Абу Али Мохамед ибн ал-Хасан ибн аль-Хайсам 3 страница

А.Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорытуы әбден орынды. Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған. Бірақ, Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанақ, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп айта аламыз. 

Қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Исхақ Әл-Отрари, Исмаил Әл-Шаухари, Жемал Әл-Түркістани, Әл-Сығанақи, Әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.

Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, Әл-Фараби жастайынан-ақ, ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар.

Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, Араб Халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекі ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арқасында үлкен абырой-беделге ие болды. Бірақ, өресі тайыз, кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр соңында Әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері») деген соңғы шығармасында ол: «Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс», – дейді.

Әл-Фараби Александриялық (Мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол Солтүстік Сирияның жетекшісі әрі саяси қайраткері Сейд Ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды.Біздің заманға Әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз.                                                                                                    "Мұсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп Шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ, біз үшін ерекше бағалы жағы да сол – ол Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді. Әл-Фараби Аристотельдің, Әл-Қиндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы – А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров – 200 трактат деп көрсетеді.

Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор рөл атқарды. Сондықтан да, XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Әбу Әли Ибн-Сина (980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб Шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ, көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны «Әл Му'алим Әс-Сани»— «Екінші ұстаз» деп атаған.

Ұлы Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын-ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этникалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген "теорияның" негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз.

Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, Иранның, Үндінің, ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.

АЛЬ-БИРУНИ, Абу ар-Райхан Мухаммед ибн Ахмед
(4 қазан 973 ж. – 13 желтоқсан 1048 ж.)

Орта Азиялық ғалым, энциклопедист Абу ар-Райхан Мухаммед ибн Ахмед Аль-Бируни (3-сурет) Хорезм астанасы (қазіргі Өзбекстан) Кят қаласында дүниеге келген.

Бируни бала кезінен дүние, әлем туралы түсініктерге қызығушылық танытып, олар туралы көп мәліметтер жинады.

995 жылы жиырма жасар ғалым туған жерін тастап, Каспий теңізінің жағалауындағы Гурган атты билеушінің жеріне кетуге мәжбүр болды.

Туған жері Хорезмге Бируни 1010 жылы ғана оралды. Осы уақыт ішінде ол талай ғылыми жетістіктерге жетті.

        3 сурет. - Аль-Бируни   Орталық Азиядағы ғылыми мекеме -Мамун Академиясын өзі құрып, абыроймен басқарды. Бұл Академияның жоғары деңгейлігі әлемге әйгілі ғалымдар есімдерімен: Абу-Али ибн Сина (әйгілі Авиценна) және алгебраның негізін салған Мухаммад ибн Муса аль Хорезмидің қызмет еткен еңбектерімен белгілі.  Өкінішке орай, бірнеше жылдардан соң ғалым отанын тастап кетті. 1017 жылы ауғандық сұлтан шах Хорезмнен өзінің қол астындағы ғалымдарын беруді талап етті. Бируни ержүректілігін танытты, Махмуд Газневидің үйінде 17 жыл қамауда болады. Астрономия және астрология Бирунидің басты айналысқан ғылымы болды.

Астрономиядан 39 еңбек, астрологиядан – 23 еңбек жазған. 1036-1037 жж. ол өзінің басты астрологиялық еңбегі «Канон Масуданы» аяқтады. Бұл кітапта ол тригонометриялық әдіспен географиялық қашықтықты өлшеуді көрсетті. Қозғалмайтын радиусы 7,5 метр болатын квадрат, яғни, жұлдыздар мен планеталарды бақылау құралын ойластырды. Бұл құрал дүние жүзінде 400 жылдай қолданылды. 

Бируни эклиптиканың экваторға түсу бұрышын анықтап, оны ғасырлық өзгеріске әкелді. 1020 жылы оның қашықтықты өлшеу мәні 23°34'0 - қа тең болды.

Индияға сапарында Бируни жердің радиусын есептеу әдісін анықтады, бұдан «жер домалақ пішінді» деген тұжырымға келді. Оның өлшеуімен Жердің радиусы 1081,66 фарс, яғни, 6490 км болды.

Ғалым 150-ден астам еңбегін (бізге 1/5 бөлігі жетті) астрономия, астрология, геодезия, математика, география, минералогия, физика, фармакология, философия, тарих, этнография және филология ғылымдарына арнаған. Бірінші болып жер глобусын құрастырды. Аль-Бируни косинустар теоремасын дәлелдеді.

Араб тілінде 40-тан астам еңбектерін жазды, соның ішінде «Өткен күндер ескерткіштері», «Канон Масуда» және де минералогия, медицина жайлы трактаттары бар. Оның 21 бөлімнен тұратын «Өткен күндер ескеркіштері» атты еңбегі - орта ғасырдағы ғылыми энциклопедия болып саналды.

Аль-Бируни ақыр демі қалғанша ғылыммен айналысты. 1048 жылы 9 желтоқсанда қайтыс болды.


Абу Али Мохамед ибн ал-Хасан ибн аль-Хайсам 

АЛЬХАЗЕН (Ибн аль Хайсам) (965—1039) – араб оқымыстысы, Басрада дүниеге келген, ұзақ уақыт Каирда Гакема халифатында өмір сүрген.

Оптика саласында көптеген еңбектер жазды. Жарық сәулесінің бастамасы көз емес, жарқырайтын денелер деген ойын айтты. Дұрыс шешімді заңдарға сүйене келе, бір жазықтықта сәуле түсу бұрышына перпендикуляр екендігін тусіндірді. Альхазен шыны сферикалық сегменттің үлкейту әсері жайында бірінші болып ескертті.

Альхазеннің еңбектері негізінен физика, астрономия, математика, медицина және философия ғылымдарына арналған.

Альхазен атақты «Оптика асылдары» трактатының авторы, ол жеті кітаптан тұрады:

1. Көз және көру қабілеті;

2. Жарықтың таралуы;

3. Көздің көру қателіктері;

4. Айна бетінен шағылу;

5. Елестету;

6. Көздің көру қабілеттілігінің цилиндрлік айнадан шағылу қателігі;

7. Жарықтың сыну құбылысы.

Бұл трактаттың үш кітабы көздің көру қабілеттілігіне арналған.

Оның еңбектерінің арасында «Ақыл таразы», «Жарық және жарықтылық», «Птолемей әдісі негізіндегі оптика», «Анализ және
синтез» (математикалық трактат), «Геометриялық есептер жайындағы ой» (үшбұрыш және шеңбер теоремасы), «Тұтылу формалары» (камера-обскура

4 сурет. - Ай бетіндегі дақтар теориясы жайындағы трактат) және т.б. бар. «Ақыл таразы» кітабында алғаш рет ауа ауырлығына түсініктеме береді. Өзінің «Ай бетіндегі дақтар» еңбегінде дақтар орналасуы, формасы, өлшемі және жарқырауы жағынан ешқашан өзгермейді дейді. Альхазен бұл дақтар ай бетіндегі таулар мен мұхиттар шағылысуынан пайда болады деген теорияға қарсы болған. Шағылу заңына сүйеніп ғалым «жер бетіне қатысты айдың орналасуы шағылады, бірақ ештеңе байқалмайды» деген. Ай сәулесін диффузиялық бейне құбылысы ретінде, яғни қисық бетте шағылуын түсіндіреді. Ол айдың ешқандай басқа әдіспен жарық бере алмайтынын айтып өтеді. Қорытындылай келе, ай бетіндегі дақтар кей

жерлерінде жер жыныстарымен жабдықталған (4-сурет), сондықтан ол жерлер оптикалық күші жағынан төмен көрсеткіш көрсетеді деген.

Біз білетіндей, «ай теңіздері» қою түсті базальт тектес жыныстармен қапталған. Бұл жерде Альхазеннің жорамалдары тура келеді.

Альхазен «камера-обскура» құралымен әр нүктеден тараған сәуле еш өзгеріссіз бір-бірімен қиылысады деп дәлелдеген. Ол тесігі бар қараңғы камера қабырғасына әр түрлі майшам орналастырған, барлық майшамнан тараған сәулелерді бақылауға алды.

Орта ғасырда ғылыми-техникалық төңкеріс оптика саласынан байқауға болады. Бұл көптеген физиктерді әйгілі етті, олардың ішінде оптика негізін салушы ұлы ғалымдар: Абу Али Мохамед ибн ал-Хасан ибн ал-Хайсам, Аль-Бируни, Абу Райхан Мухаммад ибн Ахмад бар. 

 

Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:

1. Ортағасырлық философиялық және натурфилософиялық көзқарастар.

2. Арабтардың механикасы.

3. Альхазен және оның еңбектері.

4. Роджер Бэкон.

5. Орта ғасырдағы магнетизмнің дамуы.

6. Орта ғасырда техниканың дамуы.

7. Орта ғасырдағы механика.

8. Орта ғасырдағы оптика.

9. Линзалар және көзілдіріктер.

10. Орта ғасырдағы батыстағы ғылым.

11. Қайта өрлеу дәуіріне жалпы сипаттама.

12. Леонардо да Винчи.

13. Қайта өрлеу дәуіріндегі механика.

14. Қайта өрлеу дәуіріндегі оптика.

15. Электр ғылымының пайда болуы.

4-дәріс

XVI-XVII ғғ. ғылыми көтеріліс. Коперниктің ғылыми көтерілісі. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне күрес. ( Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі үшін күрес )

 

XVI - XVII ғғ. – физика ғылымында болған өзгерістер уақыты. Бұл өзгерістердің барлығы қоғамның даму ерекшеліктерімен экономика және идеологиялық шарттарға өзгерістер әкелді. XVI - XVII ғғ. бірінші ғылыми-техникалық көтеріліс қандай орын алды екен, соны қарастырайық.

Экономикада біртіндеп өндірістің капиталистік әдісі қалыптаса бастады. Өндіріске барған сайын жаңа-жаңа технологиялар қажет болып жатты, оған қол жеткізу үшін тек ғылым жетістіктері қажет болды. Адамзат тарихында алғашқы рет өндіріс күшінің дамуы үшін ғылымның алатын орны өте үлкен болды.

Мысалы, сол кездегі үлкен мәселелердің бірі болған Жердің пішінін қарастырайық. Адам санасындағы «Жер - шар» деген орнығып қалған факт ұлы геофизикалық ашуларға алып келді. Географиялық ашулар тек Еуропаны емес, адамдар санасын да өзгерте бастады. Әлем мүлдем басқа түрге енді – ол керемет ұлғайды, кеңістікте бағдар жасауға көмектесетін астрономиялық білімдерсіз бір қадам да аттауға мүмкін болмады. Еуропада экономикаға үлкен әсерін қолданбалы ғылымдар тигізді. Сол кездегі тоқыма станоктары еуропа елдерінінің жүздеген жылдар бойындағы экономикалық дамуын ұстап тұрды.

XVI - XVII ғғ. үлкен саяси өзгерістер болды: Голландия мен Англияда буржуаздық көтерілістер бой көтерді. Ол көтерілістердің жеңістері осы елдердегі адамдардың саяси және заңды бостандық алуларына әкелді.

Голландия мен Англияда буржуаздық көтерілістердің мақсаттарының бірі - өз арларының бостандығы, нақты өзінің қалаған дінін қабылдай алу еді. Орта ғасырлық идеологияны өзгерткен мұндай ойлар реформа әкелген христиан догматтарының (соқыр сенімге сүйенгендер) өзгерістерімен байланысты пайда болған. Осының барлығы ғылымға әсер етті. Жаратылыстық-ғылыми зерттеулерге салынған тыйымдар алынып тасталынды.

XVI - XVII ғғ. университеттік ғылым қоғамнан бөлініп алынғанда, жағдай орныға бастады. Экономика мен саясатта болып жатқан өзгерістер университет айналасына ешқандай әсер бермеді. Онда сол баяғынша классикалық білімнің мәдениеті, стилистік турнирлер, филологиялық дискуссиялар өтіп жатты. XVI - XVII ғғ. ғылыми бұрылыс университет қабырғасынан тыс болып жатты. Сол уақыттың ұлы ойшылдары – Френсис Бэкон, Рене Декарт және т.б. – университеттегі білімді сөкті. Осылай Ф.Бэкон физиканың қоғам сұранысынан қалып бара жатқанын айтты.

Дегенмен, XVI - XVII ғғ. жаратылыстық ғылымдарда көптеген өзгерістер болды. Ол алғашқы ғылыми-техникалық көтеріліс болып табылды.

Осы қиын жылдарда оқымыстылар не істеп үлгерді? Негізгі физикалық ғылымның жетістіктеріне тоқталайық.

Николай Коперниктің «Аспан сфераларының айналысы туралы» атты жұмысынан бастайық.

5 сурет. - Орта ғасырдағы геоцентрлік жүйенің көрінісі

Ұлы поляк оқымыстысы Н. Коперник жасынан математика мен астрономиямен шұғылданған. Ол әлемнің геоцентрлік жүйесін қабылдамады, ол табиғатты қарапайым деп санады. Онда Птолемей бойынша планеталардың орын ауыстыруы эпицикл деп аталатын күрделі қозғалыстар көмегімен сипатталады (5-сурет).

Планеталар мен оның серіктері қозғалыстары тәжірибелеріндегі бақылауларды жалпы түсіндіру үшін эпициклдерді бір-біріне үймелеу қажет болды. Әсіресе, Ай қозғалысының Птолемейлік әлем көрінісі бойынша түсіндіру қиын еді. Сонымен бұл сұрақ толығымен шешілмеді. Коперник Күнді ортаға орналастырып, әлемнің қарапайым жүйесін ұсынды (6-сурет). Ол бойынша аспан құбылыстарының бәрі, соның ішінде Айдың қозғалысы да нақты түсіндіріледі.

Коперниктің негізгі шығармасы «Аспан сфераларының айналысы туралы» деген әлем көрінісінің гелиоцентрлік принциптері мазмұндалған. Бұл жұмыспен 1530-1532 жж. жұмыс істеді, ал баспадан шығаруға асықпады, өйткені Қасиетті Писанияның беделін түсіргісі келмеді, өзінің теориясының көтерілістік мәнде екенін жақсы түсінді. 1530 жылдың өзінде Коперник өзінің теориясын «Аспан қозғалыстарына қатысты гипотезаларға қысқаша түсініктемелер» атты шығармасында өзінің жақтастарына арнап жазды. Бұл шығарма әсіресе, папа айналасындағыларға танымал болды. Дегенмен, бұл шығарма Виттенберг университетінің жас математигі, профессор Георг Ретикке қатты әсер етті. Ол үнемі өздері ұсынған әлем жүйесін халыққа көрсетейік деп Коперникті үгіттейтін. Ол тіпті Гданскіде гелиоцентрлік жүйе туралы мазмұнды жазылған кітап та шығарды. Ең аяғында Ретик Коперникті өзінің басты еңбегін жарыққа шығаруға көндіреді. Бұл кітап ол өмірден өтер жылы (1542 ж.) жарық көрді. Коперниктің оқуы тарих көрсеткендей жаңа жаратылыстық білімнің манифестіне айналды.

  6 сурет. - Коперниктің әлемнің қарапайым жүйесі  

Николай Коперниктің шығармасында әрқашан да бәрі нақты, дәл болған емес. Мысалы, ол өз есептеулерінде планеталардың айналмалы орбиталарын қолданған, сондықтан берілген астрономиялық бақылаулар теориясы жақсарғанды қойып, птолемей теориясы бойынша есептеулермен салыстырғанда тіпті нашарлап кеткен. 

Физикалық ғылымның дамуында Николай Коперниктің алатын орнын айтпай кетуге болмайды, ол әлемнің жаңа үлгісін ұсынған атақты кітабын шығара үлкен ғылыми ерлік іс жасады.

Ең алдымен Н. Коперник өз ойларымен адамзаттың әлем құрылысы жүйесіндегі басты жағдайдан бас тартатынын жария еткенін айта кету керек. Егер Жер бүкіл әлемнің ортасы болмаса, онда өмір сүріп жатқан адам құдай бүкіл дүниеде ең басты, дербес тірі жан етіп жаратқанына үміттене алмайды. Адам – бұл тіптен жаратылыстың тәжі, пірі емес, ол тек осы әлемнің бір бөлігі, және оның осы Бүкіл әлемдегі орнын қайта анықтау керек. Оқымыстының осындай ұстанымы, әрине ғасырлық христиан дәстүріне қарам-қайшы келді, және де христианин Н. Коперник догма мен ақиқаттың арасында қиын таңдау жасауына тура келді. Ол өз таңдауын өзінің атақты кітабын жарыққа шығару арқылы таңдады. Коперник осындай азаматтық ерлік жасады. Николай Коперник өз ойларының «бүлік» салатынын жақсы түсінді.

Әлемнің жаңа жүйесін бекіту көп ғасырлық Аристотель мен Птолемейдің беделінен бас тартуға әкелді.

Жоғарыдай айтқанымыздай, аспан шырақтарының қозғалысын жаңа теория бойынша есептеулері эксперимент қорытындыларымен сәйкес келмей жатты. Оның себебі теорияда планеталардың шеңберлік обиталары мен олардың серіктерін қолдану еді. Тек, біраз кешірек Иоганн Кеплер бұл орбиталар эллипстік екенін дәлелдеді және ол бақылаулардың мәндерінің сәйкестігіне жетті. Коперник бұл туралы білмеді, бірақ ол өзінің зор сезінуімен өз теориясының дұрыс екенін білді. Мұндай жағдайлар ғылыми зерттеулерде көп кездеседі, тек керемет дарынды оқымыстылар осындай қарама-қайшылықтарды шеше алады. Осы Коперниктің тер төккен еңбегінің арқасында идеологиялық догмалардан еркін тәжірибелерге, зерттеулерге, әлемнің танымдық ойларына негізделген жаңа ғылым келді. Коперник жаңа ғылымның көрінісі болды, ал оның ойлары бірқатар ізбасарларды, шәкірттерді өзіне тартты.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: