35 жастағы әйел жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.
Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?
А) +Ұлпаның жедел жартылай қабынуы
В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Тапсырма №1445
23 жастағы қыз жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.
|
|
Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын, жылдам дамитын терең тісжегімен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін таңдау НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады:
А) Рентгенография
В) Трансиллюминация әдісі
С) +термометрия
Д) Ауру тарихын жинау
Е) Қағып тексеру
Тапсырма №1446
39 жасар ер адам жоғарғы оң жағындағы тісінің қысқа уақытқа созылатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Дені сау, аллергоанамнезі –жоқ.
Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсында ауыру сезімі бар, тіс сауыты ашылмаған. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар. ЭОМ-25мкА. Қағып тексрегенде тіс ауырмайды.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады:
А) Девитальді экстирпация әдісі
В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс
С) Девитальді ампутация әдісі
Д)Витальді экстирпация әдісі
Е) +Консервативті әдіс
Тапсырма №1447
52 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде жұмсарған, ашық түсті дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды.
Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерін таңдаған дұрысырақ болады:
- +Термометрия
- Өмір тарихын жинау
- Ауру тарихын жинау
- Рентгентексеру
- Шұқып тексеру