Тері ішіне инъекцияны орындау 4 страница

14. Науқастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).

15. Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяктың түзулігін қамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағының қысуын болдырмау, аяктың жазылуын болдырмау).

16. «Төменгі» аяқтың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауын алдын ала ескерту және аяктың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету).

17. Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.

18. Кереуетті түсіріп және порученді көтеріңіз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

IV. Науқастың жеке бас тазалығы

Функциональды кереуетті қолдану

Төсектегі жайлы жағдай емдеу – сақтандыру тәртібінің маңызды элементтерінің бірі болады.

Функциональды кереуеттің негізгі тағайындалуы – науқасқа ең ыңғайлы және функциональды қалып беру мүмкіншілігі

Функциональды кереует бірнеше секциядан тұратын арнайы жабдық, оның қалпы сәйкесті тұтқаны меңгеруімен бұрылуымен өзгеріледі.

Бұл кереуетке арнайы құрал орналастырылған (қондырылған) болуы керек: кереует жанындағы столиктен, тамшы тамызуға арналған штативтен, жеке астына салатын судноны және зәр қабылдағышты сақтауға арналған ұядан мекеннен функциональды кереуеттің жанында тұтқасы бар.

Функциональды кереуеттің аяқ жағында немесе қырында меңгеретін тұтқасы бар, оның көмегімен бас жағын жылдам көтеріп немесе жатықтық деңгейге түсіріп, бір мезгілде кереуеттің аяқ жағын көтереді. Кереуеттің торы серпілмелі болуы керек, жылжуға ыңғайлы болу үшін аяқтары дөңгелек тежеумен жабдықталған.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

- Кереуеттің бас жағын қабырға жаққа қойыңыз;

- Кереуеттер арасындағы қашықтықты 1-1,5 м ұстаңыз;

- Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз;

- Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің қырындағы тұтқаны (егер де олар болса) түсіріңіз;

- Кереуеттің бас жағын жатық қалыпқа келтіріңіз

Науқастың төсек – орнын дайындау

Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.

Дайындаңыз: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын, ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені қаптама сейсебімен, клеенканы, жаялықты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Матрасты матрас тысына салыңыз.

2. Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.

3. Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.

4. Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

5. Жастықтарға тысын кигізіңіз, оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.

6. Астыңғы жастықты тіке, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.

7. Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.

 

Халі ауыр науқастың төсек – орнының тыстарын ауыстыру

(ұзынынан жасалатын әдіс)

 

Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

4. Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.

5. Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.

6. Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.

7. Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

8. Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.

9. Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.

10. Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.

11. Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.

12. Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.

13. Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.

14. Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

15. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

Халі ауыр науқастың төсек- орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс)

(екі медбикемен орындалады)

 

Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

3. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

4. Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.

5. Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.

6. Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.

7. Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.

8. Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.

9. Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

10. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ішкі киімді ауыстыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.

Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, терінің мейірбике қолымен жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

Дайындаңыз: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

4. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

5. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

6. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

7. Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

9. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

10. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

11. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.

Халі ауыр науқастың шашын күту

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.

Дайындаңыз: жылы суды (37-38°С), сабынды немесе сусабынды, легенді, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.

2. Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.

3. Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.

4. Керуеттің бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар легенді қойыңыз.

5. Науқастың басын сорғалап аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.

6. Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.

7. Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.

8. Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай, ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.

9. Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз.

10. Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.

11. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

Ескерту:  халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;

- осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастын астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;

- әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;

- ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;

- 6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.

Халі ауыр науқастың терісін күту

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртібі кезінде.

Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, легенді, t-35-37°С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың астына клеенканы төсеңіз.

4. Легенге  жылы су құйыңыз.

5. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.

6. Салфетканы, сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.

7. Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.

8. Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.

9. Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.

10. Қолдың тырнақтарын алыңыз.

11. Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).

12. Қолғаптарды шешіңіз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.

Дайындаңыз: клеенканы, ішінде жылы суы бар легенді, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

3. Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.

4. Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар легенді қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек.

5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.

6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын легенге түсіріңіз.

7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.

8. Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.

9. Тырнақтарын алып тастаңыз.

10. Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.

11. Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.

13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Қолдағы тырнақты қиып алу

Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

2. Аз ғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.

3. Науқастың қолының саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.

6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.

7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.

8. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.

9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.

10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

Аяқтағы тырнақты қиып алу

Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар легенге,  науқастың аяқ басын салыңыз.

5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістеуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.

7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.

9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

Науқасты қырындыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: халі ауыр жағдайдағы науқас.

Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.

2. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.

4. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.

5. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.

6. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.

7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.

8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Қолтық ойығындағы шашты қыру

Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.

4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.

5. Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.

6. Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.

7. Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.

8. Қолғаптарды шешіңіз.

9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Қасағадағы шашты қыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.

Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа судноны беріңіз.

4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.

5. Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштың өсу бағытына қарай қырыңыз.

6. Науқастың астын жуыңыз.

7. Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.

8. Судноны жинап алыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: