Аралас сан дегеніміз?

Рефлексия

Оқушыларға стикерлер таратылады.

- Сабақ маған түсініксіз

- Тақырыпты түсіндім,бірақ есептеген кезде қиналамын

Маған сабақ ұнады.Тақырыпты меңгердім

  Қосымша ақпарат Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. 1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?     Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2.            

 

сабақ  
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 5-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.1.1.5 Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу 5.1.2.8 Натурал сандардың бөлгіштерін табу 5.1.2.9 Натурал сандардың еселіктерін табу
Сабақ мақсаттары   Барлық оқушылар: Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамаларын біледі
Оқушылардың басым бөлігі: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табады
Кейбір оқушылар: Ережелерге сәйкес ізденісті қажет ететін есептерді шығара алады
Бағалау критерийлері Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамасын біледі Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады Натурал сандардың еселіктерін таба алады
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология: Бөлгіштер-разделители-delimiters, еселіктер-кратные-multiples Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші... Кез келген натурал санның ең кіші еселігі...
Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» ұлттық құндылықтың негізі индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсуіне негізделіп оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету
Пән аралық байланыстар Жаратылыстану
Бастапқы білім Натурал сандар
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет Ресурстар
  Сабақтың басы     Сабақтың ортасы     Сабақтың соңы   Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін«Мен сіздерге сенемін»психологиялық тренинг жүргіземін. Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын (Ұ)«Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып сұрақтар қою арқылы натурал санның бөлгіштері мен еселіктері ұғымын өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін 1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады? 2.Нөл саны натурал сан бола ма? 3.Ең үлкен санды атауға бола ма? 4 1ден бастап 20 ны қоса алғандағы натурал сандар жазылған кесте құрыңдар 5. Осы кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер (1,2,4,5,10,20) 6. 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар(5,10,20,25,30...) Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын «Мозайка» әдісін пайдаланып сыныпты 3 топқа топқа бөлемін   (Тж)Жаңа білімді қалыптастыру Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады (Тж) «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін пайдаланып оқулықтан №561есепті топта шығарады,талдайды 1) 9, 14, 32, 37,45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар Дескриптор
1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болатынын жазады
9 саны қалдықсыз бөлінетін натурал сандарды анықтайды
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзі болатындығын жазады

 

 

2) 8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар

Дескриптор

8 санының ең кіші еселігі сол санның өзіне тең екендігін жазады
8 санын 2ге көбейтеді
8санын 3 ке көбейтеді
8 санын 4 ке көбейтеді

Топтарды қалыптастырушы бағалау тәсілі «бағдаршам» арқылы бағалаймын

(Жж) Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі «Конверттегі сұрақ» әдісі

1-тапсырма.

Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар

5 және 45, 9 және71, 8 және34, 16 және 80, 17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115

2- тапсырма

3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарынан теріп жазыңдар:

2-нің еселіктерін

21-дің бөлгіштерін

 

В деңгейі «Кім жылдам? әдісі

1. 18 асықты асық саны өзар тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін?

2. 45- ке бөлгіш және 5-ке еселік санды жазыңдар

С деңгейі «Ойлан тап»

1. Бала себетті толтырып, қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға, немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкелді?

2. 120-ға бөлгіш және 30-ға еселік санды жазыңдар

Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын

 

Үйге тапсырма беру №562, № 567

Рефлексия

1. Мен үшін бүгінгі сабақта құнды болғаны...

2. Топтық талқылауда мен не үйрендім?

3. Не қиын болды?

4. Не қызықты болды?

І деңгей тапсырмалары

1. 70 қорап қарындашты жәшіктерге салу керек. 5 қорап; 8 қорап; 14 қорап сыятын жәшіктер бар болса, олардың қайсыларын алған ыңғайлы?

2. 1) 502 саны 22088 санының бөлгіші;

2) 65 667 саны 3127 санының еселігі;

3) 13 188 саны 24 санының еселігі;

1) 762 саны 16 664 санының бөлгіші болатыны дұрыс па?

3. 1) 7 < а <27; 2) 50 < х <83; 3) 305 < b < 330 теңсіздіктерін қанағаттандыратын барлық жай сандарды жазыңдар.

4. 1) 24-тің бөлгіші және 6-ға еселік; 1) 100-дің бөлгіші және 20-ға еселік болатын сандарды табыңдар.

5. 1) 6 мен 11; 2) 9 бен 15; 3)14 пен 16-ға бірдей еселік болатын ең кіші натурал санды табыңдар.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. 600-ден кем және 40 саны бөлгіші болатын барлық үштаңбалы сандарды жазыңдар.

2. х < 71теңсіздігі дұрыс болатындай және 1) 15-ке еселік; 2) 23-ке еселік болатын х -тің орнына барлық натурал сандарды жазыңдар.

3. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7 см, биіктігі 5 см. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме, әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар? Оларды жаз.

Жауабы: 455 см3 құрама сан

          www. Bilimland. kz         жасыл-өте жақсы орындалған сары-толықтыру керек қызыл-топта қайта қарау керек         Үлестірмелі кеспе қағаздары   Үлестірмелі кеспе қағаздары  
       
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. «Смайликтер» тәсілі «Бағалау ағашы» әдісі «Бас бармақ» әдісі «Бағдаршам» әдісі Сергіту сәті  

 

Тақырыбы: Сабақ 18 Жай және құрама сандар
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:
5 сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.1.1.Оқушылар мектеп туралы біледі, оны сөйлем ішінен таба білуге үйренеді, сөздік қорын топпен жұмы істеу арқылы байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуға пайдаланады   1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіндіру. 1.2.3.1.Сұхбаттасуының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіндіру.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Оқушыларды натурал сандардың еселіктері мен бөлгіштерін ажыратуға, сонымен қатар,натурал сандар бөлгіштеріне қарай жай және құрама сандар болып бөлінетінін ажырата білуге үйрету;  
Оқушылардың басым бөлігі: натурал сан туралы ой-пікірлерін кеңейтеді, жай және құрама сандарға есептер шығара отырып, шығармашылық –танымдық қабілеттерін қалыптастырады  
Кейбір оқушылар: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыр.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут)   Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық. 1. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалай отырып,   жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.   2.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу   (Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:
  1. Натурал сандар дегеніміз не?
  2. Натурал санның бөлгіштері деп нені айтамыз?
  3. Еселіктері деп ше?
 
 
Сабақтың ортасы (6-40 минут) (МК,Ұ),
Натурал сан Бөлгіштері Бөлгіштер саны
  1,5,7,35 1,41 1,2,13,26 1,11 1,2,3,6,9,18  

1-ден өзге натурал сандар бөлгіштер санына қарай жай сандар және құрама сандар болып бөлінеді.

1.Жай сандар. Кестеде берілген 41 және 11 жай сандар. Олардың әрқайсысының тек екі ғана бөлгіші бар. олар 1 саны және сол санның өзі.

1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

Мысалы, 101- жай сан.101 санының бөлгіштері: 1 және 101.

Ең кіші жай сан – 2 саны. 2 санынан басқа жай сандардың барлығы –тақ сандар. Сонда 2 саны – жалғыз ғана жұп жай сан. Жай сандар шектеусіз көп. Кітапта 1000-ға дейін жай сандар кестесі бар.

2.Құрама сандар.

Кестедегі берілген 35,26,18 сандары –құрама сандар.

Екіден көп бөлгіштері бар сандар құрама сандар деп аталады.

Мысалы, 8 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,4,8.

24 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,3,4,6,8,12,24.

Натурал 1 санының бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі 1 саны. 1 жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13,17 мен 19 – егіз сандар.

3.1. Мына натурал сандардың барлық бөлгіштерін табыңдар: 1, 7, 12, 26, 31 (3-слайд)

 

3.2.Мына натурал сандарды 1, 7, 12, 26, 31 топтарға бөліңдер. (4слайд)

Не себепті бұлай бөлдіңдер? Әр топтағы натурал санның неше бөлгіштері бар? 7 және 31 сандары жай сандар деп аталады. 12 және 26 сандары құрама сандар деп аталады.

 

Оқушыларға өз беттерімен жай және құрама сандарының анықтамасын тұжырымдап жазуға ұсыныс жасау.

 

3.3. Құрастыру (5 слайд)

Жүк машинасы кірпіш әкелді.Жүк машинасында қандай сан-кірпіштер бар?

Сан кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.

 

 

2, 5 және 7 үш сан-кірпіштерді алып, олардағы сандардың көбейтіндісін табамыз.(6 слайд) Қандай сан шықты, жай сан ба әлде құрама сан ба? 2 және 11 екі сан-кірпішті аламыз, ондағы сандардың көбейтінділерін былай табамыз: 2 * 2 * 11. Қандай сан шықты, құрама сан ба әлде жай сан ба? Әрі қарай оқушылар өз беттерімен құрастырулар орындайды (Құрамында сан-кірпіштердің саны әр түрлі болатындай 2 мысалдан құрастырады). Жаттығудан кейін оқушыларөз беттерімен (жазбаша) мына сұрақтарға жауап береді: "Жай сандарды көбейткенде қандай сан шығады?"

3.4. Құрама санды көбейткіштерег жіктеу

Алғашқы құрама сан 100-ді мұғалім өзі жіктейді.

Екінші сан 92-ні оқушылар өздері жіктейді

(жазбаша). Онан әрі оқушыларға өздерінің

туған жылдарын көбейткіштерге жіктеуге

тапсырма беріледі.

 

Туған жылдар ішінде жай сан да кездесуі мүмкін. Ондай болмаса, 1999 санын жіктеу тапсырылады. Осы тапсырмадан кейін жай сандар кестесі туралы айтылады. Слайдта кестенің туған жыл жай сан болатын бөлігін көрсету.

 

. Есептер шығару

Топ.

1,3,6,7,9,15,23,28,37 сандарынан

1. 1 ғана бөлгіші бар сандарды,

2. Екі ғана бөлгіші бар сандарды,

3. Екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар.

Шешуі:

1. 1.

2. 3,7,23,37.

3. 6,9,15,28.

3 топ. Tеңсіздіктері жай сан болатын шешімін табыңдар.

1)59<x<67. x =61.

2) 163<y<173. y =167.

3) 487 <x<499. x =491.

 

4 топ. 870-950 сандарының арасында неше жай сан бар?

Шешуі: 877,881,883,887,907,911,919,929,937,941,947.

Жауабы: 11 жай сан бар.

 

  Оқулық   Аудиодиск: 1.2.1: 1.2.3: №1жұмыс дәптері   Қосымша тапсырма:1.2.    
Сабақтың соңы(41-45мин) Ыстық орындық әдісі арқылы ортаға шығып айту. Бүгінгі сабақта сендер натурал сандардың жаңа түрлерімен таныстыңдар. Алдарыңда тест сұрақтары жатыр. Әр сұраққа үш жауап берілген.Сендердің міндеттерің, дұрыс деп тапқан жауаптарыңды дөңгелектеп қоршау. (жұмыс тапсырылады, бірақ бағаланбайды).   Тест 1. Қай сан жай сан болады? а) 13 б) 24 в) 1 2. Қай сан жай сан болмайды? а) 5 б) 17 в) 1 3. Қай сан құрама сан болады? а) 21 б) 23 в) 1 4. Қай сан құрама сан болмайды? а) 25 б) 18 в) 1 5.Жай сандарды көбейткенде әр уақытта шығады а) жай сан б) құрама сан в) 1. 6. 18 санының жай көбейткіштерге жіктелуі: а) 2∙2∙3 б) 3∙3∙2 в) 2∙2∙3∙1 Жаңа материалды бекіту сұрақтары: 1) Жай сандар дегеніміз не? 2) Құрама сандар дегеніміз не? 3) 1 саны қандай сан? 2 ше? 4) Жұп жай сан бар ма? Болса нешеу? 5) 0 цифрымен аяқталатын жай сан бар ма?    
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?    
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2.
           

 

Тақырыбы: Сабақ 19 Жай және құрама сандар
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:
5 сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1.1.1.1. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру йды 1.1.2.1. мағынасын түсінеді, байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамытуға пайдаланады 1.2.3.1.Сұхбаттасуының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.3.1Мәтіннің жанрын(өлең, ертегі,жұмбақ,әңгі-межәне т.б)ажырату.    
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Оқушыларға жай сандар мен құрама сандарды және құрама сандарды көбейткішке жіктеуді үйрету
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты меңгереді анықтамаларды қолдану арқылы мәтінге арналған тапсырмаларды пайдаланады  
Кейбір оқушылар: Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға .
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут) (МК) Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу. Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген тапсырманы кім оқып, талдап береді? Ой-қозғау. 1)Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды? 2) Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды? 3)Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді? 4) Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді? 5) Қандай натурал сандар 10-ға бөлінеді? 6) Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді? 7) Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?    
Сабақтың ортасы (6-40 минут) (МК,Ұ) №1Натурал санның 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, дәлелдеңдер: 2) 17, 23, 43, 67, 89, 103 сандарының жай сандар екенін: 17 1 * 17; Бөлгіштері: 1, 17; 17 – жай сан. 23 1 *23; Бөлгіштері: 1, 23; 23 - жай сан. 43 1 * 43; Бөлгіштері: 1, 43; 43 - жай сан. 67 1 * 67; Бөлгіштері: 1, 67; 67 - жай сан. 89 1 * 89; Бөлгіштері: 1, 89; 89 - жай сан. 103 1 * 103; Бөлгіштері: 1, 103; 103 - жай сан. №2 Мына 22, 35, 77, 65, 69, 95 сандарды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 22 2 * 11; 35 5 * 7; 77 7 * 11; 65 5 * 13; 69 3 * 23; 95 5 * 19; №3. х-тің қандай мәнінде 1)17х өрнегінің мәні жай сан болу үшін х 3, х 9 болу керек. Сонда 173, 179. 2)23х өрнегінің мәні жай сан болу үшін х 3, х 9 болу керек. Сонда 233, 239. 3)37х өрнегінің мәні жай сан болу үшін х 3, х 9 болу керек. Сонда 373, 379. .Қатесін тап:  
I-топ II-топ III-топ
42 саны жай сан. 72 саны құрама сан, оның 4 бөлгіші бар. 101 саны жай сан. 110 саны құрама сан, оның 3 бөлгіші бар. 97 саны жай сан. 48 саны құрама сан, оның 8 бөлгіші бар. 107 саны құрама сан, оның 3 бөлгіші бар. 89 саны жай сан. 33 саны жай сан. 71 саны құрама сан, оның 5 бөлгіші бар. 127 саны жай сан. 105 саны құрама сан, оның 3 бөлгіші бар.

 

 

  Оқулық   Аудидиск: 1.3.1; 1.3.2; 1.3.3;     №1Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы(41-45мин) тапсырма І деңгей тапсырмалары 1. 70 қорап қарындашты жәшіктерге салу керек. 5 қорап; 8 қорап; 14 қорап сыятын жәшіктер бар болса, олардың қайсыларын алған ыңғайлы? 2. 1) 502 саны 22088 санының бөлгіші; 2) 65 667 саны 3127 санының еселігі; 3) 13 188 саны 24 санының еселігі; 1) 762 саны 16 664 санының бөлгіші болатыны дұрыс па? 3. 1) 7 < а <27; 2) 50 < х <83; 3) 305 < b < 330 теңсіздіктерін қанағаттандыратын барлық жай сандарды жазыңдар. 4. 1) 24-тің бөлгіші және 6-ға еселік; 1) 100-дің бөлгіші және 20-ға еселік болатын сандарды табыңдар. 5. 1) 6 мен 11; 2) 9 бен 15; 3)14 пен 16-ға бірдей еселік болатын ең кіші натурал санды табыңдар. ІІ деңгей тапсырмалары 1. 600-ден кем және 40 саны бөлгіші болатын барлық үштаңбалы сандарды жазыңдар. 2. х < 71теңсіздігі дұрыс болатындай және 1) 15-ке еселік; 2) 23-ке еселік болатын х -тің орнына барлық натурал сандарды жазыңдар. 3. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7 см, биіктігі 5 см. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме, әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар? Оларды жаз. Жауабы: 455 см3 құрама сан ІІІ деңгей тапсырмалары 1. 1) Қабырғасы 23 см квадраттың периметрін табыңдар. Квадраттың периметрінің мәні жай сан ба, әлде құрама сан ба? 2) Осы квадраттың ауданын тауып бөлгіштерін жазыңдар. 3) Квадраттың қабырғасы қандай сан, оның бөлгіштерін жазыңдар. 4) Жай сан мен құрама санның бөлгіштері туралы қорытынды жасаңдар. 2. Бауыржан 5 дәптер, 2 альбом үшін 130 тг төледі. Меруерт осындай 3 дәптер, 2 альбом үшін 114 тг төледі.Дәптердің бағасы неше теңге? Альбомның бағасы неше теңге?Шыққан сандар жай сан ба? Жауабы: Дәптер 8 тг, альбом 45 тг, құрама сандар. Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады. Әрбір оқушы тапсырмаларды орындай отырып кез келген санның бөлгіштері мен еселіктері болатынын және ол сан жай немесе құрама сан болатындығы жөнінде ой түйіндейді. I топ. 1) Қабырғасы 7 см квадраттың периметрін табыңдар. Квадраттың периметрінің мәні жай сан ба, әлде құрама сан ба? 2) Мына сандарды екі жай сандардың қосындысы түрінде жазыңдар. а) 10 ә) 12 б) 24.   II топ. 1) Қыры 5 см кубтың көлемін табыңдар. Кубтың көлемінің мәні жай сан ба, әлде құрама сан ба? 2) Мына сандарды екі жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазыңдар. а) 22 ә) 65 б) 69. III топ. 1) Тіктөртбұрыштың ұзындығы 11 см, ені 7 см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар. Тіктөртбұрыштың ауданының мәні жай сан ба, әлде құрама сан ба? 2) 1) а санының бөлгіштері:1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, а; 2) d санының бөлгіштері:1, 2, 4, 8, 11, 22, 44, d. Мұндағы a, d қандай сандар? (Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдір  
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?    
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2.
           

 

Тақырыбы: Сабақ 20 Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:
5 сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты  
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Оқушыларға бөлінгіштіктің негізгі қасиеттін пайдаланып, есептерді тиімді тәсілдермен таба білуге үйрету.
Оқушылардың басым бөлігі: логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетіледі. Белсенділіктерін арттырады, пәнге деген қызығушылығын дамыйды..
Кейбір оқушылар: Теорияны практикамен ұштастыра алады. Оқушының ой өрісі дамиды, пәнге деген қызығушылығы артады  
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут) (МК)) 1) 11 санының еселіктері: 11, 22, 33, 44,...; 2) 9 санының еселіктері: 9, 18, 27, 36,...; 3) 13 санының еселіктері: 13, 26, 39, 52,...; 4) 15 санының еселіктері: 15, 30, 45, 60,....    
Сабақтың ортасы (6-40 минут) (МК,Ұ) 1- . Қосындыға қатысты бөлінгіштік қасиеті • Анықтама: Егер әрбір қосылғыш қандай да бір натурал санға бөлінсе, онда олардың қосындысының мәні де сол санға бөлінеді. Осы анықтамаға мысал келтіріңдер. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ • Айырмаға қатысты бөлінгіштік қасиеті • Анықтама: Егер азайғыш пен азайтқыш қандай бір натурал санға бөлінсе, онда олардың айырымының мәні де сол санға бөлінеді. Мысалы, 36 саны 4-ке бөлінгендіктен және 8 саны 4-ке бөлінгендіктен, (36 – 8) айырымының мәні де, яғни 28-де 4-ке бөлінеді. 36: 4 – 8: 4 = (36 – 8): 4 = 28: 4 = 7 Өз беттеріңше 2 мысал келтіріңдер. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ •Анықтама: Егер екі натурал санның біреуі бір натурал санға бөлініп, ал екіншісі бөлінбесе, онда олардың қосындысының мәні де, айырымының мәні де сол санға бөлінбейді. Мысалы, 1) 36 саны 6-ға бөлінеді, ал 7 саны 6-ға бөлінбейді. Сондықтан (36 + 7) = 43 саны да 6-ға бөлінбейді 2) 35 саны 5-ке бөлінеді, ал 14 саны 5-ке бөлінбейді, Сондықтан (35 – 14) 36 ∙ 5 21 саны да 5-ке бөлінбейді • Көбейтіндіге қатысты бөлінгіштік қасиеті • Анықтама: Егер көбейткіштің біреуі қандай да бір натурал санға бөлінсе, онда көбейтіндінің мәні де сол санға бөлінеді. Мысалы, 36 саны 4-ке бөлінеді, онда 36 ∙ 5 көбейтіндісін 4-ке бөлуге болады. (36 ∙ 5): 4 = (36: 4) ∙ 5 = 9 ∙ 5 = 45. І деңгей тапсырмалары 1. Келесі тұжырымдар дұрыс па: 1) егер екі қосылғыштың әрқайсысы 2-ге бөлінсе, онда қосындының мәні де 2-ге бөлінеді; 2) егер екі қосылғыштың әрқайсысы 5-ке бөлінсе, онда қосындының мәні де 5-ке бөлінеді; 3) егер азайғыш та, азайтқыш та 3-ке бөлінсе, онда айырымның мәні де 3-ке бөлінеді? 2. Неліктен 1) 15 + 39 қосындысының мәні 3-ке; 2) 33 + 88 қосындысының мәні 11-ге; 3) 24 а + 24 с қосындысының мәні 24-ке (мұндағы а, с – натурал сандар) бөлінетінін түсіндіріңдер. 3. 1) 864 + х қосындысының мәні а) 3-ке бөлінетіндей; ә) 3-ке бөлінбейтіндей; 2) 510 – х айырымының мәні а) 10-ға бөлінетіндей; ә) 10-ға бөлінбейтіндей х -тің мәнін таңдап алыңдар. 4. 5; 10; 15; 20; 25; 30 сандарын 5k (мұндағы k – натурал сан) көбейтіндісі түріне келтіріңдер. ІІ деңгей тапсырмалары 1. Берілген санды қосынды түріне келтіріп, бөлінгіштік қасиеттерін пайдаланып, 1) 156 саны 12-ге; 2) 253 саны 23-ке; 3) 126 саны 9-ға; 4) 189 саны 21-ге бөлінетінін көрсетіңдер. 2. 64 х; 38(х-у); 216 хуz өрнектерінің мәні 2 санына бөлінетінін дәлелдеңдер. ІІІ деңгей тапсырмалары 1. 455 саны 35-ке бөлінеді, ал 35 саны 7-ге бөлінеді, онда 455 саны 7-ге бөлінетінін дәлелдеңдер. 2. Бөлуді орындаңдар: 1) (18х + 45у): 9 = ___________________________________________________ 2) (195а – 65b): 13 = ________________________________________________ Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады. Әр топ тапсырмаларды орындай отырып бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері дәлелдейді. I топ. 628 +26 х; II топ. 1534 у – 22; III топ. n +916 ∙ 25 өрнектерінің мәні 5-ке бөлінетіндей етіп әріптің орнына қоюға болатын екі санды көрсетіп дәлелдеңдер.     Оқулық Аудидиск: 1.4.1; 1.4.4;   №1Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы(41-45мин) (Қ) Есептер шығару № 1. Теңдеулерді натурал сан түбірлерін бөлгіштер жұбын іріктеу тәсілімен тауып, сонан соң жазбаша тексеріңдер: 1) 77 санының бөлгіштері: 1, 7, 11, 77. 2) 54 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18, 27, 54 3) 85 санының бөлгіштері: 1, 5, 17, 85 4) 63 санының бөлгіштері: 1, 3, 7, 9, 21, 63      
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?    
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2.
         

 

Тақырыбы: Сабақ 22 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:
5 сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты  
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Оқушыларды жұп, тақ сандарды ажырата білуге,санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға,3+ке,9 ға бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету  
Оқушылардың басым бөлігі: Нұсқауларды пайдаланып, есептерге арналған тапсырмаларды орындайды..
Кейбір оқушылар: Білімдерін бекітеді, оны практикада тапсырмаларды орындауда пайдаланады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут) (МК)    
Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ

 

. • 2 санына бөлінгіштік белгісі

Кез келген натурал санның жазылуы бойынша оның қандай санға бөлінетіндігін анықтауға болады.

Мысалы, 4568 саны 2 санына бөлінеді. Оған көз жеткізу үшін 4568 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазайық.

4568 = 4 ∙ 1000 + 5 ∙ 100 + 6 ∙ 10 +8 мұндағы әрбір қосылғыштар 2 санына бөлінеді. Себебі, бөлінгіштік қасиеті бойынша 4 ∙ 1000, 5 ∙ 100, 6 ∙ 10 әрбір көбейтіндінің 2 санына бөлінетін көбейткіші бар және 8 саны 2 санына бөлінеді.

Сондықтан 4568 саны 2 санына бөлінеді.

Мысалы, 4563 саны 2 санына бөлінбейді. 4563 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазайық.

4563 = 4 ∙ 1000 + 5 ∙ 100 + 6 ∙ 10 +3 мұндағы алғашқы үш қосылғыш бөлінгіштік қасиеті бойынша 2 санына бөлінеді, ал соңғы қосылғыш 3 2 санына бөлінбейді. Сондықтан 4563 саны 2 санына бөлінбейді.

Осы екі мысалды салыстыра келе кез келген натурал сандардың 2 санына бөлінуі соңғы цифрына байланысты екені шығады.

• 2 санына бөлінгіштік белгісі: натурал сан 0; 2; 4; 6; 8 цифрларымен аяқталғанда ғана 2-ге бөлінеді.

• Анықтама: 2 санына бөлінетін натурал сандар жұп, ал бөлінбейтіндер тақ сандар деп аталады.

2 санына бөлінетін натурал сандарға мысал келтіріңдер.

_______________________________________________

_

• 5 санына бөлінгіштік белгісі: натурал сан 0 немесе 5 цифрларының бірімен аяқталғанда ғана 5 санына бөлінеді.

Мысалы, 20125 саны 5 санына бөлінеді, ал 20123 саны 5 санына бөлінбейді.

Мысалы, 4025, 3512, 6540, 253 сандарын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып қай сандар 5 –ке бөлінетіндігін, қай сандар 5 –ке бөлінбейтіндігін дәлелдеп көрсетіңдер.

______________________________________

• 10 санына бөлінгіштік белгісі: натурал сан 0 цифрымен аяқталғанда ғана 10 санына бөлінеді.

Мысалы, 30216, 70, 5210, 540, 555, 62513, 456328, 4563200 сандарының ішінен 10 санына бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.___________________ __________________________________________________________________

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. 25; 897; 864; 1244; 3024; 23321; 8888; 1991 сандарының қайсысы жұп, қайсйсы тақ?

2. 2485; 1056; 3455; 13484; 20550; 12048 сандарының ішінен 1) 2-ке; 2) 5-ке; 3) 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.

3. Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, кестені толтырыңдар.

 

  2-ге бөлінетін сандар 5-ке бөлінетін сандар 10-ға бөлінетін сандар
63*      
37*      
49*      

4. Оқушы 5 дәптер сатып алды. Оқушы неше теңге төлеуі мүмкін? Жауапты таңдап алыңдар.

А. 176 тг В. 183 тг С. 175 тг D. 178 тг

5. Сымбат суретке арналған бағасы бірдей 9 дәптер сатып алды. Оған Сымбат 565 тг төледі ме, әлде 567 тг төледі ме? Сурет дәптер неше тг тұрады?

ІІ деңгей тапсырмалары

1. 37 * санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрларды қойғанда:

1) 2-ге; 2) 5-ке; 3) 10 –ға бөлінетін сандар шығады?

2. Теңсіздіктер орындалатындай а –ның жұп мәндерін теріп жазыңдар.

1) 237 < a < 243; 2) 999 < a < 1008; 3) 466 < a < 473; 4) 1085 < a < 1092.

3. Қосынды не себепті жұп сан, не себепті тақ сан? Тиімді тәсілмен есептеп, дәлелдеңдер:

1) 22 + 25 + 28 + 31 + 34 + 37 + 40 + 43;

2) 7 + 17 + 27 + 37 + 47 + 57 + 67;

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. 403, 322, 505, 940, 87, 708, 609, 999, 4064 сандары 10 –ға қалдықсыз бөлінуі үшін бұл сандарға қандай сандарды қосу керек?

2. 0, 1, 2, 5цифрлары арқылы 2-ке, 5-ке, 10 –ға бөлінетін 3 таңбалы қанша сан құрастыруға болады?

 

Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әр топ бөлінгіштік белгілерінің ерекшеліктеріне тоқталады және дәлелдейді.

I топ.

1020, 5600, 1100, 5001, 6000, 704000, 6800, 690500 сандарының қайсысы

100 –ге, 1000 –ға бөлінеді? 100-ге, 1000 –ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңдар.

 

II топ.

4 пен 25 санына бөлінгіштік белгілерін өздерің құрастырып көріңдер. Ол белгілерді қолданып, 328, 425, 554, 196, 775, 7589360, 5000, 9100 сандарының қайсысы 4 санына, қайсысы 25 санына бөлінетінін анықтаңдар.

 

IIІ топ.

Егер кез келген үштаңбалы санға сол цифрлар арқылы кері ретпен жазылған үштаңбалы санды тіркеп жазса, онда шыққан сан 11 санына бөлінетіндігін дәлелдеңдер.

 

 

  Оқулық Аудидиск: 1.4.1; 1.4.4;   №1Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы(41-45мин) (Қ) І деңгей тапсырмалары 1. 23; 46; 52; 101; 277; 565; 1 009; 44 832 сандарының қайсысы жұп, қайсысы тақ сандар болады? 2. 31; 42; 63; 415; 702; 1 005; 1110 сандарының арасынан 1) 2; 2) 5; 5) 10 санына бөлінетін сандарды теріп жазыңдар. 3. 311 –ден үлкен, бірақ 331-ден кіші және бір мезетте 2 мен 5 сандарына бөлінетін барлық сандарды жазыңдар. 4. Қосылғыштардың жазылулары бойынша: а) 916+ 328; ә) 542 + 914; б) 270 + 565; в) 813 + +216; г) 315 + 650 қосындыларынан 1) 2-ге бөлінетіндерін; 2) 5-ге бөлінетіндерін таңдап алып, бөліндіні табыңдар. ІІ деңгей тапсырмалары 1. 0; 2; 7 цифрларын қолданып, 1) 2; 2) 5 санына бөлінетін барлық үштаңбалы сандарды жазыңдар. 2. Бір аюдың 4 шимпанзенің тең. Бір аю мен 1 шимпанзенің массасы неше килограмм? Жауаптарын таңдап алыңдар. А. 234 кг. В. 238 кг. С. 235 кг D. 241 кг ІІІ деңгей тапсырмалары 1. Жазуларында 0, 5 және 6 цифрларын бір рет қана пайдаланып: 1) 2- ге бөлінетін; 2) 5- ке бөлінетін; 3) 2- ге де, 5- ке де бөлінетін үш таңбалы сандарды жазыңдар. 2. Дәлелдеңдер(мысалдармен): 1) Тізбектес екі тақ санның қосындысының 2-ге бөлінетіндігін; 2) Тізбектес бес тақ санның қосындысының 5-ке бөлінетіндігін. Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады. Әр топ бөлінгіштік белгілерінің ерекшеліктеріне тоқталады және дәлелдейді. I топ. Жұлдызшаның орнына тиісінше екі таңбалы санның ең үлкенін қойып, бөліндіні табыңдар: 104 + * қосындысы 2-ге бөлінетін. 7 · * көбейтіндісі   II топ. Жұлдызшаның орнына тиісінше екі таңбалы санның ең үлкенін қойып, бөліндіні табыңдар: * + 35 қосындысы 5-ке бөлінетін. 19 · * көбейтіндісі   III топ. Жұлдызшаның орнына тиісінше екі таңбалы санның ең үлкенін қойып, бөліндіні табыңдар: * + 450 қосындысы 10-ға бөлінетін. * · 23 көбейтіндісі    
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?    
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2.
         

 

Тақырыбы: Сабақ 23 Есеп шығару
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:
5 сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану; 5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілерін тез есептеуде, мәтін есептерді шығаруда, дәлелдеуде орынды, жүйелі қолдана білуге қол жеткізу.Санның бөлінгіштік белгілерін оқып үйрену.
Оқушылардың басым бөлігі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салау арқылы тапсырмаларды топпн жұмыс істеуге пайдаланады
Кейбір оқушылар: Оқушылар есетер шығару әдістерін біледі, түснеді және есептер шы гаруға пайдаланады .
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут) (МК).Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу (сөйлесу). «Кім жүйрік?» ауызша жұмыс 1. 2, 3, 12, 23, 45 сандарының қайсысы жай, қайсысы құрама? (Ережесін келтіріңдер). Ереже. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сан жай сан деп аталады. Жауабы: 2, 3, 23 – жай сандар; 12, 45 – құрама сандар. 2. 30 және 12 сандарын жай көбейткіштерге жіктеп, олардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табыңдар. Жауабы: 30 = 2 • 3 • 5, 12 = 2 • 2 • 3, ЕҮОБ(30, 12)= 6, ЕКОЕ(30, 12)=60. Миға шабуыл. Бос торкөзге төмендегі сандарға бөлінетіндей цифр қою керек. 5869 2 3 5 9 10 1) 18 санының бөлгіштерін ата Ереже. Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды атайды. Жауабы: 1,2,3,6,9,18. 2). 18 санының бірінші үш еселігін ата. Ереже. Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды атайды. Жауабы: 18,36, 54. 1) Математикалық диктант: 1)Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар........... 2)Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар.......... 3)...........жұп цифрлар деп атайды 4).......... тақ цифрлар деп атайды 5)Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар.... 2) Қандай сандар 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінеді?  
Сабақтың ортасы (6-40 минут) (МК,Ұ) Оқулықпен жұмыс жүргізу. -ге бөлінгіштік белгісі: Егер сан жұп цифрымен аяқталса, сол сан 2-ге бөлінеді 3-ке бөлінгіштік белгісі: Цифрларының қосындысы 3-ке тең натурал сандар 3-ке бөлінеді. 4-ке бөлінгіштік белгісі: Егер санның соңғы екі цифрынан құралған сан 4-ке бөлінсе, онда берілген сан да 4-ке бөлінеді. 5-ке бөлінгіштік белгісі: Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді. 6-ға бөлінгіштік белгісі: Егер берілген сан 2-ге және 3-ке бөлінсе, онда берілген сан да 6-ға бөлінеді. 7-ге бөлінгіштік белгісі: Берілген сан 7- ге бөлінетінін білу үшін: ол санды оңнан солға қарай үш – үштен топтаймыз да, тақ нөмірлі санды минуспен, ал жұп нөмірлі санды плюспен жазып, өрнектің мәнін табамыз. Егер өрнектің нәтижесі 7 – ге бөлінсе, онда берілген сан да 7 –ге бөлінеді. 8 –ге бөлінгіштік белгісі: Егер берілген санның соңғы үш орынды саны 8 –ге бөлінсе, берілген сан да 8 –ге бөлінеді. 9- ға бөлінгіштік белгісі: Цифрларының қосындысы 9-ға тең натурал сандар 9-ға бөлінеді. Топтық жұмыс Берілген қосуды орындамай қосындының а) 2-ге 10213+21255 б) 3-ке 42154+1357 в) 9-ға 964+32059+4121 г) 5-ке 13291+226*13515+10000 бөлінгіштігін анықта.   Оқулық Аудидиск: 1.5.1; 1.5.3; 1.5.4; цифрлар жазылған карточкалар.Доп,қарындаш.   №1Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы(41-45мин) (Қ) . 9-ға бөлінетін сандарды көрсет 513 702 963 516 9326 8568 1009 315 396 г) 9-ға бөлінетін сандарды көрсет 27344 303 205 100 1033 12351 5673 735 І. Шығармашылық тапсырма 5 пен 9-ға бөлінетін және бірдей цифрлардан тұратын әр түрлі үш таңбалы екі жұп сан жазыңдар. Олардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар. Жауабы: 180 и 810 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 1620); 270 и 720 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 2160); 360 и 630 (ЕҮОБ= 90, ЕКОЕ = 2520); 450 и 540 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ= 2700). ІХ. Ойды қорыту стратегиясы 1.2-ге бөлінетін сандарды ата. 2. 3-ке бөлінетін сандарыды ата. 3.9-ға бөлінетін сандарды ата. 4.15-кебөлінетін сандарды ата.  
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?    
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсар

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow