Силлабус

СИЛЛАБУС

Физика пән бойынша

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

050701 – Биотехнология мамандығының студенттеріне арналған

(мамандық/мамандыру шифрі және атауы)

Астана 2011

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 050701 –Биотехнология мамандығына оқитын студенттердің «Физика» пәніне арналған

Силлабус

1) Мырзакул Толкынай Ратбайкызы, PhD докторы, Мырзакулов Кайат Ратбаевич, ф.м.-ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушусы. Бектуров Шералы Арапбаевич, Жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушусы.

Байланыс телефоны: 35-38-06 (60-23); e.mail: trmyrzakul@mail.ru, mkr_79@mail.ru. Bekturov_Sh@enu.kz.

Ғылыми бағыттар: Скаляр өрістері (фантомды, Хиггс және т.б.) бар көп өлшемдікосмологиялық және астрофизикалық модельдер Дәлірек айтқанда: Кванттық теориясы, Классикалық калибрлік теориясы, бран теориясы, алғашқы және қәзіргі таңдағы Әлемнің ұлғаюы, фантомды және Хиггс теориялары. Қазіргі физикадағы уақыт маселесі

Ғылыми мектептер:

· Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Теориялық физика бойынша халықаралық орталығы. Жетекші: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мырзакулов Р.

· В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт АҚ «КжТҰО». Жетекші: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Чечин Л.М.

· ФТИ РҒА, Санкт-Петербург қаласы.

Қосымша мәліметтер: Екі дұркін «Жас талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипедия» 2008-2010 ж және 2010-2012 жылдар аралығында екі рет иегері.

2) Физика, Пәнің коды: Ph 2204. Кредит саны – 3.

3) Сабақ жүргізу уақыты мен орны: 3 – семестр; бекітілген сабақ кестесі бойынша өтеді.

4) Пререквизиттері: математикалық және дифференциалдық анализ.

Постреквизиттері: Биотехнология мамандығына қажетті пәндер..

5) Оқу пәнінің сипаттамасы:

5.1 Курстың бағыты.

Бұл курс жалпы физика курсының негізгі бөлімдерін қамтиды: классикалық механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика, кванттық механика элементтері. Курсқа аса маңызды физикалық фактілер мен түсініктер, заңдар мен принциптер кіреді. Классикалық және қазіргі физика мәселелерінің ара қатынасының шегі анықталады, әр түрлі физикалық концепциялардың және теориялардың ораникалық байланысы түсіндіріледі.

5.2 Пәнді оқыту мақсаты.

Студенттердің классикалық және қазіргі заманғы физика теорияларын, іргелі заңдарын, сондай-ақ физикалық зерттеу әдістерін пайдалану дағдылары мен біліктіліктерін, шығармашылық ойлауы мен өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, типтік есептерді математикалық түрде тұжырымдау, шешу әдістерін практикада қолдануды жүйелендіру.

5.3 Оқу пәнінің міндеттері.

· Студенттердің пән бойынша теориялық білімдерін қалыптастыру;

· әр түрлі физикалық заңдылықтар мен түсініктерді қолдануды (есеп шығару әдістері мен тәсілдері) үйретеді;

· Зерттеу әдістерін меңгеру және эксперименттік мәліметтердің қортындыларын және нақтылық дәрежесін бағалай білуге үйрету;

· Ғылыми ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

· Жалпы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны (курс соңында қойылатын талаптар).

· Физиканы оқитын маман өзінің тәжірибелік қызметінде пән бойынша арған білімдерін қолдана білуі;

· Әртүрлі құбылыстар мен үрдістерді физикалық заңдар тұрғысынан түсіне білуі;

· Физика ұғымдары мен заңдарының қолданылу шегін дұрыс түсінуі.

5.4.1 Пәннің оқыту жоспары.

№ апта Тақырып аты Сабақтың түрлері және сағат саны СӨЖ үшін тапсырмалар
       
  Материалдық нүкте кинематикасы. Жол, орын аустыру. Жылдамдық және үдеу. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Қатты дененің ілгерлемелі және айнымалы қозғалысы.
  Материалдық нүктенің динамикасы. Табиғаттағы күштер. Масса және импульс. Ньютон заңдары. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Жұмыс және энергия. Импульстің сақталу заңы.
  Қатты дене динамикасы. Арнайы салыстырмалылық теориясы. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Гидродинамика және айродинамика.
  Механикалық тербелістер мен толқындар. Өшетін тербелістердің теңдеулері Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Дыбыс толқындар және ультрадыбыстар.
  Идеал газдардың молекула-кинетикалық теориясы. Идеал газдың негізгі заңдары. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Идеал газ молекулаларының жылдамдықтар бойынша таралуы.
  Термодинамика заңдары. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы. Изопроцестер.. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Карно циклі. Жылу машинаның пайдалы әсер коэффиценті. Энтропия
  Нақты газдар және фазалық өзгерістер. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Қатты дене құрылымы. Сұйық кристалдар. Бірінші және екінші фазалық ауысулар.
  Электростатика. Диэлектриктер және олардың паляризациясы. Тұрақты электр тоғының заңдары. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Металдығы және вакуумдағы электр тоғы.
  Магнит өрісі. Соленоидтар мен тороидтар. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Заттардың магниттік қасиеттері.
  Электромагниттік индукция құбылысы. Соленоидтің индуктивтілігі. Магнит өрісінің энергиясы. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Электромагниттік тербелістермен толқындар.
  Фотометрия. Геометриялық оптика. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Линзалар. Оптикалық приборлар.
  Толқындық оптика. Жарықтың интерференциясы, поляризациясы және дифракциясы. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Шығару және жұтылу спектірлері. Жылулық
  Корпускулалық-толқындық дуализм. Жарықтың кванттық қасиеті. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Фотоэффект теориясы. Жарықтың қысымы. Комптон эффект.
  Атомдық физика элементтері. Резерфорд-Бор модельдері. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Кванттық механика негіздері.
  Ядролық реакциялар. Нуклондардың байланыс энергия. Радиоактивтілік.Жартылай ыдырау периоды. Дәріс (2 сағат), Зер. Жұм. (4 час), СОӨЖ (4 часа), СӨЖ (4 часа) Термоядролық реакциялар.
  Барлығы    

Зертқаналық жұмыстардың тізімі

1. Қателіктермен танысу.

2. Математикалық және физикалық маятниктердің тербеліс заңдарың зерттеу.

3. Дененің айнымалы қозғалысын Обербек маятнигі көмегімен зерттеу.

4. Сұйықтардың ішкі үйкеліс коэффициентін Стокс әдісімен анықтау.

5. Көлденең қимасы айнымалы түтік ішіндегі сұйықтың стационар қозғалысын зерттеу.

6. Клеман-Дезорм әдісі бойынша ауаның Ср/Cv қатынасын анықтау.

7. Бейсызық маятник.

8. Фракталдық объектілердің модельдері.

9. Импульстердің информациялық энтропиясы.

10. Амперметр және вольтметр көмегімен кедергіні өлшеу.

11. Жартылай өткізгішті түзеткіштерді зеррттеу.

12. Электронды осциллографты зерттеу.

13. Тізбекті тербелмелі контурды зертгеу.

14. Жарықтың интерференциясын Френель бипризмасының көмегімен анықтау.

15. Дифракциялық тор кемегімен жарықгың дифракциясын зерттеу.

16. Жарықтың подяризациясын зерттеу. Малюс заңын тексеру.

17. Спектроскопты градуирлеу.

18. Микроскоп жэне рефрактометр кемегімен дене сыну көрсеткіштерін өлшеу.

19. Сыртқы фотоэффект құбылысының негізгі заңдарын зерттеу.

6) Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Ж.С.Ақылбаев,Қ.Т.Ермағанбетов"Электр және магнетизм" Караганда,2003

2. Ж.Тобаяков " Электр және магнетизм". А.1988

3. И.В.Савельев "Жалпы физика курсы" 2 том. А.1977

4. С.Э.Фриш, А.В.Тиморева "Жалпы физика курсы" 2 том. А. 1970 (Электрлік және электромагниттік құбылыстар)

5. Ж.Абдуллаев "Жалпы физика курсы" А.1991

6. А.А.Детлаф, Б.М.Яворский Курс физики. М.: Высшая школа, 1989

7. Т.И.Трофимова "Курс физики" М.2002

8. А.Н.Матвеев "Электричество и магнетизм" М.1983

9. С.Г.Калашников "Электричество" М.1985

10. В.С. Волькенштейн "Жалпы физика курсының есептер жинағы "

11. Под редакцией Л.Л. Гольдина “Руководство к лабораторным занятиям по физике”. Наука, М. 1973г

12. Под редакцией В.И. Ивероновой “Физический практикум”. Наука, М. 1968г.

Қосымша:

1. Фейнман, Лейтон, Сендс "Фейнмановские лекции по физике" (Электричест-во и магнетизм) М.1966

2. Р.В. Поль "Учение об электричестве" М.1962

3. В.М.Дуков "Электрон"М.1966

4. С.В. Беллюстин "Классическая электронная теория". М.1971

5. Б.С.Арызханов "Физика" А.1986

6. И.С.Тамм "Основы теории электричества" М.1977.

7) Оқыту нәтижелерін қадағалау және бағалау

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Балдық - рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.

8) Физика курсының саясаты мен процедурасы

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 2012 жылғы «___» ________ № _____ хаттамасы.

Кафедра меңгеруші бекіткен _____________ Мырзакулов Р.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: