станция Спонтанды пневмоторакс

 

Қадамдары Бағалау
  Спонтанды пневмоторакс анықтамасы. Спонтанды пневмоторакс – бұл кеуде қуысының жəне өкпенің механикалық немесе əртүрлі жарақатына байланыссыз, кеуденің париетальді жəне висцеральді жапырақшаларының арасына ауаның жиналуымен жүретін патологиялық жағдай.
  Спонтанды пневмоторакстың жіктелуі. Түрлеріне қарай: 1. Ашық пневмоторакс. 2. Жабық пневмоторакс. 3.Күштемелі (клапанды) пневмоторакс.   Біріншілік спонтанды пневмоторакс – өкпе ауруларының анық жоқ кезінде дамиды. Көбінесе бойы биік жас ер адамдарда (20–40 жас) кездеседі. Екіншілік спонтанды пневмоторакс – өкпе аурулары бар адамда дамиды, бронх демікпесі, пневмоцистті пневмония, туберкулез, өкпенің іріңді аурулары, бронхоэктазия, қатерлі ісіктер,
  Спонтанды пневмоторакстың диагностикасы : зақымдалған жақта өкпе суретінің жоғалуы, коллапсты (бүріскен) өкпе, диафрагманың төмендеуі мен осы жақтағы оның шаңырағының жайдақталуы, жүрек көлеңкесінің сау жаққа ығысуы;
  Спонтанды пневмоторакс кезіндегі шұғыл көмек Жедел жəрдем: 1. Есінен танғанда, қан айналымы немесе тыныс тоқтағанда жүрек-өкпе реанимациясы жүргізіледі, бірақ тек алдын-ала плевральді декомпрессиясынан кейін. 2. Гипоксияны коррекциялау – оксигенотерапия. 3. Ауырсыну синдромын басу – наркотикалық емес анальгетиктер: - *кеторолак 30 мг (1мл) тамыр ішіне баяу жəне бұлшық етке. 4 Айқын ауру сезімінде наркотикалық анальгетиктер: - *морфин 1% 1 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен араластырып тамыр ішіне 20 мл-ды 4-10 мл-дан (немесе 2-5 мг) бөліп, əрбір 5-15 мин сайын ауыру сезімі мен ентігу басылғанға дейін немесе жанама əсерлері (артериалды гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) пайда болғанға дейін енгізу керек. 5 Күштемелі пневмоторакста плевральді пункция жасайды.
  Бюлау бойынша дренаждау техникасы Бюлау бойынша дренаждау –. Теріні және астында жатқан тіндерді антисептикалық ерітінділермен /спирт, вокадин, т.б./ өңдегеннен кейін, новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтративті жансыздандыру жүргізеді. Бұғана орта сызығы бойымен II қабырғаарлықтан пневмоторакс үшін және VI-VII қабырғааралықтан қолтық артқы сызығ бойынша скальпелмен теріні кесіп, төменгі жатқан тіндерді тұйық итереді. Дәрігер ішінде троакары бар стерильді түтікшені алып, төменгі қабырғаның үстімен плевра қуысына түседі де дренажды түтікшені үшінші көрсеткішіне дейін енгізіп сол уақытта троакарды шығарады. Троакарды толық шығарудан бұрын дренажды түтікшеге қысқыш салады. Түтікшенің екі жағынан орнатылған екі тігіс салады, кеуде қуысына орнықтыру үшін. Содан кейін дәрігер герметикалық П тәрізді тігіс салады да оның ұшын бант тәрізді байлайды (дренажды түтікшені алу үшін). Қойылған түтікшені ұзарту үшін екінші жақ ұшына түтікше жалғап басынад қақпақшасы болады, соны физ.ертінді құйылған ыдысқа салады.
  Барлығы:  

№ 13КЕЗЕҢ

Гендік-молекулалық Xpert MTB/RIF технологиясы

Қадамдар Бағалау
  Xpert MTB/RIF-әдісі дегеніміз не. Xpert MTB/RIF – нақты уақытта полимерлі тізбекті реакцияны (ПТР) іске асыратын толық автоматтандырылған жүйе, соның нәтижесінде 2 сағат ішінде ТМБ жиынтығының ДНК детекциясы мен рифампицинге төзімділікке жауапты rpoB геніндегі мутациялар бірдей анықталады.        
  GeneXpert жүйесіне не кіреді. GeneXpert жүйесіне компьютер, штрих-кодты оқитын сканер және құрамында зерттеу жүргізуге қажетті реагенті бар бір рет қолданылатын картридждер кіреді.          
  GeneXpert жүйесімен зерттеуге қандай материалдар алынады. Қақырық, БАС, жұлын сұйықтығы, лимфа бездері немесе басқа тіндер      
  Зерттеуге қажетті қақырық мөлшері. Зерттеуге қажетті қақырық мөлшері – 3-5 мл. Әрбір үлгі дұрыс таңбалануы тиіс, кем дегенде әмбебап сәйкестендірме нөмірі жазылуы керек. Бұл нөмір сонымен қатар зерттеуге жолдамаға және зертханалық журналға тіркеледі. Үлгіде тағам қалдықтары немесе басқа да қатты қоспалар болмауы тиіс. Xpert MTB/RIF-ке қажетті картридждер мен реагенттер 2–280C температурада сақталуы тиіс. Картридждердің орамасын ашқаннан кейін 7 күн ішінде өзінің тұрақты қасиеттерін сақтайды.          
  GeneXpert жүйесімен зерттеуінің нәтижелерің ата. Нәтиже төмендегідей болып беріледі: ТМБ анықталған жоқ (теріс нәтиже); ТМБ анықталды, Rif resistance анықталған жоқ (оң нәтиже, рифампицинге сезімтал); ТМБ анықталды, Rif resistance анықталды (оң нәтиже, рифампицинге төзімді); ТМБ анықталды, Rif resistance анықталмады (оң нәтиже, рифампицинге төзімділікті анықтау мүмкін болмады, бұл микроб жасушасының гендік материалының жеткіліксіз болғанына нұсқайды).        
  Барлығы:      

№ 14 КЕЗЕҢ

 

Рентгенсемиотика бойынша туберкулез кезіндегі өзгерістерді сипаттау

  Қадамдары   Бағалау
  Қандай рентген көрініс, қандай проекцияда.      
  Рентген суреттегі патологиялық өзгеріс өкпенің қандай рентген синдромына жатады.      
  Рентген суретін сипаттап беріңіз.      
  Рентген суретіндегі өзгеріс туберкулездің қандай клиникалық түріне жатады.      
  Қандай ауруларға ұқсас екенін атаңыз.      
  Барлығы:      

 

Кезең бойынша ең жоғарғы балл – 20 балл

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 мин

 

Бағалау критерийлері:

18- 20 балл - өте жақсы

15-17 балл – жақсы

11-14 балл – қанағаттанарлық

0-10 балл – қанағаттанарлықсыз

 

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: