Колуэлл-Люк бойынша радикальды операция

12. 23 жасар ер кісі мұрнынан аузына және кері бағытта ауаның өтуіне шағымданып келді. Бір күн бұрын 16 тісі жұлынған. Қарап тексергенде: беті симметриялы,аузын еркін ашадыы.16 тіс ұяшығында қан ұйындысы,бөлінді жоқ. Ұртын аумен толтырғанда ауыз қуысынан мұрынға және кері бағытта ауаның өтетіні байқалған.

БОЛЖАМ нақтамаын қойыңыз:

1. 1.6 тіс ұяшығының альвеолиті;

2. 1.6 тіс ұяшығының остеомиелиті;

3. 1.6 тістен одонтогенді гайморит;

4. Жоғарғы жақ төмпешігінің жұлынуы;

5. 1.6 тіс аймағында гаймор қуыс түбінің перфорациясы.

13. 23 жасар ер кісі мұрнынан аузына және кері бағытта ауаның өтуіне шағымданып келді. Бір күн бұрын 16 тісі жұлынған. Қарап тексергенде: беті симметриялы,аузын еркін ашадыы.16 тіс ұяшығында қан ұйындысы,бөлінді жоқ. Ұртын аумен толтырғанда ауыз

қуысынан мұрынға және кері бағытта ауаның өтетіні байқалған Ең тиімді емдеу жолын көрсетіңіз:

.

1. периостотомия;

2. 1.6 тіс ұяшығын кюретаждау;

3. 1.6 тіс ұяшығын жуу;

4. 1.6 тіс ұяшығын жергілікті тіндермен пластика;

5. 1.6 тіс ұяшығы арқылы қуысын жуу.

14. Клиникаға 18 жасар ер кісі ауыр жағдайда түсті.Қарап тексергенде: оң жақ жоғарғы және төменгі қабағы ісінген. Экзофтальм, хемоз, көз алмасын басқанда ауру сезімі бар. Қай оперативтік жол тиімді?

1. Орбитаның жоғарғы шеті бойынша кесу;

2. Орбитаның төменгі шеті бойынша кесу;

3. Орбитаның төменгі-сыртқы шеті бойынша кесу;

4. Қуыстың жоғарғы қабырғасын трепанациясы мен гайморотомия;

5. Орбитаның төменгі-сыртқы шетін контрапертурамен кесу.

15. Профилактикалық тексеру кезінде 22 жасар ерде 14,15 тістің жоқ екені анықталды.Рентген суреті түсірілді.Берілген ақпаратқа негіздей келе БОЛЖАМ нақтамаын қойыңыз:

А) дистопия

Б) ретенция
В) екіншілік адентия

Г) біріншілік адентия

Д) тістің қиындалып жарып шығуы.

16. Профилактикалық текесеру кезінде 22 жасар ерде 14,15 тістің жоқ екені анықталды.Рентген суреті түсірілді.Берілген ақпаратқа негіздей келе дәрігердің тиімді емдеу жолын көрсетіңіз:

А) кюретаж

Б)жұлу

В) периостотомия

Г) перикоронотомия

Д) ортодонттық ем

17. 30 жастағы ер кісі төменгі жақтың сол жақ аймағында ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: тіс қатарының шектелген ақауы,37 тісі жоқ,осы аймақта шырышты қабық қызарған,ісінген,шырыш астынан аздап ірің бөлінуде.Анамнезінен тісі бұрын жұлынбағаны анықталды.

БОЛЖАМ нақтамаын қойыңыз:

А) дистопия

Б) пародонтит
В) екіншілік адентия

Г) біріншілік адентия

Д) тістің қиналып жарып шығуы.

18. 30 жастағы ер кісі төменгі жақтың сол жақ аймағында ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: тіс қатарының шектелген ақауы,37 тісі жоқ,осы аймақта шырышты қабық қызарған,ісінген,шырыш астынан аздап ірің бөлінуде. Рентген суретінде:37 тіс альвеолярлы өсінді ішінде,түбірі толық қалыптасқан.38 тіс медиальды-қисық орналасқан. Дәрігердің 38 тіске ең қолайлы емдеу жолы:

А) кюретаж

Б) жұлу

В) периостотомия

Г) перикоронотомия

Д) ортодонттық ем

19. 30 жастағы ер кісі клиникаға жоғарғы жақ оң жақ аймағындағы шектелген кеттікке шағымданып келді. Ауыз қкысында: 16 тістің тек шайнау беті ғана шыққан,16 тіс тіс жегіге байланысты емделген.Шырышты қабат өзгеріссіз.

БОЛЖАМ нақтамаын қойыңыз:

А) жартылай ретенция

Б) дистопия
В) пародонтит

Г) екіншілік адентия

Д) біріншілік адентия

20. 30 жастағы ер кісі клиникаға жоғарғы жақ оң жақ аймағындағы шектелген кеттікке шағымданып келді. Ауыз қуысында: 16 тістің тек шайнау беті ғана шыққан,16 тіс тіс жегіге байланысты емделген.Шырышты қабат қызарған,ісінген.Рентген суретінде: сүйек тінінің сауыт және медиальды-ұрт түбір аймағында резорбцияланғаны көрінеді.

Емі:

А) кюретаж

Б) жұлу

В) периостотомия

Г) перикоронотомия

Д) ортодонттық ем

Ситуциялық есептер:

1. 23 жасар ер кісі санация мақсатымен келген,қарау кезінде 36 тістің сауыт бөлігі толығымен бұзылған,осы тіс аймағында шырышты қабық түсі өзгерген.вестибулярлы бетінде шырышты қабатта лайлы бөліндісімен жылан көз бар.Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз. Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

2. 32 жасар әйел емханаға төменгі жақ сол жақ аймағындағы тістеген кезінде күшейе түсетін тісінің ауру сезіміне шағымданып келді,ауызы жартылай ашық. Қарап тексергенде беті симметриялы,тері жабындысының түсі өзгермеген. 37 тістің екі

3. бағыттағы перкуссиясы да ауру сезімімен,37 тіс аймағында шырышты қабат ісінген,қызарған,сипап тексергенде ауырады. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

4. 44 жасар әйел емханаға төменгі жақ сол жақ аймағындағы тістеген кезінде күшейе түсетін тісінің ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде беті симметриялы,тері жабындысының түсі өзгермеген. 46 тістің екі бағыттағы перкуссия да ауру сезімімен,46 тіс вестибулярлы аймағында шырышты қабат ісінген,қызарған.Тіс бірнеше рет терең тіс жегі бойынша емделген. Ауыз ішілік рентген суретінде дистальды түбір ұшында 0,7 мм сүйек резорбциясы байқалады. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

5. 42 жасар ер кісі жақ асты аймағындаа тері астында шектелген қатты түзілімнің пайда болғанына шағымданады. Тексерген кезде түзіліс тығыз эластикалық тінмен тіспен байланысқаны анықталды.36 тіс көпір тәрізді протездің тірек тісі ретінде сауытпен қапталған.Шырышты қабат түсі өзгермеген. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

6. 37 жасар ер кісі 3 күн бойы ауырған. Анальгетиктер қабылдаған. Тістің ауру сезімі басылған,бірақ жақтың ауру сезімі пайда болған,беті ісінген. Қарап тексергенде оң беті ісінген.Жақ асты лифа түйіндері ісінген,ауырады. Ауызды ашу дәрежесі қалыпты. 4.7,4.6,4.5,4.4 тістер аймағында вестибулярлы беті шырышты қабат қызарған,ісінген. Өтпелі қатпарды сипап тексергенде осы тістер аймағында ауыратын инфильтрат анықталды.46 тісте тіс қуысымен байланысатын тіс жегі қуысы бар,ауыру сезімімен. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

7. 26 жасар ер кісі жоғарғы оң жағында бұзылған тісінің барына шағымданып келді. Объективті қарап тексергенде: 26 тіс пломбы астында,түсі өзгерген,перкуссияға сезімтал,шырышты қабатта ұрттық-медиальды түбір аймағында жылан көз анықталды. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

8. Ер адамда профилкатикалық қарау кезінде 16 тіс аймағында ұрт шырышты қабат астында шектелген қатты,ауырмайтын түзіліс анықталды. Тексеріс кезінде түзіліс тығыз-эластикалық тінмен тіспен байланысқан.16 тіс көпір тәрізді протездің тірек тісі ретінде сауыт астында, перкуссия ауру сезімінсіз.Шырышты қабат түсі өзгермеген.Бұзылған тіс жоқ. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

9. Ер кісі төменгі жақтың оң жақ аймағында тұрақты ауру сезіміне және «өсіп кеткен» тіс сезімінің пайда болғанына шағымданып келді. Тіс 3 күн бойы мазалауда,бұрын емделген.Объективті: 46 тіс пломбыланған,түсі өзгерген,перкуссия бірден пайда болатын ауру сезімімен,шырышты қабық осы тіс аймағында қызарған,ісінген,сипап

10. текергенделағанда ауырады.Ауыз ішілік рентген суретінде 46 тістің медиальды түбірі ½ ұзындыққа, дистальды түбір-толық ұзындыққа пломбыланған.Медиальды түбір ұшында шекарасы анық сүйек тінінің ыдырауы көрінеді. Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

11. Ер кісі төменгі жақтың оң жақ аймағында тұрақты ауру сезіміне және ісінуіне шағымданып келді, дене темпаратурасы 39 градусқа көтерілген,қалтырау байқалады. 4 күн бұрын тісі ауырған,сосын ісіну пайда болған. Объективті: беті асимметриялы,ауыз ашу шектелген (ІІ дәрежелі). Ауыз қуысында: 46 тіс пломбыланған,түсі өзгерген,перкуссия бірден пайда болатын ауру сезімімен; 45. 4.6, 4.7 тістер қозғалмалы, қызыл иек астынан ірін ағып тұр. 45,46,47 тістер аймағында төменгі жақтың оң жағында муфта тәрізді қалыңдау байқалады. Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

12. 28 жасар ер кісіге төменгі жақтың 47 тістен созылмалы одонтогенді остеомиелиті деген нақтама қойылды.Клиникалық және рентгенологиялық суретін сипаттап бер.Диффернциальды диагностика жүргізіңіз.

13. 36 жасар ер кісіге зерттеу жүргізгеннен кейін - 37 тістен дамыған төменгі жақтың созылмалы диффузды остеомиелиті деген нақтама қойылды. Мүмкін болатын асқынуларды атап көрсетіңіз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

14. Дәрігер зерттеуден кейін алдын ала нақтама қойды: жоғарғы жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиті. Осы нақтамаға сай клиникалық көрінісін сипаттап беріңіз.Қандай аурумен диффернциалды диагностика жүргізу керек? Емдеу жоспарын құрыңыз.

15. 23 жасар ер кісі мұрын бітелуіне,еңкейгенде көз асты аймағының ауру сезімінің күшейуіне шағымданып келді.27 тіс бұзылған,көрші тістердің перкуссиясы ауру сезімімен,дыбыс тұйықталған,өтпелі қатпар шырышты қабаты ісінген,қызарған. Дәрігер жедел одонтогенді гайморит деген нақтама койды. Дифференциальды диагностика жүргізіңіз. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

16. 20 жасар ер кісі поликлинкаға ауаның және тамақтың мұрын қуысына түсуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 26 тіс жұлынған, қан ұйындысы жоқ,шырышты қабық түсі өзгермеген.Мұрын-ауыздық сынама оң. Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

17. Әйел 32 жаста 5 ГКБ-ға жұлынған тіс ұяшығынан ірің ағуына,тамақтың мұрын қуысына түсуіне шағымданып келді.Тіс 3 ай бұрын жұлынған.

Нақтама қойыңыз. Диффернциальды диагностика жүргізіңіз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

18. Әйел 32 жаста мұрын бітелуіне,еңкейгенде көз асты аймағының ауру сезімінің күшейуіне шағымданып келді.27 тіс бұзылған,көрші тістердің перкуссиясы ауру

19. сезімімен,дыбыс тұйықталған,өтпелі қатпар шырышты қабаты ісінген,қызарған. Рентген суреттерінде: сұйықтық мөлшері анықталған.

Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

20. 23 жасар ер кісі мұрнынан аузына және кері бағытта ауаның өтуіне шағымданып келді. Бір күн бұрын 16 тісі жұлынған. Қарап тексергенде: беті симметриялы,аузын еркін ашадыы.16 тіс ұяшығында қан ұйындысы,бөлінді жоқ. Ұртын аумен толтырғанда ауыз қуысынан мұрынға және кері бағытта ауаның өтетіні байқалған.

Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

21. Әйел 25 жаста, мұрынының оң жағының бітелуіне,басын еңкейгенде ауырлық сезіміне,тісінің сыздап ауыруына,бас ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ит тіс аймағындағы сипап тексеру ауру сезімімен, өтпелі қатпар шырышты қабаты ісінген,қызарған., Рентген сутерінде: гаймор қуысы оң жағынан күңгірттенген,16 тіс түбір ұшында сүйек тіні айқын емес ыдырауға ұшыраған. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

22.
23 жасар ер кісі клиникаға жоғарғы жақ сол жақ аумағындағы ауру сезіміне,аузының шектеліп ашылуына,дене темпаратурасының котерілуіне шағымданып келді.Рентген кабинетіне бағытталды.28 тіс қалай орналасуы мүмкін.Емдеу жоспарын құрыңыз.

23. 18 жасар бала клиникаға 14-16 тістің вестибулярлы бетін сипап тексергенде томпаюдың анықталғанына шағымданады.Рентген суретінде: 15 тіс дистальды-көлбеу бағытта орналасқан. Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.


24. Профилактикалық тексеру кезінде 22 жасар ерде 14,15 тістің жоқ екені анықталды.Рентген суреті түсірілді.
Төменде көрсетілген рентген суретіне қарап нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.

25. 30 жастағы ер кісі клиникаға жоғарғы жақ оң жақ аймағындағы шектелген кеттікке шағымданып келді. Ауыз қкысында: 16 тістің тек шайнау беті ғана шыққан,16 тіс тіс жегіге байланысты емделген.Шырышты қабат өзгеріссіз.Нақтама койыңыз.


26. 34.50 жастағы ер кісі клиникаға имплантанттар арқылы протезделуге келді,панорамды рентген суретінде 1.8, 2.8, 3.8, 4.8 тістері сақталған. Нақтама койыңыз.Емдеу жоспарын құрыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: