Емі: антибиотикотерапия, уросептиктер, фитотерапия

Созылмалы инфекциялық ошақты емдеу.

5.Бала қандай қосымша мамандардың қарауын қажет етеді?

Мамандар нефролог,уролог,ЛОР,стомататолог.

 

12. 8 жасар қыз бала, нефрология бөліміне тез шаршағыштыққа, іштің ауырсынуына, жиі ауырсынулы зәр шығаруға шағымданып түсті. Қыз бала жүктіліктің екінші жартысы токсикозбен өткен, бірінші жүктіліктің 39-шы аптасында туылған. Баланың туылған кездегі салмағы 3300г, бойының ұзындығы 51 см. Босану кезінде ынталандыру болмаған, сусыз кезең 3 сағатқа созылған. Туылған кезінде асфиксия байқалған, реанимациялық шаралар жүргізілген. 7-ші күні шығарылды. Нәрестелік кезең ерекшеліктерсіз өткен. 1 жасқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған. Одан әрі жақсы дамыған. ЖРВИ-мен жылына 5-6 рет ауырған. Ауруханаға түскен уақыттан 4 күн бұрын дене температурасының 38,5 °С көтерілуі, бір реттік құсу, іштің ауырсынуы байқалған. Хирург қараған, хирургиялық патология анықталмаған. Түскен кезде: жағдайы ауыр, жоғары қызба, тері жамылғысы таза, шырышты қабаты құрғақ, беті қызарған. Өкпеде – везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 28 рет 1 минутта. Жүрек тондары анық, шулар жоқ. ЖСЖ – 118 соққы минутына. Іші жұмсақ, кіндік аймағы ауырсынады. Бауыр қабырғаасты аймағынан 1см шығыңқы. Зәр шығаруы жиі,ауырсынулы. Баланың ауруханада болуы кезінде денсаулығы жақсарып, температурасы қалыпқа келіп, ауырсыну синдромы жойылды.

Қосымша зерттеу мәліметтері:

ЖҚА: Hb – 118 г/л, Эр – 5,6 х 1012г/л, Лейк-10,5х109г/л, п/я – 7%, с-69%, л-22%, м-2%, ЭТЖ -15мм/сағ.

ЖЗА: белок-іздері, салыстырмалы тығыздығы -1,010, лейкоциттер-22-24 к/а, эритроциттер-жоқ.

Нечипоренко бойынша несеп анализі: лейкоциттер-14500, эритроциттер-1000.

Белсіздік үшін несеп анализі: бөлінген Ecerichia coli – 100000 микробтық дене/мл.

Зимницкий бойынша несеп анализі: Күндізгі диурез – 250мл, түнгі диурез – 750 мл, ауытқулы салыстырмалы тығыздығы – 1,010-1,020.

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок – 75,9г/л, альбумин - 60%, глобулиндер: щ 2%, ос2-15%, Р-13%, у-10%, мочевина – 6,32 ммоль/л, холестерин – 6,76 ммоль/л.

Биохимиялық несеп анализі: қышқылды титрлеу – 74 ммоль/тәу (қалыпты 48-62), оксалаттар-180мкмоль/тәу (қалыпты 90-135), зәр қышқылы 5 ммоль/тәу (қалыпты 0,48-6,0), фосфор -23ммоль/тәу (қалыпты 19-32), кальций – 3ммоль/тәу (қалыпты – 1,5-4).

Венаішілік экскреторлық урография: түбекше –астауша жүйесінің деформациясы анықталады. Несепағар кеңейген, бұралған, S –пішінді иілім және ІІ және ІІІ бел омыртқа тұсында оң жақ несепағардың тарылуы анықталады.

1.Сіздің толық диагнозыңыз?

Д /з: Зәр жолдары дамуының аномалиясы фонындағы екіншілік созылмалы обструктивті пиелонефрит. Өршу фазасы. БҚЖ-1.

2.Негізгі ауру қандай аурулар тобына жатады?

Негізгі аурулар тобы – зәр шығару жүйесі дамуының ақауы=оң несепағардың тарылуы және S-тәрізді деформациясы (майысуы) =>обструктивті пиелонефрит.

3.Генетикалық анамнездің маңыздылығын түсіндіріңіз.

Отбасылық анамнез маңыздылығы: ПН дамуына негізгі бейімдеуші фактор-отбасының басқа мүшелеріндегі бүйрек аурулары, пиелонефриттің ерекшеліктері(әсіресе анасының жүктілік кезіндегі), туысқандарында бүйрек-тамырлық алмасуының патологиялық ерекшеліктері.  

 

13. 12 жасар қыз бала нефрологта бірнеше жыл «Д» есепте тұрады. Науқаста анда – санда бактериурия, несеп сілтілі реакциялы лейкоцитарлы цилиндрлермен және көру алаңында 20-ға дейін лейкоциттер байқалып тұрады.

1.Сіздің диагнозыңыз?

Созылмалы пиелонефрит

2.Тексеру жоспары.

Сұрау, өмір тарихы, ауру тарихы, жалпы қарау,АҚ өлшеу,дене температупасын өлшеу,ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, ЗБА, зәрді бактерологиялық, зәрді бактерологиялық себу, бүйрек УДЗ-сы.

3.Бұл аурудың болжамы қандай?

Біріншілік созылмалы нефритте сауығу мүмкіндігі жоғары, екіншілік кезінде қолайлы емес: бүйрек қызметі төмендеуінің дамуы, нефросклеротикалық өзгерістер мен гипертензияның дамуы, СБЖ дамуы

14. Емханада 7 жасар қыз балада респираторлы инфекциядан кейін несебінде лейкоцитурия, лейкоцитарлы цилиндрлер пайда болды.

1.Сіздің диагнозыңыз?

 Пиелонефрит

2.Тексеру жоспары

. Сұрау, өмір тарихы, ауру тарихы, жалпы қарау,АҚ өлшеу,дене температупасын өлшеу,ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, ЗБА, зәрді бактерологиялық, зәрді бактерологиялық себу, бүйрек УДЗ-сы.

3.Бұл аурудың болжамы қандай?

Біріншілік созылмалы нефритте сауығу мүмкіндігі жоғары, екіншілік кезінде қолайлы емес: бүйрек қызметі төмендеуінің дамуы, нефросклеротикалық өзгерістер мен гипертензияның дамуы, СБЖ дамуы

 

15. 9 жасар қыз бала нефрологта бірнеше жыл «Д» есепте тұрады. Науқаста анда – санда бактериурия, несеп сілтілі реакциялы лейкоцитарлы цилиндрлермен және көру алаңында 25-ке дейін лейкоциттер байқалып тұрады.

1.Сіздің диагнозыңыз?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: