Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 18 страница

Кей кезде балалардың үлгерімі нашар болуы оның сабақ мазмұнын толық түсінбеушілігімен және үй тапсырмаларын өз бетімен орындауды ұйымдастыруға үйренбегендік пен өз уақытын дұрыс пайдалану дағдысының қалыптаспағандығымен байланысты болады. Л.С.Выготский, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев, Л.А.Венгер, Д,Б.Занков баланың танымдық өрісінің бұзылуының көрсеткіштері ретінде келесілерді атаған: бала әрекетінде өнімсіз іс-әрекеттердің басымдылығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегені. Оның негізгі себебі бала бойындағы жекетұлғалық қабілеттіліктерді уақытында байқап, оларды психологиялық заңдылықтар бойынша дамыта алмаушылық. Бұл жағдай баланың дидактикалық адаптациядан өтуінде қиындықтар туғызады.

Кіші мектеп оқушыларының адаптациядан өте алмағандығы салдарынан оларда дезадаптациялық мінез орын алады.

Ата-аналарға кіші мектеп жасындағы балалардың мінез ауытқулары түрлерімен таныстыру барысында олардың орын алуына себеп болатын арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру қажет. Балалармен жүргізілетін диагностикалық бағдарлама олардың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған. Осыған байланысты кіші мектеп жасындағы дезадаптацияның себептерін анықтауға арналған тесттерді жүргізу нұсқасын жасап құру қажет. Олар келесі жағдайларды жан-жақты талдауға арналған болады.

Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты жағдайы: толық емес отбасы, материалдық жағдайы төмен отбасы.

Балалардың денсаулығы.

Эмоциялық өрісі (сезім әрекетіне бой алдырғыш); ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жалқаулық.

Еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б.)

Оқу әрекеттерінің қалыптасқандығы. Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттердің басымдығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегендігі.

Оқу әрекеті бұзылған баланың сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен қарым-қатынас ерекшелігі.

Басқалармен қарым-қатынас ерекшелігі.

Компенсаторлық формалардың барлығы: олар баланың өзіндік әрекетінің нәтижесінен, әлдебіреудің тәрбиелеу әрекетінің нәтижесінен.

Кіші мектеп жасындағылардың ерекшеліктерін диагностикалау мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады.

Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.

Оның қызыметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б.)

Оқушымен оны не қызықтырады және қандай сабақтарды ұнататыны жөнінде әңгімелесу;

Достары жөнінде әңгіме жүргізу.

Оқушы жөнінде достармен, ата-анасымен әңгіме жүргізу (тәуелсіз мінездемелер жинақтау).

Психологтар кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс істегенде көбінесе графикалық тесттермен сурет салғызу тәсілдерін қолданады. Себебі, олардың мәселелерін шешуде сұраулар мен дәстүрлі әңгімелесу нәтижелі болып табылмайды. Балалармен сенімді қатынасты орнатуды қамтамасыз ететін кеңес беру жұмыстары белгілі бір әдістемелік тәсілдерді қажет етеді, сонымен қатар, бұл баланың коммуникативтік қиындығына орай уайымдап жүрген мәселесін анықтап беруге көмектеседі.

Мінез-құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты оқушылардың өзіндік бағалауы қандай екенін анықтауға А.И.Липкинаның «үш баға» әдісін қолдануға болады. әдісті жүргізу үшін оқушыларға: «Жалқаулықпен қалай күресуге болады?» деген тақырыпта шығарма жазып келу тапсырылады. Шығарманы тексеруге психологпен қатар мұғалімдер қатысады. әр мұғалім шығармаға өз бағасын қояды. Шығарманы таратып берер алдында оқушыларға келесі түсініктеме беріледі: «Сендердің жұмыстарыңды үш мұғалім тексереді. Олардың әрқайсысы бұл жұмысқа өз бағасын қояды. Ал, енді сендер өздеріңе ұнаған бағаны белгілеңдер» - делінеді. Сонан соң оқушыларға келесі сұрақтар қойылады.

Сен өзіңді қандай оқушымын деп санайсың? Орта, нашар немесе үздік.

Сені қандай бағалар қуантады? Қандай бағалар ренжітеді?

Сенің жазған жұмысыңды грамматикалық және әдеби шығармалық жағынан «3» деген баллмен бағалауға болады, ал, мұғалім саған «5» деген баға қойды. Сен осы бағаға қуанасың ба?

Оқушылардың жауаптарын талдау арқылы олардың өзіндік бағалауы қандай деңгейде екендігі анықталады.

Ата-аналарға жеткіншек жасындағы балаларымен арақатыныстарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.

Баланың дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы өте үлкен. Егер де кіші мектеп жасында мұндай дефектілер бойынша уақытында шара қолданылмаса баланың проблемасы сол кезде белгілі бір бұзылысқа әкелмегенімен дамудың келесі жеткіншектік немесе жасөспірімдік кезендерде белгілі бір қарама-қайшылықтарға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, өтпелі кезеңнің заңдылықтарына байланысты балалардың ата-аналар мен педагогтар назарынан тыс қалған барлық мәселелерін тереңдетіп жіберетіндігі белгілі. Бірақ, әрбір проблемалы бала өздерінің ерекшеліктерімен де, басынан кешіріп отырған қиындықтар сипатымен де, дамуының әлеуметтік жағдайымен де тек өзіне тән дара ерекшеліктермен сипатталады.

Бала өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Бұл жас кезеңінде баланың ағзасыныңда және оның жан дүниесінің дамуында күрделі психофизологиялық өзгерістер орын алуымен байланысты баланың қоршаған ортаға, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, іс-әрекеттерге деген көзқарастары өзгереді. Жеткіншек жас кезеңінде бала ағзасында көптеген жаңа құрылымдар орын алады.

Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызды деп анықталады. Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.СВыготский, П.М.Якобсон, А.В. Запорожец, т.б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзасында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірін өзгертеді. Бұл өзгерістер қысқа мерзімде, секірмелі қауырт даму сипатында болып, бала өмірінде әр түрлі елеулі субъективтік қиыншылықтар болуымен қабаттаса өтеді және баладан өз бетімен шешуді талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қиқар мінез көрсету, дөрекілік қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық сияқты ерекшеліктер орын алады.

Бұл біріншіден пубертанттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектің ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар қаупін тудырады. Сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңді көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді. Екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірбиелер береді. өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе, Л.С. Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін, жаңаның қалыптасуын сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз – баланың психофизиологиялық дамуындағы бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Осы уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтпесе осы жас қиылысында кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз – теріс байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.

Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта өтетін биологиялық толысу жолында ағзада болатын түбегейлі өзгерістердің орын алуынан туындайды. Олар баланың дене күшінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы, жыныстық жетілу процесінің өрістеуі. Бұлардың бәрі организімнің морфофизиологиялық қайта құрылу процестерінен тұрады.

Жеткіншектік шақта ағзаның ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесінде күрделі өзгерістер болып, жыныс бездерінің жетілуімен байланысты қанға жыныс гармондары бөлініп шыға бастайды. Олар баланың ер жеткені туралы қосымша сигналдар береді. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажауы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, қорқыныш, ыза, реніш, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар, эндокриндік қолайсыздықтар баланың шамадан артық психоэмоционалды зорлануына алып келеді және олардың жүйке жүйелерінің функцияларының бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Осы себептерге байланысты жеткіншектерде бұрынғы кезбен салыстырғанда тез шаршаушылық,ұмытшақтық, жұмыста өнімділіктің төмендеуі, ұйқы бұзылуы байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылып, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Жеткіншектік кезеңінің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңіндегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.

Бұл қайта құрылу олардың ішкі жағдайларына, көңіл-күйіне әсер етіп, бұл жастағылар жалпы ұшқалақтығын, ашуланшақтығын, шамданғыштығын, қозғыштығын, қимыл белсенділігінің артуын, мезгіл –мезгіл селқостануын, енжарлануын туғызады. Бала дамуының барлық бағыттарында сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, ағзаның, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасының, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдақ және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Балалардың агрессивті мінез-құлқы мен өзіндік бағалауының арасында маңызды байланыс бар. Адамның өзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті реттеп отырады. Егер әділетсіз шабуыл жасаса, яғни субъектінің ар-намысына тисе, онда агрессия балалардың өзінің ар-намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі - өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты болғанының көрсеткіші. Агрессия сферасын анықтауыш нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері болу үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни «объективті өзін тану» жағдайы болады.

Балалардың «Мен» бейнесі өзіндік ерекшелікке, ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған «Мен» бейнесі бір мифологиялық табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен» бейнесі,тұлғаның өмірлік стратегияларын біріктіруге мүмкіндік береді. Өзіндік бағалау кәмілетке жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез-құлықтарының көптеген формаларында да көрініс береді: ойлары, қауіптеріне, физикалық және психологиялық жәбірленуіне, конфликтері мен күрестеріне, фантазияларына және басқа да әлеуметтік қолдау алмайтын мінез –құлықтың түрлеріне мәнді әсер етеді.

Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешіліктер әкеледі және көп жағдайда тұлғааралық қатынасқа ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, әрекет пен іс-әрекет мотивациясын анықтайды,өзін және басқаларға деген не оң немесе теріс қатынасты құруға негіз болады.

Жеткіншек жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеу болып табылады. Мысалы; «Мен қандай ақылдымын, бірақ мені ешкім бағаламайды» деп ойласа, ол бала қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарағандай болады. Басқаларды бағалауда бала адекватты емес, күмәнданумен қараса, өзін басқалардан артық деп бағалап, өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбеу белгісін көрсетсе, қоршаған орта оған негативті тұрғыда қарайды. өзіндік бағалауы жоғары болған балада сын көтермеушілік, шектен тыс ренжігіштік айқын байқалады. Реніш сезімі дамыған балаға қоршаған орта оған әділетсіз түрде қарағандай көрінеді.

өзіндік бағалауы төмен балалар қарым-қатынаста мынадай қиыншылықтармен қақтығысады Өзі туралы мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды. Мұндай жағдайларда көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі анық байқалады және мазасызданудың деңгейі жоғары болады. Олардың көңіл-күйі төмен, қапалы, тұйық күйін қалыптастырады. «Өзін кемтар сезіну комплексі» орын алады. Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болған жағдайда жеткіншектерде тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықтық, ұялшақтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттер басым болады. Балаларға өзіндік ойлау, өзіндік бағалау қалыптасу үшін көптеген факторлар әсер етеді; ата-анасының қатынасы, құрбы-құрдастарының арасындағы беделділігі, педагогтардың балаға деген қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып өзіндік бағалауын дамытады.

А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден және жолдастарынан болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағыталады. Жеткіншектерде «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуы және ересектіктің түрлі жақтарының дамуында елеулі айырмашылық орын алады. А.А.Бодалевтің айтуынша бұл процесс қазіргі мектеп оқушыларының өмірінде екі түрлі жағдайдың болуымен байланысты жүреді. Олар:

1) ересектіктің дамуын тежейтін жағдайлардың орын алуы,балаларда көбінде үлкендердей тұрақты және мағыналы міндеттердің болмауы,олардың тек оқумен ғана шұғылдануы,көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен қорғап,оларға гиперқамқорлық көрсетуге тырысуы.

2)ересектендіретін мағлұматтардың орасан зор тасқыны,көптеген ата-аналарда бос уақтының аз болуына байланысты олардың балаларының ерте дербес болуы,жолдастарымен қарым қатынастың жедел дамуы,дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осы ересектік белгілерінің дамуы әр балада әртүрлі жаста,әртүрлі жылдамдықпен,әртүрлі көрініс беріп жүреді.Мысалы жетінші сыныпта оқитындардың ішінде бет пішінімен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар бар,сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарымен танысқан,сырт көрінісі бойынша өте ересек балаларда бар,өздігінен көп салаларда білім алып жүрген «инттелектуалдармен» қатар бағдарлама бойынша берілген оқу материалының өзін өздігінен игере алмай жүрген жеткіншектерде бар,болашаққа деген жоспары айқын емес мектеп оқушылары бар,ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандарда бар.кейбір қыз балалардың ішінде бар ойлағаны сән қуу мен ер балалардың көзіне түсу болса,басқалары бұл мәселелерге онша мән берместен,тек үлкендердің айтқанын орындап жүргендері,кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат жәрдемшілер болса,енді біреулері әбден ерке болып кеткен,тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ болып өсіп келе жатыр.

Жеткіншектік жас кезеңдегілердің ең үлкен мақсаты-үлкен болу.Осы мақсатқа жету жолында,олар көптеген амалдарды пайдаланады.Солардың ішіндегі ең көп тарағаны-ересектіктің сыртқы белгілеріне еліктеу.Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез құлық мәнерлері,балалармен салыстырғанда артық болып көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін аса тартымды болып көрінеді.Олар темекі тарту,карта ойнау,шарап ішу,сөйлеу мәнері,киім кию мен шаш қоюдағы ересектерге тән сәндікке,опа далап,әсемдік заттар,қылымсу тәсілдері,дем алу,көңіл көтеру,ілтипат білдіру,т.б. тәсілдеріне еліктейді. Сигарет ұстаған бала өзіне өзі ересек болып көрінеді,төңірегіндегілерге де солай болып көрінемін деп ойлайды.Жеткіншек үшін ересек еркектің немесе әйелдің мұндай белгілерін қабылдау оның өзінің ересектігін көрсетудің өзінде сондай сенім орнықтырудың амалы.Ересек болудың мұндай формасы өте кең тараған және ерекше тұрақты болады.Бұл көріністердің жағымсыз екенін оларға ұғындыру қиынға соғады.Жеткіншектердің ересек сыныптастары немесе басқа үлкендер оларға нақты үлгі болатыны жиі кездеседі.Әдетте жеткіншектерді ересектер өмірінің тиым салынған жақтарына баулыйтындар,оларға өздерінше «ұстаз», «үйретуші» болатындар нақ солар болады. Естияр жеткіншектердің қарым-қатынастарының негізі олардың бос уақытты өткізу мәдениетінің төмендігіне байланысты.Ішімдік ішу,карта ойнау,би алаңдарына бару,көше кезіп бос жүру сияқты «көңілді және жеңіл» өмір стиліне еліктеу біртіндеп баланы қауіпті өмір салтына жетелеп кетуі мүмкін.Бұл жағдайда оқу,болашақ мамандығына даярлану,мұндай жеткіншектің өмірінде маңызды орын алмайды,танымдық ынта жоғалады,сөйтіп өзіне сәйкес өмірлік құндылықтармен қоса «уақытты көңілді өткізу»деген өзіне тән ерекше ниет бекиді.Уақытты бұлай өткізуге қаражат қажет болуы құқық тәртібін бұзушылықтардың себебіне айналуы мүмкін.Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда жасы жетпей құқық тәртібін бұзушылардың көбі өздерінің бос уақытын өткізу мәдениеті төмен болғандардан шығып отыр.

Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болғандықтан оларда мектеп неврозы мен мазасыздануы бір бірімен ұштасып келіп себепсіз агрессияны жоғарылатады.Бұлар баланың мектепке баруға қорқуынан,сабаққа қатысудан,тақтаға шығып жауап беруден бас тартуынан,т.б.дезадаптивті мінез құлықтан көрініс береді.

Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады,оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де,олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады.Оның себебі,мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастың бұзылуы. Бұл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан,т.б. Сондай үлкендерге елеусіз себептерден болуы мүмкін.Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан,не әдепсіз айтылған сөзі оқушылардың жалпы мектепке деген көз қарасының бұзылуына алып келуі мүмкін.баланың мұндай көңіл күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естігендер тап болады.Осындай жағдай баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп,оқушының оқуға деген мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді.Білім алуға тырысушылық мотиві оқу ісінде жетекші болып қалады.Сонымен қатар балалардың құндылықтарды бағалауы,өзін-өзі бағалауы өзгереді.Біртіндеп мазасыздану неврозы тұлғалық ауруға ауысып кетуі мүмкін.Мектеп неврозына себептер көп болғандықтан оның көріну шеңбері де кеңейеді.Невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары ретінде мектептік мазасыздану,акцентуацияның орын алуы,агрессиясының жоғарылауы басқалармен тіл табыса алмай әуреге түсуі және неше түрлі жағдайларда бала жанының жарақаттануы.Көптеген зерттеу нәтижелері көрсеткендей,егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса оның дамуын тоқтатуға болады.Мектептік невроздың алдын-алу психологиялық кеңес беру және коррекция жасау арқылы жүзеге асырылады.Ол үшін баланың даму ерекшеліктеріне ерте диагностика жүргізіп,оның мүмкіндіктерін оқу-тәрбие процесінде ескерумен қатар балалардың ата-аналарымен,мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде жұмыс істеу керек. Жеткіншектік жас кезеңдегі оқушыларды невроз жағдайына алып келетін және олардың эмоциональды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі себептер келесі деп айтуға болады.

Біріншіден дисгармониялық отбасы,ол психологиялық үйлеспеудің түрлері, варианттарынан тұрады. Агрессиясының анық байқалуы мұндай отбасындағы негізгі мәселе болып табылады, ал оның негізгі себебі отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасының қалыптаспағанына байланысты дисгармония орын алғаны. А.Е.Личконың өз зерттеулерінде дисгармониялық семьялардың түрлері мен типтері көрсетілген: гармониялық емес, бұзылып бара жатқан және бұзылған отбасылар, сонымен бірге сырт көзге үйлесімді қалыптасқан болып көрінетін отбасылар.Ал,А.С.Спиваковская отбасында қалыптасқан қарым-қатынас түрлеріне байланысты оларды «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деген түрлерге бөлуге болады деп көрсеткен.

Екіншіден,мектепішілік қарым қатынастың бұзылуы,оқушының өзімен бірге оқитындармен,мектептен тыс құрбылармен,оқытушылармен тіл табысуының төмен болғандығы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: