Микроөзектер патологиясы

Электрондық микроскопией қарағанда жасушаларда көптеген микроөзектер табылады. Олар көлденеңі 24 нм-ға шамалас шең-бер түрінде көрінеді. Бүл шеңбердің қатты қабығы болып, оның қабырғасы көлденеңі 5 нм болған түзу немесе ширатылған жіпті қүрылымдардан түзілген. Олардың өзі 13-ке жақын суббірліктен түрады. Микроөзектер организмде өртүрлі қызмет атқарады. Біріншіден, олар жасушаның қаңқасын (цитоскелет) түзеді. Кейбір жасушаларда кездесетін жалған аяқтардың, өскіндердің пішіні де осы микроөзектердің қызметімен тікелей байланысты. Екіншіден, цитоплазмалық микроөзектер жасуша ішінде тасымалдау (транс­порт) қызметін атқарады. Мысалы, меланин пигментінің жасуша ішіндегі өрекеті осы микроөзектер қызметімен түсіндіріледі. Үшіншіден, үршық тәрізді микроөзектер жасушаньщ бөліну (ми­тоз) үрдісіне де қатысады. Демек, микроөзектер патологиясы олар-дьщ жогарыда аталған негізгі қызметтерінің бүзылуына алып келеді. Оның ішінде митозға байланысты жасуша орталығының, хромо- сомалар қозғалысының ауытқуларының маңызы зор. Мысалы, лейкоциттердің жалған аяқшалары арқылы қан тамырынан шы-


ғып, бір жерге топталуы (миграциясы), макрофагтардағы фагоци­тоз үрдісі қабынудьщ негізгі механизмдерінің бірі болып есептеледі.

Микроөзектер тьшыс жолдаръшың эпителиіндегі кіршкшелер қызметін де реттеп түратыны белгілі. Осы кірпікшелік қүрылым-дардьщ бүзылысы, яғни қозғалмай қалуы, клиникада Картагенер синдромы деген атпен белгілі. Осыған байланысты тьшыс жолда-рында созылмалы қабыну үрдістері, бронхоэктазия дамиды.

Сонымен, жасуша патологиясы өте күрделі қүбылыс болып, көп ауруларды бір-біріне үқсас өзгерістермен көрінгенмен, олар­ды жан-жақты зерттеу, талдау арқылы кейбір патологияға тән өзгерістерді іздеп табуға әбден болады. Мысалы, тезаурисмоздар кезінде жасушаларда жиналып қалған химиялық заттарды, гисто-химиялық өдістермен тексеру осы аурулардың этиологиясын анық-тауға жөрдем береді.

Жалпы өртүрлі өсерлер нәтижесінде өзгерген жасушалар таг-дыры олардың қаншалықты зақымданғаньша байланысты. Егер осы жасушалар азырақ зақымданған болса, жасуша бүтіндей "сау-ығып" кетеді, немесе осы патогенді факторлардың әсеріне толық бейімделіп, өз тіршілігін жалғастырады. Көбінесе сыртқы өсер-лерге бейімделу жасушаның белгілі бір қүрылымдық, функция-лык және биохимиялық, жасуша үшін зиянды өзгерістері арқылы ғана іске асады. Осы өзгерістер нөтижесінде жасуша үзаққа созы-лған, бірақ тіршілікке сиымды, "ауруға" шалдығады. Сыртқы эсер өте күшті болғанда жасуша өз тіршілігін бүтіндей жояды (АПАв-цын, В.АШахламов, 1979).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: