітінділер біркелкі етіп шашылуын қадағалайды. Жабық қораларды аэрозольдер көмегімен де дезинфекциялауға болады.

- Дезинфекциялап болған соң қораны 3 сағатқа жауып тастайды. Егер мүмкін болса, экспозицияны 10-12 сағатқа созады. Экспозицияны таңдағанда мал қорадағы қондырғылардың дезинфекциялық ерітінділерге төзімділігін де ескеру қажет. [11,12].

1.3 Дезинфекциялық әдістері

Дезинфекцияны химиялық, физикалық және биологиялық тәсілдермен іске асырады.

Физикалық дезинфекция заттарды физикалық әдістер арқылы зардапсыздандыруға негізделген. Оған механикалық тазалау, сәуле қуаты, кептіру, қыздыру, жоғары жиіліктегі ток, ультрадыбыс жатады.

Механикалық тазалау дезинфекцияның кез келген түрінің міндетті құрама бөлігі болады. Зарарсыздандырылатын оъектіні шаң мен түрлі қоқыстан тазартқанның өзінде зардапты микробтардың негізгі бөлігінен босануға болады. Тазарған затқа дезинфекциялаушы фактордың тікелей жанасуына мүмкіндік туады. Әр түрлі қоқыс, әсіресе, малдың қиы дезинфектанттың әсерін бейтараптап, күшін әлсіретеді.

Зарарсыздандырылатын объектіні қоқыстан, жемшөптің қалдығынан, төсеніш және көңнен тазалау үшін механикалық құралдар (күрек, сыпыртқы), вентиляция мен желдету және сумен шаю қолданылады. Ең дұрыс санитариялық тазалау – механикалық тазалаудан кейін қысымммен аққан жылы сумен шаю. Егер ондай суга 1–2 % күйдіргіш натрий, демп ұнтағын немесе кальциленген сода қосса нәтижесі еселеп артады. Мұқият жуып-шайып тазалаған соң дезинфектант та аз жұмсалынады, әсері де күшті болады.

Қорамен басқа жайды желдетіп, вентилияциялау ауаны механикалық тазалау әдістері болып табылады. Ал суды механикалық жолмен тазалау үшін суды сүзіп, тұндырады. Бұндай әрекеттер судың микробтық көрсеткіштерін едәуір жақсартады.

Зарарсыздандырудың механикалық тәсілдеріне сонымен бірге ағарту, сырлау, үстіріктеу, жуу,т.б. жатады. Фермада мал қоралары мен басқа да объектілерде тәртіп пен тазалықты сақтау, қоқыстануға жол бермей,ретті түрде санитариялық тазалық күнін өткізіп тұру, малдың үстін уақытылы тазалау, жайылым алқаптарының қоқыстануына жол бермеу, жалпы өндіріс мәдениетін қамтамасыз ету – жұқпалы аурудың алдын алудың басты алғы шарты [13,14].

Сәуле қуаты. Сәуле қуатының табиғи көзі ретінде – күн, ал жасанды көзі ретінде сынап – кварц шамдарының маңызы зор. Микробтарды жою үшін жарықтың ең қысқа толқынды ультракүлгін бөлігінің әсері күшті. Тура түскен күн жарығы аз да болса шашыранды күн жарығы микробтарға жойқын әсер етеді. Жарықтың күшіне әсіресе микробтардың вегетативтік түрі сезімтал келеді. Споралық түрдегі микробтар да жарықтың әсерінен өледі, бірақ ол үшін ұзақ уақыт қажет. Мысалы топалаң қоздырушысының спорасы күн көзінен 60 күн өткенде барып жойылады. Біздің республиканың жағдайында көң мен қоқыстан тазалап, жазғы күні есік-терезесін ашып тастаса, мал қоралары іс жүзінде қандай да микробтан болмасын толық зарарсызданады деуге болады.

Бөлме-жайларды зарарсыздандыру үшін әлбетте толқын ұзындығы 254-257 нм ультракүлгін сәуле шығаратын бактериоцидті лампалар БУВ-15, БУВ – 91, БУВ-30П; сәуле шығарғыштар: Н-6У, Н-60 қолданылады. Ультракүлгін сәуле ауаны зарарсыздандыру үшін өте қолайлы. Алайда бұл сәулелер сұйық ортаға өте алмайды. Сұйық заттарды, мысалы, сүтті өте жұқа қабатта ағызып, сәулелендіру арқылы зазарсыздандыруға болады. [15,16]

 

Кептіру микроорганизмдердің тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызады. Сусыз ортада микробтардың қсіп-өнуі күрт тоқтайды, себебі олардың барлық зат алмасу құбылыстары ылғалдылығы жеткіліті ортада ғана қалыпты жағдайда өтеді. Құрғақ жерде микробтардың вегетативтік түрлері өліп қалады немесе уыттылығын жояды. Кептіру арқылы тері, жүн, батпақтанған мал серуендететін алаң, жайылым алқаптары, т.б. зарарсыздандырылады. Шөп пен құнарлы жем тек дұрыс кептірілгенде ғана бүлінбей, дұрыс сақталады.

Қыздыру немесе жоғарғы температураның әсері арқылы зарарсыздандыру үшін қайнату, ыстық бу, құрғақ ыстық ауа, отпен күйдіру пайдаланылады. 700С кезінде ақзат ұйып, микроб тіршілігін жояды. Құрғақ ыстық ауа ұзақ уақыттан кейін ғана әсер етеді, сондықтан кейбір заттарды күйдіріп жібереді. Әйтсе де бұл әдіспен кептіру шкафтарында мақта матасымен тігілген халат, киіз, зертханалық ыдыстарды, саймандарды зарарсыздандырады. Киім мен халатты, таңатын материалдарды үтіктеу де осындай нәтиже бередеі.

Су қайнағанда бактериялардың вегетативтік түрлері 15-30 минут, ал споралық түрлері 45-120 минутта өледі. Бұл әдіс қолайлылығының арқасында құрал-саймандарды, арнаулы киімдерді, ыдыстарды зарарсыздандыру үшін кеңінен қолданылады. Суда қайнату үшін стерилизаторлар, кастрюлдер, қазандар пайдаланылады. Өңделетін заттарды суға толық батырып, қайнай бастаған мезгілден уақыт есебін жүргізеді.

Судың буы дезинфекциялау үшін қолданылатын негізгі әрі сенімді әдістің бірі. Оның құрғақ ауадан гөрі бактериоцидтік әсері өте жоғары. Әсіресе қысымы жоғарылаған кезде су буының микробқа қарсы әсері күрт артады. Автоклавта 1,2-2 атм.қысымда температура 115-120 0С – қа жетіп, бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды толық жоюды қамтамасыз етеді. Автоклавтан басқа жемшөп цехының бу бергішін, әр түрлі бу камераларын (Крупин камерасы, жылжымалы бу дезинфекция камерасы) пайдалануға болады.

Отты зарарсыздандыру әдісі ретінде инфекция жұққан қоқысты, төсенішті, көңді, жемшөп қалдықтарын, өлексені, т.б. өртеуге қолданады. Оттың жалынымен топырақты, құрал саймандарды, металл ыдыстарды, жануарлардың металл торларын зарарсыздандырады. Бұл үшін дәнекерлеу шамы пайдаланылады. Ол ұзындығы 70 см жететін температурасы 400-600 0С жалын береді.

Гамма – сәулелері арқылы жүн, тері – терсекті, т.б. зарасыздандырады. Азық – түлік заттарын гамма – сәулесімен өңдеуге болмайды. Бұл мақсатқа электрондық сәулелер пайдаланылады. Олар радиация тудырмайды және тереңгі қабаттарға жеңіл өтеді.

Ультрадыбыс микроорганизмдерді механикалық жолмен бөлшектейді. Онымен кейбір ерекше жағдайларда бактерияларды антигендік құрамын сақтай отырып ыдырату үшін әр түрлі препараттар даярлауға болады. Ультрадыбыс тек қана сұйық ортада әсер етеді.

Биологиялық дезинфекция микроорганизмдердің тіршілік әрекетін пайдалануға негізделген. Бұл әдіс экологиялық зиянсыздығы және экономикалық жағынан шығынсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады. Биологиялық жолмен зарарсыздандыруға көңді және өлексені биотермиялық өңдеуден өткізу жатады. Бұл әдістер жоғарыда қарастырылып кетті. Бұдан басқа биологиялық дезинфекцияға топырақты табиғи биологиялық әдіспен зарарсыздандыру жатады. Ерте уақыттан бері топырақта ондаған жылдар бойы сақталатын топалаң қоздырушысының спорасын жою әдістері қарастырылып келеді. Осыған байланысты кейбір өсімдіктер өскен алқапта аталған микробтың спорасы жойылып кететіні анықталады. Зерттей келгенде бұршақ тектес өсімдіктердің (мысалы, жоңышқа), тамырларының төңірегіндегі (ризосферасындағы) микробтардың B.Anthracis үшін антогонист екені белгілі болды. Бұл антогонист микробтардың бөліп шығарған заттарды топалаңның қоздырушысына жойқын әсер етеді.[17,18,19]

Соңғы уақытта зерттеушілер топырақтағы туберкулез микобактерияларын осындай биологиялық жолмен зарарсыздандыру әдістерін қарастыруда. Шаруашылықтарды туберкулезден сауықтырған соң, ферма мен оның маңайындағы территорияны зарарсыздандыру өте бір маңызды мәселе болып табылады. Мұндай жерде сиыр жоңышқа мен сұлыны араластырып егіп тастаса, осы өсімдіктердің ризосфералық микрофлорасының тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақ туберкулез микобактерияларынан толық зарарсыздандырылады. [36]

Химиялық дезинфекция – сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі әдісі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі химиялық дезинфекциялаушы препараттарды, яғни дезинфектанттарды пайдалануға негізделген. Дезинфектанттардың саны бүгінгі күнде өте көп, уақыт өткен сайын олар жаңа препараттармен толықтырылып отырады. Дезинфектанттарды пайдалану тәсілдері де, ол үшін қолданылатын әртүрлі техникалық жабдықтар да үнемі жетілдіріліп келеді. Сондықтанда осы заманғы дезинфекция туралы ғылым негізінен химиялық әдістермен зарарсыздандыруды зерттеуге арналған.

Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері

1. Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.

2. Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).

3. Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.

Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:

- адамға зиянды болмау керек;

- арзан болуы керек;

- өткір иісті болмау керек;

- жуу қасиеттері болу керек;

- бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;

- биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;

- аз уақытта микробтарды тез жою керек.

 

1.4 Дезинфекциялық препараттардың микробтарға тигізетін әсері

Химиялық заттардың микробтарға әсері әр түрлі болады. Олардың бактерияларға зиянды әсерін бактекриостатикалық және бактериоцидтік деп ажыратады. Бактериостатикалық әсері – заттың микробтың өсуін тоқтатуы,бұл жағдайда микроб өлмейді де химиялық заттың әсері тоқтаған соң өсіп-өнуін жалғастырады. Бактериоцидтік әсер деп – химиялық заттың микробты толық өлтіруін айтады. Дезинфектанттың микробқа әсері оның физикалық күйіне (құрғақ, сұйық, газды), концентрациясына және температурасына байланысты. Құрғақ күйінде дезинфектанттар микроорганизмдерге өзінің әсерін тигізе алмайды. Сұйық күйінде әсіресе газ күйінде дезинфектант микробтарға күшті әсер етеді. Дезинфекциялаушы ерітіндінің концентрациясы неғұрлым жоғары болса, оның зарасыздандыру әсері де күшті болады. Сол сияқты ерітіндінің температурасының да маңызы зор. Дезинфектанттар 00С және одан төменгі температурада микробтарға әсер етпейді. Тек хлорлы әк қана 00 С кезінде микробты өлтіре алады. Әсіресе сілтінің ерітінділері ысытылған күйінде қолдануы қажет етеді.

Сонымен дезинфектанттарға қойылатын талаптар:

- Жеткілікті дәрежеде бактериоцидті (спорацидті, вирулицидті) болуы;

- Кетпейтін жағымсыз иісі болмауы (әсіресе малдан алынатын өнімге, мысалы, етке, сүтке шабатын);

- Заттарды бүлдірмеуі;

- Суда (тұзды суда да) жақсы еруі;

- Арзан, тасуға қолайлы, кез келген ортада күшін жоймайтындай болуы;

Дезинфектанттар мынадай топтарға бөлінеді: сілтілер, қышқылдар, хлорлы заттармен тотықтырғыштар, фенол мен оның туындылары, ауыр металдардың тұздары, формальдегид пен альдегидтер.[37,38,39]

Сілтілер – суда жақсы еритін негіздер, судағы ерітінділерде гидроксиль иондарынның күшті концентрациясын береді. Ветеринария тәжірибесінде келесі сілтілер пайдаланады: күйдіргіш натрий, күйдіргіш калий, сөндірілмеген және жаңадан сөндірілген әк, ДПК-1, ДПК-2, ниртан, сода, сақар, кальциленген сода, ДЕМП, каспос.

Сілтілердің дезинфекциялаушы әсерінің бастау көзі – гидроксиль иондары болып табылады. Олар ортаның рН-ын жоғарылатып, ақзаттарды гидролиздейді, сонымен қатар коллоидты бөлшектер түзеді, майды сабындандырып, көмірсуларын ыдыратады. Бұл процестер микробтың қалыпты тіршілігін бұзып, белгілі бір дәрежеден асқанда өлтіреді. Тек қана күшті ерітінділері микробтардың дамуына кедергі жасап, оларды өлтіреді (негізінен вегетативтік түрлерін), ал әлсіз ерітінділері керісінше микроорганизмдердің тіршілік қуатын арттырады.

Сілтілердің ерітінділері ыстық күйінде (70-800С) пайдаланылады, ал қораны дезинфекциялап болған соң оны мұқият желдету қажет. Өйткені сілтілер несепте болатын аммоний тұздарымен қосылып, көп мөлшерде аммиак бөліп шығарады да, малдың улануына себеп болады.

Күйдіргіш натрий – түссіз, ылғал тартқыш қатты зат, суда жақсы ериді. Еріген сәтте көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Шаруашылық жағдайында дезинфекция үшін тазартылмаған техникалық препарат – каустика содасын пайдаланады. Оның құрамында 92-95% күйдіргіш натрий, ас тұзы және сода бар.

Ауада күйдіргіш натрий көмірқышқыл газымен қосылып, көмірқышқыл натрийға айналады да, кесек дезинфектанттың бетінде ақшыл қабат құрады. Бұл қабық ауадан ылғал мен көмірқышқыл газын онан ары сіңіруге бөгет болып күйдіргіш натрийдың жақсы сақталуына көмектеседі, 2 % ыстық (700С) ерітіндісі әмбебап дезинфектант ретінде көптеген бактериялық және вирустық инфекцияларға қарсы қолданылады. 10% дейін ас тұзын қосқанда спорациттік әсері күшейеді.

Күйдіргіш калий – ақ, кристалды зат, сынған жері жарқаштанып тұрады. Дезинфекциялық қасиеттері, қолданылуы күйдіргіш натриймен бірдей. Бірақ бағасы қымбат болғандықтан ветеринарияда өте аз қолданылады.

Әк. Сөндірілмеген әкті (СаО) әк тастарынан (СаСО3) күйдіру арқылы алады. Ақ түсті, ұнтақ зат, ылғалды бойына тез сіңіреді.

Сөндірілген әкті – яғни кальцидің су тотығын – Са(ОН)2 – алу үшін сөндірілмеген әкке су қосады. Әкті сөндірген кезде оған 70-100% -дай мөлшерде су қоса ұлпаланған әк алынады. Ал суды одан көп құйғанда әк сүті болып шығады.

Зарарсыздандыру үшін әктің 10 немесе 20 % - ды тұнбасын қолданады. Оны пайдаланар алдында ғана, сол күні дайындайды. Күні бұрын дайындаса ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, күшін жояды. Сөндірілген әктің қаныққан ерітіндісі әк суы деп аталады.

Сода. Соданың бірнеше түрі болады. Кальциленген, немесе көмірқышқыл содасы – Na2CO3, қоскөмірқышқылды немесе ас содасы – NaHCO3, кристалды сода - Na2CO3 * Н2О. Кальциленген сода соданың басқа түрлерін алу үшін негіз болып табылады. Соданың дезинфектант ретінде күші әлсіз болғанымен ол майды жақсы алатын арзан жуғыш зат. Оның 1-2% ерітіндісінде халат, арнаулы киім, құрал-жабдықтарды қайнатады.

Каспос - каустикалық сода-сақар қоспасының (каустифицированная содово-поташная смесь) орысшадан қысқарған атау. Бұл - сарғыштау, иіссіз сұйык зат. Құрамында 40-42% дейін күйдіргіш сілтілер болады. Қора-жайды, құрал-сайманды зарарсыздандыру үшін күйдіргіш натрдан 1,5 есе артық концентрацияда пайдаланылады.

Ниртан — сары тусті ұнтақ зат, әсер ететін құрама белігі аммонийдің төрттік тұзы. Металдарды бүлдірмейді, усыз, комплекстерде мал тұрғанда дезинфекциялау ушін пайдаланылады. Сонымен қатар транспортты, арнаулы киімді, малдың үстін зарарсыздандырғанда қолданады.

ДПК-1 және ДПК-2 дезинфекциялаушы перекись композициялары - түйіршікті, ақ түсті, сарғьштау ұнтақ заттар, иіссіз, суда жақсы ериді, сақта- ған кезде бүлінбейді. ДПК-1 - 2%-ды, ДПК-2 - 3%-ды ыстык ерітінді күйінде мал және құс соятын мекемелерде, товарлы сүт фермаларында, ыдысты, құ- рал-жабдықтарды жуып, зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ерітінділерді пайдаланар алдында даярлайды. Аздаған металлға коррозиялык әcepi болады. Тітіркендіру қасиеті жоқ, сондықтан малдың устін зарарсыздандыруға жарайды [20,21,22,23]

Қышқылдар - судағы ерітіндіде сутегі ионын беретін (протон бөліп шығаратын) қосылыстар. Бактериоцидтігі жоғары қышқылдарға фторлы сутегі, азот және үш хлорлы сірке қыщкылдары жатады. Олардың 6ip молярлы ерітіндісі В. antracis спорасын екі сағатта зарарсыздандырады. Kүшi орташа қышқылдар (мысалы тұз қышқылы) спораны 8 сағатта да өлтіреді. Әлсіз қышқылдар (күкірт, фосфор) спораны 30 сағатта өлтіреді. Бактериоцидтігі жағынан ең әлсіз қышқылдарға cipкe, құмырсқа, циан сутекті қышқылдар жатады.

Қышқыл ерітінділерінің температурасын 10"С-қа қыздырғанда бактерио­цидтігі 2-3 есе артады. Қышқылдар металдарды бүлдіреді, бояуларды, маталарды ерітеді. Сондықтан оларды өте аз қолданады. Keй6ip қышқылдар теқ белгілі 6ip микробтарға әсер етеді. Мысалы, тұз қышқылының споралар мен коктарға әсері барлық, басқа қышқылдардан асып түседі. Kүкірт қышқылы В. anthracis спорасы үшін әлсіз болғанымен стафилококтарға күшті әсер етеді. Фторлы сутек қышқылы топалаңның қоздьфушысына қарсы вте қупгп спороцид болып табылады. Ветеринария практикасында дезинфекция үшін күкірт, тұз, сут, cipкe, қымыздық қышқылдары пайдаланылады. Аталғандардың ішіндегі органикалық қышқылдар жемді зарарсыздандыру, жемшөп консервілеу үшін қолданылады. Соңғы уакытта жемді зарарсыздандыруға мұқтаждьқтың артуына байланысты органикалық қышқылдардың дезинфеқциялық қасиеттеріне зор көңіл бөліне бастады.

Хлорлы препараттар мен тотықтырғыштар. Хлорлы препараттарға хлордың өзi, хлорлы әк, кальций гипохлориді, хлорамин, т.б. жатады. Бұл заттар сонымен 6ipre күшті тотықтырғыштар болып табылады да, микроб­тарға әcepi жөнінен 6ip хлорлы йод, калий перманганаты, сутегінің қос то- тығы сиякты тотыктырғыштармен 6ip топқа қосылады.

Хлор - газ күйінде органикалық заттарға тотықтырғыш ретінде атап айтқанда микроб торшасының ақзатына әсер етеді. Сумен қосылып қышқыл түзеді де, бос оттегіні бөліп шығарады, сол арқылы торшаның құрама бөліктеріне жойқын әсер етеді. Бөлініп шыққан хлор атомы да торша протоплазмасына әсер етіп, оны инертті жағдайға келтіреді. Хлордың бактериоцидтігі ортаның ылғалдылығына байланысты болады.

Хлорды ауыз және сарқын суды зарарсыздандыру, вагондар мал қорасын дезинфекциялау үшін қолданады.

Хлорлы су - хлордың судағы ерітіндісін газды хлор сияқты қолданады. Ауыз су мен мал қораларын зарарсыздандыру үшін аса бағалы дезинфектант болып табылады.

Хлорлы әк газ түріндегі хлорды ұлпаланған әк арқылы жіберудің нәти- жесінде алынады. Түйіршікті ақ түсті, ұнтақ зат. Ауа мен ылғалдың әсернен бұзылады. Сапасы құрамындағы белсенді хлорға байланысты. Әдетте техни- калық хлорлы әкте белсенді хлор 30-36%-ға жетеді, ал сатуға түскенде ол 25%-дан кем болмауы керек. Егер 15%-дан кем болса дезинфекция үшін жарамсыз болып табылады. Хлорлы әк мал қораларын, топыракты, көңді суды, көлікті барлык жұқпалы аурулар кезінде дезинфекциялау үшін пайдалануға болады. Онын қолданылатын ерітіндісінде спора түзбейтін бактериялар вирустарды жою үшін 2% белсенді хлор, ал споралы бактериялар үшін белсенді хлор болу керек.

Хлорлы әкте кальцийдің әр түрлі негіздік тұздары болады. Олардың ішіндегі ең бастысы кальций гипохлориді - Са(СО)2. Ол суда хлорлы қышқыл —НСО түзеді, одан тұз қышқылы мен оттегі бөлініп шығады.

Кальций гипохлориді - Са(Сl0)2 - сарығыш түсті хлордың иici бар ұнтақ. Құрамында 90%-ға дейін белсенді хлоры бар. Қышқыл ортада бос хлор, сілті ортада - бос оттегіні бөліп шығарады. Құрамындағы хлорды өте ұзақ Практикада кальций гипохлоридінің ДТСГК (двутретиосновная соль типохлорита кальция) препараты қолданылады. Оның құрамында 47- 52 % хлор болады. Хлорлы әк сияқты пайдаланылады, 6ipaқ, оған қарағанда әлдеқайда қолайлы, микробтарға әcepi де күшті спора түзбейтін микробтар тіпті 0,1-0,2 % ерітіндісінен-ақ өледі.

Хлорамин - суда нашар еритін ақ не сарғыш түсті ұнтақ зат. Хлорамин Б құрамында 30%-ға дейін белсенді хлор болады. Ерітіндісі ұзақ уакыт күшін сақтайды. 0,2-5% ерітінді күйінде пайдаланады. Зарарсыздандырумен қатар жағымсыз иісті де жояды.

Бір хлорлы йод - өзгеше иіci бар, суда түгел еритін, сарғыш қоңыр түсті зат. Оны лаборатория жағдайында шыны ыдыста 10 г йодты қышқылды калий мен 11 г иодты кальцийді 875 мл езілмеген тұз қышқылында араластырады да 1л жеткізіп су құяды. Бұны 100% - ға балайды да, қажетінше ерітінді әзірлейді. Қысағаны емдеу және тоңазытқыштағы зеңді жою үшін 7%-ды ерітінді пайдаланады. 10 %-ды ерітінді топалаң қоздырушысының спорасын өлтіреді.

Калий перманганаты (КМnО,) - өте күшті тотықтырғыш, бөлмелік температурада ойдағыдай зарарсыздандыру және иіссіздендіру қасиеті бар. 0,5-2 %-ды ерітінді күйінде қолды дезинфекциялау үшін, ал 2-4%-ды ерітіндісімен ет сататын жердегі столды, ішек салған ыдысты дезинфекциялайды.

Фенолдар. Фенол препараттары аз қолданылады, себебі олардың жағымсыз иici болады және спораларға әсер етпейді. Фенолдың иіci сүтке, соятын малдың етіне сіңіп, алынатын тағамды бүлдіреді. Сондықтан онымен сауын сиырлар, союға мерзімі тақаған бордақыдағы малдар тұрған қораларды дезинфекциялауға болмайды. Фенол препараттарына фенолдың өзі (карбол қышқылы), феносмолин, креолин, керол, гидронол, ксилонафт-5, натрий оксидифеноляты жатады.

Карбол қышқылы (фенол) - тек қана ашық жерде инфекция қоздырушыларының вегетативтік түрін жою үшін қолданылады. Иici жағымсыз, кілегейлі қабықты тітіркендіріп, күйдіреді және кілегейлі қабық аркылы тез сіңіп, уландыруы мүмкін. Дезинфекция үшін 3-5%-ды ерітіндісі қолданылады.

Крезол фенолмен салыстырғанда улылығы мен куйдіргіш қасиеті төмен инфекциялық қасиеті жоғары. Таза крезол суда нашар ериді де, оны басқа заттармен араластырып пайдаланады. Әcipece фенол-крезол қосындысы дезинфектант ретінде кең танымал. Фенол-крезол креолиннің негізгі құрамы болып табылады.

Фенолдың дезинфекция үшін қолданылатын қоспаларына фенол-крезолдан басқа күкірт-карбол және сабын-карбол қоспалары жатады.

Күкірт-карбол (күкірт-крезол) қоспасы дерматомикоздар кезінде және топалаң шыққанда қора мен ауланы зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Оны жасау үшін 3 өлшем фенолға немесе крезолға аздап араластыра отырып, 1 өлшем күкірт қышқылын қосады (кepiciнше емес). Қоспаны 1 тәулік (3-4 күн болса тіпті жақсы) оқтын-оқтын араластыра отырып ұстайды. 1%-ды epiтіндісін дерматомикоздар кезінде қораны дезинфекциялау үшін, ал 2%-ды 1 ерітіндісі топалаң кезінде еденді, топырақты, садыра ағатын ойықты зарарсыздандыруға пайдаланылады.

Сабын-қарбол қоспасы 5 белш жасыл сабыннан және 3 бөлік крезолдан тұрады. Оны дайындау үшін 500 г жасыл сабынды аз ғана ыстық суға жiбiтiп алып 10 л ыстық суда ерітеді де 300 г карбол қышқылын қосады. 50-800 0С ыстық ерітіндісімен майға бөккен, былғанған заттарды зарарсыздандырады.

Қреолин - өзгеше иіci бар, қара-қоңыр қоймалжын сұйық зат. Сумен араластырғанда сүтке ұқсап ағарып кетеді Әр партиясынын химиялық құрамы әр түрлі. Паразиттерге, әcipece қотыр кенелеріне әсері құрамындағы креолин майының мөлшерне байланысты. Бірақ та креолин тек қана вегатативтік бактерияларға әсер етеді де, спораларды өлтіре алмайды. Дезинфекция үшін 3%-ды ерітінді пайдаланылады. Дезинфекция жасалған қораны жақсылап желдеткен соң ғана малды енгізуге болады, себебі креолиннің буынан мал әcipece, жас төл, улануы мүмкін.

Ксилонафт-5 - қызғылт-қоңыр түсті, қоймалжың сұйық зат. Сумен араластырғанда ақшыл-сұрғылт түсті ерітінді түзеді Дезинфекциялық күші креолиннен едәуір жоғары. Мал қорасын дезинфекциялау және дезинсекция жасау үшін қолданылады. Профилактикалық дезинфекция үшін 2-3%, ал тежеу дезинфекциясы үшін 4-5 % ыстық ерітіндісі қолданылады.

Феносмолин - фенольдық смола, техникалық этанол (спирт) және күйдіргіш натрдың қоспасы, қарақоңыр түсті, жағымды иіci бар зат, құрамында 80%- ға дейін белсенді бөлігі бар. Эмульсиясының бактериоцидтік, вирулициттік, спороциттік, дезинсекциялық, акароциттік және дезинвазиялық қасиеттері бар. Бактериялық және вирустық инфекциялар кезінде 3 % ерітіндісі пайдаланылады, ал топалаң кезінде 18%, туберкулез бен солма (паратуберкулез) кезінде 8%. Малдың үстін зарарсыздандыру үшін аусыл кезінде 1%, микоздар (қысаға) кезінде және сарып (некробактериоз) кезінде малдың аяғын тоғыту үшін 5% эмульсиясы қолданылады. Дезинсекция, дезинвазия, дезакоризация үшін 8%, ал дезтосқауыл мен дезбестеқ (дезковрик) үшін 3% күйінде пайдаланылады.[24,25,26]

Альдегидтер. Альдегидтерге формальдегид пен оның туындылары, глутар альдегиді мен баска да диальдагидтер және олардың қосылыстары жатады.

Формалин - формальдегидтің 35-40% судағы ерітіндісі, формальдегид өзгеше өткір иici бар, түссіз улы зат. Ол көз бен тыныс жолдарынан кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді, көзді жасауратып, мұрыннан су ағызады. Формалин - түссіз, мөлдір, сұйық зат, суық жерде сақтаса лайланып, ақшыл шөгінді түзеді. Мұндай күйінде дезинфекция үшін жарамсыз болады, Жылытқан кезде (40-50'С) шөгінді еріп кетеді. Дезинфекция жасау үшін дайындалған ерітіндінің концентрациясы құрамындағы формальдегидтің мөлшерімен өлшенеді.

Формалин микробтық барлық түрлеріне; споралы және спорасыз бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлактарға күшті әсер етеді. Пайдаланар алдында сульфитпен титрлеу арқылы құрамындағы формальдегидтің мөлшері анықталады. Қaзipri уакытта формалин барлық мал және құс аурулары кезінде дезинфекция үшін пайдаланылады. Оның аса 6ip таптырмайтын қасиеті —зaттapды бүлдірмейді, сондыктан аса бағалы тұрмыстағы сәндік заттарға дейін зарарсыздандыра беруге болады, жәндіктер мен егеуқұйрықты - тышқандарды жоюға да жарайды. Тағы 6ip ерекше қасиеті судағы ерітіндісі, әсіресе, 8-16%-ды формальдегид қыздырған кезде буға айналады. Формальдегид газ күйінде ауанын температурасы 30-500 0С, ылғалдылығы 95-100% жағдайда өте жақсы зарарсыздандырады. Формалин буымен бөлмені (немесе қораны), киімді, тepi бұйымдарын, жүнді, т.б. заттарды жабық бөлмеде, немесе арнаулы камерада дезинфекциялауға болады. Формалинді газға айналдыру үшін химиялық әдіспен оған марганец қышқылды калийді қосып буландыруға болады. Формалин мен калий перманганаты реакцияға түскенде көп мөлшерде жылу бөлініп құмырсқа қышқылы түзіледі де, ол тез қайнап, реакцияға туспеген формалинмен 6ipre буланып ұшады.

Формалинге оның зарарсыздандыру қабілетін арттыру үшін сілті қосады 2% формальдегид пен 1% күйдіргіш натрийдің қоспасы қысаға мен таз (парша) кезінде қолданылады. 3% күйдіргіш натрий қоспасы туберкулез кезінде өте жақсы нәтиже берреді.

Формальдегидтің аэрозольді шашырандысы да микробтарға жойқын әсер етеді. Аэрозоль ретінде таза күйінде, болмаса басқа дезинфектанттармен қос­пасы пайдаланылады.

Парасод және фосфар -әлсіз формалин иісті ақ түсіп ұнтақ заттар, 3- 4%-ды ерітінділері қораны дезинфекциялау үшін қолданылады. 40%-ды ерітіндісімен аэрозольдік әдіспен дезинфекция жасайды.

Глутар альдегиді - әмбебап белсенді дезинфектанттардың 6ipi. Қараны зарарсыздандыру үшін туберкулез кезінде 1%, топалаң кезінде 2%, арнаулы киімге - 0,5%, аэрозоль үшін 25%, аналық шошқанын емшегі мен құрсақ астын дезинфекциялау үшін 3% ерітінділер пайдаланылады.

Глак препараты - глутаральдегид пен катионды беттік белсенді заттың қоспасы. Аэрозольді сауытта шығарылады, улылығы төмен.

Метафор — суда еритін сұйық, әсер ететін құрама бөлігі — формальдегид.

Альдафор — құрамында 5% формальдегид бар дезинфектант.

ОКӘБМ (окись этилена и бромистый метил) - этилен тотығы мен бромды метилді қоспасы, өте улы газ. Дезинфекциялық қасиеті күшті және тығыз материалдарға тез өтетін болғандықтан теңделген жүнді топалаңнан зарарсыз­дандыру үшін пайдаланады. Дезинфекция кезінде противогаз киіп, аса сақтықпен қолдану керек.[27,28,29,30]

 

1.5 Дезинфекцияны жүргізу жолдары мен құрал- жабдыктары

Химиялық дезинфекция бүрку, тозаңдату (аэрозоль) және газдандыру әдістерімен жүргізіледі.

Дезинфекциялаудың бүрку әдісі, ерітіндіні зарарсыздыратын затқа шыл- қыта сіңруге негізделеді. Аэрозолді дезинфекция кезінде ерітінді ауада өте ұсақ тамшыларға айналдырылып, тозаңдатылады. Газдандыру кезінде дезинфектант буға айналдырылады.

Дезинфекция жасаудың ең байырғы әдісі және кең тарағаны бүрқу әдісі болып табылады. Оны iскe асыру үшін ерітіндіні шашатын құрал жабдықтар пайдаланады Олардың ішінде қолмен басатын қарапайым аспаптардан бастап үлкен жылжымалы немесе тұрақты қондырғылар бар. Дезинфекциялық техника мен жабдықтарды таңдағанда зарарсыздандырылатын объектілердің ерекшеліктері мен аумағы ескеріледі. Мал қоралары мен кешендерді дезинфекциялар алдында оларды мұқият тазартып, барлық беткі жағын жоғары қысыммен берілген ыстық сумен жуу қажет. Сондықтан дезинфекция қондырғылар 20-50 атмосфераға дейін жоғары қысым беретін қуатты сораптармен және суды 80-90°С дейін қыздыратын жабдықтармен қамтаммасыз eтіледі. Дезинфекция техникасы зарарсыздандырылатын ортаны жақсылап жуып, соңынан дезинфекция жүргізуге жарамды болуға тиіс. Дезинфекция жасау үшін төменде көрсетілген техникалық жабдықтар пайдаланылады.

Комаровтың дезинфекциялық қондырғысы - ДУК (дезинфекционная установка Комарова) - ГАЗ-51 немесе ГАЗ-52 автомашинасына орнатылған цистернасы, бастапқы дезинфекциялық ерітінділер даярлайтын күбілер, дезинфектанаттарды сақтайтын орындары, шлангалар, цистернадан шығатын epiтінді қыздыратын пеші болады.

Цистернаның ішіндегі сұйыққа қысым беру үшін машина маторынан; шыққан газды пайдаланады. Қысымның күшімен таратушы қолтық пен бүріккіш арқылы ерітінді залалсыздандыратын объектіге беріледі. Қондырғының жұмыс күніндегі орташа қнімділігі ерітіндіні 1 л/м2 мөлшерінде шашқанда 6ip шлангамен істегенде 2250 м2, ал екі пайдаланғанда 3500 м2.

Ветеринариялық дезинфекция машинасы (ВДМ-2) - УАЗ-469 автомашинасына орнатылған қондырғы әр түрлі ветериниялық-санитариялық шараларды іске асыруға лайықталған. Оның көмегімен қора-жай, малдың үстіне дезинфекция, дезинсекция жасауға және жууға, қора-жайды ағартуға, қора мен малға аэрозольдік дезинфекция және дезинсекция жасауға, малдың үстін вакууммен сорып тазалауға болады.

ВДМ-2 қондырғысы ВАЗ-469 автомобиліне орнатылған. Оның 400 литрлік сыйымдылығы, 20 л жанармай бағы, қою ерітінді үшін 35 л бағы, құйынды сорабы, ауа қыздырғышы, әрқайсына 20 м ылғалды дезинфекцияға арналған шланга, аэрозоль үшін 6 м ауаға және 6 м. сұйыққа арналған шлангалар оралған екі барабан бар. Оның үстіне әр турлі бүріккіштер, аэрозольдің және жанармайлық форсункалар, шаң жинағыш және малдың үстіне тазалайтын щеткалар, т.б. керек жабдықтар болады. Егер сұйықтық қыздыру керек болса негізгі сиымдылыққа жапсарласқан оттыққа форсунқа арқылы жанармай жағады. Арнаулы сорап сұйыққа 0,4-0,5 МПа қысым береді де, дезинфекция немесе жууға керек сұйық шланга арқылы бүріккішке береді.

АДА автодезагрегаты (АД-Ф-2021) - мейлінше әмбебап машина, әр түрлі ветеринариялық-санитариялық және індетке қарсы шараларды жүргізуге арналған. Іс жүзінде ол арқылы дезинфекция мен дезинсекцияның барлық түрлерін жүргізіп, малдың үстін тазалауға болады.

Автодезоагреат АДА ҒАЗ-5ӘА автомобиліне орнатылған, ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігіне 4 адам отыратын орын, жұмыс столы, әр түрлі анализдерге арналған және ветеринариялық құрал-жабдықтарға арналған шкаф, жылыту-желдету агрегаты орнатылған. Екінші бөлікке әр түрлі тетіктер, жоғары қысымды сорап, ауа қомпрессоры, негізгі қорап, шланга ораған барабандар, бастапқы ерітінді және жанармай бактары, негізгі сиымдылығы (1400 л) және сұйықты жылытқыш бар. Соңғы үшінші бөлікке көлемі 2,5 м ауа-бу, буформалин камерасы бар. Машинаның комплектінде ылғалды дезин­фекция мен жуу үшін бүріккіштер, аэрозоль форсункалары, жалынмен дезинфекциялағыш жабдықтар, малдың үстін тазалайтын, т.б. жабдықтар болады. Сұйықтық 2-10 мпа қысым беретін сорап, 0,08-0,71 МПа қысым туғызатын ауа компрессоры бар. Барлық тетіктер автомобиль моторынан куш алады.

АДВ автодезқондырғысы (автомобиль дезинфекционный ветеринарный) ГA3-53А автомашинасына орнатылған, негізгі сиымдылығы 1800 л, ал қо- сымша және жанармайға арналған бактары 300 л. Бұл машина ДУК-ты ауыс- тыру керек және одан айырмашылығы негізгі сиымдылықтағы ерітінді ауаныц қысымы арқылы емес сораптың күнімен айдалады. Бұның нәтижесінде цистернаның қабырғасын жұқартып оның массасын азайтуға мүмкіншілік туды. Сұйықтықты жанармай оттығы арқылы аға бастаған кезде трубаның бойында жылытады. Сораптың аэрозоль үшін ауа қомпрессоры бар. Сорап пен қомпрессор автомобиль моторы арқылы куш алады. Сорап сұйыққа 2 МПа дейін қысым түсіреді, сондықтан АДВ арқылы тек дезинфекциямен дез­инсекция ғана емес, сумен жууға да мүмкіндік бар.

Аэрозольдік дезинфекция жасау және әқпен ағарту үшін машина да қосымша 100 л бак бар, одан ерітінді компрессор арқылы берілген ауаның қысымымен ығыстырылып шығарылады. Бұл қондырғы арқылы жұмыс күнінде 5,5-6 мың м2 ауданды зарарсыздандыруға болады.

ЛСД дезинфекция қондырғысы. ЛСД (лаборатория санитарии и дезин­фекции - қондырғыны жасап шығарған ғылыми мекеме) суйреп жүруге арналып автотіркемеге қондырылған. 2 түрі шығарылады: бензин арқылы icтейтін ЛСД-ЗМ, электрмен істейтін ЛСД-ӘП. Heгізгі сиымдылығы 330 л жапсарластыра жанармай форсункасымен жағылатын оттың орнатылған. Бұл қондырғы арқылы дезинфекция, дезинсекция жасауға, тиісті аумақты жууға, малдың үстінен тазалауға, қора-жайды әктеп ағартуға болады. Қондырғыда 2 мпа қысым беретін сорапты пайдалану қешендер мен мал қораларын сумей шайып тазалауға мүмкіндік береді.

УПД-М жылжымалы дезқондырғысы (установқа дезинфекционная пере­движная, модернизированная) үш дөңгелекті адам күшімен сүйретуге лайықталған ыстық су жүйесі жоқ кешенде пайдалануға арналған. 230 л негізгі сиымдылығы және қосымша 20 л екі сауыты бар. Элеқтронды куш алатын сорап сұйықты 2 МПа қысымымен 85 л/мин шапшаңдықпен айдайды. Бүріккіштің бұрандасы арқылы сұйықтықтың қысыммен берілу қарқынын өзгертуге болады. Негізгі сиымдылықты су ағатын кранға қосып қойса, судың деңгейі қалтқылы қалқанша арқылы реттеліп тұрады да сумен шаю жұмысын үздіксіз атқаруға болады. Дезинфекция кезінде негізгі сиымдылықты оқтын- оқтын дезинфекциялық; ерітіндімен толтырып тұру қажет. Аппарат кішкене болғандықтан қандай болсын қоражайдың ішіне кіргізіп, жуу мен дезин­фекция жасауға қолайлы. Оның өнімділігі де едәуір жоғары, жұмыс күнінде 1250 м2 бета жуып, 4000 м2 дейін дезинфекция жасайды.

ҰДС өзі жүретін дезинфекциялық қондырғысы (устоновка дезинфекционная самоходная) электрокарға отырғызылған. Heгізгі сиымдылығы 810 л (жылытқыш жабдығымен) немесе 900 л (жылытқыш жабдығынсыз), екі жағында 64 л екі бастапқы ерітіндіге арналған сиымдылықтар 2 МПА қысым беретін 85 л/мин қарқынмен айдайды. УДП-М қондырғысы сияқты пайдаланады, жұмыс өнімділігі недәуір жоғары, жұмыс күншде бір бүріккішпен 500С м2 ауданды дезинфекциялауға болады. УДС қондырғысын ipi қараны бордақылайтын кешендерде пайдаланған тиімді.

Гидропульттер. Күнделікті ветеринариялық қажеттілік үшін, мысалы мал төлдегенде немесе іш тастағанда шу мен шаранамен ластанған жерді зарарсыздандырғанда қолмен алып жүруге болатын қарапайым жабдықтарды қолдану қолайлы. Сондай жабдықтарға қолмен басып ерітінді шашуға арналған гидропульттер жатады. Қолмен басатын К3 гидропульті 0,6 МПа қысым бepiп ерітіндіні 4,5 л/мин шапшаңдықпен шашуға мүмкіндік береді.

Аэрозольдік дезинфекция әдісі. Аэрозоль (грекше аеr - ауа, лат. solutio - ерітінді) дисперсиялық газды ортадан және онда қалқып жүретін дисперсиялық фаза аталатын көлемі 0,01-100 мкм ұсақ бөлшектерден тұратын жүйе Егер дисперсиялық фаза құрғақ түйіршіктерден тұрса, ондай аэрозоль тұман болып есептеледі, ал ұсақ бөлшектер сұйық тамшылары болса, ондай аэро­золь тұман болып саналады.

Аэрозольдік дезинфекция өте қолайлы, өнімді және үнемді болғандықтан кең қолдану тапты. Бұл әдіспен зарарсыздандырғанда дезинфектанттар 3-5 есе аз жұмсалады. Аэрозольдік дезинфекцияға төмендеп жағдайлар әсер етеді.

1. Аэрозольдік бөлшектердің көлемі. Олар көлеміне қарай дисперсиялық; немесе шекпейтін (мөлшері ОД-5 мкм) және шөгетін (мөлшері 5-25 мкм) болып бөлінеді. Ветеринарияда қолданылатын аэрозоль генераторларының көпшілігі 10-15 мкм аэрозоль береді. Аэрозоль неғұрлым ұсақ болса, соғұрлым баяу шогеді де дезинфекциялық әсері күшті болады.

2. Термофорез және фотофорез құбылыстары. Бұлар аэрозоль бөлшектерінің жылу және жарық бөлетін заттардан кepi қарай тебілуі. Термоферездқ әсері фотофорезден күштірек болады. болады. Аэрозольмен әсер еткенде жылу (ба­тарея, пеш) және жарық кездері ойдағыдай зарарсызданбайды.

3. Аэрозольмен дезинфекцияланатын қора-жай саңылаусыз жақсылап бітеліп, жабылуы керек.

4. Аэрозольдік дезинфекция жүргізгенде бөлмедегі ауаның температурасы 15° С-тен төмен болмауы керек, ең тиімдісі 17-22°С. Ауаның ылғалдылығы 60-95% болуы керек. Ылғалдылық жоғарылаған сайын зарарсыздандыру жақсы нәтиже береді.

Аэрозольдік генераторлар. Әр түрлі ерітіндіні аэрозольге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: