Университеттегі жетекшісі

             ___________________    _________________________

                (қолы, күні)                           (аты жөні)

Комиссия мүшелері:

                      ________________________ _______________________________                                 (қолы, күні)                                   (аты жөні)

                     ________________________ _______________________________                                 (қолы, күні)                                   (аты жөні)

                    _________________________  ______________________________                                 (қолы, күні)                                   (аты жөні)

 

________________                                                                                                                                (баға)

 

Семей - 2017 ж.

 

ЖОСПАР

бет

Кіріспе                                                                                                                    3

Негізгі бөлім                                                                                                          4

2.1 «Адлет» шаруа қожалығына қысқаша сипаттама                                        6

2.2 Зерттеу нысаны мен зерттеу әдістемесі                                                       21

2.3 Арпа дақылына өзіндік зерттеу                                                                    24

Қорытынды                                                                                                           25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                       26

Қосымша                                                                                                               30

 

           

 Кіріспе

       Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының ең негізгі арнасының бірі – агрономия мамандығы. Оның негізгі мақсаты егістік, бау-бақша, көкөніс өнімдерінің жаңа сорттарын шығару болып табылады. Агроном ауыл шаруашылығының технология мен жұмыс ұйымдастыруды анықтауға қабілетті болуы тиіс.

       Агроном мамандығы еліміздің ірі ауылшаруашылық кешенінде, шаруа қожалықтарында, жылыжай, питомниктер, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде үлкен сұранысқа ие. Егістікте өнімді отырғызу және ору жұмыстарының мерзімі, сондай-ақ далалық зиянкестер немесе өсімдіктерді қорғау үшін қолайсыз ауа райынан қолданылатын кез-келген күресу шараларының  барлығы агрономның есептеу жұмыстарына байланысты.Қазірдің өзінде барлық адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үлкен проблемалардың бірі. Адамдар саны артқан сайын, агроном сияқты мамандықтарға да сұраныс арта түседі.

Агрономияның мақсаты: Ауыл шаруашылығындағы дақылдарды өсіруге қалыпты және жетілдірілген технологиямен техникалар жүйесін игеру, оны табиғаттың қолайсыз әрекетін бәсеңдетуге пайдалану арқылы адамзаттың тұрмыс- тіршілігіне қажетті азық- түлік пен шикізаттар өндіретін жалпы егіншілікпен агрономия ғылымдары айналысады.

Агрономның басты міндеті- халыты жеткілікті мөлшерде сапалы азық- түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, сондай- ақ мал щаруашылығына тиісті жем шөп қорын дайындау. Өндірістік тәжірибенің мақсаты: өндірістік процесстерді орындау барысында тәжірибе жинау. Шаруашылықтар мен ұйымдарда білікті маман болып қалыптасуын ұйымдастыру. Оқу процесінде алған теориялық білімдерін өндірістік тәжірибе барысында көрсету.

 

 

    II Негізгі бөлім

    2.1   Адлет шаруа қожалығына қысқаша сипаттама

«Адлет» жеке шаруа қожалығы Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданында орналасқан. Бұл жеке шаруа қожалық 2001 жылы құрылды. «Адлет» шаруа қожалығы майлы дақылдар сондай-ақ астық дақылдарын өсіреді.

«Адлет» жеке шаруа қожалығының 4052,4 га жер көлемінде қолданылып отыр. «Адлет» жеке шаруа қожалығының техникалары:

ü жеңіл – жүк көліктер

ü культиваторлар

ü жер жыртқыштар

ü килпалтара тіркемесі

ü қазғыш тіркемелер

ü тракторлар

Атаулары:

ü GRIMME GF 75-4

ü LEMKEN

ü Дискатор

ü GRIMME KS 75-4

ü CLASS 820 AXION

Адлет шаруа қожалығында 300 тонналық астық дақылдарын сақтайтын орын қолданылуда.

 Шаруа қожалықта 20-25 адам жұмыс істейді.

Астық дақылдар шаруашылығы Адлет  жеке шаруа қожалығында ең маңызды саланың бірі. Шаруа қожалықта астық тұқымдастар, майлы дақылдар отырғызады.

«Адлет» жеке шаруа қожалығының климаттық анықтамасы: климаты қатты континентальді, ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы жоғары, қысы ұзақ және қатты, жазы қысқа, құрғақ және ыстық. Жылдың түгел маусымдарында желді күндер көп. Жылдың орташа ауа температурасы 1-3 градусты құрайды. Жылдың атмосфералық жауын шашын мөлшері шамамен 180-230 мм арасында. Жылдар бойынша салыстырсақ, жауын шашын мөлшері әртүрлі, құрғақ жылдары жақсы жылдармен салыстырғанда 1,5-2 есе аз түседі.

Қысы суық, кей жылдары өте қатал, қарлы боранды болып келеді, қардың қалыңдығы әркелкі, тіпті аз мөлешерде деуге болады, қардың алғашқы түсуі қазан айының аяғында немесе қараша, желтоқсан айларының басында, қардың жату ұзақтығы 140-160 күн, қараша айынан бастап наурыз айына дейін. Қардың қалыңдығы қыстың бастапқы айларында 2-5 см, ал қыстың ортасында 15-20 см-ге дейін болады, кей жерлерде 50 см-ге дейін болады.

Қыстың ең суық айы-қаңтар айы. Ауа – райының зерттеу станциясы хабары бойынша қыс айының орташа температурасы 20 градус кей кездері 35-40 градусқа дейін болады. Қыс ерте түседі. Күздік шық түсу көбінесе қыркүйектін екінші жартысында, кей жылдары тамызда болады. Жиі қатты желдерде егістік жерлерде қарды үрлеп алып кетеді. Күшті желді күндері 15 м/с жылдамдықта соққан жел жыл бойына 20-30 күндей болады. Жел бағыты батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Шаруашылықтың қолайсыз климаттық жағдайларын қайталанып келетін құрғақшылық, күшті жел, жазғытұрымғы және күзгі қара суықтар.

Нақты қардың жамылғысы кезеңі 105-150 күн. Төменгі температура топырақтың 50 см –ден астам бөлігіне таралады. Қар жамылғысы желтоқсан айында тұрақталады, оның биіктігі 13 см –ден 30 см –ге дейін ауысады. Таулы жерлерде қар жамылғысы ұзағырақ жатады.

Климаты – континентальды. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық, кей күндері боранды болады. Қысы суық, кейде өте қатал, қарлы болып келеді. Күзде күн салқындау, жаңбырлы болып келеді. Шық түсу көбінесе қыркүйектің екінші жартысында. Қардың қалыңдығы әр келкі, кей жылдары қалың, кей жылдары жұқа келеді, ең алғаш қардың түсуі қараша, желтоқсан айларының басында, қардың жату ұзақтығы 135-165 күн. Қардың қалыңдығы қыстың бірінші айында 6-10 см, ал қыстың ортасында 22-27 см –ге дейін болады, кей жерлерде 45-50 см –ге дейін болады. Қыстың ең суық айы – қаңтар айы. Қыс айының орташа температурасы 20 градус, кей кездері 37-41 градусқа дейін болады.

185-220 мм арасында. Жылдар бойынша салыстырсақ, жауын-шашын мөлшері әртүрлі, құрғақ жылдары 1,5-2 есе аз түседі.

 

2.2  Зерттеу нысаны мен зерттеу әдістемесі

 

Біз өндірістік тәжірибиемізді 29.08 – 04.11.2017 жыл аралығында Үржар ауданы Алтыншоқы ауылындағы «Адлет» шаруа қожалығында өткіздік. Өндірістік тәжірибиеден өту барысында астық дақылдарымен оның ішінде бидай, арпа, мақсары, жүгері, соямен және морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері мен олардың өсіру технологиясымен таныстық. Тәжірибе барысында ең алдымен шаруашылықпен танысу және ұжым мүшелерімен танысу өткізілді. Шаруа қожалық басшысы бізге егіс алқабын, егілетін дақылдардың сорттарымен, ұжым мүшелерімен таныстырып, біздің өндірістік тәжірибеміз қалай өтетіні туралы түсінідіріп өтті.

Егілген дақылдардың сорттары: бидайдың “Қазақстан-15”, “Қазақстан-19”, арпа «Береке 54», «Роман», күнбағыстың «Заря», «Лакомка», «Санай».

Бидай (лат. Triticum) – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады. Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады. Шаруа қожалықта бидайдың күздік сорттары “Қазақстан-15”, “Қазақстан-19” өсіріеді.

Ботаникалық сипаттамасы. Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.

Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық. Тұқымның өнуі- бұл тыныштық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сігіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады. Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж.б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғал ойынша қолайлы 1990жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18,6°С және 12,8°С болғанда тиісінше күздік бидай 6 және 8- тәулікте егін береді.

Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғарыболуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйініненекіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды. Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі. Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады. Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа тампературасы 18-20°С.

Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С, АЛ барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75-80% деңгейінде қалыптасады.

Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады.

Күнбағыс (лат. Helianthus) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диаметрі. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады. Күнбағыс сабағының гүлінде 35 пайыз калий тотығы бар, әйнек, сабын және бояу үшін шикі зат алынады. Өзегі де іске жарайды, одан қағаз жасайды, жасанды жібек алынады. Бұл өсімдіктің бағасын айта отырып, оның ерекше себет гүлімен таныспай кеткеніміз жөн болмас. Егер табақтай болып тұған себетке көңіл аударсақ, ол бір ғана гүл емес, кейде 1000-1500 жеке гүлдерден тұратын гүлшоғыры екенін анықтаймыз. Олардың әрқайсысының атқаратын міндеттері бар. Мысалға, себеттің шет жағындағы гүлдердің алыстан көз тартатын алтын түстес сары күлтелері бар. Бұл гүлдер түгелдей ұрпақсыз және қонған бунақдене одан түк таппайды. Оның есесіне жорғалап жүрген бунақдене себеттің ортасындағы гүлдерден бал-шырын табады. Ал себеттің ортасын алып жатқан гүлдер жасына қарай орналасқан. Ең жас гүлдер себеттің ортасында болады да, шетке қарай біртіндеп ерексектері ретімен орналасады. Егер бунақденелер уақытында айқас тозаңдануды атқара алмаса, олар өздігінен, бірін-бірін тозаңдандыра береді. Себеттің жиектеріндегі кішкене жапырақтар гүлді жас кезінде суықтан және ауру туғызатын жәндіктерден сақтау қызметін атқарады. Күнбағыс өсімдігінің жапырақтары – ұзын, ірі, сабақты болып келеді, формалары сопақ жүрек тәрізді үшкірленген және шеттері егеу сияқты қалың түктер мен жабылған, жиектері ара тісті, иректелген, ірі, ұзындығы 10 - нан 40 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары сабақтың төменгі жағында біріне - бірі қарама - қарсы, содан кейін кезектесіп орналасады. Төменгі жапырағы 3-5 жұптан, ал қалғандары кезекпе –кезек орналасқан. Ерте пісетін сорттарында 15-25-ке дейін, ал кеш пісетін сорттарында -30 -35- тен астам жапырақ болады. Күнбағыс өсімдігінің жемісі - тұқымша, жұмыртқа пішінді, ол дәннен, жұқа тұқым қабығы мен қапталған және тері сияқты ұрықтан тұрады. Күнбағыстың себетінде жақсы өніп-өсуіне жағдай жасалған  жағдайда 1000-1200-ге дейін тұқым (дәнек) пайда болады. 1000 тұқымша массасы майлы сорттарында 40- 80 г. Сортымен агротехникасына байланысты қауыздылығы -28-56 % дейін жетеді. Тұқым құрамына енетін түршелерді апробациялауда ақ, күміс, қара бұрышты, қара - күлгін, сұр, жолақсыз және жолақты қоңыр тұқымшалардың түсі мен (қабықтылығы) панцирлігі бойынша анықталады. Қара бұрышты тұқымшалардан айырмашылығы қара күлгін тұқымшалар суды күлгін түске бояйды. Күнбағыстың түршелерін осы белгілері бойынша қай топқа жататындығын анықтайды.Тұқымшаларының барлық формалары 3 негізгі топқа біріктіріледі: Күнбағыс өсімдігінің –тұқымшасының көлемі, қауыздылығы және майлылығына қарай үш топқа бөлінеді: 1.Майлы. Күнбағыс өсімдігінің майлы формаларымен сорттарының ерекшеліктері – ұсақ тұқымша (ұзындығы 7-13 мм және ені 4-7мм), ядросы тығыз толтырылған. Тұқымшаның жеміс қабығы жұқа, тегіс. Май мөлшері 63 % дейін. Селекция үрдісінде тұқымша қабықтылығы 40-50  % - дан 19 - 25 дейін төмендетілген. Өндірістік маңызға майлы топтың сорттары ие. Күнбағыс өсімдігін өсімдік майын өндіру үшін өсіреді. 2. Шағатын. Тұқымшасы ірі (1000 данасының массасы 170г дейін), қалың қырлы,жеміс қабығы болады. Қауыздылығы жоғары (56% дейін), ядродағы май мөлшері 35% жуық. Ядросы шекілдеуіктің ішкі қуысын толтырмайды. Тұқымшаның орташа ұзындығы 11-25 мм, ені 7,5-12 мм. Өсімдігінің сабағы биік, көп жапырақтанады және ол сүрлем дайындау үшін егіледі. 3. Аралық (межеумок). Қауыздылығы май мөлшері және өсімдіктің жалпы габитусы бойынша майлы және шағатын формаларының арасынан орын алады. тұқымшасының толықтығы жөнінен майлыға жақын болғанымен,оған толығымен сәйкес емес. Аралық формаларының тұқымша ұзындығы 11-15мм, ені 7,5+10мм. Қабықтылығы 35-45 %. Қазіргі уақыттағы күнбағыстың селекциялық сорттарын апробациялауда тек форма мөлшері тұқымның түсімен панцирлығына байланысты белгілер қолданылады. Қазақстанда аудандастырылған күнбағыс сорттары тұқымша бояуы бойынша төмендегідей 3 топқа ажыратылады: күңгірт жолақты - қара сұр жолақтары бар; сұр жолақты- сұр ақ жолақтарымен; қара бұрышты; қоңыр. Әдеттегідей емес шағылатын форманың тұқымшасы (қара –күлгін) ақ және күміс түсті. Ақ, сұр жолақты тұқымшалардың панцирлығы булау және тырнау әдісімен анықталады. Өсу жағдайларымен талаптары. Вегетациялық кезеңі күнбағыс өсімдігінің сортына және орналасқан аймағына жерінің өңделуіне байланысты 90-100 (ерте пісетін сорттар үшін) күннен 100-125 күнге дейін (орташа пісетін сорттар үшін) ауытқып отырады. Күнбағыс тұқымы 3-50 С өне бастайды. Өсіп жетілуге ең қолайлы температура 16-180С есептелінеді және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күн дегенде пайда болады.Күнбағыс өсімдігінің тұқымы 3-50С температурада өне бастайды,дегенмен өнуі өте жай болады 22-26 күннен кейін ғана өніп шығады.10-140С темперетура жағдайында 10-12 күннен кейін өсіп шығады. Өркенде -5-60С үсікті жеңіл көтереді. Гүлдену кезеңіне қарай жылуға қоятын талабы арта түседі де гүлдену мен кейінгі дамуынан +25-27 0С температурада қолайлы деп есептелінеді. Күнбағыс жоғарғы температураны 8-10 сағат бойы тұрақты түрде көтере алады. Басқа дақылдар мен салыстырғанда ол аз зақымданады, транспирация күшінің нәтижесінде және өсімдік бойындағы түктердің жылу сәулелерін шашыратып жіберетіндіктен жоғары температура мент аңызақ пен күйікке ұшырамайды. Толық вегетациялық кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-25000С. Сонымен қатар ерте және орташадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткішінен 1900-21000С тең. Күнбағыстың өсіп даму вегетациясында мынадай фенелогиялық кезеңдерге ажыратылады: көктеу, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы, қауыздануы (себеттерінің түзілуі), гүлденуі, пісуі. Себетаралық дәуірдің ұзақтығы сорт пен өсіру ерекшеліктеріне тәуелді. Күнбағыс егуге топырақты дайындау – сүдігер, немесе негізгі өңдеу және көктемгі тұқым себералды өңдеу жүйелерінен тұрады. Топырақты сүдігерге өңдеуге 5-7 см, немесе 8-12 см жыртуалды сыдырту, сонан соң 25-28 см тереңдікке жырту тырмалаумен бірге, ал кейбір жеке аймақтарда, егер ауа райы мүмкіндік берсе 6-8 см күзгі қопсыту кіреді.

Топырақты сүдігерге өңдеудің мерзімі мен тереңдігінің маңызы ерекше.

Сыдырту мен күзгі жырту кешеуілдесе күнбағыс өнімі төмендеп кетеді. Жыртудан кейінгі тырмалау мен қопсыту сүдігерге жыртылған жердің тегістелуіне және топырақтан ылғалдың жоғалуын азайтуға септігін тигізеді. Топырақты терең өңдеу жырту қабатында ылғалдың жиналуына және күнбағыстың тамыр жүйесінің жетілуіне ықпал етеді.Органикалық және минералдық тыңайтқыштар тұқым өнімі мен оның майлылығын көбейтеді және өсімдіктің транспирациялық коэффисентін азайтады. Күнбағыс көңді өте қажет етеді, оны күзде сүдігер жыртқанда гектарына 20-30 т мөлшерінде береді.

Себу мөлшері мен тереңдігі күнбағысты қандай тәсілмен егетініне және топырақтың механикалық құрамына байланысты. Шаршы-ұялы тәсілде 1 гектарға – 8-10, ал кеңқатарлыда 12-14 кг тұқым себіледі. Күнбағысты күтіп-баптау – көгі шықпай тұрып тұқым топыраққа жақсы жанасу үшін нығыздаудан және де топырақтың үстіңгі қабаты қатыңқырап, немесе қабыршықтанып кеткен жағдайда ротациялық шабықтауышпен немесе жеңіл тырмалармен қопсыту жұмыстарын атқарудан тұрады.

Күнбағысты жинауды пісудің ең бас жағында бастайды және қысқат мерзімде аяқтайды. Өнім піскендігінің белгісі – егістегі өсімдіктердің 60-70% себетінің астыңғы жағының сарғая бастауымен төменгі жапырақтарының құрғауы. Арнайы бейімделген комбайнмен (СК-5-1M «Нива» комбайн)[сурет 2] себетін және сабағын бөлектеп орады. Себеттер майдаланып туралады да тұқымы бөлек жиналады, ал орылған сабақтар тракторлы тырмамен жиналып танаптан алып кетіледі. Ұсақталған себеттерді малға жемге пайдаланады немесе шырынды жемдермен қосып сүрлейді. Қазақстанда күнбағыстың май өндіру үшін өсірілетін 25 сорты бар:Күнбағыс Украинада, Кубаньда, Солтүстік Кавказда, Орталық қара топырақты аймақта, Батыс Сібірде далаға сары кілеммен жабу жауып сәндендіріп тұрады. Қазақстан ерте және тез пісетін Саротовская 10, Саротовская 169, Шортандинская 41, Костанайская 91, Енисей, т.б. сорттары егіледі. Бұл сортардың әр гектарынан 10-12 центнерден май алынады.  Ариавирец, Восход, Заря, Казакстанский 1, Скороспелый 87, СПК (кондитерлік) және т.б.. Соңғы жылдары (2005-2007 жылдары) Казакстанский 7, Казакстанский 465, Принтасол ХД- 4917, Сұңқар және Гүлбағыс сорттары аудандастырылды. Күнбағыстың елімізде өсірілетін сүрлемдік сорттары –Армавирский 3497 улучшенный, ВНИИМК 8931 улучшенный, ВНИИМК 6540 улучшенный, Маяк, Передовик улулшенный және Восход. Жалпы күнбағыс өсімдігінің сорттары вегетациялық кезеңдерінің ұзақтығына байланысты төмендегі мынадай топтарға ажыратылады.1.Тез пісетін: Юго-Восточный, Қостанайлық 91, Армавирец, Шортандинский 41, Енисей, Чернянка 66; 2. Ерте пісетін: ВНИИМК 8883, Саратовский 169, Армавирский 9343, Воронежский 109, Воронежский 151, Воронежский 154. 3. Орташа  мерзімді пісетін: Армавирский 3497, Саратовский 10, ВНИИМК 8931, ВНИИМК 1646, ВНИИМК 6540, Степняк (К-1483), Передовик, Смена, Зеленка 368. Күнбағыс өсімдігінің тұқымын жыл сайын пайдалана берсе, оның шығымына қоса өнімділігі де кемиді. Осыны  ескеріп, бүгінде өзінің күнбағысымен әлемге танылған Украйнамен іскерлік байланыс орнатылып, сол елден әкелінген будан (гибрид) тұқымдарды өз топырағымызға жерсіндіріп, тұқымды жақсарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Күнбағыстың өнімін алу технологиясы. Күнбағыс - еліміздегі майлы дақыл. Оның дәні май өндіретін өнеркәсіп шикізаттарының 90 пайызға жуығын құрайды. Күнбағыс дәнінде майдың мөлшері 55-60 пайызға дейін. Майдың дәмдік сапасы өте жоғары болғандықтан – тағам, кондитерлік зат, консерві, маргарин дайындауға пайдаланылады. Күнбағыс майының тағамдық өнім ретінде ерекше құндылығы, онда өте жоғары биологиялық белсенділігімен ерекшеленетін көпқанықпаған майлы линоль қышқылының болуында. Адамның тағам рационы құрамында осы қышқылдың болуы, денсаулық жағдайына оң әсер ететін ағзадағы эфирлердің метаболизмін жеделдетеді. Май қышқылдарынан басқа, күнбағыс майы құрамына фасфатидтер, дәрумендер (А, Д, Е, К) және адам үшін өте құнды тағамдық қоспалар кіреді. Күнбағыс майы сабынқайнатуда, әліпмай алуда және стеарин мен олейн қышқылдарын өндіруде қолданылады. Күнбағыс дәнінен ертіндімен майды экстракциялауда алынатын күнжара мен күнжара ұны-бағалы концентратталған малазық. 100кг күнжарада-109, ал күнжара ұнында 100 малазық өлшем болады. Фосфор мен кальций мөлшері бойынша олар дәнді дақылдардан асып түседі. Күнбағыс дәнінің күнжарасы, сондай-ақ гексозды және пентазды қант өндірісіне бағалы шикізат. Гексозды қант этил спирті мен малазықтық ашытқылар, ал пентозды, жасанды талшық, сынбайтын әйнек және басқа химиялық материалдар дайындауда қолданылатын фурфорлар алу үшін пайдаланылады. Күнбағыстың қазіргі сорттарынан күнжараның шығымы 18-20% (тұқым масасынан). Күнбағыстың майдалап туралған себеті малға жемге (1 кг-да 0,8 малазақ өлшем) жарайды. Күнбағыс сабағы қағаз алуға және орманы жоқ жерлерде отынға пайдалынады. Сабағын жаққанда алынатын күлінде 35% жуық калий тотығы бар. Ол сабын қайнатуда, шыны өндіру және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданатын «поташ» алуға пайдаланылады.Күнбағысты сүрлемдік азық дайындауға және далалық аймақтарда қортоқтату үшін ықтырма есебінде де егеді. Отамалы дақыл ретінде  күнбағыс дәнді және басқа да дақылдарға, егер оның қодрендерін толық жойып жіберсе, жаман алғы дақыл болмайды. Күнбағыс – құнды бал шырынды өсімдік. Күнбағыс сабағы тік өседі, қуатты, тікенекті түктермен көмкерілген; майлы сорттары бұтақтанбайды, биіктігі 0,6-2,5 м. Жапырақтары ірі,сағақта, сабақта кезектесіп және қарама- қарсы орналасқан, сопақ, жүрек пішінді, түкті. гүл шоғыры - диаметрі 15-20 см және оданда жоғары себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, ал ортасында, қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Себеттің гүлдеуі созыллыңқы және 7-10 тәулікке созылады. Жемісі – шекілдеуік, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. Майлы сорттардың 1000 шекілдеуігінің массасы 40-80 г және қауыздылығы қабықтылығы 28%.

Күнбағыс өсімдігін аурулары мен зиянкестері. Күнбағыстың негізгі аурулары боз шірік, сұңғыла. Күнбағыс әсіресе жалған ақ ұнтақ ауруына қатты шалдығады және сұңғыладан көп зардап шегеді.Сондықтан оны бұрынғы орнына 7-8 жылдан ерте қайтармау керек. Бірақ өндіріске сұңғылаға төзімді сорттар енгізсе, бұл мерзімді қысқартып, ауыспалы егісте осы бағалы майлы дақыл үлесін көбейтуге болады. Күнбағысты майбұршақ, асбұршақ, үрмебұршақ, қызанақтардан кейін орналастыруға болмайды, себебі олардың күнбағыспен аурулары ортақ. Зерттеу жылдарында ауруларға және зиянкестерге төзімді күнбағыстың бірнеше тұқымы бөлініп алынды. Майлы күнбағысқа селекциялық жұмыс кезінде облигатты немесе факультативті паразитизмге байланысты жалпы ереже ескерілуі тиіс. Күнбағыстың облигатты және факультативті потогенге иммуниттеті бойынша өткен ғасырда жинақталған ілімді жүйелеуді және ойластыруды қажет етеді. Осы ақпаратты талдауды Т.С. Антонова (1999 ж.) орындады. Оның тұжырымдауынша, жабайы өсетін көп жылдық күнбағыс түрінің қоршаған орта өзгерісіне тұрақты. Күнбағыстың осындай иммунитеті оның қыртысты ұлпасына байланысты. Ал екпе күнбағыста осы механизм қоршаған орта жағдайының әсеріне орай едәуір дәрежеде өзгеріп, белгілі бір кезеңде иммунитеті әлсіреп, ауруға шалдығады. Мәселен, «Б» биотипіндегі жалған ақұнтақ және гоусторий сұңғыласының мицелийлері өсімдік тамыры мен сабағының қыртысты паренхимасында мекендейді. Өсімдік сабағы мен қауашағының қыртысты ұлпасы склеротиниямен, эмбелиозбен және басқа да потогендермен зақымдауына төтеп береді. Тұтастай алғанда селекциялық жұмыстарда күнбағыстың ауруға иммунитетінің ойдағыдай болуы потогендердің ену ерекшеліктерін және олардың өсімдікте мекендейтін ортасын білуге, сондай- ақ облигатты паразиттердің кейбір түрлеріне қарсы тұрақтылығының ерекше факторларын білуге негізделуге тиіс. Күнбағысқа ауруды қоздыратын саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың және гүл паразиттерінің 80-нен астам түрі болады (Пивень В.Т,1998 ж.).

Саңырауқұлақ ауыруларында ең көп таралғаны және зияндысына жататыны –ақ (склеротиниоз) және сұр шірімесі. Ақ шірмесінің қоздырғышы – Sklerotinia sklerotiorum Lib саңырауқұлағы, ол факультативті паразит, қоректену сапасы бойынша - полифаг, өсімдіктің 360-тан түрімен қоректенеді. Саңырауқұлақтар екпе өсімдіктерді де (күнбағыс, рапс, қытай бұршақ, асбұршақ, қызылша, кортоп т. б.), сондай –ақ арамшөптерді де (қалуен,жусан,бақбақ,егістік қыша т.б.) зақымдайды.

Сұр шірімесі қоздырғыш – Botrytis cinerea Pers саңырауқұлағы, зақымданған өсімдік қалдығында, сондай-ақ тұқымдық материалдар сақталады. Күнбағыс өсімдігін өсіруде тыңайтқыштарды пайдалану. Қазіргі уақытта егіншілікте пайдаланылатын тыңайтқыштар бірнеше топқа бөлінеді.Олар минералды, аргоникалық микротыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштар егіншілікте көп таралған. Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін әр түрлі жағдайларды жете білу керек. Олардың қатарына топырақ түрлері,оның қасиеттері, дақылдардың түрлері, өсу және қоректену ерекшеліктері жатады. Шынында да осы айтылған факторлар тыңайтқыштарды тиімді пайдаланудың негізін құрайды, олардың әрқайсысының өзіндік орны бар. Бұл факторлардың өзгеруіне және түрлі ерекшеліктеріне қарай тыңайтқыштарды қолданудың түрлері ғана емес, мөлшері және мерзімдері де өзгеріп отырады.

 Күнбағыс өсімдігі (зәмбіл гүлінің) яғни себетінің пайда бола бастағанынан гүлдеу кезеңіне дейін азот тыңайтқышының көп мөлшерін пайдаланады.Ал фосфор тыңайтқышын көктеуден гүлдеуге дейін, сондай-ақ себет құрғаннан пісіп жетілгенге дейін калийді пайдаланады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар тұқым өнімі мен оның майлылығын көбейтеді және өсімдіктің транспирациялық коэфицентін азайтады. Күнбағыс көңді өте қажет етеді, оны күзде сүдігер жыртқанда гектарына 20-30 т мөлшерінде береді. Күнбағыс азотты ең көп мөлшерде көктеп шыққаннан көктеп себеттенгенге дейін пайдаланады, осы кезеңнен гүлденгенге дейін барлық қажетті фосфордың 75% жуығын өсімдік пайдаланып қояды, ал калийдің ең көп мөлшері –гүлдеуден балауызданып піскенге дейін қажет. Күнбағысқа топырақ құнарлығына байланысты минералдық тыңайтқыштардың 1 га қажетті орташа мөлшері:N-60-80 кг,P2 O5-90-120 және K 2O-60-80 кг. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды үйлестіріліп берген өте тиімді.Түйіртпектелген суперфосфатты қатарға тұқым себумен бірге енгізгенде күнбағыстың тұқым өнімі әлдеқайда көтеріліп,майлылығы артады және тыңайтқыш аз жұмсалады. Күнбағысқа пештің күлі де жақсы тыңайтқыш.Оны тұқым себералды қопсытуда, гектарына 5-6 ц мөлшерінде берген дұрыс.

 Санай. Өсімдік бойы биік, бұтақталмаған. Себеті жартылай төмен қарап орналасқан, көлемі – орташа,пішіні (тұқымы жағынан) аз дөңестелген. Тұқымшасының көлемі – майда, пішіні- жіңішке жұмыртқа тәрізді болып келеді. Біржылдық сынақ бойынша вегетациялық кезеңі - 128 -135 тәулік. Далалы аймақтары үшін орташа өнімділігі әр гектарына -25,8 ц, ал Орманды дала аймақтары үшін әр гектарына - 26,2 ц; потенциалдылығы әр гектарына - 41,6 ц. Құрамында 48,7-49,0 пайыз май, 17,4-17,9 пайыз ақуыз болады. Құламайды, дәндері төгілмейді, құрғақшылық қа төзімді болып келеді. Сынақ барысында аурумен зақымдалуы орта шамадан төмен дәрежені көрсетті. Күнбағыстың бұл сорты Далалы аймақтары үшін ұсынылады.

Күнбағысты жинау агротехникалық шаралар:

Сурет 1.CK-5M-1техникасына жөңдеу жұмыстарын жүргізу.

Сурет 2.CK-5M-1текникасының егістікке шығуы.

Сурет 3. CK-5M-1текникасының жұмысы басталған сәт.

Сурет 4. CK-5M-1текникасының  2 айналым жасағандағы бункері.

Сурет 5. CK-5M-1текникасының 3ші айналым жасау сәті.

Мақсары дақылы тәлімі егіншілікте май өндіру мақсатында өсіретін ең қолайлы өсімдік. Егістік көлемінің жылдан - жылға көбейуі бұл дақылға деген сұраныстың артқандығын аңғартады. Мақсары дақылынан тұрақты мол өнім алу үшін уақтылы егудің маңызы ерекше. Оның негізгі себептері себілген тұқым өзіне қажетті ылғалды сіңіріп біркелкі өскін береді, ерте себілген мақсары зиянкестермен аз зақымдалады. Сондай ақ, дақылдың өсіп даму кезеңдері қалыпты жүріп, өнім құрылымының тұрақты қалыптасуына қолайлы жағыдай жасалынады. Мақсары дақылының өскіндері көктемгі суыққа төзімділігін ескере отырып, қалыптасқан ауа райына байланысты, ылғалы аз қамтамасыз егілген тәлімі аймаққа наурыз айының алғашқы кезінде себу жұмыстарын жүргізуге, ал ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақта наурыз айының бірінші жартысында, ылғалмен толық қамтамасыз етіген тәлімі аймақта наурыз айының екінші жартысында егу тиімді болатынын ескереміз.
Егіс алқаптары күзде жыртылған жағдайда топырақты тырмалау жұмыстарын жүргізу топырақ дегдісімен сапалы, уақтылы орындалса, танаптың арамшөптермен ластану дәрежесіне қарай, қыстап шығатын немесе қос жарнақты арамшөптерге қарсы 10-12 см тереңдікте қопсыту тиімді агротехникалық тәсіл. Егер де егістік алқаптарға түрлі себептерге байланысты күзде негізгі өңдеу жұмыстары жүргізілмеген жағдайда, көктемде танапты аудара жырту тиімсіз, себебі жинақталған ылғалдың буланып кеуіп кетуі ықтимал сондай ақ, танап топырағы толық отырмайды, нәтижесінде егілген екпе дақыл көктері біргелкі шықанымен көктемгі жауын – шашын әсерінен топырақтың төменгі қабаты отырып өсімдіктің алғашқы нәзік тамыршалары үзіледі, бұл танаптағы мақсары дақылының өскіндері санының азайыуына әкеледі. Алайда мұндай келеңсіз жайыттарды болдырмау үшін көктемгі дала жұмыстарын негізгі өңдеусіз, яғни жеңіл өңдеу арқылы (ЛДГ-10, БДТ-3 агрегаттарымен) одан кейін СЗ-3,6 кәдімгі өндірісте ертеден қолданып жүрген астық дақылдарын себуге арналған дәнсепкіштің қатар аралығын 30 см, немесе СЗС -2,1 дән сепкішімен тікелей егуді жүргізудің маңызы ерекше. Жаңа үнемді технология мен тікелей себу егістік танапта алғы дақылдың өсімдік қалдықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл топырақтың беткі қабатында қарашірік мөлшерін арттырып қана қоймай, қуаншылық жылдары күннің тікелей түсуінен топырақтағы ылғалдың булануын тежейді. Сонымен қатар, егістік алқаптың жел және су эрозияларына қарсы тұру қабілетігін арттырады.

Мақсары (мақсыр лат. Carthamnus) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, майлы дақыл. Негізгі отаны – Эфиопия мен Ауғанстан. Сабағы тік, бұтақты келеді, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры – себет, бір өсімдікте 5–6-дан 30–50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20–50 г. Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді. Өсу мерзімі 90–150 күн. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы), өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. 1 гектарға 6–10 кг тұқымды 5–6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45–60 см етіп себеді. Әр гектардан 8 ц-ге дейін өнім алынады. Мақсары тұқымынан 25–35%, дәнінен 46–60% май, гүлінен бояу алынады. Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы – құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары сүрлемге қосылады, тұқымы құстарға жақсы азық болып табылады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен Мақсарыны кейде егістік алқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 — 15 м жерге егіп отырады. Мақсары – қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындаса, Түркияда түрлі сабындар шығарады. Ал тастың өзін кәдеге жарататын қытайлықтар түрлі дертке шипа болатын дәрі-дәрмектер өндіруде. Ал біз қалдықтың өзін кәдеге жарата алмауымыздың салдарынан әзірге малға азық етудеміз. Соның өзіне шүкіршілік деуден басқа амал жоқ. Табиғаты жайлы оңтүстік облыстар үшін мақсары өсіру таңсық емес. Ал, аудан аумағындағы бірқатар өңірлерде көптеп өсірілуде. Тіпті құнарсыз деген жердің өзінде де мақсары өсіру қолға алынуда. Бұл майлы дақылдың түсімі биыл өткен жылғымен салыстырғанда 5,1 центнер болып, 0,2 центнерге артқан. Ең жоғары түсім гектарына 7 центнер екенін ескерсек, биылғы жиналып жатқан өнім аудан үшін ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

2.3  Өндірістік тәжірибие барысындағы өзіндік зерттеулер

 

    Мамыр айының 22-сінен маусым айының 25 аралығында «Адлет» шаруа қожалығында өндірістік тәжірибеден өту барысында астық дақыдарын егу, танапты егіске дайындау жұмыстарын көріп тәжірибе жасадық.

    Зерттеу жұмысы барысында астық дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен таныстым. Зерттеу жұмысым ретінде алған өсімдік – арпа.

Арпа – дәнді - дақылдар тобына жататын біржылдық, екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдік. Арпа, бидай секілді ертеден өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл. Бидайға қарағанда, арпа ыстыққа да, суыққа да, құрғақшылыққа да төзімді. Ол тропикалық аймақтарда да, ыстық араб елдерінде де, суық солтүстік Норвегияда да, Тибетте 4700 м. биіктікте де өсе береді. Еуразия, Америка, Африкада арпаның 30-ға жуық түрі тараған.Арпаны жем және азықтық тағам үшін өсіреді. Бір гектардан 15-30 центнер өнім береді.Арпаның агротехникалық та өте маңызды жақтары бар:арпа егістігі көктемде танаптарды арамшөптерден толық тазартуға мүмкіндік жасайды.

Таралуы мен өнімі. Арпа бидай сияқты ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл.Оның шыққан тегі Алдыңғы Азия деп есептеледі.Дүниежүзілік егіншілікте астық дақылының ішінде арпа маңызды орын алады және жыл сайын 30 млн.га астам жерге себіледі.Арпа сүріден кейін 4-5 дақыл ретінде өсіргеннің өзінде бидайдан 1,5-2,0 ц/га артық астық өнім береді.Сондықтан арпаны ауыспалы егіске енгізу астық өндірісін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз етеді.

Ботоникалық сипаттамасы. Агрономиялық тәжірбиеде мәдени арпа үш түр тармағына ажыратылады:көпқатарлы,қосқатарлы,аралық.Жалпы арпа ұзақ күннің өсімдігі.Тамыр жүйесі шашақты,сабағы сабан,бидайға қарағанда беріктілігі әлсіздеу,соның нәтижесінде жапырылуға көбірек бейім.Гүлшоғыры-масақ піскенде төмен қарай иілгіш және тамырында ұзақ тұрып қалса сынғыш келеді.

Биологиялық ерекшеліктері. Арпа қысқа өсіп,жетілу кезеңді дақылдар қатарына жатады.Солтүстік Қазақстанда өсірілетін сорттарының өсіп,жетілу кезеңінің ұзақтығы-68-80 тәулік.

Тыңайтқыш жүйесі. Фосфор тыңайтқышы тамыр жүйесінің дамуына себеп болады,фенологиялық кезеңдер мен пісуін жеделдетеді,астықтың өнімі мен сапасын арттырады.Арпа тыңайтқыштардың соңғы әсерін жақсы пайдаланады,сондықтан фосфор тыңайтқыштарын сүрі танабына бүкіл ауыспалы егіс айналымына есептеп енгізген дұрыс.

Тұқымды себуге дайындау тазалау,іріктеу,дәрілеу,құрғақ ауада қыздыру және басқа арнаулы шараларды қарастырады.

Себу мерзімі.Арпа барынша ерте мерзімде себілетін дақылдар қатарына жатады,ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлерде танаптарға алғашқы шығу мүмкіндігі туғанда себеді.

Себу тәсілі.Әзірше арпаның негізгі себу тәсілі,басқа дәнді дақылдар сияқты,жаппай қатардағы себу болып табылады,бірақ ылғалды аймақтарда тар қатарлы және тоғыспалы тәсіл жақсы нәтиже береді.

Егістікті күтіп баптау.Арпа егістігін күтіп,баптау мынадай агротехникалық шараларды қарастырады:себуден кейін топырақты тығыздау,көктеуге дейін және көктегеннен кейін егістікті тырмалау,ауруларға,зиянкестерге және арамшөптерге қарсы күрес.

    Донецкий-8 сорты-орташа мерзімде пісетін сорт,жапырылып қалмауға орташа төзімді.Қара күйемен ортадан жоғары және жоғары дәрежеде залалданады.1000 тұқымның массасы 41-50г.Солтүстік Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.(Сурет 6)

 

Сурет 6.Арпаның «Донецкий-8» сортының көктеп шығуы.

Қорытынды

Тамыз  айының 29-нан қараша  айының 4-ті аралығында мен өндірістік тәжірибемді Үржар ауданы Атыншоқы ауылындағы «Адлет» шаруа қожалығында өткіздім. Тәжірибе барысында  дәнді дақылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен танысып,оларды өсіру технологиясын меңгердім. Сонымен қатар дақылдарды зерттеу түрлерін тәжірбие жүзінде өткізіп бақылау жасадым. Тәжірбие өткен жерім туралы толық мәліметтерге қол жеткіздім.Шаруа қожалықтың климаты мен топырағының ерекшеліктерін байқадым және де оны жалпы Шығыс Қазақстан өлкесінің климаттық және топырақтық белгілерімен салыстыру жұмыстарын жүргіздім. Оқу үрдісінде алған теориялық білімдерімді өндірістік тәжірбиеде қолдана білдім. Адлет қожалығының  директоры көптеген өзінің тәжірибелерімен бөлісіп көптеген жұмыстарды көрсетті. Қожалықтан көптеген тәжірибе жинап қайттым. Шаруа қожалықтағы жаңа техникалардың жұмыс істеу принциптерімен, дәнді дақылдарға пайдаланылатын Қазақстанда рұқсат етілген әртүрлі гербициттердің түрлерімен танысып,олардың пайдалану мөлшерімен таныстым. Сонымен қатар Адлет қожалығының директоры мені Үржар ауданыңдағы арнаулы лабараторияларға жіберіп,өсімдіктің өсу процесімен, дамуымен қатар ауруға төзімділігін тексеру жұмыстарын үйретті. Дәнді дақылдардың әртүрлі ауруларымен зиянкестерімен күресудің жолдарын іздедім. Лабароториядағы зеттеу жұмысының негізгі мақсаты дәнді дақылдардың өнімділігін тексеру.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жаңабаев, Қ. Саудабаев, Т. Сейітов, И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы / Қ.Жаңабаев. Т. Саудабаев. И. Сейітов- Алматы: Қайнар, 2000. - 342-344 б.

2. Өсімдік шаруашылығы./ Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, т.б. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 472 б.

3. АубекеровТ.А. «Өсімдік шаруашылығы және селекция»
- Алматы: Қайнар, 2001. – 215 б.

4. МырзахановН.М. «Ауыл шаруашылығына арналған тәжірибе құралы», Алматы: 2005. - 136 б.

5. Агроинженерлік атаулардың орысша – қазақша сөздігі. – Ы. Алтынсарина атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 2000. - 140 б.

6. В.Н.Корчагин. «Бау-бақша үлескісінде өсімдіктерді аурулармен зиянкестерден қорғау» Справочник. М, Агропромиздат. 2003. - 96 б.

7. Федосеев, А.П. Агротехника и погода / А.П Федосеев. 2004. - 227 б.

8. А.Т.Туленкова А.Т. «Көкөніс дақылдарының ауруларымен зиянкестері, олармен күресу шаралары» М.Россельиздат. 2007. - 112 б.

9. Интернет желісі: http://asetkz.ru/blog/26-bau-bakshany-egudi-zhosparlau.

10. Сейітов И., Саудабаев П. Агрономия негіздері.// Алматы, 1991.- Б. 156-162.

11. Амралин А.У. Егіншілік практикумы-2.//Астана,2005

12. Корляков.Н.А. Агрономия с оснавами ботаники.//-Москва

13. Шестакова.Н.А.Өсімдік шаруашылығы.//2000.

14. Г.А Глушов.Агрономия негіздері//

15. Ысқақов М.А.Агрономия негіздері//- Астана,2011.-Б.55-66

16. Мухитдинов.Ә.Р,Бегенов.А.// Өсімдіктер морфологиясы.

17. Ягодин.Б.А.,Смирнов.П.М.Агрохимия.//2001.-637с

18. Елешов Р.Ж.,Елемесов Ж.К. Күнбағыс зиянкестері.//Алматы,2001

19.  Қазақстан Ұлттық энцеклопедлиясы.-// Алматы, 2003.- 5-том. К-Қ.-Б. 126-127.

20. Әріпов К., Нағымтаев А., Ысқақов М., Серікбаев Н., Жұмағұлов И. Агрономия негіздері //.- Астана:Фолиант.- 2007.-Б. 236-241.

21. Әметов Б. Ботаника.//- Алматы, 2008.-Б. 415-418.

22. Чултурова Ш.М. Справочник Агронома.-// Алматы:Кайнар.- 1975.- С.118-123.

23.  Прокошев В.Н., Глушов Г.А., Корляков Н.А., Агрономия с оснавами ботаники.-// Москва:Колос.- 1973.- 265с.

24. Сыдыков Д.А. // Жаршы: Ғылыми –теориялық және практикалық журнал // Алматы: Бастау.- 2008, шілде.-Б.15-17.

25. Иршенковой В. Использованы материалы статьей // Вего имени солнце. – Флора. -1998. -№6.

26. Терентьева Е. Подсолнечник // В мире растений -2002. -№10.

27.   Андреев Н.Г. Кормопройзводство с основами Ботаники.//- Москва, 1954.- С. 65-69.

28. Иляпединова Ш.Н. Масличная культура.-Алматы: Кайнар.-// 1976.- 101с.

29. Турсынбаев С. Б. Кормовые культуры в поукосной системе.// –Шымкент: Ғасыр-Ш.-2004.-С.96-102.

30. Карипов Р.Х., Жумагулов И.И., Амралин А.У. Егіншілік практикумы.//- Астана, 2004. -290 б.

31.  Амралин А.У. Егіншілік практикумы-2.//Астана,2005

32. Шестакова.Н.А.Өсімдік шаруашылығы.//2000.

 

 

 

     

Қосымшалар

 

Қосымша А

Сурет 1. Егістікті дайындау жұмыстары.

                                                                                              Қосымша Б

Сурет 1. Егістікке тұқым себу.

                                                                                            

 

 

Қосымша В

Сурет 1. Арпаның Донецкий-8 сортының көктеп шығуы.

                                                                            Қосымша Г


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow