Софисттер философиясы

Софистер б.з.д. V- IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды. "Софистер"- грекшеден аударғанда "даналық ұстаздары" дегенді білдіреді.

Софистерді екі топқа бөледі: аға софистер (б.з.д. V ғ.)-Протогор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий; кіші софистер - Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.

Софистерге тән сипаттар: дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау; бәрін практика жүзінде қадағалау, кез келген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;мемлекет пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.

20. Сократ философиясы. Майевтика ілімі. Сократтық мектепттер: сипаттама беру.

Сократ өзін құдайдың сүйген пендесі деп санады. К.Маркс: «Сократты жүзеге, іске асқан философия үлгісі» - деді, өйткені Сократ философия тарихында тұңғыш рет өз идеясының құрбаны болды. Сократтың айтқан нақыл сөздері: «өзіңді өзің таны»; «мен өзімнің түк білмейтінімді білемін, кейбіреулер оны да білмейді»; «өмір сүру үшін тамақжеу керек, бірақ тамақ жеу үшін өмір сүрмеу керек»; «жамандық – жақсылықтың не екенін білмеуден туындайды»; «өз қамыңды өзің ойла». Сократ антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салды. Сократтық әдіс бойынша ақиқатқа жету – сұхбаттасу арқылы жүзеге асады. Ол ақиқатты анықтаудағы өз өнерін «майевтика» - «кіндік шеше» өнері д.а. Бұл тәсіл сұрақ беріп, оған жауап алу арқылы адамның ақиқатқа өз бетінше жетуі, яғни ақиқатқа жете отырып ұғымды анықтау. Сократ үшін философия дегеніміз нақты өнегелік, әдептілік, моральдық құбылыстарды қарастырып, олардың мәнін ашу. Ол этикалық реализмнің негізін салды. Сократ философиясының, тұлғасының маңызы: кез келген білім – игілік, жақсылық; жамандық, зұлымдық – білместіктен туындайды; Сократ адамзаттың мәңгі мәселесі – жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен қайырымдылық, игілік, махаббат, ұждан және т.б. жауап іздеді; қазіргі білім беруде кең қолданылатын майевтика әдісін ашты; ақиқатты табудың диалогтық әдісін енгізді; индуктивтік әдістің де негізін салды. «Сократтық мектептер» - Сократ идеяларының ықпалымен пайда болған мектептер, философиялық ілімдер: Платон Академиясы; Киниктер мектебі; Кирендік (киренаиктер) мектеп; мегарлық мектеп; элидтік-эритрийлік мектеп. Платон Академиясы – б.з.д. 385ж. Платон ұйымдастырған философиялық мектеп. Бұл мектеп философиялық мәселелерді, құдайлар мен шығармашылық шабыт, шабыттанудың табиғаты және т.б. мәселелерді қарастырып б.з. Viғ. Дейін (1000 жыл) өмір сүрді. Киниктер – қоғамнан тыс, бейқоғами еркіндікті (асоциалды еркіндік) аңсаған философиялық мектеп өкілдері. Оның белгілі тұлғалары – Антисфен, Синоптық Диоген (оны Платон «ақылынан адасқан Сократ» деп атаған). (Киник, Циник – «ит»). Киниктер философиялық ізденістерін өздерінде сынаған. Олар жалғыздықты көксеген, қаңғыбас өмір сүрген, мемлекет пен заңды, отбасы, ошақ қасын мойындамаған, дәстүрлі мәдениет, мораль, байлықты жек көріп, адамның теріс мінез-қылықтарын зерттеуге көп көңіл бөлген. Кирендік мектепті Сократтың шәкірті Кирен қаласының тұрғыны Аристип б.з.д.IVғ. құрды. Бұл мектептің өкілдері (киренаиктер): табиғатты зерттеуге қарсы болды; ең жоғарға игілік ләззаттану деп санады; өмірдің мәні – ләззаттану, бақытты болу; байлық – ләзаттануға жету жолы деп түсінді. Мегар мектебін б.з.д. IV ғасырда Мегар қаласының тұрғыны Сократтың шәкірті Евклид ашты. Бұл мектептің өкілдері – Евбулид, Диодор Крон. Мегарлықтар дәлелдеуге болмайтын абстрактты жоғарғы игілік – Құдай, парасат, өмірлік энергия болады деп санады. Ал жоғарғы игілікті терістеуге (абсолюттік зұлымдық) болмайды деді. Мегарлықтар теориялық ізденіспен қатар белсенді практикалық қызметпен де (шын мәнінде софистикамен) айналысты.

21. Платон философиясы. Платон философиясының тарихи маңызы.

Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) – шын аты Аристокл, денесі ірі болғандықтан Plato-дәу деп аталып кеткен, Сократ шәкірті. Платон адамзаттың ұлы ойшылы; диалектика, таным теориясы, педагогика, эстетика, өнер, мемлекет теориясы, лбъективтік идеализм, философиясының негізін салды. Платонның айтқан сөздері: кешіру оңай, бірақ ұмыту қиын; біреуге өкпелегеннен гөрі, өзіңе өкпелегенің дұрысырақ; адамдар өзінің бақытсыздығына, мүшкіл халіне құдайды, тағдырды, кім көрінгенді кінәлайды, бірақ өз кінәсін мойындағысы келмейді. Платонның шығармалары диалог түрінде жазылған, оның маңыздылары: «Сократ апологиясы», «Лахес», «Кратил», «Той», «Федон», «Горгий», «Мемлекет», «Парменид», «Тимей», «Теэтет», «Заңдар» және т.б. Платон идея («түр») туралы ілім, идеализмнің негізін салушы: идея болмыстың, оның қасиеттері мен қатынастарының қайнар көзі; идея-үлгі, қалып, соған қарай Тәңір заттар дүниесін жасайды; идея-мақсат, нысана, оған мәртебелі игіліктей барлық тіршәләк иелері ұмтылады; идея-жалпылық, ол ойлаудағы заттар мәні туралы тектік ұғым; материалдық заттар өзгермелі, тұрақсыз және уақыты келе өз тіршілігін жояды; қоршаған дүние («заттар дүниесі») де уақытша, өзгермелі және шын мәнінде дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды; шындықта тек таза (денеіз) идеялар («эйдостар») тіршілік етеді; таза (денесіз) идеялар ақиқат, мәңгі әрі тұрақты; бар әлем таза идеялар (эйдостар) бейнесі. Платон сонымен бірге триада туралы филолһсофиялық ілімді дүниеге әкелді: барлық мәндік үш субстанциядан (түпнегізден) тұрады: «бірлік», «ақыл», «жан». «Бірлік» дегеніміз: бар болмыстың негізі; ешқандай белгі, қасиет жоқ (басталуы да, соңы да, бөлігі де, бүтіні де, формасы дф, мазмұны да, және т.б. жоқ); ештеме; бар болмыстан, бар ойлаудан, бар түйсіктен жоғары; барлығының алғы бастамасы – барлық идеялардың, барлық заттардың, барлық құбылыстардың, барлық қасиеттердің бастамасы. «Ақыл» дегеніміз: «бірліктен» туындайды; «бірлікпен» бөліседі; «бірлікке» қарама-қарсы; барлық заттардың мәні; жер бетіндегі бар тіршіліктің жалпылануы. «Жан» дегеніміз: жылжымалы субстанция, ол «бірлікке-ештеме» мен «ақыл-барлық тіршілікті» біріктіріп, байланыстырады және баолық заттар мен барлық құбылыстарды да байланыста ұстайды; жан әлемдік жан және жеке адам жаны болуы мүмкін; гилозоистік тұрғыда алғанда заттар мен өлі табиғат жандануы мүмкін; адам жаны (заттар) әлемдік жанның бөлігі; жан өлмейді; адам тәні өледі, ал жаны басқа тәндік қалыпқа көшеді; жанның тұрақтылығы мен тәннің форма өзгеруі – Ғарыштың табиғи заңы. Платон диалектикасы мен таным теориясы. Платон диалектиканы заттарды және заттар туралы ұғымды тектерге бөлу және тектің өз ішіндегі түрлерді ажырату өнерідеп ұғынды. Бар мәнділіктің жоғары тегі (категория): болмыс; қозғалыс; тыныштық; барабарлық; өзгеріс. Осылардың әрқайсысы әрі бар, әрі бар емес; әрі бір-біріне тең, әрі тең емес; әрі өзінде барабарлықта, әрі қарама-қарсылықта және сонымен бірге өзінен «өзгеге» өтеді. Сөйтіп, болмыс-бейболмысты, біртұтастық – көптілікті, тыныштық – қозғалысты, барабарлық – айырмашылықты ұйғарады. Дегенмен, Платон жүйесі тарихты, дамуды білмейді; бұрынғы болған процестер қайталанып, циклді шеңбер түрінде айналымға түседі. Платон гносеологиясында дүниені идеалистік бейнелеу басым: материалдық дүние тек «идея дүниесінің бейнесі болғандықтан, таным пәні ең алдымен «таза идеялар» болуы тиіс; «таза идеяларды» сезімдік таным арқылы тану мүмкін емес, мұндай таным түрі анық білім емес, тек «докса» - пікірлер ғана; «таза идеяларды» тек ақылмен, жоғары рухани қызмет (идеалистік таным) арқылы тануға болады; жоғары рухани қызметпен тек дайындығы барлар айналысуы мүмкін – білімді зиялылар, философтар, демек тек солар ғана «таза идеяларды» зерделеп көре алады. Платонның қоғам мемлекет туралы ойлары. Платтон қоғамды нағыз білімді философтар басқарулары тиіс деген. Ол мемлекеттік билік пен заңдардың қажеті болмайтын идеалды «болашақ мемлекеттің» болуын көкседі, бірақ ондай мемлекетті қазір құруға болмайтынын біліп, өз заманындағы мемлекеттің алты түрін қарастырды: монархия – бірадамның әділетті билігіне негізделген; тирания – бір адамның әділетсіз билігіне негізделген; аристократия – азшылықтың әділетті билігі; олигархия – азшылықтың әділетсіз билігі; демократия – көпшіліктің әділетті билігі; тимократия – көпшіліктің әділетсіз билігі, атаққұмарладың, әскерилердің билігі. Тирания, олигархия және тимократия мемлекеттің әділетсіз формалары, ал демократия – өте сирек әділетті форма болатындықтан, ол әдетте қайтадан тирания, олигархия немесе тимократияға айналып кетеді, сондықтан мемлекеттің ең тұрақты және қолайлы формалары – аристократия мен монархия болуы мүмкін. Сонымен бірге Платон мемлекеттік құрылыстың өзіндік жобасын жасады: мемлекеттің барлық тұрғындары үш қауымға бөлінді – философтар, әскерилер, жұмыскерлер. Жұмыскерлер, яғни шарулар мен кәсіпкерлер ауырдене еңбегімен айналысып, материалдық байланыстар жасайды, олардың шектелген жеке меншігі болуы мүмкін. Әскерилер дене шынықтырумен, жаттығумен айналысып, тәртіп сақтайды, қажет болған жағдайда – соғыстарға қатысады. Философтар (даналар) – философиялық теория, ілімдер жасайды, білім береді, мемлекетті басқарады. Философтар мен әскерилердің жеке меншігі болмауы керек. Мемлекет тұрғындары бос уақытын бірге өткізеді, бірге тамақтанады. Некеге отыру, некелесуге болмайды, барлық әйелдер мен балалар ортақ. Құлдардың, тұтқындардың еңбегін пайдаланукерек. Платон философиясының тарихи маңызы. Тұңғыш рет ұғымдық ойлауды, диалектиканы, философиялық категорияларды (болмыс- қалыптасу, мәңгілік – уақытшалық, тыныштық – қозғалыс, бірлік – көптілік және т.б.) дүниеге әкелді. Ұлы философтың жазған еңбектері қазіргі күнге дейін сақталып, адамзаттың алтын қорының жәдігеріне айналды. Идеализм философиясының негізін салды. Тек қана табиғатты емес, сонымен бірге мемлекетті, қоғамды терең зерттеу қолға алынды. Платон Академиясының тәрбиесін көрген атақты ойшылдар: Аристотель, Ксенокрит, Кратет, Аркесилай, Карфагендік Клитонах, Ларисалық Филон және т.б.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: