Сурет. С.И. Надененко диполі

 

4) радиоқабылдауға өнеркәсіптік бөгеуліктердің әсерін әлсірету үшін қабылдағыш антеннаның бағытталу диаграммасының максимумы жер бетіне өте жақын болмауы тиіс. Осы көзқарас бойынша қысқа толқынды антенналарда вертикал емес, горизонтал вибраторларды қолдану ыңғайлы. Бірақ симметриялы горизонтал антенна жиіліктердің ауқымды диапазонында жұмыс істеуге арналмаған, өйткені оның кіріс кедергісі жиілікке күшті тәуелді, бұл қоректендіруші фидермен сәйкестендіруді бұзады. Вибратордың кіріс кедергісі кішкене шектерде өзгереді, егер оның толқындық кедергісін кішірейтсек. Бұған сәуле шығаратын сымдардың диаметрін ұлғайтып қол жеткізуге болады. С.И.Надененко диполінде (ВГД типіндегі антенна) вибратор иықтары, диаметрі 1..3 м цилиндр құраушысы бойымен орналасқан 6-12 сымдар құрамасынан тұрады (5.3 – сурет). Жиілік өзгергенде осындай вибратордың кіріс кедергісі кішкене шектерде өзгереді де, фидермен үйлестіру кеңейген жиіліктер диапазонында қамтамасыз етіледі.

Метрлік, дециметрлік және сантиметрлік толқындар антенналары.

УҚТ (УКВ) диапазонында көбінесе тек қана бір жазықтықта бағытталушы қасиеттері бар антенналар пайдаланылады. Кішкене толқын ұзындықтарында осындай антенналар жеткілікті түрде ықшам болады, бұл ешқандай техникалық қиындықсыз, оларды айналмалы жасауға мүмкіндік береді. Осының арқасында, қуат бойынша ұтамыз да, радиостанциялардың өзара бөгеуліктерін азайтып, қандай-да болмасын кезкеоген бағытта байланысты жүзеге асырамыз.

Қарастырылып отырған диапазондағы антенналарды екі топқа бөлуге болады: вибраторлық және бет үстілік.

Мысал ретінде теледидарлық антенналардың кейбір түрлерін қарайық. Ең қарапайым антенна – диполдық антенна (сызықты жартытолқынды вибратор), ал конструктивтік жағынан ең ыңғайлысы – Пистолькорс тұзақтық вибраторы.

Айтылған антенналар әдетте теледидарлық хабарлардың сапалы қабылдануын телеорталықтан салыстырмалы кішкентай қашықтықтарда қамтамасыз ете алады, өйткені олардың нашар бағытталу қабілеті бар. Үлкен қашықтықтарда немесе жақын қашықтықтардағы қабылдаудың қанағаттан-дырмайтын шарттарында жақсы бағытталуы бар күрделі антенналар қолданылады.

Дыбыстық және теледидарлық хабар таратудың метрлік толқындар таратушы антенналарына арнайы талаптар қойылады, өйткені олар жоғары биіктіктерде орналастырылады және желге қарсы үлкен механикалық жүктемеленуі бар, сонымен қатар оларға найзағай түсу ықтималдығы жоғары. Сондықтан, антенналарды құрастырғанда керамикалық изоляторларды қолданудан бас тартады, және де мүмкіндігінше мықты механикалық конструкцияларды пайдаланады.

Теледидарлық таратушы антенналар мүмкін болатын үлкен қызмет көрсету аймағын қамтамасыз етуі тиіс. Көп жағдайда телеорталық қызметкөрсету аймағының ортасына жақын орналасатындықтан, таратушы антеннаның горизонтал жазықтықтағы бағытталу диаграммасы шеңберлі болуы қажет. Вертикал жазықтықта жоғарғы жарты кеңістікке сигналдың пайдасыз сәулеленуін азайту үшін көкжиек (горизонт) бағытында шоғырлануын күшейту керек. Сонымен қатар, таратушы антенна шамамен 8 МГц кеңейген өткізу жолағын қамтамасыз еткені жөн.

Біздің елімізде алғашқы теледидарлық станцияларда, жазық вибратор болып табылатын Б.В.Брауде антенналары (5.4, а - сурет) қолданылды, онда сәуле шығаратын пластиналар, желдік жүктемеленуді азайту үшін сымдармен алмастырылған. Егер антеннаның вертикал өлшемін 0,25 l - ға тең қылып алсақ, онда бұл антеннаны қысқа тұйықталған шунтпен біріктірілген кәдімгі симметриялы вибратор (5.4, б - сурет) деп қарауға болады. Брауде вибраторының кемшілігі, оның горизонтал сымдары әртүрлі амплитудадағы токтармен қоздырылады. Сымдардағы токтарды, вибратор иықтарын трапеция түрінде жасап, теңетіруге болады (5.4, в – сурет).

 

5.4 – сурет. Таратушы теледидарлық антенна

 

Дециметрлік және сантиметрлік толқын ұзындықтарында рупор түріндегі антенна кең қолданылады. Қарапайым рупорлық антенна ретінде, толқынжол деп аталатын, тікбұрышты немесе дөңгелек кесінділі металл тұрбаның бір ұшы алынады. Антеннаның сәуле шығаратын жағы антеннаның ашылуы деп аталады. Рупорлық антеннаның бағытталуы рупор ашылуы ауданы өскен сайын ұлғая түседі.

Негiзгi әдебиет: 2 [87-106]

Қосымша әдебиет: 10 [274-314]

Бақылау сұрақтары

1. Антеннаны құрудың жалпы ұстанымдары қандай?

2. Антеннаның жұмысын қандай көрсеткіштері сипаттайды?

3. Антеннаның күшейту коэффициенті формуласын көрсетіңдер.

4. Километрлік және гектометрлік толқындарда қандай антенна қолданылады?

5. Қысқа толқынды антенналарды құрғандағы оларға қандай талаптар қойылады?

6. Дыбыстық және теледидарлық хабар таратудың метрлік толқындар таратушы антенналарына қандай арнайы талаптар қойылады?

7. УҚТ (УКВ) диапазонында көбінесе қандай антенналар қолданылады?

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: