Психология -2 кредит

1. Психологияның ғылым ретінде дамуы туралы түсініктер және оның орнын басқа ғылымдар жүйесінде анықтаңыз.

2. Қазіргі заманауй психологияның негізгі салаларын атаңыз және оларды сипаттаңыз.

3. Қабілет пен нышан арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, мысал келтіріңіз.

4. Темпераменттің негізгі типтері және олардың адам іc-әрекетіне әсерін сипаттаңыз.

5. Қоршаған ортаны танудағы түйсіктің рөлін ашыңыз.

6. Қабылдау процесін жіктеңіз, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

7. Зейіннің психологиялық құбылысын сипаттаңыз, оның түрлері мен қасиеттерін сипаттаңыз.

8. Ес процесіне, оның түрлеріне талдау жасаңыз, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетіңіз.

9. Ойлаудың түрлерін ажыратыңыз, оның ерекшеліктерін сипаттаңыз.

10. Қарым- қатынас түсінігін ашыңыз, қарым-қатынастағы шиеленісушіліктің себептерін талдаңыз.

1. Психологияның ғылым ретінде дамуы туралы түсініктер және оның орнын басқа ғылымдар жүйесінде анықтаңыз.

Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. Психология ғылымының зерттеу пәні – психика. Психика – материя қасиеті, мидың қызметі болуымен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, біріншіден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстардын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру.Психология — психикалық құбылыстардың ”жан қуаттарының” пайда болу, даму және қалыптасу аңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар.

Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:

Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.). Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Арестотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы.

Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан.Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет де п түсіндіреді.

Сонымен қатар, ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі бойынша барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді.

Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.

Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.

XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.

Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері

4-кезең

XX-ғасырдыњ екінші жартысынан басталады.
Психология- психикалыќ ќұбылыстарды зерттейтін ғылым.


3-кезең

XX.психология –адамныњ мінез-ќұлќын реакциясын т.б. баќылап отыру.
Психология - мінез ќұлыќ туралы ғылым.


2-кезең

Психология –сана туралы ғылым.
XVII-ғ. басталады. Сезіну ќабіле-ті мен ойлау сана деп аталады. Негізгі єдіс адамныњ өзін-өзі баќылауы.


1-кезең

Психология –жан туралы ғылым .
Адам өмірінде түсініксіз болмысты жанның бар болуымен түсіндіреді. Бұдан екі мыњ жыл бұрынғы көзќарас.


Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.

Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;

· В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;

· Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;

· У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;

· В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.

Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі

ретінде қолданылып жүр.

Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.

Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.

2. Қазіргі заманауй психологияның негізгі салаларын атаңыз және оларды сипаттаңыз.

Қазіргі жаңа психологияның бағыттары мен салаларын анықтаңыз.

Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiніктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксiз өрiстеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов «Психологияның методологиялық жəне теориялық проблемалары» атты еңбегiнде қазipгi заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады», — деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiне күрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерi не əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.

Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiрri кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiтeгi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т.б. кəсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бiлiктiлiктi қажет еткен мiндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiн барша тарапында əр қилы формада пайда болуда. «Адамдық фактор» дегенiмiз әр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.

3. Қабілет пен нышан арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, мысал келтіріңіз.

Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша, қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Қабілет жайлы сөз қозғағанда мыналарды ескерген жөн:

1) қабілеттер адамды бір-бірінен ерекшелейді. Б.М. Тепловтың пікірінше қабілеттің маңызды белгісі өнімді іс-әрекеттің өзіне тән жеке даралығынан, тәсілдердің түпнұсқалығы болуынан көрінеді.

2) қабілеттер іс-әрекетті сәтті орындауға ықпал етеді. Кейбір зерттеушілер, мысалы Н.А. Менчинская бұл орайда оқыту туралы білім, іскерлік, дағдыны меңгерудің нәтижесіндегі жетістік деп қарастырады.

3) қабілеттің көмегімен қалыптасқан іскерлік пен дағдыны жаңа жағдайға ауыстыруға болады. Сондықтан жаңа міндет адамның психикалық қасиеттерінің талабына сай, іс-әрекеттің тәсілдеріне ұқсас болуы керек. Қабілеттер – динамикалық ұғым. Олар іс-әрекет кезінде қалыптасады, дамиды және көрінеді.

Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді:

- арнайы қабілеттер – белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетті білдіреді (математикалық қабілеттер, музыкалық қабілеттер, педагогикалық қабілеттер және т.б.).

- жалпы қабілеттер – бұл арнайы қабілеттерді дамытуға деген қабілеттер

Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілет, дарындылық, талант, данышпандық.

4. Темпераменттің негізгі типтері және олардың адам іc-әрекетіне әсерін сипаттаңыз.

Темперамент (лат. temperamentum – келбетке қатысты тиістілік, tempero – тиісті байланыста араласу) – индивидтің психикалық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктер сипаты, яғни психикалық процестердің темпі, жылдамдығы, ритмі интенсивтілігі және осы іс-әрекетті тудыратын жағдайы.

Темпераменттің ішкі құрылымдық талдауы темпераментте (оның психологиялық сипатында) сыртқы көріністің бір мазмұны және бір жүйесі болмауынан біршама қиындықтарды көрсетеді. Осындай талдаулардан кейін темпераменттің үш негізгі жетекші компоненттерін бөліп көрсетеміз, индивидтің жалпы белсенділігі аймағына, оның қимылына және оның эмоциялығына қатысты болып бөлінеді. Бұл компоненттердің әрқайсысы өз кезегінде психологиялық көріністердің күрделі құрылымдары мен әр түрлі формаларын көрсетеді.

Темперамент құрылымында индивидтің жалпы психикалық белсенділігін көрсететін компонент кең мағынаға ие. Бұл компоненттің мәні тұлға тенденцияларының өзіндік көрінісі, сыртқы шындықты тиімді меңгеру мен жетілдіруге негізделген; әрине, бұл бағыт негізінде осы тенденцияларды тарату сапасы мен деңгейі тұлғаның басқа ерекшеліктерімен, яғни оның интеллектілі және характерологиялық ерекшеліктерімен, оның қатынастары мен мотивтер комплексімен анықталады. Белсенділік деңгейлері бұл инерттілік және бір полюстен энергияның жоғары деңгейіне дейінгі пассивтіліктің жетілуі, әрекетке күшті ұмтылыс және әлсіздіктен бастап үнемі көтерілу деп бөлінеді.

Темперамент іс-әрекетте көрінеді: индивид оны жылдам немесе баяу орындауы мүмкін. Сондықтан темпераментті іс-әрекеттің динамикалық жағы деп қарастыруға болады. Ол көбінесе тұлға диагностика сынақ процесінде зерттеледі. Осы темперамент типтерінің жаңа психологиялық сипатын алғаш неміс философы И. Кант өзінің талқылауында темперамент және мінезді келбеттің қоспаларын түсіндіру арқылы жалпылап, жүйелендірді. ("Антропология", 1789). Кант темпераменттің органикалық негізі қанның сапалық ерекшеліктері деп,

Бірақ тұлғаны тәжірибелік (соның ішінде психологиялық-педагогикалық) зерттеуде темпераменттің төрт негізгі типін бөлу және олардың психологиялық сипаттары жеткілікті негіз бола алады. Осыған байланысты, сангвиник темпераментіне жоғары жүйке-психикалық белсенділік, ишаралық қимылдардың әр түрлілігі және көптігі, эмоциялық, әсерлілік және лабилділік тән. Сонымен бірге, сангвиниктің эмоциялы қобалжуы терең емес, ал оның теріс тәрбиелік әсерлерге жылдамдылық тұрақтылығының жоқтығын көрсетеді.

Холерик темпераментіне жүйке-психикалық белсенділігінің жоғары деңгейі және іс-әрекетінің қуаты, жылдамдық және қимылының шапшаңдығы, сонымен бірге импульсивтілік және эмоциялы қобалжуының айқын көрінуі тән. Холериктің жеткіліксіз эмоциялы және қимыл-қозғалыстық тұрақтылығы эмоциогенді жағдайларды өзін-өзі бақылауға қабілетсіздігі, ұстамсыздық, қызбалылық көрінуі мүмкін.

Флегматик темпераментіне мінез-құлық белсенділігінің деңгейі салыстырмалы түрде төмен, іс-әрекеті, ишара мен сөзі баяу және бірқырлы жүреді, сезімі мен көңіл-күйінің тереңділігі және тұрақтылығы тән. Флегматикке теріс тәрбие әсер етсе, оның теріс қырлары – босаңдық, эмоциясының нашарлығы және әлсіздігі байқалады.

Меланхолик темпераментіне мінез-құлықтың жүйке-психикалық белсенділік деңгейі төмендігімен байланысты, қимыл мен сөйлеудің тоқтап қалуы және тұншығуы, біршама эмоциялы реактивтілік, сыртқа әлсіз көрінетін сезімнің терең және тұрақтылығы тән. Меланхоликте бұл ерекшеліктер тәрбиелік әсердің жоқтығынан эмоциялы жарақаттың жоғарылауы, тұйықтық және жаттану, өмірлік жағдайларда ішкі ауыр қобалжуларға бейімділік дамуы мүмкін.

Келтірілген мәліметтер, тұлғаның қалыптасу жағдайында темпераменттің әрбір типі оң және теріс психологиялық қырларды: «жақсы» немесе «жаман» сипаттайды. Тек оң немесе теріс темперамент кездеспейді.

5. Қоршаған ортаны танудағы түйсіктің рөлін ашыңыз.

Түйсік – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді.

Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, бүтіндей қабылдауға дейін жеткізуге болады.

Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы: “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.

Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.

Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:

· 1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;

· 2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;

· 3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;

· 4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.

Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. З.Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1), 2), 3) мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі У.Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1), 2) және 4) орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белгілейміз; сипай сезіну арқылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозғап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі — сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге түйсік хабарлайды. Түйсік материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.

6. Қабылдау процесін жіктеңіз, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі. Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие. Қабылдауды кез-келген басқа психикалық феномен сияқты процесс ретінде де, нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Қабылдау жеке қасиеттерді бейнелейтін түйсікке қарағанда, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын бүтіндей бейнелеп, шындықтың интегралды бейнесін құрады. Қозғалысты қабылдау. Қозғалысты қабылдау бағдарлану реакциясының нейрофизиологиялық аппаратына кіретін жаңамен немесе қозғалыстың нейрон-детекторларымен анықталады. Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау механизмі көбіне “биологиялық сағатпен” байланыста болады – адам ағзасында болатын биологиялық процестердің бірізді және ритмикалық ауысуы.Уақыттың субъективті ұзақтығы көбіне оның немен толтырылғанына байланысты болады. Қабылдаудағы иллюзия. Біздің әлемді қабылдауымызда бұрмалану болатын кездер де болады. Ол заттардан қарама-қарсы ақпарат келген кезде немесе заттар туралы ақпарат толық болмағанда, алынған сигналдарды қате интерпретациялаған кезде болады. Қабылдаудың ерекшелігі оның көмегімен бейнелер құруда болып табылады, сондықтан әрбір адам ең алдымен өзіне қажет затты көреді, шын мәнінде ондай нәрсе жоқ, тек оған ұқсайтын нәрсе ғана бар. Қабылдауды дамыту. Қабылдау өмір жағдайына байланысты өзгереді, яғни дамиды. А.В. Запорожец перцептивті әрекеттердің қалыптасуы оқытудың әсерімен бірнеше деңгейлерден өтеді деп есептейді:І деңгей – адекватты перцептивті бейне, балада материалдық заттармен практикалық әрекет жолымен жүреді;ІІ деңгей – сенсорлық процестер өз қозғалысының көмегімен орындалатын рецептивтік аппараттарды орындайтын өзінше перцептивтік әрекетке айналдырады. Балалар заттардың кеңістіктік қасиетін қол мен көздің бағдарланып-зерттеу қозғалысының көмегімен танысады;ІІІ деңгей – перцептивті әрекеттерді қысқарту процесімен басталады;ІҮ деңгей – перцептивті процестер идеалдыға айналады. Балалар тез және қандай да бір сыртқы қозғалыстың көмегінсіз-ақ қабылданатын обьектілердің белгілі бір қасиеттерін танып, осы қасиеттер негізінде оларды бір-бірінен айыра алу қабілеттілігіне ие болады.

7. Зейіннің психологиялық құбылысын сипаттаңыз, оның түрлері мен қасиеттерін сипаттаңыз.

Зейін деп өзекті, тұлғалық маңызды белгілерді таңдауды, бөліп алуды айтамыз. Психикалық деңгейлердің барлығын ұйымдастыруға қатысқандықтан ес сияқты зейін “өтпелі” деп аталынып басты психикалық процестерге жатады.Дәстүрлі зейінді шектеулі қабылдаудың аймағымен байланыстырады, яғни адам көргісі (естігісі) келген ақпарат құралын білу, қалауын қабылдауы. Зейін өңделетін ақпаратты іске асырады. Адамның ақпаратты қайта жасауының орталық механизмдері бір уақыт аралығында тек бір объектімен жұмыс жүргізе алады. Мұнда көрсетілген көлем зейіннің негізгі мінездемесі болып табылады. Зейін көлемін оқыту және дайындау арқылы өзгерту өте күрделі мәселе.Ортаны талдау бірізділігі (зейіннің бағыты) екі топ факторға тәуелді: ол сыртқы тітіркендіргіш құрылымы (белгінің физикалық өлшемдері: белсенділік, жиілік және т.б.) және адамның әрекетін анықтайтын ішкі аймақ құрылымы (жаңашылдық деңгейі, тітіркендіргіш белсенділігі және т.б.).Зейін бейімделу қимылымен жалғасады, алайда оған жатқызылмайды. Зейінболмысы – таңдау сипатындағы психикалық іс-әрекет. Зейін психикалық іс-әрекеттің бағыты мен тұрақтылығын орнатуға жағдай жасайды. Зейіннің түрлері. Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл - түрі ырықсыз. К.К. Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады.Егер зейіннің бағыттылығы мен тұрақтылығы саналы түрде жүргізілсе, ол зейін түрі - ырықты. Н.Ф. Добрынин зейіннің тағы бір түрін ырықтыдан кейінгі зейінді бөліп көрсетеді. Бұл - зейін түрі тұлғаның әрекетін табиғи түрде жалғастырады; ол тұлға әрекеттенген кезде туындайды; тұтастай ассоциациялық жүйенің бар болуымен байланысты. Зейіннің қасиеттері психологиялық феномен ретінде:тұрақтылық – бір объектіге немесе бір мәселеге зейін аударылуының ұзақтығы. Тұрақтылық шеткі факторлармен анықталады, 2-3 секундтан ары бармайды, себебі одан кейін зейіннің ауысуы байқалады. Орталық зейіннің тұрақтылық кезеңі бірнеше минуттарды қамтиды. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, орталық зейіннің ұзақтығы, сол объектте жаңа мазмұнды аша алу мүмкіндігіне тәуелді; зейіннің концентрациясы – қабылдау аймағын шектеу кезіндегі белгі белсенділігінің жоғарылауы. А.А. Ухтомскийдің доминанттар принципіне сәйкес, зейін концентрациясы бас ми қыртысындағы доминантты аймақтың қозуынан кейінгі бір мезгілде тежелетін қалған бөлігінің құбылысы;

зейіннің бөлінуі – адам орталық зейінде әр түрлі объектілерді бір уақытта ұстап тұру қабілеттілігі;

зейіннің ауысуы - ол бір әрекет түрімен келесіге өтудегі жылдамдығы (аңғалақтық – ауысудың төмендігі);

зейіннің заттылығы - қойылған мәселеге, белгілердің өзектілігі және тағы басқаларына сәйкес арнайы белгілер кешенін бөліп алу қабілеттілігімен байланысты;

зейіннің көлемі – бір мезгілде қабылданатын объектілер саны.

8. Ес процесіне, оның түрлеріне талдау жасаңыз, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетіңіз.

Ес - бұл бейнелеудің интегралды іздік формасы. Ол кез-келген психикалық процестің негізінде жатыр. Ес психикалық өмірді ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып табылады. Есті танымдық процестердің ядросы деп атайды.

Шығуы бойынша естің екі түрін ажыратады: генетикалық (тұқым қуалайтын) және өмір кезіндегі ес. Өмір кезіндегі еске қозғалыс, образдық (көру, есту, кинестетикалық және т.б.), эмоциялық, символдық (сөздік, логикалық) және еріктік ес кіреді.

Ақпаратты сақтау ұзақтығы бойынша естің келесі деңгейлерін ажыратыды:

1) Кенеттік ес сезу мүшелерінің инерциялығымен байланысты. Бұл ес ерікті басқаруына келмейді. Кенеттік есте бейне константты емес - бұл қабылдау бейнесі емес, түйсік бейнесі. Кенеттік ес әлемнің бірегейлі қабылдауын қамтамасыз етеді;

2) Қысқа мерзімдік ес. Бұл жерде зейіні аударылған ақпарат сақталынады. Ақпарат өзгерілмейтін күйінде қалмайды, ол өңделеді және интерпретацияланады. Қысқа мерзімді ес үшін қайталау мен символизация арқылы ерікті басқару мүмкіншілігі бар. Қысқа мерзімді ес көлемі – 7+-2;

3) Аралық (буферлік) ес – қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді ес арасындағы аралық инстанция болып табылады. Бұл жерде ақпарат ұзақ мерзімді еске аудару мүмкіндігі келгенше сақталынады. Буферлік ес тазалануы мен күн бойы жиналған ақпартты категоризациялау ұйқы кезінде іске асады;

4) Ұзақ мерзімді ес ақпаратты сақтау көлемі мен уақыты бойынша шектелмелген. Бірақ ақпарат кейде дер кезінде шығарып алынбауы мүмкін. Ақпараттың қол жетімділігі сақтау ұйымдастыруымен анықталады. Ұзақ мерзімді есте ақпарат сақтаудың екі типі бар: ақпаратқа ерікті рұқсат (ақпарат үзіліссіз түрленеді) және ерікті рұқсатсыз (ақпарат айнымас күйінде сақталынады). Іздерді есте сақтау ес жүйесінде орталық түйін болып табылады. Табылған ақпаратты жинау мен сақтау процесінде ОЖЖ-да күрделі қайта өңделуі іске асады. Бірдей немесе ұқсас әсерлердің бірнеше қайталануы есте қалуы жай басу мен бекіту принципі арқылы емес, ескі ақпаратты реттеу, құнар беру, жаңа келген ақпаратпен салыстыру жолымен орындалады. Бұл сатыда ақпараттың екінші рет (бірінші - қабылдау кезінде) бұрмалануы болады.

Есте сақтау біздің күнделікті өмірде әдеттегі ес деген түсінік болып табылады. Ол естің орталық түйінінің бірі.

9. Ойлаудың түрлерін ажыратыңыз, оның ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Ойлау – танымдық процестердің барлық жұмысының мұраты; ақпаратты өңдеудің ақырғы, үшінші деңгейі. Ойлау басқа танымдық процестердің барлық бұрмалауларын түзетеді. Ойлауды әдетте психологияда адамның болмысты, оның мәнді байланыстары мен қатынастарымен қоса, жанама және жалпылай бейнелеуі ретінде анықтайды. Сондықтан ойлаудың басты қызметі адам санасындағы әлем суретін жүйеге келтіруден тұрады. Егер солай болса, адам ойлау субъектісі болады, бұл танымдық процесс оның қажеттіліктерімен алдын ала белгіленген, ал нақты адам дүниетанымы оның қажеттілікті-мотивациялық сферасымен детерминацияланады.Ойлауды процесс ретінде, ал ойды сол процестің нәтижесі ретінде қарастыру қажет. Ойлау процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады

1) ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру;2) мәселелерді шешу.

Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені «ұқсас емес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру – нәтижесінде субъектің ұғымдарының әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.Мәселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақ мерзімді есте сақталатын меңгерілген ұғымдарға сүйенеді. Мәселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:І – «түсініксіз нәрсені ұғыну», яғни сұрақ, мәселе, міндеттерді көріп, қалыптастыру. Сұрақтардың болмауымен сипатталатын «бастапқыдан түсінікті болу» жағдайы – ой жұмысы болмауының көрсеткіші;ІІ – шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың ықтималдығын бағалауды белгілейді;ІІІ – болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;ІV – мәселенің шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген сұрақ бойынша тұжырым жасау.Ойлау процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлау процесінің сатыларымен өте ұқсас:1) дайындалу;2) пісіп жетілу;3) шабыттану;4) шынайылығын тексеру. Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:* салыстыру – ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;* талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;* синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;* абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету; Бала сөйлеуді қарым-қатынас барысында меңгереді. Балада пайда болатын алғашқы сөйлеудің формасы – сырттай дауыстап сөйлеу диалогы. Кейінірек іс-әрекетпен қатар жүретін сөйлеу дамиды. Бұны баланың өз-өзіне қатты дауыстап сөйлеуімен сипатталатын эгоцентризмдік сөйлеу деп атайды. Эгоцентризмдік сөйлеу сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге ауысуындағы өтпелі кезең болып табылады.Сөйлеудің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтеді:фонетикалық кезең (2 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, ол кезде бала әлі сөздің дыбыстарын дұрыс меңгере алмайды);

· грамматикалық кезең (3 жасқа дейінгі аралық, дыбыстарды меңгергені мен айтылудың құрылымдық заңдылықтарын ұйымдастыру меңгерілмеген кезең);

· семантикалық кезең (3 жастан кейінгі аралық, түсініктерді ұғыну жүзеге асырылады).

10. Қарым- қатынас түсінігін ашыңыз, қарым-қатынастағы шиеленісушіліктің себептерін талдаңыз.

Тұлға – табиғат, қоғам және өзін-өзі белсенді меңгеретін және бағытталған түрде түрлендіретін адам, оның бойында кеңістік уақыттық икемдердің, өзін-өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің қылықтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін қажеттілік-еріктік бастан кешірулердің ерекше динамикалық қатынасы болады Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы (кейпі. жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның түлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байла-ныстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейіп. әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивте-рінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлар-дағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі “Ат кісінесіп, адам сөйлесіп” дегендей әңһмелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз бо-лады. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.

М.И.Лисина «Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» — деп көрсетеді.

«Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық құбылыс» — дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.

Е.В.Руденский бойынша, қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; — адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; — қарым-қатынас субъектілердің өзара іс-әрекеті.

Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» — деп көрсетеді.

Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.

Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

Көпшіліктік қарым-қатынас — көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.

А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.

Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі. Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.

В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді

Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын психологиялық талдаңыз.

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс, екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпарат, тәжірибе, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздық қарым-қатынас жасау; сұхбаттаушының пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.

А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.

Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі. Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.

В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді

Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы.

Қарым-қатынастың функц., деңгейлері ұғымдарын псих-қ аспектіде талдап тұжырымд.

Қарым – қатынас адамның тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында, мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады. Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:

– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;

– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.

– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.

Психологтар тікелей және тұспалдық, тура және жанама, вербалды және бейвербалды т.б. қарым-қатынас түрлерін көрсетеді. Психикалық процестер, адам мінез-құлқының қалыптары мен ерекшеліктері дәл осы қарым-қатынаста туындайды, іске асады және танылады.

Вербалды емес қарым-қатынасты психологиялық аспектіде негіздеп талдаңыз

Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады. Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді. Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынады: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Р.С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар:

· Денесін алға иілдіру, отырған күйінде қолдарын тізесіне немесе орындыққа тіресе: адам әңгіме айтуды тоқтатып, әрекет етуге дайын;

· Көз қарашығының үлкеюі – сол кездегі адамның жағымды сезімін білдірсе, көз қарашығының кішіреюі – жағымсыз сезімді білдіреді;

Вербалды қарым-қатынас және сөзді псих-қ талдау жайлы оның псих-қ мәнін түсіндір.

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Шебер сөйлеу ережелері мен за


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: