Темперамент

Жоспар:

1. Темперамент туралы жалпы түсінік.

2. Темпераменттің физиологиялық негіздері.

3. Темперамент туралы теориялар.

4. Темпераменттің түрлері және оның сипаттамасы.

5. Темпераментті қалыптастыру және тәрбиелеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, Білім, 1996.

2. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.

3. Аймауытов Ж. Психология, 1995.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.

5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.

6. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. А., 1992.

7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.

8. Жақыпов С., Бердібаева С. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. – Алматы, 1998.

9. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. – Алматы; Қазақ Университеті, 1992.

10. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.

11. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.

Қосымша:

1. Мерлин B.C. Отличительные признаки темперамента. Хрестоматия по психологии. М.: Просвещение 1987.

2. Мерлин В. Очерк теории темперамента. М., 1964.

3. Небылицын В.Д. Основные свойства нервной системы человека. //Избр. психологические труды. М.: Педагогика, 1990.

4. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии. М.: Прогресс, 1982.

5. Мерлин B.C. Очерк теории темперамента Изд. 2-е, Пермь, 1973.

6. Практическое занятие по психологии. Учебное пособие. Под.ред.проф. Петровского А.В. М, "Просвещение", 1972.

1. Темперамент туралы жалпы түсінік.

Табиғатта екі бірдей адамды, жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір-біріне ұқсас болып келуі мүмкін. Адамдардың даралық — психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады.

Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетін психологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа біткен және даралық-өзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап, темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз: сангвиникалық, флегматикалық, холерикалық және меланхоликалық.

Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ (б.з.д. V ғ) және оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың сандық арақатынасына байланысты (қан, шырын, өт). Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше "красис" деп аталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істеген бұл ұғымды латынша temperamentum деп атады, кейін келіп "темперамент" термині шықты. Белгілі адам анатомы және дәрігері б.з.д. II ғ. өмір сүрген Гален алғаш рет темпераментті жан-жақты жіктей отырып, сипаттама берді. Ол темпераменттің санын 13-ке дейін жеткізді. Кейіннен бұл темпераменттің саны төртеуге дейін жинақталды. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұйық заттың басымдығына қарай сипатталды.

Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса, сангвиникалық темперамент деп аталды (латын сөзі "сангвик" - қан); сұйық заттардың бірігуінде шырынның пропорциясы басым болса, флегматикалык темперамент деп аталады (грек сөзі "флегма" — сөл); сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады (грек сөзі "холэ"-сары өт); қара өттің пропорциясы басым болса, меланхоликалық темперамент деп аталады (грек сөзі "мелайна холэ" - қара өт).

Біздер күнделікті жағдайда үлкендер мен балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін бақылай отырып, сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап беруі; көңіл-күйінің өзгеруі; сезіміндегі болатын өзгерістерден әрбір адамның жеке тұлға ретінде ерекше даралық ерекшеліктеріне көңіл аударуға болады. Бір адам тез әрекетке енетін шапшаң, өте қозғалғыш, сезімі тез өзгеріске ұшырайды. Жұмыста, еңбекте, оқуда және ойында белсенді. Кейбіреулері, керісінше, салмақты, сабырлы, өте баяу әрекетке енеді, сезімдері әлсіз, сырттай байқалмайды.

Темперамент — дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері.

Темпераменттің қасиеттерін мінез-құлықтың қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен шатастыруға болмайды.

Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерін атап өткен жөн:

— адамның психикалық іс-әрекетінің және құлқының жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс-әрекетте өзін көрсете білуде аңғарылады. Жалпы белсенділік әртүрлі адамдарда әртүрлі аңғарылады.

— қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшық ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында, күшінде, тездігінде аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында (немесе ұстамдылығында), сөзшеңдігінде (немесе үндемейтіндігінде) байқалады.

— эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл-күйінде (эмоциялық әрекеттерге әсерленгіштік), эмоциялық қозғалғыштығында (көңіл-күйінің тез өзгеріп отыруы) т.б. көрінеді.

Темперамент адамның іс-әрекетіңде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы айтуға болады.

Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:

1) психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы және оның тұрақтылығы (мысалы, қабылдау жылдамдығы, ойдың ұшкырлығы, зейіннің шоғырлануының ұзақтығы);

2) психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы, эмоцияның күші, еріктің белсенділігі);

3) психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға бағыттылығы (адамның жаңа адамдармен қарым-қатынаста болуға ұмтылуы, адамның өзіне-өзі, өз идеалдары мен образдарына бағытталуы).

Осының барлығы, бірақ та, темпераментті толық сипаттау үшін әлі де жеткіліксіз, себебі психикалық іс-әрекеттің динамикасы басқа жағдайларға, мысалы, түрткілер мен психикалық жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда өмірінде кездесетін қуанышты оқиға жан дүниесі мен тән дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал, керісінше, қайғылы жағдай оның көңіл-күйінің түсуіне себепші болады. Мысалы, студент сынақ немесе емтихан тапсырар алдында жүрексінеді, сонымен қатар практикант педагогикалық тәжірибе кезінде мектепте алғаш рет сабақ бергенде қатты қиналып, ерекше қобалжу жағдайында болады. Бұл жағдай темпераменттің қасиетіне байланысты.

Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше тұрақты және әруақытта да болады.

2. Темпераменттің физиологиялық негіздері.

Темпераменттің табиғатын ғылыми тұрғыдан И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы ілімінде түсіндіріп берді. Жануарлардың жоғары жүйке жүйесін зерттей отырып, иттер шартты рефлекстердің ұйымдасу және іске асу сипаты бойынша ерекшеленумен қатар, темпераменті бойынша да ерекшеленетіндігін анықтады. И.П.Павловтың ілімі бойынша, мінез-құлықтың дара ерекшеліктері, психикалық іс-әрекеттің жүру қарқыны жүйке жүйесінің қызметінің даралық айырмашылықтарына байланысты.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:

1) қозу және тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетіне байланысты;

2) жүйке жүйесінің тепе-теңдігі, демек, қозудың күшінің тежелудің күшіне сәйкес келу дәрежесі (немесе оның тепе-теңдігі);

3) жүйке жүйелерінің қозғалғыштығы, демек, қозудың тежелуге ауысу жыддамдығы және керісінше. Барлық бұл қасиеттер, жалпы жүйке жүйесі ретінде, бір ғана биологиялық қызметті аткарады, өз уақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстайды.

И.П.Павлов әрбір жануардың темпераменті осы қасиеттердің кандай да бір қасиетімен байланысты емес, олардың бірігіп келуінен тұратындығын дәлелдейді. Шартты рефлекторлық іс-әрекеттің дара ерекшеліктері және темпераментін анықтайтын жүйке жүйесінің қасиеттерінің осындай бірігіп келуін ол жүйке жүйесінің түрі деп атады.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің төрт негізгі түрін ажыратты:

1) күшті, ұстамсыз (қозудың күші басым болуы);

2) күшті, ұстамды, қозғалғыш;

3) күшті, ұстамды, сылбыр;

4) әлсіз.

И.П.Павловтың анықтаған негізгі қасиеттері немесе жүйке жүйесінің типтеріне адамдар мен жануарларға жалпы тән боп табылатын темпераментке байланысты. Сондықтан, тепераменттің физиологиялық негіздері жүйке жүйесінің жалпы типтері болып табылады.

Көрсетілген жүйке үрдістері қасиеттерінің қозу мен тежелудің бірігіп келуі жоғары жүйке жүйесінің типін анықтаудың негізіне жатқызылды. Қозу мен тежелу үрдістерінің күшінің, қозғалғыштығының және тепе-теңдігінің ұштасып келуіне байланысты жоғары жүйке қызметін төрт негізгі түрге ажыратады.

Жүйке үрдістерінің күшінің белгілері бойынша И.П. Павлов күшті және әлсіз жүйке жүйелеріне бөлді. Күшті жүйке жүйелерінің өкілдерін ол өз кезегімен күшті ұстамды және күшті ұстамсыз деп ажыратты. Күшті ұстамдылар шапшаң (қозғалғыш) және баяу (салмақты) болып бөлінеді.

Әлсіз тип жүйке жүйесі әлсіз типтің өкілдері күшті, ұзақ мерзімді және шоғырланған тітіркендіргіштерге төтеп бере алмайды. Қозу және тежелу үрдістері әлсіз болып табылады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерімен шартты рефлекстерді алу кешігеді. Осымен қатар тітіркендіргіштердің әсерімен жоғары сезгіштік байқалады.

Күшті, ұстамсыз тип. Күшті жүйке жүйесімен ерекшелене отырып, ол негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен — қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен сипатталады.

Күшті, ұстамды, козғалғыш тип. Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды, бірақ олардың тездігі, қозғалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.

Күшті, ұстамды, сылбыр тип. Күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл типтің өкілдері сырт қарағанда салмақты, орнықты, қиын қоздырғыш тип.

И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама береді: "Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамасы болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамасы, әрбір индивидтің барлық іс-әрекетіне әсер қалдырады."1

Психологтар Б.И.Теплов және В.Д.Небылицын И.П.Павловтың зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеуде өте нәзік инструменталды әдістерді қолдана отырып, жүйке жүйесінің қасиеттерін жоғары дәлдікпен сандық түрде көрсете отырып, адамның жүйке қызметінің кейбір дара ерекшеліктерінің өзара байланысын ғалымдар дәлелдеді. Жүйке үрдістері касиеттерінің И.П.Павлов ашқан 4 түрінің бірігіп келуінен басқа да түрлерін анықтады.

Темпераменттің жүйке жүйесінің типтеріне тәуелділігі көп мағыналы болып табылады. Бұл мынаны білдіреді, жүйке жүйесінің белгілі бір қасиетіне темпераменттің бірнеше әртүрлі қасиеттері байланысты және керісінше, темпераменттің бір қасиеті жүйке жүйесінің бірнеше әртүрлі қасиеттеріне тәуелді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: