Такырып 7. Тауарды штрихкодтау

Дәріс мақсаты: халыкаралық стандарттау нысанының штрих кодтау түсінігімен танысу, оның негізгі ұғымдарымен. принциптерімен, құрылымымен танысу.

Дәріс жоспары:

1. Штрихкодтау - халықаралык стандарттау нысаны ретінде.

2. EAN 13, ЕАN8 штрихкодтар құрылымы.

3. Тауарларды кодтаудың нормативтік базасы.

Кілт сөздер: кодтау, бакылау саны, EAN13, ЕАN 8 штрихкодтар, магнитті жолак, шартты белгі.

Кодтау - жіктеу объектілеріне шартты белгі беру. Шартты белгі - код цифрлы, әріптік не әріптік-цифрлы болады. Кодтың (белгілердің) саны әр түрлі. Шартты белгінің шартты белгілеудегі белгінің әр позициясы разряд деп аталады.

Кодтаудың маңызы:

■ Технико-экономикалық ақпаратгың қызмет жеңілдетеді.

■ Автоматты басқару жүйелерінің қызмет нәтижелілігін жоғарылатады.

■ Жіктеу объектілерін реттеп, салуына мүмкіндік береді.

Кодтаудың тіркеу жүйесін пайдалағанда объектілерге репік номсрлсрді береді. Осы жүйенің түрлері: реттік жэне сериялы - реттік кодтау. Мұнда кодтаудың жүйелі жэне салыстырмалы әдістері қолданылады. Жүйелі әдісі иерархиялық әдіспен бөлінген объектілерге пайдаланады. Салыстырмалы әдіс - фасеттік әдіспен және әдістің иерархиялық әдіспен үйлесуімен бөлінген объектілерді белгілеу үшін қолданылады. Ақпаратты өңдеу жүйелерінің дамуымен бірге кодтау (шартты белгі беру) тәсілдері де дамиды.

Қазіргі заманғы кодтау тәсілдерінің санына жатады:

♦ Магнитті жолактардағы кодтар.

♦ Белгілерді оптикалықтану әдісімен кодтау.

♦ Штрихты кодтау (белгі беру).

Магнитті жолақтардағы кодтар, мысалы, несие карточкаларында кең колданылады. Осы тәсілдің артықшылығы: ақпараттың үлкен сыйымдылығы және оның жоғары түрі өзгерушілігі.

Оптикалық тану әдісі жоғары құны мен көптеген техникалык шектеулері үшін кеңтаралган жоқ. Бұл әдіс көбінесе көп қолданылады.

Штрих-код - ол ЭВМ еңгізуі қолайлы түрде жазылған белгілер жүйесі. Штрихты кодтың артықшылығы: төмен құны, ерекше тұрақтылығы мен сенімділігі.

XX ғасырдың 70 жылдарында микропроцессорлық техниканың дамуына байланысты штрихтап кодтау кең қолданыла бастады. Әмбебап тауарлык коды (ІРС) 1973 жылы АҚШ-та қабылданды, ал 1977 жылы

Еуропалық кодтау жүйесі (ЕАN) пайда болды және де қазіргі уақытта қолданылып келе жатыр. Штрихтық код кезектесіп тұратын қара және ақ жолактардан, ягни сызыктардан тұрады. Сызык өлшемі стандартталган. Штрихтық код арнайы оптикалык құрал - сканер аркылы санау үшін арналған. Сканерлер микропроцессор аркылы штрихтар мен сандарды кодтап ашады және компьютерге тауар туралы ақпаратты еңгізеді.

Ең таралған штрихты код - халыкаралық нөмерлерін ассоциация ЕАN (Еuгореал Аrticle Numbering) жасалған код. ЕАN - штрихты кодын жасау мақсаты -тауарлардың бірыңғай теңестіруін белгілеу.

Тауарлардың штрихты кодтау жүйесінде екі түрлі кодтар пайдаланылады: ЕАN 13, ЕАN 8 штрихкодтар. Әр жеке өнімнің 13 немесе 8 белгіден тұратын өз нөмері болады. Әр санның (не разрядтың) екі штрихы және екі ақшыл жолақтан орналасқан.

ЕАN 13 штрихты код 4 бөлікке ұйымдастырылган. Яғни ол: тауар шығаратын елдің коды, кәсіпорынның (шыгарушы фирма) коды, сол тауардың коды және бақылау саны.

ЕАN 8 штрихты код 8 белгіден тұрады. Ол қысқартылған түрі, өнімнің үлкен өлшемдері. Оның үстіне ЕАN 13 кодты сыйғызбаган жағдайда жаңағы қысқартылған ЕАN 8 пайдаланылады. Ол мыналардан: тауар шыгарушы елдің кодынан, шығарушы кәсіпорынның кодынан және бақылау санынан тұрады.

Сандық қатар сканермен саналмайды және тұтынушыға арналған. Тұтынушыға тек қай елден шықкан тауар туралы ақпарат береді, себебі елдің кодтары гуралы арнайы жэне анықтамалық басылымдарда басылып шыгарылган. Ал толық код ішкі және сыртқы сауда үйымдарына нақты тауардыц шығу тегін реквизит алу үшін қажет жэне келісім шартқа сай келмесе, сапасы жэне қауіпсіздігі және де басқа параметрелері бойынша уақытылы шаі ым жасай алады.

Кейбір елдің тауарды штрихтап кодтау үшін ЕАN коды төменде келтірілген:

• Австралия - 93

• Австрия - 90-91

• Аргентина - 779

• Бельгия және Люксембург - 54

• Волгария - 380

• Бразилия - 789

• Великобритания - 50

• Венгрия - 599

• Исландия - 569

• Испания - 84

• Италия - 80-83

• Кипр-529

• Китай - 690

• Куба-850

• Мексика - 750

• Нидерланы - 87

• Новая Зеландия - 94

• Норвегия - 70

• Польша - 590

• Португалия - 560

• Россия - 460-469

• Сингапур-888

• Словения - 383

• США және Канада- 00-09

• Турция - 869

• Финляндия - 64

• Франция - 30-37

• Чсхия-859

• Чили - 780

• Швеция-73

• Швейцария - 76

• Югославия - 860

• Южная Корея - 880

• Япония-45-49

Тақырып 8. «Кодекс Алиментариус»

Дәріс мақсаты: «Кодекс Алиментариус» комиссиясының құрылуын жіне қызметін оқып ұйрену

Дәріс жоспары

1. "Кодекс Алиментариус" комиссиясының мақсаттары мен міндеттері,

2. Азық-түлік өнімдері саласындағы "Кодекс Алиментариус" комиссиясының стандарттары.

3. ИСО-ның техникалық комитетімен "Кодекс Алиментариус" комиссиясының қарым-қатынасы.

«Кодекс Алиментариус» комиссиясы (Соdex Alimentarious Comission - САС) ФАО (БҰҮ-ның Азық-түліктік және ауыл шаруашылык ұйымы) және БДҰ-ның (Бүкіләлемдік денсаулық сактау ұйымы) бірігуінен ұйымдастырылды. Ол азық-түлік тауарларына бірыңғай стандарттарын жасау бойынша ФАО/БДҰ-ның біріккен бағдарламасын орындау үшін құрылды.

Комиссия басқа көптеген комитеттерге косымша ретінде қүрылды. Бұл комитеттер ФАО-ның Сүт жэне сүт өнімдеріне қойылатын талаптарды жасау бойынша комитеттің құрамында құрылды жэне үкіметтік сарапшылардан тұрады. Комиссияның жұмыстарының әдістері осы комитеттермен бекітілген ұсыныстарға негізделеді.

2006 жылдың ақпанында САС құрамында 173 мемлекет кірді, бүл элем тү.рғындарының 98% құрайды. САС-тың мақсаты - тұтынушылардың денсаулығын қорғау үшін тагамның сапасына жэне сол секілді басқа құжаттар жасау жэне эділ сауда тэжірибесін бекіту болып табылады. Қабылданған стандарттар жэне өзге де құжаттар САС-тың арнайы басылымдарында жарық көреді.

САС-тың негізін салушылар оның басты миссиясын үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар жүргізетін азық-түлікті стандарттау жұмыстарын координациялауға көмек ретінде құрады. 1963 жылы ИСО үйымы САС-тың бірінші отырысына қатысты. САС комиссиясы ИСО-дан физикалық біртектес азық-түлік топтарының үлгілерін таңдау эдістерін жасауды немесе жеке азық-түлік эдістерін стандарттауды сұрады.

1995 жылы БСҰ құрылуы САС-тың халықаралық сауданы кеңейту жұмысына жаңа серпіліс берді.

Санитарлык және фитосанитарлық нормаларды қолдану туралы Келісім (8Р8 бойынша келісім) аясында стандарттар, қолбасшы бұйрықтар мен ұсынымдар халықаралық стандарт ретінде қарастырылады.

САС-тың тағам сапасына жэне маркалауына бағытталган басқа құжаттары БСҰ аясындагы саудадағы техникалық кедергілер ретінде жұмыс істейді. БС¥ қолдауы арқасында САС шығарған құжаттар халықаралық үйлесімдіктің эталоны болды.

САС-тың қызметінің приоритетті бағыты - мүшелес мемлекеттерге халықаралық стандарттар, тағам кауіпсіздігі мен гигиенаны, тамақтану, маркалауда, экспорт/импортты бақылауда қолбасшы бұйрыктар, ғылыми принциптер және қатер анализі негізінде тағамның барлық желісінде үлттық бақылау жүйелерін жасау болып табылады.

Басқа өңдеуші ұйымдармен жүмыс жүргізу құжаттардың қайталанбады жэне қандай да бір карама-кайшылыктарды болдырмау үшін жүргізеді.

Дәстүр бойынша САС пен ИСО бір-бірін бірқатар бұйымдарды стандарттау, үлгіні таңдау және анализдеу эдістері аумағында толықтырып отырады. САС бекітетін бұл эдістерді стандарттар құрамына қосу үшін ИСО стандарттарына сілтеме болады. 1993 жылы САС қатер анализінің жүйесін жэне басқарудың шекті нүктелерін колдану бойынша қолбасшы бұйрық (ХАССП) бекітті. Содан бері ол САС-тың тағам қолданудан пайда болган қатерді басқару әдістемесіне айналды. Жакында ИСО шыгарган 22000 сериялы стандарттар ХАССП-ны әлемдік масштабта эр түрлі деңгейде қолдануын жеңілдетеді.

Болашақта САС жэне ИСО үлттық стандарттар аумагында үкімет мүшелері мен халықаралық үйымдар және үкіметтік емес ұйымдар жасайтын еркін стандарт арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуді негіздейді.

Жаһандану шартында мемлекеттік жэне жеке сектордың стандарттарының өзара көмегі мен біркелкілігін қамтамасыз ету керек.

ФАО/БДҰ тағам стандарттары бойынша біріккен бағдарламасы 1962 жылы жасап шығарылды. Үкіметаралық орган болып келетін бұл комиссияның жұмысының максаты: тұтынушыларды денсаулыққа зиян келтіретін тағамдар мен алааяқтықтан қорғау; азық-түлік тауарларын сатуда эділ нормалардың қолдануын қамтамасыз ету; үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілетін азық-түлікті стандарттау жұмыстарын координациялау; стандарттаудың жобаларын жасау қызметін басқару; стандарттарды аяғына дейін жеткізу, оларды үкімет үйымдарымен қабылдату; Кодекс Алиментариуста жергілікті немесе халықаралык стандарт ретінде басып шығару.

«Кодекс Алиментариус» дегеніміз - халықаралық деңгейде қабылданған азық-түлік стандарттарының біркелкі формада жасалған жүйесі.

«Кодекс Алиментариус» сонымен қатар факультативтік түрдегі ережелерді, басқарушы принциптерді жэне т.б. өз құрамына кіргізеді. «Кодекс Алиментариус» басылымдары азык-түлік тағамдарына қатысты талап-тәсілдерді жасауға, оларды теңестіріп, сол арқылы халықаралық сауданың процедурасын жеңілдетуге көмектеседі.

«Кодекс Алиментариус» құрамына негізгі азық-түлік тағамдарына, өңделген азық-түлік, жартылай фабрикаттар және тұтынушыларға қажетті шикізатқа арналған стандарттар кіреді.

Азық-түлік тағам жасауға арналған шикізат көлеммен алынған. Кодекс Алиментариус құрамына сонымен қатар гигиена мен тағамның нәрлілік сапасы, микробиологиялық нормалар, тағам қоспалары, зиянды заттар, этикеттеу, анализ алу, үлгі көру әдістеріне катысты жағдайлар кіреді.

Комиссияның қызметі оның көмекші органдарында істейтін мамандармен атқарылады, олар комиссия секілді үкіметаралық маңызда болады. Бүл көмекші органдарды (комиссияның орындаушы органдарынан басқа) 3 үлкен топқа бөлуге болады:

- жалпы сұрақтар бойынша комитет;

- шикізат тауарлары бойынша комитет;

- жергілікті координациялаушы комитет.

Комиссияның көптеген көмекші органдары мүше-мемлекеттермен басқарылып, алынады, олар бұл жұмысты өз ақшасына жүргізеді. Басқа көмекші органдар ФАО/БДҰ немесе БҮҮ/ЕЭК/ФАО/БДҮ аясында жұмыс істейді.

Комиссиямен қарастырылатын жалпы сұрақтардың құрамына кіреді: Кодекс Алиментариустың жалпы принциптері, минералды қоспалар қалдығы, тамақтану гигиенасы, ет тағамдарының гигиенасы, тағамдарды этикеткалау, анализ эдістері және үлгі алу мен ветеринарлық дэрі қалдығы. Стандарттар жасалған немесе жасалынып жатқан шикізаттар, сүт және сүт тағамдары, жеміс-жидек сусындары, тез қатырылған ет тамақтары, какао өнімдері жэне шоколад, майлар, өңделген ет тағамдары, балық және балық тағамдары, арнайы диеталық тағамдар, сорпа және көжелер, балмүздақ жэне табиғи минералды сулар, дэн, бұршақ және басқа бүршақтектес өсімдік ақуызы. Дамушы аймақтың координациялаушы комитетінің құзырына тамақтануға, азық-түлік тағамдарын бақылау жұмысының әдістері мен жолдарын жақсартуға қатысты және аймақтарға қызығушылық танытатын тағамдарды стандарттауға қатысты сұрақты қарастыруға біркелкі ережелер мен заңдарды бекіту кіреді.

«Кодекс Алиментариус» сонымен қатар үкіметке факультатив басқарушы ретінде ережелер жүйесін жасайды. Ол ережелер бойынша малды сойғанға дейін жэне сойған соң тексеру, гигиеналық ережелер жүйесі, балғын жэне консервіленген тағамдарға жэне тез қатырылған тағамдар жэне табиғи суларға арналған ережелер жүйесі.

Қазіргі кезде үш жүзден аса халықаралық тағамдық стандарттар жасалған. Ол өте үлкен тағамның шеңберін қамтиды жэне отыз сегіз ережелер жүйесі мен гигиеналық ережелер жүйесінен тұрады. Сонымен қатар комиссия минералдық қоспалар қалдығына көптеген шектеулер және де тағамдық қоспалардың тазалығының сапасын анықтайтын ережелер қабылдайды.

ИСО мен Комиссияның бірігіп жұмыс істеуі жүйелі түрде құжат алмасу арқылы (стандарт жобалары, кеңесудің хаттамалары) отырыстарына қатысу, біріккен талқылау өткізу арқылы жүзеге асады.

ТАҚЫРЫП 9. ГАТТ/ДСҰ КӨЛЕМІНДЕГІ СТАНДАРТТАУ

Дәріс мақсаты: ГАТТ тарифтары мен сауда бойынша бас келісімін оқып үйрену

Кілт сөздер: Тариф, техникалық регламент, техникалық барьер, техникалық жарлықтар, келісім.

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Саудада техникалық барьерлерді жою саласындағы ГАТТ қағидалары.

2. ГАТТ көлеміндегі стандарттау.

Тарифтар мен сауда бойынша бас келісім 1947 жылы қатысушы-мемлекеттердің сауда-саяси катынастарын калыпқа келтіретін уакытша келісім ретінде жасалды, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қарамағында құрылатын Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) жарғысы өз күшіне енгенше колдану қарастырылды. ДСҰ-дың кұрылуының ең басты идеясы - ол әлемдік сауда-саттық дамуы әкімшілік тәсілдер мен бір жақты үкіметтердің шешіміне байланысты емес, экономикалык факторлармен анықталуы тиіс. Мұндай амалдың объективті базасы болып, соғыстан кейінгі жылдарда халыкаралық еңбекті бөлісуді, шаруашылық өмірді интернационализациялау процестерін тереңдетуді тездету кажеттігі болатын. Экономиканы және халыкаралық сауданы нарық принципімен қалпына келтіру, оны либералдық негізде ешкімді кемсітпей қалыптастыру американдык халықаралық сауда мен еңбекті камтамасыз етуді дамыту ұсынысы ДСҰ-дың құрылуының негізгі импульсі болды (1945 жыл, желтоқсан).

ГАТТ-қа қосылу екі жолмен жүреді: XXXVIII бап Бас келісімі негізінде немесе XXXVI §5 (с) ГАТТ бапты колдану мен «фактілік атақ» арқылы.

ГАТТ-тың құрылымы. Тарифтар мен сауда бойынша бас келісімнің негізінде жаткан кұжат преамбула, 38 баптан, 9 қосымшадан және көптеген тарифтік ұлттық шегіністер тізімінен тұратын 4 бөлімге бөлінеді.

ГАТТ-тың I—IIIбөлімдерінің мәтіні Гаван жаргысының IV тарауының көптеген талаптарына сәйкес келеді. I бөлімде (І-ІІ баптар) пошлиндерді алуга қатысты ережелер көрсетіледі, II бөлімде (Ш-ХХІІІ баптар) тарифтік емес барьерлерді қолдану нормалары қарастырылады, III бөлімде (ХХIV-ХХХV баптар) негізінен ұйымдастырушылық-техникалык сұрактар қарастырылады, бірак оған қоса өзекті мәселе - интеграциялық топтардың қызметі (XXIV бап) кіреді.

ГАТТ-тың басқару органдары. ГАТТ-тың тұракты аппараты болып Хатшылар бөлімі саналады, ол Женевада орналасқан. Хатшылар бөлімі Бас директормен басқарылады және оның өз бюджеті мен қызметкерлер штаты (280 адамнан астам) бар.

ГАТТ-тың Хатшылар бөлімі бірнеше бөлімшелерден тұрады. Оның сауда-саяси жұмысында тарифтік емес өлшемдердің, кедендік тарифтердің, саудадағы техникалык және басқа барьерлер бөлімдері негізгі рөлді ойнайды; дамушы елдердің мәселелерімен даму және техникалык ынтымақтастық бөлімдері айналысады.

1983 жылы Хатшылар бөлімі құрамында сауда саясаты бөлімі құрылды, оның мақсаты - дүниежүзілік сауда жүйесін талдайтын зерттеулерді дайындау.

Хатшылар бөлімі әрдайым қатысушы-елдерге ГАТТ-та қарастырылатын мәселелер бойынша талданатын және зерттелетін ақпараты бар көптеген құжаттарды, материалдарды, зерттеулер мен хабарламалар жібереді.

ГАТТ өзіне төрт негізгі топты біріктіреді: ГАТТ-тың тұрақты аппараты - оның Хатшылар бөлімі; тұрақты негізде кызмет ететін үкіметаралық органдар (қатысушы-елдердің сессиялары, ГАТТ-тың Кеңесі мен комитеттері); нақты мәселелер мен сұрақтарды карастыру үшін құрылган уақытша жұмыс топтары; арнайы сарапшылар топтары.

ГАТТ-тың жоғары органы келісуші жақтардың сессиясы болып табылады, ол жылына бір рет күзде өткізіледі. Сонымен қатар арнайы сессиялар өткізілуі мүмкін. Сессиялар арасындагы аралыктарда ГАТТ-тың қатысушы-мемлекеттері жазбаша сұрау жэне дауыс беру нәтижелерін алмастыру көмегімен шешім кабылдай алады.

ГАТТ-тың комитеттерінің қатарына 1980 жылы құрылған Саудадағы техникалық барьерлер бойынша комитет қосылды. Ол 36 ел мен ЕЭС-ті біріктіреді.

Саудадағы техникалық барьерлер бойынша келісім ГАТТ-тың қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен стандарттаудың міндетті емес жүйелерімен жасалады. Сондықтан көп көңіл стандарттарға емес техникалық регламенттерге бөлінеді. Техникалык регламенттер негізінен дайын өнімдерге жасалады, сондықтан келісім халықаралық саудада дайын өнімдерге техникалық барьерлерді жоюға қатысты.

Келісімнің міндеттеріне стандарттарды жасау немесе сертификаттау жүйелерін құру жатпайды. Келісімнің мақсаты - жаңа стандарттарды, сертификаттау жүйелерін және сынау әдістерін өңдеу, қабылдау және қолдану процестерінде қатысушы-елдерге мемлекеттер арасында протекционизм және дискриминация құралдары ретінде қолдануға қарсы тұруга мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Келісім дамушы елдерге техникалық регламенттерді және стандарттарды жасау мен қолдануда, осы құжаттардың талаптарына және сертификаттау жағдайларына өнімнің сәйкестігін растауда көмек көрсетуге бағытталған.

Келісімге сәйкес оның қатысушылары:

- халықаралық саудада ешқандай кедергі келтірмейтіндей техникалық жарлықтар мен стандарттарды өңдеу, қабылдау және қолдануды кадағалауға;

- техникалық жарлықтар да, стандарттар да, оларды қолдану да халыкаралық саудада керексіз кедергілерді болдырмауды кадағалауға;

- техникалық жарлықтар немесе стандарттар жасау қажет болған жағдайларда сәйкес халыкаралык стандарттар өңделіп жатса, оларды толықтай немесе бөлшекті түрде колдануға;

- техникалық жарлықтар мен стандарттардың аса кең үйлесімділігі мақсатында қатысушылар өздерінін мүмкіншіліктері шегінде стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда стандарттарды жасасуға;

- алдын-ала мүдделі жақтарға түсінікті болатындай басылымдарда нақты бір техникалық жарлықты немесе стандартты басуға қажеттігін көрсетуге;

- ГАТТ хатшылар бөлімі арқылы басқа қатысушыларды қандай өнімдердің түрлеріне техникалық жарлык шығару керек екендігін көрсетуге;

- басқа барлык қатысушыларға талаптарға сәйкес жасалған техникалык жарлықтардың немесе стандарттардың ерекшеліктерін немесе халықаралык стандарттардан өзгешіліктерін айқындап көрсетуге;

- қатысушы-елдер техникалық жарлықтар немесе стандарттарға қатысты өздерінің ескертпелерін жазбаша түрде көрсетуге және осы ескертпелерді талқылауға;

- стандарттау бойынша аймақтық ұйымдардың мүшелері болып табылатын қатысушылар техникалық жарлық немесе стандарт ретінде аймақтық стандартты қабылдау кезінде жоғарыда көрсетілген талаптарды орындауға міндетті.

Өнімнің техникалық жарлықтарға немесе стандарттарға сәйкестігін нақты дәлелдеу талап етілген жағдайларда қатысушылар орталық үкіметтік органдармен басқа қатысушы-елдер аумақтарында шығарылатын өнімге қатысты келесі шарттардың орындалуын қамтамасыз ету керек:

- импортталатын тауарлар аналогты жағдайларда басқа соған ұқсас (жергілікті немесе импортты) тауарлар үшін бекітілген қолайлы жағдайларда сынауға алыну керек;

- сынау әдістері немесе әкімшілікті процедуралар басқа елдің отандық өндірісінің аналогты тауарлары үшін бекітілген сәйкес әдістері мен процедураларынан гөрі күрделі және қолайсыз болмау керек;

- импортты тауарлардың сынақтары үшін алынатын төлемақы басқа бір елдің өндірісінің немесе отандық өндірістің аналогты тауарларының сынақтары үшін бекітілген төлемақымен бірдей болу керек;

- сынақ нәтижелері экспорттаушыға немесе импорттаушыға немесе олардың агенттеріне қажет кезде түзетуші іс-әрекеттерді қолдана алу үшін бірінші кезекте хабарлану керек;

- сынақ құрал-жабдықтарын және үлгілерді таңдау импорттаушылар, экспорттаушылар немесе олардың агенттері үшін қолайсыз жағдайларды туғызбау керек;

- сынақтарды жүргізу және нәтижелеріне қатысты импортталатын тауарлар туралы ақпарат отандық өндірістің тауарларына қатысты бекітілген шамада құпияда болу керек;

- сертификаттау жүйелерін колдану немесе өңдеу бойынша іс-әрекеттер халықаралык саудада ешқандай кедергі келтірмеу керек;

- халыкаралық және аймақтық сертификаттау жүйелеріне сәйкестікті камтамасыз ету үшін қолдануға рұқсат етілген құралдарды колдану керек.

Келісім ұлттық стандарттар және сертификаттау жүйелері туралы акпаратты қатысушы-елдер сұраныстары бойынша көрсететін анықтамалық-ақпараттық қызметті әрбір қатысушы-елдерде құру міндетін қояды. Келісім сонымен қатар барлық қатысушы-елдермен ұлттык стандарттарға және аймақтық стандарттарға кедергісіз қатынауға құкықтарын колдауды қарастырады.

ГАТТ келісіміне сәйкес құрылған ұлттык ақпараттық орталықтардың тізімі ұйымдардың саны мен сипаты бойынша үш топка бөлінеді:

I топ - жалғыз ақпараттық орталық болып стандарттау бойынша ұлттық ұйым табылады;

ІІ топ - жалғыз ақпараттық орталық болып сәйкес министрлік табылады;

III топ - ақпараттық орталықтардың функцияларын екі немесе үш ұйым атқарады.
ГАТТ басылымы. Келісімнің қызметіне, сауда саясатына, ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасына, экономикасы жағынан аса дамымаған елдердің саудасындағы тарифтарға қатысты ай сайынғы «Фокус» бюллетенін және басқа периодты басылымдарды шығарады.

ТАҚЫРЫП 10. МАГАТЭ КӨЛЕМІНДЕГІ СТАНДАРТТАУ

Дәріс мақсаты: Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік МАГАТЭ мақсаты мен міндеттін оқып үйрену.

Дәріс жоспары:

1. Стандарттау саласындағы МАГАТЭ-дің мақсаты мен міндеттері.

2. МАГАТЭ стандарттарының құрылымы.

3. Ұлттық деңгейде МАГАТЭ стандарттарын қолдану тәртібі.

Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік МАГАТЭ-атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану үшін БҰҰ арқылы бекітілген үкіметаралық ұйым.

Бұл ұйымның құрылу негізі,БҰҰ-ның 1954 ж 4 желтоқсанда өткен Бас Ассамблеясында,атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану сұрақтарымен айналасатын дүниежүзілік ұйым құру туралы шешімінде жатыр.Заңды қызметін Агенттік 1957 ж 29 шілдеде бастады.

МАГАТЭ құрамына-кез-келген мемлекет кіре алады.Ол мемлекеттін БҰҰ-ның мүшесі болу міндетті емес.

МАГАТЭ-нің штап пәтері-Вена (Австралия).

Агенттіктің жарлығы атом энергиясын бейбітшілік мақсатта жедел және кең қолданылуы болып табылады.Бұл мәселені шешу үшін Агенттік атом энергиясы бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізіп,сонымен қоса бейбітшілік мақсатта оны тәжірибеде әлемнің дамыған елдерінде электрэнергиясы ретінде пайдаланып отыр.

Агенттіктің құрамын Бас конференция,басшылар кенесі және хатшылар бөлімі құрайды.

Бас конференция МАГАТЭ-нің жоғары органы,Агенттіктің барлық мүше елдерінің өкілдерінен құралады.Олардың әрқайсысы бір дауысқа ие.Негізінен ол жылына бір рет кезекті сессиясында жиналады.

Арнайы сессия-басшылы кеңесімен немесе Агенттіктің көп мүшелерінің талабымен шаққырылуы мүмкін.

Бас конференцияның функциясына мыналар кіреді:жарлыққа толықтырулар мен өзгертклер енгізу,жаңа мүшелерді қабылдау,бюджетті бекіту,басшылар кеңесінің жылдық есеп беруін қарастыру,БҰҰ-мен ұсынылатын баяндамаларды бекіту,басқа да ұйымдармен бекіткен келісім шарттарды қарастыру және Агенттіктің қызметіне байланысты кез-келген сұрақтарды қарастырады.Шешім қабылдау Агенттік мүшелерінің дауыс беру арқылы жүргізіледі.

Агенттіктің ағымдағы қызметі-құрамында бас директоры бар хатшылар бөлімімен жүзеге асырылады.Бас диретор басшылар кеңесіне тәуелді және ұйымның қызметіне жауап береді.

МАГАТЭ-нің негізгі тілдері-ағылшын,орыс, француз,испан,қытай.

ТАҚЫРЫП 11. СТАНДАРТТАУ БОЙЫНША ЕУРОПАЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ (СЕН) ІС-ШАРАЛАРЫ

Дәріс мақсаты: Стандарттау бойынша Европалық комитет (СЕН)-нің

міндетімен мен максатын оқып үйрену

Дәріс жоспары

1. СЕН ді құрудың алғышарттары

2. СЕН-нің мақсаты мен міндеттері

3. Стандарттау бойынша басқа ұйымдармен СЕН-нің қарым -қатынасы.

Кілт сөздер: стандарттау, техникалық бюро, техникалық комитет

ЕЭС-тың қарамағында нарықтық экономиканың бірігуіне байланысты «техникалық кедергілер» деп аталатын бағдарлама жасалған, онда өнімге стандарттар, техникалық қауіпсіздіктің ерекшелік ережелері, денсаулықты және табиғатты сақтау қарастырылған.

Бұл мәселелерді шешу бірінші европалық стандарттауға берілген.

1957 жылы стандарттау ұйымның басшылары ЕЭС және ЕАСТ мүшелері бірігіп, бұл мемлекеттердің экономикалық интефациясы бойынша келісім стандарттарының қызмет етуін қарастырды. Осыған байланысты резолюция қабылданды, бұл ынтымақтастықтың басты бағыты:

- жалпы стандарттау ЕЭС жэне ЕАСТ мемлекет мүшелері тауар
айырбасын өзараларында жеңілдету керек;

- стандарттар ИСО стандарттарымен сәйкес болуы керек;

- стандарттау бағдарламалары ЕЭС жэне ЕАСТ мемлекеттерінің
талаптарына сәйкес жасалуы керек.

Стандарттау бойынша Европалық комитеттің құрылуы 23 наурыз 1961 жылы ЕЭС жэне ЕАСТ өкілдерінің катысуымен Парижде болған отырыста жарияланған. СЕН мүшелері стандарттау саласындағы ұлттық ұйымдар 18 мемлекет Бірлестіктері және ЕАСТ болып табылады: Австрия, Бельгия, Великобритания, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Исландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланд, Португалия, Финляндия, ФРГ, Франция, Швеция және Швейцария. Бұл - жабық ұйым, онда тек қана аталған экономикалық топтасқан Батыс Европалық мемлекеттің мүшелері бірігеді.

Бірінші отырыста СЕН-нің Қаулысы және Ережесінің процедурасы бекітілген. 1970 жылы СЕН-нің қаулысы қайта қаралған, онда белгілі бір өзгерістермен қатар европалық стандарттар деп аталатын міндетті жөндеулер енгізілген (ЕN).

СЕН-нің жоғарғы органы Бас ассамблея болып табылады, онда стандарттау саласындағы ұлттық ұйымдар, үкімет органдарының мемлекет мүшелері, Европалық экономикалык бірлестік, Европалық ассоциациядағы еркін сауда көрсетілген.

Бас ассамблея жылына бір рет жиналады. Онда СЕН-нің әкімшілік кеңесі сайланады, оның құрамына стандарттау саласындағы ұлттық үйымның

басшысы кіреді. Әкімшілік кеңес жылына бірнеше рет жиналып, жалпы сұрақтарды, мәселелерді қарастырады жэне келесі ассамблеяның жоспарын кұрады.

Әкімшілік кеңестің міндетіне кіреді:

- еуропалық стандарттардың жасалуында халықаралық стандарттар жэне ұлттық стандарттың мемлекеттік мүшелерінің қалпын қолдану жэне ретін анықтау;

- аймақ қарамағындағы ұлттық стандарттау саласындағы жұмыстың үйлесімділігі.

Әкімшілік жұмыс Орталық хатшылықпен орындалады.

СЕН-нің Орталық хатшылығы құрылған уақытынан бастап Парижде (Франция) тұрады, 1975 жылдың шілдесінен бастап Брюссельге (Бельгия) ауыстырылған және бельгиялық заңнамаға байланысты ғылыми-техникалық сауда ұйымы емес болып ресімделген.

Брюссельдегі хатшылық (оның штаты 29 адамнан тұрады) бас хатшының басқаруымен, СЕН президентіне тәуелділігімен, ағымдағы жұмысты атқарады. Стандарттау саласындағы саясат ұлттық ұйымның басшыларының қатысуымен жасалады және Бас ассамблея бекітеді.

СЕН-нің координациялық жоспарлау ұйымы болып Техникалық бюро табылады, оның құрамына 140 астам техникалық комитеттердің қызметі кіреді.

Стандарттау саласында жұмыстың орындалуын Техникалық бюро, бағдарламалык және техникалық комитеттер жауапкершілігіне алады. Жұмыс процедурасы жэне оның құрлым ұксастығы СЕН жэне СЕНЭЛЕК үшін, оны тек стандарттау саласындагы Европалық комитеттің бөлімінде қарайды.

Техникалық бюро орталық хатшылық аумағында өткізілген техникалық жұмыстарды бақылау үшін техникалық комитеттер және басқа да ұйымдар жауапкершілігіне алады.

Техникалық бюро техникалық жұмыстарды жоспарлау және координация саласындағы сұрақтардың қорытындысын береді, жұмыстың саласын және әр Техникалық комитеттің жұмыс бағдарламасын, жаңа тақырыбтың оқылуын қарастырады, техникалық комитеттерді босатады және жинақтайды, европалық стандарттарда және горманизациялау құжаттарында ұлттық стандарттарға сілтеменің жасалуын қадағалайды, басшылықаралық техникалық байланыстарды басқарады, ұлтаралық ұйымдармен, сондай-ақ коммерциялық, техникалық және ғылымдық европалық ұйымдармен, басқа да мәселелерді шешеді, стандарттауға байланысты Бас ассамблея немесе Әкімшілік кеңестің талаптарына сай жұмыс атқарады.

Техникалық бюроның отырысы президенттің немесе вице-президенттің қатысуымен өтеді, олардан басқа Техникалық бюроның құрамына СЕН/СЕНЭЛЕК-тің әрқайсынан бір тұрақты мүшесінің өкілдері кіреді және керекті байланыстарды ұлттық деңгейде орнату керек.

Техникалық бюроның хатшылык қызметін Орталық хатшылық іске асырады.

Техникалық бюроның отырысы Орталық хатшылықпен президенттің көрсетуімен немесе кем дегенде ұйымның екі мүшесінің талабымен өткізіледі.

Европалық Комиссия бірлестігінің өкілі мен Европалық ассоциацияның еркін сауда хатшылығы Техникалық бюроның отырысында бақылаушы ретінде қатыса алады.

Техникалық бюро әрбір Бас ассамблеяның отырысында немесе Әкімшілік кеңесте өзінің жұмысы туралы есеп береді.

Бағдарламалық комитеттер Бас ассамблеяның немесе Техникалық бюроның немесе президенттік тобтың СЕН/СЕНЭЛЕК бойынша топтасады. Бағдарламалық комитет кеңесшінің қызметін орындау керек. Бағдарламалық комитеттер стандарттау саласына сәйкес бағдарламалар дайындайды жэне жылына бір рет жиілетпей өзектендіреді немесе отырыста жазбаша түрде көрсетеді.

Техникалық бюро техникалық комитеттерді (ТК) құрады, стандарт дайындау мақсатында қызметтің аймагын анықтап және аталуын меншіктейді. Техникалық комитеттер бірінші орында жұмыстың орындалуын білу керек, ИСО/МЭК саласында өткізілген, сонымен қатар ақпараттармен танысу керек, халықаралық ұйымдардың қызығушылығымен және жұмысымен, басқа да техникалық комитеттердің тақырыптарын білу керек.

Барлық стандарттау жұмыстары техникалық комитетпен, өздерінің техникалық хатшыларынның болуымен, бір мемлекетті басқарумен, осы топқа кірумен өткізіледі.

СЕН-нің аумағында 140-тан астам ТК құрылған. ТК-мен бірге жеке сұрақтарды шешу үшін мағлұмат беруші топтар құрылған.

СЕН келесі салаларда стандарттар жасайды: авиациялық жабдықтар, су жылытқыш газды құралдар, газ баллондары, асханалық газ плиталары, лифтер және жүк көтергіштер, сваркілеу және кесу, тұрба және трубопроводтары, насос станциялары және т.б.

Жұмыс топтарының стандарттау жобаларын қолдағаннан кейін Техникалық бюро арқылы барлық мемлекет мүшелерінің дауыс беруін, сонымен қатар ақырғы дауыс беру мерзімін белгілейді.

Европалық стандарт қабылданған болып есептеледі, егер де оған қарсы 20%-дан көп емес дауыс берілсе, содан кейін үлттық стандарт сапалы болып саналады, тіпті мемлекет мүшелері үшін де, бұл стандартты қабылдамай тастаған.

Дауыс берудің қорытындысын Әкімшілік кеңес қарайды.

Егер СЕН-нің стандарт жобасы ЕЭС мемлекетінің қызығушылығын тудыратын болса, оған Бірлестіктің нұсқауында сілтеме жасалады және стандарттауда дауыс берудің жоғарғы талаптары қабылданса, онда тек қана ЕЭС-тің мемлекеттері қатысады.

Европалық стандарттан басқа СЕН үйлестіру (НD) және алдын ала стандарттардың (ЕNV) құжаттарын қабылдайды және қарастырады. Үйлестіру құжаты мемлекет арасындағы сауданың техникалық кедергілерін жоюдағы ең қарапайым түрі болып табылады. Бұл құжаттар сонымен СЕН-нің мүшелерінің қабылдаудағы процедурасымен ерекшеленеді. Олардың басты белгілері Батыс Европалық мемлекеттердің халықаралық стандартты (ИСО) бірдей қолданылуын қамтамасыз ету.

Алдын-ала стандарттар мынандай жағдайда жасалады, егер инновацияның деңгейі жоғары болса, технологиясы тез өзгерген жағдайда, көрсеткіштер мен талаптар тез өзгерген жағдайда, сонымен қатар келісуге және стандартты бекітуге көп уақыт керек етсе, мұндай стандарттар шектелген уақыт әрекетін иеленеді (3 жылға дейін).

Европалық стандартты жаңарту мен қалпына келтіру үшін Әкімшілік кеңес өз жауапкершілігіне алады.

Әрбір Европалық стандарт екі данадан тапсырылады:

- Әкімшілік кеңестің дауыс беру қорытындысының қаралуынан кейін титулдық бетпен (үш тілде СЕН - француз, ағылшын, неміс), техникалық бюроның құруымен бекітілді (титулдық бетте стандарттың аты, бекітілу күні және басылуы, мемлекеті, стандартты бекіткен және де ұлттық стандарттың сәйкестік нөмірі көрсетілуі мүмкін);

- Ұлттық стандартты жеке мемлекет түрінде, европалық стандартқа сай мәтіннен басқа косымша ақпарат бұл құжатқа қосымша түрінде сақталады, мемлекет мүшелерінің европалық стандартты жеңіл түсінуі жэне колдану керек.

Европалық стандарттың жасалуы кей кезде керекті келісімге жетуге мүмкіндік болмаған жағдайда ИСО және МЭК немесе Бірлестіктер мен Европалық ассоциациялардың еркін саудасында ерекше талаптарын жүргізеді.

ТАҚЫРЫП 12. ЭЛЕКТРОТЕХНИКАДА СТАНДАРТТАУ БОЙЫНША ЕУРОПАЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІ (СЕНЭЛЕК)

Дәріс мақсаты: СЕНЭЛЕК-тің қызметтестігін анықтау

Дәріс жоспары:

1. СЕНЭЛЕК құрудың алғышарттары.

2. СЕНЭЛЕК жұмысының басты бағыты және мәні.

3. СЕНЭЛЕК Еуронормасы.

Кілттік сөздер: еуропалық комитет, ұлттық стандарттар

СЕНЭЛЕК – 1791 жылы екі ұйымның – ЕАСТ мүше – елдерінің электротехникалық стандарттардың және европалық комитет ЕК (сонымен қатар ЕЭС) мүше – елдерінің электротехникалық стандарттарының үйлесімділігі бойынша құрылған.

СЕНЭЛЕК мүшелері - 17 европалық елдер – Австрия, Бельгия, Великобритания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция. Бұл елдердің бәрі МЭК электротехникалық комитетінің ұлттық мүшелері болып келеді (Люксембургтан басқалары).

Мекеме басшылығында – бас ассамблея, ұлттық стандарттау, стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдастыру және үкімет мүшелерін үсынады сонымен қатар ЕК және ЕАСТ өкілдері қатысады. Бас ассамблея делегациядан құрылатын әкімшілік кеңесін тағайындайды (5 адамға дейін) олар мүше – елдерінің ұлттық мекемелерінен тағайындалады. Стандарттау бойынша жауапты құрылымдар (кесте 1) СЕН – ге ұқсас сипатталған. Бұлармен СЕНЭЛЕК тығыз қарым – қатынаста.

СЕНЭЛЕК негізгі мақсаты – электротехникалық өнімдерге ЕК және ЕАСТ тығыз қарым – қатынасында стандарттауды әзірлеу. Біртұтас европалық нарықтарды құру үшін СЕНЭЛЕК стандарттары қажетті құрал ретінде қарастырылады.

СЕНЭЛЕУК жұмысының басты бағытының мәні – ұлттық стандарттар мүше – елдерінің арасындағы барлық техникалық айырмашылықтарды жоюдан тұрады. Сәйкестік сертификаттау процедураларының арасындағы бұйымдардың стандарттар талаптарына сай электротехника саласында тауарларды сатуда техникалық бөгеттерді болдырмау.

Жаңа технологиялар саласында стандарттау жұмыстарын жоспарлау кезінде ЕК және ЕАСТ талаптары ескеріледі, СЕН және басқа ұйымдардың мамандары қатысады. Информатикаға қатысты сұрақтар шешілгенде европалық конференция басқаратын мекемелер, пошталар және телекоммуникациялар қатысуға шақырады.

СЕНЭЛЕК стандарттарының басты объектілері:

· өнеркәсіптік және тұрмыстық жабдықтар 50 ден 1000 Вольт ауыспалы және 75 – 1000 Вольт тұрақты ток номиналды кернеу;

· медициналық электрожабдықтар;

· электромагниттік қосылыс және радиокедергілері;

· атмосферадағы потенциалды жарылыстар үшін қолданылатын құрал – жабдықтар (жарылатың жабдықтар);

· өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыздандыру, сонымен қатар электрлік.

ЕК және ЕАСТ СЕНЭЛЕК тапсырмалары бойынша электржабдықтарының ерекше түрлеріне европалық стандарттар бойынша зерттеулер жүргізеді, олар европалық нарықта шұғыл сынауларды талап етеді, бірақ олардың еркін түсуіне техникалық кедергілер бөгет болады. Келешекте маңызды потенциалы пайда болуы мүмкін.

СЕНЭЛЕК қызметінің тағы бір бағыты ол – техникалық кеңес басқаратын стандарттарды үйлестіру, арнайы бағдарламалық комитеттердің ұсыныстары мен кепілдемелерін қарастыру үшін құрылған. Бұл жұмыс МЭК көшірмесін жасамау үшін және халықаралық МЭК стандартын мезгілінде қолдану (жобаларға да) Евронорма базасы немесе оларды аймақтық ретінде қабылдау үшін. Бұндай талдау аймақтық басқа мекемелерге қатысты жүргізіледі. Егер қандай да бір мемлекеттік стандарттар базалық ретінде тағайындалса, онда СЕНЭЛЕК барлық стандарттар жөніндегі ұлттық мекемелерге бұл салада стандарттау жұмыстарын тоқтатуды ұсынады. СЕНЭЛЕК европалық стандарттары халықаралық негізінде құрылған, ұлттық ретінде қабылданған. СЕН және СЕНЭЛЕК ережелерімен қарастырылған жалпы ішкі процедурасы «іс - әрекетсіз келісім» деп аталады.

СЕНЭЛЕК қабылдаған аймақтық стандарттар үш формадан тұрады: Европалық стандарт (EN), алдын – ала стандарттау (ENV) және сәйкестендіру құжаты (HD).

СЕНЭЛЕК евронормасы (EN) – бұл техникалық мәтінмен үйлестірілген европалық стандарт, ол мүше – елдерінің ұлттық нормативті құжаты ретінде қабылданады, стандарт мәтініне қандай да болсын өзгерістер енгізу үшін мекеме ережелері бойынша тыйым салынады.

EN үш ресми тілде жарияланады (ағылшын, француз, неміс тілдерінде), бірақ индосамет жөнінде ресми өтініш жазу сонымен қатар титулдық бетін шығару рұқсат етіледі. Еворнорма сандық қатары 50001 басталады. Егер ұлттық деңгейде сол ел тілінде нақты мәтін сақталып, қандай да бір ауытқушылықтар қалыптасса рұқсат етіледі.

Ұлттық стандарттарды пайдалану талаптары ақпараттық қосымша ерекшеліктер ретінде енгізіле алады.

СЕНЭЛЕК және СЕН мүшелерінің жұмыстарындағы техникалық ұқсастықтарына қарамастан, электротехникалық құрамдас бөліктер жөніндегі комитет СЕСС және бағдарламалық комитеттердің өзгешеліктерін сызып қою қажетті. СЕСС электрлік құрамдас бөліктерідің сапасын бағалаумен айналысады, бұл сол саладағы ерекше қызмет болып табылады. Осыған орай комитеттін меншіктік бас хатшылығы СЕНЭЛЕК бас ассамблеясына бағынады. СЕСС бюджеті мүше – елдерінің қорынан қалыптасады.

Бағдарламалық комитеттер сессия кезінде бас ассамблеяға есеп береді, олардың қызметтері СЕСС және ақпарат жөніндегі комитеттеріне таратылады. Олар әрқашан стандарттау жөніндегі барлық жұмыстарды қадағалауға міндетті. Барлық сатыдағы СЕНЭЛЕК қызметінің мақсатын мезгілінде түзетуге міндетті.

Сен және СЕНЭЛЕК европалық стандарттарды қабылдау және әзірлеу немесе түзетуінде мүдделі. Бұл бағытта келесі өлшемдер қабылданған: сайлау және сұрастыру этаптарын қосу, аудару қызметін күшейту, СЕНЭЛЕК техникалық комитетінің қаулысы бойынша шешім қабылдау, МЭК стандартын қарастыру, индоссамент жөнінде тез шешім қабылдау. Барлық мүше – елдеріне МЭК пен ұқсастығы жоқ ұлттық стандарттар фонды бойынша талдау жүргізу ұсынылған, олардың ішінен база ретінде пайдалануға СЕНЭЛЕК стандартын әзірлеу.

ЕК ақпараттық қамтамасыздандыру жөнінде жоғарыда белгіленгендей европалық кеңесінің комиссиясы (ЕКК) нұсқаулар негізінде жоғарғы мүшелердің төменгі мүшелерге басшылығын іске асырады.

СЕН және СЕНЭЛЕК жұмысшы топтары ЕКК мен бірігіп барлық комитеттер міндетіне ақпаратты тарату жөніндегі тәртіпті қабылдап енгізді. СЕНЭЛЕК және СЕН мүшелері стандарттар жөніндегі барлық жоспарлар бойынша бірін – біріне алдын – ала хабарлау керек. Болашақта аймақтық стандарт бағдарламасына енгізілетін болар. Бұл салада қызметтерді тәртіпке келтіру, ақпаратты технологияларды басқару комитеті құрылған, ол пошталық европа комитеті және телефон – телеграф баыланыс тараптары. Техникалық тапсырмаларды жоспарлау, жобаларды дайындау, жұмыс гарафигі мен ұсыныстарды тездету жөнінде актуальды стандарттарды тағайындау және дайындаумен стандарттау комитеті айналысады.

Ақпараттық технологиялар саласында комитеттен басқа мақсатты екі сарапшы топтар жұмыс істейді: ақпараттық технологияларды сертификаттау және тұтыну сұрақтары жөнінде кеңес беру, стандарттау саласындағы өндіру технологиясы.

СЕН және СЕНЭЛЕК конфеденциальды хабар беру жүйесін өндеу, локальды жүйелер, файлдарды тасмалдау, әкімшілік құжаттар және т.б. ашық жүйелер бойынша біріккен жұмысшы топтар қызмет етеді. Жұмысшы топ мақсаты – европалық стандарттау бойынша барлық бағыттарда барлық жақтардың мүдделіліктері мен келісімдеріне қол жеткізу. Бұл топтың техникалық құжаттары СЕН/СЕНЭЛЕК және барлық халықаралық мекемелерге арналған. Ақпараттық технологиялар және электробайланыс саласында СЕНЭЛЕК ЕТСИ мен тығыз қызметтеседі. Соңғы жылдары европалық институттарының электробайланыс саласында стандарттау жөніндегі ЕК ролі едәуір өсті.

Тақырып 13. Халықаралық стандарттың іс-шараларды ұйымы

Дәріс мақсаты: халықаралық стандарттың іс-шараларды ұйымдастыруымен танысу

Дәріс жоспары:

1. Халықаралық стандарттар түсінігі.

2. Халықаралық стандарттың міндеті және мақсаты.

Кілттік сөздер: халықаралық стандарттау, мемлекетаралық стандарт

1.Халықаралық стандарттау туралы түсінік

Халықаралық стандарттау- бұл мемлекетаралық мүддесі бар обьектілердің стандарттауы. Мемлекетаралық стандарттауда мінездемесін атап өткен, оның қажеттілігін мойындай бірлесіп қамтамасыз ету, өнімдердің бір-бірімен алмасуы, және адам өмірі мен денсаулығы үшін, қоршаған ортаға қауіпсіздігі. 1992 жылы наурыз айында ТМД елдерінің бас үкімет келісуімен, «стандарттау,метрология және сертификаттау» облысындағы біріккен саясат туралы жүргізілуі қабылданды.

Негізгі міндеттері:

- мемлекетаралық мүддесі бар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өткізуінің жалпы ережелерін қабылдау.

- Адамдардың өмірінің, денсаулығының, қоршаған ортаның сақтауын, келісушілік пен өзара алмастырушылықты қамтамасыз ететін өнімдерге және қызметтерге бірыңғай міндетті, талаптарды және сынақтардың бірыңғай әдістерін белгілеу.

- Мемлекетаралық мүддесі бар жалпы техникалық талаптардың стандарттауы.

- Техника-экономикалық ақпарат және кодтау жүйелерінің жіктеуіштерін жүргізіп, дамытуы ұйымдастыру.

- Келісімге қатысушы-елдерде қолданатын физикалық шамалар бірлдіктерін білгілеу

- Уақыт және жиіліктін мемлекетаралық қызметін, өлшеу құралдарының ақпараттық қорын, стандарттың үлгілерін және стандартты анықтамалық мәліметтерді еңгізу

- Эталондық базаны және физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдер беріліс жүйелерін енгізіп, дамыту

- Мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық және басқа елдердің ұлттық стандарттарының қорын қалыптастыру, сақтау және еңгізу, келісім қатысушыларынын осы стандарттармен қамтамасыз ету.

- Мемлекеттік сынақтардың нәтижелерін метрологиялық аттестациялауды, өлшеу құралдарының тексеруін және калибірлеуін,

- Мемлекетаралық мүддесі бар мемлекетаралық стандарттар мен нормативтік құжаттарды басып шығару

- Мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарлату бағдарламаларының үйлестігі

- Стандарттау метрология және сертификаттау салаларындағы халықаралық ынтымақтастық

Қазіргі уақытта Келісім қатысушылары бұрынғы СРО стандарттау метрология және сертификаттау акредитация жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды.

Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыс жүргізу негізгі принциптері баяндалған

Мемстандарт 1,0-92 Мемстандартаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды өткізу, ережелері. Жалпы қағидалар.

Оларға жатады:

- Келісімге қатысушы-елдердің өзара жеткізіп берілетін өнімдер сапасын қамтамасыз етуі бойынша келісімге жетуге өзара ұмтылысы

- Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуінің мақсатқа лайықтылығы

- Мемлекетаралық стандарттардың халықаралық және аймақтық стандарттарымен үйлесімділігін қамтамасыз ету

- Мемлекетаралық стандарттардың өнімдер және қызметтерді сертификаттау мақсатында жарамдылығы

- өзара байланысыт обьектілердің жинақтылығы

- мемлекетаралық стандарттарды ғылым, техника және озат тәжірибенің қазіргі жетістіктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.

Мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін бұрынғы СРО техникалық комитеттеріне стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттерінің мәртебесі берілген.

МТК ұйымдастырылу құрылымын шағын комитеттер, тұріқты және уақытша жұмыс топтары құрастырады.

Қазіргі уақытта МТК номенклатурасының және оған өнімдер не бағыталған қызметтің бекітілген нақты топтарының оңтайландырылуы бойынша жұмыс жүргізіледі.

Тақырып 14. Халықаралық стандарттаудың жасаудың реті

Дәріс мақсаты: халықаралық стандарттаудың жасалу процедурасымен танысу

Дәріс жоспары:

1. ТК МГС ұйымының іс-шаралары.

2. Халықаралық стандарттарды әзірлеу рәсімдері.

3. Халықаралық стандарттарды қайта қарастыру және ісін тоқтату, басылымдар реті.

Кілттік сөздер: мемлекетаралық стандарт, келісім қатысушы, құжат мемлекетаралық стандарт

Мемлекетаралық стандарттау саласында негізгі нормативтік құжат-мемлекетаралық стандарт.

Мемлекетаралық стандарт – ол стандарттау,метрология, сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес қабылдаған стандарт.

Мемлекетаралық стандарттардың келесі түрлерін айырады:

1) Негізге алынатын стандарттар

2) Өнімге, көрсетілген қызметке арналған стандарттар

3) Процестерге арналған стандарттар

4) Бақылау әдістеріне (сынақтардың, өлшеулердің, талдаудың) арналған стандарттар.

Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі және оларға қойған талаптар.

«Мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстарды өткізу ережелері. Стандартты әзірлеп, жасау мен баяндауына және олардың мазмұнына қойылатын жалпы талаптар». 1,5-93 Мемстандартында баяндалған.

Қалыптасқан тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекетаралық стандарттардың ескі тіркеу нөмірлері сақталады, тек қана қайта қараған жылды өзгертеді. Егер стандарт бұрынғы бірнеше Мемстандарттарының негізінде әзірленсе, оған солардың біреуінің нөмірі беріледі. Жаңа әзірленген стандарттар жаңа нөмірімен тіркеледі, оны техникалық комитет береді. ЭОК стандарттарын мемлекетаралық стандарттарға тура қолдану тәсілімен қайта өзгерту туралы шешім шықты. Мемлекеттерге мемстандарттын екі данасын кейінгі көбейту үшін беріп, келісімнің қатысушы – елдерін мемлекетаралық стандарттарымен қамтамасыз ету техникалық секретариат арқылы жүзеге асырылады.

ТАҚЫРЫП 15. СТАНДАРТТАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҰЙЫМЫ

Дәріс мақсаты: Аймактык стандарттау ұйымдары мақсаты мен мІндеттерін оқып үйрену

Кілт сөздер: ұйым,гармонизац


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: