Натурфилософия. Сократ философиясы

Жоспары:

1. Ежелгі грек философиясының қалыптасуы, оның дамуының негізгі кезеңдері. Алғашқы философиялық мектептер.

2. Софистер мен Сократ философиясы.

Лекцияның мақсаты: Грек философиясындағы негізгі бағыттар мен философилық мектептермен танысу

1. Антикалық грек философиясы б.з.д. VII-VI ғасырларда қалыптасты, өзінің

сипатымен және мазмұнымен, әсіресе философиялық әдістерімен ол шығыстың философиялық жүйесінен едәуір ерекшеленеді де тарихта қоршаған дүниені рационалды түрде танудың талпынысы болды.

Антикалық философияның дамуында шамамен негізгі төрт кезеңді атап өтуге болады:

I. Өзіндік грек философиясының пайда болуынан V-IV ғасырлардағы бетбұрыс кезеңге дейінгі кезең. Бұл кезең дәстүр бойынша Сократқа дейінгі кезең деп аталады. Ал бұл уақытта жұмыс істеген философтар Сократқа дейінгілер деп аталады.

II. Шамамен V ғасырдың жартысынан IV ғасырдың едәуір бөлігі,Бұл кезең классикалық кезең деп аталып, Сократтың, Платонның, Аристотельдің іс-әрекеттері және ықпалымен байланысты.

III. б.з.д. IV-II ғасырлардың аяғы. Бұл кезең көптеген еңбектерде эллинистік кезең деп аталады. Классикалық кезеңнен айырмашылығы – бұл кезеңде әртүрлі философиялық бағыттар мен мектептер пайда болды.

IV. Римдік кезең деп аталатын б.з.V-VI ғасырлары.

Әрі қарай әңгіме тек Сократқа дейінгі яғни, бірінші кезең жайлы болмақ.

Сократқа дейінгі философтардың шығармалары тек фрагменттер мен кейінгі авторлардың сыны мен солар туралы келтірілген үзінділерден белгілі. Бұл фрагменттерден тұтастай философиялық көзқарастарды бөліп шығару мүмкін емес. Мұндай цитаталар, мысалы, Диоген Лаэртскийдің “атақты философтардың өмірі, ілімі және айтқан сөздері” деген еңбегінде және сонымен бірге, Платонның, Плутархтың, Сонет Шипириктің Климент Александрийскийдің еңбектерінде де кездеседі. Әсіресе Платон бұрынғы еңбектерді еркін түрде келтіре отырып, өзге авторлардың ойына маңыз берсе, өзге авторлардың жазғандары онымен сәйкес келе бермейді.

Бұдан бұрынғы мифология секілді барлық грек авторларында космос пен табиғатқа деген бет бұру тенденциясы байқалады. Гегель бойынша философия жаратылыс жайында мәселе қойылғанда ғана туындайды. Ол мифологиялық ойлаудың методологиясы мен терминологиясынан тыс шешіліп қойылған. Философияның пайда болуы, абстрактылы ойлаудың белгілі бір деңгейімен байланысты. Ол ақиқатты, аллегориялар мен мифологиялық әдістерден гөрі өзге әдістермен айқындай алады. Грек философиясының түп негізінде әлемнің (космостың) негізгі принципі не болып табылады және оның дамуын қандай принциптер немесе күштер айқындайды деген сұрақтарға рационалды түрде жауап іздеу басым.

Алғашқы бастама мәселесі, ежелгі грек философиясының антологиясының негізгі мәселесі болып табылады. Міне осы жерде философия мифологиямен ұштасады, оның дүниеге көзқарас проблемасы мұралыққа алады. Егер де мифология бұл мәселені барлық жаратылысты кім жаратты деген принцип бойынша шешуге тырысса, философтар мұнда субстанциалды бастама іздейді, яғни барлық нәрсе не ден пайда болды немесе неден шықты деген мәселеде, одан әрі қарай жеңіл болу үшін бұл жерде мынаны айта кету керек, барлық нәрсенің түпнегізі алғашқы принципін грек философиясында екі термин: СТОЙХЕЙОН, яғни сөздің логикалық мәнінде, ядроны, элементті білдіретін одан кейін сөздің тарихи мәніндегі алғашқы материяның түпматерияның заттардың алғашқы жағдайын білдіретін АРХЭ терминдері қолданылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: