Эпидидимит. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі

4.2.17 Мөлдір қабықтың бөгде заты.

4.2.18 Көздің күйіктері.

4.2.19 Иық буынының шығуының клиникасы.

4.2.20 Бұғана сүйегінің шығуының диагностикасы

Жедел апендецитын даму теориясы

а) Шоғырлану теориясы (ішекке нәжестің жиналуы). Бұған ішектің және өсіндінің қысылуына, созылуына, бүгілуіне соғатын жағдайлардың бәрі себеп болады.

Дьелофуа XIX ғасырдың аяғында " куыстар жабылу" теориясынұсынды. Бұл теория бойынша аппендицитте әр түрлі себептерден аппендикстің іші жеке жабық қуыстарға айналады. Ол қуыстарда инфекция басталуына қолайлы жағдай туады.

б) Құрттар ену теориясы - бұл теория бойынша аппендицит ауруына өсіндіге құрттар немесе олардың жұмыртқалары енуі әкеледі. Бірақта ішекте құрттар табылатын адамдардың аппендицитпен ауырмауы және ауру адамдардан құрттар табылмауы бұл болжамның қателігін көрсетеді.

в) Ангионеврозды теория - бойынша аппендициттің басталуы неврогендік себептерден өсіндінің қан тамырларының тырысып тарылуынан, ондағы қан айналысы бұзыладыда кілегейлі қабатта некроздалғен ошақтар пайда болады. Олар арқылы инфекция өсіндінің барлық қабаттарына өтеді. Кейде өсіндінің гангренасына оның артериясының тромбпен бітелуі ұшыратады.

г) Ашоффтың (Aschoff ) инфекциялы теориясы бойынша - операциямен алынған құрт тәрізді өсіндіні гистологиялық зерттеуден өткізгенде аурудың басталу кезеңінде тек қана кілегейлі қабаттың кішкене, саяз кемістігі байқалатындығы, уақыт өте келе бұл кемістік тереңдеп өсіндінің барлық қабаттарына жайылып, инфекцияның дамуына жол ашатындығы дәлелденеді.

д) Аппендицит ауруының себептерін іздестіруде мамандар келесі жағдайды анықтады. Өсіндінің және тандай бадамшасының лимфа фолликулдары бір біріне ұқсас.

з) Тұқым қуалау теориясы -Ата мен баланың ішек қарын құрылысының бірдей болуы және жеке жанұяның тұрмыс ерекшеліктері бір жанұяның бірнеше мүшесінің аппендицитпен ауруын шақырады. Сондықтан бұл тұқым қуу емес - анатомиялық және экономикалық ерекшеліктердің әсерін көрсетеді.

Жедел аппендициттің клиникалық жіктелуі (Н.Н.Еланский):

1. Аппендицитті жедел колика.

2. Қарапайым (катаральды) аппендицит.

3. Деструктивті- флегмонозды, флегмонозды-жаралы, гангренозды- перфорациясыз, перфорациялы, инфильтратты, ірінді, перитонитке соққан деп жіктейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: