Жергілікті ойын ережелері

Ф-ОБ-012/006А

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ө нер факультеті

«Дене мәдениеті» кафедрасы

«МЕКТЕПТЕГІ ӘСКЕРИ СПОРТ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ» пәнінен

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

5В010400-«Бастапқы әскери дайындық»

Түркістан 2015

Лекциялық тезистер «Дене мәдениеті» кафедрасының

«01» 09.2015 ж. мәжілісінде талқыланды және №1 хаттамамен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.,доцент м.а ______________ Е. Маханбет

Лекциялық тезистер факультеттің «02» 09. 2015 ж. (хаттама №1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к., доцент м.а Б.Жолдасова

Дайындаған: Аға оқытушы,аға лейтенант Б.Р.Ахметов

№ 1. Лекция сабағының тақырыбы: " Мектептерде әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мазмұны"

1.Оқыту әдістемесі.

1.Жоспары:.

1.Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мазмұны

2.Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы қарастыратын сұрақтарын түсіндіру

3.Қысқаша мәтіні: Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мзмұнын түсіндіру.

1. Мектептерде әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мазмұны.

Мектептерде әскери – спорттық комплекс пен әскери – спорт ойындары әскери – патриоттық тәрбие жүйесінде зор ролге ие. Ал әскери – спорттық ойындардың тәрбиелік рөлі бозбалалардың оларға үлкен қызығушылықпен қарап, оған тұрақты қатынасатындықтарын да үлкен рөлге ие болып отыр. Әскери патриоттық тәрбиедегі ойындардың рөлі - ойындар базаларының дамуында жоғары адамгершілік сезімдер мен моральдің сапаны қалыптастыруға негіз бола алады. Ойын процессінде бозбалаларда еріктілік сапалары қалыптасып қана қоймай, тәртіптілік, тұрақтылық және төзімділікті қалыптастыруға жағдай жасайды.

Осы әскери – спорт ойындарында бозбалалар әскери білімдер мен дағдыларға ие болып, балаларды алғашқы әскери дайындықтың программасын жақсы игеруге дайындайды.

Дене ойындарының дайндығына командирлер жауапкершілікте болады.

Әрі командирлер (бастық) мыналарды қамтамасыздандыруы қажет:

1. әскери адамдардың дене дайындығының процессіне ороретивті бақылау жасау, әрі бақылау.

дұрыс жоспар жасау, дене дайындығының жүйелі түрде өткізу және апта мен күндерге дене ауыртпалығын рациональды түрде бөле білу.

2. жеке құралмен сабақ өткізіп жатқан офицерлер мен сержанттардың қол астындағылардың әдістемелік және практикалық жоғарғы дайындығын бақылау.

3. спорт пен сабақтарға дене дайындығы бойынша оқу материалдық техникалық базасының дайындығы.

4. қауіпсіздік шараларын бақылау мен дене дайндығының бүкіл формаларын өткізуде жарақат лудың алдын - алу.

Әрбір офицер, прапорщик мерзімінен тыс уақытта қызмет ететін әскери қызметкерлер өзінің жеке дене дайндығы үшін жауап береді. Және де дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға, алға қойылған мақсаттарға үнемі дайн болуға міндетті.

Спорт пен дене дайындығының бостығының штаттық міндетті қарастырылған әскер бөлімде, бөлімнің командирлерінің бұйрығы бойынша, дайындығы бар офицерлер қатарынан спорт пен дене дайындығының штаттан тыс бастығы тағайындалады.

4. Бақылау сұрақтар:

1. Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мазмұны.

2.Төзімділікті күшті, жылдамдығы мен ойласкерлікті үнемі жүзеге асырып,

дамытып отыру.

3.Дене ойындарының дайындығына командирлер жауапкершілігі.

4.Спорт пен дене дайындығының бостығының штаттық міндетті.

5. Әскери патриоттық тәрбиедегі ойындардың рөлі

№ 2. Лекция сабағының тақырыбы: " Мектептерде әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мақсаты мен, міндеттері."

1.Жоспары:.

1.Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мақсаты мен, міндеттері.

2.Оқыту әдістері.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы қарастыратын сұрақтарын түсіндіру

3.Қысқаша мәтіні: Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мақсаты мен міндеттерін оқыту.

1.Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мақсаты мен, міндеттері.

Әскери - спорттық комплекс – Қ.Р.Қараулы күштерінің құрамының әскери оқыту және тәрбиелеудің маңызды және бөлінбес бөлігі болып табылады. Және де әскери дайындықтың негізгі пәндерінің біріне жатады.

Әскери – спорттың комплекстің әскери – спорттың ойындарының мақсаты әскери адамдардың әскери қызметке физикалық дайндығының қамтамасыздандыру және олардың оқытылу мен тәрбие сұрақтарын шешуге негіз болу болып табылады.

Әскери адамдардың әскери – спорттың комплекстің жалпы тапсырмаларына мыналар жатады:

1. Төзімділікті күшті, жылдамдығы мен ойласкерлікті үнемі жүзеге асырып, дамытып отыру.

2. Шаңғыда немесе жаяу күйде ауыспалы түйсікпен аймақтарда алға қарай жылжу дағдыларын үйрену, кедергілерге төтеп беру, әскери қолданбалы жүзу мен қол күрестерін игере білу.

3. Физикалық дамудың жақсаруы, денсаулықтың қатаюы және әскери қолданбалы нашар факторларға организм тұрақтылығын дамыту.

Физикалық дайындық мынадай формаларда өткізіледі: оқу сабақтары, қарулы оқу қызметіндегі процессте таңертеңгі физикалық жаттығу.

Әскери – спорттық комплекс пен әскери – спорт ойындары әскери – патриоттық тәрбие жүйесінде зор ролге ие. Ал әскери – спорттық ойындардың тәрбиелік рөлі бозбалалардың оларға үлкен қызығушылықпен қарап, оған тұрақты қатынасатындықтарын да үлкен рөлге ие болып отыр. Әскери патриоттық тәрбиедегі ойындардың рөлі - ойндар базаларының дамуында жоғары адамгершілік сезімдер мен маральдің сапаны қалыптастыруға негіз бола алады. Ойын процессінде бозбалаларда еріктілік сапалары қалыптасып қана қоймай, тәртіптілік, тұрақтылық және төзімділікті қалыптастыруға жағдай жасайды.

Осы әскери – спорт ойындарында бозбалалар әскери білімдер мен дағдыларға ие болып, балаларды алғашқы әскери дайындықтың программасын жақсы игеруге дайындайды.

Әрбір офицер, прапорщик мерзімінен тыс уақытта қызмет ететін әскери қызметкерлер өзінің жеке дене дайндығы үшін жауап береді. Және де дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға, алға қойылған мақсаттарға үнемі дайн болуға міндетті.

Спорт пен дене дайындығының бостығының штаттық міндетті қарастырылған әскер бөлімде, бөлімнің командирлерінің бұйрығы бойынша, дайындығы бар офицерлер қатарынан спорт пен дене дайындығының штаттан тыс бастығы тағайындалады.

4. Бақылау сұрақтар:

1. Әскери – спорттық комплекстер мен ойындардың жалпы мазмұны.

2.Әскери – спорттық ойындардың жалпы міндеттері.

3. Әскери – спорттық ойындардың жалпы мақсаты.

4.Дене ойындарының дайындығына командирлер жауапкершілігі.

5. Әскери адамдардың әскери – спорттың комплекстің жалпы тапсырмалары.

№ 3 Лекция сабағының тақырыбы: " Мектептегі 1-5 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері."

1.Жоспары:

1.1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардын негіздері.

2.Оқыту әдістері

2. Сабақтың мақсаты:Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындардың мақсаты оқушылардың ширауына, сапта өзін ұстай алуына, тәртіпті сақтауына негізделген.

3. Қысқаша мәтіні: Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру сұрақтарын түсіндіру

1. Мектептегі 1-5 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері.

Әскери-спорттық ойындар орта сыныптарда алғашқы әскери даярлық бағдарламасын меңгеруге ықпал ететін, оқушылардың дене және әскери-патриоттық тәрбиелейтін оқушылар жұмысының маңызды формаларының бірі болып табылады.

Оқуға кіріскен бала күн сайын үстел басында төрт сағат мектепте және бір жарым сағатқа дейін – үйде отыруға мәжбүр. Алайда сабақтан бос уақытта осы жастағы балалар әліде көп ойнайды. Олар жеткілксіз жетілмеген болсада шынайы қозғалыстың барлық түрін меңгерген, сондықтан жүгірумен, секірумен, лақтырумен байланысты ойындар оларға қызықты. Бастауыш сынып оқушылары арасында қозғалмалы ойындар өткізу кезінде бұл жастағы баллардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, олардың ағзасының қоршаған орта әртүрлі әсерлеріне қатысты бейімділігін және тез шаршайтындықтарың ескеру қажет. Бастауыш сынып оқушысының сүйегі әлі қалыптасуда. Шеміршек клеткалары тобының бірқатар қабаттылығы икемділікті негіздейді, әсіресе, омыртқаның. Бұлшықеттер қатысты әлсіз (атап айтқанда, арқа және бел-қарын бұлшықеттері). Тірек апаратының мықтылығын да соншалықты емес. Сондықтан ұзақ бұлшықет күштеулерінсіз, әртүрлі қозғалысты қозғалмалы ойындар үлкен маңызға ие.

Күш пен эергияның көп шығындалу талап ететін секіру, жүгіру және т.б. әрекеттері бар ойындарда баллар зор қозғалыстық белсенділік танытады. Алайда олар жеткілікті тез шаршамайды, әсіресе бірдей әрекеттерді орындау кезінде жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, қозғалмалы ойындармен айналысу кезіндегі дене жүктемелерін қатаң түрде ретке келтіріп және шекте отыру керек. Ойын өте ұзақ болмау тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларында көңіл бөлу функциясы әлі жеткілікті дамымаған, олар жиі ұмытшақ, бір заттан екіншісі тез ауысады. Осымен байланысты уақыты бойынша қысқа қозғалмалы ойындарды ұсынған жөн. 10-12 жастағы балалар үшін қозғалмалы ойындар қиындай түспек. Орта мектеп жасындағы балалар ағзасы үлкен тұрақтылықпен сипатталады. Сүйек – байланыс аппараттары жеткілікті икемді, иілгіш. Бұлшық еттер өсіп, нығая түсуде, сондықтан балалардың күштері әлі де әлсіз; ағза біржақты жүктемелер мен үлкен дене күш салуларына даяр емес. Алайда осы жаста жүрек және қан тамырлар әрекеті біршама тұрақталған, өкпе сыйымдылығы ұлғайған. Сондықтан ойындарға осы жастағы балалардың жақсы дене дамуларына ықпал ететін ұзақ емес жүгірулер мен секірулер, әртүрлі энергиялық ұзақ емес қол, аяқтармен, кеудемен қозғалыстар енеді.

Өсімтал ағза оттегіні көп қажет етеді. Баллардың демалу жүйесі бастауыш сынып оқушыларына қарағанда үлкен дамығандықпен ерекшеленеді, алайда тыныстаудың өзі жеткілікті терең емес белсенді қозғалыстары бар ойындар демалу апаратын бекітуге ықпал етеді.

Қозғалмалы ойындар бар сабақтар үрдісінде балалар саналы еріктік күш салуды, машықтануды талап ететін көптеген қозғалыстарды меңгереді. 10-12 жастағылар үшін ойындар бастауыш сыныптарға арналған ойындарға қарағанда уақыты бойынша ұзақ. Кейде ойнаушылар шыдамдылықтың дамуына ықпал ететін үнемі қозғалыста ұзақ болғанға риза болады.

Осы жастағы баллар сындарлы ойлауды бастайды, оларды абстрактілі ойлануға қабілеттіліктер дамыйды, осының барлығы көптеген ережелері бар күрделі ойындарды меңгеруге мүмкіндік береді. Эмоцияларды бақылауды күшейту ойындағы жолдастарына қатынас бойынша тактикалыққа, тәртіліптілікке ықпал етеді. Көптеген қозғалмалы ойындар ойыншылар расындағы күрделі өзара қарым-қатынастарға құрылады. Бұл ойыншыларды бір мақсат-өз командасының жеңісі үшін күрес жасау-біріктіретін ұжымды топтарға (командаларға) бөлуі бар ойындарға тән.

Қозғалмалы ойындарға балалар әрекеті келісілген, дәлірек бола түспек, олардың ойын тактикасы жетіледі. Аңдып келе жатқан ойнаушылардан шапшаңәрі епті бұлтарып кетуі қабілеті айтарлықтай жоғарлайды; шартты қарсыластан жалтарып кету тәсілдерін таңдау еркі молая түседі. Әрекеттерді орындау шарттары күрделенеді, ойнаушылар алдына қойылған тапсырмалардың орындалу қиындығы жоғарлайды; ұжымдағы ойнаушылардың өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптар маңызы көтеріледі. Ойын ережелері күрделенеді, ойын канфликтілерін шешу қатысушылардан жеткілікті дамыған еріктік қабілеттер мен шыдамдылықты талап етеді.

10-12 жастағы балаларға біріккен күштері бірегей мақсатқа қол жеткізуге бағытталған ойындар қызықты. Оларды әрбір команда алдына нақты міндеттер қойылатын ойындар көп тарта бастайды, ол міндеттер: күш біріктіре басқа командадан басым түсу, ойында жеңіске жету.

Осы жас кезеңінің соңына қарай балаларды өзіндік қозғалыс әрекеттерін жетілдіруге мүмкіндік беретін ойындар ерекше қызықтыра бастайды. Оларға нәтиже ғана емес өздерінің ептілігін, мергендігін, шыдамдылығын, күштері мен тапқырлықтарын көрсете алатын ойын үрдісінің өзі қызық. Олардың ойындарында хороводтар, әндетулер, бейнеге еліктеулер жиі қолданылмайды. Бұл жастағы балалар шаңғымен жүруге және коньки тебуге үйрене бастайды; алынған дағдылар ойындарда қолданылады.

Әрекет сипаты мен қозғалыс түрлері бойынша осы жастағы балалардың қозғалмалы ойындары алуан түрлі. Бұл қуып жете жүгіруі, қозғалыссыз және қозғалыстағы кедергілерден секіріп өтуі, доп және ұсақ заттарды алысқа лақтыру, қағып алуы бар ойындарға тән. Ойындарда қозғалыстың бірнеше түрлерін үйлестіруге де болады.

Ұйымдастыруы бойынша күрделі өзара әрекеттестіктер, екі жақты ойындар балалардың өзінділігін ұмтылысын қанағаттандырады, өз ұжымының, өз командасының спортық мәртебесі үшін күресу қызығушылықтарына жауап береді. Алайда, жетекші қозғалмалы ойындарды дұрыс емес ұйымдастыру кезіндегі балалар мінез-құлқындағы тұрақсыздық, олардың өз күштерін шамадан тыс бағалаулары қаламаған істерге әкелуі мүмкін екендігін есте ұстаған жөн.

4. Бақылау сұрақтар:

1. 1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардын міндеттері.

2.Ойынның ережелері.

3.Ойындағы жеңіске жету жолдары.

4.Ойынның мақсаты мен мүддесі.

№ 4 Лекция сабағының тақырыбы: " Мектептегі 1-5 сынып жастарындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар. "

1.Жоспары:

11-5 сынып жастарындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар."

1.Оқыту әдістері.

2. Сабақтың мақсаты:Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындардың мақсаты оқушылардың ширауына, сапта өзін ұстай алуына, тәртіпті сақтауына негізделген.

3. Қысқаша мәтіні: Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру сұрақтарын түсіндіру

1. Мектептегі 1-5 сынып жастарындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар.

Парадта.

Ойын мақсаты балаларда назар бөлуді, сапта өзін-өзі ұстау іскерлігін, тәртіпті сақтауларын дамыту. Ойынға 10-12 адам қатысады.

Тегіс алаңда (орман алаңқайында) түзу сызықты жүргізеді де соны бойлай бір сапқа балаларды тұрғызады. Жетекшінің «Тарқандар!» бұйрығы бойынша ойнаушылар алаңды бойлап жүріп кетеді, осыдан кейін «Бөлімше, бір сапқа - тұр!» бұйрығы бойынша барлығы жылдам сапқа тұрады. Сапқа ең сонынан тұрған немесе сапқа тұру кезінде сөйлескен артқа бір қадам жасап, ойыннан шығады. Жолдастарына сапқа тұруға әдейі кедергі жасағандарды ойыннан шығарылады. Ойынды бірнеше рет (5-6) қайталайды. Сапта ойынның сонына дейін қалған балалар жеңімпаз атанады.

Бұл ойынды түрлендіруге де болады. Бір бөлімшенің орнына екі немесе үш командирі бар бөлімшелерді жарыстыруға болады. Ойынның соңында сапта көбірек балалары қалған бөлімше жеңіледі.

Бөлімше бір емес екі сапқа да тұруы мүмкін осыған байланысты бұйрықта өзгереді: «бөлімше, екі сапқа – тұр!».

Ойын жетістігіне балалармен ойын алдында балалармен өткізген әңгіме ықпал етеді, мұнда жетекші жауынгер үшін саптың мәнін және ҚР Қарулы Күштер саптық уставының негізгі ережелерімен балаларды таныстырады.

Кешіктің бе – бір қадам артқа.

Ойынға 10-12 адам қатысады. Жер бетіне арақашықтығы бір қадам болатын екі параллельді сызық сызылады. Бірінші сызық бойына бір сапқа бойлары бойынша балаларды тұрғызады. «Тарқандар!» бұйрығы бойынша ойнаушылар алаңды бойлап, жүгіріп кетеді, осыдан кейін «Қайтадан тұр!» бұйрығы беріледі.

Сапқа соңынан тұрған ойыншы бір қадам артқа екінші сызыққа тұрады.

Осыдан кейін ойынды қайталайды. Кешіккендер барлық уақытта екінші сызыққа тұрады. Ойын 5-6 рет өткізілгеннен кейін бірінші сызықта қалған балалар жеңімпаз атанады.

Солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс.

10-20 адам ойнайды. Ойнаушылар екі сапқа тұрады және бір қадамға бытырайды. Компас немесе күн бойынша ойнаушыларға горизант тұсын: солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысты нұсқау қажет. Содан кейін горизонт тұсын, мысалы солтүстік зор дауыспен атау керек. Ал балалар болса солтүске бетін бұрып, тез әрі анық бұрылыс жасау қажет.

Жетекші көрсеткен жаққа дұрыс емес бұрылған және қателескен, немесе бұрылуды дұрыс емес орындаған ойын ұпайын алады.

Жетекші горизонттың басқа тұстарын атайды, ойнаушылар бұрылыс жасайды. Аз ойын ұпайын алған жеңімпаз атанады.

Жолаушылар артынан жүру.

Ойнаушылар командирлері бар екі бөлімшеге бөлінеді. Әрбір бөлімшеге жалау түсі беріледі.

Әрбір қатысушы өзінің қай бөлімшеде екеніндігін және өз жалаушасының түсін есте сақтайды. Осыдан кейін бөлімше алаң бойынша тарап кетеді. Жетекші жалаушы жоғары көтеру бойынша жалаушы көтерген тұсқа бөлімше жылдам сапқа тұрады, мұнда әр бірі өз орнын табу тиіс. Сапқа тұру бөлімше командирінің: «бөлімше, бір сапқа (екі сапқа) – тұр!» бұрығы бойынша жүзеге асады.

Жылдам сапқа тұратын бөлімше жеңіске жетеді.

Ептілікпен асу.

Құмы бар терең емес шұнқыр үстіне қозғалыссыз бөрене бекітіледі. Қатысушылар шұңқырдың қара-қарсы тұстарына тұрады, бөрене үстімен бір-бірлеріне қара-қарсы жүреді, орта тұсында кездескен кезде әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ары қарай өтіп кетуге тырысады. Жеңімпаздар қойылған тапсырманы орындаған жеке жұптар немесе жақсы, оңымды өтудің көп санына ие болған командалар саналады.

Туды қағып ал.

Ойнаушылар саны 10-15 адам. Бір ұшында жалаушасы бар ұзындығ шамамен 2м сырық ту дайындалады.

Жер бетіне диаметрі 8-10 қадам болатын шеңбер сызып, беттерін орталық нүктеге қарата шеңбер бойын жағалай балаларды орналастырады. Жетекші ту қолына ұстай тұрып, шеңбер орталық нүктесіне орналасады. Содан кейін ойнаушылардың біреуіне атын атап сыртқы қолдан босатады. Жетекші атаған ойын қатысушысы жүгіріп, ту жерге құлағанша оны қағып алуы тиіс. Егер бұл оның қолынан келмесе, онда ол ту ұстаушы болып тағайындалып, ойын жетекшісінің орнына тұрады да, келесі жолдасын шақыру құқығына ие болады, егер ту құлап қалса, онда ұстап үлгермеген ойнаушы бір айыптық ұпай алып, өз орнына қайтады.

Ойын барлық ойнаушылар құлап бара жатқан туды қағып алуға бір немесе екі рет (қалай келісілгенге қарай) шақырылмайынша жалғаса береді.

Айыптық ұпай алмаған балалар жеңіске жетеді.

Жоғалған зат. Ойынға арналған ойынды орманнан немесе бұталар арасынан таңдаған жөн. Ойынның екі-үш қатысушысы 400-60 м-ге алға кетеді де, белгілі бір затты тығып қояды, олар: қару макеті, далалық сөмке, конверт, компас және т.с.с. Өз жолдарында олар әртүрлі белгілер қалдырады. Жердегі сілтемелер, сынған бұталар және т.с.с бұл белгілер жасырылған затты табуға көмектеседі. Жетекші қатысушыларға белгі туралы айтып береді, ойын ауданын нұсқап, белгі береді. Ойнаушылар жоғалағн затты іздеуге бағытталады. Затты бірінші тапқан жеңімпаз болмақ.

Орынды қатып қал.

Нұсқа 1. Жетекшінің қалыптастырған белгісі бойынша ойынның барлық қатысушылары 30-60 сек. бойы, тіпті бұл уақытта оларды маса немесе шіркей шақса да ешқандай қимыл жасамастан, бір орында қалшиып қатып қалулары тиіс. Оыс талаптарды орындағандардың барлығы жеңімпаз атанады.

Нұсқа 2. Отрядты жетекшіден бөлек шашыраңқы қадамдаумен, жүргізумен немесе өрмелеумен орналастыру қажет. Уақыт өте келе жетекші қолын жоғары көтеріп немесе белгілі бір дыбыстық белгі береді. Осыдан кейін әрқайсысы өз орындарында қалып 30-60 сек. бойы тіпті бұл уақыт ішінде қандай бір қолайсыз жағдайға немесе аяғы балшық ішінде қалса да қозғалмай бір орында қалуы тиіс.

Жалаушаны іздеу.

Ойынды қар жауғаннан кейін, ескі шаңғы іздері жабылғаннан кейін өткізген дұрыс. Ойын орман шетінде немесе алаңқайда өткізіледі; ойынға қатысушылар бөлімшеге бөлінеді.

Аралық адам өз ісін жасыра және шатастыра отырып алға жүріп кетеді де, орманның бір жеріне жалаушаны жасырады, бірақ оны қармен көмбейді, 10-20 қадам қашықтықта көрінетіндей етіп ағашқа байлайды немесе қарға бекітеді. Жалаушаны жасырғаннан кейін аралық адам басқа жолмен орман шетіне қайтып келеді.

Аралық адамның іздері бойынша жалаушаны іздеуге ойынның барлық қатысушылары бағытталады. Жалаушаны бірінші тауып алған бөлімше жеңеді

Күзетшіні түсіру.

Бұл ойында балалардың есту өткірлігі, шусыз қозғалысы іскерлігі дамиды. Ойын ағаш жанында өткізіледі. Айналаға құрғақ ағаштар, жаңғақтар, қағаздар және т.с.с. шашылып тасталады. Ойнаушылар саны 15 адамға жетуі мүмкін. Ойнаушылар бірінің көзін жауып, ағаш жанына оны күзетші етіп тағайындайды. Қалғандары диаметрі 20-25м шеңбер құрады.

Күзетші осы шеңбердің орталық нүктесіне орналасады.

Ойнаушылар бір-біреуден күзет орнына жақындайды. Кім қолын ағашқа немесе күзетшіге тигізсе, сол күзетші орнын ауыстырады. Егер күзетші келе жатқан естіп қойса, онда ол: «Тоқта!» бұйрығын береді де, қолын дыбыс шыққан жаққа нұсқайды. Егер күзетші дұрыс тапса, өзін дыбыс беріп ұстап берген ойыннан шығарылады.

Ойын жетекшісі барлық ойнаушыларды бақылай алатын жерде орналасады.

Жасырына біл.

Ойын көп, жоғары өскен шөпті немесе бұталы қиылысқан жергілікте өткізіледі.

Нұсқа 1. Ойын жетекшісі балалар ішінен бақылаушыны таңдайды, оның көзін байлайды да, белгі береді, бұл белгі бойынша балалар жан-жақты жүгіріп кетіп, тығылып қалулары керек.

40-60сек. кейін жетекші екінші белгіні береді, бұл белгіден кейін бақылаушы көз байламын шешіп, айналаға шолу жасап, табылған ойнаушылардың барлығын атауы тиіс.

Ең соңғы табылған немесе байқалмай қалғандар саны көп бөлімше жеңеді. Нұсқа 2. Барлаушылар командирлері бар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда жетекшімен бірге ауданнан тыс жерде орналасады. Екіншілер белгі берілген бойда жасырынуға кіріседі. Осыған қоса өз әрекеттерін жолдастарымен келісуге, бір-біріне көмек беруге, жеке-жеке немесе топтасып жасырынуға, ойын барысында бір орыннан екінші орынға жасырынуға рұқсат беріледі.

10-15 мин. Кейін жетекші белгісі бойынша бірінші команда екіншіні іздеуге аттанады. Осыдан кейін олар орындарын ауыстырады. Барлаушылар санын көп тапқан команда жеңіл шығады.

Жетекші бір команданың балалары екінші жақ барлаушыларының қалай жасырылғандарын көрмейтіндіктерін қадағалауы қажет.

Ойын жетістігіне жетекшінің жасыру тәсілдерінің мәні жайлы жүргізген әңгімесі ықпал етеді.

Мен сені көріп тұрмын.

Ойын шөбі қалың өскен алаңқайда өткізіледі. Ойнаушылар екі бөлімге бөлінеді. Бір бөлім 150-200м қашықтыққа алысқа кетеді де, тастарды, ағаштарды, бұталар мен жердің тегіс еместігін қолдана отырып жасырынады. Бұл уақытта екіншілері біріншілерге арқасын беріп тұрады. Бұйрық берілгеннен кейін 3-5 минуттай алаңқайға бақылау жүргізеді.

Қарсылас бөлімінен табылған әрбір мүше үшін бақылаушылар бір ұпайдан алады. Кейін бөлімдер орындарын ауыстырады. Ұпай саны көп болған бөлім жеңімпаз атанады.

Ойын басталмас бұрын жетекші бақылау алаңқайының аралықтарға: жақын, орта және алыс бөліну тәртібін, сонымен бірге бақылау жүргізу және баяндап отыру ретін түсіндіреді.

Байқаусыз қал.

Ойнаушылар саны 20 адамға дейін жетеді. Қалың шөпті және бұталы жерде ойнаушылар тобының орналасқан жерінен 100-150м арақашықтықта жалауша орнатылады. Жалауша қасында жетекші тұрады. Ойнаушылар бұйрық берілгеннен кейінжетекшіге байқаусыз қала отырып, жалаушыға өрмелей жөнеледі. Көрініп қойылған ойыншы ойыннан шығарылады. Біраз уақыттан кейін жетекші ысқырық береді, осыдан кейін барлығы өз орындарынан тұрады. Жалаушаға бәрінен де жақын келген ойыншы жеңеді.

Жасырын жылжы.

Қалың шөбі, бұталары бар алаңқай немесе орманда жетекші ойнаушылар алдына тапсырма қояды: балалар арасынан тағайындалған бақылаушыны 50-60м арақашықтықта бақылап, ізіне түсіп отыру керек. Уақыт өте келе бақылаушы тоқтайды, бұрылып, артына, жан-жағына қарайды. Ойнаушылардың байқалып қалғандары ойын жетекшісінің қасына барады. Бір ғана байқаусыз қалған адам қалмайынша, ойын қайталана береді. сол адам жеңімпаз атанады. Бақылаушы өз қалауы бойынша аялдама жасап отырады.

Ойынға жетекшілік етуге аралық адам көмектеседі, ал балалардың қозғалу шекарасының бұзылмауын және орнатылған арақашықтықта бақылау жүргізілуін қадағалайды.

Із бойынша.

Ойынға 2-3 бөлім қатысады.

Жетекші командирлерге бөлімше маршрутын, старт, жиналу нүктесін нұсқайды және тапсырма береді.

Бөлім командирлері өз жауынгерлеріне қозғалыста жолында өздерінің қандай іздер тастап отыратындарынайтып береді.

Белгі берілгеннен кейін командирлер өз маршруттары бойынша кетеді. 15 мин. кейін командирлер ізі бойынша барлық бөлім бір уақытта аттанады. Жетекші мен аралық адам артта қалып, бөлімше қозғалысының дұрыстығын қадағалайды. Басқаларға қарағанда өз командирі жанына жолдан таймастан тез жиналған бөлімше жеңімпаз атанады. Егер жергілікті аймақ мүмкіндік берсе, маршрут шеңберлі болуы мүмкін. Қыста ойын шаңғымен өткізіледі.

Вымпел үшін күрес.

Ойнаушылар саны 20-30 адам. Олар командирлері бар тең екі командаға бөлінеді. Бұталары көп, ашық сирек өскен орманда өткізіледі. Егер таңдалған жер жолмен, жолайрықпен тең етіліп бөлінсе, бұл ойын үшін өте қолайлы болар еді.

Әрбір бөлім өз арқасында немесе қолында арнайы белгіге және вымпелге ие болады, ол 20-30м арақашықтықта көрінетіндей етіп орналасады.

Ойын жетекшісі міндеттерді бөліп береді: біреулері – барлаушылар, басқалары – күзетшілер және олардың алдына тапсырма міндеттер береді

Барлаушылар қарсылас аймағына басып кіріп, вымпельді тауып, оны өз территориясына алып өтуі керек;

Күзетшілер вымпельді ұрлап алуға рұқсат бермей, барлаушыларды ұстап алу.Қарсылас барлаушаны ұстап алса ойыннан шығарылады. Қарсылас вымпелін өз территориясына бірінші әкеле алған бөлім жеңіске жетеді. Егер олардың біреуіне бұны істеу қолдарынан келмесе, қарсылас барлаушыларының көп көп санын ұстағандар жеңімпаз атанады.

Отты нүкте жарылысы.

Ойынға 10-15 адам қатысады. Ойнаушылардың бір бөлігі бұталар арасына тығылады, бұл бұталар арасына ену қиындық тудырады және қорғаушыларға жақсы көрінетін жерде орналасқан. Бұл отты нүкте. Оны айнала он шақты қадамдай жерде жалаушалар жерге тігілген. Ойынның басқа қатысушылары отты нүктеден алысырақ бастапқы қалыпқа ие болады да, тапсырма алады, ол: отты нүктені жару, яғни жалаушалармен шектелген кеңістіктің ішіне ұнтақ ағаштары немесе басқа ауыр емес жүгі бар қапшық немесе пакет түріндегі бестен кем емес танкке қарсы гранат лақтыру. Әрекет ету жоспарын талқылағаннан кейін шабуыл жасаушылар әртүрлі тәсілдермен отты нүктеге жақындай бастайды. Олардың біреуін байқап қалған қорғаушылар жабуыл жасаушы тегін атайды немесе оынң қайда орналасқанын қатты дауыспен жариялайды. Байқаланып қалған ойыннан шығады. Бұл шапалақ немесе ысқырық дыбысымен үстемеленуі мүмкін. Егер шабуыл жасаушылардың біреуі болса да ойында қалып жетекші анықтаған мерзім тапсырманы орындаса шабуыл жасаушылар жеңіске жетеді.

«Тіл» артынан.

Ойын желсіз, қараңғы батқан кезде және кішкентай ғана дыбыс барлаушыны ұстап берер сәтте өткізіледі. Қару-жарақ макетімен қаруланған ойнаушылар не еңкейе, не еңбектей, ешқандай дыбыс шығармастан өте абай қимылдайды. Барлық бой биіктігіне жүруге болмайды: түнгі аспан жарығында адамның қараңғы фигурасын оңай аңғаруға болады.

Ойынды кез-келген жер аумағында өткізуге болады. Жетекші ойын өткізуге болатын жерге қатысушылар ішінен үш баланы таңдап, жібереді, олар ол жерлерде тығылады. Оларға бір орыннан бір орынға жылжуға рұқсат етіледі.

15минуттан кейін қалған қатысушылар «тілді» тауып алу үшін ойын ауданына аттанады. Бұл тапсырманы орныдау үшін 30 мин. уақыт беріледі.

Егер «тілді» бейнелеуші барлық балалар табылып, қолға түссе тапсырма орындалған және ойын аяқталған болып есептеледі.

Түнгі барлау.

Ойын ымырт уақытында ойналады. 15-20 адамы бар екі тең бөлімдер қатысады. Әр бөлімде 5 адам күзетші, қалғандары барлаушылар.

Бір-бірінен 200-300м арақашықтықта орналасқан орман ішіндегі екі алаң таңдалады. Алаңға орналасып болғаннан кейін отрядтар жетекшіден ақ қағаздан жасалған он кішкене жалаушадан алады: бір отрядтікі – төртбұрыш, екіншісінікі – үшбұрыш. Оларды алаң бойына биік емес ағаштар мен бұталарға бір-біреуден іледі.

Ойын дыбыстық белгімен басталады. Барлаушылар қарсыластың алаңына дыбыс білдірместен еніп, барынша көрмеген жалаушаларды жинап оны өз лагеріне алып келуі тиіс.

Алаңды күзетуші күзетшілер байқалып қалған қарсылас барлаушыларына шабуыл жасап оларды ойыннан шығарады. Жалаушаларды қорғау оңай емес: әр адам, күзетші ойын басында бір-біріне тіптен жақын орналаспаған екі жалаушаны қорғауына тура келеді, сондай ақ қарсылас барлаушыларды да жалаушаларды оңай жолмен алып кету үшін әр түрлі тәсілдермен күзетші назарын басқа жаққа аударуға тырысады.

Алайда барлаушылар тапсырмасы да оңай емес: күзетшінің көзінше жалаушасын алып кету ғана емес, өз алаңына да жетіп алуы тиіс. Өз алаңына жақындаған кезде қарсыласының барлаушыларымен қақтығысып қалып ойыннан шығып қалуы да мүмкін.

Отыз минут аяқталған кезде ойынның аяқталу белгісі беріледі.

Қарсылас жалаушаларының көптеген санын жинаған отряд жеңімпаз атанады.

4. Бақылау сұрақтар:

1. 1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындар.

2.Ойынның ережелері.

3.Жергілікті аймақтағы ойындар.

4.Ойындпағы жеңіске жету жолдары.

5.Ойынның мақсаты мен мүддесі.

№ 5,6 Лекция сабағының тақырыбы: "1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардың негіздері

1.Жоспары:

11-5 сынып жастарындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындардың негіздері."

1.Оқыту әдістері.

2. Сабақтың мақсаты:Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындардың мақсаты оқушылардың ширауына, сапта өзін ұстай алуына, тәртіпті сақтауына негізделген.

3. Қысқаша мәтіні: Бастауыш сыныптар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру.

1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардың негіздері

Оқыту әдістемесі

Ойынға 10-12 оқушы қатысады.

Тегіс жерге түзу сызық сызып, бір қатар бойына балаларды тұрғызады. Басқарушының «Тараңдар» деген командасын естісімен ойыншылар жан-жаққа жүгіреді, содан кейін «Бөлім,бір қатарға тұрыңдар!» -деген команданы естісімен барлығы тез бір қатарға тұрады. Қатарға кеш тұрған немесе сапта әңгімелескен бала, артқа қадам басып, ойыннан шығарылады. Қатарға тұрғанда әдейі жолдастарына кедергі жасаған оқушыларды да ойыннан шығарады.Ойынды(5-6)рет қайталайды. Ойынның аяғына дейін қатарда қалған балалар жеңіске жетеді.

Бұл ойынды өзгертуге болады. Бір бөлімнің орнына, екі немесе үш бөлім өз командаларымен жарысуына болады. Жеңіске ойын аяғында сапта балалары көп қалған бөлім жеңіске жетеді.

Бөлім тек бір қатарда ғана емес, екі қатарға да тұрады. Бұл жағдайда команда өзгереді:»Бөлім, екі қатарға тұр!»

Ойынның нәтижелі болуы, басқарушының ойын алдында әңгіме өткізуі, жауынгерлердің сапта тұруына мән беруі, ҚР Қарулы Күштерінің саптық жарлығымен таныстыруына байланысты.

Бір адым артқа басу

Ойынға 10-12 адам қатысады. Жерге ара-қашықтығы бір қадам екі параллель сызық сызады. Бірінші сызыққа бір қатардан бойлары бойынша тұрғызады. «Тараңдар!»деген команданы естісімен ойыншылар алаңға жүгіреді, содан кейін «Қатарға тұрыңдар!»деген

команда беріледі. Сапқа артынан тұрған бала, артқа қадам жасап, екінші сызыққа тұрады.

Содан кейін ойынды қайталайды. Қалып қойғандары екінші сызыққа тұра береді. Ойынды 5-6 рет қайталағанда бірінші сызықта қалғандарыжеңіске жетеді.

Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс.

Бұл ойынды 10-20 адам ойнайды. Ойыншылар екі қатарға тұрғызылады және аралықтары бір адым болады. Компасқа немесе күнге қарап ойыншыларға: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс горизонтарын көрсету керек. Мысалы: басқарушы қатты дауыстап

«солтүстік» десе,балалар тез және дұрыс бұрылып, солтүстікке бетерімен тұруы керек.

Кімде-кім қателесіп, басқа жаққа бұрылса штраф ұпайын алады. Басқарушы басқа горизонттарды айтады, ойыншылар сол айтқан горизонтқа бұрылады. Аз штраф ұпайын алған адам жеңіске жетеді.

Жалауға жүгіру

Ойыншылар өз командаларымен екі бөлімге бөлінеді. Әр бөлімге әр түрлі жалаулар беріледі. Әр ойыншы қай бөлімнен, туының түсі қандай екенін есте сақтауы тиіс. Сосын бөлімше алаңға тарайды. Басқарушы туды жоғары, жанына көтергенде, бөлім тез жалаумен көрсеткен жаққа сапқа тұруы керек, әрқайсы өз орнын табуы тиіс.Сапқа тұру бөлім командирінің»Бөлім, бір қатарға(екі қатарға)-тұрыңдар!» командасы берілгенде орындалады. Тез сапқа тұрған бөлімше жеңіске жетеді.

Ептілікпен өту

Терең емес шұңқырдың бетіне құммен қозғалмайтын бөрене бекітіледі. Қатысушылар шұңқырдың екі жағынан қарама-қарсы тұрады. Бөрененің үстімен бір-біріне қарсы жүреді, ортасында кездесіп,әр түрлі тәсілдер қолданып өтіп кетуге тырысады. Кедергісіз өтіп, алдына қойған мақсатына жеткен жеке парлар жеңіске жеткен болып саналады.

Туды іліп алу

Ойынға қатысушылар 10-15 адам. Туды дайындайды. Жерге диаметрі 8-10 шеңбер сызады.

Беттерін ортаға қаратып балалар шеңбер бойына тұрғызады. Қолына туды ұстап басқарушы центрге иұрады. Тез ойыншының бірінің атын атап тудың сабын түсіреді.Басқарушы атын атаған ойыншы тез жүгіріп барып туды жерге түсірмей іліп алу керек. Егерде ол іліп алса, ол туды ұстап, басқарушының орнына тұрады және келесі жолдасын шақыруға құқық алады. Егерде ту құласа, туды ұстап үлгермеген ойыншы бір штраф алып, тұрған орнына келеді. Ойының ұзақтығы барлық ойыншылардың бір немесе екі рет шақырылып, құлап бара жатқан туды іліп алғанына байланысты.

Штраф ұпайын алмаған бала жеңіске жетеді.

Жоғалған зат

Бұл ойынды тоғай ішінде ойнаған дұрыс. Ойынға қатысушы 400-600м алдыға кетіп, қандай да бір затты тығады: қарудың макеті, жорық жол көлік сумкасы, конверт, компас т.б. Жолдарына әр түрлі белгілер қалдырады: Жерге сызық, сынған шыбық, ағаштың қалдығы, ағаш қабығы. Бұл белгілер тықан затты табуға көмектеседі.

Басқарушы ойыншыларға белгілер, ойын ауданын көрсетіп, белгі сигналын береді. Ойыншылар затты іздеуге беттейді, кім бірінші тапса сол жеңіске жетеді.

Орнында тырп етпеу

1-вариант. Басқарушының белгісі бойынша барлық ойынға қатысушылар,ешқандай қозғалыс жасамай 30-60 сек тырп етпей (маса шағып жатса да)тұруы керек. Осы талаптарды орындағандар жеңіске жетеді.

2-вариант. Отряд басқарушының соңынан шашырап, жүгіріп немесе еңбектеп отырады.

Басқарушыуақыт сайын тоқтап, бұрылып қолын көтеріп немесе дыбыстап белгі береді.

Барлығы орнында 30-60 сек тырп етпей қалуы керек. Егерде кімде-кім ыңғайсыз жағдайда немесе аяғын суға тығып алса да тырп етпеуі керек.

Туды іздеу

Ойынды қар жауғаннан кейін ойнаған дұрыс. Ескі шаңғыныңіздеріжойылғаннан кейін. Ойынды тоғайдың шетінде бастаған жөн. Ойыншылар екі бөлімге бөлінеді. Төреші алға кетіп, ізін жасырып, орманның ішіне туды жасырады. Бірақ қарды қазып жасырмайды. Ағашқа іліп, қардың үстіне10-20 қадамннан көрінетіндей қадап жасырады. Туды жасырып төреші орман шетіне қайтып келеді. Төрешінің ізімен ойыншылар туды іздеуге кіріседі. Туды бірінші тапқандар жеңіске жетеді.

Қараушыны алу

Бұл ойында балалардың жақсы естуі, дыбыссыз қозғалуы жақсы дамиды. Ойын ағаштың айналасында ойналады. Жан –жағына жаңғақ, жерге түскенжапырақтар, қағаздар лақтырады. Ойынға қатысушылар саны 15 болуы мүмкін. Ойынға қатысушылардың бірінің көзін байлап, оны ағаштың жанына қарауылшы қылып қояды. Қалғандары диаметрі 20-30 м шеңбер жасайды.

Қарауылшы шеңбердің ортасында болады. Ойыншылар жекелеп постыға жақындайды. Кімде-кімнің қолы ағашқа немесе қарауылшыға қолы жетсе, сол қарауылшыны ауыстырады. Егерде қарауылшы дыбыс естісе, ол «Тоқта»деген команда беріп дыбыс шыққан жаққа қолымен көрсетеді. Қарауылшы дұрыс тапса, өзін дыбыспен білдіруші ойыннан шығады. Басқарушы ойынды жақсы көрінетін жерден бақылап тұрады.

Бүркемелей білу.

Ойынды шөбі, қалың ойлы – қырлы жерде өткізеді.

Вариант 1. Ойын басқарушы ойыншылар арасынан бақылаушы сайлайды. Оған көзін байла деп бұйрық береді. Белгі берген кезде, балалар жан-жаққа жүгіріп, тығылады. 40-60 сек өткеннен соң басқарушы белгі беріп, көзін байлаған орамалды шешуге рұқсат береді. Бақылаушы жан-жағына қарап тығылған ойыншыларды іздейді. Артынан табылған ойыншы жеңіске жетеді.

Вариант 2.Барлаушылар екі командаға бөлінеді. Әр команданың өз командирлері болады. Бірінші команда өз басқарушыларымен ойын ауданынан басқа жерде болады. Екінші команда белгісін алысымен, өздерін бүркемелеуге кіріседі. Бұл ойында жолдастары бір-біріне бүркемелеуге көмектеседі. Ойын барысында білдіртпей орындарын ауыстырып жасырынуларына болады. 10-15 сек кейін басқарушы бірінші командаға, екінші команданы іздеуге бұйрық береді. Содан кейін екінші команда орын ауыстырады. Қай команда барлаушыларды көп ұстаса, сол жеңіске жетеді.

Басқарушы жасырынып жатқан команданы екінші команда көріп қоймауын бақылайды. Ойынның нәтижелі болуы басқарушының балаларға қалай жасырыну, бүркемелене білу түрлерін ойын алдында жақсы түсіндіруіне байланысты.

Мен сені көріп тұрмын

Ойын шөбі өсіп тұрған алаңда ойналады. Ойыншылар екі отрядқа бөлінеді. Бір команда 150-200 м қашықтыққа кетіп, тастар, ағаштар, бұталар, орларды пайдаланып жасырынады.Бұл уақытта екінші команда оларға артымен тұрады. Белгі берген соң ойыншылар бұрылып 3-5 мин алаңды бақылайды. Әр табылған жасырынушыларды тапқан сайын бір ұпай алады. Сосын отряд бір-бірімен орын ауыстырады. Көп ұпай алған отряд жеңіске жетеді.

Орнында білінбей қалу

Ойнаушылар саны 20 адам. Ойыншы группа тұрған жерден 100-150 м қашықтықта қалың шөпті, бұталы жерге жалау орнатылады. Оның қасында басқарушы болады. Ойыншылар басқарушыға білдіртпей туға қарай еңбектейді. Кімде-кім ұсталып қалса ойыннан шығады. Біраз уақыттан соң басқарушы ысқырықпен белгі береді. Қалғандары орнынан көтеріледі. Туға жақын барғаны жеңімпаз болады.

Жасырын қозғал

Басқарушы орманда, шөбі қалың өскен бұталы жерде бақылаушыға білдіртпей ізінен 50-60 м қашықтықта жүріп отыруды міндеттейді. Әр уақыт сайын бақылаушы тоқтап, артына бұрылып, жан-жағына қарайды. Ойыншылардың бірін көріп қалса,ол басқарушының жанына барады. Бақылаушы өз қажетіне қарай аялдайды. Басқарушыға көмекші балалардың ойын ережесін бұзбауына бақылауға көмектеседі.

Ізімен

Ойынға 2-3 звена қатысады. Басқарушы бөлім командиріне жеке маршрут, старт, жиналатын пункт және міндеттер береді. Бөлім командирлеріне жүрген жолдарына, шөпке,ағашқа, қарға қандай із қалдыру керек екендігін түсіндіреді(ағаштың үгіндісі, қағаз қалдығы, шыбықтар шашу.)

Командирлердің белгісі бойынша өз маршруттары мен кетеді. 15минуттан кейін командирлердің ізімен бір уақытта барлық бөлім кетеді. Басқарушы мен көмекші артарынан жүріп отырған ойыншылардың ережені бүзбауын қадағалаиды.Жолдан адаспай, басқаларынан бұрын белгіленген пункіттарға командирлеріне жеткен бөлім жеңіске жетеді. Қыста ойында шаңғымен өткізуге болады.

Жалау үшін күрес

Ойынға қатысушылар 20-30 адам. Олар тең екі командаға бөлінеді. Әр команданың өз командирлері болады. Ойын тал-шөбі сирек тоғайда өткізіледі. Егерде жақсы болар еді, ойын үшін таңдалған жер ағашты кесіп салынған тоғай жолы, сүрлеу, ауыл арасы жолы,орлы, жалғыз аяқты болса.

Әр команданың қолында, не арқасында өз белгілері және жалаулары болады. Оларды 20-30м көрінетіндей етіп тағады. Ойын басқарусышысы міндетерін бөледі: бірі барлаушы, басқалары- күзетушілер. Олардың алдына міндетер қояды:

-барлаушылар жауларының участігіне өтіп, жалауды тауып алып,өз территориясына әкелу.

-күзетшілер барлаушыларды ұстап алып, жалауды ұрлатып алмау.

Барлаушы ойынан шығады, егер дұшпанның қолы тисе. Жау жақтан өз территориясына жалауды әкелген отряд жеңімпаз аттанады.

От нүктесіндегі жарылыс.

Ойынға 10-15 адам қатысады. Ойынға қатысушылардың жартысы төбешіктің басына немесе үстірттің үстінде, шығуы қиын және қорғаушыларға жақсы көрінетін жерге орналасады. Бұл от нүктесі. Оның айналасына 10 қадам қашықтықта жалаушалар жерге қадалған. Басқа ойыншылар от нүктесінен алыс орналасады. Жару керек деген бұйрық алысымен жалау тұрған жерге танкіге қарсы 5граната лақтырады.(граната пакет не қап түрінде іші ағаш сүріндісі, шишка, басқада ауыр заттар толтырылған түрінде болады)

Жоспарды талқылап, әр түрлі амалдар жасап от нүктесіне жақындайды. Күзетшілер көріп қалып, жақындап қалған шабуылшының фамилиясын қатты айтып, қайда тұрғанын айтады немесе көрсетеді. Танылып қалған ойыншы ойыннан шығады. 10-30 мин ішінде басқарушының берген міндеттемесін ойында қалып, орындаған шабуылшы жеңіске жетеді.

«Тіл» алу

Ойын желсіз, қараңғы түскенде ойналады. Жәй дыбыстың, шырпының ақырын сынғаныда барлаушыны білдіріп қоятындай болуы керек.

Ойнаушылар қару макетерімен қаруланады, ақырын қозғалып, немесе еңкейіп, не еңбектеп, ешқандай сыбыс білдірмей қозғалады. Түрегеп жүруге болмайды. Тез көрініп қалуы мүмкін.

Ойында барлық жерде жүргізуге болады. Басқарушы ойынға қатысушы 3 баланы тағайындап, оларды учаткіге жібереді. Ойын өткізілетін жер болуы мүмкін және әр жерде жасырынады, оларға бір орнынан екінші орынға қозғалуға болмайды. 15 минуттен соң қалған ойыншылар ойын ауданына беттейді, Тілді іздеп, білдіртпей ұстап алу үшін бұл мақсатты орындалу үшін 30 минут уақыт беріледі. «Тілді» болып жасырынған бүкіл баланы үстап алғаннан кейін барып, ойын аяқталған болып саналады.

Түнгі іздеу.

Ойын қас қарайған кезде өткізіледі: ойыншылар екі тең отрядқа бөлінеді. 15-20 адам қатысады. Әр отрядта 5адам күзетші, қалғандары барлаушылар.

Тоғайдың ішінен 2 алаң таңдалады, бір-бірінің ара қашықтағы 200-300м орналасқан.Алаңға орналасқан отряд басқыншыларынан 10 кішкентай ақ қағаздан жасалған жалауша алады. Бір отрядқа – квадратты, екіншісі – үшбүрышты жалауша алады. Жерден онша емес алаңдағы бұталарға іледі. Дауыстап белгі берілісімен ойынбасталады. Барлаушылар білдіртпей қарсыластарының алаңына кіріп, шамалары келгенше қарсыластарының жалаушаларын алып, өз лагерлеріне әкеледі. Алаңды қорғап тұрған күзетшілер барлаушыларға қарсы шығып көріп қалғандарын ойынан шығарады, Күзетшілерге жалаушаны сақтап қалу оңай емес: әр күзетші ойынның басынан 2 жалаушаны күзетеді. Екі жалаушаның арақашықтығы алыс болады. Шабушылардың барлаушылары әр түрлі тәсілдермен күзетшіні алаңдатып, жалаушаны алып кетуге тырысады.

Жалауды көп алған отряд жеңіске жетеді

Бірақта барлаушылардың міндеті оңай емес, күзетшінің көзінше жалаушаны алып кетуге, оны өз алаңына алып бару оңайға түспейді. Жақындап қалғанда қарсыластарының барлаушыларына соқтығысып қалып ойыннан шығып қалуы мүмкін.

30мин уақыттан соң белгі беріліп ойынның аяқталғанын айтады. Жергілікті ойын ережелерінің мақсатымен мен міндеттерін түсіндіру.

4. Бақылау сұрақтар:

1. 1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындардын негіздері.

2.Ойынның ережелері.

3.Жергілікті аймақтағы ойындар.

4.Ойындпағы жеңіске жету жолдары.

5.Ойынның мақсаты мен мүддесі.

№ 7,8 Лекция сабағының тақырыбы: "Мектептегі 6-8 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері."

1.Жоспары:

1.6-8 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері

2. Сабақтың мақсаты:6-8 сыныптар арасында әскери – спорттық ойындардың мақсаты оқушылардың ширауына, сапта өзін ұстай алуына, тәртіпті сақтауына негізделген.

3. Қысқаша мәтіні: 6-8 сыныптар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыра білу.

1. Мектептегі 6-8 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері.

Бұл жастық кезеңді өсу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Сүйек-байланыс аппараттары күшейе 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: