Роль дополнительных источников в исследовании

Дополнительные источники расширяют возможности научного исследования. Они позволяют осуществлять основные принципы историзма и особенно объективизма в истории.

Например, в исследовании посвященном аваровизантийским отношениям кроме основных источников, отражающих свидетельства очевидцев присутствуют дополнительные источники написанные в более поздний период, имеющие информацию о данной проблеме, подтверждающие факты, описанные в источниках более раннего происхождения и позволяющие выявить достоверность ранее используемых документов, а так же сведения об археологических находках отражающих последствия процесса аваровизантийских отношений.

Дополнительные источники в данном исследовании призваны подтвердить, либо опровергнуть факты сведения основных источников – труды византийских авторов. Тем не менее, на данный момент в науке нет ни одного примера лично аварских письменных источников. Согласно исследованиям И. Эрдели, вопрос о наличии письменности в Аварском каганате является проблемным для исторической науки. Чисто аварскими по происхождению, на данный момент, могут считаться только археологические источники. Поэтому сведения, полученные из письменных источников будут, с одной стороны, односторонними, и не смогут в полной мере отразить адекватную картину аваро-византийских отношений в раннем средневековье. С другой стороны, это бесценные факты, во многом свидетельства очевидцев тех событий давно минувших дней, важностью которых, для научного исследования мы не имеем права пренебрегать, но обязаны исследовать критически и всесторонне.

9 -10 - дәрістер. Тарихнаманың жалпыметодологиялық принциптері және әдістері

Тарихнаманың зерттеу принциптері

Принциптер логикалық және тарихи сипатта өткен кезеңдердегі тарихтан, дүниетанымнан олардың жалғасы ретінде шығарылады. Табиғат та, адамзат та принциптерді бейнелемейді, керісінше принциптер ақиқатты, себебі олар табиғат пен тарихқа сәйкес келеді. Принциптер - зерттеудің тоқтайтын пункті емес, оның қорытынды нәтижесі. Осы идеялар ғылымдағы принциптің жетекші желісі, ғалым қызметінің негізгі ережесі оның ішкі сенімі екендігін көрсетеді.

Принциптердің қатарында саяси және әлеуметтік құбылыстарға талдау жасауда, баға беруде, сондай-ақ ғылыми тұжырымдамаларда қолданылатын жалпыметодологиялық түрлері анықтаушы болып табылады. Олар табиғат пен қоғамның объективті заңдылықтарын теориялық тану негізінде пайда болған негізгі дүниетанымдық бағыттар. Принциптер объективті шындыққа, ғылыми білімге сүйене отырып, кездейсоқ ойдан шығарылмайды. Тарихнамада жалпыметодологиялық принциптер “тірек пункті” ретінде таным үшін нақты пайдаланылып, ғылыми білімнің осы саласының, оның мақсат, міндеттерінен шыға отырып, өзіне тән көрініске ие болады.

Осылайша принциптер дегеніміз ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың объективті заңдарын оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағынада заңдылықтар іспеттес болады. Әйтсе де олардың арасында айырмашылық бар: заңдылықтар объективті түрде зерттеушіден тыс әрекет етеді, ал принциптер логикалық категория, олар табиғатта емес, адамдардың санасында өмір сүреді.

Тарихи зерттеулер методологиясында басты орынды тарихилық, объективтілік, әлеуметтік принциптер алады. Тарихилық және объективтілік принциптерінің тарихи оқиғалар мен құбылыстардың шынайы сипатын, мән- мазмұнын ашудағы маңызы зор. Сондықтан олар тарихшылар үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде басты принциптерге айналулары тиіс.

Тарих ғылымының теориялық принциптері тарихнамаға да тән. Алайда олардың біраз айырмашылықтары бар. Мәселен, тарихнамадағы объективтілік принципі зерттеушілердің белгілі бір тарихи оқиғалар мен процестерді талдауда шынайы пікір танытып, тұжырым жасауын таразылап, олардың шынайылығын анықтауда жетекші рөл атқарады. Осы объективтілік арқылы тарихнамашы зерттеушілердің тарихи оқиғалар мен құбылыстарды шынайы түрде ашу деңгейіне баға береді. Ғылыми еңбектердің әртүрлі кезеңдерде жазылып, жариялануына байланысты зерттеушілер шынайы оқиғаны бұрмалап көрсетіп немесе ол туралы айтпай кетуі де мүмкін. Мұндай методологиялық принциптерден ауытқу кеңес дәуірінде біршама етек алды. Себебі тарихшылар тарихи оқиғалар мен процестерді тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеологияның үстемдігі кезінде объективті түрде көрсете алмады. Ал керісінше, тәуелсіз Қазақстан кезеңінде ізденушілерге бұрын-соңды айтылмаған шындықты ашып көрсетіп, бұрмаланған оқиғалардың ақиқатын айқындауға мол мүмкіндіктер туды.

Аталған принциптердің ішінде тарихилық ең басты рөл атқарады. Тарихилық танымның жалпы методологиялық принципі болып табылады. Ғылыми танымда ол өзіндік, дербес маңызға ие болады. Тарихилық принципі арқылы тарихи оқиғалар мен процестердің, олардың пайда болуы және дамуының, нақты жағдайлармен байланысының зерттелу деңгейін айқындауға болады. Осы принцип құбылыстардың сандық және сапалық, жалпылама, дара ерекшеліктерін тануға жол ашады. Тарихилықтың келесі таным функциясы мынада: принцип шынайылық туралы білімді нақтыландыруға және дәйектей түсуге мүмкіндік береді. Тарихилық принципті бұрмалау тарихшыны ғана емес тарихнамашыны да қателіктерге ұрындырып, салдары ғылым мен қоғам үшін қауіпті болады. Тарихилық принципті дұрыс ұстанған тарихнамашыға тарихи дәуірлер мен кезеңдердің мерзімдерін дәл анықтауға, процестердің себептерін, барысы мен нәтижелерін, салдарларын, маңызын айқындауға қолайлы жағдай жасалады. Тарихилықтың тағы бір маңызы ол арқылы қоғам мен әлеуметтік топтардың, тұлғаның рөлін, тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады.

Тарихилық принципінің басты талаптарының бірі - тарихнамада кезеңдер мен сатыларды, олардың дамуын уақыт желісі және заңды сабақтастық негізінде қарастыру, өткендегі оқиғаларды, құбылыстарды зерттеуде тарихи бағытты ұстану. Кезеңдер мен сатылар өзіне тән заңдары бар аяқталған цикл ретінде талданады. Тарихилық тарихнамада тарих ғылымының дамуындағы кезеңдер мен сатылардың ауысымын талдауда ғана көрінбейді. Бұл тұрғыда осы процестің әлеуметтік тарихи прогресінің заңдылықтарын айқындайтын алғышарттары анықталады. Осылайша жалпыметодологиялық тарихилық принципі тарихнамада тарихи білімнің дамуын бір жағынан олардың пайда болуы бойынша хронологиялық кезекте, екінші жағынан тұжырымдамалық бірлікте зерттеуге мүмкіндік береді.

Тарихилық принципі тарихнаманың дамуын, оның сатыларының сабақтастығын, тарихи білімнің өткенін, қазіргісін және болашағын тұтас қамту тұрғысында түсінуде анықтауыш болып табылады. Осы турасында мына төмендегі жайтқа назар аударайық. Тарихнамалық фактідегі қазіргі кезең тарихтың бір бөлігі, ол дамушы тарихи шындық. Тарихнамалық фактіде қазіргі кезең үшін айтарлықтай маңызды емес, бірақ болашақта өзектілікке ие болатын тұстары кездеседі. Сондықтан да тарихнамалық фактіні қазіргі кезең биігінен зерттеу тарихнамаға саяси өткірлік береді. Бұл ғылым үшін қауіпті құбылыс.

Тарихилық принцип тарихнамалық фактінің жеткіліктілігін анықтауда қолданылады. Ғылымда баршаға мәлім, тарихнамашы көбінесе белгілі болған, ғылыми айналымға түскен фактілермен жұмыс істейді. Дегенмен тарихнамашының назарынан тыс қалған фактілердің де болуы ғажап емес. Осыған орай тарихнамашы тарихилық принципін пайдалана отырып жаңа фактілердің негізін анықтап, ғылыми айналымға түспеуінің, ғылыми білімнің игілігіне айналмауының себептерін көрсетуі тиіс.

Тарихнамалық шығармашылықта жекелеген тарихнамалық фактіні мысалы, тарихшының еңбегін зерттеуді талап ететін ахуал пайда болады. Тарихшының еңбегі тарихи білімнің жалпылама процесінің негізінде талдануы қажет. Сондықтан да жекелеген жұмыстар, олардың әдебиетттердің жалпы ағымындағы маңызы мен орны әділ бағаланып, белгілі бір кезеңдегі ғылыми тенденцияларға сәйкестігі айқындалуы керек. Бұл жерде тарихилық принцип жекелеген тарихнамалық құбылыстарды жалпы процеске қарсы қою емес оның бір бөлшегі ретінде зерттеуге септеседі.

Жалпыметодологиялық тарихилық принцип тарихшыларды екі топқа бөледі: біріншісі өткенді және қазіргіні объективті тану арқылы болашақты болжауға ұмтылатындар, екіншісі өткенге оқиғалардың хроникасы ретінде қарайтындар.

Тарихилық методологиялық принцип ретінде тарихи оқиғаларды, көзқарастарды, оларды танудың тарихи әдістерін біріктіреді.

Әлеуметтік принцип - тарих ғылымының, сондай-ақ тарихнаманың қажетті принциптерінің бірі. Кейде бұл принципті партиялық деп те атайды. Партиялық сөзі саяси партия деген ұғымды білдірмейді, ол қоғамның әлеуметтік құрылымымен, топтарымен тығыз байланысты ұғым.

Маркстік-лениндік методологияда кез-келген тарихи процесс әлеуметтік таптық тұрғыда қарастырылып, партиялық принципте баға беру біржақты пікір, тұжырым түйіндеуге негіз қалады. Мұның өзі партиялық принциптен бас тарту дегенді білдірмейді. Себебі әлеуметтік принцип арқылы ғана тарихнамалық фактілердің қалыптасу ортасын, сипатын анықтауға болады. Маркстік-лениндік методология шеңберінде партиялық принцип тап күресінің аясында қалып, кейде бұл принцип таптық бағыт деп те аталды. Ал маркстік - лениндік методологияның күйреуіне орай оны сынап, жоққа шығару үрдісі орын алды. Мұндай ахуал тарихи оқиғалар мен процестерге объективті баға беруден гөрі белгілі бір қоғамдық-саяси кезеңнің талаптарының зерттеушілерге ықпалын көбірек аңғартады. Тап күресі орын алған тарихи кезеңдерді таптық тұрғыдан көрсету өткеннің шындығын бұрмалаусыз реттеу деген сөз.

Әлеуметтік принцип объективті шындықты көрсете отырып, алдын-ала пікір қалыптастыруға жол бермейді, кез-келген құбылысты оның әлеуметтік алғышарттары тұрғысынан нақты талдауды талап етеді.

Әлеуметтік принцип тарихнамалық фактілер мен құбылыстардың сипатын олардың шынайы нәтижелері бойынша баға берудің қажеттілігін көрсетеді. Олар ғылыми білімге “ұласу” тұрғысында шынайы маңызына орай бағаланады. Қарастырылатын еңбектердегі әлеуметтік принциптің сақталғандығы жөнінде тарихнамашыға баға беруде мүмкіндік тудыратын белгісі тарихи материалды талдау болып табылады. Аталмыш принцип тарихнамалық талдау жасауда зерттеушіге тарихнамалық деректердің әлеуметтік ортасын, тарихнамашының ұлттық, таптық мүддесін ескеруде қажетті болып саналады. Сонымен қатар әлеуметтік тарихнамалық құбылыстардың өзектілігін айқындауға да негіз болады. Бұл жерде өзекті болып ғылым дамуының кез-келген кезеңіне жататын, тарихи білімді алдыға жылжытуда прогрессивті рөл атқаратын тарихнамалық факт саналады. Тарихнамашы әлеуметтік принципті ғылыми пікір-талас тәрізді тарихнамалық фактіні талдауда басшылыққа алады. Айта кетерлік жайт, бұл принцип тарихнамалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуында әлеуметтік -саяси және тарихи шарттардың ерекшеліктерін ескергенде ғана іске қосылады немесе әрекет етеді.

Жалпыметодологиялық әлеуметтік принцип өзінің нақты қолданысында тарихилық принципімен диалектикалық бірлікте пайдаланылады.

Соңғы уақыттардағы посткеңестік кеңістіктегі саяси өзгерістер зерделі тарихшыға өткенді терең зерттеп, тарихи оқиғалар мен процестердің шынайы бағасын беруге жағдай жасады. Тарихшы зерттеушілерге тарихты “Тарих жекелеген адамдардың, таптар мен партиялардың еркі мен санасына байланысты емес” және “Тарих өз мақсатын көздеген адам қызметі” деген екі қағиданы байланыстыра зерттеуге мүмкіндіктер туды. Мұндайда зерттеуші екі қағиданың екеуін де жоққа шығармай тарихтағы заңдылықтарды тануға ұмтылуы тиіс. Әміршіл- әкімшіл басқару кезінде орныққан “тарихты халық жасайды” деген тұжырымды әрбір тарихи дәуірде тарихты жеке адам, субъект қалыптастыратындығы туралы қағида толықтыруы қажет. Мұндай тұжырымның тарихнамаға да тікелей қатысты екендігі даусыз.

Тарихнаманың зерттеу әдістері

Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихнамалық процестің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді. Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажетті материал бере алады.

Тарихнамадағы зерттеу, яғни ғылыми әдістер - бұл тарихнамашының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудегі саналы тәсілдер мен жолдар. Әдіс - тарихи заңдылықтарды оның нақты көріністері тарихи фактілер, фактілерден жаңа білімді шығару жолдарын зерттеудің тәсілі. Әдістер тарихнамашының қызметін рационалдандырып, ғылыми зерттеуде пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп тарихнамашының ғылыми ізденістерінің методологиялық бағыты айқындала түседі.

Ғылымда тиімді әдістерді пайдалану мынадай факторларға байланысты болады; ғылымның даму деңгейі, зерттеушінің біліктілігі, оның әлеуметтік позициясы, дәстүрлер және т.б. тарихнамадағы тарихи салыстырулардың, теңеулердің, параллелдердің және т.б. маңызы зор. Осындай “қасиеттерді” салыстырмалы-тарихи әдіс өз бойына жинаған. Бұл әдіс басқалардың арасында алдыңғы орынды иеленеді, себебі тарихилықтағы әмбебап потенцияны біріктіреді, тарих ғылымының болашағын болжауға қолайлы жағдай тудырады.

Тарихнамада осы әдіс өзінің мақсат-міндеттерінен шыға отырып, белгілі бір тарихи жағдайда пайда болып, әртүрлі даму сатыларында түбегейлі өзгеріп отырған, әрекет еткен тарихнамалық фактілерді оқып-үйренуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс тарихнамада сонымен қатар жекелеген тарихи сатыларда қалыптасып, тарихи білімнің жаңа міндеттері мен шарттарына қарамастан қайталанатын құбылыстардың алғышарттарын, себептерін айқындауда аса қажет. Қайталанатын тарихнамалық фактілердің себептерін ашуда тарихнамашы салыстыратын құбылыстың ең алғашқы интерпретациясына назар аударуы тиіс. Аталмыш әдіс генетикалық туыстастықтағы, бірақ шығу тегі жағынан бір-бірімен байланыспаған, дегенмен біртұтас тарихнамалық ахуалға әрекет еткен фактілерді салыстыруда жиі қолданылады. Ескеретін жайт, салыстыратын құбылыстардың ортақ белгілері болуы тиіс. Оның үстіне тәжірибеде салыстырмалы тарихи әдісті пайдалану тарихнамашыны тарихты бұрмалау мен жаңсақ етуден сақтандырады.

Салыстырмалы-тарихи әдіс - тарих ғылымында жинақталған терең білімді айқын көрсетуге, ғылымның дамуы заңдылықтарын анықтауға, пікір өрісінің тарлығынан босауға, тарих ғылымын ары қарай дамытуға жағдай жасайтын тарихнамадағы қолайлы әдістердің бірі. Салыстыру тарихнама үшін аса қажет, өйткені осы әдіс арқылы бұрын белгісіз болып, зерттелмей келген тарихнамалық факт ғылыми айналымға енген, тарихнамашының тиісті бағасына ие болған деректер өзара салыстырылады. Салыстырмалы - тарихи әдіс ғылыми әдебиеттерге енген қате пайымдаулардың, бірнеше рет қайталанған кемшіліктердің себептерін анықтауда, сондай-ақ оларды болашақта болдырмаудың алдын-алуда елеулі рөл атқарады.

Аталмыш ғылыми әдіс тарихнамада нақты талдау тәсілін қолдануға жол ашады. Нақты талдауға теориялық және нақты-тарихи зерттеудің өзара тоғысуларының негізінде қол жеткізіледі, себебі мәселенің тарихы мен теориясы бір-бірімен тығыз байланыстағы, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын ғылыми таным тұстары болып табылады.

Тарихнамадағы нақты талдау тарихнамалық құбылыстарды олардың пайда болуы мен өзара ықпал ету шарттарын ескеріп, теориялық фактілік материалдарды және көптүрлі элементтердің бірлігі ретінде зерттеу дегенді білдіреді.

Нақтыландыру - ғылымды дамытудағы белгілі себептерді айқындауға, тақырыпты кеңейтуге бұрын зерттелмеген тақырыптарды шығаруға, жаңа идеяларды, пайымдауларды, қорытындыларды қалыптастыруға қажетті алғышарттарды іздеу. Көптүрліліктің бірлігі осылайша пайда болады. Осылайша нақты талдауды тарихнама ғылымын дамытудың маңызды әдістерінің бірі, оның “жаны” деп санауға болады.

Тарихнама өзінің зерттеу арсеналында логикалық талдау әдісіне ие. Логикалық әдісте тарихнамалық талдаудың үлкен мүмкіндіктері шоғырланған. Ол - тарихнамалық фактінің өзіне тән белгілерін, ерекшеліктерін, оның көпқабатты құрылымын, өзге де тарихнамалық құбылыстармен арақатынастарын ашуға қолайлы әдіс. Осы әдіс арқылы басты тарихнамалық факт анықталады. Аталмыш әдісті пайдалану білімнің жинақталу процесінің қиындықтарын айналып өтпей, керісінше тарих ғылымын объективті түрде зерттеу деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді. Тарихнамада логикалық талдауды бірнеше деңгейлерде жүргізуге болады. Оның алғашқысында тарих ғылымындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғалар талданады. Осы деңгейде негізінен формалды логика қолданылады. Келесі, екінші деңгей белгілі бір тарихи кезең немесе саты шеңберіндегі тарих ғылымының дамуын талдауды қамтиды. Осы жерде ғылым дамуындағы жалпылама, әртүрлілік, ерекшелік анықталады. Үшінші деңгейде диалектикалық логиканың көмегімен талдаудан синтезге, тарихи білімді дамытудың жинақталған тәжірибесінен теориялық қорытындылауға өту жүреді.

Логикалық позитивизм де тарихнамада кеңінен қолданылады. Ол тарихнамалық фактілерді олардың өзара байланысының процесі позициясынан зерттеуге қолайлы жағдай жасайды. Мұнда жекелеген сатылар мен кезеңдер тарихнамалық білімді тереңдету және жинақтаудың объективті заңдылықтарын ашу мақсатында салыстырылады. Бұл әдісте тарихнама үшін хронологиялық баяндаудың аса маңызды функциясы орын алған. Аталған әдіс арқылы ғылыми ойдың, яғни тұжырымдамалардың, көзқарастардың, идеялардың хронологиялық сабақтастықтағы қозғалысы қарастырылады. Нәтижесінде генетикалық бір-бірімен байланыстағы және қайталанатын тарихнамалық фактілердің тізбесі пайда болады. Осы тізбені құрайтын фактілерді таңдауды зерттеу тақырыбының құзырына беріледі. Ал оларды хронологиялық ретке қою ғалымды уақыт өткен сайын бір жағынан әртүрлі сипаттағы құбылыстарды ескеруге мәжбүр етеді. Зерттеудің мерзімдемелік әдісі кейде тарихнамалық талдау жасауға қолайсыз болады. Мұндай жағдайда тарихнамашы мерзімдемелік әдістің бір түрі болып табылатын проблемалық - мерзімдемелік әдісті ұстанады. Проблемалық - мерзімдемелік әдіс ауқымды кең тақырыпты бірнеше ықшам проблемаларға бөлу арқылы зерттеуде ұтымды. Әрбір шағын мәселе тарихнамалық фактлерді бірінен соң бірін мерзімдемелік кезекке қою арқылы қарастырылады.

Қазіргі кезеңде республикадағы тарихшы зерттеушілер көбіне осы әдісті пайдаланады. Бұл бір жағынан мәселенің әртүрлі кезеңдерде қойылымын көрсетсе, екінші жағынан тақырыпты терең зерттеуге ықпал етеді. Тарихнамалық деректерді осындай бөліністе зерттеудің артықшылығы, сондай-ақ осалдығы бар. Тиімді тұсы сол, жекелеген тарихнамалық фактілердің әрекетін терең меңгеруге, түсінуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай бағыт тарих ғылымының тарихының даму заңдылықтарын мен қозғалысын анықтауда жеткіліксіз әрі салдары жағымсыз болып келеді.

Қазіргі тарихнамалық тәжірибеде хронологиялық және проблемалық хронологиялық әдістер бірін-бірі толықтыра, тұтаса келіп, жиі қолданылады.

Тарихшылар мен тарихнамашылардың үнемі пайдаланатын әдістерінің бірі - мерзімдемелік әдіс. Бір тарихи кезеңнен екінші кезеңді ажырата білу мерзімдеменің теориялық негізі болып табылады. Мұндай бағыт тарихтың заңдылықтарын зерделеуге бағытталған.

Мерзімдемелік әдіс тарихнамалық фактілерді олардың өзара байланысы процесіндегі позиция тұрғысында жекелеген сатылар мен кезеңдер тарихнамалық білімді жинақтаудың және тереңдетудің объективті заңдылықтарын айқындау мақсатында теңестіріліп зерттеуге жағдай жасайды. Мерзімдемелікті зерттеу әдісі ретінде пайдалану, оның ғылымилығы ең алдымен мерзімдеменің критерийлерін таңдап алумен байланысты. Тарихнамада, тарих ғылымында тәрізді критерийлер болып қоғам өміріндегі фактор және солармен байланыстағы тарихи білімнің дамуындағы объективті, субъективті элементтер саналады. Сондай-ақ осы ереже мына төмендегілер арқылы нақтыландырылады: тарихнамадағы мерзімдемеліктің критерийі тарих ғылымын дамытудағы сапалы өзгерістер, тарихи шығармашылықтың әдістері мен сипатының трансформациясы, оның ұйымдастыру түрі. Хронологиялық шеңбер түрінде белгіленген мерзімдемелік әдісті пайдалану тарихи ғылыми білімнің қалыптасуы мен дамуы процесіне терең үңілуге мүмкіндік береді.

Тарихнамадағы субъективті фактор ғылымның жағдайын тікелей сипаттап береді. Зерттелуге тиіс мәселелер ауқымының кеңеюі, ғылыми мекемелер қызметінің сипаты мен міндеттері, тың деректерді ғылыми айналымға түсіру, т. б. Объективті және субъективті факторлардың ғылымға ықпал етуі тікелей әрі тура болмайды, себебі көп жағдайда гуманитарлық ғылымдар саяси сананы бейнелейді.

Тарихнаманың методологиялық негіздерін толықтыратын мәселенің бірі тарихнамалық мерзімдеме қалыптастыру. Мұны жоғарыда айтқан мерзімдемелік әдіспен шатастыруға болмайды. Кез-келген мәселенің зерттелу деңгейін анықтау тарихнамалық кезеңдерге бөлуді талап етеді. Мерзімдеме әр кезеңдегі тарихи еңбектердің жариялануына, ерекшеліктеріне байланысты жасалады. Тарихнамалық деректерді, тарихи еңбектерді, т.б. кезеңдерге бөліп талдау зерттеудің тереңдігі мен құндылығына әсерін тигізеді.

Тарихнама үшін ғылымды дамытуда ретроспективті талдау айтарлықтай маңызға ие болады. Ретроспективті әдістің мәні тарихи оқиғаларды зерттеуде зерттеушінің ой-пікірлер қозғалысы процесінің қазіргі кезеңнен өткенге қарай жүруін зерттеу. Қазіргі кезде сақталған көне тарихтың элементтерін оқып- үйрену, солардың негізінде тарихтағы оқиғалар мен құбылыстарды қайта жаңғырту ретроспективті әдістің басты функциясы болып саналады. Біруақытта бұл әдіс кейінгі тарихи тәжірибеде зерттеулердегі қорытындыларды тексеруде тиімді. Ретроспективті әдістің методологиялық негізі - өткеннің, қазіргінің және болашақтың бірлігі туралы ұстаным.

Тарихнамадағы ретроспекция қазіргі кезеңдегі білімді оның өткен уақыттардағы жағдайын оқып-үйренуге пайдалануда елеулі нәтижелерге қол жеткізеді. Мұнда тарихты біртұтас заңды процесс ретіндегі ұғымға жетелейтін адамзат жинақтаған тәжірибе үлкен рөл атқарады. Әрбір жаңа саты өзінің алдындағы кезеңнің элементтерін бойында сақтайды.

Тарихнамадағы ретроспекция бірнеше деңгейде іске асырылады. Солардың алғашқысы бұл - аталмыш ғылымдағы қазіргі заманғы теориялық және методологиялық ережелерді ғылыми ойдың қалыптасуы мен дамуы процесін, оның прогрессивтілігін немесе регрессивтілігін, сондай-ақ тарихнамалық қорытындыларды, тұжырымдарды алу жолдарын айқындауда пайдалану. Екіншісі - тарихнамалық деректанудың жетістіктерін тарихнама бойынша дайындалатын жұмыстардың деректік негіздерін талдауда пайдалану. Үшіншісі - қазіргі заманғы тарихнаманың себеп - салдарларының байланысын өткен кезеңдерде оның дамуындағы ұқсас құбылыстарды талдау үшін пайдалану. Осы деңгей өткен мен қазіргінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің арасында ерекше көрініс табатын күмән келтірмейтін фактісіне негізделеді. Отандық тарихнама ғылымын жан-жақты дамытқан сайын ретроспекцияны пайдаланудың жаңа деңгейлері ашылуы мүмкін.

Тарихнамада өзектілік әдісін пайдаланған тиімді. Өзектілік ғылыми білімнің құндылықтарын қазіргі және болашақ уақыт үшін айқындау дегенді білдіреді. Тәжірибеде өзектілік әдісін қолдану тарихи білімнің ғылымды дамытудағы маңызын анықтауда мол мүмкіндіктер тудырады. Сонымен қатар өзектілік әдісі тарих ғылымының болашақта дамуы үшін ғылыми болжамдар жасауға, басты тенденцияларды айқындау және олардың өткеннен қазіргіге қарай өзгеруін көрсетуге жол ашады. Бір уақытта ол тарихнамашының келешек қызметіне тарих сабақтарының негізінде тәжірибелік ұсыныстар жасауға мүмкіндік беріп, тарихтағы ақтаңдақтарды жоюға септеседі.

Айта кетерлік жайт, тарихнамадағы өзектілік тек қазіргі кезеңдегі проблемаларды зерттеу дегенді білдірмейді. Әрине, қазіргі заманның мәселелерін қарастыру аса қажет, дегенмен бүгінгі күннің зәру тақырыптарын талдау ғылымды тың тұжырымдармен байытады.

Тарихнама перспективтілік әдісін де қолдана алады. Бұл әдісті пайдаланудың қажеттілігі өзінің бойына өткен мен қазіргіні жинақтаған тарих ғылымының мәніне тікелей қатысты. Тарих ғылымының болашағын болжау оның өткені мен қазіргі уақыттағы дамуы, ғылымның қозғалыс заңдарын тану туралы шынайы тұжырым жасай алуымен байланысты. Перспективті бағыттарды, тақырыптарды, проблемаларды анықтау, зерттеу жұмысының өткен тарихи сатылардағы ізденіс деңгейіне байланысты. Өткен кезеңдердегі тарих ғылымының заңды дамуы туралы білім қазіргі уақытқа дұрыс бағыт алудың және болашақты болжаудың алғы шарттары болып саналады. Тарихнамадағы перспективтілік ғылым дамуының алдыңғы сатыларындағы тарихи білімді талдауымен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттегі саяси билікке, идеологияға, қоғам дамуындағы сұраныстарға да тығыз байланысты болады.

Тарихнамалық талдауда жүйелілік әдісі де қолданылады. Осы әдістің және оның мүмкіндіктерінің негізінде тарихнамалық дамудың жалпы көрінісінен бір немесе бірнеше арнайы тақырыптар мен проблемалардың зерттелу жағдайын көруге, олардың өзара байланыстарының басты элементтерін анықтауға болады. Бұдан өзге анағұрлым дамыған тарихнамалық білімнің құрылымын, оның алғашқы сатыларын тануға жағдай жасайды.

Тарихнама басқа да ғылымдардан түрлі әдістерді, сондай-ақ аралас әдістерді пайдаланады. Мұндай әдістерді пайдалану зерттеу тәжірибесінде аса маңызды, өйткені ғылымның интеграциялану процесі бір ғылымның екінші бір ғылымнан зерттеу әдістерін алудан көрінеді. Мәселен, тарихнама ғылымы математика, әлеуметтану, тарихи демография ғылымдары кеңінен қолданатын статистикалық әдісті кітап, журнал жылнамаларын және өзге де мерзімді басылым материалдарын талдауда пайдаланады.

Жоғарыда көрсетілген әдістер тарихнамада қолданылатын ғылыми таным тәсілдерінің барлығын қамтымайды, алайда олар бірігіп тарихнамалық шығармашылықтың мықты іргетасын қалай алады. Дегенмен түрлі тарихнамалық мәселелерді тиімді түрде талдауда ғылыми әдістердің өзге, жаңа түрлерін пайдалануға болады. Десек те белгілі бір әдісті таңдап алу кездейсоқ әрі мақсатсыз сипатқа ие болмайды. Ғылыми әдісті таңдау тақырыпқа және зерттеудің өзіндік ерекшеліктеріне, сондай-ақ методологиялық принциптеріне байланысты жүреді.

11-дәріс. Тарихнамалық заңдылықтар

Тарихнамалық әдебиеттерде “заңдылықтар” және “заңдар” тақырыбы теориялық тұрғыда қарастырылмаған, десек те олардың кейбіреулері “стихиялы” түрде қолданылған. Көрсетілген проблеманың танымдық функциясы тарихнаманың қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты артады. Оның сипаты, мазмұны және мүмкіндіктеріне тарихнаманың өзінің заңдылықтары мен заңдарының негізіндегі пәні баға береді. Заңдылықтарды айқындау және қалыптастыру әртүрлі тарихнамалық ахуалдарда түрлі сипатта жүреді. Тарихнаманың заңдылықтары алдын-ала ашылмайды, зерттелетін фактінің өзгеруіне байланысты олар да өзгеріп, түрленіп отырады. Заңдылықтар солардың негізінде жаңа білім алу үшін ашылып, қолданылады, ал содан кейін алынған жаңа білім тарихнамашы-зерттеушінің ары қарайғы теориялық және тәжірибелік қызметінде пайдаланылады. Осылайша, заңдылықтарды ашу және пайдалану тарихнамалық жұмысты “тарихнамалық баяндау” деңгейінен ғылыми зерттеуге көтерілуіне жағдай жасайды.

Тарихнаманың заңдылықтарын танудағы объективті факторлардың үстемдігінің ерекше маңызы бар, өйткені тарихнама субъектінің- тарихнамашының әрекеттері арқылы іске қосылады, оның әлеуметтік көзқарастары және т.б. тарихнамалық тұжырымдардың, идеялардың, пікірлердің қалыптасуына әсер етпей қоймайды.

Тарихнаманың заңдылықтары өзіне тән белгілеріне қарай көрінеді. Бұл ең алдымен тарихнамашының өзі тапқан және өңдеген, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларда әрекет ететін заңдылықтар. Сондықтан да оларды тану көп жағдайда тарихтың тарихи білімін қалыптастыру теориясын терең түсінумен ғана емес, субъективті факторға баға берумен де тығыз байланысты. Тарихнаманың заңдылықтары әлеуметтік, психологиялық, эмоционалды, кәсіпқойлық ерекшеліктерді ескеруде жан-жақтылық әрі тереңділік қасиеттерге ие болады. Тарихнамашы әрекет еткен кезең заңдылықтарын, соның ішінде тарихнаманың заңдылықтарын түсіндіру өзінше әлеуметті әрі мүдделі. Осылайша жеке дара ерекшеліктері бар тарихнамашының зерттеу процесінде көрінетін заңдылықтар оның қызметінің объективті-тарихи шарттарымен тығыз байланысты. Объективтілік, логикалық және субъективтіліктің осы диалектикалық бірлігінде жетекші рөлді объективті фактор атқарады. Кез-келген заңдылық, соның ішінде тарихнамалық тәжірибеде әлдеқашан ғылымда белгілі болғанды әрі дәлелденгенді қайталау дегенді білдірмейді.

Тарихнамалық заңдылық жекелеген тарихшылардың іргелі еңбектеріндегі ой-пікірлерді зерттеу жолымен ғана емес, ғылыми ойдың тарихнаманың дамуының түрлі кезеңдеріндегі қозғалыс процесін көрсететін тарихи шығармашылықты талдау нәтижесінде орнатылады.

Тарих ғылымында әртүрлі тенденциялардың күресімен басылып тасталған, ғылымды жетілдірген немесе кедергі келтірген бірқатар тарихнамалық фактілерді түсінудің күрделілігі ашылмаған заңдылықтардың бар екендігіне куә болады. Заңдылықтарға қайшы келетін құбылыстар оларды жоймайды, тек олардың әрекетін әлсіретеді. Бұдан тарихнамалық заңдылықтардың ғылымның өзіне тән мүмкіндіктері мен қайшылықтарға толы даму процесіне терең ену нәтижесінде орнатылатындығына көз жеткізіледі. Оның мазмұны тарих ғылымының дамуындағы жетекші тенденцияларды айқындау жолымен ашылады. Бұл істе жекелеген кезеңдерді, яғни сатыларды зерттеудің маңызы зор.

Тарихнамалық теорияда және тәжірибеде “ескі” мен “жаңа” ғылымдарды шын мәнінде зерттеудің заңдарымен бірге салыстырудың бірқатар себептері бар. Тарихнамалық еңбекте әртүрлі бірін-бірі алмастырған сатылардағы ғылыми тарихи білімнің дамуы барысында алынған тарихи білімдердің жиынтығы талданады. Тарихнамашы тарихи шығармалардан орын алған әртүрлі танымдармен, бағыттармен, жаңа идеялармен, теріске шығарылған көзқарастармен зерттеу жұмысын жүргізеді. Объективті шындыққа жетудегі тарихшының өзгелермен ұқсас пікірлерін, айырмашылықтарын салыстыру, бір-бірімен теңестіру тарихнамалық щығармашылықтың басты аспектілерінің бірінен саналады.

“Ескі” және “жаңа” ғылымдарды салыстыруды іске асыру төмендегідей тарихнамалық жұмысты атқарған кезде қомақты нәтижелерге әкеледі: тарихи құбылыстардың қайталануына көз жеткізу, солар арқылы тарихнаманың заңдылықтарын орнату, тарихнаманың әртүрлі даму сатыларында тарихи білімнің тұтас немесе жекелеген проблемалар мен тақырыптардың қарастырылу деңгейін айқындау, зерттелетін тарихи процеске зерттеушілердің жаңа буынының қосқан үлесін анықтау, тарихи білімнің шынайылығын ашу, тарихи оқиғаларды баяндаудағы сыңаржақтықтың орын алуын көрсету, автордың ойға түйгендерін түсіну, тарихи білімнің қарастырылу және қол жеткізген мүмкіндіктерінің деңгейін анықтау.

Салыстыру тарихнамалық фактілердегі ұқсастық және ерекшеліктерді, жалпы немесе сәйкес келмейтін белгілерді, сондай - ақ өткен тарих ғылымындағы бірреттегі процестердегі дара, ерекше, жалпыламаны айқындауда қажет. Ортақ белгілері бар әртүрлі уақытта түрлі елдерде пайда болған тарихнамалық фактлердің айырмашылықтарын зерттеудің де маңызы айтарлықтай. Салыстырудың осындай заңдылығы тарихнмалық фактлерді генетикалық өзара байланыста және айырмашылықта зерттеуге барынша қолайлы жағдай тудырады.

“Ескі” және “жаңа”тарих ғылымын салыстыруды бірнеше деңгейде жүргізуге болады. Солардың арасында тарихнама ғылымын білімді жинақтау процесін хронологиялық кезекте қарастыру ерекше маңызды. Тарихнамалық зерттеудегі уақыт кезегін сақтау тарихнамалық шығармашылықтың бірнеше маңызды аспектлерін анықтау үшін қажет. Осы бағытты тарихи шығармалардың байланыстары мен ішкі бірлігін айқындауда пайдалану нәтижелі болып табылады.

Тарих ғылымында тәрізді тарихнамада да бірдей, мүлде ұқсас оқиғалар мен ахуалдар болмайды. Зерттеуші әрқашан түрлі тарихи және ұлттық негізде пайда болған құбылыстарды кездестіреді. Осындай әртүрлі құбылыстарда жалпылама тенденциялар байқалады және тарихтағы әлдеқашан белгілі болған типтік құбылыстар жаңадан қайта өңделеді. Осыған орай олардың арасында салыстыру жүргізуге болады. Осылайша, тарих ғылымының тарихын зерттеуде салыстыру тарихнамадағы заңдылықтарды орнатудың және оның күрделі міндеттерін шешудің маңызды құралы деген қорытынды жасауға болады.

Тарихнамада қоғамдық білімдердің жалпы заңдылықтары әрекет етеді, олар аталмыш ғылым саласының нысаны мен міндеттеріне сәйкес қолданылады. Тарихнамада ғылымтанудың және информатиканың заңдылықтары ерекше мәнге ие болады.

Осылайша біз тарихнамалық заңдылықтарды қарастырдық. Әрине тарихнаманың түйіткілдері бір ғана заңдылықтармен, кездейсоқтықтармен шектелмейді. Ғылымның методологиялық ұстанымдары, принциптері мен әдістері, зерттеу тәсілдері, бағыттары, жолдары,т.б. өте көп. Тарихнамашы солардың барлығын меңгеріп, ғылыми зерттеуде пайдалануы тиіс. Методологиялық “қаруланусыз” тарихнаманың шешуші мәселелерін зерттеу мүмкін емес. Тарихтың тарихы ғылымның методологиялық негіздерін зерттеу жүргізуде пайдаланған сәтте ғана оның дамуы туралы сөз етуге болады. Дегенмен ғылымның алдындағы мақсат эмпирикалық деңгейде ғана емес, теориялық білім жолымен іске асырылады. Мұның өзі тарихнама мен шолуграфияның айырмашылығын түсінуде аса маңызды.

12-дәріс. Тарихнамалық пәнаралық

Соңғы уақыттарда оқытудың жаңа технологияларына ден қойылып, оқып-үйренудің дербестігіне, өз бетінше ізденістер жүргізуге жіті мән берілуде. Сонымен қатар кез-келген пәнді, ғылымды жеке дара емес өзге де ғылымдардың, пәндердің көмегімен, пәнаралық байланыста оқыту мен оқып- үйрену заман талаптарына сәйкес іске асырылуда.

Тарихнамадағы пәнаралық оның өзіндік потенциясы сызылып тасталғанда өзара әрекет етуі ахуалының орын алғандығын білдірмейді. Бұл өзара әрекет көшбасшылық деңгейдің орнына емес қол жеткізілген бірпәнділіктің методологиялық мүмкіндіктерімен бірге өмір сүреді. Методологияның пәнаралық сипатындағы зерттеудің ерекше бір құндылығы теориялық қорытудың негізінде ғана емес, ғылымның әртүрлі саласында қолданылатын тәсілдердің жолымен синтездің көмегімен жаңа нәтижелерге қол жеткізеді. Бұдан өзге бүкіл тарихнама ғылымындағы зерттеудің қайта құрылуы мен бір мақсатты деңгейінің тура мүмкіндіктері ашылады. Тарихнамадағы пәнаралық өзінің “жариялығының” арқасында методологиялық арсеналына білімнің жетістіктерін енгізу, әдіснамалық дәйектерді тарихнамадан алыс ғылымдардан іздеу мүмкіндіктерін тудырады. Тарихнамадағы пәнаралықтың қажеттілігі онда бірқатар басқа ғылымдарда біршама қарастырылатын проблемалар шешіледі. Шешілуге тиіс проблемалар методологиялық арсеналды қарастыруда жалпыметодологиялық тарихилық, әлеуметтік принциптерді айқындауда, жалпы ғылыми және т.б. әдістерді қолдануда пайда болады. Оны шешудегі ортақ проблема және ортақ әдістер - бұл ғылымдардың потенциясын біріктіруші ерекше биіктік. Ол әртүрлі пәндердің көрінісін бір нүктеге тоғыстырады. Тарихнамадағы методологиялық проблемаларды оқып-үйренудегі пәнаралық процестің көпқырлылығы қоғамдық ғылымдардың мемлекеттегі саяси жүйемен, билікпен, саясатпен байланысты, өйткені тарих ғылымындағы оқиғалар мен құбылыстарды зерттеуде ізденушілер өздері өмір сүрген қоғамдағы идеологияға, саяси билікке тәуелді болады. Осыған орай тарихи саяси процестердің ықпалында дүниеге келген еңбектерді талдауда тарихнама ғылымдағы өзгерістерді айқын көрсетіп отырары хақ.

Пәнаралық бағыт және зерттеу тәсілдерін ұйымдастыру, жалпы ғылыми, өзге де әдістерді пайдалану пәндік генетикалық сәйкестіктен тәуелсіз, алайда ол теоретикалық ойлау қабілетін еселендіріп, нақты және синтездік ғылыми білімге негізделген тарихнамалық зерттеу проблемасын барынша күрделі әрі маңызды етеді. Осы тұрғыда тарихнама білімнің нақты салаларына жақындай түседі. Пәнаралық өзара әрекет проблемаларын оқып-үйренуде басқа ғылымдардың мәліметтерін пайдаланған зерттеуші тарихнамашының құзырлығы жөнінде мәселе туындайды. Жоғарыда көрсеткеніміздей жоғары білікті тарихшы ғана тарихнамашы бола алады. Ол қазіргі заманғы тарих ғылымының жағдайын жан -жақты білуі, сонымен бірге аралас әрі әртүрлі пәндердің білімдерін пайдалана алуы тиіс. Мұның өзі тарихнамашы әртүрлі ғылыми білім салаларының негіздерін игеру үшін үнемі жұмыс жүргізуі тиіс дегенді білдіреді.

Тарихнаманың пәнаралық білімі дүниеге келтірген методологиялық аспектілерінің мақсатын сәтті шешу үшін ғылыми жетістіктерді, әсіресе аралас немесе ғылыми пәндерден алыс ғылымдардың түсіндіруші аппаратын пайдалану қажет.

Тарихнама үшін тарихи оқиғалар мен процестерді қарастырған экономика, құқық, философия,т.б. ғылымдары бойынша дайындалған еңбектердің маңызы зор. Мұндай зерттеулерді қажет жағдайларда тарихшылар кеңінен пайдаланады. Тарихнамашының атқаратын маңызды міндеттерінің бірі жазушы, тілші, суретші, тағы сол сияқты өнер қайраткерлерінің тарихи көзқарастарын зерттеу болып табылады. Осыған орай айта кетерлік жайт, тарихнаманың зерттеу нысаны өте кең, соған сәйкес оның қызмет шеңбері де ауқымды.

Пәнаралықта тарихнама тарих ғылымының методологиясымен тығыз байланыс орнатады, өйткені ол аталмыш саланың аса маңызды теориялық мәселелерін көтереді. Тарихнаманың пәні ғылыми тарихи білімнің пайда болуы мен жинақталуын, тарихи ойдың дамуын, тарих ғылымының қалыптасуын, даму эволюциясын, тарихи таным мен ойдың әртүрлі сатыларының заңдылықтарын айқындау болғандықтан тарихи білімнің методологиясын терең зерттеу ғылым үшін аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан да тарихнаманы тарих ғылымының методологиясынсыз қарастыру мүмкін емес.

Тарихнамамен деректану ғылымы өте тығыз байланысты, себебі тарихнамалық деректерден өзге тарихнама тарихи зерттеулердің деректік негіздерін, тарихшылардың деректерді пайдалану сипатын зерттейді. Іргелі тарихнамалық зерттеулерде мәселенің деректік негіздерін талдауға жеке тараудың арналатындығы кездейсоқ құбылыс емес. Соңғы уақыттарда отандық тарих ғылымында дайындалған кандидаттық, әсіресе докторлық диссертацияларда ізденушілер өздері таңдап алған тақырып бойынша деректанулық талдаулар жүргізген. Алайда олардың көпшілігі талдаудан гөрі сипаттауға көбірек ұқсайды. Мұның өзі отандық ғылымда деректану саласы бойынша ғылыми мектептің қалыптаспағандығын, зерттеушілердің біліктіліктерінің, білім деңгейлерінің төмендігін байқатады. Бұл мәселеге баса назар аударудың қажеттілігін уақыттың өзі дәйектеп отыр. Деректанулық талдаулардың ғылыми деңгейін көтеріп қана қоймай, болашақта деректанудың тарихнамасынан іргелі зерттеулер дайындауымыз керек.

Тәжірибе көрсеткендей, соңғы уақыттарда тарихнама ғылымы бойынша жарияланған, жазылған зерттеулер құжаттық жарияланымдарды талдауды назардан тыс қалдырған. Ізденушілер тарихнамалық зерттеулерінде көбінесе тарихи еңбектерді таразылаумен шектелген. Құжаттық жарияланымдар тәуелсіздікке қол жеткізген тұста да, кеңестік кезеңде де аз жарық көрмеген. Айта кетерлік жайт, тарихнамашы үшін құжаттық жарияланыммен қоса тарихшының шығармашылығынан хабар беретін естеліктердің, күнделіктердің, хаттардың, т.б. деректердің маңызы зор. Ал мұрағат құжаттарын талдау ғылыми тарихи мекемелердің, зерттеу институттарының қалыптасуы мен дамуын жүйелі түрде көрсетуде айтарлықтай рөл атқарады.

Келесі тарихнама ғылымымен тығыз байланыста болатын қосалқы тарихи пән - тарихи библиография, өйткені библиографиялық ізденусіз тарихнамалық зерттеу жүргізу мүмкін емес. Тарихи библиография тарихшы- зерттеушіні библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін ғылыми тәжірибелік қызмет. Ғалымға библиографиялық құралдар, түрлі көрсеткіштер, анықтамалар, каталогтар, әдебиеттерге шолулар, тізімдер аса қажет.

Тарихнамашы үшін отан тарихы бойынша дәуірлер мен кезеңдерге бөлініп жасалған кешенді библиографиялық көрсеткіштердің тигізер көмегі орасан. Оларға Қазақстан тарихының қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерінде және кеңестік, тәуелсіздік жылдары жарияланған, мерзімдемелік ретке қойылған барлық монографиялар, ғылыми мақалалар, ұжымдық зерттеулер туралы қысқаша мәліметтер енгізілген. Бұл библиографиялық анықтамалардың ерекшеліктері ізденушіге сол еңбектердің катологтарда сақталуы туралы мәліметтер қоса беріліп, шифрлары көрсетілген.

Ретроспективті библиография тарих ғылымында қорытындылаушы функция атқарады, ғылымның жай-күйі мен тәжірибесін зерттеуге септеседі. Ал ағымдағы мемлекеттік библиография бүгінгі күнде тарих ғылымында белгілі болған білімді куәландырады.

Тарихи библиография мен тарихнаманы оларға ортақ материал тарихи әдебиет жақындастырады. Екеуіне де ортақ міндет - әдебиеттерге сыни бағыт, көзқарас таныту. Оларға материалды баяндаудың түрі - әдебиеттерге шолу тән. Егер тарихнамалық шолу ғылыми әдебиеттерге сыни талдау беріп, оларда баяндалған тарихи тұжырымдамалардың, заңдылықтардың мәнін ашып, даму қозғалысын, ауысымын көрсетсе, библиографиялық шолу әдебиеттің тақырыбын, мазмұндық құндылығын және оның басылымын айқындайды. Библиографиялық еңбектерге ғылыми зерттеулерден басқа танымал шығармалар, анықтамалық басылымдар, тарихи құжаттардың жарияланымдары және тарихи әдебиеттердің өзге де түрлері енгізіледі.

Тарихнамалық зерттеулер жүргізуде тарихи географияның алар орны айтарлықтай. Тарихи география тарихнамашыға тарихи оқиғалар мен процестердің географиялық ортасын айқындауда ғана емес, топонимикаға сүйене отырып, жер су атауларын дәл анықтауда қажет. Тарихилық принципіне негізделген тарихнамашы тарихшының келтірген жер-су атауларының зерттеліп отырған кезеңге сәйкестігін, яғни өз заманында дұрыс аталуын тексеруі тиіс. Берілген топонимикалық атаулардың қазіргі кездегі атауларын жақшаның ішінде көрсету тәрізді ғылым талабының бар екендігі естен шығарылмауға тиіс.

Тарихнамашыға тарихи зерттеулердің құжаттық негіздерін түсінуде дипломатиканың маңызы елеулі. Дипломатикалық әдісті қолдана отырып, тарихнамашы тарихи зерттеулердің тарихи-саяси, тарихи-экономикалық, тарихи-заңдық, тарихи-географиялық тұрғыдағы құжаттық негіздерін талдап, тарихшының сәйкесінше сол материалдарды пайдалану дәрежесін анықтай алады.

Тарихнамашының шежіре тарқатудағы білімі мен біліктілігі ауызша тарих айтудың, яғни дәстүрлі тарихи деректерін талдауда қажет болады. Себебі еліміз егемендік алғалы бері ауызша тарих айтудың деректері ғылыми айналымға түсіріліп, солардың негізінде тың тұжырымдар жасалуда. Дегенмен ұзақ уақыт бойы төл деректерден қол үзген зерттеушілер оларды пайдаланудың ғылыми әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген деп айту қиын. Десек те алғашқы еңбектер жарық көріп, дәстүрлі тарих айту деректерінің негізінде тарихи оқиғалардың шынайы мазмұны ашылуда. Әйтсе де ауызша тарих айтудың деректеріне сын пікір білдірушілер де жоқ емес. Сыншылар шежіре мен тағы сол сияқты дәстүрлі деректердің деректік маңызын жоққа шығарып, оларды аңыз-әңгімелер ретінде санап, құндылығына шек келтіруде. Ал ақиқатына келсек, төл тарихымызға қатысты аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар, ертегілер, шежірелер, мақал-мәтелдер, тағы басқа сол тәрізді деректердің қайталанбас ерекшеліктері бар екендігі ғылымда айтылып, дәлелденуде. Расында да бұл деректер өз заманының куәгерлері ретінде бойларына құнды мәліметтерді жинақтаған. Сонымен қатар олар өз бойларына басқа деректерде кездеспейтін бірегей мәліметтер мен ақпаратты сақтаған.

Тарихнама археография, мұрағаттану ғылымдарымен де тығыз байланыс орнатады. Археографиялық әдісті пайдалану құжаттық басылымдардағы ақтаңдақтарды, қателіктерді, олқылықтарды айқындауға септеседі. Мұрағаттанулық нұсқаулар, құралдар тарихнамашыға тарихи зерттеулердегі жаңа, ғылыми айналымға тұңғыш рет ендірілген материалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар болашақта зерделенуге тиіс мәселелерге нұсқаулар беруде де елеулі рөл атқарады.

Тарихнама ғылымы қосалқы тарихи пәндермен, соның ішінде хронологиямен, тарихи метрологиямен, палеографиямен, нумизматикамен де тығыз байланысады. Мәселен, хронологиямен танысу тарихнамашыға тарихтағы аса маңызды проблемалардың бірі мерзімдеменің күрделі тұстарын, яғни тарихи дәуірлеуді дұрыс жүргізудің, дәуірлерге, замандарға, кезеңдерге, сатыларға бөлудің методологиялық ұстанымдарын меңгеруге жол ашады. Сондай-ақ талданып отырған әдебиеттегі тарихи оқиғалардың мерзімдерін тарихшының дәл көрсетуін анықтауға көмектеседі, әрі әртүрлі кезеңдердегі тарих ғылымының дамуы сатыларына баға беруде де елеулі рөл атқарады. Бұдан өзге көпшілік жағдайда тарихнамалық еңбекте жекелеген мәселелердің әртүрлі кезеңдерде зерттелуін ашып көрсету міндеті туындайды. Міне, осы тұста хронологияның тарихнамаға тигізер ықпалы зор.

Тарихнама философия ғылымен де етене жақын қарым-қатынас орнатады. Тарихнамалық талдаулар жүргізуде философиялық категорияларды пайдаланудың маңызы зор. Әсіресе логикалық, салыстырмалы, нақты талдаулар жасауда философияның жалпы, жалқы, т.б. категориялары басты рөл атқарады.

Сонымен қатар тарихнама мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану ғылымдарымен пәнаралық байланыстар орнатады.

Осылайша тарихнама өзінің зерттеу ауқымын кеңейтіп, тереңдетуде бірқатар ғылымдармен байланыс орнатады. Алайда барлық байланысатын ғылымдарымен бірдей дәрежеде қарым-қатынас орната алмайды. Олай болуы да мүмкін емес, өйткені әртүрлі ғылым салаларының өзіндік ерекшеліктері және тарихнамалық зерттеулердегі алатын орны әр алуан.

Соңғы уақыттарда тарихнамадағы пәнаралық проблемаларын зерттеу міндеттерін шешу көкейкесті бола түсуде. Сондай міндеттердің қатарына мыналар жатады: тарихнамаға бірқатар ғылымдардың, мәселен, тарих, философия, әлеметтану, саясаттану, психология және т.б. әрекетін, сондай-ақ жаратылыс тану ғылымдарының нақты және көпқырлы өзара байланысы мен өзара әсерін оқып-үйрену. Мұны әртүрлі ғылыми деңгейлер мен бағыттарда қоғамдық білімнің жалпы әлеуметтік және идеологиялық функциялары, диалектикалық дамудың жетістіктері, жалпы ғылыми ұғымдар мен түсініктер арқылы шешуге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: