Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 13 страница

ды,бастаған ісін аяқтайды,мақсатты

 

 

16-фактор (Q4)

Ынтасы төмен Ынталы

 

Босаңсыған,жайбарақат, Жинақы,жігерлі,қозғыш,

ұстамды,мотивациясы төмен, ашушаң,мотивациясы өте

жалқау,өзіне-өзі қанағаттану- жоғары,шаршағыштығына

шылығы жоғары,бейғам, қарамай белсенділік көрсетеді

сабырлы.

 

Пиктограмма әдістемелері.

«Отбасы суреті» әдістемесі.

(бастауыш сыныптарға арналған)

Әдістеме типі:психодиагностикалық, проективтік. Авторлары Г.Т.Хоменстаускас,

А.И.Захаров,Р.Бернс,С.Кауфман т.б.

Мақсаты: отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау.

Міндеті: Отбасы мүшелерін суретке түсіру ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан қарым қатынасты баланың бағалауы және одан әсерленуі,мазасыздануын анықтау.

Жүргізуге қажетті материалдар;ақ қағаз,ручка,түрлі түсті қаламдар,өшіргіш.

Жүргізу тәртібі:

1.Өз отбасыңның суретін сал.

2.Отбасындағы адамдардың ө жұмыстарын орындап жатқанын сал.

3.Отбасындағы адамдардың жағдайларын өзіңнің ойыңдағы,қиялыңдағы көріністеріне байланысты сал.

4.Өз отбасыңдағы адамдарды таңғажайып жануарлар,табиғатта жоқ жануарлар бейнесімен суреттеп сал

5.Өз отбасыңдағыларды метафора,символикалық бейне арқылы көрсет.

Жеке зерттеу хаттамасында келесі мәселелер көрсетіледі.

А) жеке суреттерді салу реті (кімді бірінші салады)

Б)суретті салу барысында әр кейіпкерді көрсету үшін ұзақ ойланатындығы

В)сурет салу барысында өшіргішті көп пайдалануы

Г)салған суретін түсіндіруі

Д)сурет салу барысындағы бала эмоциясының өзгеруі

Сурет салып болғаннан соң әңгімелесу барысында келесі сұрақтарды анықтау қажет.

А)суретте кімдердің салынғанын айтып бер.

Б)олар қандай жерде және не істеп жүр.

В)отбасы мүшелерінің көңіл-күйлері қандай.

Г)отбасы мүшелерінің ішінде кім бақытты және оның осы сезімі немен байланысты.

Д)кім бақытсыз, неге.

Жанама сұрақтар арқылы әр кейіпкерге баланың көзқарасын, оның себебін анықтау, кім суретке түспей қалғанын және оның себебін анықтау жүргізіледі.

Тесті талдау келесі нұсқа бойынша жүргізіледі:

Суреттің размері және қағаз бетін пайдалануы. Барлық қағаз бетін толық пайдалану бала жағдайының жақсы екенін көрсетеді. Суретті парақтың бір шетіне тығылыстырып салса онда бала өзін қудаланған адам деп есептеп жүргені.

Отбасы мүшелерінің саны.Қазір бірге тұрмайтын адамдарды салса баланың сол адаммен эмоционалдық жақын болғысы келгені

Суреттегі адамдардың размері:

Ата-анасы,әпкесі (сіңлісі)ағасы(інісі),атасы мен әжесі т.б.

Отбасы мүшелерінің ішінде кімнің размерлері үлкен болса сол адамды беделді деп есептейді және ол адамның басқаларға әсері мол екендігін көрсеткені

4.Адамдар арасы.Қашық тұрған адамдарды жақтырмайды,басқалармен араласқанын,қарым қатынаста болғанын қызғанады.

5.Заттар салынса олардың бала өмірінде атқаратын ролі үлкен болғанының белгісі.Мысалы -кітап сөрелері-отбасында оған кітапты көп оқытуға көңіл бөледі.

6.Жануарлардың суретте барлығы автордың табиғатқа деген оң көз қарасын білдіреді.

7.Кейіпкерлер түрлері:нұсқасын келтірген,реалистік сурет,сурет салу

Эстетикасы,интерьер немесе пейзаж фонында салғаны,метофорлық сурет,кейіпкерлердің іс әрекет жасап жатқанын көрсеткен,

8.Эмоцияны көрсетуі.

 

 

Суретті талдау барысында келесі мәселелерге көңіл аудару қажет.

А)баланың майда қимыл әрекеттерінің қалыптасқандығы,дағдысы,

Б)суретте штрихтың көп түскені сенімсіздіктің белгісі,

В)суреттегі барлық бейнеленген нәрселердің размерлері майда болса ол баланың денсаулығы нашар болуының белгісі ретінде қарастыруға болады.

Г)отбасында бірге тұратын адамдарды суретке түсірмесе бала ол адамнан қорқады.

Д)суретке түспей қалған адамдар баланың талаптарына сай өмір сүрмейді немесе әйтеуір бір қылығымен оны қанағаттандырмайды.

Е)өзін өте кішкентай етіп салса отбасындағы өзінің роліне,орнына қанағаттанбайды,басқаларға көңіл көп аударылады деп сезінеді

«Отбасы суреті» проективтік тесті.

(орта сынып оқушыларына арналған)

Мақсаты: баланың отбасындағы ата-аналарымен және туған-туысқандарымен қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау.

Қажетті материалдар: 15х20 см немесе 21х29 см парақ ақ қағаз,қалам,өшіргіш.

Орындау ережесі:Суретті салғызу барысында оны орындау тәртібі бойынша балаға бірнеше тапсырма беріледі.

1-тапсырма:Өз отбасыңның суретін сал.

Тапсырманың бірінші кезеңінде «Отбасы»туралы басқа анықтама берілмейді.Егер бала «не салу керек»деп қайта сұраса тапсырманы қайталап айту керек.Тапсырманы жеке орындауға берілетін уақыт 30 минут.Топпен орындағанда 15-30 мин.

Бұл тесті орындау барысында қосымша тапсырмалар беруге болады.

2-тапсырма: «Отбасы мүшелерінің барлығы күнделікті орындайтын тірліктерін жасап жатқанын сал.»

3-тапсырма:Өз отбасыңды өз ойыңда қалай бейнелейтініңді сал

4-тапсырма: Отбасының мүшелерін табиғатта жоқ фантастикалық нәрсе сияқты бейнеле

5-тапсырма:

Отбасыңның ерекшеліктерін бейнелейтін бір метофоралық,сиволикалық суретпен көрсет.

Тесті жеке баламен жүргізгенде хаттамада келесі мәселелерді талдау қажет.

а)суреттегі адамдарды және суреттің барлық бөліктерін түсіру реті.

б)15 секундтан артық паузалардың орын алғандығы.

В)өшіріп салуы және қандай суреттерді өшіріп салды

Г)суретті салу барысынды баланың күбірлеп өзіне түсіндіріп отыруы

Д)эмоциналдық реакциялар және оның сурет мазмұнымен байланыстылығы.

Суретті салғызып болғаннан соң баламен әңгімелесу арқылы оның тапсырманы орындауы туралы барынша толық мәлімет алу қажет.

Әңгімелесу барысында келесі сұрақтарды беруге болады.

-Мына жерде кімнің суретін салдың?

-Олар қай жерде жүр?

-Суреттегі адам не істеп жатыр?Ол тапсырманы кім берді?

-Олар көңілді ме жоқ көңілсіз бе? Неге?

-Суретке салынғандардың ішінде кім бақытты,Неліктен?

-Суретке салынғандардың ішінде кім бақытсыз,Неліктен?

Соңғы екі сұрақ баланың сезімін оятып өз ойларын ашық айтуға көметесуге арналған.

Сондықтан егер бала бұл сұрақтарға жауап бергісі келмесе оны қинаудың қажеті жоқ.

Әңгімелесу барысында психолог баланың салған суретінің мазмұнына түсінуі қажет,отбасы мүшелеріне деген баланың сезімі,суретте салынбаған адам болса оны неге түсірмегенін,алыста тұрған отбасы мүшесін неге бөліп тастағанын т.с.с.

 

 

Тесті талдау келесі нұсқа бойынша жүргізіледі:

1.Суреттің размері және қағаз бетін пайдалануы.Барлық қағаз бетін толық пайдалану бала жағдайының жақсы екенін көрсетеді.

Парақтың бір шетіне тығылыстырып салса о баланың өзін қудаланған адам деп есептеп жүргені.

2.Отбасы мүшелерінің саны.Қазір бірге тұрмайтын адамдарды салса баланың сол адаммен эмоционалдық жақын болғысы келгені, отбасында бірге тұратын адамдарды суретке түсірмесе бала ол адамнан қорқады,суретке түспей қалған адамдар баланың талаптарына сай өмір сүрмейді немесе әйтеуір бір қылығымен оны қанағаттандырмайды

3. Суреттегі адамдардың размері:

Ата-анасы,әпкесі (сіңлісі)ағасы(інісі),атасы мен әжесі т.б.

Отбасы мүшелерінің ішінде кімнің размерлері үлкен болса сол адамды беделді деп есептейді және ол адамның басқаларға әсері мол екендігін көрсеткені

4.Адамдар арасы.

5.Заттар салынса олардың бала өмірінде атқаратын ролі үлкен болғанының белгісі.Мысалы -кітап сөрелері-отбасында оған кітапты көп оқытуға көңіл бөледі.

6.Жануарлардың суретте барлығы автордың табиғатқа деген оң көз қарасын білдіреді.

7.Кейіпкерлер түрлері:нұсқасын келтірген,реалистік сурет,сурет салу

Эстетикасы,интерьер немесе пейзаж фонында салғаны,метофорлық сурет,кейіпкерлердің іс әрекет жасап жатқанын көрсеткен,

8.Эмоцияны көрсетуі

 

Суретті талдау кестесі:

р\с Суретте көрсетілген ерекшеліктер Көрсеткіштің барлығы туралы белгі
1.   2.   3.     4.   5.   6.   7.   Суреттің размері (оның көлемі) Отбасы адамдарының жалпы саны Суреттегі отбасы мүшелерінің түскендігі және олардың размері. Анасы әкесі әпкесі немесе сіңлісі ағасы немесе інісі Атасы Әжесі Отбасы мүшелерінің бір-бірінің арасы Жануарлардың барлығы Бейнелеу түрі. Схема тәрізді бейнеленген Реалистік бейнелеу Эстетикалық бейнелеу Бөлмеде,пейзаж фонында т.с.с Метафоралық бейнелеу Қимыл немесе іс әрект үстінде Оң эмоцияның көрініс беруі (1,2,3,..балл) Негативтік эмоцияның көрініс беруі(1,2,3,..балл) Орындауға ұқыптылық (1,2,3..)  

 

 

«Табиғатта кездеспейтін жануар» әдістемесі.

 

Әдістеме типі: психодиагностикалық,проективтік.

Авторлары-Г.Т.Хоменстаускас,А.И.Захаров Р.Бернс,С.Кауфман т.б.

 

Мақсаты: отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау.

Жүргізуге қажетті материалдар:ақ қағаз, ручка,түрлі түсті қаламдар,өшіргіш.

Жүргізу тәртібі: балаларға табиғатта кездеспейтін жануардың суретін салып,оны атау керек екендігі түсіндіріледі.

Тестіні талдау ережесі:

-Суреттің парақта орналасуы.

Сурет вертикалды жағынан парақтың ортасында болса немесе парақтың жоғары жағында орналасса -өзін-өзі бағалауы өте жоғары,өзінің қазіргі жағдайына разы емес,барлық жағынан басқалардан жоғары болғысы келеді.

Сурет парақтың төмен жағында орналасса-өзін өзі бағалауы төмен,өз өзіне сенімі жоқ,шешім қабылдауы баяу,үрейленіп жүреді.

Суреттің орталық мағыналық бөлігі-бас.

Оңға қараған бас-іскер адам,жоспарланған,ойлаған іс әрекеттерін іске асырады.Солға қараған бас-ойлағыш адам, «іс адамы»емес,жоспарланған нәрселердің кейбіреулері ғана орындалады.Іске кірісер алдында ойланып толғанып,қорқақтық көрсетеді,шешім қабылдауы қиын.Тік орналасқан бас-эгоцентризм белгісі.

Бас мүшелері.

Көз – қорқыныш белгісі, ол барлық детальдарымен, көз қарашығына дейін анық салынса – зерттелінуші мазасыздануы және қорқынышы анық байқалғаны.

Кірпік – ұстамалы мінез көрсетуі, өзінің келбетіне, модаға сай киінуіне өте үлкен мән беретіндігі, жұртты таң қалдыруға құмарлығы.

Құлақ – мағлұматтарға қызығуы, өсекке құмарлығы, «мен туралы басқалар не ойлайды екен, не дейді екен» деп құлақ түріп жүреді.

Ауыз – ашық, ішінен тілі көрініп тұрса – ол сөзшең, басқалардың сөзіне онша көңіл бөлмейді.

Ерін – ерекше көңіл аударылса – сезімталдық; ауыз ашық, тіл көрініп тұрған жоқ – үндемесе; қаралап бояған ауыз – қорқақтық сенімсіздікті білдереді; тістері көрініп тұрса - өзің-өзі қорғауға вербалдық агрессияны пайдалануы.

Өте үлкен бас – ақылдың белгісі (эрудиция).

Мүйіз, тырнақ, инелер – қорғануы, физикалық агрессия белгісі.

Қауырсын – өз-өзін сәндеуге және ақтауға құмарлық, көзге түсуге ынталық.

Жал, түк, кекіл, шаш – сексуалдылық белгісі.

Аяқ:Аяқ ауыр, үлкен, жуан, бір сызықтың бойында орналасқан, орнықты болса – адам орнықты, байсалды, шешімді жан-жақты ойланып қабылдайды; тәуекелшіл емес, нақты фактілерге сүйенеді.

Керісінше болса – жеңілтек ойы қысқа.

Аяқ мүлде жоқ болса – ойланбай шешім қабылдайды.

Аяқтың денемен жалғасуы - әдемілеп, нақты қосылса адамның өзінің ойын, шешімін қадағалап жүруі; әйтеуір жалғасса – керісінше, ерме, жеңілтек, ойшыл емес.

Біркелкі аяқтар – дәстүршыл, жаңашыл, шығармашылыққа құмар емес. Түрлі аяқтар, жалғаулар болса – дербестік, тәуелсіз, өз ойы бар, жаңашыл, өнерге жақын адам болуы мүмкін.

Фигураның үстінде тұрған бөлшектер:

Олар пайдалы немесе тек сән элементі болуы мүмкін.

Қанат, қосымша аяқтар, қармалауыштар, сауыт, қауырсындар – энергия, жан-жақты даму, өзіне деген сенімділік, белсенділік белгісі.

 

 

Бұйралары, гүлдер - өзіне басқалардың көңілін аударуға құмарлық, демонстративтік.

Құйрық - өзінің, іс-әрекетіне, шешіміне, ойына, істеген жұмысына құмарлық білдіреді: құйрық оңға бұрылған болса –(+), солға қараған болса – (–) сенімді, жақсы, төмен қараған (-) өзіне өзі риза емес, тұнжыраңқы.

Фигураның нұсқасы.

Инелер, сауыт салынған, қараланған – қоршаған ортадан қорғану.

Бұрыш-бұрыш сурет – агрессиялық қорғанысты білдіреді.

Жоғары қараған қалқан - өсек, келеке, беделдің жоқтығынан қорғану.

Дененің басқа жерлеріндегі қалқаншалар – қорғанысқа даярлық.

Шеңбер тәрізді фигура – тұйық, сырын ешкімге айтпайтын адам.

Жалпы энергия.

Егер сурет тек қана жануарларды сипаттайтын элементтерден тұратын болса – энергия үнемделген; суреттің сызықтары әрең көрінеді–созылмалы ауырудың белгісі.

Қосалқы элементтерге бай штрих, бояуы қою, детальдары көп болса - энергия өте жоғары.

Тақырыпқа байланыстылығы;

Салынған жануар салушының бейнесі болып табылады.

Адамға ұқсастығы;

Тік жүретін (екі аяқты), адам киімін киетін, түрі адамдарға ұқсас болса – инфантилизм, эмоционалдық дамуы жетілмеген.

Дененің жанды жерлерін көрсетуі;

Көзге лампочка бұрап, құйрыққа электрошнур, басына пропеллер қадап, аяқ орнына трактордың немесе танктің шынжыр табаны болса – психологиялық дамуында ауытқуы бар екені анық байқалады.

Шығармашылық мүмкіндіктері.

Дайын, табиғатта бар жануарға ұқсастық – нәрсіз, ешқандай жаңалық жоқ

Ерекше фигура – шығармашылық белгісі.

Атаулары; ұшқыш қоян, бегемот – рационалдылық,шыншылдық белгісі.

Латыншаға ұқсас келеген атаулар – эрудиция белгіс.

Мағынасыз атаулар – жеңілтектік белгісі, әзіл атаулар – қоршаған ортаға деген көзқарас.

Қайталану (тру-тру) – инфантилизм, өте ұзақ атаулар – фантазиясы жақсы дамыған.

 

 

Менің отбасым кешқұрым» әдістемесі.

(орта буын және жоғары сыныптарға арналған)

 

Мақсаты: Баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау.

Пиктограмманың еркешелігі оған қатысушының өзін-өзі бақылау, қарым –қатынас ерекшеліктері, баланың отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Отбасындағы жағдайды баланың өзі де, ата-анасы да өте жақсы бағалауы мүмкін.

Дегенмен астыртын әсерін тигізетін факторлар болып агрессиясын жоғарлатып, мазасыздануын толғандырып жіберу мүмкін.

Құрал-жабдықтар: бар парақ қағаз, түрлі-түсті қалам, өшіргіш.

Зерттеу барысы; Мына параққа өз отбасыңның кешқұрымдық жағдайын көрсететін сурет сал. Отбасындағы әрбір адамның белгілі бір іспен айналасып жатқанын көрсеткен дұрыс болады деп тапсырма түсіндірілгеннен соң балар сурет салуға кіріседі. Суретті салып болғаннан соң, әр баламен әңгімелесе отырып, келесі сұрақтарға жауап алу керек.

А) мына суретте кімнің отбасы салынған, өзінің, қандай да бір досының немесе ойдан шығарған кейіпкерлер болуы да мүмкін.

Б) бейнеленген кейіпкерлер қай жерде және қазіргі кезде немен айналысып тұрғанын көрсету.

В) егер, әрбір кейіпкерді бөлік алатын болсақ, онда оның отбасында қандай роль атқаратынын анықтау.

Г)суреттегілердің қайсысы сүйкімді және неге, қайсысы жағымсыз және оның себебі неде, бала олардың қайсысын және не үшін ұнатады.

Д)егер кейіпкерлердің барлығын жеңіл көлікпен серуенге алып бара жатырсың, бірақ, өкінішке орай олардың біреуіне орын жетпейтін болса, кімді үйде қалдырар едің.

Е) егер балалардың біреуі өзін тәртіпсіз ұстаса, онда ол қалай жазаланатынын көрсетіп беру т.с.с.

Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады.

- Суреттің құрылымын талдау.

- Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктер.

- Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көңіл ауадаруы.

- Суретте қолданылған символикалық және оның мағынасын талдау.

(Жоғарыдағы пиктограммаларды талдау ережесі толық пайдаланылады).

 

 

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі.

 

Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олардың нәтижесі сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалауға және өз бетінше елестеуге мүмкіндік береді. Сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді. Сондықтан қазіргі кезде практиктар сурет тесттерді жиі қолданылады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданылғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы түсінікті.

Психодиагностикада жобалау әдістемелерін пайдалану оның нәтижесінің психокоррекция барысында қолдану арқылы балаға өзінің ішкі дүниесін көрсетуіне және өзін түсінуге ықпал жасайды.

«Жаңбыр астындағы адам»әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдерінің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.

Нұсқау.

Нұсқау қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін дәл сондай басқа параққа бөлек – жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.

Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда, өмірдің қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттелушінің барлық әрекеттеріне назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сұхбат жүргізуге болады.

Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интерпретациядағы ұсыныстарға сүйене отырып. логикалық көзқараспен барлық арнайы детальдарды талдауға болады. «Жаңбыр астындағы адм» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқындауға болады. Екінші суретте адамның бейнесі экспозициясы қалай өзгергенін қарау маңызды. Егер адам біреуді күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашуға да байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақылағандай бейнеленсе).

Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеушінің әрекеттен қашуға бейімділігі сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.

Кескіннің өзгеруі (трасформация)

Кескіннің көлемінің ұлғаюы кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбіне күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.

Кескіннің кішіреюі зерттелушінің өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адамдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің қарым –қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.

Егер де «Жаңбыр астындағы адам» суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешіліктерін және эго реакциясының көрінуі ерекшеліктерін байқатады.

Киімнің болмауы мінез-құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.

 

 

Жаңбыр белгілері (атрибуттары).

Жаңбыр – адамдарда болатын қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сирек тамшылар – уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар – қиын, үздіксіз жағдайлар.

Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және қандай бөлік көп жағдайда әрекетке дұшар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағынан жазылған мәнімен қатысты жүргізіледі.

Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрессивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді.

Шалшық су, батпақ, балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын, «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді. Шалшықты бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (формасы, тереңдігі, шашырандылығы). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: