double arrow

ШЫНЫКРИСТАЛЛИТ, ШЫНЫКРЕМНЕЗИТ

Он маман

Бір баламыз – бақташы,

Екіншісі - егінші,

Үшіншісі – үлгіші,

Төртіншісі – теңізші,

Бесіншісі – балташы,

Алтыншысы – аспазшы,

Жетіншісі – жылқышы,

Сегізіншісі – сырнайшы,

Тоғызыншысы – тігінші,

Оныншысы – орманшы.

(Ермек Өтетілеуұлы)

 

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен өз мамандығыңың қыр-сырын үйренуге міндеттісің. Қай мамандық болсын, адамға көптеген талаптар қояды. Жақсы маман, яғни инженер, экономист, ғалым, менеджер, сәулеткер, маркетолог, есепші, аудитор, оқытушы болу үшін жақсы оқу қажет. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы, металлург, жүргізуші, балташы, тоқымашы, тігінші болу үшін, өндірісте жақсы істеу керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істесең, онда сенің бақташы, диқан, шопан, сауыншы, бағбан, омарташы атанарың анық.

Қазіргі заманда болашақ мамандарға қойылатын талаптардың бірі оның теориялық білімі мен іскерлік қасиеттерін ұштастыра білуі. Сонда ғана ол жақсы жұмысқа орналасып жұмыссыз қалмауы мүмкін.

Өзім сәулет-құрылыс факультетінде оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Құрылыс мамандығы бойынша білім алудамын. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық пәндері басталады. Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл практика біздің мамандығымызға деген үлкен қызығушылығымызды арттырады. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуғабар күшімді саламын.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

ü Қандай мамандықтарды білесің?

ü Сенің туыстарың кім болып істейді?

ü Өзің қай жерде оқисың?

ü Сенің болашақ мамандығың қандай?

2.Мәтіндегі етістіктерден есімше жасаңыздар.

3.Жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек? Осы тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

4.Келген, айтқан есімшелерін септеңіздер.

 

ҚАНЫШ СӘТБАЕВ –ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИК

(1899-1964)

Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик.

Қаныш бала кезінен өте алғыр, зерек болған. Ол Румидің, Хафиздің, Жәмидің, Науаидің өлеңдерін жатқа білді. "Жүсіп-Зылиха", "Ләйлі-Мәжнүн" сияқты дастандарды оқыды. Әкесі Имантай бір ауылға би болған. Ол Қанышты кітап оқуға және ән-жырға баулыды.

Ғалымның Қазақстанда болмаған жері жоқ десе де болғандай. Қарсақпай мен Жезқазған мыс кенін, Екібастұз көмірін ашты, содан соң-ақ ол жерлерде зор зауыттары мен комбинаттары бар қалалар орнады. Қаныш Қазақстанның кен қорларының картасын жасады. Ол Ұлытауда Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған белгі тасын тапқан, қазір бұл тас Эрмитажда сақтаулы. Сәтбаевтың бастауымен Ғылым академиясының құрылысы басталды. Ол академия үйінің алғашқы кірпішін қалады. Қ.Сәтбаев ғылым үшін көп еңбек сіңірді. Ол 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын ашуда көп еңбек сіңірді. Қ.Сәтбаевтің құрметіне жаңа минерал-Сәтбаев деп аталды. Алматы қаласындағы №56 мектепке Қ.Сәтбаев есімі берілді, оның атында көше бар. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.

Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың іске асуына қатысымдық тұлға ретінде мәтін негіз болғандықтан, Қ.Сәтбаевтың өмірбаянына арналған мәтіннен ғалым бойындағы отанына, жеріне деген ерекше сүйіспеншілігін тіл үйренуші студенттердің бойына дарыту, одан үлгі алуға үйрету болып табылады. Мәтін студенттерді кітап оқи білуге, поэзияны, жерін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға тәрбиелейді.

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар..

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыздар.

4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

 

2-тақырып. Адам және қоғам. Салауатты өмір салты. Инженерлік геология. Көсемше.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

 

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Адамда мінез-құлықтар жүре-бара қалыптасады. Адамның көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне тікелей байланысты. Оның көзқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз.

Бірінші кезеңге адамға бала кезінде өте зор әсер ететін ортаны — отбасын, ойнайтын достарын, мектепті жатқызуға болады. Мектептің кезінде билікті бөлісу үлгісін оқушылар міндетті, қажетті деп қабылдайды, солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты да қалыптастырады.

Бұл кезеңде адамға әсер ететін факторлар — құрбы-құрдастары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат кұралдары.

Екінші кезеңде әлеуметтенудің факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік орта басты орын алады. Теледидар және радио арқылы берілетін хабарлар алғашқы және шындық, ретінде қабылданады.

Қоғамдағы маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта: оқудағы, жұмыстағы әріптестер, жақын туысқандар, т.б. Шығармашылық интеллигенция ортасы да маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш, тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен қатынаста болудың да үлкен маңызы бар.

Қоғамда әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыра алатын және сол арқылы тек біздің мемлекетімізге емес, жер бетіндегі барлық адамдарға пайдасын тигізе алу үшін, атап айтқанда білім мен денсаулық арқылы рухани құндылықты жаңғыртуға болады. Қоғамды жасаушы адам екенін ұмытпауымыз керек.

 

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыздар.

2.Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар: қоршаған орта, біздің мемлекетіміз, әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, маңызды фактор, рухани құндылық.

3. Мәтіннен көсемшелерді табыңыздар.

4.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.

5. Мына нақыл сөздерді оқып, аударыңыздар: Келешек қоғам тәрбиесі —ұрпақ тәрбиесі.

Қазақтың ұлы ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы “Өзіңді-өзің танысаң, істің басы”.

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» - делінген.

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», деген сөзі бар. Ендеше, алдымен дүниеге келген жаңа ұрпақтың осындай жолға түспеуіне, олардың бұдан былай салауатты өмір сүруіне жағдай жасау керек.

Ұлттық тәрбие ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, арақ ішпеуге, бұзақылық жасамауға үйретеді.

Қазіргі уақытта 16-18 жас аралығындағы жастар темекі, ішімдік, нашақорлық тәрізді жаман қылықтармен айналысады. Бұл олардың болашағына, денсаулығына кері әсер етеді. Мұндай жағдайлар болмас үшін қазіргі кезде нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес жүргізу ұйымдары жұмыс жүргізеді. Болашақта бақытты болғысы келетін азаматтар өз денсаулықтары үшін денешынықтыру жаттығуларымен және спортпен жиі айналысуы керек. Сонымен қатар қазіргі ХХ-ХХІ ғасырдың ең қауіпті, зиянды ауруларының бірі СПИД-ке қарсы күрес жүргізілуі керек. Азаматтар әрқашанда бұл жаман дерттің қалай таралатынын естерінен шығармауы тиіс.

Қазақстан Республикасында дені сау, білімді, бәсекеге лайық азаматтар өмір сүрсе, болашақта мемлекеттің гүлденуіне ешкімнің күмәні жоқ.

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен жаңа сздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

3. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз.

· «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»;

· «Дені саудың, жаны сау»;

· «Басты байлық – денсаулық»;

· «Ауру айтып келмейді».

4.Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба? «Салауатты өмір салты» дегенде ойыңызға қандай сөздер түседі? Жазыңыздар.

5.Мәтіннен көсемше сөздерді теріп жазыңыздар.

 

ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОЛОГИЯ.

Инженерлік геология жер қыртысының бетін әр түрлі инженерлік құрылыстар салуға байланысты зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Инженерлік геология бүкіл құрылыс пен оның жеке құрылмалық /конструкциялық/ бөліктері – іргетастары орналасатын орындарды зерттейді. Бұл орындарды зерттеуде қолданылатын құралдар: теодолит, невилир. Белгілі ауданды шаруашылық мақсаттарымен игеріп, пайдалы қазба кендеріндегі тау-кен жұмыстарын жүргізеді. Құрылыстың орнықтылығы мен оларды үздіксіз тиімді пайдалану шараларын белгілейді. Салынған құрылыстарды пайдаланудан оларға әсер ететін табиғи жағдайлардың келешекте өзгеру мүмкіндігін болжайды.

Инженерлік геология құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану істерін тау жыныстарының түрлі қасиеттері жөніндегі деректермен қамтамасыз етеді. Олар құрылысшыларға берілетін белгілі аудандардың құрамына енеді. Осы мақсаттарды орындау жолында инженерлік геология жер қыртысын зерттегенде геологиялық әдістермен қатар техника, химия, механика, топырақтану, петрология, геофизика, геохимия сияқты геология ғылымының салаларымен тығыз байланыста болады.

Тапсырмалар.

1. Жаңа сөздерді аударыңыздар.

2. Мәтінді аударыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, түрлерін анықтаңыздар.

5. Зерттейді, болжайды сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.

 

3-тақырып. Жеке адам, топ және ұжым. Менеджер және ұйым. Үстеу (мезгіл, мекен, күшейткіш және т.б.)

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

Жеке адам, топ және ұжым

 

Ұжым – күрделі оркестр,

онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды.

В.А.Сухомлинский

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады.Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады.Жеке адамның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған ұйқы демалу, киім-кешек, баспана қандай қажет болса, қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Қарым – қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады.

Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды ол ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі.Ал топтың түрлері сан-алуан, шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.Топтағылар ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір-бірімен араласып іс-әрекет жасайды.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі- ұжым (коллектив) деп аталады.

А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар, студенттер ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

· Ұжым алдындағы айқын мақсат;

· Ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс -әрекет жасауы;

· Ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

· өз арасында міндеттер белгілеуі;

· белгіленген міндеттерді орындау;

· қатаң тәртіптің болуы;

· өз мүшелері үшін ұжымның жуапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым – қатынастың болуы.

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар.

2. Мәтін бойынша жоспар құрыңыздар.

3. Мына сұрақтарға жауап жазыңыздар:

Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

Қоғамның бастапқы ұясы болып табылатын ұйым?

Ұжым» деген ұғымды қалай түсінесіз?

Топ пен ұжымға мысал келтіріңіз....

4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазыңыздар, түрлерін ажыратыңыздар.

5. Мезгіл, мекен, күшейткіш үстеулерге мысалдар жазыңыздар.

МЕНЕДЖЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМ

Ұйымның сипаттамасы. Менеджментті оқып білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет. Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек.

1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Осы сипаттарды арқылы анықтама аламыз:

Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді. Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.

Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның бес ортақ қасиеттері табысқа, жетістікке жету үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.

Олар:

1.Ұйымның ресурстары.

2.Сыртқы ортаға тәуелділігі.

3.Көлденең еңбек бөлінісі.

4.Бөлімдер.

5.Тік еңбек бөлінісі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ұйымның сипаттамасы қандай?

Ұйым дегеніміз не?

Ұйымдар қалай бөлінеді?

Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін

анықтаңыз, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

4. Сөз тіркесін жасаңыз.

Ұйыммен..., ортақ мақсатқа..., өзара....

5. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

ҚҰМ

Құмның қиыршықтары /ірілігі 0,05 + 2,0мм/ көбінесе суға жөнді ерімейтін, механикалық берік минералдан тұрады. Оның құрамында көбінесе кварц, дала шпаты, магнетит, циркон т.б. болады. Теңіздік құмдар біркелкі жазық жатады. Шөлдік және өзендік құмдар қиғаш шалыс жатысты келеді. Сонымен қатар түсі де әр түрлі болуы мүмкін. Темір тотығына боялған құм қоңырқай – сарғыш, глауконитке араласқан құм сұрғылт жасыл, көмір араласқан құм қара болады. Кейбір жағдайда таза ақ кварц құмдар немесе дала шпатты таза аркос деген құмдар болады. Құм ішінде кейде кен минералдары – алтын, платина, касситерит, вольфрамит, корунт, алмаз т.б. кездеседі. Құм құрылыс материалы ретінде қолданылады, кейде ғимараттардың, іргетастардың топырақты негіздерін құрайды.

Тапсырмалар.

1.Жаңа сөздерді көшіріп жазып,аударыңыздар.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3.Мәтінді аударыңыздар.

4.Құмның түрлерін айтып беріңіздер.

 

ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.

Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда.

Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

2. Туыстық атауларды жаттап алыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Өз отбасыңыздың қоғамдағы қызметі туралы шағын шығарма жазыңыздар.

5. Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп.Осы берілген сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдаулар жасаңыздар.

ОТБАСЫ

Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем қырық жеті жаста, ол ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Шешемнің жасы қырық бесте, ол - жеке кәсіпкер. Ағам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қазір құрылыс фирмасында қызмет етеді. Оның жасы жиырма бесте. Қарындасым дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ал мен өзім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жол-көлік факультетінде оқимын.

Біздің отбасымыз Қарағанды қаласының орталығында, төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Туыстарымыздың бәрі осы қалада тұрады. Біз жиі қатынасып тұрамыз. Біз өте тату тұрамыз. Біздің отбасымыздың достары көп. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз

2. Жаңа сөздерді бірнеше рет оқып, дұрыс айтуға жаттығыңыздар.

3. Мәтінді аударыңыздар.

4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

5. Досыңыздан оның отбасы туралы сұраңыздар.

6. Берілген мәтін бойынша өз отбасыңыз туралы айтыңыздар

 

ШЫНЫМӘРМӘР, ШЫНЫДЕКОР ЖӘНЕ ӘРЛІ ШЫНЫҰНТАҚ

Қаптама материалдардың бұл түрі өшірілген шыны технологиясы бойынша өндіріледі, себебі қапталатын бетон немесе кірпіш қабырғаның сұр түсі көрінбеу үшін олардың түсі мөлдір болмауы керек. Мәрмәр тектес шыны қалыңдығы 3-10 мм, өлшемі 200х300 мм, ішкі беті бұдыр плитка түрінде өндіріледі.

Шынымәрмәр мен шыныдекорды құрамдары бірдей шыныдан өндіреді, айырмашылығы тек бұйымдардың өлшемінде, шыныдекордың өлшемі 65 х 65 х 4 мм немесе 100 х 100 х 4 мм. Бұл материалдан түрлі суреттер немесе көркем суретті паннолар салу ыңғайлы, сондықтан оларды шыныдекор деп атайды. Шынымәрмәр дайындаудың келесі әдістемесі, бұйымды өндіру алдында түстері екі түрлі шынымассаларды араластыру.

Әрлі материалдардың бұл түрі вестибюльдерді, сауда залдарын және т.б. өңдеуге, табиғи тастар мен керамиканы алмастыратын қаптама.

Шыныұнтақ өндірісіне өшірілген шыны құрамдар қолданылады, бірақ олардың өндіру әдістемелері ерекше.

Тапсырмалар.

1. Мына сөздерді аударыңыздар.

Күл, қож, отын, шикізат, қолдану, қалдықтар, шартты, анықтау, көрсеткіш, құрғақ, жанбау, саз, ылғалдылық, шығын, айналмалы, төмендету, жоғарылату.

2. Мәтінді аударыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

 

5-тақырып Қазақстанның білім беру жүйесі. Болашақ бағдарламасы. Шыныкристаллит, шыныкремнезит. Одағай. Еліктеу сөздер.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

Қазақстанның білім беру жүйесі

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.

Жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапасы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әр бір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Міндеттері:

Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамшыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада да жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;

Білім беру процесін демократияландыру жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;

Жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындарын дамытуға объективті жағдайлар жасау;

Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу.

Жоғары оқу орындарында білім беру қызметін көрсетулердің сапасын басқару жүйесін және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың бағыттарын, сондай –ақ жоғары оқу орындарын тұтастай халықаралық аккредиттеуді енгізуді ынталандыру.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Бакалавриат, магистратура, докторантура сөздерін септеңіз. 1

5. Еліктеу сздерге 10 мысал келтіріңіздер.

 

Болашақ бағдарламасы жайында.

«Болашақ» бағдарламасының қол жеткізген табыстары негізінде, елімізге шет елдің ең үздік деген мамандарын тартумен қатар, шетелде оқитын Қазақстандық студенттеріміздің білім алуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударуымыз керек.

Бізге Қазақстанды алға бастайтын, бүгінгі заман талабына сай білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар, бізге әлемнің ең беделді оқу орындарын бітіріп, сол елдің тілін жетік меңгерген, халқымен еркін байланыс құра білетін түлектер керек. Олар еліміздің дамуы үшін жаңа технология жүйесін әкеледі. Бізге жаңа ғылым қажет, бізге білімді адамдар қажет. 21 ғасыр – бұл білім бәсекелесі, сондықтан мен тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ, «Болашақ» бағдарламасын құруды жөн деп шештім. Мемлекетіміз тарапынан қолдау көрсеткен жағдайда ғана, жастарымыз тұрақты, әрі өмірдегі орны мен бағытын нақты анықтай алады. Жастарға өте сапалы шетелдік білім беруге жағдай жасау- мемлекеттік жастар саясатының басым бағыты болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев.

1993 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен халықаралық «Болашақ» шәкіртақысы бекітілді. Бұл бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты-дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу.
1994 жыл мен 2004 жылдары аралығында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 800 шәкіртақы тағайындалды. Бұл «Болашақ» түлектерінің қызмет сатысындағы жетістіктері мен кәсіби шеберлілігін арттыруды қамтамасыз етті. Бұған бағдарлама бойынша оқуын бітіріп келген, бүгінде мемлекеттік қызметте, жергілікті және орталық қызмет атқару органдарында, халықаралық мекемелер мен өкілдіктерінде, түрлі ұлттық компанияларда, акционерлік және қаржы, білім саласында қызметін өткізуді ұйымдастыру шараларын, 2005 жылғы Елбасымыздың бүкіл халыққа арнаған жолдауын жүзеге асыру мақсатындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 жарлығымен 2005 жылдың 4 сәуірінде құрылған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қамтамасыз ете бастады.
Алғашқы рет жоғарғы арнаулы білім мен бакалавриат дәрежесінде білім алғысы келетін үміткерлер үшін шәкіртақы бөлінді. Сонымен қатар, бірінші рет бағдарламаның білім беру аясы кеңейді. Үміткерлер енді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Китай, Малайзия, Нидерланды, Жаңа Зеландия,

Норвегия, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Жапония жоғарғы оқу орындарында білімдерін жетілдіре алады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

білім беру жүйесі, білікті мамандар, мемлекеттік бағдарлама, заман талабына сай,

жетік меңгерген, байланыс құру, түлектер, білім бәсекелесі, жастар саясаты, дарынды жастар, кәсіби шеберлік.

3. Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар негізінде мәтінді ауызша баяндап беріңіз.

4. Одағай сөздерге 10 мысал келтіріңіздер.

 

ШЫНЫКРИСТАЛЛИТ, ШЫНЫКРЕМНЕЗИТ

Шыныкристаллит және шыныкремнезит - екі немесе үш қабатты піскен материал. Төменгі қабаты түссіз түйіршіктер араласпасынан құралған, егер тек шыны түйіршіктері қолданылғанда - шыныкристаллит, ал шыны мен құм араласқанда - шыныкремнезит болады. Бұл екі материалдың да жоғарғы қабаттары түрлі - түсті шыны түйіршіктерінен жасалады. Шыныкристаллит өндіру шыны және керамика технологияларының элементтерінен тұрады, яғни шыныны пісіру, шыны түйіршіктерін алу немесе дайын шыныны қолдану, плиткаларды қалыптап пісіру, кристалдау, жалынмен жалтырату және бұйымдарды жасыту операциялары атқарылады. Жалынмен жалтырату бұйымға кең түспен әрлілік қасиет береді, гранит пен мәрмәр тас түстес шыныкристаллит ішкі және сыртқы өңдеу жұмыстарына жоғары тиімділікпен қолданылуда.

 

Тапсырмалар:

1. Сөздерді аударыңыздар.

Піскен, түссіз, төменгі, түйіршіктер, араласпа, жалтырату, жалын, жасыту, атқару, әрлілік қасиет, түстес, ішкі, сыртқы, тиімді, қолдану, қалыптап пісіру, өңдеу, мәрмәр, тиімділік.

2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

3.Қолданылғанда, түйіршіктерінен, технологияларының сөздерін сөздік құрамға талдаңыздар.

4. Мәтінге сұрақтар дайындаңыздар.

 

6-тақырып. Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жай сөйлем. Кірпіш.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру

 

ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше? Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орның айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы;ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан. Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, жаңа сөздерді аударыңыз.

2. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.1).Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма?

2) Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма?

3).Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

4).Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма?

5).Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма?

4. Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып,көшіріп жазыңыздар.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен жєне адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, газ өндірсе, Шығыста Өскеменде фосфор, Орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалар екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар єлемнің кµптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғананнан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялалардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

Тапсырмалар.

1.Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. «Жер туралы», «Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазып, аударып, жаттап алыңыз.

4. Пайдалы қазбалар,жер қойнауы, түсті металдар, әшекей бұйымдар. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

5. Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен жєне адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады.Осы сөйлемдер жай сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыздар.

 

КІРПІШ

Кірпіш - формасы тікбұрышты параллелепипед, өлшемі 250 х 120х 65 мм, оңай балқығыш балшықтардан (қосымша заттарсыз не солармен) жасалады. Тығыздығы 1600...1900 кг⁄м³); беріктігіне сәйкес 7 маркамен сипатталынады. Су сіңіргіштігімен сипатталатын кәуектіліктің мөлшері маркасы М 150-ден жоғары кірпіш үшін 6%-тен кем емес, ал басқа маркалы кірпіш үшін 8%-тен кем емес болуы қажет. Кәуектілігі азайса кірпіштің жылу өткізгіштігі артады. Құрылыс ерітіндісімен байланысы әлсірейді. Кірпіштің аязға төзімділігі 15 циклден кем болмауы қажет: әдетте бұл қасиеттің маркалары Ғ 25, Ғ 35, Ғ 50. Кірпіш көбінесе қабырға қалауда, панельдер жасауда, пеш және мұржа салуда қолданылады. Кірпіштің жасалу технологиясына байланысты бірнеше түрлері болады.

 

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар.

2. Мәтінді аударыңыздар.

3. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

4. Мәтіннен кірпішті қайда, не үшін қолданатыны туралы жазылған сөйлемді тауып, оқыңыздар

7-тақырып Аралық тест. Экономикалық тәуелсіздік. Қазақстанның экономикасы. Бояудың түрлері.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК

Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу - өз алдына ұлттық мемлекет болу, жеке ел болу. Екінші жағы – экономикалық тәуелсіздік. Ғылыми тұрғыдан алғанда экономикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің тәуелсіз болуы екіталай. Елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын көтеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру қажет.

АҚШ пен Батыс Еуропаны айтпағанда, мына өзіміздің алып көршіміз Қытайды алайық. Қытайдың ақыл-оймен асықпай жасаған реформасы қазір миллиардтан астам халықтың тұрмысын көтеруде.

Бар ісін техника атқаратын АҚШ, Англия, Жапония сияқты елдердің ауыл шаруашылығына мемлекет дотация береді. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіп өндірісіне ұқсамайтын ерекше шаруашылық, себебі ол табиғатқа тәуелді. Табиғатпен байланысты экономика тілінде ұдайы өндіріс дейміз. Мал өсуі үшін уақыт керек, егін өсіп шығуы үшін уақыт керек. Ең қиыны ауыл шаруашылығын дамытпай бірде-бір ел, ел болмайды. Ауыл шаруашылығы деген – азық-түлік. Ал, азық-түліктің 50-60 пайызын өзі өндірмей, шетелден әкелетін ел экономика тәуелділікке түседі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыздар.

2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

3. Мәтінді әңгімелеңіз.

4. Саяси тәуелсіздік деген не?

5. Экономикалық тәуелсіздік деген не?

6. Ауыл шаруашылығы қандай шаруашылық?

7. Жалқы зат есімдерді табыңыздар.

 

БОЯУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.

Майлы бояулар зауыттарда дайындалады. Майлы бояулар өсімдік майларына пигменттер мен минералды толықтырғыштарды араластыру арқылы шығарылады.

Алкидты бояулар глифталды, пентафталды және басқа алкидты лактардың қолданылуымен өндіріледі.

Эмальды бояулар ғимараттардың сыртқы және ішкі беттерін әрлеуде пайдаланылады. Құрылыста қолданылатын барлық эмальдар майлы немесе глифталды лактардан және пигменттерден тұрады. Басқа бояулардан айырмашылығы - эмальдар тез кебеді.

Полистрольды бояулар 3-4 сағат бойына қатаяды. Оларды жылдың кез келген уақытында қолдануға болады.

Алкидті – стиролды эмальдар ағашты плиталар мен сыланған қабырғалардың беттерін бояуда қолданылады.

Тапсырмалар:

1.Мына сөздерді аударыңыздар.

Сұйық,бор,майлы бояулар,өсімдік,толықтырғыштарды, араластыру,

қолдану,қатаяды,шығарылады, ғимараттар, әрлеу, сыланған, айырмашылық, бет.

2. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.

3. Мәтінді аударыңыздар.

4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

 

 

8-тақырып. Нарық. Салық. Ағаш туралы қысқаша түсінік. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

 

НАРЫҚ

Нарық – экономика саласы. Бұл салада тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жаласады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.

ӨНДІРУШІ НАРЫҒЫ – тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде пайдалану үшін сатып алатын ұйымдар.

НЕСИЕ КАПИТАЛЫНЫҢ НАРЫҒЫ – еркін ақша қаражатының өсуін қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жүйесі. Оларды қарыз капиталына айналдырып, ұдайы өндіріс процесіне қатысушылар арасында бөлісу.

НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – нарықтағы тауарлардың және қызмет көрсетудің еркін алмасуын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар (банкілер, биржалар, жәрмеңкелер, сақтандыру компаниялары, консультациялық, ақпарат, маркетингілік фирмалар, т.б.) жүйесі.

НАРЫҚТЫҚ ҚҰН – 1) тауардың, бағалы қағаздардың, валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін бағасының деңгейі; 2) негізгі қорлардың (кәсіпорынның, құрал-жабдықтың) құны.

МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ – бірыңғай бөлшек сауда бағасы емес, бағаның кең ауқымындай мәміле жасасатын сатушылар мен сатып алушылар нарығы.

 

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2. Мәтінді аударыңыздар.

3. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

4. Термин сөздерді теріп жазыңыздар.

 

САЛЫҚ

САЛЫҚ – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем. Қазіргі жағдайда салық жүйесі мыналарды қамтиды: қосылған құнға салынатын салық (НДС), пайдаға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифы және баж салығы, азаматтардан алынатын табыс салығы, меншікті дүние-мүлікке салынатын салық, т.б.

Жергілікті салық пен алымдар тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Салықтар бюджетке түсетін қаражаттардың тұрақты көзері болып табылады.

ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметке салынатын жанама салық. Қосылған құнның құрамына тозу (амортизация), үстемелерімен қоса жалақы, басқа да кейбір шығындар (соның ішінде несие үшін процент), сонымен қатар пайда кіреді.

АҚША КАПИТАЛДАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – дивиденттерге, акциялар мен облигациялардан алынатын проценттерге, банктерге салынатын ақша бойынша проценттерге, займдар бойынша ұтыстарға, тағы басқа кейбір табыстарға салынатын салық.

КАПИТАЛДЫҢ ӨСІМІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ - мүлікті пайдаланудың сан алуан түрлерінен (сатудан, айырбастан, сыйға тартудан, т. б.) алынған заңды ұйымдардың да, сондай-ақ жеке адамдардың да табысына салынатын салық.

САТУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметтің сату құнының процентімен белгіленетін салық, өндіруші төлейді, акциздердің бір түрі.

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік жасаңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3. Мәтінді аударыңыздар.

4. Жай сөйлемдерден сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер жасаңыздар.

 

АҒАШ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК

Қара ағаш – ашық сары, ал өзегі ашық қоңыр немесе сұрғылт – қоңыр түсті, шел қабықты қабаты бар. Қара ағаштан алынған ағаштар ауыр, берік, иілгіш, соққыға төзімді, қаттылығы орташа ағаш. Су ішінде беріктікті жақсы сақтайды, бірақ ашық ауада, ылғалды ортада тез шіриді, оны құрылыста, машина жасау өндірісінде қолданады.

Қайың – жапырақты ағаштар арасында ең көп тараған ағаш. Оның ағашы қатты және берік. Әр түрлі құрт-құмырсқа, қына, мүк, саңырауқұлақтың әсерлеріне төзімсіз. Сондықтан құрылыста кеңінен қолдануға жарамсыз. Қайыңнан балға, балта, күрек саптарын және басқа бұйымдар жасайды және фанера өндірісінде қолданылады.

Қарағай – құмдақты жерлерде өскен қарағай ағашы ұсаққабатты, өте тығыз, берік, қатты, сарығыш-қызылдау түсті. Ал тау етектерінде өскен қарағай сарылау, ақ және қызылдау болады. Қарағай құрамында шайырдың мол болуына орай оның ағашы шіруге төзімді. Қарағай ағаштарын құрылыстың барлық бағыттарында қолданады. Атап айтсақ коттедждерде, жеке тұрғын үйлерде, көпірлерді, темір жол шпалдарын, жәрдемші конструкцияларды және басқа әр түрлі үйлерді құрастыруда қолданылады.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді аударыңыздар

2. Мәтінді аударыңыздар

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Жай сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

 

9-тақырып Ақша қызметі. Теңге – ұлттық валюта. Ар Нуво. Сөйлем мүшелері.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

 

АҚША ҚЫЗМЕТІ

Ақша жалпы эквивалент рөлін атқарды. Заңды төлем қызметін атқаратын ақшаның түрлеріне қағаз ақшалар (банкноттар) және ұсақ металл ақшалар жатады. Қазақ елінің ақша бірлігі «теңге» деп аталады. Олар: 1, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000, 10000 –дық теңгелер. Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақытты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалиев пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді.

Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді. Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдағы үлкен жетістік.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

· Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?

· Тәуелсіздіктің қандай белгілері бар?

· Сіздің елде басқа елдің валютасы жүре ме?

· Ұлттық валюта қай жылдан бастап айналысқа енді?

3. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.

Ø Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.

Ø Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.

4. Қазақстан теңгесі сөз тіркесіне фонетикалық талдау жасаңыз.

 

ТЕҢГЕ – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА

Ақша жалпы эквивалент рөлін атқарды. Заңды төлем қызметін атқаратын ақшаның түрлеріне қағаз ақшалар (банкноттар) және ұсақ металл ақшалар жатады. Қазақ елінің ақша бірлігі «теңге» деп аталады. Олар: 1, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000, 10000 –дық теңгелер. Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақытты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалиев пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді. Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдағы үлкен жетістік.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыздар.

2.Мына сұрақтарға жауап беріңізде:а) Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?ә)Тәуелсіздіктің қандай белгілері бар? б)Сіздің елде басқа елдің валютасы жүре ме? в)Ұлттық валюта қай жылдан бастап айналысқа енді?

3. Мәтіннен екі сөйлемді алып, сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.

4. Мәтінд


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: