Пульмонология 4 курс ЖМ (бала аурулары)

 

1. Бронхит ауруына бейімдейтін факторларға жатпайды:

а. суық тию

б. ыстықтау

в. пассивті темекі шегу

г. қолайсыз тұрмыстық жағдайлар

+д. вирустық инфекциялар

 

2. Рецидивті  бронхиттің дамуында атап көрсетілген бейімдеуші факторлардың ішінде ЕҢ маңыздысы болып табылады:

а. жасанды (сүт қоспалары) тамақтандыру

б. қолайсыз тұрмыстық жағдайлар

в. баланың жасы 6 айға дейін

+г. пассивті темекі шегу

д. отбасы мүшелерінің біреуінде созылмалы инфекцияның болу

 

3. Ерте жастағы балаларда бронхиттің дамуына бейімдейтін факторларға жатпайды: 

+а. вирусты-бактериальды  инфекция

б. отбасыда мектеп жасындағы балалардың болуы

в. отбасы мүшелерінде созылмалы инфекция ошақтарының болуы

г. пассивті болуы

д. иммунитеттің төмендеуі

 

4. Атап көрсетілген  этиологиялық факторлардың бронхит ауыруының қоздырғыштарына жатпайды: 

а. грипп вирус

б. РС вирус

+в. кандида

г. микоплазма

д. хламидофилла

 

5. Балаға 1 жас, ЖРВИмен ауырып жатыр, бірақ дене қызуы 3 күннен артық көтерілуде. баланың жағдайы ауыр, бозаруы, енжарлық, тәбеттің төмендеуі байқалады.Периоральды цианоз, мұрын қанаттарының  желбіреуі  (раздувание), жөтелі ылғалды, жиі емес.Өкпесінде оң жақты жауырын астында перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жерде әлсіреген тыныс аясында майда көпіршікті сырылдар.

Атап көрсетілген болжам диагноздардың ішінде ЕҢ ықтимал диагноз:

а.  оң жақ ошақты пневмония

+б.оң жақ ошақты-жайылмалы пневмония

в. сегментарлық пневмония

г. оң жақты бөліктік пневмония

д. интерстициальды пневмония

 

6. Балаға 1 жас, ЖРВИмен ауырып жатыр, бірақ дене қызуы 3 күннен артық көтерілуде. баланың жағдайы ауыр, бозаруы, енжарлық, тәбеттің төмендеуі байқалады.Периоральды цианоз,  мұрын қанаттары желбіреуі (раздувание), жөтелі ылғалды, жиі емес.Өкпесінде оң жақты жауырын астында перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жерде әлсіреген тыныс аясында майда көпіршікті сырылдар.

Инфекцияның ЕҢ ықтимал қоздырғышын атап көрсетіңіз:

+а. пневмококк

б. клебсиела

в. стафилококк

г. стрептококк

д. хламидия

 

7. Балаға 1 жас, ЖРВИмен ауырып жатыр, бірақ дене қызуы 3 күннен артық көтерілуде. баланың жағдайы ауыр, бозаруы, енжарлық, тәбеттің төмендеуі байқалады.Периоральды цианоз, мұрын қанаттары кернелген, жөтелі ылғалды, жиі емес.Өкпесінде оң жақты жауырын астында перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жерде әлсіреген тыныс аясында майда көпіршікті сырылдар.

 Диагноз дәлелдеу үшін атап көрсетілген зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ хабардар болып табылады:

а. жалпы (клиникалық) қан анализі

+б. кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

в. қақырықтың бактериологиялық егісі

г. қақырықтың цитологиясы

д. ИФА с бактериальными и вирусными антигенами

 

 

8. Балаға 1 жас, ЖРВИмен ауырып жатыр, бірақ дене қызуы 3 күннен артық көтерілуде. баланың жағдайы ауыр, бозаруы, енжарлық, тәбеттің төмендеуі байқалады.Периоральды цианоз, мұрын қанаттары кернелген (раздувание), жөтелі ылғалды, жиі емес.Өкпесінде оң жақты жауырын астында перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жерде әлсіреген тыныс аясында майда көпіршікті сырылдар.

Эмпириялық антибактериалды терапияны жүргізу үшін атап көрсетілген препараттың ішінде бірінше кезекте тағайындалады:

а. амоксициллин ішке

+б. цефазолин б/е

в. ровамицин ішке

г. цефтриаксон көк тамырға

д. гентамицин б/е

 

9. Балаға 1 жас, ЖРВИмен ауырып жатыр, бірақ дене қызуы 3 күннен артық көтерілуде. баланың жағдайы ауыр, бозаруы, енжарлық, тәбеттің төмендеуі байқалады.Периоральды цианоз, мұрын қанаттары кернелген (раздувание), жөтелі ылғалды, жиі емес.Өкпесінде оң жақты жауырын астында перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жерде әлсіреген тыныс аясында майда көпіршікті сырылдар.

 Атап көрсетілген рентгенологиялық өзгерістердің ішінде ЕҢ ықтимал болып табылады:

а. оң жақ өкпеде ошақты көлеңкелер

+б. оң жақ өкпеде ошақ-жайылмалы инфильтрация

в. оң жақ өкпеде ателектаз жағдайында сегментарлық  инфильтрация 

г. плевритпен асқынған полисегментарлық пневмония

д. оң өкпе абсцессі

 

10. Жедел (жай) бронхит үшін ЕҢ ықтимал  рентгенологиялық белгісі:

+а. екі өкпенің медиальды аймақтарында өкпе суретінің күшеюі

б. қабырға аралықтардың кеңеюі

в. екі өкпеде ошақты еөлеңкелер

г.екі өкпенің медиальды және латеральды аймақтарында тамырла суретінің күшеюі

д. екі өкпенің керілуі (эмфизема)

 

11.Жедел (жай) бронхиттің ЕҢ жиі клиникалық белгісін атап көрсетіңіз:

а. нейротоксикоз синдромы

+б. жөтел

в. ентігу

г. ұзарған дем шығаруы

д. перкуторлық дыбыстың қысқырылуы

 

12. Симптомокомплекс: ЖРВИден басталуы, алдында құрғақ, кейін ылғалды жөтел, қатаң тыныс, құрғақ және түрлі калибрлі ылғалды сырылдар- атап көрсетілген аурулардың ішінде қандай ауруға тән:

а. жедел трахеобронхит

+б. жедел бронхит

в. жедел обструктивті бронхит

г. жедел бронхиолит

д. жедел пневмония

 

13.Бронхиальды астмаға атап көрсетілген симптомдардың ішінен тән емес:

а. қиындаған дем шығаруымен  «экспираторлық компонентпен» ентігу

+ б. «сағат шынысы» түрінде тырнақтардың деформациясы 

В.ұстаманың аяғанда мөлдір, шыны тәрізді, тұтқыр қақырықтң бөлінуі

Г.шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар

Д. жиі, құрғақ, кейін ентігуімен аяқталатын жөтел

 

14. Пневмонияның ЕҢ сенімді рентгенологиялық белгілеріне жатады:

а. өкпе суретінің күшеюі

+б. инфильтративті ошақтар

в. өкпе эмфиземасы

г. плевраның қалыңдауы

д. өкпе түбірінің кеңеюі

 

15. Жедел бронхит кезінде атап көрсетілген морфологиялық белгілеріне жатпайды:

а. тыныс жолдары эпителиінің зақымдануы

+б. интерстиций ісінуі

в. кірпікше эпителийдің десквамациясы (түленуі)

г. бронх қабырғасының ісінуі

д. шырышты қабатының гиперемиясы

 

16. Балалардағы біріншілік созылмалы бронхиттің дамуында маңызды емес фактор:

а. темекі шегу

б. қолайсыз тұрмыстық жағдайлар

в. жиі респираторлық вирустық инфекциялар

+г. туа біткен тыныс жолдарының ақаулары

д. қолайсыз экология

 

17. Науқас М. 10 жас. Ауру дене қызуының 39 ºС дейін көтерілуінен, жөтелден басталды. Тәбеті төмен, тынысы қиындаған, жалпы әлсіздік. Амбулаторлық жағдайда ампициллинмен емделді. Жағдайы нашарлағаннан соң баланы ауруханаға жатқызды. Қабылдау бөлімшесіндегі объективті мәліметтер: айқын интоксикация, терінің бозаруы, тахипноэ түрінде ентігу, азөнімді жиі жөтел, терең дем алғанда жөтел күшейіп, бүйірі ауырады. Перкуссия  - оң жақ жауырын астында өкпелік тыныс қысқарған 9-10 қабырғаға дейін. Аускультация - әлсіреген тыныс, дем алу кезінде көптеген майда көпіршікті және крепитациялы сырылдар. 

Атап көрсетілген болжам диагноздардың ішінде ЕҢ ықтимал диагноз: 

а. оң жақты сегментарлық пневмония

б. оң жақты ошақты-жайылмалы пневмония

+в. оң жақты төменгі бөлікті  пневмония

г. оң жақты ортаңғы бөлікті пневмония

д. оң жақты жоғарғы бөлікті пневмония

 

18. Науқас М. 10 жас. Ауру дене қызуының 39 ºС дейін көтерілуінен, жөтелден басталды. Тәбеті төмен, тынысы қиындаған, жалпы әлсіздік. Амбулаторлық жағдайда ампициллинмен емделді. Жағдайы нашарлағаннан соң баланы ауруханаға жатқызды. Қабылдау бөлімшесіндегі объективті мәліметтер: айқын интоксикация, терінің бозаруы, тахипноэ түрінде ентігу, азөнімді жиі жөтел, терең дем алғанда жөтел күшейіп, бүйірі ауырады. Перкуссия  - оң жақ жауырын астында өкпелік тыныс қысқарған 9-10 қабырғаға дейін. Аускультация - әлсіреген тыныс, дем алу кезінде көптеген майда көпіршікті және крепитациялы сырылдар.  

Эмпириялық антибактериальды терапияны тағайындау ЕҢ ықтимал қоздырғышты атап көрсетіңіз:

а. моракселла катарралис

б. көкіріңді таяқша

в. ішек таяқшасы

+г. пневмококк

д. стрептококк

 

19. Науқас М. 10 жас. Ауру дене қызуының 39 ºС дейін көтерілуінен, жөтелден басталды. Тәбеті төмен, тынысы қиындаған, жалпы әлсіздік. Амбулаторлық жағдайда ампициллинмен емделді. Жағдайы нашарлағаннан соң баланы ауруханаға жатқызды. Қабылдау бөлімшесіндегі объективті мәліметтер: айқын интоксикация, терінің бозаруы, тахипноэ түрінде ентігу, азөнімді жиі жөтел, терең дем алғанда жөтел күшейіп, бүйірі ауырады. Перкуссия  - оң жақ жауырын астында өкпелік тыныс қысқарған 9-10 қабырғаға дейін. Аускультация - әлсіреген тыныс, дем алу кезінде көптеген майда көпіршікті және крепитациялы сырылдар. 

Эмпириялық антибактериальды терапияны тағайындау ЕҢ тиімді антибиотик тағайындаңыз:

+а. пенициллин б/е

б. ровамицин ішке

в. гентамицин б/е

г. бисептол б/е немесе ішке

д. ампициллин ішке

 

20. Науқас М. 10 жас. Ауру дене қызуының 39 ºС  дейін көтерілуінен, жөтелден басталды. Тәбеті төмен, тынысы қиындаған, жалпы әлсіздік. Амбулаторлық жағдайда ампициллинмен емделді. Жағдайы нашарлағаннан соң баланы ауруханаға жатқызды. Қабылдау бөлімшесіндегі объективті мәліметтер: айқын интоксикация, терінің бозаруы, тахипноэ түрінде ентігу, азөнімді жиі жөтел, терең дем алғанда жөтел күшейіп, бүйірі ауырады. Перкуссия  - оң жақ жауырын астында өкпелік тыныс қысқарған 9-10 қабырғаға дейін. Аускультация - әлсіреген тыныс, дем алу кезінде көптеген майда көпіршікті және крепитациялы сырылдар. 

Атап көрсетілген ықтимал бейімдеуші факторлардың ішінде инфекцияның дамуы үшін ЕҢ маңызды болып табылады:

а. темекі шегу

б.ЖРВИ ауыратын науқаспен қатынаста болу

+в. суық тию

г. ласталған ауа

д. тұқымқуалаушылық

 

21. Науқас 5 жаста. Ауру кенет, дене қызуы көтерілуінен басталды. Ауруы басталғанына 6 күн болды. Дене қызуын басатын дәрілердің көмегі болмаған соң, жағдайы нашарлағанда дәрігерге қаралды. Балада жүктеме кезінде тахипноэ түрінде ентігу байқалады, енжар, тәбеті төмен. Аускультативті - әлсіреген тыныс оң жақ қолтық астында және алдыңғы қолтық асты сызығы бойында, сырылдар естілмейді.

Атап көрсетілген диагноздың ішінде ЕҢ ықтимал болып табылады:

а. оң жақты ошақты-жайылмалы пневмония

+б. оң жақты сегментарлық пневмония

в. төменгі бөлікті  пневмония

г. экссудативті плевритпен асқынған пневмония

д. оң жақты интерстициальды пневмония

 

22. Науқас 5 жаста. Ауру кенет, дене қызуы көтерілуінен басталды. Ауруы басталғанына 6 күн болды. Дене қызуын басатын дәрілердің көмегі болмаған соң, жағдайы нашарлағанда дәрігерге қаралды. Балада жүктеме кезінде тахипноэ түрінде ентігу байқалады, енжар, тәбеті төмен. Аускультативті - әлсіреген тыныс оң жақ қолтық астында және алдыңғы қолтық асты сызығы бойында, сырылдар естілмейді.

Өкпе сегменттердің ішінде қайсысы қабынуға ұшыраған:

а. жоғарғы бөліктің 1-3 сегменті

б.  жоғарғы бөліктің 4-5 сегменті

+в. ортаңғы бөліктің 4-5 сегменті

г. ортаңғы бөліктің 5-6 сегменті

д. төменгі бөліктің 6-7 сегменті

 

23. Науқас 5 жаста. Ауру кенет, дене қызуы көтерілуінен басталды. Ауруы басталғанына 6 күн болды. Дене қызуын басатын дәрілердің көмегі болмаған соң, жағдайы нашарлағанда дәрігерге қаралды. Балада жүктеме кезінде тахипноэ түрінде ентігу байқалады, енжар, тәбеті төмен. Аускультативті - әлсіреген тыныс оң жақ қолтық астында және алдыңғы қолтық асты сызығы бойында, сырылдар естілмейді. Аускультация кезінде сырылдардың жоқтығын немен түсіндіруге болады?

а. емдеудің кейін сырылдар жойылумен

б. сегментарлық  эмфиземамен

+в. сегменттің тіні тартылуымен (ателектаз)

г. сегментарлық бронхтың бронхоспазмымен

д. сегментарлық бронхтың облитерациясымен

 

24. ЖРВИден басталуы, катаральды синдром, дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу, перкуторлық дыбыстың жергілікті қысқарылуы, ылғалды түрлі калибрлі сырылдар, оң жақта жөтелден кейін басылмайтын майда көпіршікті сырылдар тән:

а. ошақты пневмонияға

+б. ошақты-жайылмалы пневмонияға

в. сегментарлық пневмонияға

г. бөліктік (крупозды) пневмонияға

д. интерстициальды пневмонияға

 

25. Жедел басталуы, температура 38-39 º С көтерілуі, перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, аз (мардымсыз) аускультативті өзгерістер, қанда айқын қабыну белгілері (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылау) тән:

а. крупозды пневмония үшін

б. микоплазмалық пневмония үшін

+в. сегментарлық пневмония үшін

г. ошақты пневмония үшін

д. ошақты-жайылмалы пневмония үшін

 

26. Пневмония кезінде ауруханаға жатқызу үшін төменде аталған көрсеткіштердің барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

а. 6 айға дейін баланың жасы

+б. температура 38,0º С

в. антибактериалды терапияның тағайындағанына 36- 48  сағат өткеннен соң нәтиже болмағанда

г. асқынған пневмония

д. айқын тыныс жетіспеушілігі (ТЖ)

 

27. Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпириялық антибактериальды терапияның препараттарына жатпайды:

а. пенициллин

б. амоксиклав

+в. гентамицин

г. I-II қатардағы цефалоспориндер

д. эритромицин

 

28. Жедел басталуы, безгек ұстау, жиі қатты аз өнімді жөтел, күннен күнге күшейетін ентігу, өкпеде перкуторлық және аускультативті өзгерістердің аздығы тән:

а. сегментарлық пневмонияға

б. крупозды пневмонияға

в. ошақты-жайылмалы  пневмонияға

+г. интерстициалды  пневмонияға

д. ошақты  пневмонияға

  

29. Балалардағы пневмонияның өкпеден тыс асқынуларына жатпайды:

а.  ТҚҰ(ДВС) синдром

б. жедел тыныс жетіспеушілік

+в. жедел бүйрек жетіспеушілік

г. инфекциялық-токсикалықшок

д. жедел жүрек-тамырлар жетіспеушілігі

 

30. Балалардағы пневмонияның өкпелік асқынуларына жатпайды:

а. синпневмониялық плеврит

б. өкпе абсцессі

в. пиопневмоторакс

+г. респираторлық  дистресс-синдром

д. метапевмониялық плеврит

 

31.Балалардағы   ауыр  бронхиальды обструкцияның ЕҢ жиі асқынуы болып табылады:

+а. ателектаз

б. пиоторакс

в. абсцесс
г. фибринозды плеврит

д. ауалы қуыс (булла)

 

32. Жедел пневмониямен ауыратын науқасты емдеудің жалпы принциптеріне кірмейтін әдіс:

а. этиотропты терапия

б. патогенетикалық терапия

в. симптоматикалық  терапия

г. физиотерапия

+д. витаминотерапия

 

33.Бронхиальды астма емдеу барысында атап көрсетілген дәрілердің ішінде қандай препарат ұзақ қолданғанда жағымсыз жанама әсерді туғызады:

а. ингаляциялық  кортикостероидтар

б. натрий кромогликаты

+в. пероральды жүйелі кортикостероидтар

г. кетотифен

д. бета -2- адреномиметиктер

 

34.Созылмалы  бронхит – бұл:

+а. бронхтардың барлық тармақтарының қайтымсыз диффузды қабынуы

б. бронхтардың жергілікті қайтымсыз удейетін қабыну

в. терминальды бронхтардың қайтымсыз қабынуы

г. бронхтардың барлық тармақтарының қайтымды диффузды қабынуы

д. 1-3 қатардағы бронхтардың локальды үдейетін

 

35. Балалардағы созылмалы бронхиттің дамуына алып келетін  экзогенді факторларына жатпайды:

а. пассивті темекі шегу

б. қайталамалы респираторлық инфекциялар

в. ауаның ластануы

г. қолайсыз тұрмыстық жағдайлар

+д. климат

 

36. Созылмалы бронхит үшін, әсіресе бастапқы сатында қақырық  бөлінеді:

а. тәулік бойы

+б. тәңертең

в. күндіз

г. кешке

д. түнде

 

37.Созылмалы бронхит кезінде қабыну процесін қоздыратын бактериялардың ішінде жетекші орын алады:

а. стафилококк пен клебсиелла 

б. стрептококк пен моракселла

+в. пневмококк пен гемофильды таяқша

г. Фридлендер таяқшасы мен парагрипп вирусы

д. көкіріңді таяқша мен ішек таяқшасы

 

38. Созылмалы бронхиттің клиникалық белгілеріне жатпайды:

а. 3 ай және одан ұзақ қақырықты жөтел

б. 3 ай бойы және одан ұзақ өкпедегі сырылдар

+в. 1-2 ай бойы қақырықты жөтел

г. күннен күнге күшейетін ентігу

д. суық және дымқыл күндерінде жағдайыдың нашарлауы (аурудың өршуі)

 

39. Балалардағы бронхиальды астма емдеуі принциптеріне жатпайды:

+а. антибактериальды терапия

в. ұстамалы кезеңді басу 

с. себепті аллергенмен түйіспені (контакт) үзу

д. базистік  (қабынуға қарсы) терапия

е. аллерген-спецификалық иммунотерапия

 

40. Ауыр бронхиальды астманы емдеу кезінде атап көрсетілген дәрілердің қайсысы бірінші таңдау препараты болып табылады:

а. натрия кромогликаты - интал

в. натрия недокромилы - тайлед

+с. ингаляциялық  глюкокортикостероидтар

д. пероральды (жүйелі) глюкокортикостероидтар 

е. АСИТ (аллергоспецификалық  иммунотерапия)

 

41. Балалардағы жедел тыныс жетіспеушілігінің белгілеріне жатпайды:

а. енжарлық, кейгіштік (раздражительность), тырысулар 

б. периоральды цианоз, жалпы цианоз

в. ентігу, тахипноэ, мұрын танауларының далиюі (раздувание)

+г. мүрын арқылы тыныстың қиындау және жиі жөтел

д. тахикардия

 

42. Балалардағы жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде көрсетілетін емдеу шараларына кірмейді:

а. тыныс жолдарының өткізгіштігін қолдау

б. оксигенотерапия

в. қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылуын қалпына келтіру

г. микроциркуляция мен тіндік тынысын жақсарту

+д. қақырықты түсіретін дәрі-дәрмектер, вибрациялық массаж

 

43. Ауыр пневмония емдеудің мақсатына жатпайды:

а. бактериальды инфекциянаы жою

б. тыныс жетіспеушілігін жою

в.+гипертермияны басу

г.жүрек-тамырлар бұзылыстарын жою

д. токсикоз басу

 

44. Пневмония ауырлығының көрсеткіштеріне жатпайтын клиникалық-лабораториялық белгілер:

а. токсикоз дәрежесі

б. тыныс жетіспеушілігің дәрежесі

+в. құрғақ және ылғалды сырылдардың көптігі, жиі жөтелу

г. сол жаққа ығысқан нейтрофильды лейкоцитоз, ЭТЖ  20 мм/сағ жоғары

д. жүрек-тамырлар бұзылыстардың айқындылығы

 

45. Пневмонияның болжамды диагнозын қою үшін міндетті емес клиникалық белгі:

а. 3 күннен көп 38,5º С жоғары  температура

б. интоксикация

в.  тыныс жетіспеушілігі

+г. ылғалды майда көпіршікті сырылдар

д. перкуторлық дыбыстың жергілікті тұйықталуы

 

46. Ерте жастағы балаларда тұрақты, қайталамалы, емдеуге көнбейтін бронхообструктивті  синдром атап көрсетілген аурулардың БІРЕУІНІҢ белгісі болуі мүмкін: 

а. бронхиальды астма

+б. бронхтар дамуының туа біткен ақауы

в. өкпе поликистозы

г. созылмалы ларинготрахеит

д. созылмалы пневмония

 

47. Мукоцилиарлық клиренсті қалпына келтіру үшін емдеу шараларына кірмейді:

а. қақырықты жібітетін дәрілер

б. сілтілі минералды су ішу

+в. жөтелді басатын дәрілер

г. небулайзер арқылы физиологиялық ерітіндінің ингаляциялары

д. жиі жылы сусын ішу

 

48. Пневмония кезінде қоздырғыштардың ЕҢ жиі енетін жолы:

+а. бронхогенді

б. лимфогенді

в. гематогенді

г. метастатикалық

д. ретроградты

 

49. Жедел респираторлық инфекциядан кейін пневмонияның дамуына себептеспейтін фактор:

а. жоғарғы тыныс жолдарынан және бронхтардан шырышпен қоздырғыштың төменгі бөліктеріне таралуы

б. бронх шырыш қабатының вируспен зақымдануы

в. мукоцилиарлық клиренстің бұзылуы

г. майда бронхтардың ішіндегі тұтқыр шырышында микробтардың көбеюі

+д. айқын бронхобструктивті синдром

 

50. Атап көрсетілген өзгерістердің ішінде қайсысы созылмалы бронхиттің морфологиялық субстраты болып табылады:

а. өкпелік макрофагтардың бактерицидтік қасиетерінің төмендеуі

б. бронх шырыш қабаттарының гиперемиясы

+в. бронхтағы бокал тәрізді клеткаларының гиперплазиясы мен гипертрофиясы

г. кірпікше эпителийдің  гиперплазиясы

д. мукоцилиарлық  клиренстің жоғарылауы

 

51.Бронхиальды астманың ЕҢ сенімді белгісі:

а. тұрақты обструктивті синдром

+б. қалпына келетін тұншығу ұстамалары, ысқырықты тыныс 

в. тұрақты қақырықты жөтел

г. тырнақтардың «сағат шынысы» түрінде деформациясы

д. дене дамуының артта қалуы

 

52. Наукас қыз бала 8 жаста. ЖРВИ барысында қатты құрғақ жөтелден кейін айқын жүктеме пайда болды. Анамнезінде жиі салқын тигізіп алады. 3 жасқа дейін тағамдық аллергия болды. Ауруханаға түсерде ентігуіне 2 сағат болды. Өкпесінде шашыранды құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек үндері әлсіреген, ырғақты, 100/мин.

Атап көрсетілген болжам диагноздың ішінде ЕҢ ықтималы::

а. жедел обструктивті  бронхит

б. жедел облитерациялаушы  бронхиолит

+в. бронхиальды астма, ұстамалы кезең

г. қайталамалы  обструктивті бронхит

д. жедел  пневмония обструктивті синдроммен

 

53. Наукас қыз бала 8 жаста. ЖРВИ барысында қатты құрғақ жөтелден кейін айқын жүктеме пайда болды. Анамнезінде жиі салқын тигізіп алады. 3 жасқа дейін тағамдық аллергия болды. Ауруханаға түсерде ентігуіне 2 сағат болды. Өкпесінде шашыранды құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек үндері әлсіреген, ырғақты, 100/мин.

Атап көрсетілген дәрілік заттардың ішінде ЕҢ алдымен тағайындау қажет:

а. антибиотиктер (пенициллин, ровамицин)

б. қақырық түсіретін дәрі-дәрмек (амбробене, отвар багульника)

+в. бронхолитикалық заттар (вентолин, сальбутамол)

г. ингаляциялық кортикостероидтар (пульмикорт)

д. пероральды кортикостероидтар (преднизолон)

 

54. Наукас қыз бала 8 жаста. ЖРВИ барысында қатты құрғақ жөтелден кейін айқын жүктеме пайда болды. Анамнезінде жиі салқын тигізіп алады. 3 жасқа дейін тағамдық аллергия болды. Ауруханаға түсерде ентігуіне 2 сағат болды. Өкпесінде шашыранды құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек үндері әлсіреген, ырғақты, 100/мин.

Науқастағы обструкцияның негізінде жатпайтын механизм:

а. бронхтардың спазмы

б. бронх шырыш қабаттарының гиперсекрециясы

в. бронх шырыш қабаттарының гиперплазиясы

г. бронхиальды сөлдің тұтқырлығы

+д. бронхтардың компрессиясы

 

55. Бронхиальды астманың ұстамасы кезінде бета-адреномиметиктердің әсері болмағанда атап көрсетілген препараттардың ішінде қайсысы ең қажетті:

+а. эуфиллин т/і 2,4% ерітіндісі

б. ровамицин б/е

в. ингаляциялық кортикостероидтар (пульмикорт)

г. пероральды  кортикостероидтар (преднизолон)

д. муколитиктер (бромгексин, флуимуцил) ішке

 

56. Ауыр бронхиальды астманың негізінде атап көрсетілген морфологиялық белгілердің қайсысы жатыр:

+а. бронх бұлшық ет қабырғасының гипертрофиясы

б. кірпікше  эпителийдің жоюылуы

в. бокал тәрізді клеткалардың гипертрофиясы

г. бронхтардың спазмы

д. шырыш гиперсекрециясы

 

57. Балалардағы бронхиальды астма дамуының қауіп факторларына жатпайды:

а. балада атопияның болуы

б. бронхтардың гиперреактивтілігі

в. отбасы мүшелерінде  аллергиялық аурулардың болуы

г. жиі респираторлық вирустық инфекциялар

+д. Ig A транзиторлық тапшылығы

 

58. Жедел пневмонияның классификациясында қарастырылмайтын рентген-морфологиялық түрі:

а. ошақты

+б. майда-ошақты

в. ошақты - жайылмалы

г. сегментарлық

д. бөліктік

 

59. Пневмония кезіндегі токсикоз  синдромына жатпайтын симптом:

а. ұйқының бұзылуы

б. мазасыздық, қозғыштық

в.тырысулар

г. бауырдың ұлғаюы

+д. ентігу

 

60. Пневмония кезіндегі токсикоз  синдромына  жатпайтын симптом:

а. терінің бозаруы

б. терінің мәрмәрлі суреті

+в. периоральды цианоз

г. тахикардия

д. енжарлық, адинамия

 

61. Пневмония кезіндегі токсикоз  синдромына жатпайтын белгі:

а. енжарлық

б. қозғыштық

в. бұлшық ет гипотониясы

+г. ыңқылдаған тыныс

д. терінің айқын бозаруы

 

62. Симптомокомплекс: температура 38º С және одан жоғары,  интоксикация, ентігу, ылғалды жөтел,  периоральды  цианоз, әлсіреген тыныс, перкуторлық дыбыстың тұйықталуы тән:

а. бронхиолитке

б. аденовирустық инфекцияға

в. интерстициальды пневмонияға

+г. ошақты  пневмонияға

д. плевропневмонияға

 

63. Пневмония кезінде преднизолон тағайындау көрсеткіштеріне жатпайды:

а. өкпе ісінуінің даму қауіпі

б. микроциркуляцияның айқын бұзылуы

в. ми ісінуінің даму қауіпі

+г. өкпе деструкциясы

д. айқын кардиореспираторлық синдром

 

64. Бронхиолит кезінде антибактериальды терапияны тағайындау үшін атап көрсетілген белгілердің БІРІ ғана көрсеткіш болып табылады:

а. ентігудің айқындылығы

б. майда көпіршікті сырылдардың көптігі

в. сырылдардың екі өкпесінде естілуі

+г. ателектаздың болуы

 д. жиі жөтел

 

65. 6 айға дейін балалардағы ауруханадан тыс пневмонияның қоздырғыштарына жатпайды:

а. пневмококк

+б. протей

в. гемофильді таяқша

г. хламидия

д. микоплазма

 

66. 6 айға дейін балалардағы ауруханадан тыс пневмонияның қоздырғыштарына жатпайды:

а. ішек таяқшасы

б. вирусты-бактериалды ассоциация

в. пневмококк

г. хламидия

+д. көкіріңді таяқша

 

67. 6 ай дан 6 жасқа дейін балалардағы ауруханадан тыс пневмонияның ЕҢ жиі қоздырғышы болып табылады:

а. вирус

б. стафилококк

в. ішек таяқшасы

+г. гемофильді таяқша

д. көкіріңді таяқша

 

68. 6 жастан үлкен балаларда ауруханадан тыс пневмонияның ЕҢ жиі қоздырғышы болып табылады:

+а. пневмококк

б. стрептококк

в. хламидия

г. стафилококк

д. кандида

 

69. Жедел бронхиттің критериіне атап көрсетілгеннің барлығы жатады БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ::

+ а. фебрильді безгек

б. шамалы интоксикация

в. қатаң дыхания

г. түрлі калибрлі ылғалды сырылдар

д. құрғақ сырылдар

 

70. Шарко – Лейден кристаллдары атап көрсетілген аурулардың БІРЕУІНІҢ сенімді лабораториялық белгісі болып:

а. муковисцидоза

б. өкпенің созылмалы обструктивті ауру

в. атипті пневмония

+г. бронхиальды астма

д. обструктивті бронхит

 

71. Бронхиальды астманың дамуына бейімдетін басты фактор:

а. респираторлық инфекция

б. физикалық және психоэмоциональды жүктеме

+в. генетикалық бейімділік

г. жоғарылаған метеосезімталдық

д. аллергендердің әсері

 

72. Ауырлық дәрежесіне қарай бронхиальды астманың классификациясына жатпайды:

а. ауыр персистенциялаушы

б. орташа аурлықтағы персистенциялаушы

в. жеңіл аурлықтағы персистенциялаушы

г. жеңіл интермиттенциялауышы

+д. ауыр  интермиттенциялаушы

 

73. Бронхиальды өткізгіштігінің бұзылуының аурлығын атап көрсетілген зерттеу әдістерінің БІРЕУІНЕН анықталады:

а. пульсоксиметрия

б. өкпенің диффузиялық қабілеті

в. қанның газ құрамы

+г. пикфлоуметрия

д. спирография

 

74. Бронхиальды астма кезінде ауруханаға жатқызу үшін көрсеткіш емес жағдай:

а. бронхиальды астманың ауыр ұстамасы

б. оральды кортикостероидтарды қолдағанына 2-6 сағат өткеннен соң нәтиже болмаса

в. бронхкеңейткіш дәрілерден нәтиже болмаса

г. тыныс жетіспеушілігінің күшеюі

+д. дем шығаруының жылдамдығы  80% артық болса (пикфлоуметрия арқылы)

 

75. Бронхиальды астма кезіндегі бронхообструкцияның пайду болу механизмдеріне жатпайды:

а. бронхоконстрикция

+б. бронхомаляция

в. шырыш гиперсекрециясы

г. қақырықтың тұтқырлануы

д. бронх шырыш қабаттарының ісінуі

 

76. «Реактивті бронхтар» ауруларына жатпайды:

а. бронхиальды астма

б. аллергиялық альвеолит

в. аллергиялық аспергиллез

+г. жедел бронхит

д. обструктивті бронхит

 

77. Пневмонияны бронхиолиттен ажырататын рентгенологиялық белгі:

а. өкпенің мөлдірлігінің күшеюі

+ б. өкпеде инфильтрациялық көлеңкелер

в. өкпе суретінің күшеюі

г. диафрагманың жоғары орналасуы

д. өкпе түбірінің кеңеюі

 

78. 3 айлық бала ауруханаға түсті. Жағдайдың ауырлығы 2 дәрежелі тыныс жетіспеушілігінен. Тыныс жиілігі 84/мин, тынысы шулы, алыстан естіледі, оральды крепитация. Шамалы эксикоз. Өкпе тұсында перкуторлық дыбыс – тимпаникалық.. Аускультативті: ұзарған, қиындаған дем шығаруы, барлық жерде майда көпіршікті сырылдар. Атап көрсетілген болжам диагноздардың БІРЕУІ ғана дұрыс:

а. жедел  бронхит

+б. жедел бронхиолит

в. обструктивті бронхит

г. екі жақты ошақты  пневмония

д. муковисцидоз

 

79. Бронхтардың проксимальды бөлімдерінің зақымдануына тән клиникалық симптом:

а. ентігу

  +б.  жөтел

в. ысқырықты тыныс

г. оральды крепитация

д. майда көпіршікті сырылдар

 

80. Бронхтардың дистальды бөлімдерінің зақымдануына жатпайтын симптом:

а.ентігу

б. ысқырықты тыныс

в. өкпе эмфиземасы

г. құрғақ ысқырықты және ылғалды майда көпіршікті сырылдар

 +д. ылғалды ірі – орта көпіршікті сырылдар

 

 

81. Пульмонологияда қолданылатын жаңа топты макролидтеріне жатпайды:

а. ровамицин

+б. эритромицин

в. рокситромицин

г. азитромицин

д. кларитромицин

 

82. Ауыр пневмония диагнозын қою үшін атап көрсетілген клиникалық симптомдардың ішінде ЕҢ сенімді көрсеткіш:

а. терінің бозаруы

+б. ентігу (обструкция жоқта тыныстың жиіленуі)

в. жөтелдің күшеюі

г. әлсіреген тыныс

д. сырылдардың асимметриясы

 

83. Экспираторлық ентігу, қосымша бұлшықеттердің тынысқа қатысуы, мұрын танауының далию (раздувание) мен кернеуі, қабырғааралықтардың тартылуы, цианоз, көптеген майда көпіршікті сырылдар тән:

а. жедел обструктивті бронхит үшін

+б. жедел бронхиолит үшін

в. жедел бронхит үшін

г. жедел  пневмони үшін

д. жедел ларингит үшін

 

84. Пневмония анықтауының алтын стандартына жатпайтын көрсеткіш:

а. тыныстық жетіспеушліктің синдром

б. өкпедегі физикальды өзгерістер симндромы

в. өкпедегі рентгенологиялық өзгерістер

+г. қоздырғышты анықтау

д. қанның жалпы (клиникалық) анализі

 

85. Ерте жастағы балаларда деструктивті пневмонияның дамуына атап көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы себеп болады:

а. пневмококк

+б стафилококк

в. стрептококк

г. хламидия

д. ішек таяқшасы

 

86. Жедел бронхит кезінде антибиотик тағайындау себептеріне жатпайды:

а. баланың жасы 6 айға дейін             

+б. катаралды синдром

в. тұрақты обструктивті синдром  

г.  интоксикация  

д. высокая температура 3 күннен артық

 

87. Ерте жастағы балаларда тыныс жүйесінің қабыну ауруларының дамуына жағдай болмайтын анатомо-физиологиялық ерекшелік:

а. мукоцилиарлық клиренстің төмен белсенділігі

б. брох пен өкпенің жақсы қандануы

в. секреторлық  IgA төмен деңгейі

г.  сарысудағы IgА төмен деңгейі

+д. тыныс жолдарының тарлығы

 

88. Майда бронхтардың зақымдануымен жүретін, айқын тыныс жетіспеушілігімен және майда көпіршікті сырылдардың көптігімен сипатталатын жедел қабыну процесс тән:

а. жедел  бронхитке

б. жедел обструктивті бронхитке

в. облитерациялаушы бронхитке

+г. бронхиолитке

д. пневмонияға

 

89. Симптомокомплекс: ентігу, ұзарған ысқырықты дем шығаруы, дем шығару кезінде естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар, әмфизема  атап көрсетілген аурулардың қайсысына тән:

а. жедел бронхит

+б. обструктивті бронхит

в. жедел бронхиолит

г. пневмония

д. облитерациялаушы бронхит

 

90. Ерте жастағы балаларда обструкцияның дамуына себептеспейтін анатомо-физиологиялық ерекшелік:

а. тыныс жолдарының тарлығы

б. шеміршектерің жетілмеуі және жұмсақтығы

в. шырыш бездердің көптігі

г. бронхтағы шырыш аста қабатының жақсы қандануы

+д. оң жақ бронхының кеңдігі   

 

91. Бронхөткізгіштігің, дем шығаруының жылдамдығын анықтайтын әдіс:

+а. пикфлуометрия

б. бронхография

в. спирография

г. урофлоуметрия

д. флюрография

 

92.Созылмалы бронхит диагностикасының ЕҢ сенімді әдісі болып табылады:

а. физикальды зерттеулер

б.кеуде қуысы ағзаларының ның рентгенографиясы

в. қақырықтың цитологиясы

+г. бронхиалды секреттің бактериологиялық зерттеумен бронхоскопия

д. компьютерлік томография

 

93. 3 айлық балада келесі  симптомокомплекс байқалады: интоксикация жоқ, температура субфебрильді, конъюнктивит, жөтел ұстама тәрізді, аз өнімді, жөтелден бала қатты қиналады,  обструктивті  синдром, өкпедегі физикальды өзгерістер аз.

Атап көрсетілген пневмониялардың қайсысына осы клиникалық белгілер тән:

а. пневмококкты  пневмония

б. стафилококкты пневмония

в. микоплазмалық пневмония

+г. хламидиялық пневмония

д. гемофильды таяқша  туғызған пневмония

 

94. 3 айлық балада келесі  симптомокомплекс байқалады: интоксикация жоқ, температура субфебрильді, конъюнктивит, жөтел ұстама тәрізді, аз өнімді, жөтелден бала қатты қиналады,  обструктивті  синдром, өкпедегі физикальды өзгерістер аз.

Атап көрсетілген препараттардың қайсысын ең алдымен тағайындау қажет:    

а. амоксиклав

б. гентамицин

в. линкомицин

+г. ровамицин

д. фортум

 

95. 3 айлық балада келесі  симптомокомплекс байқалады: интоксикация жоқ, температура субфебрильді, конъюнктивит, жөтел ұстама тәрізді, аз өнімді, жөтелден бала қатты қиналады,  обструктивті  синдром, өкпедегі физикальды өзгерістер аз.

Пневмонияның этиологиясын анықтау үшін атап көрсетілген зерттеулердің қайсысын ең алдымен өткізу қажет:

а. қақырықтың цитологиясы

б. қақырықтың бактериальды егуі

в. қанның стерильділігін тексеру (бак.егу)

+г. хламидиялық антигенмен ИФА

д. пневмоцисталық антигенмен ИФА 

 

96. Ерте жастағы балалардағы бронхиттің ЕҢ жиі қоздырғышы:

а. бактерияла

б. саңырауқұлақтар

+в. респираторлық вирустар

г. қарапайымдылар

д. микоплазма.

 

97. Бронхиальды астманың негізінде жатыр:

а. мукоцилиарлық клиренстің төмендеуі

б. сурфактант түзілуінің бұзылуы

в. бронхардың даму аномалиялары

+г. бронхтардың гиперреактивтілігі

д. кірпікше эптелийдің гиперплазиясы

 

98. Балалардағы бронхиальды астманың клиникалық симптомдарына жатпайды:

а. ысқырықты сырылдар

б. экспираторлық ентігу

+в. инспираторлық ентігу

г. кеудедегі қысылу сезімі

д. тұтқыр қақырықмен жөтел

 

99. Обструктивті синдроммен сипатталмайтын ауру:

а. жедел бронхиолит

б. бронхиальная астма

в. обструктивті бронхит

+ г. жедел бронхит

 д. бронхтардың туа біткен ақаулары

 

100. Бронхоскопиялық зерттеу өткізу үшін көрсеткіш емес жағдай:

а. бөгде затты аспирациялау

б. бронхтар мен трахеяның туа біткен ақаулары

+в. кеудеішілік лимфалық түйіндердің ұлғаюы

г. бронхоальвеолярлық лаваж өткізу

д. бронхтың шырыш қабатының биопсиясы

 

101. Бронхоальвеолярлық лаваждың диагностикалық маңызы атап көрсетілген аурулардың қайсысы үшін ЕҢ хабардар болып табылады:

+а. өкпе гемосидерозы

б. өкпе дамуының ақаулары

в. обструктивті бронхит

г. атипті пневмония

д. бронхиальды астма

 

102. Симптомокомплекс: жоғары дене температурасы, тамақтың ауырсыну, мойындағы лимфалық түйіндердің ауырсынуы, ұзақ аз өнімді жөтел, қатан тыныс, майда көпіршікті сырылдардың асимметриясы тән ауруы:

а. вирустық бронхит

б. хламидиялық бронхит

+в. микоплазмалық бронхит

г. бактериальды бронхит

д. аллергиялық бронхит

 

103. Симптомокомплекс: жоғары дене температурасы, тамақтың ауырсыну, мойындағы лимфалық түйіндердің ауырсынуы, ұзақ аз өнімді жөтел, қатан тыныс, майда көпіршікті сырылдардың асимметриясы бар бронхтардың зақымдануы атап көрсетілген антибиотиктердің қайсысын тағайындауға қажет етеді:

а. пенициллин қатардағы

б. цефалоспорин қатардағы

в. амногликозидтер

+г. макролидтер

д. карбапенемдер

 

104. Симптомокомплекс 2 айлық балада субфебрильды температура, ентігу  70-80/мин ұзарған дем шығаруы, мұрын танауларының кернелуі, құрғақ спастикалық жөтел, оральды крепитация, көптеген майда көпіршікті сырылдар, айқын тыныс жетіспеушілігі тән:

а. жедел бронхит үшін

б. обструктивті бронхит үшін

в. бронхиальды астма үшін

+г.  бронхиолит үшін

д. бронхтағы бөгде зат үшін үшін

 

105. Грамтеріс флора тұғызған  пневмонияны емдеу үшін атап көрсетілген антибитиктердің ЕҢ тиімдісін тағайындаңыз:

а. пенициллин

б. ровамицин

в. рифампицин

+г. амикацин

д. рокситромицин.

 

106. Обструктивті бронхит емдеу кезінде спазмолитерден нәтиже болмаса және тыныс жетіспеушілігі одан әрі күшейсе, атап көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау қажет:

а. антибиотик в/і

+б. глюкокортикоидтар в/і, б/е қысқа мерзімге

в. муколитик

г. ингаляциялық кортикостероидтар қысқа мерзімге

д. жүйелі кортикостероидтар ішке

 

107. Ерте жастағы балаларда пневмония дамуының қауіп факторларына жатпайды:

а. жиі респиторлық инфекциялар

б. шала туғандық

в. ОНЖ перинатальды патологиясы

г. 2-3 дәрежелі гипотрофия

+д. конституция аномалиялары (экссудативті катаралды диатез)

 

108. Жедел пневмонияның (өкпенің инфекциялық қабынуы) ұзақтығы:

а. 2 аптаға дейін

б. 3 аптаға дейін

в. 4 аптаға дейін

+г. 6 аптаға дейін

д. 8 аптаға дейін

 

109. Жедел пневмония кезіндегі интоксикацияға тән емес симптом:

а. бозаруы,терінің «мәрмәр» суреті

б. енжарлық, ұйқышылдық

в. тәбеттің төмендеуі, құсу, регургитация (езуінен сүттің еріксіз ағуы)

+г. дене қызуының көтерілуі, қалшылдау

д. ұйқы бұзылуы, қозғыштық

 

110. I дәрежелі тыныс жетіспеушілігіне тән емес симптом:

+а. тұрақты ентігу

б. тахикардия

в. тұрақсыз периоральды цианоз

г. жүктеме кезінде ентігу

д. артериальды қысым өзгермеген

 

111. II дәрежелі тыныс жетіспеушілігіне тән емес симптом:

а. үнемі, тұрақты ентігу

б. тахикардия

в. терінің бозаруы, периоральды цианоз және  акроцианоз

г. енжарлығ, оқтын-оқтын қозғыштық

+д. жалпы цианоз

 

112. III дәрежелі тыныс жетіспеушілігіне тән емес симптом:

а. айқын ентігу

+б. жиі, аз өнімді, спастикалық жөтел

в. тахикардия, брадикардияға ұласу мүмкін

г. жалпы цианоз, бозару, терлеу

д.енжарлық, ұйқышылдық, тырысулар

 

113. Пневмококкокты пневмония кезінде бірінші таңдаудың антимикробты препараты:

а. эритромицин

б. гентамицин

+в. пенициллин

г. метронидазол

д. бисептол

      

114. Клебсиеллезді  пневмония  кезінде бірінші таңдаудың антимикробты препараты:

а. эритромицин

б. фуразолидон

в. пенициллин

г. бисептол

+ д. гентамицин

 

115. Стрептококкты  пневмония  кезінде бірінші таңдаудың антимикробты препараты:

а. эритромицин

б. ампициллин

+в. пенициллин

г. бисептол

д. гентамицин

 

116. Пневмоцисталық пневмония  кезінде бірінші таңдаудың антимикробты препараты:

а. эритромицин

б. пенициллин


В. цефазолин

+г. бисептол

д. гентамицин

 

117. Хамидиялық және микоплазмалық пневмония  кезінде бірінші таңдаудың антимикробты препараты:

+а. эритромицин

б. фуразолидон

в. гентамицин

г. метронидазол

д. бисептол

 

 118. Балалардағы жедел (жай) бронхит үшін атап көрсетілген белгілердің қайсысы ЕҢ тән симптом болып табылады:

а. интоксикация

+б. құрғақ және түрлі калибрлі шашыранды сырылдар

в. ентігу

г. безгек

д. тыныс жетіспеушілігі

 

119. Обструктивті бронхит үшін атап көрсетілген аускультативті симптомдардың қайсысы тән:

а. ылғалды ірі көпіршікті сырылдар

б. крепитацияланған сырылдар

в. құрғақ шашаранды сырылдар

+г. ысқырықты, шашыранды сырылдар

д. ылғалды майда көпіршікті сырылдар

 

120. Пневмонияның өкпелік асқынуларға жатпайды:

+а. ересек түрдегіреспираторлық дистресс – синдром

б. өкпелік деструкция

в. өкпе абсцессі

г. метапневмониялық плеврит

д. синпневмониялық плеврит.

 

121. Пневмонияның сатылы (ступенчатый) емдеу дегеніміз:

+а. антиобиотикті алдында парентеральді енгізу, кейін оральды енгізуге көшу

б. антиобиотикті алдында оральды енгізу, кейін парентеральді енгізуге көшу

в. бір топтағы антибиотикті парентеральді енгізу, кейін басқа топты антибиотикке көшу

г. бір топты антибиотикті оральды енгізу, кейін басқа топты антибиотикке көшу

д. антибиотикті парентеральды енгізу, кейін СЕКП (НПВП)-на көшу.

 

122. Бір жастан үлкен балаларда орташа ауырлықты типті пневмония кезінде бірінші таңдау препараты болып табылады:

а. пенициллин

б. ампициллин

+в. амоксициллин

г. цефазолин

д. азитромицин.

 

123. Атипті  пневмония кезінде бірінші таңдау препараты болып табылады:

а. цефалоспорин қатардағы

б. фторхинолон қатардағы

в. карбопенем қатардағы

+г. макролид қатардағы

д. аминогликозид  қатардағы

 

124. Қалыпты дене қызуы кезінде күні бойы мұрынның бітелуі, сулы сұйықтық ағу, түшкіру, мұрнының қышынуы, қозғыштық түрінде симптомокомплекс атап көрсетілген аурулардың қайсысына тән::

+а. аллергиялық ринит

б. вазомоторлық ринит

в. жедел  респираторлық вирустық инфекция

г. гайморит

д. аллергиялық синусит.

 

125. Бронхиальды обструкция синдромына атап көрсетілген аускультативті симптомдардың қайсысы тән:

а. бронхиальды тыныс,  крепитация

+ б. ұзартылған дем шығаруымен тыныс, ысқырықты сырылдар

в. везикулярлы тыныс, ылғалды сырылдар

г. әлсіреген тыныс, құрғақ сырылдар

д. қатаң тыныс, өтпелі сырылдар.

 

126. Жедел бронхит үшін атап көрсетілген симптомдардың ЕҢ тән клиникалық белгілер:

а. жоғары безгек, интоксикация, тыныс алу кезінде кеудедің ауырсынуы, ентігу

+ б. енжарлық, дене қызуының көтерілуі, жөтел құрғақ, кейін ылғалды

в. субфебрилитет, ентігу, жөтел, қан түкіру

г. кеуденің ауырсынуы, құрғақ жөтел, кейін ылғалды, жалпы әлсіздік

д. әлсіздік, безгек, тыныстың тарылуы, қан түкіру

 

127. Жедел бронхит пен жедел пневмония үшін ортақ симптом:

+а. жөтел

б. интоксикация

в. кеуденің ауырсыну

г. температура 38,5 ºС жоғары,  ентігу

д. айқын тахикардия.

 

128. Созылмалы бронхит үшін атап көрсетілген респираторлық симптомдардың БІРЕУІ тән:

а. қарлыққан және битональды жөтел

б. локальды майда көпіршікті сырылдар

+в. түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар, қақырықты жөтел

г. әлсіреген тыныс

д. құрғақ ысқырықты сырылдар

 

129. Диагноз «созылмалы бронхит» үшін атап көрсетілген критерийлердің қайсысы дұрыс:

+а. 2 жыл қатар 3 ай және одан көп уақыт жөтелдің болуы

б.   3 жыл қатар 2 ай бойы жөтелдің болуы

в.  2 жыл қатар 1 ай бойы жөтелдің болуы

г. 1 жыл бойы 3 ай жөтелдің болуы

д.  1 жыл бойы 2 ай жөтелдің болуы

 

130. Бала 2 жаста. Ауруы жедел басталды. Жоғарғы тыныс жолдарының катаралды белгілеріне кейін құрғақ жөтел қосылды. Өкпесінде перкуторлық дыбыс – қатаң, аускультативті – қатаң тыныс аясында құрғақ сырылдар естіледі.. Атап көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал:

а. жедел обструктивті бронхит

б. жедел бронхиолит

+в. жедел бронхит

г. жедел  ларингит

д. жедел фарингит.

 

131. Атап көрсетілген синдромдардың қайсысына тән қан түкіруі:

а. өкпе тінінің жоғары ауалану синдромы

б. плевра қуысында сұйықтықтың жиналу синдромы

в. плевра қуысында ауаның жиналу синдромы 

+г. өкпедегі қуыс синдромы

д. өкпе тінінің тығыздалу синдромы

 

132. Безгек, цианоз, экспираторлық ентігу, майда көпіршікті сырылдар, крепитация түрінде симптомокомплекс атап көрсетілген аурулардың БІРЕУІНЕ тән:

а. жедел бронхит

б. обструктивті бронхит

+в. жедел облитерирациялаушы бронхиолит

г. созылмалы  бронхит

д. бронхиалды астма

 

133. Атап көрсетілген микробтардың ішінде қайсысы ауруханаішілік (нозокомиальды) пневмонияның ең жиі қоздырғышы болып табылады:

а. вирусы

б. стрептококк

в. пневмококк

+г. көкіріңді таяқша

д. микобактерия.

 

134.   Фебрильді безгек, бронхиальды обструкциясыз ентігу, әлсіреген тыныс, локальды майда көпіршікті сырылдар атап көрсетілген аурулардың қайсысына тән:

а. жедел бронхит

б. жедел бронхиолит

+в. пневмония

г. обструктивті бронхит

д. трахеобронхит.

 

135. Жаңа туған балада метеоризм, өтпен аралас құсу, іш қауы (мекониальды илеус), терінің созылыңқы сарғаюы. Қандай ауруға тән жоғарыда көрсетілген симптомдар:

а. өт жолдарының атрезиясы

б. коньюгациялық сарғыштық

+в.  муковисцидоз

г. ішек парезі

д. ішек инвагинациисы

 

136. Муковисцидоз диагнозын растайтын тердегі хлоридтер деңгейі:

а. 20- 40 ммоль/л

б. 10- 20 ммоль/л

в. 30-40 ммоль/л

+г. 60-70 ммоль/л

д. 20- 30 ммоль/л.

 

137. Симптомокомплекс: 1,5 жастағы балада іріңді қақырықпен тұрақты жөтел, экспираторлық компоненті басым аралас ентігу, созылмалы  синусит, мұрын пролипозы тән ауру:

а. Картагенер синдромы

б. гемосидероз

+ в. муковисцидоз

г. Гудпасчер синдромы

д. созылмалы бронхит

 

138. Жедел пневмония кезіндегі жалпы клиникалық – қабыну белгілеріне жатпайды:

а. дене қызыуының көтерілуі

б. қалтырау

+в. мазасыздық, тырысулар

г. лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

д. СРБ оң

 

139. Балалардағы жедел пневмония кезінде интоксикациялық синд


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: