Тапсырма №1417

62 жасар әйел тістер сауытының көп ақауларына шағымданып келді. Қарап тексерпгенде: жоғарғы және төменгі кіші азу тістердің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде дентин маңында үшбұрышты ақаулар байқалады, қабырғалары жылтыр, тегіс, беті жылтыр, зонд тірелмейді.

Төменде аталған этологиялық факторлардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) ауыз қуысының нашар күтімі

B) +тістің қатты тіндерінің қоректендіруінің бұзылуы

C) көмірсуларды көп қабылдау

D) ішетің суда фтордың көп мөлшері

E) ішетің суда йодтің жетіспеушілігі

Тапсырма №1418

59 жасар әйелжоғарғы алдыңғы тістеріндегі косметикалық дефектісіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы ортаңғы және бүйір күрек тістер сауытының вестибулярлы бетінде кіреуке мен дентин маңында экваторына жақын орналасқан сопақша ақаулар бар.

Диагноз қою үшін төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған ең дұрыс болады:

A) Рентгенография

B) трансиллюминация әдісі

C) +шұқып тексеру

D) Электроодонтометрия

E) температуралық тітіркендіргіштеріне реакция

Тапсырма №1419

46 жасар әйел жоғарғы алдыңғы тістердің косметикалық дефектіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы ортаңғы және бүйір күрек тістер сауытының вестибулярлы бетінде дентин маңында экваторына жақын орналасқан сопақша ақаулар бар, табаны қатты пигменттелген.

Қандай ем шараларының жоспары ең дұрыс болады:

A) егеп-тазалау, пломбылау

B) жасанды сауыт жасау

C) химиялық композиттермен пломбылау

D) +фотополимерлі композиттермен пломбылау

E) реминералдану терапияның курсы

Тапсырма №1420

69 жасар ер адам самай-төменгі жақ буынындағы ауру сезіміне, тістердің анатомиялық пішіні бұзылғанынан пайда болған эстетикалық дефектіне шағымданып келді. Қалқанша бездің ауруы диагнозымен эндодкринологта бақылауда тұрады. Қарап тексергенде: бетінің тһменгі үштен бір бөлігі қысқарған, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Тістің қатты тіндерінің жойылуына байланысты тістердің анатомиялық пішіні тіс қуысы деңгейіне дейін бұзылған

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) Физиологиялық қажалуы

B) тістің қатты тіндерінің некрозы

C) І дәрежелі патологиялық қажалуы

D) ІІ дәрежелі патологиялық қажалуы

E) + ІІІ дәрежелі патологиялық қажалуы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: