Артикуляция мен окклюзиялар

CТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«ТЕРАПИЯЛЫҚ CТОМАТОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Стоматология факультетінің

Деканы, профессор

__________ Ю.Түркөз

«___»_________ 2017 жыл

 

 

2016-2017 оқу жылдарына арналған

II – КУРС «Тіс протездерін дайындау технологиясы» пәні бойынша дәрстік жинағы

 

Пән коды:В54.128

Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»

Оқу семестрі: III

Емтихан: III

 

 

Түркістан- 2017

 

 

Емтихан сұрақтар жинағы «Стоматология» кафедрасы мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2017 ж.

Кафедра меңгерушісі__________м.ғ.к.,доцент м.а. М.Ә.Искендиров

 

Дәріс № 1 2 курс 3 семестр

 

Тіс протездерін дайындау технологиясы негіздері.

 

1.Тақырыбы: Стоматологияда тіс протездерін дайындау технологиясының рольі, мақсаты және міндеті.

 

2.Мақсаты: Студенттерге тіс протездерін дайындау технологиясының стоматология саласында үлкен орын алатынын, оның ролі, мақсаты мен міндетін түсіндіру. Ауыз қуысын протездеуде тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясының маңызын, шайнау аппаратының биомеханикасы, артикуляция және окклюзия ұғымдарын білу, олардың тіс протездерін дайындау технологиясында алатын орны, тістем түрлерін оқыту, түсіндіру.

 

3.Дәріс тезистері:

 

Стоматология мамандығы бойынша жоғарғы касіптік білімі бар маман тіс протездерін дайындаудың негізгі технологиялық үрдістерін және олардың пайдалану ережелерін игеруі керек. Бұл оқулықтың алдына қойған мақсаты мен міндеті; тіс протездерін жасаудың технологиясын, қолданылатын құрал жабдықтарды, қосалқы материалдарды, оларды пайдаланудың тиімді әдіст амалдарын жүйелеп таныстырады. Тіс протездерін дайындауда ортопед стоматолог пен тіс технигінің жұмыстарының үйлесімділігі дайындайтын тіс протездерінің сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі.. Стоматологиялық тіс протездері мен аппараттарын дайындау үшін тіс техникалық лабораториясының дұрыс ұйымдастырылуы, оның құрамына кіретін негізгі бөлмелерді, қондырғыларды, құрал-жабдықтарды және қолданылатын материалдарды білу ортопедтік стоматологиялық көмекті сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Tiс протездерін жасау технологиясының шапшаң қарқынмен

Шгерілеуіне байланысты жұмыс сапасын қамтамаеыз ететін негізгі

фактор - дәрігер мен тіс технигінің протез дайындауда амал-әдістерінің өзара үйлесімде болуы. Бүгінгі күнде жоғары талаптарға

сәйкес, тіс протезін жасайтын лабораторияның жұмысының сапасы

тіс технигіне тығыз байланысты.

Тіс техникалық лабораториясының құрылымы және оның жабдықтары.

Стоматология бөлімі көп қабатты ғимараттың бірінші қабатында жайғасады немесе арнайы құрылған ғимаратта орналасады және онда бірнеше бөлімдер болады, соның бірі ортопед стоматолог бөлмесі және тіс техникалық лабораториясы(шеберхана). Тіс протезін дайындайтын шеберхана құрамында арнайы бөлмелер болуы керек және олар тіс протезін дайындаудың әртүрлі кезеңдеріне тура келеді. Шеберхана құрамына;

1.негізгі,

2.гипістеу,

3. қалыптау, полимеризациялау,

4. дәнекерлеу,

5. металдарды құю бөлмелері,

6. Жылтырату

7. керамикалық және бағалы металлмен жұмыс істейтін бөлмелер жатады.

Негізгі бөлме: бұл бөлме тіс протездерін дайындау тістерді тізбелеу, протездері өңдеуді атқаруға арналған. Жұмыс бөлмесінің биіктігі 3 метр,тіс технигінің жұмыс орнының көлемі 13 м куб, ауданы 4м квадрат болуы тиіс. Негізгі бөлменің қабырғалары ақшыл түсті майлы бояулармен сырланып, жуып тазартуға ыңғайлы болуы керек.Едендер линолиуммен немесе кафельмен төселеді. Бөлменің терезелері металло-пластикалық немесе майлы бояумен бойалған ағаш терезе болуы мүмкін.

1.Терезелер бір бірінен және бөлменің бұрышынан бірдей қашықтықта орналаулары қажет;

2.Терезелердің жоғарғы шеті барынша төбеге жақын орналасулары қажет(20-30 см)

3.Терезелердің әйнектері біртұтас болғандары дұрыс.

4.Жұмыс орнына жарық сол жағынан немесе тура алдынан түсуі керек.

5.жарық сәулесінің жұмыс үстеліне түсу бұрышы 25-27º

6.Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе тұра алдынан түсуі керек.

7. егер жарық бүйір жақтан түсетін болса, жұмыс орны мен терезелердің арақашықтығы, еден және терезенің жоғарғы шетінін үш еселенген ұзындығынан артық болмау керек. Екі жақтан терезелер койылғанда бөлменің ені 15-18 м аспауы қажет.

Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуы, тіс технигінің денсаулығы үшін үлкен маңызы бар, өйткені олар зергерлік жұмыетарды көз жанарының көмегімен орындайды.

Шеберхананы жабдықтағанда арнайы ауаны ағынды желдеткіш қондырғылар, ыстық су жене суық су келетін құбырлар керек, сумен жылыту құрылғылары, қалдық ағатын құбырлар(канализация), электр өткізгіштер және техникалық шоғырлары келіп тұрады.

Тіс технигінің жұмыс орны.

Тіс технигінің жеке жұмыс орны столдан тұрады, столдың үсті мәрмәр тастан болмаса ортасы ағаштан, айнал шеті жалпақтығы 20-25 см латуннен немесе тот баспайтын болат қаңылтырмен қамтылады. Столдың ортасында финагель орналасқан ойық болады. Ойық астына бір немесе екі жәшік болады, бұл жәшіктер құрал саймандарды сақтауға және гипстің, пластмассаның, металл қалдықтарын салуға арналған. Сол столдың оң жағында мүсіндерді, материалдарды, протездерді сақтауға арналған тумба болады. Столдың үстінде сол жағында немесе тура үстінде жарық көзі, шлифмотор, арнайы бормашина, газ дәнекер, электрошпатель сияқты қондырғылар орналасады.Тіс технигінің орындығы айналмалы және арқалы болуы тиіс.

Гипс бөлмсі: бұл бөлмеде гипстен мүсідерді құю, кюветаға орналастыру, протездерді гипс қалыптан ажырату жұмыстары жұргізіледі. Бөлмеде үсті металмен қапталған үлкен столда пресстер орналасады, оның жоғарғы жағында гипске арналған бунке орналасады. Столдының тартпаларында окклюдаторлар, артиккуляторлар, кюветалар, резина колбалар, шпатель, гипсти кесуге арналған моторлы қондырғы(тример) және гипсті вакуммды араластырғыш (Херку Кульцер фирмасының) CL VMR W ФОРМАТИВІ, вибросаттар(вибробой, вибробеби, вибромистер) басқа құрал- саймандар сақталады.Бөлмеде ыстық және суық су құбырлары және қоқыс ағатын құбыр болады.

Қалыптау және полимеризациялау бөлмесі. Бұл бөлме пластмассалы тіс протездерін жасауға арналған матариалдар(фторакс, метилметакрил), герметик құтылар, пластмассаны полимеризациялауға арналған ыдыстар, пресстер болады, кювета газ ошағы т.б. заттар болады. Столдың үстінен гипс оңай тазалануы қажет. Бұл бөлмеде газ ошағы болып, үстінде вентиляция қондырңысы болады.

Жылтырататын бөлме. Бұл бөмеде тіс протездерін жылтыратын шлифмоторлар болады, шлифматорға арналған әртүлі пішіндегі және әртүрлі материалдан жасалған дисктер болады. Құмсепкіш аппарты. Барлық шлифмоторларда шаң ұстағыштармен қатар жарық беріледі.Құмсепкіш аппараты.

Дәнекелеу бөлмесі. Бұлбөлмеде дәнекерлейтін аппараттар және ауаны үрлеп тұратын компрессорлар болады. Бұдан басқа балауызды ерітетін муфельді пештер орналасады және ағарту жұмыстарына арналған қышқылдар болады, ағартуға арналған электронды қондырғы, дәнекерлеуші газ қондырғысы, припой, бура материалдарымен жабдықталады, бұл бөлмеде ауа сорғыш, желдеткіш қондырғылармен жабдықталады.

Металдары ерітіп құю бөлмесі. Бұл бөлмеде металдық керамикалық, бюгельді протездерді дайындау, олардың қанқаларын алу (металл қоспаларын ерітіп) құю жолымен жүргізіледі.Тіс протездерінің негізін, тіс сауыттарын, бюгельді протездері, көпіртәрізді протездері, имплантанттарды, пародон ауруыларында қолданылатын құрсауларды дайындағанда индукциялық токтың көмегімен металды ерітуге болады.

Индукциялық пеш блогы қорағыш металл корпуспен қапталған, бұл корпустың үстінде бақылау көзі бар, қалпақтың астында тигель мен опокер ыдысы жәнеде т.б құрал бар.

Металды керамика және бағалы металдармен жұмыс істейтін бөлме. Тіс протездерінің фафордан, металды керамикадан,бағалы металдан дайындалуы, арнайы қондырғылар мен материалдардың болуын талап етеді.Электронды бағдарламалы басқарумен жабдықталған қондырғы фарфордан және керамикадан жасалған тіс протездерінің беттерін күйдіру мен жылтыратуды қамтамасыз етеді және технологиялық өңдеуді іске асырады, атап айтқанда; күйдіру, құрғату, салқындату. Техникалық процесті басқару автоматты түрде бағдарлама бойынша іске асады. Балауыз мүсіндерді қалыптық массамен қаптау үшін вакуумды араластырғыш қолданылады. Бұл ыдыста ауа сорылып қалыптаушы масса балауыз мүсінді тығыз қабатпен қаптап, құйманың бетінің таза болуын қамтамасыз етеді. Осымен қатар тесіктердің, саңлаулардың, шұңқырлардың болмауына әсерін тигізеді.Металды керамикалық тістерді дайындаудың бірінші кезеңі гипстік, құю бөлмесі және жылтырату бөлмесінде жүргізіледі.

Құйылған құймаларды формовты массалардың қалдықтарынан, тотықтан және оның бетін ақырғы өңдеуге дайындау үшін арнайы құмсепкіш қондырғы қолданылады. Қондырғының ішінде герметикалық камера және құмды жинайтын бункер болады және құм себетін түтікшелер болады. Камераның қарайтын әйнегі және екі тесігі қолғаптармен бітеді.Қондырғыға аяқпен басатын педаль жалғанған, педальді басқанда түтікшеге қысымен ауа беріліп, ол бункерден құмның ұшып шығуын қамтамасыз етеді, шаң атоматы сорылады.

Фарфор және металокерамикамен жұмыс істеудің ерекшеліктері бар, олар үшін арнайы қондырғы мен құрал жабдықтардың болуы тиіс және арнайы бөлменің болуы керек. Мүсінді құю, окклюдаторға отырғызу жәнеде басқа гипспен байланысты опирациялар, гипс бөлмесінде орныдалады. Бөлмеде дәлдігі 0,00001 грамға дейін болатын арнайы алтын өлшейтін таразы және алтынның деңгейлік тазалығын (пробасын) анықтауға арналған химиялық реактивтер болады немесе лазерліанализатор.

 

5. сұрақ;Тіс протездерін дайындауда қолданылатын зерттеу әдістері.

Ортопедиялық стоматологияда тіс протездерін дайындау, белгілі бір кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдердің бір бөлігі шеберханада, ал бір бөлігі пацентің ауыз қуысында жүргізіледі. Әрбір орындау кезеңінде қателіктерді түзетіп отырады.

Нысанға алынған жұмыс объектісінің зерттелуі үш түрлі болады:

1. Өлшеу арқылы. Істелетін жұмыстың өлшемдерге сәйкес келуі

сызғыш, транспортир және микрометр көмегімен жүзеге асады. Бұл

зерттеудің мақсаты:

а) өлшемдердің қысқа, кем немесе аз мөлшерде болмауы үшін.

б) өлшемдердің шамадан тыс ұзын, кең, немесе үлкен болмауы

үшін.

2.Бақылау арқылы сәйкестендіру. Егерде объект қалыптың ішіне

немесе мүсіннің үстіне орналасатын болса, бұл жұмыс жиі-жиі

бақылауды қажет етеді.

3.Көзбен бақылау. Объект беттерінің өзгешеліктерін сипаттау

үшін, мүсінді көз арқылы зерттелуі тура және сенімді әдістердің бірі

болып саналады.

Көз арқылы тексеру:

а) бір көз арқылы (құс көзі) қарасымен тексеру;

б) екі көзбен тексеру;

в) көз деңгейінде тексеру.

Бірінші, не болмаса екінші жағдайларда зерттеу әдістерімен

әдетте цилиндр секілді немесе конус-цилиндр түрінде таңдалған

мүсіндердің зерттелуі іске асады.

Тістердің бір-біріне параллельдігін немесе дивергенциялығын екі көзбен бақылау әдісі қолданылады. Үшінші жағдайда мүсін гұра көз деңгейінде тексеріледі. Цилиндр түріндегі мүсіннің кенерелерінің параллель және түзулігін бақылайды. Томпайған немесе қисық жақтар түзетіледі.

Машықтану (манипуляция) сабағының мақсаты

Манипуляция сөзі - латынша колдың көмегімен іске асатын

амал-әрекет түсінігі ретінде стоматология кәсібінде жиі қолданылады.

Стоматология мамандығын игеруде студенттердің қол әрекет

істерін жетік меңгерулері кәсіптік қабілетті арттыруда өте қажет

болып табылады

 

Тіс технигінің зертханасында

қолданылатнын аппараттар, материалдар және жабдықтар:

Аппараттарға;

Микроматор,шлифматор, самсон аппараты, газ дәнекерлеуші, ауа үрлеуші компрессор, керамика пеші (Аверон),индукциялық пеш блогы,электрлік шпательдер,құмшашқыш аппараттар, гипсті кесуге арналған мотор(триммер) қондырғы, гипсті вакуммды араластырғыш (Херку Кульцер фирмасының) CL VMR W ФОРМАТИВІ, вибросаттар(вибробой, вибробеби, вибромистер), металқанқаларды құюға арналған Formax қондырғысы, вибропресс қондырғысы, лазерлі перфорат(гипс мүсіндерге штифтерді орнатуға арналған лазерлі қондырғы), «воскотоп» (еріген балауызды белгілі бір тұрақты(температура) дәрежеде ұстайды), муфелді пеш, вакуммді кострюль, центрафуга,, вакуммдік полимеризаторлар КУ-ПЛЦ полимеризация қондырғысы, параллеломет. және басқа құрал саймандар сақталады.

Жабдықтары;

Жұмыс үстелі, айналмалы орындық, шкафтар, жасанды жарық, кювета, оккюлдатор және артикуляторлар,пішінге келтіруші(наковольник) пресстер, мүсінге келтіруші шпатель,гипс шпательдер,резиналы кесе,мүсін алушы қасықтар,резиналы дисктер,мәсуек(щетка), техник балғасы,бром штром, спиртті шам,таразылар,тронспортир,сызғыштар,аралар,металл ерітетін қасық, гипс кесетін пышақ,

Материалдар;

Гильза,балауыз(воск),припой,бура,пемза,отқатөзімді қағаз, тұз қышқылы,Фторакс,изакол,акрил,пластмассалы жасанды тістер, акрилді тістер, биопласт, керамиклық порошоктардың жинағы,гипс, пастагой, тез еритін металдар, фильц, сигма,синема, қалып-өлшем алатын эластик материалдар, жапқыштар, ажратқышта, ағартқыштар.

 

Дәріс № 2

1. Тақырыбы: Тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясы. Шайнау аппаратының биомеханикасы. Артикуляция және окклюзия. Тістем түрлері.

2. Мақсаты: Студенттерге тіс протездерін дайындау технологиясының стоматология саласында үлкен орын алатынын, оның ролі, мақсаты мен міндетін түсіндіру. Ауыз қуысын протездеуде тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясының маңызын, шайнау аппаратының биомеханикасы, артикуляция және окклюзия ұғымдарын білу, олардың тіс протездерін дайындау технологиясында алатын орны, тістем түрлерін оқыту, түсіндіру.

 

3.Дәріс тезистері:

Артикуляция мен окклюзиялар.

Сүйектердің буындағы мүшеленуін қозғалысын артикуляция деген терминмен белгілейді, ол буындағы мүмкін болатын қозғалыстар деп аталынады. Ортопедиялық стоматологияда осы ортақ қозғалыстардан тек тіс қатарларының түйісуі сақталатын қозғалысы бөлініп алынады. Төменгі жақтың бұл қозғалысын окклюзиялық қозғалыс деп атайды. Төменгі жақтың 3 түрлі окклюзиялық қозғалысымен тұрақтылығы бар:

А. орталық,

Б.сагитальды және

С.трансверзальды

шайнау аппаратының биомеханикасын дұрыс түсіну үшін:

1) тіс қатарына,

2) буынға қатысты артикуляция элементтерінің терминологияларын анықтау қажет.

а) сагитальды және трансверзальды окклюзиялық қисық.

б) күрек тістердің бір бірін жабу тереңдігі (фронтальды жабу)

в) сагитальды және трансверзальды күрек тістер жолының бұрышы (жоғарғы күрек тістердің тандай беті) готикалық бұрыш 120 градус.

г) шайнау төмпешіктерінің биіктігі мен ойықтығы.

д) сагитальды және трансверзальды буын жолының бұрышы. Беннет бұрышы 15-17 градус.

Төменгі жақ сүйектерінің қозғалыстарының әртүрлі тістесуіндегі биомеханикасы.

Биомеханика - адамдар мен жануарлардың қимылдары жөніндегі

ілім және ол барлық материалды денелерге тэн қозғалыстар заңының

негізіндегі қимыл-эрекеттерді зерттейді. Адамдар үшін арнайы

механика заңдары жоқ. Биомеханикалық зерттеулер обьективтік

заңдылықтар негізінде жүргізіледі.

Төменгі жақ сүйек қимылын зертеу арқылы шайнау жүйесінің

қалыпты жағдайы туралы, сонымен қатар оның қалыпты жагдайдан

ауыткуымен бүлшық еттерге, буындарға, тістердін түйісуіне жэне

парадонт тіндеріне эсер етуін анықтауға болады. Төменгі жақ

сүйегінің қимыл-қозғалыстары жөніндегі заңдылықтарды, арнайы

аспаптарды (артикуляторларды) қүрастыруда қолдануға болады. Tic жақ сүйектер жүйесінің функциясы шайнау бүлшық еттерінің

күйлерінің (жиырылу, созылу), шықшыт буынның элементтерінің

және тіс қатарының ара қатынасының өзгерумен іске асады.

Төменгі жақ сүйегінің қимыл-қозғалысын, шайнау бүлшық

еттерінің және шықшыт буындарының қызметтік ерекшеліктерімен

қатар зерттеу шайнау аппаратының қызметі жөнінде толық мағлүмат

алуға мүмкіндік береді.

Астыңғы жақ сүйегі шайнау, сөйлеу, жүту, күлу сияқты

қызметтерге қатысады, осылардың ішіндегі шайнау қызметінің

алатын орыны ерекше. Төменгі жэне жоғарғы жақтың тістері дұрыс

түйіскенде (окклюзия) ғана шайнау қалыпты жағдайда іске асады. Tie

қатарларының дұрыс түйісуі шайнау қимылының негізгі белгісі

болып табылады. Сөйлеу, жүту сияқты қызметтер тіс қатарларының

араларында ашықтық жағдайында іске асады

Адамның төменгі жақ сүйегі үш бағытта қозғалады: вертикалды

(жоғары жэне төмен), ол ауыздың ашылуы мен жабылуына сәйкес

келеді; сагиталды бағытта (алға және артқа); трансверзальды бағытта

(оңға жэне солға). Төменгі жақтың эрбір қимылы буын бастарының

бір мезгілде сырғып жылжуы мен айналмалы қимылдарының

нәтижесінде пайда болады. Шықшыт буындарының бір қозғалысында

айналмалы (шарнирлік) қимыл басым болса, екінші бір қозғалысында

сырғып жылжу қимылы басым болады.

Төменгі жақ сүйегінің вертикалды

Астыңғы жак

сүйегінің төмен түсуі m.myohyoideus, m.geniohyoideus, m.digastricus

жэне тіласты сүйегінің астында орналасқан бүлшық еттерінің

жиырылуы арқылы жүзеге асады. Ауыз жабылғанда төменгі жақ

сүйегінің көтерілуі m.temporalis, m.masseter жэне m.pterygoideus

medialis бұлшық еттерінің жиырылуымен жэне төменгі жақты төмен

түсіретін бүлшық еттің біртіндеп босаңсуы нәтижесінде өтеді.

Ауызды ашқан кезде буын бастары трансверзал бағыттагы өтетін

Тістердің қабысуы төменгі жақтың орталық, сагитальды және трансверзальдя күйіндегі тіс қабысуның маңызы зор. Орталық окклюзия төмендегідей морфофункциональдық белгілермен сипатталады:

а) төменгі жақты көтеретін бұлшықеттер біркелкі жиырылады.

б) төменгі тістер қарсы тістермен тығыз, біркелкі және бір мезгілде қабысады.

в) буын басы буын ойығымен буын төмпешігі ойысының түбінде мүшеленіп байланысады.

Жақтың тұрақтылығында тамақты тістеу және шайнау процесі аяқталады. Төменгі жақтың сагитальды күйі келесі белгілермен сипатталады:

а) төменгі жақты қозғайтын бұлшықеттер біркелкі жиырылған, ал өзгелері босаңсыған.

б) буын басы төмен алға қозғалып, буын төмпешігінің ұшына жетеді.

в) төменгі күрек тістер, жоғарғы күрек тістердің таңдай жағымен сырғиды да, жоғарғы күрек тістердің тістейтін шетімен түйісіп орналасады (сагитальды буын жолының бағыты), азу тістерде көптеген нмесе үш пункте түйісу болуы немесе мүлдем болмауы мүмкін. Азу тістердің ажырау шамасы алдыңғы істердің бір-бірін жабудың буын ойығының тереңдігіне және сагитальды окклюзиялық қисаюдың дәрежесіне байланысты. Сонымен қатар буын төмпешігі мен ауз тістердің шайнау төмпешігінің биіктігіне тура пропорционалды:

1) күрек тістердің фронтальды жабу тереңдігіне

2) буын ойығының тереңдігіне

3) сагитальды окклюзиялық қисаюдың дәрежесіне

4) буын төмпешігі мен азу тістердің шайнау төмпешігінің биіктігіне.

Шайнау аппаратының артикуляциясы мен окклюзия туралы ілімнің теория және іс-жүзіндегі маңызы зор. Ол тіс протезінің (әсіресе тіссіз жақ сүйегі үшін) құрастыруды ғылым жүзінде негіздеуге себеп болды.Тіс қатарлары арасындағы көптеген окклюзиялық түйісу парадонтқа түскен салмақты біркелкі таратуға жағдай жасайды. 7-9 жастағы баладарда сүйір тістердің төмпешігінің мүжілуінің бөгелуі жиі кездеседі. Окклюзияны бірқалыпты сақтау үшін бала астыңғы жағын алға қозғайды да, өзіне өзі тістесудің ауытқыған түрін жасайды. Бұл еріксіз түрдегі прогения кейін шын прогенияға айналып кетуі мүмкін. Ересек адамдарда парадонтоз кезіндегі әртүрлі окклюзия парадонтқа түсетін салмақты қабыну процесін және тістердің босаңсуын күшейтеді.

Тіс-жақ жүйесінің негізгі қызметін орындау төменгі жақтың әртүрлі сипатта қозғалуымен байланысты. Шайнау және жұтыну кезінде тіс қатарының қабысуымен ашылуында осы қозғалыстарыдң белгілі бір фазалығы бекітілген. Әдейі және рефлекторлы қозғалыста және дем алу, сөйлеу және әр түрлі мимикалық қозғалыстарда тіс қатарының қабысуы болмайды.

Төменгі жақтың қозғалысы шаралы және шарасыз рефлекстердің күрделі қосылыстарының негізінде әртүрлі бұлшық ет топтарының жиырылуынан жүзеге асады. Шайнау қысымын жүзеге асыру үшін нерв импульстарының реттілігі бас миының өзекті бөлімінде орналасқан орталықпен бақыланады.

Шайнау аппаратының барлық механизмінің іс-қимылын дұрыс бағалау үшін артикуляция, окклюзия және т.б. терминдерді міндетті түрде білу қажет.

Артикуляция – бұл төменгі жақтың барлық қозғалсыс кезінде жақтар мен тіс қатарларының жазықтықта қатынасы.

Артикуляцияның- бұл анықтамасына төмеңгі жақ тек шайнау қозғалысы ғана емес, сөйлеу, есінеу және т.б. кездердегі қозғалыстар жатады. Артикуляцияны практикалық мақсатта ең қолайлысы окклюзия варианттарының бір-біріне ауыспалы тізбегінде қарастырған жөн.

Окллюзия- бұл жоғарғы және төменгі жақтардың тіс қатарының немесе жекелей тіс топтарының белгілі бір уақыт аралығында қабысуы. Яғни окклюзия -бұл артикуляцияның бір моменті болып табылады.

Төменгі жақтың жоғарғы жаққа қатынасының күйіне байланысты былай бөлінеді:

1) салыстырмалы физиологиялық тыныштық күй.

2) орталық окклюзия немесе жақтардың орталық қатынасы.

3) бүйірлі оң окклюзия

4) бүйірлі сол окклюзия

5) алдыңғы окклюзия.

Салыстырмалы физиологиялық тыныштық күй шайнау бұлшықеттерінің минимальды белсенділігінде және мимикалық бұлшықеттерінің толығымен босаңсуындағы төменгі жақтың бір артикуляциялық күйі. Төменгі жақты көтеретін және түсіретін бұлшықеттердің тонусы біркелкі.

Орталық токклюзия түйісу нүктелерінің максимальды санында тістердің қабысуымен сипатталады. Бұл кезде беттің орталық сызығы орталық күрек тістер арасымен өтетін сызықпен сәйкес келеді. Төменгі жақ басы буын бұдырының скатында, оның негізінде орналасады. Бұл кезде шайнау бұлшықеттерінің біркелкі және бір уақытта жиырылуы бақыланады.

Алдыңғы окклюзияда төменгі жақтың алдыға жылжуы болады. Бұл латеральды қанаттәрізді бұлшықеттің екіжақты жиырылуымен жүзеге асады. Орталық күрек тістер арасындағы сызығы беттің орталық сызығымен сәйкес келеді. Төменгі жақ басы алдыға ығысып және буын бұдыры ұшында орналасады.

Бүйірлі окклюзия төменгі жақтың оңға немесе солға ығысуымен жүзеге асырылады. Төменгі жақтың оңға жылжуында латеральды қанаттәрізді бұлшықеттің қарама-қарсы жағы жиырылады, ал солға керісінше.

Төменгі жақтың вертикальды қозғалысы.

Вертикальды қозғалыс ауызды ашып, жабуына сәйкес және төменгі жақты көтеріп, түсіретін бұлшықеттің кезектесіп жиырылуынан жүзеге

асырылады. Төменгі жақ түскенде тіс жақ қатарлары ашылады, ал ауызды жапқанда, керісінше қабысады. Ауыздың максимальды ашылуы кезінде тіс қатарлары арасындағы қашықтық орташа 4,4см тең.

Ауызды ашқан кезде төменгі жақтың әрбір тісі төмен түсіп және артқа жылжып, буын басының жалпы орталығымен қиғаш түседі.

Төменгі жақтың сагитальды қозғалысы.

Төменгі жақты алдыға жылжыту латеральды қанағаттәрізді бұлшықеттің екі жақты жиырылуымен жүзеге асады. Олардың бір жақ ұшы қанағаттәрізді өсіндінің шұнқырында, ал екінші ұшы төменгі жақ басының алдынғы жақ бетінде буын дискісіне бекітілген. Төменгі жақтың алдыға жылжуы екіге бөлінуі мүмкін. Бірінші фазаға диск төменгі жақ дискісімен бірге буын бұдыры бетімен сырғанайды. Екінші фазаға басының сырғанауына өзінің көлденең осьі бойымен шарнирлы қозғалысқа қосылады. Осы қозғлыстар оң және сол жақта бір уақытта жүреді.

Төменгі жақ алдыға қозғалуында төменгі жақ басының жүретін арақашықтығы сагитальды буын жолы деп аталады. Ол белгілі бір бұрыш сагитальды буын жолы бұрышымен сипатталады. Бұл бұрыш сагитальды буын жолының жалғасы болып жататын окклюзиялық жазықтықпен қиылысқан сызықпен түзіледі. Буын сагитальды жолының бұрышты Гизи бойынша орта есеппен 33 градусқа тең. Сагиталды буын

жолы белгілі бір бұрышпен сипатталады. Ол бұрыш сагиталды буын

жолының жалғасы мен окклюзиялық (протетикалық) жазыктықтың

қиылысуынан пайда болады. Протетикалық жазықтық дегеніміз

төменгі жақтың алдыңғы күрек тістерінің кесу қырларымен және

ақыл тістердің дисталды ұрт төмпешіктерімен, ал олардың

жоқтығында - екінші молярдың осы аталган төмпешіктері арқылы

өтетін жазықтық. Гизи бойынша «сагиталды буын жол бұрышы» орта

шамамен 33°-қа тең Ортогнатиялық тістемде асыңғы жақтың алға шығуы төменгі

күрек тістердің жоғарғы күрек тістерден алға толық босап шыққан

жағдайында ғана мүмкін. Осы қозғалыс кезінде төменгі күрек тістер

жоғарғы күрек тістердің таңдай бетімен сырғып, олардың кесу

қырларына (алдыңғы окклюзия) дейін жетеді. Төменгі жақ сүйегінің

алға жылжуындағы төменгі күрек тістерінің өтетін жолы «күрек

тісінің сагиталды жолы» деп аталады. Күрек тіс сагиталды жолы

окклюзиялық жазықтықпен қиылысқанда бұрыш пайда болады, оны

“күрек тісі сагитал жолының бүрышы” деп атайды (сурет 4). Оның

шамасы табиғи жэне жасанды тістерде эртүрлі жэне тістем түріне

байланысты. Гизи бойынша ол 40-50°-қа тең болады.

 

Ортогнатиялық тістесуде төменгі жақ қозғалысында жоғарғы жақтың қабысуынан босатылса ғана, алдыңғы тістер алдыға жылжиды. Бұл қозғалыс төменгі күрек тістердің, жоғарғы күрек тістердің тандай бетімен сырғанай отырып кесу қырлары жанасқанға дейінгі мономентпен жүргізіледі. Төменгі жақты алдыға жылжытқанда төменгі күрек тістердегі құрылған жолды сагитальды күрек тіс жолы деп атайды. Сагитальды күрек тіс жолы сызығының окклюзиялық жазықтықпен қиылысуында түзетін бұрыш, сагитальды күрек тіс жолының бұрышы деп аталады. Оның көлемі жекелей әртүрлі, және қабысу сипатына байланысты. Гизи бойынша ол 40-50 градусқа тең. Алдыңғы окклюзия кезінде антогонист тістердің түйісулері 3

нүктеде болуы мүмкін: біріншісі - алдыңғы тістерде, ал екеуі -

үшінші молярлардың дисталды төмпешіктерінде орналасады. Бүл

қүбылысты алғаш рет Бонвиль анықтап жэне «Бонвильдің 3 нүктелік

байланысы» деген атқа ие болған.

Төменгі жақтың трансверзальды қозғалысы.

Төменгі жақтың бүйірлі қозғалысы латеральды қанаттәрізді бұлшықеттің біржақты жиырылуынан құрылады. Яғни төменгі жақ оңға қозғалса, сол жақ қанаттәрізді бұлшықет жиырылады, ал солға қозғалса - оң жақ қанаттәрізді бұлшық ет жиырылады. Бұндай қозғалыста буын басы бір жағынан өз осінде айналады. Осы уақытта екінші жақтың буын басы диспен бірге буын бұдыры бетімен сырғанайды. Егер төменгі жақ оңға ығысса, онда

сол жағындағы басы төмен және алдыға ығысады, ал оң жағында буын басы вертикальды осьте айналады.

Жиырылған бұлшықет жағында төменгі жақ басы төмен, алдыға және біраз ішке ығысады. Бұл кезде ол буын жолының сагитальды сызық бұрышына жол жасайды. Бұл бұрыш ең алғаш Беннетпен жазылып және осы себептен сонының атымен аталғын. Немесе оны бүйірлі буын жолы бұрышы деп те атайды. Ол 17 градусқа тең.

Трансверсальды қозғалыс тістердің окклюзиялық жанасуының белгілі бір өзгерістерімен сипатталады. Төменгі жақ бірде оңға, бірде солға ығысатындықтан, тұйық бұрышта қиылысатын тістердің қиғашын көрсетеді. Тіс төменгі жақ буыннан неғұрлым алшақ тұрса, соғұрлым бұрыш үлкен болады. Ең тұйық бұрыш түзетін орталық күрек тістер. Бұл бұрыш трансверсальды күрек тіс жолының бұрышы немесе готикалық бұрыш деп аталады. Ол күрек тістердің бүйірлі қозғалысының аумақтығын анықтап және 100-110 градусқа тең.

Жақтың бүйірлі қозғалысында оны екі жаққа бөлуге болады: жұмысшы және балансты. Жұмысшы жағында тістер бір-біріне аттас бұдырларымен оналасады, ал баланстыда карама-қарсы, яғни төменгі ұрт бұдыр қарсы таңдай бұдырымен түйіседі. Қарама-

Сурет 5. а - Беннет бұрышы;

б - Бонвилдің үшбұрышы.

қарсы жақта төменгі жак сүйегінің жоғары қарай бағытталған буын

басы сыртқа қарай ығысады, сондықтан бастапқы қалпына

салыстырғанда бүрыш жасай орналасады. Төменгі орталық тістердің

кесу қырларының мезиалды бүрыштарының түйісу нүктесі мен екі

буын бастарының арасын қосатын үшбұрыш «Бонвил үшбұрышы»

(Сурет 5, б) деп аталады.

 

Тамақты шайнау кезінде төменгі жақ қозғалу циклін жасайды. Гизи төменгі жақтың циклділігін схема түрінде ұсынды. Қозғалыстың бастапқы кезеңі орталық окклюзия күйі болып табылады. Одан кейін өздіксіз кезекпен бірінен соң бірі 4 фаза өтеді. Бірінші фазада жақ төмен түсіп және алдыға шығады. Екінші фазада жақ бүйірге қарай ығысады. Үшінші фазада жұмысшы жағында тістер аттас бұдырлармен, ал балансты жаққа қарама-қарсы түйіседі. Төртінші фазада тістер орталық окклюзия күйіне келеді және осы шайнау циклі ары қарай қайтадан қайталанады. Шайнау аяқталған соң жақ салыстырмалы тыныштық күйге келеді.

Сонымен, шайнау аппаратының биомеханикасының заңдылықтарын түсіну әрбәр дәрігер-стоматолог үшін қатардағы білім деңгейі болып табылады. Ол тіс протездерін құрастыру, тісті плобалау кезінде, тістеудің ауытқуын анықтауда және парадонтозда тістердің шектен тыс салмақ қабылдауының рольін есепке алуға қажет.

Шайнау аппараттарының биомеханикасы.

Биомеханика – адам мен жануарлардың қозғалысы туралы ғылым. Ол дененің барлық механикалық қозғалысы бағытын механикалық заң көзқарасымен қозғалысты зерттейді.

Ортопедиялық мақсатта шайнау аппаратының шайнау механикасын оқып білу өте маңызды-шайнау аппаратын түзетін мүшелер мен жүйелердің

функциональды қатынасы мен морфологиясын. Шайнау аппаратының формасы мен қызметін қалыптастыруға, тамақты тістеп және шайнау актісіне, сөйлеу және демалу процесстеріне бағытталған ортопедиялық іс-әрекет, сау шайнау аппаратының функциональды құрылыс заңдылықтарында негізделеді.. Шайнау аппараттарының қызметі шайнау бұлшықеттерінің өзгерістерімен және тіс қатарлары арасындағы қатынастың өзгерістерімен жүзеге асады. Шайнау аппараттарының қызметі схема түрінде келесі негізгі фазалардан тұрады: ауызды ашып және жабу, төмеңгі жақ алдыға және артқа жылжуы, бүйірлі және аралас қозғалыстар.

Төмеңгі жақтың қозғалыстары және самай-шықшыт буыны элементтерімен тіс қатары қатынасының өзгеруі.Төмеңгі жақтың бастапқы күйінде еріндер жабық, ал төменгі жақ аздап жабық болып тұрады. Бұл кезде жоғарғы және төменгі жақтар арасында 2-4мм саңылаулар болады, бұл тыныштық күй деп аталады. Төменгі жақты ашуды 3-фазаға бөледі-біраз, едәір және максималды ашылуы. Буған буын басы қозғалысының – түрі әрекет етеді. Біраз ашқанда буын басы буынның артқы бөлімінен төмен, оны орталық етіп көлдеңен осьті айналады. Төменгі жақтың едәір ашылуында буынның төменгі артқы бөлімінде шарнирлі айналумен қатар, оған буын басының дискпен бірге буын бұдар бетінің манына қарай сырғанауы қосылады. Буын басының аралас қозғалысы пайда болады. Максимальды ашу кезінде буын басының сырғанауы буын басында тежеледі де, бір ғана шарнирлі қозғалыс жалғастырады. Буын басының қозғалысын есту тегісіне саусақты сұға отырып ауыздың ашылуында тексеруге болады. Ауыздың ашылу амплитудасы орта есеппен 4-5см тен. Төменгі жақты түсіру және осыған сәйкес, буын басының жүретін жолы буын бұдырларының биіктігі мен пішініне байланысты.

Төменгі жақты максимальды ашудан тістердің толық түйісуін төменгі жақты көтеретін бұлшықеттермен жүзеге асырылады. Төменгі жақты көтергенде буын басы түсіргендегі жолды қайталайды.

1. Жоғарғы және төменгі тіс қатарының құрылысы.

Қалыпты жағдайда тістер үздіксіз тығыз қатар құрайды. Олардың пішіні жоғарғы жақ сүйегінде жартылай эллипс түрінде, ал төменгі жақ сүйегінде парабола түрінде кездеседі. Тістердің тығыз түйісуімен тіс сауытының шығынқы пішіні (экватор) қызыл иекті шайнау процесі кезінде зақымдалудан қорғайды. Тістер жақ сүйектерінде жантайып орналасады. Жоғарғы тістер сыртқа, ал төменгі тістер ішке жантаяды. Тік сызықтан

(вертикальды) ең үлкен ауытқу бұрышы – жоғарғы күрек тістерінде (20-30 градус), ең кішісі 0-5 градус (төменгі күрек тістер), тістердің жантайып орналасуына байланысты жоғарғы тіс қатары төменгі тіс қатарын жауып тұрады. Сонымен қатар тістердің жантаюы тіс ұяшығының сыртқы және ішкі қабырғаларының қалыңдығының әр түрлі болуына себебін тигізеді. Тістің жантайған жағында қабырға жұқа болады. Хирургтер осы жағдайды, тіс жұлғанда ескереді. Сондықтан, тістер кедергісі өз жағдайына қарай жұлынады. Сол себепті жарақаттың жазылуы кезінде тіс ұяшығының жұқа бөлігі мүжіледі де, жоғарғы жақ сүйегінің көлемі кішірейіп, ал төменгі жақ сүйегінің көлемі ұлғаяды, механикалық заң тұрғысынан алғанда тіс ұяшығындағы тісті иін ретінде қарауға болады. Тіс сауытын шайнау қысымы түсетін иіннің иығы ретінде қарасақ,тіс түбірін иіннің кедергі иығы ретінде қарауға болады. Тіс сауыты ұзындығының тіс түбірі ұзындығына 1:2 қатынасы тістің шайнау процесінде пайда болатын қысымына қатысты беріктігін қамтамасыз етеді. Тіс қатарларының шайнау беттерінің пішіні көлденен және түзу бағыттарда қисайып келеді. Олар тіс қабысуы бетінің сагитальды және трансверзальды қисаюы деп аталады. Бұл қисаюлар тек үлкен адамға тән, балалардың тістерінің қалыптасуы кезінде кездеспейді және алғашқы қауым адамдарында да болмайды, олардың тістері горизантальды орналасқан. Бұл құбілісті шайнау аппараттарының эволюциялық дамуының және оның шайнау мен сөйлеу қабілетіне байланысты пайда болған төменгі жақ сүйегінің күрделі қозғалыстарына бейімделуі деп санауға болады. Тіс қабысуы беттерінің сагитальды және трансверсальды қисаюының маңызы жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Тіс қабысуы қисаюының бірінші болып швед анатомы Шпее жазды. Ол шайнау беттерінің трансверсальды және сагитальды қисаюының дәрежесі, буын ойығының тереңдігіне, буын төмпешігінің биіктігіне және алдыңғы тістердің бір-бірін жабу дәрежесіне байланысты екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, сагитальды буын жолымен сагитальды шайнау беттерінің қисаюы ортасында көз шарасы бар шеңбердің доғасының кесіндісі. Осындай өзара тәуелділік трансверсальды окклюзиялы қисаю мен трансверзальды буын жолы – Беннет бұрышында бар. Шпее өзара тәуелділікті анықтау арқылы окклюзиялық қисаю-компенсаторлық қисаю деген тұжырымға келді. Окклюзиялық қисаюдың компенсатрлық қасиеті төмендегідей. Төменгі жақ сүйегінің окклюзиялық қозғалысы кезінде тістердің арасында көптеген түйісу сақталады. Шпеенің ойынша, бұл төменгі жақ сүйегінің буын басы мен тістердің шайнау беттерінің бір қисықтың бойында бір-біріне параллель болып келетін қозғалыс жасауына байланысты.

Түйісудің сақталуы шайнау қысым күшінде тістер арасында біркелкі тарылуын қамтамасыз етеді дейді. Окклюзиялық қисықтар туралы Шпее

ұғымы (Х1Х ғасырдың соңы) біздің мемлекетте Катц пен Курляндскийдің жұмыстарында қайта қаралып, сыналды.

Катц адамның бас сүйегін өлшеу және клиникалық тексеруі нәтижесінде Шпеенің ұғымын теріске шығарды және окклюзиялық қисықтар мен буын төмпешігі беткейінің бір шеңбер доғасының кесіндісі емес екендігін дәлелдейі. Окклюзиялық қисықтар бірнеше бөлек қисықтардан тұратын ойыс бетті құрайды. Осы қисықтар әр тістердің шайнау беткейлеріне дәл келеді. Төменгі жақ сүйегінің буын басы қозғалыстың буын төмпешігінің қисайған жерімен бұл қисықтың ортақ орталығы жоқ. Клиникалық байқаулар Катцтың корытындысын растайды. Осыны әрқайсымыз өз бойымызда байқауынызға болады. Төменгі жақ алға немесе бүйірге (оң және сол) жылжығанда алдыңғы тістердің арасында саңылау пайда болады. Окклюзиялық қисықтардың компенсаторлық қасиеті туралы Шпееның ұғымы табиғи үйлесуге негізделмегенімен толық алмалы салмалы протездерді жасағанда тіс доғасын құру туралы негіз болып табылды. Бонвильдің тіс доғасымен жақ қаңқасы жөніндегі мәліметінде осы жағдайлар көрсетілген Бұл ғалымның қорытындысы: екі буын бастары арақашықтығының және олармен күрек тістердің медиальды бұрыштарының арасы 10см тең, осы нүктелерді қосқанда тең үшбұрыш пайда болады. Оқулықтарда оны Бонвиль үшбұрышы деп атайды. Ол анатомиялық артикулятордың құрылысына негіз болып қаланды. Артикулятор – төменгі жақ сүйегінің қозғалысын дәл қайталайтын және толық алмалы салмалы протезге тістерді орналастыру қызметін атқаратын аспап-құрал. Келесі бір ұғым мынадай: окклюзиялық қозғалыс кезінде тіс қатарлары арасында көптеген немесе кем дегенде үш пунктік (біреуі күрек тістерде жйне бір бірден оң және сол жақ азу тістер аймағында түйісу сақталғанда ғана алмалы салмалы протез қызыл иекке біркелкі жәнетығыз отырады). Мұндай түйісу болмаған жағдайда протез жақ сүйекке біркелкі отырмайды. Иін (рычаг) заңы бойынша ауытқып кетеді. Бұндай протездер қолдануға келмейді. 3 пунктік немесе көптеген түйісуді жасанды проездерде сақтап қалу үшін жуық арада тістердің қарым-қатынасын түзету керек.

Тістердің тістесуінің физиологиялық және патологиялық түрлері.

Тістердің тістесуі дегеніміз (төменгі жақтың) орталық окклюзияда төменгі және жоғарғы тіс қатарларының қабысуы.

Орталық окклюзияда тістердің түйісуін тістесу деп айтамыз. Барлық тістесудің түрлері екі топқа бөлінеді – физиологиялық және патологиялық.

Физиологиялық тістесуге: толығымен шайнау қызметін, сөйлеу және эстетиканы қамтамасыз ету жатады. Тіс қатарының түйісуінің, шайнау

қызметінің, сөйлеу және адамның сыртқы бет әлпетінің бұзылуы патологиялыққа жатады. Түйісулер патологиялық және физиологиялыққа шартты түрде бөлінеді, қалыпты түйісулер кейбір жағдайларды мысалға: парадонтопатияда немесе жекелеген тістерді жоғалтқанда және олардың ығысуында паталогиялыққа ауысуы мүмкін. Физиологиялық тістесуге ортогнатиялық, тура, физиологиялы прогения, опистогнатикалық тістесулер. Патолгиялыққа прогнатиялық, терең, ашық және айқас тістесулер жатады.

Ортогнатиялық тістесу.

Ортогнатикалық тістесу қазіргі адамдарда ең кең таралған болып табылады. Тістесу түрлерін анықтағанда тіс түйісулерінің 3 бағытта өтетіндігін көреміз: вертикальды, сагитальды, трансверзальды. Ортогнатиялық тістесу мынадай түйісу белгілерімен сипатталады. Олардың бірі барлық тістерге алдыңғы тістерге және үшіншісі тек шайнау тістеріне қатысты болып мінезделеді.

Барлық тістерге қатынасты түйісу белгілері.

Әрбір тіс екі антогонистпен түйіседі – негізгі және қосымша. Төменгі орталық күрек және жоғарғы жақтағы ақыл тіс бұған кірмейді, бұларда бір-бір антогонистен әр бір жоғарғы тіс төменгі аттас тіске қарағанда үлкен. Бұл себепке байланысты төменгі тіс қатарына қарағанда жоғарғы тістер дистальды ығысқан.

Алдынғы тістерге қатынасты түйісу белгілері.

Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің арасынан өтетін ортаңғы сызық бір сагитальды жазықтықта жатады. Бұл этетикалық оптимумды қамтамасыз етеді. Симметрияның бұзылуы жымиюды көріксіздендіреді. Жоғарғы алдыңғы тістер төменгі тістердің сауытын шамамен 1/3 жауып тұрады. Төменгі алдынғы тістердің кескіш қыры жоғарғы тіс төмпектерімен қабысады.

Шайнау тістерінің алдыңғы артқы бағытта түйісу белгілері.

Жоғарғы азу тістің алдыңғы ұрт төмпегі төменгі аттас азу тістің ұрт төмпектреі арасындағы көлденен сайда орналасқан. Бірінші жоғарғы азу тістің артқы ұрт төмпегі аралығында және екінші азу тістің алдынғы ұрт төмпегінде орналасқан. Жоғарғы және төменгі азу тістерінің төмпектерінің бұлай орналасуы көбіне мезио-дитальды қатынас деп аталады.

Шайнау тістерінің ұрт-таңдай бағытындағы түйісу белгілері.

Жоғарғы кіші және үлкен азу тістердің ұрт бұдырлары, аттас кіші және үлкен азу тістердің аттас бұдырларынан сыртқа қарай орналасқан. Бұның арқасында жоғарғы тістердің таңдай төмпегі төменгі көлденен жүлгеге сай келеді, ал төменгі ұрт – жоғарғы тістердің көлденең жүлгесіне келеді.Алдынғы төмен және бүйір тістердің жоғарғылармен жабылуы жоғарғы тіс доғасының төмеңгіден кең екендігімен түсіндіріледі. Бұның арқасында бүйір қозғалыстар және окклюзионды алаң ұлғаяды.

Тура тістесу.

Ортогнатиялықтан айырмашылығы тура тістесуде жоғарғы тістердің кескіш қыры төменгі аттас тістерді жауып тұрмайды. Олармен тік түйіседі. Бүйір тістердің түйісуі ортогнатялық тістесуден еш айырмашылығы жоқ.

 

Физиологиялық прогнатия және физиологиялық опистогнатия.

Бұл тістесулер ортогнатиядағы сияқты барлық түйісу белгілерімен мінезделеді. Айырмашылығы тек физиологиялық проүгнатияда альвеолярлы өсінді және алдыңғы екі жақтағы тістер алдыға еңкейіңкі болады, ал опистогнатиялықта – артқа қарай болады.

Патологиялық тістесу.

Ортогнатиялық және тура тістесудегі тіс қатарындағы қарым-қатынсатардың өзгерістері аномалияға әкеледі. Патологиялық тістесу тіс қатарының қарым-қатынасының және шайнау қызметінің, сөйлеу және науқастың келбетінің бұзылуымен мінезделеді. Патологиялық тістесуге: прогнатия, прогения, терең, ашық және айқас тістесу жтады.

Прогнатия.

Прогнатия жоғарғы жақтың алдыға жылжуымен сипатталады. Төменгі жақтың дистальды жылжуынан және жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тістердің тістесуі бұзылады.

Прогнатия кезінде жоғарғы тістер арасында қуыс болады (жоғарғы және төменгі тістер арасында саңылау болады). Жақтарды түйістіргенде жиі төменгі тістер жоғарғы жақтың шырышты қабатына тиеді, оларды зақымдайды. Прогнатияда азу тістер аймағындағы қатынастың бұзылысы:

бірінші азу тістің алдыңдағы ұрт төмпегі бірінші төменгі азу тістің аттас бұдырша, кейде жүлгесіне, екінші кіші азу тіс, төменгі бірінші азу тістің алдыңғы ұрт төмпегіне сай келеді. Айқын байқалатын прогнатияда алдыңғы жоғарғы тістер қатты алдыға шығып тұрады. Жоғарғы ерінді итеріп Соның салдарынан тістердің кескіш қыры көрініп тұрады. Төменгі ерін керісінше жоғарғы тістердің астына кіріп тұрады. Бұның бәрі науқастың келбетін бұзады және бұнымен бірге сөйлеу және шайнауы бұзылады.

Прогения.

Прогениялық қаынаста тіс қатарына төменгі жақтың алдыға шығуына орын болады, соның саалдарынан төменгі алдыңғы тістер жоғарғы аттас тістерді жауып жатады. Төменгі жақтың аздап қана жылжуында алдыңғы тістер аралығында түйісу сақталады. Егер осындай жақтардың қарым-қатынасында тамақ алдынғы тістермен тістеліп алынады. Егер төмеңгі жақтың жылжуы көлемді болса, тістер арасында саңылау болады, тамақты алдыңғы тістермен тістеу мүмкіндігі болмайды да, бүйір тістерге ауысады. Төменгі жақта мезиальды жылжу болғандықтан жоғарғы бірінші азу тістің төмпегімен түйіседі. Прогения кезінде тіс доғасы төменгі жақтікі, жоғарғы жақтікіне қарағанда үлкен болады. Соның салдарынан төменгі азу тістердің ұрт бұдыры аттас жоғарғы тістерге қарағанда сыртқа қарай жатады. Прогения кезінде науқастың келбеті өзгереді, сөйлеуі және шайнауы бұзылады.

Терең тістесу.

Терең тістесу жоғарғы алдыңғы тістердің төменгі тістердегі кескіш төмпектерімен түйісу болмағандықтан жауып тұратындығымен сипатталады. Жоғарғы тістердің мойын бөлігіне төменгі тістердің кескіш қырлары тиіп тұруы мүмкін. Кейде контакт болмайды, сондықтан тістер қызыл иекке тиеді, оны жарақаттайды. Бүйір тістер ортогнатялық тістесудегі сияқты түйіседі. Терең тістесу мен терең қабысуды ажырата білу керек. Терең


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: