Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10. Хрипкова А.Г.,Колесов Д.В. Ұл есейсе,қыз өссе. А., Мектеп. 1988.

4-дәріс. Отбасындағы мінез-құлық мәдениеті

1. Жанұядағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас.

2. Қарым-қатынас бұзылуы.

Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жанұядағы ерлі зайыптылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы, бірлескен іс-әрекетті орындауға деген талпынысының келісімділігі жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы, екінші жұпты тану және өзін-өзі тану секілді міндеттерден тұрады.

Жанұядағы (ерлі) жеке тұлғалар арасындағы қарым–қатынастың ерекшелілігі болып, жоғары эмоциялық күй және қарым-қатынастың ашықтығы білінеді.

Қарым-қатынас актісіне келесілер кіреді:

- қарым-қатынастың қажеттілігі мен түрткісінің тууы.

- қарым-қатынас міндеттерін анықтау (ақпараттық танымдық, екінші жұптық мінез-құлқы мен іс-әрекетіне ықпал ету міндеті,т.б.)

- ақпараттың алмасуы.

- екінші жұптан ақпаратты алу.

- алынған ақпратқа талдау және қарым-қатынас актісінің жауап мазмұны жайында қабылданған шешім.

- ақпарат алмасу.

Л.А.Петровскидің, Г.М.Андреева, К.Роджерстің еңбектерінде жанұядағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың тимді жағдайлары анықталып көрсетілген. Ол өзіне табысты қарым-қатынасты ұйымдастырудың жалпы принциптері мен жанұядағы қолданылатын арнайы нормалар мен ережелерді қамтиды:

- қарым-қатынастың ашықтығы;

- жанұя мүшелері үшін маңызды мәселелерді талдауды қамтамасыз ететін қарым-қатынастың жоғары активтілігі: жанұялық өмірде мұндай бақылауларға арнайы уақыт бөлінеді: мысалы, бірлескен шай ішу, балалар мен ұйқы алдында сөйлесу;

- вербальды емес қарым-қатынастың дәлдігі;

- жанұядағы эмоционалды қарым-қатынастың жағымды дамуына жағдай ретінде екінші жұпты эмпатиялық қабылдау;

- өзара махаббаттың, эмпатияның, қабылдаудың, екінші жұпты сыйлаудың көрінуі. Бұл әсіресе отбасылық циклінің дағдарысты кезеңдерінде және стресті, фрустрациялы, проблемалы ситуациялар туандағанда аса қажет;

- жанұялық тілдің қалыптасуы – бұл жанұялық белгілерді, дәстүрлерді, нормаларды анық, келісімді және жеңіл білу. Жанұялық сөздікке ерекше есімдер, лақап аттар, бір оқиғаның маңызды белгілері, әзілдер, обасылық әңгімелер кіреді. Және де сонымен қатар көзқарастың, жесттің, мимиканың келісімді түрлері болады. Жанұялық реликвия - отбасы өміріндегі белгілі бір ерекше жадайлармен байланысты заттар да жанұялық қарым-қатынастың тұрақтануында, жанұялық өзіндік сананың қалыптасуы мен өзара әрекеттесуінде маңызды рөл атқарады.

Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы – отбасы проблемаларының ең өзектілерінің бірі. Отбасындағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың бұылуының келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1) Вербальді және вербальді емес қарым-қатынастың қайшылықтылығы;

2) Қарым-қатынастағы кедергілердің пайда болуы;

3) Қарым-қатынас барысында екінші жұпты манипуляциялау, қарым-қатынасты басқаруды теріс пайдалану;

4) Сезім алмасуының тоқырауы және бұзылуы;

5) Ауытқушы қарым-қатынас;

6) Парадоксалды қарым-қатынас;

7) Маскалы коммуникация – мистификация;

8) Қарым-қатынас арнасы үшін күрес;

Қарым-қатынастағы қиыншылық көбінесе тиімді қарым-қатынастық кедергілерден туады. Тиімді емес айта салу типтеріне төмендегілер кіреді: бұйыру; тіке нұсқау беру; (алдын ала ескерту) қорқыту; нотация; кеңестер және түсіндіру; тік негативті баға; мысқылдау; мұқату; сұрау; тергеу; ізіне түсу; зейінін аудару; проблемадан қашу. Жанұядағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың бұзылуын ерлі-зайыптылардың жекелеген ерекшеліктеріне де байланысты.

Ауытқыған қарым-қатынас бір жақты көрініс алатын процесс. Мұнда екі жұптың біреуі қарым-қатынастан қашу құралы ретінде үнсіздікті таңдап алады. Сыртқы көрінісі бойынша монолог диалог орнына жүреді.

Бақылау сұрақтары

1. Отбасының қайшылықтары.

2. Отбасылық қатынас негіздері.

3. Жанұядағы қолданылатын арнайы нормалар мен ережелер.

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: