Субьективті шкалаларды зерттеу

Модуль

Елестердің психологиялық сипаттамасы 14-15 апталар (4- сағат)

14-лекция. Елестердің жалпы сипаттамалары және бейнелі сфера. 14-апта (2- сағат)

Қабылдаудың сезімдік бейнелері елестер туралы сипаттама. Елестер және ес процесі. Елестердің ассоциациялары. Сана құрылымындағы елестер. Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер және бейнелі елестер. Елестердің түйсінумен, қабылдаумен байланысы. Елестерді ойлаумен байланысы. Елестердің қасиеттері. Уақыт және елестету.

15-лекция. Елестердің индивидуалды ерекшеліктері

және естің бірінші бейнелері. 15-апта (2- сағат)

Елестердің түрлері. Түйсіну мен қабылдау негізінде туындайтын елестер. Эйдетизм. Теориялық ойлау және елестер. Қимыл елестері. Қиял және елестер. Эйдетикалық бейнелер. Бейнеден кейінгі елестер. Галлюцинация және иллюзиялар.

Семинар сабақтары

1-модуль. 1-7 апталар (9-сағат)

1 Модуль. Таным субъектісі: түйсіну және қабылдау психологиясы.

1- семинар. Сезімдік таным психологиясы. 1-2 апталар (2-сағат)

1. Түйсіну - бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде.

2. Түйсіну - психикалық дамудың көзі ретінде. Түйсінулердің қасиеттері

3. Түйсінулердің түрлері – статикалық-динамикалы, есту, көру, тактилді, кинестетикалық-динамикалы, температуралы, дәмдік, иіс, вибрациялы, ауырсыну, интероцептивті түйсінулер. Химиялық, физикалық, механикалық түйсінулер (В. Вундт).

4.Стимул мәселесі. Стимулдың физикалық параметрлері, олардың анализатордағы бейнелері

5.Протопатикалық сезгіштік. Адамның сенсорлық ұйымдасуы (Б.Г. Ананьев).

6.Түйсіну табалдырықтары.

2-семинар. Көру және есту үйсінулері. 3-4 апталар (2 сағат)

1.Көру салмақ иллюзиясы.

2.Түстерді қабылдау. Түстерді түйсінудің векторлық кеңістігі.

3. Түстерді көру теориясы. Жарық және қараңғы адаптациясы.

4.Көру иллюзиялары.

5.Пуркинье эффектісі.

6.Ньютонның түстер дөңгелегі

7.Көру қабылдауындағы Фурье анализ.

3-семинар. Қабылдау және үйрену. 5-6 апталар (2-сағат)

1.Қабылдаудағы үйрену проблемасын тарихи талдау.

2.Оптикалық бұрмалану.

3.Инвентирлі көру.

4.Дж. Стрэттонның эксперименттері.

5.Тері жарық сезгіштігі түйсінуі (А.Н. Леонтьев эксперименттері).

4-семинар. Перцептивті іс-әрекет және перцептивті феномендер.

7-8 апталар (2 сағат).

1.Формаларды қабылдау.

2.Перцептивті ұйымдасу және дәрежелері.

3.Формалардың коснтанттылығы.

4.Перцептивті ішкі дайындық.

5.Объектілерді қабылдаудағы мотивацияның рөлі.

6.Жануарларда ұзақтықты қабылдау

5-семинар. Қабылдау теориялары. 9-апта (1 сағат)

1.Кеңістікті қабылдаудың психофизикалық теориясы (Дж. Гибсон).

2.Қабылдаудың функционалды теориясы (Дж. Брунер).

3. Сигналдарды табу теориясы (Дж. Кимбл).

4.Қабылдауды зерттеудегі гештальттеориялар.

5.Қабылдаудың санасыз ой қорытындысы теориясы (Г. Гельмгольц).

6.Бұлшық ет сезімдері (И.М. Сеченов)

7.Кеңес психологиясындағы қабылдау теориялары.

2-модуль. 4- сағат (10-14 апталар)

6-семинар. Зейін және сана. 10-11 апталар (2 сағат)

1.Зейіннің психологиялық статусы.

2.Зейін және сана. Зейін механизмдері.

3. Зейін және қабылдау.

4.Зейін және ес.

5.Зейін сана процестерінің сиппатамасы ретінде.

6.Зейін әрі күй, әрі сана процесі ретінде

7-семинар. Зейіннің негізгі қасиеттері.

Зейінді когнитивті психологияда зерттеу. 12-13 -апталар (2-сағат

1.Зейін көлемі. Зейін көлемін эксперименттік зерттеулер

2.Зейіннің ауысуы мен бөлінуі.

3.Зейіннің кедергіге орнықтылығын бағалау.

4.Зейіннің информацияларды қайта өңдеудегі функциялары.

5.Бродбент моделі.

6.Фокалды зейін және зейін алдындағы процестер (Найссер)

7.Кеңес психологиясындағы зейін теориялары.

8.Зейіннің моторлық теориясы (Джемс, Ланге).

9.Рефлексивті, инстинкті, алғашқы ырықсыз зейін түрлері

Модуль

Елестердің психологиялық сипаттамасы

14-15 апталар (2- сағат

8 - семинар. Елестердің ассоциациялары. 14-15 апталар (2 сағат)

1.Психологиядағы елестер мәселесі

2.Елестер екінші бейнелер ретінде.

3.Елестерді қасиеттері және түрлері.

4.Елестер және танымдық процестер.

5.Елестер ассоцациялары.

6.Елестер және бейнелі елестер

Лекция мен семинар сабақтарына арналған әдебиететр:

1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х т. -М.: Педагогика, 1990. Т.1.

2. Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических процессов. -М., 1998.

3. Величковский Б.М. Современная когнитивная психология.- М., 1982.

4. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. -М.: Изд-во МГУ, 1988.

5. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Изд-во МГУ, 1981.

6. Логвиненко А.Д. Психология восприятия.-М.: Изд-во МГУ, 1987.

7. Логвиненко А.Д. Чувственные основы восприятия пространства. -М., 1985.

8.Найссер У. Внимание и проблема емкости. В кн.: Найссер У. Познанаие и реальность. М.,1979.

9.Познавательные процессы. Ощущения и восприятие /Под ред. А.В. Запорожца и др.- М.: Педагогика, 1982.

10. Психология познавательных процессов. -М., 1981.

11.Психологические исследования познавательных процессов личности.-М.: Наука, 1983.

12. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 1999.

13. Смирнов С. Избранные психологические труды. -М., 1987.-Т.11.

14. Хрестоматия по ощущению и восприятию /Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, М.Б. Михалевской. -М.: МГУ, 1975.

15. Хрестоматия по вниманию/ Под ред. А.Н.Леонтьева, А.А.Пузырея, В.Я.Романрва. -М.: Изд-во МГУ, 1976

Негізгі:

1.Абульханова К.А. Психология познания и сознания личности. – М., 1999.- 224 с.

2.Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х томах. - М.,1980.

3.Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. - М., 1960.

4.Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – СПб., 2000.

5.Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х т. -М.: Педагогика, 1990. Т.1.

6.Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер психологиясы.-А., 2008.-77 бет

7.Брунер Дж. Психология познания. - М.: Прогресс, 1977. - 412с.

8.Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических процессов. -М., 1998.

9.Величковский Б.М. Современная когнитивная психология.- М., 1982.

10.Вилюнас В. К. Психологические механизмы мотивации человека. - М.:
МГУ, 1990.- 288 с.

11.Выготский Л.С. Собр. соч.: В 6т. - М.: Педагогика, 1982-1984. -Т.2. - С.5-362. Т.З. -328с. Т.5 -С.34-48,153-168.

12.Гальперин П.Я., Кабыльницкая С.Л. Экспериментальное формирование внимания.- М.: Изд-во МГУ, 1974

13.Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. - Алма-Ата: Изд-во КазГУ,1992. -195с.

14.Зрительные образы: феноменология и эксперимент. Часть 2. Душанбе, 1973.

15.Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Изд-во МГУ, 1981.

16.Логвиненко А.Д. Психология восприятия.-М.: Изд-во МГУ, 1987.

17.Логвиненко А.Д. Чувственные основы восприятия пространства. -М., 1985.

18.Логинова Н.А. Б.Г.Ананьев – выдающийся ученый в истории отечественной психологии. Алматы: Қазақ университеті, 1999.

19.Левитина С.С. Можно ли управлять вниманием школьника?-М.:Знание, 1980.

20.Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Издво МГУ, 1981.

21.Клаус Г. Введение в дифференциальную психологию учения.-М.:Педагогика, 1987.

22.Найссер У. Внимание и проблема емкости. В кн.: Найссер У. Познанаие и реальность. М.,1979.

23.Платонов К.К. Психологический практикум.- М.: Высшая школа, 1980.

24.Познавательные процессы. Ощущения и восприятие /Под ред. А.В.Запорожца и др.- М.: Педагогика, 1982.

25.Психология познавательных процессов. -М., 1981.

26.Психологические исследования познавательных процессов личности.-М.: Наука, 1983.

27.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. -СПб., 1999.

28.Фресс П., Пиаже Ж. Экспериментальная психология: В 6 вып. -М., 1978. Вып VI.

29.Хрестоматия по вниманию/ Под ред. А.Н.Леонтьева, А.А.Пузырея, В.Я.Романрва. -М.: Изд-во МГУ, 1976.

30.Хрестоматия по психологии. / Состав. В.В.Мироненко; под ред. А.В.Петровского.-2-е изд.-М.: Просвещение, 1987.

31.Хрестоматия по ощущению и восприятию /Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, М.Б. Михалевской. -М.: МГУ, 1975.

Қосымша:

1.Гальперин П.Я., Кабыльницкая С.Л. Экспериментальное формирование внимания.- М.: Изд-во МГУ, 1974.

2.Дормашев Ю.Б., Романов В.Я. Психология внимания. -М., 1995.

3.Клаус Г. Введение в дифференциальную психологию учения. -М.:Педагогика, 1987.

4.Клацки Р. Память человека. -М., 1978.

5.Левитина С.С. Можно ли управлять вниманием школьника? – М.: Знание, 1980.

6.Линдсей П., Норман Д. Переработка информации у человека. - М.,1974. - 550с.

7.Нейрофизиологические механизмы внимания / Под ред. Е.Д.Хомской. – М.: Изд-во МГУ, 1979.

8.Найссер У. Познание и реальность: Смысл и принципы когнитивной психологии. -М.: Прогресс, 1981.

9.Норман Д. Память и научение. -М.: Мир. 1985.

10.Рок И. Зрительное восприятие пространства. -М.: Педагогика 1980. Кн. 1,2

11.Солсо Р.Л. Когнитивная психология. - М.: Тривола, 1996. – 600 с.

Анықтама әдебиеттер.

1.Краткий психологический словарь /Под ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. - Ростов -на- Дону: “Феникс”, 1998.

2.Психологический словарь / Под ред. В.В. Давыдова, А.В. Запорожца, В.П. Зинченко и др. - М.: Педагогика, 1983.

Жалпы психология курсы бойынша оқытылатын лекциялар мазмұны

1 Модуль. Таным субъектісі: түйсіну және қабылдау психологиясы.

1-лекция. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары.

Түйсіну бейнелерінің ерекшеліктері. Түйсіну және рецепторлар. Психофизиканың элементтері. Психофизиологиялық заңдылықтар. Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде. Түйсінулердің классификациясы. Түйсінулердің психологиялық айшықты ерекшеліктері. Сенсорлық жүйелер және сенсорлық белсенділік.

Психикалық процестер психифизикалық функциялардың сапасы бола отырып іс-әрекетке қосылады. Сондықтан да психикалық процестер (қабылдау, ойлау) алғашында нақты бір іс-әрекеттің процессуалды компоненттері, содан кейін ішкі, теориялық іс-әрекеттің формалары ретінде құрылады.

Іс-әрекет психологиясын зерттеуден кейін біртіндеп жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттеуге өтеміз. Психология ғылымы психологиялық сана және өзіндік сана жайлы ілімдерден басқа мына ілімдерді қамтиды: психофизикалық функциялар, психикалық процестер, іс-әрекеттің психикалық құрылымы, жеке адамның психикалық қасиеттері.

Сондықтан да танымдық-психикалық процестер жайлы психологиялық ойлау жүйесінің методологиялық негізі былай көрсетіледі: психикалық процестерді аналитикалық зерттеуден (біз мұнда осы функция компоненті ретінде қосамыз) іс-әрекет психологиясына қарай; ал іс-әрекет психологиясынан жеке адамның психикалық қасиеттеріне қарай зерттеуді негіздейміз.

2.Тікелей сезімдік танымның нақты механизмдері жайлы ғылыми түсініктердің дамуы екі жақты мәнге ие болды: психологиялық және философиялық (А.Н. Леонтьев).

Философия оны ғылыми және гносеологиялық тұрғыдан басым талдайды. XIX ғасырдағы сезім органдарының классикалық физиологиясы көптеген ғылыми және фундаменталды мәліметтер мен заңдылықтарды ашты. Қазір түйсінудің рефлекторлық теориялық концепциясы жайлы ілімі дамыды.

Кейде оны түйсінудің рецепторлық концепциясы деп атайды және И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың ілімдеріне сүйеніп, рефлекторлық концепциясына қарсы қояды.

Түйсінудің рецепторлық концепциясы И. Мюллердің «сезім органдарының арнайы энергиясы» деген принципіне қатысты туындады. Ол өзінің «Адам физиологиясы курсы» деген еңбегінде бұл принципті былай тұжырымдайды: «Сыртқы принциптермен шақырылған түйсінулерді ала алмаймыз, ол себептерсіз-ақ сезгіш нервтермен шақырылады.

Бір ғана сыртқы себеп – олардың табиғатына байланысты әр түрлі сезім органдарында әр түрлі түйсіну туғызады. Әрбір сезгіш нервке тән түйсіну көптеген ішкі, сыртқы әсерлермен де шақырылуы мүмкін. Түйсіну санаға сыртқы дененің күйі, сапасы ретінде беріледі, әр түрлі сезгіш нервтер үшін әр түрлі болып келеді».

Міне, осы тезистерден И. Мюллер гносеологиялық қорытынды жасайды: «түйсіну әсер ететін заттардың сапасы жайлы білімдерді бермейді, себебі ол сол сезгіш нервтерге ғана сәйкес келеді. Организмнің ортаға бейімделуін қамти отырып, сезім органдары өз функциясын адал орындайды, егер де ол оның обьективті қасиеттерін шын бейнелесе».

Сөйтіп «сезім органдарының айырықша энергиясы» «арнайы энергиялардың органы» принципі деп қайта ұғынылады. Мюллер бойынша, түйсіну тітіркендіргіштің табиғатына емес, тітіркену процесі өтетін органға немесе нервке байланысты және оның арнайы энергиясы болып табылады. Мюллердің принциптерін талдау, сынау жайлы талдаулар толық семинар сабағында қаралады.

Эволюциялық және генетикалық ықпалдарды зерттей отырып, түйсінудің функционалды дамуын да зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Яғни, сыртқы факторлардың әсерінен туындаған түйсіну табалдырықтарына байланысты эксперименттік зерттеулер, соның ішінде сезім органдарын бұрмалайтын жасанды шартты кіргізіп, түйсінуді өзгерту жайлы тәжірибелер (М. Страттон тәжірибелері, И. Келердің кейінгі жұмыстары).

Осы жағдайда өткен түйсінудің қайта жасалуы түйсінуді дұрыстауға итермелейді, яғни қоршаған әлем заттарымен практикалық байланыс тәжірибелеріне адекваттылықты орнату жайлы сөз болып отыр. Түйсінулердің өзара әрекеті жайлы зерттеулерге 1930 жылдан бастап назар аударылды (С.В. Кравков).

Сыртқы ортаның әртүрлі әсерлері адам миына әсер етіп, онда әртүрлі психикалық функциялар ретінде бейнеленеді. Таным процесінде түйсіну – психикалық функциялардың бастапқы және ең төменгі сатысында тұрады.

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар адамға әсер етеді, санада бейнелерді қалыптастырады.

Адам дүниені, заттарды санасында бейнелеу арқылы таниды.

Түйсіну қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің санамызда бейнеленудің нәтижесін беретін психикалық іс-әрекет болып табылады. Түйсіну барлық таным процестерінің қайнар көзі деп айтуға болады.

Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтарына, сипаттамасы мен заңдылықтарына келетін болсақ екі негізгі нәрсені ескеру қажет:

1) тітіркендіргіштердің физикалық сипаттамасы, яғни түйсінуді тудыратын адамның сезім мүшелеріне әсер етуші сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың сипаттамасы;

2) түйсінулер пайда болатын сезім мүшелерінің сипаттамасы.

Тітіркендіргіштерді, қабылдайтын мүшелерді саңылау, яғни рецептор дейді. Рецепторлардың негізгі үш түрін ажыратуға болады. Олар:

· экстероцепторлар, сыртқы тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайлайтын сезім мүшелерінің ең сыртқы бетінде, я соған таяу жерлерде тұрған саңылаулар;

· интероцепторлар организмнің ішкі мүшелерінен шығатын тітіркендіргіштерді түйсінуге ыңғайланған сезім мүшелердің бетінде болатын саңылаулар. Бұларды органикалық түйсінулер деп те атайды;

· проприоцепторлар дене мүшелерінің қозғалысын, денені тендікке ұстауды қабылдайтын мүшелердің астарында жатқан саңылаулар.

Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері. Кез-келген танымдық процесс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады. Бірақ бейнелеу қызметінен басым процестер (танымдық процестер) және реттеу қызметінен басым психикалық процестерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады.

Танымдық процестер жүйесіне (ТПЖ) келесі блоктар кіреді:

1. түйсік және қабылдау

2. зейін

3. ес

4. қиял

5. ойлау

6. сөйлеу

7. эмоция

ТПЖ барлық блогы үнемі өзара әрекеттесу процесінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді. ТПЖ өзара әрекеттесі процесінде үнемі аралық нәтижелер көрінеді.

Ақпараттың бұрмалануы мәселесі.

2-суретте ТПЖ бірінші блогынан екіншісіне ауысқандағы ақпараттың қандай өзгерістерге ұшырайтыны көрсетілген (синусоид түрінде кестеде бейнеленген). ТПЖ жұмысының соңғы нәтижесі алынған материалға сәйкес келеді, бірақ оның тура көшірмесі болмайды (кестеде ұзын сызықтармен бейнеленген). Сонымен, танымдық процестер жүйесінің жұмысы адамның обьективті шындықты адекватты субъективті бейнелеуін қамтамасыз етуден тұрады.

Қабылдау тек тітіркендіргіштерге ғана емес, сонымен бірге оны қабылдайтын субъектіге де қатысты. Басқаша айтқанда, қабылдау субъективті болады. Әрбір адам заттан нені көргісі келеді, соны көреді. Бұл жерде қабылдаудың нәтижесі ретінде зат пен бейненің обьективті негізделген сәйкессіздігі туындайды. Бұл өңдеу деңгейіндегі ақпараттың бірінші бұрмалануы.

Ол қандай да бір затты қабылдау кезінде өткен қабылдау ізінің белсенді болуымен детерминантталады. Қабылдау субъектінің өткен тәжірибесіне тәуелді. Адамның тәжірибесі неғұрлым бай болса, онда соншама көп білім болады, соғұрлым қабылдауы бай, заттан көп нәрсе көре алады.

Қабылдаудыі мазмұны адам іс-әрекетінің алдына қойған міндеттері және мотивтерімен анықталады. Қабылдау процесіне қабылдаудың мазмұнын өзгерте алатын эмоция да қатыса алады. Эмоциялық реакциялар мен қабылдаудың маңызды рөлі бірқатар әртүрлі эксперименттермен дәлелденеді.

Сонымен, қабылдау – бұл басқаруға болатын белсенді процесс.

Психика – мидың қызметі. Ол өзара әрекеттесу кезінде ғана көрінеді: мидың іс-әрекеті мен қоршаған орта тоғысында пайда болады. Адам бұл өмірде белсенді өмір сүру үшін бізді қоршаған ортаның адекватты, шынайы бейнесі керек. Барлық танымдық процестер адамның өзін қоршаған ортаны дұрыс бейнелеуі үшін жұмыс істейді.

ТПЖ басты міндеті адамның бірнеше сұрақтарға жауап беруіне көмектесуден тұрады: мен кіммін? басқалаға қатысты мен қандаймын? ұжымдағы менің орным қандай? басқаларға мен қалай көрінемін? қоршаған орта мені қалай қабылдайды? және т.б.

           
   
 
   
 
 
   
 


2-сурет. Психикалық танымдық процестердің өзара тәуелділік схемасы.

2-лекция. Сезімдік бейнелеу механизмі.

Түйсінудің өмірлік трансформациялары.

Түйсінудің рецепторлық және рефлекторлық теориялары. Л.М. Веккердің түйсінуді классификациялауы. Түйсінудің функционалды дамуы. И.М. Сеченовтың гносеологиялық көзқарастары. Түйсінудің функциялары. Сөздік кинестезияө «сөздің базалды комоненті» (И.П. Павлов). Дүние бейнесі (А.Н. Леонтьев). Когнитивті схемалар (У. Найссер). Сенсорлық эффект. Сенсорлық белсенділік. Түйсінулердің индивидуалды дамуы.

Түйсінулердің классификациясы

Түйсіктің модалдылығы бойынша классификациясы кең тараған болып табылады (сезім мүшелеріне тән). Түйсінудің осы критерилеріне сәйкес келесі түрлерге бөледі: көру, есту, вестибулярлық, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу, қозғалыс, висцералдық. Интермодалды түйсіну де бар – синестезия.

Ч. Шерингтон классификациясы да танымал, ол келесі түрлерге бөледі:

· Экстероцептивті түйсіну дененің сыртқы бетінде орналасқан рецепторларға сыртқы тітіркендіргіштердің әсер ету кезінде пайда болады;

· Проприоцептивті (кинестетикалық) түйсіну бұлшықет, буындарда, сіңірлерде орналасқан рецепторлардың көмегімен дене бөліктерінің қозғалысын бейнелейді;

· Интероцептивті түйсіну арнайы рецепторлардың көмегімен ағзадағы алмасу процесін бейнелеу кезінде пайда болады.

Түйсіктің барлық түрлері ортақ психофизиологиялық заңдылықтарға бағынышты.

Қандай да бір түйсінудің пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір көлемдегі интенсивтілікке ие болуы керек. Әлсіз байқалатын түйсінуді шақыратын тітіркендіргіштің минималды көлемі түйсінудің абсолютті төменгі табалдырығы деп аталады. Бұл әлсіз тітіркендіргіштерді сезіну қабілеттілігі абсолютті сезгіштік деп аталады. Ол әрқашан абсолюттік сандарда көрінеді. Мысалы, түйсінудің пайда болуы үшін 1 кв.мм денеге 2 мг-дық әсер ету болса жеткілікті.

Абсолютті сезгіштікпен қатар айырма сезгіштікті де бөліп көрсетуге болады - әр түрлі интенсивтегі әсер етуге сезімталдылық. Айырма сезгіштік түйсіктің болар-болмас айырмашылығын тудыратын екі тітіркендіргіштің минималдық айырмасын шақыратын айырма табалдырықпен сипатталады. Мысалы, 1 кг жүктің үстіне 10 гр қосса, айырмашылығын ешкім сезбейді; салмақтың артқанын сезу үшін алғашқы салмақтың 1/3 бөлігін қосу қажет, яғни 33 г. Сонымен жүк ауырлығына қатысты айырма табалдырық алғашқы тітіркендіргіш күшінің 1/30 бөлігіне тең. Айырма табалдырыққа қатысты сауленің жарықтығы 1/100-ге; дауыс күші 1/10-ға; дәм сезу 1/5-ке тең. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан Бугер мен Вебер болды.

Бугер-Вебер заңы тітіркендіргіш интенсивтілігінің ортақ аймағына қатысты. Басқаша айтқанда, бұл табалдырықтар өте әлсіз және өте күшті тітіркендіргіштер болғанда өз мәнін жояды. Мұны Фехнер айтқан. Бұл заң бойынша тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен арта түседі.

Түйсіктің төменгі және жоғарғы абсолюттік табалдырықтары (абсолюттік сезгіштік) адамзат сезгіштігінің шегін сипаттайды. Бірақ әрбір адамның сезімталдылығы әр түрлі жағдайға байланысты өзгереді. Мысалы, қараңғы бөлмеге кіргенде, алғашында заттарды айыра алмаймыз, бірақ біртіндеп жағдайдың әсерінен анализатор сезгіштігі артады. Темекі шеккен немесе басқадай иісі бар бөлмеде тұрып, біз біраз уақыттан кейін осы иістерді сезбей қаламыз (анализатор сезгіштігі төмендейді). Қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда көру анализаторының сезгіштігі төмендейді.

Қоршаған орта тітіркендіргіштеріне бейімделу нәтижесіндегі анализаторлар сезгіштігінің өзгеруі адаптация (бейімделу) деп аталады. Әр анализаторлар бейімделу диапозоны және жылдамдығы әр түрлі. Кейбір тітіркендіргіштерге жылдам, ал кейбіреулеріне баяу бейімделеді. Жылдам бейімделетін сипап сезу және тактильді анализаторлар. Йодтың иісіне толығымен бейімделу бір минуттан кейін болады. Үш секундтан кейін тітіркендіргіш күшінің 1/5 түйсінуге болады. Тағып тұрған көзәйнекті орнынан қозғалту. Есту, көру, дәм сезу анализаторлары баяу бейімделеді. Қараңғыға толығымен бейімделу үшін 45 мин керек. Осы уақыттан кейін көру сезгіштігі 200 000 есе үлкейеді (бейімделудің ең жоғарғы диапазоны).

Адаптация жағдайы мақсат-бағдарлы биологиялық мәнге ие. Ол әлсіз тітіркендіргіштердің сезілуіне көмектеседі және анализаторларды өте күшті тітіркендіргіштерден қорғайды.

Сезгіштік тек сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана емес, сонымен қатар ішкі жағдайға да байланысты. Ішкі (психикалық) факторлардың әсерінен анализаторлар сезгіштігінің жоғарылауы сенсибилизация деп аталады. Мысалы, әлсіз дәм сезу түйсігі көру сезімталдылығын жақсартады. Бұл анализаторлардың өзара байланысымен, олардың жүйелі жұмысымен түсіндіріледі.

Сенсибилизация, сезгіштіктің асқынуы тек түйсіктердің өзара әрекетімен ғана емес, сонымен қатар ағзаға кірген физиологиялық факторлардың әсерімен де шақырылуы мүмкін. Мысалы, көру сезгіштігін жоғарылату үшін А витаминінің маңызы зор.

Адам қандай да бір әлсіз тітіркендіргішті күткенде, тітіркендіргіштерді айыру сияқты арнайы тапсырма берілген кезде сезгіштік жоғарылайды. Жеке адамның сезгіштігі жаттығу нәтижесінде ширайды. Мысалы, дегустаторлар иіс сезу және дәм сезу сезгіштіктерін арнайы жаттықтыра отырып, әр түрлі вино, шай сорттарының айырмашылықтарын, қайда және қашан жасалғанын анықтай алады.

Қандай да бір сезгіштіктен айырылған адамдарда осы кемшілігінің орнына басқа мүшелерінің сезгіштігі артып, компенсация жүреді (мысалы, соқыр адамдарда есту және иіс сезу сезгіштіктері жоғары болады).

Түйсіктердің өзара әрекеті кейбір жағдайда сезгіштіктің жоғарылауына, сенсибилизацияға, ал кей жағдайда сезгіштіктің төмендеуіне, десенсибилизацияға әкеледі. Бір анализаторлардың күшті қозуы әрқашан басқа анализаторлар сеззгіштігінің төмендеуіне әкеледі. Мысалы, шулы цехтағы шудың жоғары деңгейі көру сезгіштігін төмендетеді.

Түйсіктердің өзара әркетінің көріну деңгейі түйсінудің контрастылығы деп аталады. Түйсінудің контрастылығы – бұл қарама-қарсы қасиеті бар бір нәрсенің әсерінен екіншісінің сезгіштігінің артуы. Мысалы, сұр түстегі бір фигура ақ фонда қою, қарада ашық болып көрінеді.

Сезім мүшелерінің жұмысы кезінде пайда болатын түйсінудің әртүрлілігіне қарамастан, олардың құрылуы мен қалыптасуында бірқатар ортақ белгілерді табуға болады. Жалпы анализаторлар ағза ішінде және одан тыс жүретін құбылыстар туралы ақпараттарды қабылдау және талдауды жүзеге асыратын орталық және шеткі жүйке жүйесінің өзара әрекеттесіп қалыптасуының жиынтығын құрайды деп айтуға болады.

Анализатор – түйсіктің органикалық негізін құрайтын күрделі нейрофизиологиялық жүйе. Ол өзіне рецепторларды, ми мен рецепторларды байланыстырушы жүйке жолдарын, және жүйке импульстарын өңдейтін арнайы бөлімдерді қосады.

Анализаторлардың жалпы қасиеттері:

· адекватты тітіркендіргіштерге өте жоғары сезгіштік. Сезгіштіктің сандық шегі табалдырықтық интенсивтілік болып табылады, яғни, тітіркендіргіштің төменгі интенсивтілігі түйсінуді тудыратын әсер ету;

· дифференциалды сезгіштіктің болуы, (әртүрлілігі, айырмашылығы, контрастылығы) яғни, тітіркендіргіштер арасындағы интенсивтілік бойынша айырмашылықты ажырату қабілеті;

· бейімделу – тітіркендіргіштер интенсивтілігіне өз сезгіштік деңгейін икемдеудегі анализаторлардың қабілеті;

· анализаторлардың жаттығуы – сенсорлық іс-әрекеттің әсерінен бейімделу процестерін жылдамдатуға сезгіштігінің артуы;

· тітіркендіргіштер әрекеті аяқталғаннан кейін де біраз уақыт түйсінуді сақтауға анализаторлардың қабілеті. Мұндай түйсінудің “инерциясы” бірізді образдар ретінде түсіндіріледі;

· анализаторлардың үнемі өзара әрекеттесуі және қалыпты қалыптасу жағдайы.

Б.М. Теплов және В.Д.Небылицынның көзқарастары бойынша сезгіштік адамның жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекетінің көрсеткіші ретінде жүреді.

Түйсікті оның пайда болуы мен айырмашылықтары тұрғысынан зерттеуге психологияның үлкен бір бөлімі – психофизика арналған.

Түйсік пен қабылдаудың ортақ қасиеттері:

Сенсибилизация – бір анализаторға әсер ету арқылы екінші анализатор сезгіштігінің артуы.

Синестезия – арнайы емес модалдылықтарды қабылдау (дауысты көру, көретін образдарды есту).

3-лекция. Түйсінудің негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Есту түйсінулері. Дыбыстарды локализациялау. Есту теориялары. Сөз бен музыканы қабылдау. Есту түйсінулерінің іс әрекетпен, қарым қатынаспен байланысы. Көру түйсінулері. Бинокулярлық көру. Инвентирлі көру. Түстердің араласуы. Көру түйсінуіндегі психофизиологиялық заңдылықтар. Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті. Түстерді қабылдау. Жарықты түйсіну: жрқырау, контраст және түс, қанығу, жарық стимулдары. Негізгі және қосымша түстер. Жарық сезгіштігі.

4-апта (2 сағат).

Түйсіну түрлерінің ішінде иіс пен дәм айыру түйсінулері адамның таным процесінде де, психикалық әрекеттерінде де ерекше елеулі орын алмайды. Иіскеу түйсінуі басқа түйсінулердей толық зерттелмеген, сондықтан оларды жіктеп, түрлерін ажырату да қиын. Заттардың өзгеше тән иістері болатындықтан, иісті сол заттардың иістеріне ұқсатып ажыратады.

Дәм айыру түйсінуі иіс түйсінуі сияқты заттардың химиялық қасиеттердің әсерінен пайда болады. Егер иіскеу газ тәрізді заттардың әсерінен пайда болса, дәм айыру еріген заттардың әсерінен пайда болады. Дәм айру түйсінуі түрлі тітіркендіргіштердің тілдің бетіндегі және таңдай мен өңештегі дәм түйіршіктеріне әсер етіп, оларды қоздырудың нәтижесінен туады.

Ал есіту түйсінулері адамның таным процесінде, оның барлық психикалық іс-әрекетінде үлкен орын алады. Есіту түйсіну дыбыс толқындарының рецепторға әсер етуінен пайда болады.

Егер бір дәрежелі дыбыс жеке-жеке дыбыстарға теңелмесе, онда ол сапалы үн болып естіледі. Қосылушы дыбыстардың тебелісі біріне-бірі жақын болса, олардың үндесуі де үйлесімді болады. Үйдесудің үйлесімдігі қаншалықты жақын болса, оны консонанс дейді. Ал үйлесілімділігі қаншама алыс болса, оны диссонанс дейді.

Көру түйсінуі таным процесінде маңызды орын алады. Себебі адам көру арқылы дүниедегі заттармен құбылыстарды тек түйсініп ғана қоймайды сонымен бірге оларды дұрыс танитын болады.

Көру түйсіну көзге жарықтың әсер етуінен, яғни 390-нан 800 миллион кронға дейін ұзындығы бар электромагнит толқындарының әсерінен пайда болады.

Жарық толқындарының ұзындығын, амплитудасын және формасын айыру қажет. Толқынның ұзындығы оның бір секундтағы тербеліс санына байланысты болады. Тербелістің саны қаншалықты көп болса соншалықты толқынның ұзындығы соншама қысқа болады, керісінше, тербелістің саны азайған сайын толқын да ұзара түседі.

Көру түйсінуі біздің көзімізге әсер етуші тітіркендігіштің түрімен, әсер ету мерзімімен, оның кеңістіктегі орнымен және бір мезгілде әсер етуші басқа заттардың да сипаттарымен байланысты. Көру түйсінуінің заттардың әсер етуші мезгілімен байланысты болатынын адаптация құбылысынан анық байқауға болады.

Күшті жарықтың көзге түсуі, әсіресе алғашқы 5 минуттың ішінде, көру түйсігін бәсеңдетеді. Бірақ көз бара-бара көндіккен соң, оның көргіштігі ұлғая береді, өйткені қараңғыда адамның жарықты сезгіштігі күшті болады.

Өмірде заттармен, не құбылыстармен байланыссыз түстер болмайды. Сондықтан адам тегінде түстерді түрлі заттармен және құбылыстармен байланыстырып отырады.

Мұнда адамның тәжірибесі үлкен орын алады. Көбінесе, тұрмыста сары түс күннен, оттың жалынымен, қызыл түс қанмен, көгілдір түс - өсімдікпен байланыстырылып отырылады.

Сонымен бірге әр түс адамға өзінше әсер етеді, физиологиялық процестерде пайда болдыруға да себеп болады. Мысалы, кейбір түстер адамның жүйке саласын қоздыратын болса, басқа түстер жүйкені жұбатып, тыныштатады. Кейбір түстер көбінесе жағымды болса, басқа біреулері жағымсыз болып қабылданады. Бұл жөнінде түстер жылы, суық деп те аталады.

Ал органикалық түйсінуге ашығумен шөлдеу, тою мен сусынды қандыру, ішкі мүшелердің ауруы, тұншығуы, жүрек айну, жыныс сезімдері сияқты түйсінулер енеді. Ал жыныс құштарлығы адамдардың бір-бірінің күрделі қарым-қатынасынан және нәзік сезімдерімен байланысты болады. Органикалық түйсінулер органикалық қажеттілікті бейнелейтіндіктен және олардың қанағаттанылуымен, я қанағаттанылмауымен, құштарлығымен байланысты болады.

Бұл жөнінде екі түрлі теория бар. Теорияның біреуі ашығуды түйсінуін құрсақтың, оның боршаларының жиырылуымен байланыстырады: құрсақтың жиырылуынан пайда болатын қозу вегативті жүйке саласы арқылы миға баратынын айтады.

Екінші теория бойынша адам ашыққанда қанның құрамы өзгереді, ал өзгерген қан тікелей миға әсер етіп, ашығуды түйсіндіреді. Егер, бірінші теория ашығуды перифериялық жүйке жүйесінің әрекетімен байланыстырса, сол сияқты шөлдеуді де, тамақтың құрғауын да сонымен байланыстырады. Екінші теория шөлдеуді ашығу сияқты себептермен, яғни шөлдеуді, организмде судың жетіспеуімен байланыстырады.

1) Проприорецептор түйсінулері адамның бүкіл денесінің, не болмаса, жеке мүшелерінің жағдайын, қозғалысын, кеңістіктегі жағдайды, оның қозғалысын меңгеріп отыруды бейнелейді.

2) Проприорецептор түйсінулерінің екі түрі бар: кинестетикалық, яғни боршалар мен буындарда туындайтын түйсінулер;

3) дененің тепе-теңдігін түйсіну.

Түйсік – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді.

Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, бүтіндей қабылдауға дейін жеткізуге болады.

Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.

Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.

А.Н. Леонтьевтің концепциясына сәйкес, түйсік психиканың тарихи бірінші түрі. Түйсіктің пайда болуы жүйке ұлпалары тітіркенуінің дамуымен байланысты. Эволюциялық процестің белгілі бір деңгейінде ағзадағы қарапайым тітіркену сезімталдылыққа ұласады, яғни тек өмір үшін маңызды тітіркендіргіштерге ғана емес, сигналдық мәні бар тітіркендіргіштерге де әсер етуге қабілеттілік. Бұл мүмкін болатын жалғыз көзқарас емес. К.К. Платонов психиканың қарапайым тарихи бірінші түрі эмоция екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Түйсіктің даму теориясында түйсінудің пайда болуына эффекторлық процестердің қатысуы туралы да зерттеулер маңызды орынға ие. Бұл зерттеулердің жалпы қорытындысы мынадай: түйсік психикалық құбылыс ретінде жауап реакциясы адекватты емес жағдайда немесе мүлдем болмаған кезде түйсінудің болуы мүмкін емес; қозғалмайтын көз соқырлық белгісі, ол қозғалмайтын қол астереогностикалық сияқты (А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, В.П. Зинченко, Т.П. Зинченко және т.б. жұмыстарында).

А.Н. Леонтьев түйсінудің механизмдерін зерттей келе мынадай жалпы қорытындыға келеді, ортақ принциптік механизм сыртқы әсер етуге тән сезім мүшелерінде процестердің бір біріне ұқсау механизмі болып табылады.

Психикалық процестер жүйесіндегі түйсік. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті- сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Ол, организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма б.т. Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан.

Сезімдік тану негізінде түйсік жатады. Түйсіктің өмірлік мәні оның әрқашан сезімдік, эмоциялық реңктегі сипатта болатындығымен байланысты. Түстердің адамдарға әр түрлі әсер ететіні (жасыл түс жайбырақаттандырады, қызыл түс қоздырады) тәжірибеде дәлелденген. Ақ және қара түсті бояулармен боялған, салмағы бірдей екі жәшіктің алғашқысы жеңілірек, екнішісі ауырырақ болып көрінеді. Ерекше түйсіктер (органикалық) адамның көңіл-күйін, оның эмоциялық реңкін анықтайды. Тіліміздегі сезгіштік және сезім деген сөздердің түбірінің бір болуы тегін емес.

Ішкі және сыртқы әсер түйсіктері бас қосып, тілек туғызады, ерік импульсының бастауы болады. Мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен әрекеттер түйсіктер арқылы реттеліп отырады. Қимыл-қозғалыс түйсіктері әрекет акцепторының ең қажетті элементі. Сөйтіп, түйсіктер адамның тіршілік әрекетімен кең мағыналы байланыста.

Шағын тәжірибе жасап көріңіз. Жолдасыңыздан көзін жұмуын өтініп, алақанына белгісіз затты тигізіңіз, содан кейін одан сол зат туралы не айта алатынын сұраңыз. Егер ол оның не екенін біле алмаса: «қатты, жылтыр, суық бір нәрсе» немесе «жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Осы сөздер адамның бастан кешкен түйсіктерін білдіреді.

Түйсіктер заттардың жеке қасиеттерін сәулелендіретін бейнелер ретінде пайда болады.

Түйсік дегеніміз- заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.

«Түйсік арқылы болмаса,- деп жазды В.И.Ленин,- біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да ештеңе біле алмаймыз.» В.И.Ленин осы қысқа тұжырымында түйсіктің таным әрекетіндегі ролін терең ашып берді.

Түйсік дүниені бейнелеудің жалғыз ғана формасы емес. Сезімдік танудың біршама жоғарғы формаларын ешқашанда түйсіктердің қосындысы немесе қисындасуы деп түсінуге болмайды. Бейнеленудің әр формасының өзіндік сапалық ерекшелігі бар, бірақ, бейнеленуінің алғашқы формасы болып саналатын түйсіксіз ешқандай таным әрекетінің өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті ересек адамның рухани өмір белсенділігінің өзінде түйсіктің ерекше маңызы бар.

Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Сезім мүшесі – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анотамиялық-физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ, тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты білдіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстың пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.

4-лекция. Кеңістікті қабылдау. Қозғалыс пен уақытты қабылдау

Перцептивті ішкі дайындық. Қабылдаудағы ішкі дайындық. Кеңістікті қабылдау. «Лупа» эффектісі. Тереңдікті және алыстауды түйсінулер. Шамаларды, формаларды қабылдау. Формалардың константтылығы. Қозғалысты қабылдау. Уақытты қабылдау.. Қабылдау және уақытты бағалау. Бірізділікті қабылдау. Ұзақтықты қабылдау.

Қабылдау заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, оларды санада тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады. Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана бейнелейтін болса, қабылдау арқылы заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде бейнелейді.

Түйсіну, қабылдау пайда болуы үшін заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.

Қабылдау психикалық процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсатқа көздеп, соған жұмсап отырады. Зейінін қабылдайтын затына бағыштайды. Адамның қабылдау процесі белсенді.

Қабылдауда ой процесінің қатысуы арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады.

Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отыратындығын, егер көретін заттарға адам зейінін бұрмаса, олардың айналасындағы басқа заттардан бөліп, бөлшектеп, даралап алып, қарамаса адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.

Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты.

Мәселен, біздің көз алдымызда тұрған нәрселерді көреміз, айналадағы дыбыстарды естиміз., түрлі иіс болса, оны білеміз, денемізге тиген заттарды сезіп, олардың температурасын, сыртқы пішінін, тағы басқа қасиеттері мен сапаларын ажыратамыз.

Қабылдау процесінде қандай талдағыш көбірек орын алса, қабылдау да соларға байланысты болып отырады. Егер қабылдау процесінде көру талдағышы көбірек орын алса, көру қабылдауы, ал егер есту талдағышы көбірек орын алса, есту қабылдауы болады.

Жалпылап қабылдаудың нәтижесі адамның ақыл-ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса, соғұрлым жалпылап қабылдау да оның іс әрекетінде үлкен орын алады. Жалпылап қабылдауды ғылымда категориялық деп те атайды.

Жалпылап қабылдаудың нәтижесі адамның ақыл-ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса, соғұрлым жалпылап қабылдау да оның іс әрекетінде үлкен орын алады. Жалпылап қабылдауды ғылымда категориялық деп те атайды.

Кеңістік пен уақыт – объективтік категория. Дүниедегі заттар мен құбылыстар кеңістікте орын алады, уақыт ішінде өзгеріп, дамып отырады. Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс. Тек адамның нақтылы тәжірибесі арқылы ғана кеңістікті дұрыс тануға болады.

Уақытты қабылдау адамның эмоция – сезімдерімен, уақытты қалай өткізумен тығыз байланысты адамның көңілі қаншалық шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болады. Керісінше, адамның көңіл-күйі түсіңкі болса, адам уайымдаса немесе ол қайғы-қасірет шексе, уақыт та тым шабан өткендей болып қабылданады.

Уақыттың дұрыс қабылдануы, оның қандай мазмұнда болуымен байланысты. Әрекетсіз өткен ұзақ уақыт болып көрінсе, мазмұны әрекетке толы уақыт- тез өтетін сияқты болады. Сондықтан уақытты субъективті түрде болжамай тек объективті өлшеуіштермен өлшеген жөн болады.

5-лекция. Сенсорлық процестердің психофизикасы

мен психофизиоло гиялық заңдылықтары.

Түйсіну табалдырықтары. Табалдырық пен сезгіштікті өлшеу. Субсенсорлы диапазон. Сигналдарды табу теориясы. П сихофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы. Түйсінулерді өлшеу, шкалалау. Көру қабылдауындағы Фурье анализ. Табалдырықты өлшеу әдістері. Фехнер постулаты. Сенсорлық сапаларды зерттеу. Стивенстің психофизикасы.

Түйсінудің стимулдар мәселесі Англияның физиологы Хэд сезіну деңгейлерін өзінің көз-қарасы бойынша үлкен және кіші сонымен қоса үлкен филогенді және кіші филогенді деп бөлді.Бұл сезіну деңгейін зерттеу үшін өзінің бас бармағын кесіп бақылайды. Осы суреттен кейін Хэд сезіну деңгейін екі деңгейден тұратынын көрді. 1)Операциядан кейін бірнеше айдан соң ауруға деген тітіркендіргіш сезімі п.б және Т°-ға байланысты тітіркенді. 2)Бір жыл өткен соң саусағының сезінуді, сипауды, температураның өзгеруін сезіне бастады.Сол кезде ғана ауру жоғалады.Терінің ескі және жағымсыз бөлігін- протопатикалық Ал жіңішке әрі жаңасын- эксикритикалық сезіну деп бөлді.

Орбели Хэд жаңағы протопотикалық сезінудің ішінде эпикратикалық сезінудің құрамында болады деп есептеген. Осы екеуі қосылып- антагонистік болады деп сызып көрсеткен.

Орбели мен Панкратованың дәлелдеуінде мысықтың жүйке-жүйесі жарақаттанғанда, оның қатты тітіркенетіндігі және ауыратындығы белгілі болды.

1866 жылы Хэд-н бұрын орыс физиологы Данилевский зерттеген.Ол тері арқылы сезінгенде "тактильді сезіну" және" құштарлықты" сезіну деп қарастырды.Біріншісі жақсы ерекшелінеді, екіншісі жаман локализацияланады және жаман мінез болады Құштарлық Данилевский бойынша " ауру" деп есептеген.

Хэдтің ойынша, нерв пропорциялы талшықтан тұратындығын, олардың екі сезіну түрінен тұратындығын айтты.

Түйсіктің өзгеруі және оны өлшеу.

Түйсікті өлшеу дегеніміз оны есептеп шығару арқылы сандық баға беру. Сандық баға беру арқылы біз түйсіктің күшінінің қаншалықта деңгейде екенін анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы бір физика мен техникадағы сияқты өлшеу шкала болуы керек. Ол үшін көптеген әдістер табылған болатын. Ғылымның өзінің өлшеу әдістері болып, ол математикалық өңдеуге берілсе сонда ғана ол нақты бекітілген ғылым болып табылады. Психология өзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырда танымал болды.

Ең алғашқы болып түйсік пен оған әсер ететін физикалық тітіркендіргіш арасындағы байланысты алғаш байқаған екі неміс ғалымдары- Эрнст Вебер пен Густав Фехнер болған. Олар осыған байланысты заң шығарған болатын. Ол заң Вебер-Фехнер заңы деп аталады. Ол негізгі психофизиологиялық заң б.т. Ол келесі түрде көрінеді.

S= K* Lg I+C

S- түйсіктің күші

I- түйсікті тудыратын физикалық стимулдың шамасы.

K мен C- сезім мүшелеріне байланысты константа.

Бұл заңға сәйкес түйсіктің күші берілген физикалық стимулдардың шамасының логарифмдік өсуіне байланысты.

Түйсік терді не үшін өлшеу керек? Психология нақты ғылым болуы үшін. Түйсіктерді өлшеу арқылы адамның қабылдап отырғанының реалды образдарын анықтауға болады.

Түйсіктерді анықтауда абсолютті және айыру табалдырықтар түсінігі бар. Абсолютті табалдырық дегеніміз минималды тітіркендіргіш берілгендегі түйсінудің тууы б.т. Ал айырма табалдырық дегеніміз екі түйсік арасындағы айырма табалдырықты анықтау б.т.

Субьективті шкалаларды зерттеу.

Статикалы-динамикалық түйсінулердің жалпы сипаты, жылдамдату және теңесу түйсінуі. Бірөлшемді шкалалау. Шкалалау типтері. Көпөлшемді шкалалау. Тура шкалалау. Фигура және фон. Үшінші өлшеуді қабылдау – алыстату, тереңдікті қабылдау: таңдамалы, бинокулярлы, трансформациялық оның негізгі эксперименттері.

Төмендегі әдістер бала түйсінуін жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда балалардың тұтас образдарды құрастыра біліп, соған байланысты ой қорытынды жасай алу қабілеті анықталады. Соңғы айтылған сипаттың енгізілуі балалардың дамуының интеллектуализациямен байланысына қатысты айтылып отыр.

1-ші әдіс: «Суреттерде не жетіспейді?»

Бұл әдістің негізі балаға төменде көрсетілген суреттер сериясын ұсынады. Әр суретте белгілі бір детальдар жетіспейді. Бала сол суретте жетіспейтін детальдарды тез арада тауып, айтуы керек.

Осы психодиагностиканы өткізуші адам секундомер арқылы баланың тапқан уақытын тіркеп отырады. Жұмыс уақытына байланысты баллдар беріледі, сол арқылы баланың түйсінуінің деңгейін анықтайды.

6-лекция. Қабылдау теориялары мен негізгі ықпалдар.

Қабылдау және іс- әрекет

Қабылдаудың гештальттеориялары. Объективті, субъективті бағдарлаушы ықпалдар (Э. Титченердің структуралистік теориясы, Г. Гельмголцтың санасыз ой қорытындысы теориясы, Дж. Брунердің перцептивті цикл теориясы). Перцептивті теңесу теориясы. Өабылдау теориялары (Г. Гельмгольц, И.М. Сеечнов, Н.Н. Ланге). Қабылдауды психофизикалық теориялары (Дж. Гибсон, Э. Гибсон, К. Грехем, Х. Хелсон). Перцептивті іс әрекет. Кеңес психологиясындағы қабылдауға деген іс әрекеттік ықпал. Қабылдау деңгейлері.

Қоршаған сыртқы әлем жағдайы туралы немесе өзіміздің денеміздің жағдайы туралы мәлімет беретін әртүрлі аферентті жүйелер өздерімен бейнеленген құбылыстарға төменгі немесе жоғарғы сезімділікпен байқалады. Олар осындай құбылыстарды жоғарғы немесе төменгі нақтылықпен бейнелей алады. Осы жерден келесі сұрақ туындайды: осындай немесе өзгеше жағдайларда туындайдың біздің әртүрлі рецепторларымыздың сезімділігі қандай?

Психофизтологиядағы рецепторлардың сезімділігін физикадағы приборлардың сезімділігімен теңестіруге болады. Егер біз бір гольвонометрді келесімен салыстырғанда сезімділірек днп бағаласақ, онда ол келесі гольвонометрге қарағанда аз ғана тоқ қысымына жауап қайтара алады. Әртүрлі сезім мүшелерінің сезімділігін дәл сол кезде тітіркену тудыра алатын түйсіктер арқылы өлшей аламыз. Осындай түйсік тудыра алатын минималды тітіркенішті – түйсіктің абсолютті порогы деп айтамыз.

Сезімділікті Е әрінімен белгілесек, ал порогты қыздырғыштың көлемін r әріпімен белгілесек, біз келесі теңдікті Е = 1/R аламыз. Басқа сөзбен айтқанда, неғұрлым порог аз болса, соғұрлым сезімділік


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: