Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 15 страница

       Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.

       Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.

       Арманның негізгі ерекшелігі, оның болашақтағы іс-әрекетке бағытталғандығында, яғни арман-өзін қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Бұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады.

       Бірақ кейбір адамдар үшін арман тек іс-әрекеттің орнын ауыстырушы ретінде ғана қолданылады. Олардың армандары тек арман күйінде ғана қалады. Мұндай құбылыстың себептерінің бірі, олардың әрдайым сәтсіздікке ұшырауында. Бірқатар сәтсіздікке ұшырау нәтижесінде адам өз жоспарын жүзеге асырудан бас тартады да, тек армандап ғана жүреді. Мұндай жағдайда арман саналы, ерікті процесс ретінде, бірақ аяқсыз қалатын процесс ретінде көрінеді. Арманның бұл түрі тек негативті құбылыс ретінде қаралмайды. Бұның позитивті мәні организм жүйесін реттеу механизмдерін сақтап, қамтамасыз етуінде. Мысалы: Сәтсіздік көп жағдайда адамның негативті психикалық күйге түсуіне ықпал етеді, яғни дискомфорт немесе депрессивті реакцияға түседі. Өз кезегінде негативті психикалық күй адамның әлеуметтік- психологиялық адаптациясындағы қиындықтарға себепші болатын, дезадаптивті бұзылулар мен қандай да бір аурудың преморбидті сипаттамасын қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде көрінеді. Бұндай жағдайда арман пайда болған проблемалардан уақытша кете тұруды қамтамасыз ететін психологиялық қорғаудың өзіндік формасы түрінде роль атқарады.

       Ол негативті психикалық күйдің нейтрализациясына және адамның жалпы белсенділігі төмендеген кезде реттеу механизмдердін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

       Айта кету керек, арманның бұл түрлері белсенді ерікті саналы психикалық процесс болып табылады. Алайда, қиял пассивті формада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады.

Егер ерікті немесе белсенді қиял әдемленіп жасалынса, яғни ол пассивті қиял ырықты және ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Алдын-ала ойланып жасалынған мақстатты түрдегі қиял ерікпен байланысты емес образдарды жасайды. Бұл образдар адамның қиялында көрінеді. Адам өз қиялында өз күтіп жүрген белгілі-бір нәтижені ойлайды. Ал қиял іс-әрекетті алмастыра бастаса, тұлғаның психикалық өмірінде үстем ала бастаса, бұл психикалық дамудың бұзылғандығын көрсетеді. Бұл адамның шынайы өмірден алшақтап, өзі елестететін әлемге кетуіне әсер етеді. Мысалы: мектеп оқушысы сабаққа дайындалмай және дұрыс баға алмағасың, өзіне басқа бір өмірді ойлап табады.

       Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.

 

Қиялдағы образды қайта жасау механизмі.

Қиял процесс барысында дүниеге келетін образдар ештен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсініктер негізінде қалыптасады.

Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.

Бұл образдармен екі негізгі тип жасалынылуы мүмкін. Біріншіден, бұл образдар жаңа үйлесімдер мен байланыстарға қойылуы мүмкін. Екіншіден, бұл образдарға мүлдем бөлек жаңа мағына берілуі мүмкін. Қай жағдайда болмасын абстракцияланған образдармен синтез деп айтуға болатын операциялар жасалынады. Бұл операциялар қиял образдарын жасаудың екінші этапы болып табылады.

Синтездің қарапайым формасы сиглютинация болып табылады, яғни жаңа образды қиялда бір объектінің қасиетін екіншісіне қосу арқылы жасау. Аглютинацияға мысалы: кентаврдың образы, қанатты адам т.б.

Аглютинация өнерде және техникалық шығармашылықта кеңінен қолданылады. Мысалы: Монарда да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: ң Егер сен ойдан жасалынған жануарды шынайы етіп көрсеткін келсе, айталық жылан – оның басына иттің басын қой, оған мысықтың көзін, филиннің құлағын, арыстанның қасын, тасбақаның мойынын сал ң. Техникада аглютинацияны қолдану барасында автомобиль-амфибия т.б. пайда болды.

Аглютинация негізінде жататын процесстер әртүрлі. Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Аналитикалық қабылдаудың жетіспеушілігімен байланысты процесстер және оймен байланысты санамен бақыланатын ерікті процесстер кентаврдың образы атқа отырған адам қандай да бір жануар ретінде қабылданған кезде пайда болды. Ал қанатты адам саналы түрде пайда болды. Себебі, ол ауада тез және жеңіл қозғалатын идеяны білдіреді.

Қиялдың образдарын қайта жасаудың неғұрлым кеңінен таралған әдістерінің бірі, объектінің ұлғайту немесе кішірейту болып табылады. Мұндай әдістің көмегімен әртүрлі әдеби кәсіпкерлер жасалынды.

Аглютинация баяғыдан бар, белгілі образдарды жаңа контекстке ендіру көмегімен жүзеге асады. Бұл жағдайда көріністердің арасында жаңа байланыстар орнайды. Осының арқасында образдардың барлық жиынтығы жаңа мағына алады. Бұл процесстің белгілі бір идеясы немесе мақсаты бар. Бұл процесс толықтай бақылауға алынады, егер бұл түс болмаса себебі, түсте сананы бақылау мүмкін емес.

       Қиял образдардың қайта жасаудың неғұрлым өзекті әдістері схематизация және секцентровка болып табылады.

       Схематизация әртүрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Біріншіден, схематизация объектіні толықтай қабылданған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл әсіресе балаларда көп кездеседі. Екіншіден, схематизацияның себебі, объектіні толықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес, детальдармен бөліктерді ұмыту болып табылады.

       Ең соңғы үшіншіде, схематизацияның себебі объектінің аса мәнді емес немесе қосымша жақтарынан саналы түрде бұрып әкету. Адам саналы түрде өз назарын объектінің маңызды қажеттері мен белгілеріне аударады.

       Акцентировка образдың неғұрлым мәнді соған тән белгілерін сызып көрсету үшін қажет. Бұл әдіс шығарма образдарын жасауда процесс қолданылады. Бұл күрделі шығармашылық процесс және осы образды жасаушы адамның индивидуальды белгілі бір ерекшеліктерін көрсетеді.

 

                         Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері және олардың дамуы

Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері адамның қиялдың даму деңгейі бойынша және образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.

Қиялдың даму деңгейі өткен тәжірибенінің мағұлматтары қаншалықты терең және айқын сонымен қатар олардың жаңалығымен осы өңдеу нәтижелерінің мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршеңділігі жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес келмесе және ғажайып образдар болса, мысалы: сиқырлы ертегілердің авторларындағыдай. Қиялдың әлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен сипатталады. Әлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызыды. Қиялдың дамуы жеткілікті болмаса, эмоциональды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.

Адамдар қиял образдарының айқындылық деңгейі бойынша бөлінеді. Егер белгілі бір шкала бар есептесек, онда оның бір полюсінде қиял образдарының айқындалып өте жоғары көрсеткішті көрсететін адамдар тұрса, екінші полюсінде өте төмен көрсеткішті көрсететін адамдар тұрады. Қиялдың жоғарғы даму деңгейі өнер шығармашылықпен айналысатын адамдарда жазушы, суретші, музыкант, ғалымдарда байқалады.

Адамдар арасындаға айырмашылық сонымен қатар олардың бойындағы қиялдың белгілі бір түрінің үстем болуымен анықталады. Қиялдың көру, есту образдары жақсы дамыған адамдар жиі байқалады. Бірақта қиялдың барлық түрлері де жақсы дамыған адамдар да кездеседі. Бұлар аралас типке жатады.

Айта кету керек, адамдар дамыған бай қиялмен дүниеге келмейді. Қиял тұлғаның дамуымен оны оқыту тәрбиелеу процессімен сонымен қатар ойлау, ес, ерік және сезіммен тығыз байланыста дамиды.

 Қиялдың даму динамикасын сипаттайтын нақты қандай да бір шекараны анықтау өте қиын. Қиялдың өте ерте дамуы байқалған мысалдар көп. Мысалы: Моцарт музыканы төрт жасында шығара бастаған, ал Репин мен Серов алты жасында-ақ жақсы сурет салған. Қиялдың кем дамуы адамның ұлғайған шағында бұл процесс төмен деңгейде болады деген сөз емес. Мысалы: Эйнштейн балалық шақ кезінде көзге түсе қоймаған алайда уақыт өте келе оны данышпан кемеңгер ретінде айта бастады.

Қиялдың даму этаптарын айқындаудың күрделігіне қарамастан оның қалыптасуындағы белгілі бір заңдылықтарды көрсетуге болады. Қиялдың алғашқы көріне бастауы қабылдау процессімен тығыз байланысты. Мысалы: бір жарым жастағы балалар өте қарапайым әңгімені немесе ертегіні тыңдай алмайды. Олар үнемі басқа жаққа ауытқып ұяқтап қалады. Бірақ өздерінің басынан өткен әңгімені айтсақ ұйып рахаттана тыңдайды. Бұл жерде қиялмен қабылдаудың байланысы айқын көрініп тұр. Сәби өзінің басынан өткен әңгімені өте жақсы тыңдайды. Себебі, ол әңгіме не туралы болып жатқанын өте айқын көз алдына елестетіп отыр.

Қиялмен қабылдаудың арасындағы байланыс дамудың келесі сатыларында сақталады. Олар өз ойындарында орындықты самолетке немесе үңгірге қарап машинаға айналады. Алайда, баланың қиялындағы алғашқы образдар оның іс-әрекетімен байланысты сәби армандамайды. Ол өңделген образды өзінің іс-әрекетіне айналдырады.

       Қиялдың дамуының маңызды этапы жаспен байланысты, сәби сөйлей бастаған кезде. Сөйлеу сәбиге қиялға тек нақты образдарды ендіріп ғана қоймай, сонымен қатар түсініктерді де ендіруге мүмкіндік береді.

       Сөйлеу зейіннің дамуымен қоса жүреді. Сәби қабылдаған заттардың жеке бөліктерін оңай бөліп қарай алады. Бірақ жеткілікті тәжірибенің болмауынан сәби шынайылыққа жақын образды жасай алмайды. Бұл этаптың негізгі ерекшелігі қиял образдарының пайда болуының ырықсыз сипат алуында. Бұл жастағы сәбидің қиял образдары көп жағдайда ырықсыз қалыптасады.

       Қиялдың дамуының келесі этапы оның белсенді формаларының пайда болуымен байланысты. Бұл этапта қиял процессі ырықты сипат алады. Қиялдың белсенді формаларының пайда болуы үлкен адамдар жағынан инициатива мен байланысты. Мысалы: ересек адам бір нәрсе жасап бер деп сәбиге ұсыныс жасаса, сурет салу тағы басқа. Ол қиял процессін белсендіре түседі. Ересек адамның ұсынысын орындау үшін сәби алғашында өзінің қиялында белгілі бір образды жасауға тиіс. Бұл процесс өз табиғатында ерікті болып табылады.

       Себебі, сәби оны бақылауға тырысады. Кейін сәби ерікті қиялды ешбір ересектің қатысуынсыз қолдана бастайды. Бұл ең алдымен баланың ойында көрінеді. Олар мақсатқа бағытталған және сюжетті бала бастайды. Баланы қоршаған нәрселер оның қиялындағы образдарды іске асыру үшін материал ретінде қолданылады. Сәби төрт бес жасында сурет сала бастайды. Бір нәрсені жасап бір-біріне қосып өз ойына сәйкес іс-әрекет жасайды.

       Қиялдағы маңызды қадам мектеп жасында болады. Білімді меңгеру үшін сәби өз қиялын белсенді қолданады.

       Мектеп жылдарындағы қиялдың дамуының тағы бір себебі оқыту процессінде бала шынайы әлемнің объектілерімен құбылыстар туралы жаңа және жан-жақты түсінік ала бастайды. Бұл түсініктер қиял үшін қажетті негізі болып табылады және мектеп оқушысының шығармашылық іс-әрекетін дамыта түсіреді.

 

Қиял және шығармашылық

       Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейімен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.

       Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Сурет, ғылыми, әдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық мүмкіндігін қандай факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады. Шығармашылық мәселесі тек психологтарға ғана қызықты болған жоқ. Неге бір адамдар бір нәрсені ойлап табады. Екіншілерінде бұндай мүмкіндік жоқ деген сұрақ көптеген ғалымдарды толғандырады. Ұзақ уақыт белгілі психологы Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды. Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза шықты.

       Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты. Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды.

  1. дайындық (идеяның туы)
  2. пісіп-жетілуі (концентрация)
  3. озарение (кенеттен шешім табуы)
  4. тексеру

       Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. Екінші деңгейдің міндеттері қежетті эффекті алу үшін объектіні өзгертуді қажет етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады.

       Үшінші деңгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді. Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілермен құбылыстар арасында іздеуге тұра келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.

       Альтилуллердің пікірі бойынша шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды әдістерінің бірі олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі борлып табылады. Мысалы: егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы әдістер арқылы бірінші немесе екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың әдеттегі салмағы асып кетеді. Бұндағы бар мәселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.

       Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне еріктілігіне қарамастан іс-әрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда өзінің заңдарына бағынады және белгілі бір әдістермен жүзеге асады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде анализ бен синтездің арқасында пайда болады. Қиял процессі түсініктердің құрамдас бөліктерге бөлінуінен және олардың жаңа үйлесімге бірігуімен яғни аналитикалық синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.

Зейін

 

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

 

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

 

Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.

 

3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия)— субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

 

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

1) интенсивтілігі;

2) жаңалығы;

3) аффективтілігі.

 

П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;

2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

 

Зейінің функциялары:

1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.

                              

 

ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗIМ

 

Эмоция жөнiнде түсiнiк

Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.

Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.

Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: