Алматы, 2012ж

ТАҚЫРЫП: ҚОЙМАДАҒЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ҮРДІС. ҚОЙМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.

МАҚСАТЫ: Қоймалау логистикасының қызметтік аймағының негізі жайлы студент білімін қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

· Қоймалау логистикасына сипаттама және пәні бойынша түсінік беру.

· Фармацевтикалық мекемелердегі қоймалардың міндеті және қызметімен таныстыру.

· Қоймада орындалатын негізгі қызметтерді үйрету.

· Қоймалардың жіктелуі, қызметі және түрі, сонымен қатар қоймадағы әртүрлі логистикалық үрдістер туралы ой қалыптастыру.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: тапсырмаларды орындау,оқытушымен сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау, ситуациялық есептерді шешу.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Жұмыс даптерлеріңізде жазбаша түрде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Логистикадағы «қойма» терминіне анықтама беріңіз.

2. Логистикалық жүйедегі қоймалық шаруашылығының негізгі қызметі мен міндеттерін қарастыру.

3. Қойма қызметінің кемшілік критериін атаңыз.

4. Фармацевтикалық логистикада қойманың жіктелуін сипттау..

5. Қойманың негізгі қызметтерін сипаттау.

6. Көтерме саудадағы қойма қызметінің ерекшеліктерін сипаттау..

7. Қоймалаудың негізгі артылықшылықтарын атаңыз.

8. «Қоймалық технологиялық үрдіс» түсінігіне анықтама беру.

ТАРАТЫЛУ МАТЕРИАЛДАРЫ:

1.Қоймалардың логистикадағы рөлі. Қойма түсінігі. Қойма түсінігіне арнайы технологиялық құрылғылармен жабдықталған, барлық келген тауарларды қабылдау, сақтау, орналастыру және тарату қызметтерін атқаратын ғимараттар, құрылыстар және әртүрлі құрылғыларды жатқызамыз.

Қойманың негізгі міндеті – қор концетрациясы, оларды сақтау және тұтынушылардың тапсырысын тоқтаусыз және ырғақты түрде орындау.

Қойма немесе қоймалардың тобы және қызмет етуші инфраструктурамен бірге қоймалық шаруашылықты құрады. Қоймалық шаруашылықтағы негізгі мәселелерге өндірісті тиісті материалдық ресурстармен жабдықтау, олардың тұтастығын және қоймалық операцияларды жүзеге асыруда шығынның көлемінің азаюын қамтамасыз ету.

Логистикалық жүйеде қойманың рөлі мен орны. Қойма логистикалық тізбектің негізгі бөлігін құрайды. Логистикалық жүйе қойманың ұйымдастыру және технико-экономикалық талаптарын құрайды, қоймалық жүйенің мақсаты мен оптимальді қызметін бекітеді, жүктердің қайта өңдеу шарттарын анықтайды. Өз кезегінде қоймалау материалдарын ұйымдастыру (қоймалардың орналасу орнын таңдау, материалдарды сақтау әдісі және т.б.) логистикалық тізбектің әртүрлі бөліктерінде қорлардың көлемі мен қозғалысына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Логитикада қойма жағымды және жағымсыз рөль ойнайды. Қоймалаудың жағымсыз жағына қоймада тауардың көп уақыт турып қалуына байланысты тауар бағасының көтерілуі жатады. Бұл – ағымдағы қойма құрамына, қойманы жалға алуына, қойма қызметіне кететін шығын. Сонымен бірге қойма қорын құру басқа мақсатта қолдануға болатын, маңызды ақшалай ресуртардың иммобилизациясына (қату,тоқтау) әкеледі. Сондықтан өнімді қоймалау тек усталуды төмендететін немесе логистикалық қызметтін сапасын жоғарлататын болса ғана рұқсат.

Қоймалаудың жағымды жағы өндірісті түзетуді қамтамасыз етеді, жүктердің кешені, қорлардың конценрациясы мен бөлінуі үшін қажетті техникалық және ұйымдастыру шарттарын құрайды.

2.Қоймалардың түрі мен қызметтері. Қоймалардың жіктелуі. Қорлардың сақталуы арнайы құрылған орындарда болуының объективті қажеттілігі материалды ағынның қозғалысының кез келген сатысында, шикізаттың біріншілік көзінен соңғы тұтынуына дейін болады. Мұнымен қойма түрінің санының көп болуы түсіндіріледі.

Оларды логистикалық тізбектегі орны мен тауар қозғалысы үрдісініндегі маңызына байланысты келесі топтарға жіктейді:

· Өндіруші-ұйым өнімінің қоймасы (қамсыздандыру сферасында);

· Тұтынушылар өнімінің қоймасы (өндіріс сферасында);

· Өндіруші фирмалардың қоймалары (тарату сферасында);

· делдал ұйымдардың қоймалары.

Өндіруші-ұйым қоймалары шикізатты, материалды, өнірістік мақсаттағы өнімді сақтауға және өндіруші тұтынушыларды қамсыздандыруды (бірінші кезекте) жүзеге асырады.

Өндірістегі қойма технологиялық үрдіс ағымының тоқтаусыз қызмет атқаруына арналған. Бұл қоймаларда аяқталмаған өндіріс қоры, құрылғылар, құрал-саймандар және құрал-жабдықтар, т.б. сақталады. Өндіріс ұйымдарында өндіріс үрдісіндегі роліне және бағыныштылығына байланысты қоймалар қамсыздандыратын (материалдытеникалық қамсыздандыру бөліміне бағынады), өндірісті материалдармен жабдықтайтын, жинақтаушы өнімдер, сатып алатын жартылай фабрикаттар және т.б. деп жіктеледі; өндірістік (жоспар-өндірістік немесе жоспар-диспетчерлік бөлімге бағынады), өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын және сақтауға аранлған; өзіндік өндірілген жартылай фабрикаттарды және технологияық қамсыздандыру заттарын сақтауға арналған; предназначенные для хранения полуфабрикатов собственного производства и технологической оснастки; сатуға жіберілетін материалдық құндылықтарды сақтауға арналған өтім бөлімі (өтім бөліміне бағынады). Қызмет көрсету сферасына байланысты ұйым қоймалары жалпы зауыттық (орталық), цех бастықтарына бағынатын цех алды (орталық қойма филиалдары) және цехтік болып жіктеледі.

Өтім қоймалары өндіріс саласынан тұтынушыға тауар қозғаласының ұзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін арналған. Олардың негізгі қызметі тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету мен өндірістік ассортименттің құрылуына негізделген.

Делдал ұйым қоймалары (алдымен транспорттық) материалдық құндылық тасымалымен байланысты уақытша қоймалауға арналған. Бұған жатады: темір жол станциясының қоймалары, автотранспорт жүктік терминалы, өзен және көл порттары, әуе транспортының терминалы. По характеру выполняемых операций грузопереработки они относятся к транспортно-перевалочным. Қойманың бұл топтары қамсыздандыру немесе сол сияқты тарату логистикасында болуы мүмкін.

Барлық қоймалар қызметіне байланысты бес түрге жіктеледі:

· аралас, комбинацияланған және басқа жүк тасымалдау түрлерін жүзеге асыруда қолданылатын жүкті ауыстырып тиеуге арналған қоймалар;

· сақтау қоймалары, өндірістің дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті материалдардың концентрациясын және сақталуын қамтамасыз етеді;

· түзуші қоймалар (комиссионирования), тұтынушының талаптарының спецификалығына байланысты тапсырыстарды түзуге бағытталған қойма;

· сақтау қоймалары, қоймаланған заттардың тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін қоймалар;

· арнайы қоймалар (мысалы, кеден қоймасы, уақытша сақтау қоймасы, таралар, қайтарылған заттар және т.б.)

Қоймалар құрылу ерекшеліктеріне байланысты жабық, жартылай жабық (тек шатыры немесе шатыры, бір,екі немесе үш қабырғалары бар) және ашық алаңдар болып бөлінеді.

Қоймалар сақталатын материалдардың спецификасы мен номенклатурасына байланысты әмбебеп және мамандандырылған болып жіктеледі. Әмбебеп қоймаларда кең номенклатуралы материалдар сақталады. Мамандандырылған қоймалар бір текті материалдарды сақтауға арналған (мысалы, чугун қоймасы, лак бояйтын материалдар және т.б.).

Қоймалардың механизациялау дәрежесіне байланысты қоймалық қызмет жіктеледі: механикалық емес, механикалық, автоматтандырылған және автоматикалық.

Қоймалардың қызметі. Қойманың негізгі қызметіне келесілерді жатқызуға болады:

1. Тұтынушылардың сұранысына сәйкес қажетті ассортиментті құру. Сатып алу және өндірістік логистикада бұл қызмет әртүрлі өндіріс фазасының қажетті материалды-техникалық ресурстарын (саны және сапасы бойынша) қамтамасыз етуге бағытталған. Тарату логистикасында бұл қызметтің маңызы ерекше. Сату қоймасы тұтынушылық өндіріс ассортиментін клиенттің тапсырысына сәйкес жүзеге асуын құрайды. Қоймада қажетті ассортиментті құру тұтынушылардың тасырысын эффективті орындауға және клиентке қажетті көлемде тапсырысты орындауға мүмкіндік береді.

2. Қоймалау және сақтау. Осы функцияның орындалуы шығарылған өнімнің мезгіл арасындағы өзгешелігімен қоса өндірістік процесстің үзіліссіз жұмысы барысында артық мөлшердегі қорларымен тұтынушыны үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Реттегіш жүйе арқылы тауардың сақталуы заттардың маусымдық тұтынылуына байланысты жүргізілуі қажет.

3. Жүктің тасымалдануы мен артылған партияның тиелімі. Көптеген тұтынушылар " қоймадан вагонга қарағанда кем " немесе " трейлерге қарағанда азырақ " партиялары арқылы тапсырыс бергенде, бөгелістер айтарлықтай көбейеді. Мұндай тиелімдерді жеткізуге қатысты көлік шығынын азайту мақсатында қойма тарапынан тұтынушылардың осындай партиялық тапсырыстарын біріктіріп тиеп, толықтай көліктің толуын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

4. Қызмет көрсетілуі. Жоғары дәрежелі қызмет көрсету мақсатында қоймадағылар тұтынушыларға көптеген тауарларды сатуға даярлау, өнімді қаттау, өнімге сатылымдық түр беру, транспорттық экспедициялық қызмет көрсету сияқты т.б қызмет түрлерін ұсынады.

3. Қоймалау процессі. Қоймалық операциясының мінездемесі. Қоймалық операциясының кешені келесідей тізбектілікті ұсынады:

· жүкті қабылдау және түсіріп алу;

· сақтауға орналастыру;

· топтау және тауардың тиелімі;

· жүктің қоймаішілік тасымалы.

Жүкті түсіріп алу және қабылдау. Жасалған келісім шарттарда көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі. Бұл көрсетілген жұмысты атқару қоймада жүктің түріне (даналық, үгітілген), транспорттық (трейлер, контейнер). Сонымен қоса қолданылатын механика түріне байланысты жүргізіледі. Жүктің параметрлері рәсімделген жолдамаға құжат деректерімен ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Қабылданған жүк санына және сапасына қарай сақталу зоналарына жөнелтіледі. Сақтау процессі осыған сәйкес жасалуына және қорлардың қолма-қол тапсырылуын қатаң қадағалайды. Жүктің реттелуіне қарай және экономикалық орналасуына байланысты оларды қатаң (фиксирленген) және еркін (жүктің кез келген бос орынға орналасуы). Қоймалау орнын таңдау ұстаныммен жүргізіледі. Топтау процессінде тапсырысқа сәйкес тауар даярлау, тауарды жөнелтуге даярлау, көлікке жүкті тиеу сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Жүктің қоймаішілік тасымалдануына жүктің қоймалық түрлі зонадан ауысуын, ол жақтан сақтау зонасына және тиеу қоймасына жөнелтілуі жатады. Қойма арасында жүргізілетін жүк тасымалы белгіленген сызба бағыт арқылы жүзеге асырылуы қажет. Бұл қайта қоймаға оралудан сақтайды және операцияның мінсіз орындалуына мүмкіндік береді. Тасымал кезіндегі үзіліс мұнда минимальды дәрежеде болуы қажет.

Индустриялық кәсіпорынның қойма жұмысының ұйымы. Қойма оперативті өндірістің қызметі келіп түскен өнімнің орнына сақталуымен және босатылуымен тұтынушыға жетуін міндетке алады.

Жүкті материалдың қоймаға жеткізу зауыттық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Өнім мен материалдар қоймада талапқа сәйкес техникалық құжаттар инструкцияларына сәйкес қабылданады. Қабылданған материалдар мен бұйымдар соларға арналған орындарда белгіленген тәртіпке сәйкес маркасына, өлшеміне сәйкес жайғастырылады. Көбірек және жиірек қолданылатын заттар жазып босатылатын ауданда, ал аз өтетін заттар алыстау алаңшаларда орналастырылады. Ұяшықтар мен стеллаждар және басқа да сақтау орындары заттың атауымен индексі жазылған тақтайшамен нөмірленіп жабыстырылады. Заттарды босатуға даярлау ерекше жоспар арқылы жүзеге асырылады. Заттарды өндірістік қолдануға, даярлауға тазалау, кесу сияқты операцияларынан кейін жасалынады. Қорды басқару арнайы картотека арқылы жүргізіледі. Қор деңгейі тіркелген тапсырыстың өлшем деңгейінің көмегімен басқарылып отырылады.

4. Қоймалау жүйесін қалыптастыру

Қоймалау түрін таңдау. Қойманы басқару шешіміне қатысты екі негізгі түрі бар:

Қойманы меншік немесе ортақ қолданады. Қойманы қолдану бұл факторлардың кілті болып табылады. Осы нұсқа біреуін таңдау жасау оның тауарайналым ауқымы болып табылады. Жекешелендірілген қоймада өнімді қадағалау мен сақтау шарттарын дұрыс жасағанда қордың қызмет сапасы жоғарылайды.

Ортақ қолданыстағы қоймаларда келесідей артықшылықтар бар:

· қойманың шаруашылығына жиі салымдар жасау қажет болмайды;

· финанстық қауіп төмендейді;

· қоймалық алаңшаны қолдану жиілігі жоғарылайды;

· қорды сақтау мен жауапкершілік жоғарылайды.

Қойма саны мен қойманың орналасу жүйесін анықтау.

Қоймадағы аумақтың орналасуы және оның санының материалдық саудадағы сұранысқа, тұтынушы концентрациясына қатысты жүргізулермен сатып алуына байланысты анықталады. Шағын және орта өнеркәсіптер өздеріне жақын орналасқан аймақтармен шектеледі.

Ортақ шығынның және қойма санының арақатынасы логистикалық қатарда. Сурет-1

Жалпы шығын
Количество складов
Сақтауға кететін шығын
Қоймаларды қамтамасыз шығын
Тасымалдаушы шығын
Жіберіп алынған сауданың бағаасы
 
 


Сурет 1. Соотношение общих затрат и количества складов

в логистической цепи

Берілген сызбадан байқағанымыздай қойма санының көбеюінен жүйеде көліктің қоймадан тұтынушыға жеткізу шығынының азаюын байқай аламыз. Бір уақытта қоймаға жұмсалатын шығын мен қорды сақтауға кететін шығын өсуде қойманың тұтынушыларына максимум жақындауы, тұтынушылардың талаптарына байланысты өзгерістеріне дәл әрі нақты жауап беруіне және шығынды қысқартуына мүмкіндік береді. Кәсіпорын айналымындағы ортақ шығын сомасынан минимализациялау арқылы қоймалар санын бекіту қажет. Қойманың орталықтандыру жүйесі. Өзін филиалдық қордың негізгі қор жинайтын ортақ ұйымға қосады.

Орталықтандыруға қарсы жүйе. Негізгі бөлігі әртүрлі аймақтарда орналасқан тұтынушыларға жақын жерде бағыттайды. Қойма алаңшасының есеп көрсеткіші қойманың ортақ ауданы мен өлшемі болып табылады.

Қойманың ауданы келесідей болып бөлінеді:

· жүкке және толық, бағалы материалдар және оны сақтау үшін;

· оперативтік, іріктеуші, штабельтермен және стеллаждармен;

· конструктивті, қатар-қатар, баспалдақтармен және т.п.

· қызметтік;

Қойманың ауданының өлшемін орналастыру екі әдіспен жүргізіледі: 1) өлшеуіштердің көмегімен

2) жойылған көлемді өлшеушілердің көмегімен.

Бұл әдіске пайдалы ауданның өлшемі бойынша мына формуламен анықталады

, мұнда

Sпайд – қойманың пайдалы ауданы, м2;

Zmax – қорда сақталатын запастың максимальды өлшемі, т;

qдоп –1 м2 рұқсат етілген ауырпалық, т.

Бұл жағдайда жалпы аудан мына формуламен Sжапл анықталады:

, мұнда

Ки – қойманың жалпы ауданының коэффициенті

Екінші әдіс дәлірек қойманың пайдалы ауданын мына формуламен анықтаймыз.

,мұнда

nст – сақтау үшін қолданылатын стеллаждардың i-саны, дана;

m – тобы, стеллаждардың сандық түрі;

Sст –стеллаж алатын аумақ, м2.

, мұнда

nу ж –жалпы мах қор сақтауға қажет ортақ ұяшықтар дың стеллаж саны, дана;

n ст у – берілген стеллаж ұяшық саны, дана.

, мұнда

Vст –стеллаж ұяшық көлемі, м2;

g - материалдан жойылған салмақ, т/м3;

Kбт – біріктірілген ұяшық толтырылу коэффициенті.

1. Қойманың жұмыстарын бағалау.

Қолданыстағы қойманың жұмысын сарапшылау, технико-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.

1) қойманың жұмысының мәлімділігімен сипатталатын көрсеткіштер;

2) қойма көлемінің және ауданның игерушілік тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;

3)қойма жұмысының синхрондық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер;

Показатели интенсивности работы складов включают складской товарооборот и грузооборот, а также показатели оборачиваемости материалов на складе.

Складской товарооборот количество реализованной продукции за соответствующий период (месяц, квартал, год) с отдельных складов предприятия, торгово-посреднических организаций и т.д.

Складской грузооборот – натуральный показатель, характеризующий объем работы складов. Исчисляется количеством отпущенных (отправленных) материалов в течение определенного времени (односторонний грузооборот).

Қойма жұмысының ашық түрде жүргізілетін көрсеткіштері:

Қойманың тауарайналымы- өнім үшін лайықты мерзімді(ай, тоқсан, жыл) анықтау.

Қойманың жүкайналымы - қойма жұмысының көлемін сипаттайтын

көрсеткіш. Белгілі уақыт ішінде жіберілген материалдарды есептеу арқылы есептейді.

Жүк көлемі – уақыт бірлігіне қатысты жіберілген жүк саны;

Жүкті қайта өңдеу жүк тасымалда шамадан тыс ауырпалық кездесуі. Жүкті қайта өңдеу коэффициенті жүк тасымалда шамадан тыс ауыртпалықтың кездесуі. Жүкті қайта өңдеу коэффициенті заттың жылдық айналымы мен қоймадағы барлық қалдық заттар қалдық заттар қатынасына тең.

, мұндаq1 – қоймадағы қалдық заттар; q2 –2-ші айдың 1-ші; qn-1 – келесі айдың 1 күн бұрынғы мерзімі; qn – айдың соңғы күні,

m – сандық қалдық есепке алынады.

Коб жоғары көрсеткіш көрсету тиісюдолжна быть всегда больше единицы.

Заттың айналым кезеңі мына формуламен анықталады.

,

Т – күнтізбелік кездегі күн теңсіздік коэффициенті.

Кт/с тиелімнің қоймадан түсуі түсірім мен Qmax тоннамен белгілі бір уақытқа орта түсірілім қатынасы арқылы есептелінеді.

.

Қойманың негізгі ауданының пайдалануының тиімділігі.

Бұл топтың негізгі көрсеткіштеріне мыналар:

· Қойма алаңшалар қолдану коэффициенті

· Пайдалынатын аудан 1 кв. м шаққандағы жүктеменің орта ауданы;

· Жүктік қысым.

Қойма алаң қолдану коэффициенті Кf жалпы алаңшаларына пайдалы алаң қатынасы арқылы анықталады:

.

Қойма алаңдарын қолдану коэффициенті. Алаңның қолданылуын ғана емес сонымен бірге биіктігін анықтайды

, мұндағы

Vалаң –пайдалы алаңша

Vжалпы – алаңша жалпы көлемі

Пайдалы алаңның әрбір кв. м шаққанда жойылған жүктеменің орташасы жүктің бір уақытта орналасу көлемінің санын қанша екенін көорсетеді:

, мұндағы

g – пайдалы алаң 1 кв. м шаққанда жойылған жүктеменің орташасы, т/кв.м;

Зmax – қоймада сақталатын заттардың мах. қоры, т;

F – қордағы заттармен толып тұрған алаңшаның (штабелями, стеллажами), кв.м.

Ортақ алаңшаның 1 кв. м шаққандағы жүктік қысым формуласы:

,

Qf – қоймалардың жылдың жүктік айналымы, т

F жалп-қойма жұмысының механизациялық көрсеткіші.

Қоймалық қызметті механизациялау көрсеткіштері:

· механизацияланған қызметті жүзеге асыратын қазметкерлердің сандық дәрежесін механизацияланған әдіспен жұмыс атқаратын қызметкерлер санының жалпы қызметкерлер санына қатынасымен анықтайды;

· қоймалық қызметтің механизациялау дәрежесі механизацияланған жұмыстың жалпы жұмысқа қатынасымен анықталады;

· механизацияланған жұмыс көлемі механизммен өңделген жүк көлемнің өңделетін жүктің жалпы көлеміне қатынасымен анықталады.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.

4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

1. Альбеков А.У., Федько В.П., Митько О.А., Логистика коммерции. Ростов-
на-Дону: Феникс, 2001.

2. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК
Велби, Изд-во Проспект, 2004.

3. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

4. Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фир­мы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.

5. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и
статистика, 1999.

6. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

7. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом
«Дашков и К», 1999.

8. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

9. Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ:

ҚОЙМАДАҒЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС. ҚОЙМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: