Оспанов Т.Т

Философия» пәнінен 2011-2012 оқу жылына 2 курс бойынша

(жалпы медицина, стоматология, фармациялық өндіріс технологиясы мамандықтарына) арналған емтихан билеттерінің ситуациялық тапсырмалары

Ситуациялық тапсырмалар

1. «Философияның көптүрлілігіне эстетиканың көптүрлілігі сай келеді». Осы тұжырымды философия тарихынан мысалдар келтіріп талдаңыз.

2. 1508 ж. Папа Юлий 11 Рафаэлді Ватиканға шақырады. Рафаэль төрт фреска салды. Олардың арасында – «Афина мектебі» де бар. Мұнда суретші Платон мен Аристотельді сипаттайтын жесттарды бейнеледі. Платон саусағымен аспанды көрсетсе, Аристотель жерді көрсетіп тұр. Антикалық ойшылдардың әрекетінен қандай ойды аңғаруға болады.

3. Абай «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген. Философтың осы тұжырымдамасын түсіндіріңіз?

4. Адам туралы анықтамалар қалай аударылады, және мәнін түсіндір: «Homo Sapіens», «Homo Faber»,“Zoon Polіtіkon», “Homo Morales”, “Homo Ludens”, “Homo Aestetіcus”, “Homo Sіmbolіcus”-............

5. Ансельм Кентерберийскийдің «Түсіну үшін сенемін» ойымен Пьер Абелярдың «Сену үшін түсінемін» ойына салыстырмалы талдау жүргізіңіз.

6. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегінде ізгілікті қаладан басқа қандай қалаларды атап өткен. Өз пікіріңізді айтыңыз.

7. Будда философиясы категорияларының үйлесімділігін түсіндіріңіз: нирвана және белсенділік күйі (состояние активности)

8. Ғылым өздігінен философия бола ала ма талдаңыз? Классикалық философияның бейклассикалық философиядан айырмашылығы неде?

9. Дүниеде қайсысы көбірек: тәртіптілік немесе тәртіпсіздік?

10. Ежелгі өркениеттің орталықтары: Үнді, Қытай, Грекияда бір уақытта философияның пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

11. Ой білдіріңіз, кімдікі дұрыс Ақылды мүмкіншіліктің шексіз жақтарын көре алады (Дидро). Сауатсыз адам бос мүмкіншілікпен жұмыс жасауға бейім (Гегель).

12. ОртағасырлардаПлатон мен Аристотельдің ойлары қалай байланысқан талдаңыз?

13. Сократтың «Менің білетінім, ештеңе білмейтінім» кредосын түсіндіріңіз.

14. Табыңыз, мына сөзді кім айтқан:«Аса данагөй мен есуастың арасында бір ғана ұқсастық бар, екеуі де басқаларға тиісті, қол жетімді әлемде емес, басқа әлемде өмір сүреді».Талқылаңыз?

15. Төмендегі философтың тұжырымдамасын қалай түсінесіз: А. Шопенгауэрдің: «Ұсақ саудамен айналысушы базарда ер адамға әйелдің биікөкше туфлиін, ал әйелге ер адам темекі тартатын трубканы ұсынса қоғам бұны жаппай келеке етер еді. Ал философтың базарға шындықты алып шығуы да осындай ақылға сиымсыз, өйткені ақиқат адамдар үшін емес»?

16. Түсіндіріңіз, Гегель «Абсолюттенген нәрсе ғана мүмкін» деген, сіздіңше бұл дұрыс па?

17. Түсіндіріңіз, Гегель триадасы деген не? Схемасын сызыңыз. Гегель диалектикасы дамудың триадалық принціпіне сәйкес пе?

18. Түсіндіріңіз, И.Кант пен А Шопенгауер өзіндік заттар арасындағы және болмыстың айырмашылығын қалай түсінеді?

19. Түсіндіріңіз: «Өмір өздігінен пайда болды ма,ғасырдан немесе оны Құдай жаратып,басқарады ма»?Қай жауапты таңдадыңыз және неге?

20. Философ Хайдеггердің ойынша «Техника адам үшін үлкен қауіп-қатер» болып табылады. Сіз қалай ойлайсыз?

21. Философия Сіздің өзіндік санаңыздың және өмірлік позицияңыздың қалыптасуына қандай әсерін тигізеді?

22. Философтардың сөздеріне түсіндірме жасап авторын табыңыз: а) Бәрі ағады, бәрі өзгереді.......

23. ХХ ғасырдағы фашизммен зұлымдыққа Ф. Ницше кінәлі болған деген пікірлер болса, басқалары бұл философтың оған қатысы жоқ дейді. Осы пікірді дәлелде. Кімдікі шындық.

24. Э.Фроммның «Кредо» еңбегінен үзінді береміз. Оны қалай түсінесіз: «Мен әрбір адамның барлық адамзатты көрсететініне сенемін. Біз барлығымыз әулиелер де күнәһарлармыз, ешкім бір-бірінен асып түспейді және оған сот та емес. Біз бәріміз Буддамен, Христпен бірге крестте болдық, Шынғысхан, Сталин және Гитлермен бірге ұрладық та, соғыстық, өлтірдік те»?

25. Демокриттің сөзіне комментарий жасаңыз:

· «Өзі басқаларды басқарғысы келгендерге алдымен өзін басқаруды үйрету керек».

· «Ақымақтарға басқарғанша бағынған артық».

· «Білімсіздің байлығынан білімдінің үміті артық».

Кафедра мәжілісінде бекітілген

«24» 02., 2012 ж., №7 хаттама

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент ____________________________ Бисембаева З.У.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: