Бейнефильм бойынша тапсырмалар

АЛТЫНШЫ АПТА

1-сабақ.

ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ

Кәсіпкердің өзінің әріптестермен сөйлесе білуі, өзін-өзі біліктілігі жағынан жоғары деңгейде көрсете білуі оның табысқа жетіуінің негізі факторларының бірі болып табылады. Мамандардың зерттеу қорытындысы бойынша, кез келген адамның жетістігінің 15%-ы кәсіби біліміне, ал қалған 85%-ы өз жұмыс істейтін ұйым мүшелерімен оның араласу қабілетіне байланысты деген тұжырым бар.

Әңгімелесуді дұрыс бастау келесі жағдайларды ескеру қажет:

- әңгімелесу мақсатын, тақырыптың аталуын дұрыс сипаттау;

- әңгімелесушілердің өзара таныстыру;

- сұхбаттасуды жүргізетін кісіні таныстыру;

- мәселелерді талқылау тәртібін жариялау.

Әңгімелесушімен жеке байланысты орнату кезінде неге назар аудару қажет?

Біріншіден, анық, жинақы және мазмұнды кіріспе сөздер мен түсіндіруге. Екіншіден, әңгімелесушіге міндетті түрде аты-жөнін толық атауы арқылы әңгімелесуге. Үшіншіден, әңгіме арқауына сәйкес сырт келбеті болуы керек (киім, әлпет, түрі).

Әңгіме барысын да әңгімелесуші тұлғаға сыйластық пен қарау, оның ойлары мен қызығушылықтарына назар аудару кез келген әңгімелесудің айнымас бөлігі болып табылады.

Сөздік

Айнымас – неизменный, постоянный

әңгіме арқауы – суть разговора

әріптестер –коллеги

біліктілік – квалификация, профессионализм

қабілет – способность

қорытындысы – заключение

міндетті түрде – обязательно

табыс – успех

тұжырым – вывод, заключение

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Кәсіпкердің табысқа жетіуінің негізі факторларына не жатады?

2) Әңгімелесушімен жеке байланысты орнату кезінде неге назар аудару керек?

3) Әңгімелесуді дұрыс бастау үшін қандай жағдайларды ескеру қажет?

3. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

2-сабақ.

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ СЫРТҚЫ ОРТАСЫ

Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымның тыс жерлердегі қоғам мүшесінің қажеті мен ұсынысы, сондай-ақ шикізат пен адам ресурстарына, технологияға және сыртқы ортаға байланысты басқа да сұраныстарын ескереді.

Кез келген ұйымдасқан кәсіпорын жүйе ретінде алуан түрлі заттарды сыртқы экономикалық ортаға шығаруы және одан кез келген өнімді немесе қызметті алуы, сөйтіп, сыртқы экономикалық ортамен белсенді қатынас орнатуы мүмкін.

Сыртқы экономикалық орта элементтеріне жататыны:

- Капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары;

- Жұмысшы күші. Қойылған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету;

- Баға деңгейі. Мәселен, ақшаның құнсыздануы (инфляция) коммерциялық кәсіпорындардың қалыпты қызметін бұзып қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді.

- Жоғары білікті кәсіпкерлер болуы өте жоғары бағаланады. Фирма ішінде жоғары білікті менеджерлерді тарту және қабілетті басшыларды баулу өте маңызды мәселе.

- Сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта білу үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және алғысы келетіндігін біліп отыруы тиіс.

Бизнес мақсаты - сатып алушыларды қызықтыра білу.

Сөздік

Баулу – воспитывать

белсенді – активные

жабдық – оборудование

кәсіпкер – предприниматель

қабілетті – способный

өнімділік – производительность

салық – налог

тұтынушы – потребитель

үкімет – правительство

шикізат – сырье

іскерлік – деловитость

Мәтінге берілген тапсырмалар.

Тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

Тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Басқарушы сыртқы ортаға байланысты нені ескеру қажет?

2) Сыртқы орта кәсіпорын үшін қандай рөл атқарады?

3) Сыртқы экономикалық орта элементтеріне не жатады?

Тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

Тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

Тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді. Осы кездесуге қалай дайындаласыз?

2. Бейнефильм «Табыс құпиясы».

«Табыс құпиясы» атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=ls2mUIVROt8 бойынша көре аласыз. Бейнефильмді 02.40 мин. дейін көріп және тыңдау керек.

Бейнефильм бойынша тапсырмалар.

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1). Бизнестің ерекшеліктері қандай?

2). Кәсіпкердің аты-жөні кім және ол немен айналысады?

3). Кәсіпкер бизнесін ашқанда қандай қиындықтарға тап болды?

4). «Жақсы кадр» бизнесте қандай орын алады?

5). Бәсекелестік туралы кәсіпкер не дейді?

3. Фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: