VIII. Сандарды салыстыру

Балаларды салыстыруға үйретуде шартты түрде 3 кезеңнен өтеміз:

1 - кезең: көрнекі құралдарды қолдану арқылы сандарды салыстырамыз (бумалар мен таяқшалар, брусоктар және кубиктер, жолақшалар мен квадраттар қолдана отырып). Разряд бойынша салыстыруды үйретеміз, салыстыруды ондықтар разрядынан бастаймыз.

2 - кезеңде көрнекілікті ауыстырамыз: разрядтық кестені сүйеніп салыстыру.

3-кезеңде көрнекі-дидактикалық материалдарды қолданбай, натурал сандардың сандық қатардағы қасиетіне сүйенеміз.

-2б-

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқыту әдістемесі.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытудың кезектілігі:

1. 10 және 20 шамасындағы сандардың номерленуін қайталау.

2. Толық ондықтарды номерлеуін оқыту.

3. 21-ден 99-ға дейін сандардың номерлеуін оқыту:

а. 20 – дан 30 - ға дейін. г. 50 - ден 60-қа дейін. ж. 80-нен 90-ға дейін.

б. 30 – дан 40 - ға дейін. д. 60 - тан 70-ке дейін. з. 90-нан 100-ге дейін.

в. 40 - тан 50-ге дейін. е. 70-тен 80-ге дейін.

3-сыныптың 1-тоқсанының бәрі қайталауға кетеді.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда 20 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда қарастырылған әдістемелік кезеңдер қарастырылады.

Толық ондықтардың номерленуін оқытуға 3-4 сабақ беріледі.

21-ден 99-ға дейінгі сандардың номерленуін оқытқанда М.Н.Перова алдымен екі таңбалы санның аталу қағидасын көрсетуді ұсынады, мысалы, оқушыларға тапсырма беріледі:

- 2 бума және 6 таяқша қойыңдар.

- Неше таяқша қойдыңдар?

- Біз 26 санын құрдық. Санның аталуы екі сөзден тұрады: жиырма және алты (қатар санның жазылған карточканы көрсету керек).

Жиырма алты

- Қалай жазылған?

- Алдымен ондықтар, содан кейін бірліктер.

- Сандардың жазылуын да бірге үйрету керек.

Арнайыі мектеп оқушыларын сандардың жазылуының әртүрлі формаларымен таныстырған жөн, мысалы:

3 ондық 6 бірлік.

36 = 30+6;

36.

Оқушыларды 100 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытқанда «разряд» ұғымымен таныстырады, бірліктер бірінші разрядқа жатады және санды жазғанда оң жақтан бірінші жазылады, ондық - екінші разрядқа жатады, оң жақтан екінші жазылатындығын айтады, жүздіктер - үшінші разрядқа жатады, оң жақтан үшінші болып орналасқан.

-3-

20 және 100 шамасындағы сандармен арифметикалық амалдар қосу және алуды орындауды оқыту әдістемесі

20 және 100 шамасындағы сандармен қосу және алу амалдарын оқытудың кезектілігі есептің қиындық деңгейіне байланысты.

«+» және «-» амалдарын қатар оқытылады.

«+» және «-» амалдарын оқыту кезектілігі

20 шамасындағы 100 шамасындағы
1. «+» және «-» мысалдары, санның ондық құрамына негізделген 10+3, 13-3, 13-10 және сандық қатардың қасиетіне негізделген: 13 + 1, 14 -1 1. «+» және «-» толық ондықтар: 30+20; 50-20;
2. «+» және «-» разрядтан өтпей
а) екі таңбалы санға бір таңбалы және екі таңбалы саннан қосу; екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту:   5+2; 17-2. а) екі таңбалы санға бір таңбалы және екі таңбалы санды қосу санды; екі таңбалы саннан бір таңбалы және екі таңбалы санды азайту: 30+5,35-5,35-3030+26, 56-30, 56-26 47-2, 47-45 45+32, 77-32, 77-45
б) сомма толық ондық шығады, толық ондықтан азайту
15+5, 20-5 12+8, 20-8 35+5, 40-5 35+45, 40-23=40-20-3
в) «-» екі таңбалы саннан екітаңбалы санды азайту: 18-3, 16-14    
3. Разрядтан өтіп қосу, алу
а) бір таңбалы сандарды қосу 7 + 5 = 5 = 3 + 2 7+3 = 10 10+2=12 а) екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу27+5
б) екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту 12 - 5 = 72 - 5 =
  в) екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу 47 + 28
  в) екі таңбалы санды екі таңбалы саннан алу 72 + 25

Лекция 8

Тақырып: Арифметикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесі және маңызы.

Мақсаты: Арнайы мектеп оқушыларына арифметикалық есептерді оқытудың әдістемесі мен маңызын ашу.

Жоспары:

1.Арнайы мектеп оқушыларының мәтіндік арифметикалық есептерді шығаруға үйретудің маңызы.

2.Арнайы мектеп оқушыларының арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері.

3. Қарапайым арифметикалық есептердің классификациясы.

4. Арифметикалық есептерді шешуге үйретудің дайындық жұмысы. Көрнекілік қолдану. Қарапайым есепті шешуден құрама есепті шешуге өтудің әдістемесі.

5. «Есеп» ұғымын түсіндіруге дайындық жұмысы. Арифметикалық есепті шығаруға қажетті біліктілік пен дағды. «Есеп» және есептің құрам компоненттері:шарты, сұрақ, шешімі, есептің жауабы түсініктерімен таныстыру әдістемесі.

6. Құрама есеппен жұмыс жүргізу әдістемесі. Қиындықтың себептері және оны жеңудің жолдары. Математика сабағында есептің жоспарын құру және есепті шығару тәсілдері.

-1-

Арифметикалық есептермен көмекші мектеп оқушылары бірінші сыныпта танысады. Математикалық оқу материалының 50 пайызға жуығын арифметикалық есептер орын алады, өйткені зияты бұзылған балалардың мәтіндік есептерді шешуге үйрету маңыздылығы өте зор. Арифметикалық мәтінді есептерді шешуге үйрету әдістемесімен келесі ғалымдар айналысқан: М.Ф. Кузьмина- Сыромятникова, М.И. Кузьмицкая, М.Н. Перова, А.А. Хилько, Р.А. Исенбаева, Р.А. Сүлейменова және т.б.

Зияты бұзылған оқушыларды арифметикалық есептерді шешуді үйретудің маңыздылығы:

1. Білім беру маңыздылығы: арифметикалық амалдардың (қосу, алу, көбейту, бөлу) мәнің ашуға, көмектеседі; математикалық түсініктердің, қарама-қатыстарын, заңдылықтарын, байланыстарын түсіндіруге мүмкіндік беред; санау тәсілдерін бекітеді.

2. Коррекциялық: арифметикалық есептерді шешу барысында барлық ойлау процестері бірігіп қызмет атқарады (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау); бүкіл таным процестері бірігіп жұмыс істейді (ес, есте сақтау, сөйлеу, қиял, зейін, бақылаушылық); өз білімдерін жаңа жағдайда қолдануды үйретеді.

3. Тәрбиелік: бастаған жұмысты аяқтау, ұжымда бірігіп жұмыс істеу, қабілеттерін қалыптастырады; математикаға қызығушылық, баланың күш жігерін тәрбиелейді.

4. Тәжірибелік: есептерді шешу, математика пәнің өмірмен байланысын көрсетеді. Мысалы: метр, килограмм т.б. өлшемімен таныстыруда осы ұғымдармен байланысты мәтінді есептер шешу.

-2-

Аталған материалды көмекші мектеп оқушылардың меңгеру қиындықтары мен ерешеліктері:

1. Есептің құрам компоненттерін ажырата алмайды: есептің шарты, сұрағы, шешімі, жауабы.

2. Сөз қорының жетіспеушілігіне байланысты есепте кездесетін сөздердің мағынасын түсінбейді, мысалы, барлығы бірге, көбейді, азайды және т.б.

3. Себеп-салдарының ажырата алмайтындықтан, бақылаушылығының төмендігінен есепте болаған өзгерістерінің нәтижесін шығара алмайды (ұшып келді – көбейді, жұлып алдық – азайды).

4. Күрделі есептің басты сұрағын бөліп ала алмайды.

5. Өмірлік тәжірибенің жетіспеушілігіне байланысты есеп мазмұның, көптеген терминдердің, сөздердің мазмұның түсінбейді.

6. Логикалық ойлауы жетіспеушілігіне байланысты есепте берілген сандардың, сандар мен сұрақтың қарым-қатынасын, байланысын анықтай алмайды.

7. Есеп барысында сандарды цифрмен емес сөзбен жазғанда оны мәтін ішінен ажырата алмайды.

-3-

Барлық арифметикалық есептерді 2 үлкен топқа бөлеміз;

1.Қарапайым, бір амалмен орындалатын.

2. Күрделі, екі немесе одан көп амалмен орындалатын.

Қарапайым арифметикалық есептердің әдістемелік әдебиеттерінде көптеген топтастырулар ұсынылады. М.Н.Перова ұсынған есептердің топтастыруы:

Қарапайым есеттердің топтастыруы

Есептің түрі Есептің мысал-мәтіні Сынып
І –топ: Қосындының, азайтудың, көбейтіндінің, бөлудің мәнің табуға бағытталған есептер
Қосындының мәнің табуға бағытталған есептер Санияда 2 алма, Мұратта 3 алма. Барлығы қанша?   1 сынып
Айырманың мәнің табуға бағытталған есептер Дәуренде 5 дәптер, бір дәптерді досына сыйлады. Дәуренде қанша дәптер қалды? 1 сынып
Көбейтудің мәнің табуға бағытталған есептер 3 теңгеден 5 дәптерді сатып алды. Дәптерге қанша төледі? 3 сынып
Тең етіп бөлуге бағытталған есептер 10 дәптерді 2 оқушы тең етіп бөліп алды. Әр оқушыда қанша дәптер бар? 3 сынып
Мазмұны бойынша бөлуге бағытталған есептер 10 дәптерді оқушыға екіден бөліп берді. Қанша оқушылар дәптерлерге ие болды? 3 сынып
ІІ – топ Есептің белгісіз компоненттерін табуға бағытталған есептер
Белгісіз қосындыны табуға бағытталған есептер Қыз бірнеше үлкен тәрелкені және 2 кіші тарелкені жуып шықты. Барлық жуылған тәрелкенің саны бесеу. Қанша тәрелкені жуып шықты? 4 сынып
Белгісіз азайғышты табуға бағытталған есептер Маратта бірнеше алма болды, 3 алманы досына сыйлағаннан кейін өзінде 6 алма қалды. Алғаш Маратта қанша алма болды? 5 сынып
Белгісіз азайтқышты табуға бағытталған есептер   Сәуледе 15 алма болды. Бірнеше алманы Айгульге берді, сонда өзіңде 10 алма қалды. Қанша алма Айгүлге берді? 3сынып
Белгісіз көбейтіндіні табуға бағытталған есептер Осы есептердің мазмұның құрастыру қиын, сол себептен тапсырма ретінде беріледі. 32 саны шығу үшін 8-ді қай санға көбейтуіміз керек? 3 сынып
Белгісіз бөлінгіш немесе бөлгішті табуға бағытталған есептер 6 саны шығу үшін 24 саның қай санға бөлу керек? Жауабы 12-ге тең болу үшін қай санды 3-ке бөлуіміз керек? 3,4 сынып
ІІІ-топ Сандарды арттыруға, кемітүге, көбейтүге, азайтуға бағытталған есептер
Бірнеше санға арттыруға бағытталған есептер Мақсатта 12 қалам болды, ал Айжанда 2 қаламға артық. Айжанда қанша қалам бар? 2 сынып
Бірнеше санға кемітуге бағытталған есептер Мақсатта 12 қалам болды, ал Айжанда 2 қаламға кем. Айжанда қанша қалам бар? 2 сынып
Екі санды салыстыруға бағытталған есептер Сәуледе 12 саңырауқұлақ, ал Маралда 4 саңырауқұлақ бар. Сәуледе қанша есе көп? немесе Сәуледе қанша есе аз? 5 сынып
Бірнеше есе көбейтуге бағытталған есептер Сұлтанда 6 қарындаш, ал Мақсатта екі есе көп. Мақсатта қанша қалам бар? 3 сынып
Бірнеше есе азайтуға бағытталған есептер Дәуренде 14 бояу, ал Нұрланда 7 есе аз. Нұрланда қанша бояу бар? 3 сынып

Күрделі есептердің топтастыруы жоқ,. Қарапайым есептің әр түрін детальді түрде талдау қажет, өйткені қарапайым есептерден күрделі есептер құрылады.

-4-

Арифметикалық есептерді шешуге үйретудің дайындық жұмысы алғаш сандармен танысу барысында басталады. Содан кейін есептің әр жаңа түрімен таныстырудың алдында, сонымен қатар күрделі есептерді шешуге үйретудің алдында жалғастырылады.

Дайындық жұмыстың мазмұны:

1. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Осы мақсатпен экскурсиялар, әңгімелесу, кітаптарды оқу, ойын іс-әрекетін ұйымдастыру қажет. Осындай жұмыс тек математика сабақтардың үстінде емес, басқа сабақтардың барысында және сыныптан тыс уақытта өткізу керек.

2. Балалардың қарапайым сандық түсініктерін қалыптастыру, дамыту. Осы жұмыс пропедевтикалық кезеңге сәйкес. Балалардың көптіктермен тәжірибелік жұмысты ұйымдастырып, бірге нәтиже шығарып және орындаған әрекетті сөзбен жеткізуді талап етеміз. Мысалы, қостық, ұшып келді, сатып алды - көбейді; алдық, ұшып кетті, сыйлады, берді – азайды. Осы кезеңде келесі математикалық түсініктердің мағынасын балаларға жеткізу керек: барлығы, қалды, бірге, тағы да қосты, азайды, оған қарағанда көбірек т.б.

3. Орындаған заттық тәжірибелік іс-әрекетті сөзбен берілуі қажет. Бірінші кезеңде мұғалім оқушымен бірге заттық әрекеттер орындайды және орындаған ісін сөзбен айтып тұрады Содан кейін бала жоспар бойынша берілген сұрақтарға жауап береді (сен қазір не істедін? Оған қанша шеңбер қостың? Сан азайды ма? Көбейді ма?) Ең соңында бала орындаған жұмысы өз бетімен айтып беру керек.

Күрделі есептермен таныстырудың алдында жүргізілетін дайындық жұмысы:

1. Есептің шартына сұрақ ойлап табу.

2. Берліген сұраққа есептің шарттың құрастыру.

3. Екі бір-бірімен байланысты арифметикалық есептерді шешу. Мысалы, «Кәрзеңкеде 5 қызыл және 6 көк алма жатыр. Алманың саны қанша?», «Кәрзеңкеде 11 алма болды, 8 алманы жеп қойды. Қанша алма қалды?». Осы сияқты есептердің шешімін бөлек қарастырылады. Мұғалім неге бірінші есеп қосумен, ал екінші есеп азайту амалымен орындалғаны туралы нәтиже шығарады.

4. Қарапайым есепті күрделі есепке айналдыру үшін сұрағын өзгерту. Мысалы, «Санияда 5 көк шар бар, ал қызыл шардың саны екіге артық. Санияда қанша қызыл шар бар?», өзгертілген сұрақ «Санияда 5 көк шар бар, ал қызыл шардың саны екіге артық. Санияда шардың саны қанша?».

5. есептің шартын өзгерту.

-5-

Есеп деген ұғыммен балалар 1 сыныпта танысады.

Әр есептің келесі құрам компоненттерден құрылған: есептің шарты, сұрағы, шешімі, жауабы. Оқушылар әр есептің компоненттерін бөле алу керек.

Алғашқы есептерді дайын түрде бермей балалармен бірге құрастыру керек және есептің құрам компоненттерімен таныстыру барысында «драматизация», «иллюстрация» тәсілдерді қолданған жөн.

Мысалы, сабақтың фрагменті:

- Бүгін біз саңырауқұлақтар туралы арифметикалық есептерді құрастырамыз.

- Марат пен Бота саңырауқұлақ теруге барды. (екі баланы тақтаға шығарып қолдарына кәрзеңке ұстатамыз).

- Марат 3 саңырауқұлақ тапты (оқушы 3 саңырауқұлақтың модельдерін алып, дауыстап санап кәрзеңкеге салады).

- Марат қанша саңырауқұлақ тапты? Осы санды цифрлық кассаларды табындар, көрсетіндер. (мұғалім 3 саның карточкасын тақтаға іледі.)

- Бота 2 саңырауқұлақ тапты. (оқушы 2 саңырауқұлақтың модельдерін алып, дауыстап санап, кәрзеңкеге салады).

- Бота қанша саңырауқұлақ тапты? Осы санды цифрлық кассаларды табындар, көрсетіндер. (мұғалім 2 саның карточкасын 3 қасына іледі.)

3 2

- Бізге қазір не белгілі? Марат қанша саңырауқұлақ және Бота қанша тапқандары белгілі. Осы есептің шарты.

- Есептің шарттың қайталандар. (2,3 оқушы дауцыстьап қайталайды.)

- Балалардан не сұрауға болады? Екеуін бірге қанша саңырауқұлақ таптындар? Бұл есептің сұрағы.

- Есептің сұрағын қайталандар?

- Шартты мен сұрағы арифметикалық есепті құрайды.

- Есептің сұрағы қайсысы, есептің шарты қайсысы?

Оқушылар меңгере алатын болса, осы сабақтың үстінде «есептің шешімі», «жауабы» деген компоненттерімен таныстыруға болады. Бірақ көбінесе келесі сабақтарда тақырыпты жалғастырады. Ол үшін алдымен тура осындай жұмыс ұйымдастырып есептің «шарты», «сұрағы» деген түсініктерді еске түсіреміз.

- Есептің шартын, сұрағын қайталандар.

- Балалр қанша саңырауқұлақ тергенің қалай білуге болады?

- Саңырауқұлақтың саны азайды ма? Көбейді ма?

- Яғни қай арифметикалық амалдарды қолданамыз

- Неге қосуды.

3 + 2 = 5

- Осы есептің шешімі.

- Есептің сұрағы қандай еді.

- Оған жауап бердік пе? Осы есептің жауабы.

- Есептің шарттың, сұрағын, шешімін қайталандар.

Осындай жұмыс бірнеше рет қайталану керек. Қортыныдысында балалар есептің барлық құрам компоненттерін жақсы біліп, ажырата алу керек.

-6-

Әр есеп келесі құрам компоненттерден құрылады: шарты, сұрағы, шешімі, жауабы.

Арифметикалық есептерді талдау, шешу әдістемесі келесі кезеңдермен өткізіледі:

І. Есептің мазмұны бойынша жұмыс істеу;

ІІ. Есептің шешу жолын қарастыру;

ІІІ. Шешімін жазу;

ІҮ. Жауабын анықтау:

Ү. Шешімін тексеру;

ҮІ. Есептің мазмұны бойынша жұмысты жалғастыру.

Аталған кезеңдер шартты түрде берілген және де бір-бірімен тығыз байланысты.

І. Есептің мазмұны бойынша жұмыс істеу дегеніміз – шартын, сұрағын анықтау. Осы кезең келесідей өтеді:

1. Сөздік жұмыс өткізу. Осы жұмыс математикалық терминдерге тиісті емес сөздердің мазмұнын анықтауға бағытталған, мысалы: гвоздика, астра, арпа, бидай және т.б.

2. Есептің мәтінің оқу. Алғаш мұғалім оқиды, 2-3 сыныптардан бастап оқушылар жалғастырады.

3. Есептің мазмұны бойынша әңгіме құрастыру. Осы кезеңде оқушылар есептің мазмұнын түсінгенің анықтау керек. Бірінші сұрақ жалпылама болуы тиіс «Бұл есеп не туралы?». Келесі сұрақтар есептің шарты бойынша беріледі.

Мысалы есеп: 30 метр матадан 5 простыняға мата кесіп алды. Әр простынияға 1м 80 см кетті. Қанша метр мата қалды?

Мысалы сұрақтар:

- Бұл есеп не туралы?

- Алғаш матада қанша метр болды? Не үшін кесіп алды?

- Әр простыняға қанша метр мата кетті?

- Есептің сұрағы қандай?

- Есептің шарттың қайталандар.

- Есептің сұрағын қайталандар.

4. Есептің қысқаша шарттың жазу. Шарттың жазуы келесі түрде болуы мүмкін:

а) Қысқаша түрде

Мысалы:

Гвоздиканың саны – 5 тал

Астраның саны – 2- ге артық

Вазада қанша гүл бар -?

б) Қысқаша құрамды түрде

Мысалы:

Гв. – 5 тал

Аст. – 2 – ге >

Барлығы -?

в) Графикалық түрде

г) Схема түрінде

Мысал:

Болды – 30 м

Кесіп алынды – 5 простыняға

Әр простыняға – 1 м 80 см кетті

Қанша қалды -?

ІІ. Есептің шешуін екі жолмен қарастыруға болады:

1. «Жоғарыдан» - берілген сандардан басты сұраққа көшу.

2. «Төменнен» - берілген сандардан басты сұраққа көшу.

Есептің шешімін «жоғарыдан» талдау мысал:

- Алғаш матада қанша метр болды? Не үшін кесіп алды?

- Қанша простыняға кесіп алды -?

- Әр простыняға қанша метр мата кетті?

- 5 простыняға қанша мата кеткенің біле аламыз ба?

- Қандай амалмен? Неге көбейтумен?

- Енді, бізге алғаш 30 м мата болғаны белгілі және 5 простыняға қанша мата кеткені белгілі. Қанша мата қалғаның қалай білуімізге болады?

Бақылау сұрақтар:

- Есептің бірінші амалы қандай? Көбейтумен нені таптық?

- Есептің екінші амалы қандай? Азайтумен нені таптық?

- Осы есептің басты сұрағы қандай еді? Соған жауап бердік пе? Яғни, есепті шығардық па?

Есептің шешімін «төменнен» талдау мысал:

- Осы есептің басты сұрағы қандай?

- Оған жауап бере аламыз ба?

- Неге бере алмаймыз? (Өйткені, 5 простыняға қанша мата кеткені белгісіз.)

- Ал осы сұраққа жауап бере аламыз ба? Қалай? Қандай амалмен?

- Енді басты сұраққа жауапқа бере аламыз ба? Қалай? Қандай амалмен?

Бақылау сұрақтар:

- Есептің бірінші амалы қандай? Көбейтумен нені таптық?

- Есептің екінші амалы қандай? Азайтумен нені таптық?

- Осы есептің басты сұрағы қандай еді? Соған жауап бердік пе? Яғни, есепті шығардық па?

ІІІ. Шешімін жазу

Біріші сыныпта есеп дәптердің ортасына жазылады және қасына есепте айтылған заттың суретін салуға болады (алма, шие, алмұрт).

Есептің шешімін жазу екі түрде болуы мүмкін:

1. Ашық түрде анықтап жазу: 1м 80см · 5 = 9 метр мата 5 простыняға кетті

30м.- 9м = 21метр мата қалды

2. Қысқаша түрде жазу: 1м 80см · 5 = 9 м

30м.- 9м = 21м

ІҮ. Жауабын анықтау екі түрде болуы мүмкін:

1. Ашық түрде анықтап жазу: Жауабы: 21метр мата қалды

2. Қысқаша түрде жазу: Жауабы: 21м

Ү. Шешімін тексеру

Келесі жолдармен жүргізіледі:

- заттық тәжірибелік іс-әрекет арқылы тексеру;

- екінші жолмен шешу;

- жауабын өмірлік тәжірибесімен сәйкестендіру:

- алдын-ала жауабын жоспарлау арқылы.

ҮІ. Есептің мазмұны бойынша жұмысты жалғастыру.

Келесі жолдармен жүргізіледі:

- есептің сұрағын өзгерту;

- есептің шарттың өзгерту;

- берілген сандармен жаңа есеп құрастыру.

СРСП

1. Келесі есептің талдауы, шешуі бойынша сабақтың фрагменттің құрастыру.

Шыт мата – 36 м

Жібек мата – 6 есе аз

Жүн мата -?

Барлығы – 65 м

Лекция 9

Тақырып: МШ балаларды мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі.

Мақсаты:

а) Мүмкіндігішектеулі балаларға метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесін оқытудың маңызы, бағдарлама талаптары және ұзындық, баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін оқыту әдістемесі.

б) Баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін анықтау үшін жүргізілетін тәжірибелік жұмыстарды оқыту әдістемесі.

Бағдарлама мазмұны:

1) Аталған бөлімді оқытудың мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына тигізетін әсері, міндеттері мен маңызы.

2) Көмекші мектепте осы материалды оқытуға қойылатын талаптар.

3) Көмекші мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі.

а) Ұзындық өлшемін оқыту әдістемесі.

б) Салмақ өлшемін оқыту әдістемесі.

в) Сиымдылық өлшемін оқыту әдістемесі.

Г) Баға өлшемін оқыту әдістемесі.

Көрнекілік:

«Баға өлшемі» кестелер.

«Ұзындық өлшемі»

«Салмақ өлшемі»

-1-

Сандарды оқумен қатар көлемдік өлшемдермен танысады: баға, ұзындық, салмақ, сиымдылық және қарапайым құралдармен өлшеп, өлшем бірліктерін түрлендіреді.

Осы бөлімді оқытуда қойылатын міндеттер:

- білімділік,

- коррекциялық- тәрбиелік,

- тәжірибелік маңызы

Білімділік: Сан туралы түсінігін кеңейту. Көлемдің өлшемін білдіретін сандарды түрлендіру.Осы материалды оқығанда санның ондық жүйесін саналы түрде түсінеді және арифметикалық амалдар туралы білімдері кеңейеді.


Коррекциялық- тәрбиелік маңызы: Танымдық үрдістерін дамытуда және тәжірибелік дағды мен біліктілігін қалыптастыруда. Материал ойлау операцияларын, ес, зейін, бақылаушылық, қимыл-қозғалысын, бұлшықет және сипап сезу, көз мөлшерін, елестетулерін, сөйлеу тілін дамытады. Жасаған әрекеттің нақты және мақсатты орындалуын, бастаған істі аяқтауын, өзін-өзі басқаруын қалыптастырады.

Тәжірибелік маңызы: Математикалық материалдар өмірмен тығыз байланысты: оқушылар өлшеу дағдысын және тәжірибелік біліктілікті меңгереді, өлшеуіш құралдарды, приборларды қолдануды үйренеді

Материалды меңгеруде кездесетін қиындықтар.

Материал балаларға қиындық туғызады, ұзындықтың өлшем бірліктерін шатастырады. Мысалы: 1т.5км.(мысалы: км. С кг, немесе кв метр., мл.кг) Ақыл – ойы төмен оқушылар ұзындық өлшемдерді меңгеруде бірліктердің арақатынасын шатастырады.

Мысалы: 1 км.=10см.

Өлшем бірліктерді түрлендіргенде: 2км=20см. 10дм=10м.

Өлшеуден шыққан сандармен арифметикалық амалдар орындағанда өлшем бірліктерін ескермейді.

5м+60см=65см.

Ұзындық өлшемдерінің атауын атағанда көп қате жібереді: 125м* 80* 1ООООметр = 1 ОООметр.

Ұзындық өлшемдерін жазғанда орындарын ауыстырып жазады, тастап кетеді, өлшем бірлігін дұрыс жазбайды.

5км 52см:/52м 5см.

52см 5м.

Ұзындық өлшемдеріне байланысты ерекшеліктер.

1. Мектепте бағдарлауының ерекшеліктері. Мысалы:өлшеуді 1 см.-ден бастайды.

2. Ұсақ маторикасының дамымауы салдарынан өлшемдерді толық өлшемейді.

3. Сызылған ұзындықтың шешімін есептеудің қиындығы.

-2-

Кездесетін қиындықтарды жою үшін жалпы ұзындық өлшемдердің жүйесін келесі әдістемелік талаптарға сай жүргіземіз:

1. Жаңа өлшеммен таныстырғанда оқушылар заттық-тәжірибелік әрекет ұйымдастыру керек.

- күнделікті өмірде қолданатын іс-әрекет тәжірибесін бақылау. Болмаса қалыптастыру.

Тәжірибелік әрекет және жаттығулар өлшеудің барлық кезеңдеріне бағытталған болуы керек.

2. Мөлшерлердің біркелкі және әртүрлі өлшем бірліктермен өлшеуге болатынын түсіндіру.

3. Жаңа өлшем түсінікті болу үшін жаңа өлшемге байланысты мақсатты ситуациялық жағдай туғызу қажет.

4. Өлшеуде балалардың көз мөлшері мен бұлшықет сезімдеріне сүйену арқылы жүргізу қажет.

5. Аталған материалды математика сабағында емес, басқа сабақтарда (сурет, еңбек, денешынықтыру, география т.с.с.) сабақтан тыс уақытта бекіту.

-3-

Ұзындық өлшемдерін оқыту әдістемесі.

Ұзындық өлшемдер сандармен қатар оқытылады.

2 сынып – ұзындық өлшемдерімен танысады: сантиметр, дециметр, олардың арақатынасымен: 1дм = 10см.

З сынып – ұзындық өлшем бірлігі «метр». Бірліктер арақатынасы: 1м=100см, 1м=10дм.

4 сынып - ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр, арақатынасы 1 см=10мм.

5 сынып – ұзындық өлшем бірлігі – километр, арақатынасы: 1км= 1000м.

Ұзындық өлшемдерді оқытудың міндеттері:

1. Балаларға ұзындықты, енді, биіктікті ұзындық өлшеммен өлшеуге болатынын түсіндіру.

2. Ұзындық өлшемдермен және олардың арақатынасын таныстыру.

3. Өлшем инструменттерін (сызғыш) қолдануды үйрету, нәтижесін қысқаша дұрыс жазуды үйрету. 5км, 5м, 5см,

Ұзындық өлшемі сантиметр.

Білімділік міндеттері:ұзындық өлшемі «сантиметрмен» таныстыру. Сандарды жазудың қысқа түрімен таныстыру. см. жайлы дұрыс ұғым қалыптастыру. Өлшем ұғымын және өлшем көмегімен өлшей білуді қайталау. Тапсырманы орындау алдында жұмыс барысы әрдайым талқыланады.

Берілген ұзындыққа кесінді жасау алгоритмі:

1. Тігінен жасау.

2. Кесінді басынна нүкте қою.

3. Осы нүктемен нөлдік бөлуді қосарлау және одан берілген см. есептеу.

4. Нүктелерді сызғыш бойынша түрлі – түсті қаламмен сызу, осы кесінді ұзындығын атау.

Ұзындық өлшемі - дециметр.

Білімділік міндеті:

См. ұзындық өлшемін қайталау.

Балаларды дециметр ұзындық өлшемімен таныстыру.

Дециметр туралы дұрыс ұғым қалыптастыру.

Дециметр моделі көмегімен биіктікті, енін, ұзындықты өлшеуге үйрету.

Сандарды қысқаша жазумен таныстыру.

Тапсырма:Партаның енін өлшеңдер. см.,өлшеу өте ұзақ жүреді, партаның енін өлшеу ыңғайсыз, оқушылар шатасады. Ұзындық, ені, биіктікті өлшеуге үлкен өлшем – дециметр бар.

Міндетті түрде сөздермен сөздік жұмыс жүргізілуі керек.

5 сынып 2 тоқсан. Өлшеуден алынған сандарды түрлендірумен таныстыру. Дециметр моделін оқушылар ұғынған соң, сантиметр мен дециметр өлшемдерді салыстырылады.

- Ал енді парта енін дециметр өлшемімен өлшеп көріңдер. Өлшеу нәтижелері жазылады. Оқушылар қысқа жазбаша белгіленуімен танысады.

Ұзындық өлшемі – метр. Ұзындық өлшемі метрді таныстыру дециметрді аналогиялы түрде таныстырады.

Ұзындық өлшемі - миллиметр.

Тапсырма: Оқушыларға 2 кесінді бірінің астына бірі сызылған карточкалар беріледі. Бірінің ұзындығы 4 см, екіншісі - 4см 5мм.

-Кесінділердің ұзындығы бірдей ма

- Қай кесінді ұзын? (қысқа)?

Біреуі 4см. екіншісі 4 см және кішкене 1 см жетпейтін қалдығы бар.

-Қалдығын өлшеуге бола ма?

-Ұзындық өлшемінің қай өлшемімен өлшеуге болады?

Мұғалім оқушыларға миллиметрді сызғышта, миллиметрлік қағазда көрсетеді.

Сөздік жұмыс жүргізіп, қысқыша жазылуымен таныстырады. Мысалы: 2мм., 5мм.

Оқушылар см. және мм. сәйкестігін өздері сантиметрлік сызғышта неше мм бар екенін анықтайды. Одан кейін кесінділерді см., мм. өлшеп, ретімен жазу тапсырмасы беріледі. Нәтижесін дәптерге жазады.

Ұзындық өлшемі - километр.

«км» ұғымын сыныпта таныстыра алмаймыз. Жаңа өлшеммен экскурсия барысында таныстырамыз. Мұғалім алдын ала мектептен 1 км. Қашықтықты белгілеп қоюы керек. Мүмкіндігінше жол түзу болғаны дұрыс.

Салмақтық өлшемдерді оқыту әдістемесі.

З сынып. I тоқсан –салмақ өлшемі - килограмм. Белгіленуі - кг.

4сынып. 1 тоқсан –салмақ өлшемі - центнер. Салмақ өлшемдерінің арақатынасы.

1ц= 100кг.

5 сынып. 1 тоқсан.- салмақ өлшемі - грамм., тонна. Арақатынасы: 1кг=1000г.

1т= 1000кг.

1т=10ц.

Тапсырма: Оқушылар заттың салмағын қолмен емес, шашкалық таразымен өлшеп үйренеді. Құрал-жабдықтар: шашкалық таразы, қант, тары.

Бақылау көрсеткендей көмекші мектеп оқушылары салмақтық өлшем туралы біледі, бірақ оларда шынайы елестету жоқ. Осы өлшем туралы әңгіме ұйымдастыру керек.

Алғашқы тапсырма: бұлшықет арқылы сезінуге арналған оқушыларға 1 кг гирді алдымен оң қол сосын сол қолмен көтеру тапсырылады. Бұлшықеттерге сүйеніп заттың 1 кг тең екендігі анықталады. Салыстыруға 0,5кг, 1 кг; 2 кг заттармен қапталған азықтар беріледі. Оқушылар заттың салмағы мен гирдің салмағын салыстырады. Одан кейін заттарды шашкалық таразымен өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі міндетті түрде дәптерге жазылады.

Сиымдылық өлшемі - литр.

Сиымдылық өлшемімен танысу дайындық кезеңінде басталады. Көп, аз ұғымдарымен танысу арқылы жаңа өлшеммен 3 сынып 2 тоқсанында танысады. Ол үшін әр түрлі көлемдегі ыдыстар қажет. Мысалы: банка 1 л; 2 л; 3л.Сондай-ақ оқушылардың осы өлшеммен қандай сұйықтықтарды өлшейтінін сұраймыз.(сүт, шырын, сұйық май, бензин).

Нақты ұғым қалыптастыру үшін әр түрлі көлемдегі ыдыс қолданылады: өлшеуіш кружкасы, шелек, банка, бөтелке.

1 кезеңде оқушыларға 1 л көлеміндегі әртүрлі бірнеше ыдыстар беріледі.Нәтижесінде оқушылар берілген ыдыстардың көлемдерінің бірдей екендігін анықтайды. Осындай тапсырмаларды әр оқушы өзі жасау керек. Нәтижесін дәптерге жазады.Сөздік жұмысын жүргізіп, қысқаша жазылуымен таныстырады.Мысалы: 2 л; 10 л; 5 л.

-3-

Баға өлшемін оқыту әдістемесі..

Баға бірлігі – тиынмен 1 сыныпта ондықтарды үйрену барысында танысады.

1кезекте 5т., 10т./ 20т., 50т. танысады. 1 теңгемен 3 сыныпта 100 шамасындағы сандармен танысу кезінде танысады.

Зияты зақымдалған балалар үшін ең қиыны тиынды – тиынға, тиынды – теңгеге және керісінше ауыстыру өте қиын.

13 дәріс

Тақырып: 1000 және көп таңбалы сандарды номерлеуін және олармен арифметикалық амалдарды орындауды оқыту әдістемесі

Мақсаты: 1000 шамасындағы сандардың номерленуін және есептеу тәсілдерінің әдістемесін қалыптастыру және кезеңдерін ашу.

Бағдарлама мазмұны:

1. 1000 шамасындағы сандарды оқудың міндеттері.

2. 1000 шамасындағы сандардың номерлеуді оқыту әдістемесі.

а) 1000 шамасындағы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі.

б) көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі.

3. 1000 шамасындағы сандармен арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі.

Көрнекілік:

Сызба «Мың шамасындағы сандарды қалыптастыру»

1. Материалдың бағдарламада орналасуы.

V сынып.

1тоқсан 101- ден 1000 дейінгі сандардың нөмірлеуін оқыту. 1000 шамасындағы сандармен разрядтан өтпей ауызша қосу және алу амалдарын орындау.

V сынып 2 тоқсан Санды ондыққа дейін толықтыру. Жазбаша разрядтан өтіп алу және қосу амалдарын орындау. 10, 100-ге көбейту және бөлу (қалдықпен бөлу және қалдықсыз).

V сынып. 3 тоқсан Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды разрядтан өтпей бір таңбалы санға көбейту және бөлу. (12х3, 48:4, 120х3, 480:4). Көбейту және бөлуді тексеру.

V сынып. 4 тоқсан. 1000 шамасындағы сандармен разрядтан өтпей және разрядтан өтіп ауызша қосу және алу амалдарын орындау.

VI сынып 1 тоқсан. 10000 шамасындағы сандарды номерлеуі. 10, 100 және 1000-ға сандарды көбейту және бөлу. Ауызша және жазбаша көбейту және бөлуді орындау.

VI сынып. 2 тоқсан Жазбаша 10000 шамасындағы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу.

VI сынып 3 тоқсан 10000 шамасындағы сандарды біртаңбалы сандарға жазбаша «:».

VII сынып. 1 тоқсан. 100000 шамасындағы сандарды номерлеуін оқыту. Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу және алу, көбейту және бөлу амалдарын жазбаша орындау. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға, жеңіл екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу амалдарын ауызша орындау.(36:12, 60:15).

VIII сынып. 1 тоқсан 1000000 шамасындағы сандарды номерлеуін оқыту. Екі таңбалы және бір таңбалы сандарды қосу, алу және көбейту, бөлу амалдарын ауызша және жазбаша орындау.

IX сынып 1 тоқсан Үш таңбалы сандарды көбейту және бөлу.(жеңіл жағдай).

1000 шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқытудың міндеттері

1.Жаңа есептеу және разрядтық бірліктермен таныстыру: мыңдық бірліктермен, мыңдық ондықтармен, мыңдық жүздіктермен, миллионды бірліктермен.

2. Бірліктер классы және мыңдықтар классы түсінігімен таныстыру.

3. Мыңға дейін, 1 млн.белгілі есептеу бірліктерімен санауды үйрету.

4. Көп таңбалы сандарды нақты жазу дағдысын қалыптастыру.

5. Көп таңбалы сандарды ондық құрамы бойынша нақты талдау дағдысын қалыптастыру – санды класс және разряд бойынша бөлу; берілген класс және разряд бойынша сан құрастыру.

6. 1000 шамасындағы және көп таңбалы сандармен ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерін қалыптастыру.

Материалды меңгеру ерекшеліктері:

1000 шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді зияты зақымдалған балалар қиындықпен меңгереді, көп таңбалы сандарды нақтылау қиынға соғады, 1000, 10000, 100000 сандарын білдіретін шынайы заттарды елестете алмайды.

Разрядтан өтіп санау қиынға соғады, мысалы: 296, 297, 298, 299, екі жүз тоқсан он, екі жүз тоқсан он бір... немесе 299, екі жүз тоқсан жүз; 529, 600; ондықтармен санағанда: 1980, 1190, 2000 деп айту мүмкін.

Көп таңбалы санды оқығанда мыңдық класты бөле алмайды, мысалы: 4321- төрт жүз отыз екі бір, оқығанда нолдерді ескермейді; мысалы: 5620 оқығанда 562, 3085 оқығанда 385 деген қателер жібереді.

Қолданылатын көрнекі –дидактикалық материал:

1000 және көп таңбалы сандарды номерлеуін және арифметикалық амалдарды орындауды оқыту барысында міндетті түрде көрнекі – дидактикалық материалдар қолданылады:

1000: ондық бума және жүздік бүмалар - 1000 таяқшаларға дейін:;

- 10 квадрат жүзден (әр қайсысы 100 тор көзге бөлінге);

- сандық кітапша «мың»; арифметикалық жәшік

- толық жүздіктер жазылған кесте (1000); толық мыңдық, ондықтан мың, жүздіктен мың.

- разрядтық кесте

мыңдық классы бірліктер классы
мың жүздіктер мың ондық мың бірлік жүздік ондық бірлік
           

Жеке қолдануға арналған карточка өлшемі:

- бір таңбалы санға: 50х25 мм

- екі таңбалы санға: 50х50 мм

- үш таңбалы санға: 50х75 мм

1000 шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі.

Зияты зақымдалған мектеп бағдарламасына сәйкес V сыныпта 1000 шамасындағы сандармен танысады.

VI сыныпта - 10000 шамасындағы сандармен.

VII сыныпта - 100000. шамасындағы сандармен.

VIII сыныпта - 1000000 шамасындағы сандармен.

Номерлеуді оқыту кезектілігі.

1000 шамасындағы 10000 шамасындағы (көп таңбалы сандар)

1. Оқыған сандардың номерлеуін қайталау (10 дейін, 20 дейін, 100 дейін).

2. Толық жүздіктерді 1000 дейін номерлеу.

3. Толық мыңдықтарды 10000 дейін нөмірлеу, жаңа разряд – мыңдықпен таныстыру. Толық мыңдықты құру

4. Үш таңбалы санның номерлеуі.

5. Төрт таңбалы санның номерлеуі.

1000 және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі мен кезектілігі.

1.10, 100 (1000; 10000; 100000) шамасындағы сандардың номерлеуін қайталау. 10 бірліктен – 1 ондық, 10 ондықтан – 1 жүздік, 10 жүздіктен – 1 мыңдық жаңа есептік бірліктің құрылуына ерекше назар аудару.

2.Толық жүздіктерден 1000 – ға дейін, толық мыңдықтардан 10000 – ға дейін және 1000000 дейін номерлеу.

3.1000 шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеу.

а) Жүздік, мыңдық және мыңдықтарды есептеу (мыңдық, ондық бірліктерімен және бірліктермен).

б) толық және толық емес көп таңбалы сандарды құру және жазу.

в) сандарды талдау.

г) көрсетілген разрядқа дейін сандарды дөңгелектеу (көп таңбалы сандарды оқу кезінде ғана).

д) 1-ден 1000-ға дейінгі натурал сандардың кезектілігі мен қасиеттері.

е) 100000 және 1000000 шамасындағы сандарды номерлеуді оқытқанда класс туралы ұғымды қалыптастыруда жаттығулар қосылады.

Сандардың нөмірлеуімен таныстырудағы тапсырма түрлері:

1. Толық жүздіктен, толық ондықтан және бірліктен сан құрастыр. Оқып, дәптеріңе жаз.

2. Сандарды қой 935; 578… - разрядтарға бөл.

1 ден 1000 – ға дейінгі натурал сандардың қатардың кезектілігі мен қасиетін бекітуде санның «+» немесе «-» бірлігінен алыну мүмкіндігін көрсету қажет.

V сыныптың II тоқсанында оқушылар 10 дейінгі сандарды ~ белгісімен дөңгелектеумен танысады.

Бұл тақырыпты өтпес бұрын, мына сұрақтарға жауап бере отырып, құрам бойынша сандарды талдай білуін анықтау қажет:

1. 226 санында неше бірлік (ондық, жүздік)

2. 226, 200 сандарында барлығы неше бірлік (ондық)?

Бұл сұрақтарды саралауда оқушылар әжептеуір қиналады. 1- сұраққа жауап беруде оқушылар бірлік (ондық, жүздік) разрядын қарау керек және сандағы бірлік санын көрсету, ал, екінші исұраққа жауап беруде оқушылар сандағы бірліктердің жалпы санын атау керек, яғни 246 бұл 200 және 40 және 6. 200 бұл 20-ондық, 40 бұл 4 ондық. Яғни 246 санында 24 ондық бар. Оқушылар сандағы ондықтардың жалпы санын анықтауда бәрінен бұрын бастау қажет. Мысалы: 20 санында неше ондық бар? 200 санында барлығы неше ондық бар? Мұны қалай білуге болады? Бір жүздікте – 10 ондық, ал екі жүздікте ше? (10 ондық*2 20 ондық). 220 санында жалпы неше ондық бар? (200 бұл 20 ондық, 20 бұл 2 ондық. 220 бұл 22 ондық); 342 бұл 30 ондықтан 4 ондыққа дейін барлығы 34 ондық).

1000 шамасындағы сандарды номерлеуді оқыту.

2. Толық жүздіктерді 1000-ға дейін номерлеу.

Сабақ ондықтардың (10 бірліктен), жүздіктердің (10 ондықтан) құралуын қайталаудан басталады. Жазу параллель жүреді: 10 бірлік = 1 ондық, 1 ондық=1 жүздік.10 ондықты жүздікке ауыстырамыз. Жүздіктерді есептеуге көшеміз 1 жүздік – 100 бірлік 2 жүздік – 200бірлік; 9 жүзд. – 900 бірлік; 10 жүздік – 1000бірлік.

М. Н. Перова бүтін жүздіктердің жазбаша номерлеуімен танысуды 100 мәнімен аналогия бойынша жүргізуді ұсынады: 100 санында – бір жүздік, жүздіктер санда үшінші орында оң жақтан жэазылады, бірлік пен ондық орнында ноль болса 1 жүздік + 1 жүздік = 2 жүздік. Егер бірлікті жүздікке ауыстырсақ, онда қандай жазу болады?

100+100=200.

Одан кейін теңдік құрамыз:

1 жүздік = 100 бірлік.

2 жүздік = 200 бірлік.

3 жүздік = 300 бірлік.

...............

10 жүздік = 1000 бірлік.

Кестеге бірлік, толық ондықтар, жүздік жазу жұмысын ұйымдастырамыз.

1 2..........9 10 20 90 100 200 900

Оқушылар санды санайды, салыстырады, бірінші, екінші, үшінші сан қатарда қандай бірліктер берілген. Қасында тұрған сандарды қатар және бағана бойынша салыстырамыз.

20 > 2 2 < 20

20:2=10

30 > 20 20 < 30

Дәл қазір мынадай жаттығу орындаған жөн.Сыныптың еденіне немесе үлкен қағазға бормен шаршы сыздырамыз, оны 100 тор көзге бөлеміз. (10х10), және 10 бидайды қоямыз. Шаршыда қанша бидай бар? Оны қалай білуге болады? Тексеру:

1. Бидай санын қатардың санына көбейтеміз.

2. Жалпы ондықтардың санын санау

Одан кейін бірлік, толық ондық, жүздік жазылған кестемен жұмыс.

          .........  

Оқушылар санды санайды, салыстырады, қандай бірліктерді санағанда бірінші, екінші және үшінші қатардағы есеппен жүргізіледі. Қатарды, бағанды қатар тұрған санмен салыстыру. Басқа көрнекі оқу құралдармен жүздіктен мыңдыққа дейінгі санау жүргізу: таяқшамен, есеп шотпен.

3 а) Көрнекі оқу құралдармен жүздік және ондық санау жүргізіледі.

Басында саналған ондықтар жүргізіледі;

Мысалы: 1онд.., 2онд.

...................20онд.- екі жүз.

Одан кейін жүздікті ондықпен толықтырамыз: жүз он, жүз жиырма..........190, 200.

Жаңа жүздікке өткенде назар аудару керек (190, 200.....290, 300), мыңда – 10 жүздік және 100 ондық.

Ондықпен, жүздікпен тура және кері санау жүргізіледі.

3б) Бірлік және ондық, жүздікті санау.

Мұғалім 1 жүздік таяқшаны алуын, 2 ондық таяқшаны алуын сұрайды. Санды атауын сұрайды. Одан кейін 120 санына тағы 3 таяқша қосады. 123 саны шықты. Осы санды оқушылар есеп шотта, абакта, арифметикалық жәшікте орындауы керек.

Жазбаша номерлеу

Көмекші мектеп оқушылары көбіне екі разряд нолге тең немесе бір бірлік сандарды жазуда қиналады. Сондықтан жазбаша номерлеумен таныспай тұрып қайталауға көп мән беру керек. Басында оқушылар толық үш таңбалы санды жазумен барлық үш разрядпен танысады: бірінші бірлік немесе екінші разрядтағы санды жазу.

Санды абакта жазып, санға талдау жасау керек.

Тапсырма: Толық жүздік, ондық және бірлік;

Осыдан сан құрастыр.

Атап дәптеріңе жаз.

Оқушылар жүздік, ондық, бірліктерден сандар құрастыра білгеннен кейін, 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың сандық қатарындағы орнын бекіту жұмысының кезектілігіне өтуге болады. Оқушыларға 100 кейінгі санға 1 «+» және «-» 1 арқылы санның орнын табуға болатындығын түсіндіреміз.

Мысалы: 100 таяқша +1=101, тағы бір таяқша қосамыз 102 шығады т.с.с. 199 дейін жеткізіп тағы бір таяқша қосамыз, жаңа жүздік құрылды.

1 жүзд. және тағы 1 жүзд. = 2 жүзд.

Тура және кері санау жүргізіледі. (200 «100)

Аналогичная работа проводится и на счетах.

Келесі сабақтарда 1 ден 1000ға дейін санау көп уақытты алады, сондықтан берілген саннан берілген санға дейін санау тиімді. Мысалы: 195 - 208, 347- 353, 705 - 690,

311- 300. Оқушы санның алдындағы және саннан кейінгі санды анықтауды санға бірлікті «+» немесе «-» табу керек.

Мысалы: 345+1=346 199+1=200

500-1=499 448-1=447

Санды түрлі нұсқада жазып үйренеді, мысалы: 238=2 жүздік 3 ондық 8 бірлік; 238=200+30+8

Міндетті түрде кері тапсырма беру керек: 5 жүзд. 6 онд. 4 бірл. санын жаз. Санды салыстыру, мысалы: бір бірлікке көп (аз) санды ата.

Бір бірлікке көбейт (азайт). Жаз.

Санда неше ондық барын білу үшін, бірлікке көңіл бөлу керек (VI сыныпта), ал санда неше жүздік барын білу үшін екі санды бірліктер мен ондықтарды ажырату керек.

Тапсырма: дәптерлеріңде ондықтар разрядының астын сызыңдар; жалпы ондықтар разрядының астын сызыңдар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: