Г.Ж. Рахымбаева, Касылкаксова А.О., Абилгазин Б.И

Г.Ж. Рахымбаева, Касылкасова А.О., Абилгазин Б.И.

 

 

«Инженерлік графика»

пәні бойынша барлық мамандықтарынын (сәулет және құрылыс мамандықтардан басқа) күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін курстық жұмыстарды орындауға арналған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

Қарағанды 2016


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Дәнекерлеу және құю өндірісі кафедрасы

 

Г.Ж. Рахымбаева, Касылкаксова А.О., Абилгазин Б.И.

 

«Инженерлік графика»

пәні бойынша барлық мамандықтарынын (сәулет және құрылыс мамандықтардан басқа) күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін курстық жұмыстарды орындауға арналған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Қарағанды 2016


 

ӘОЖ 515(07)=512.122

 

 

Рахымбаева Г.Ж., Касылкаксова А.О., Абилгазин Б.И. «Инженерлік графика» пәні бойынша барлық мамандықтарынын (сәулет және құрылыс мамандықтардан басқа) күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Қарағанды: ҚарМТУ, 2016. 47 б.

 

Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспары мен «Инженерлік графика» пәнінің бағдарламасы талаптарымен сәйкес құрастырылған және курстың бақылау жұмыстары тақырыптарын орындау бойынша барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқаулар университеттің барлық мамандықтарының (сәулет және құрылыс мамандықтарынан басқа) сырттай оқитын студенттеріне арналған.

 

Пікір жазған: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор С.Қ Тутанов.

 

 

Университеттің Редакциялық-баспа кеңесі бекіткен

© Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2016


Мазмұны

 

Нормативтік сілтемелер [A]. 4

Кіріспе. 5

1 Теориялық бөлімі 6

1.1 Негізгі ережелер .. 6

1.2 Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу .. 7

1.3 Тетік сызбаларын орындау жүйелілігі 8

1.4 Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын талаптар .. 9

1.5 Сызбалардағы шарттылықтар мен ықшамдылықтар .. 10

1.6 Тетіктердің конструкциялық элементтерін кескіндеу .. 13

1.7 Сызбаларға өлшемдер салудың кейбір ерекшеліктері. Базалар .. 17

2 Курстық жұмыс. 20

2.1 Жалпы ережелер .. 20

2.2 Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар .. 20

2.3 Курстық жұмыстың мазмұны .. 20

2.4 Курстық жұмысты қорғау .. 21

2.5 Құрастыру сызбаларын тетіктеу үшін нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау .. 21

3 Курстық жұмысты орындау үлгісі 22

3.1 «Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасын оқу .. 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24

Қосымшалар .. 25

А қосымшасы. «Бағыттаушы блок» бұйымының сызбасы .. 26

Б қосымшасы. Бағыттаушы блок бұйымына сипаттізім .. 27

В қосымшасы.«Бағыттаушы блок» бұйымдар тетіктерінің

сызбаларын орындау мысалы...……………………………………………………. 28

Г қосымшасы (анықтамалық) Бірінші бетті ресімдеу .. 29

Д қосымшасы (Анықтамалық) Мемлекеттік стандарттан мәліметтер .. 30

 


Нормативтік сілтемелер [A]

 

Осы әдістемелік нұсқауда келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

1. 2.301-68* МЕСТ Пішімдер.

2. 2.104-68* МЕСТ Негізгі жазбалар.

3. 2.302-68* МЕСТ Масштабтар.

4. 2.303-68* МЕСТ Сызықтар.

5. 2.304-81 МЕСТ Сызу шрифттері.

6. 2.305-68* МЕСТ Кескін. Түрлер, тіліктер, қималар және шығару элементтері.

7.2.306-68* МЕСТ Графикалық материалдарды белгілеу және оларды сызбаларға салу тәртібі.

8. 3.307-68* МЕСТ Өлшемдерді салу және шекті ауытқушылықтар.

9. 2.311-68 МЕСТ Сызбадағы бұрандалардың бейнелуі.

10. 2.315-68 МЕСТ Бұрандалы тетіртердің құрастыру сызбада ықшамдап кескіндеу және белгілеу.

11. 2.109-73 МЕСТ Сызбаларға қойылатын негізгі талаптар.

12. 2.101-68 МЕСТ Бұйымдардың түрлері.

13. 2.102-68 МЕСТ Конструкциялық құжаттардың түрлері.

14. 2.108-68 МЕСТ Сипаттізім.

15. 8724 – 81 МЕСТ Жалпы тағайындалған метрлік цилиндрлік тіліктің диаметрлері және қадамдары.

16. 6357 – 81 МЕСТ Құбырлық цилиндрлік тіліктің негізгі өлшемдері.

17. 11284 – 75 МЕСТ Бекіту тетіктерінің астындағы саңылаулы тесіктер.

18. 12876 – 67 МЕСТ Бұрама басының астындағы тірек беттерінің өлшемдері. 19. 12415 – 80 МЕСТ Орнату бұрамасы астындағы тесіктер.

20.23360–78 МЕСТ Призмалық кілтектер және кілтекті ойықтар өлшемдері.

21. 10549 – 80 МЕСТ Жонулар өлшемдері.

22. 6636 – 69 МЕСТ Қалыпты сызықтық өлшемдер (1…1000 мм шегінде).

23. 1.1.01-2004 СМК ФС Менеджмент жүйесінде сапа құжаттамасын құру, баяндау және ресімдеу бойынша қойылатын жалпы талаптар.

24. 1.1.03-2004 СМК ФС Оқу құжаттамасын ресімдеу тәртібі. Графикалық құжаттарға қойылатын жалпы талаптар.

25. 1.1.04-2004 СМК ФС Оқу құжаттамасын ресімдеу тәртібі. Негізгі жазбалар.

26. 1.1.02-2004 СМК ФС Оқу құжаттамасын ресімдеу тәртібі. Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар.


Кіріспе

 

Жаңа техниканы жасаудың жаңа идеялары мен тұжырымдамаларын әзірлеу инженер мен ғалымның құдыреті болып қалады. Отандық өнеркәсіп үшін автоматтандырудың қазіргі замандағы техникалық құралдарын жасау көкейкесті мәселе болып отыр. Техникалық білімді сәтті игеру шарты сызбаны оқи білу дағдысы және оларды орындау мен ресімдеу тәртібін білу болып табылады. Сызба техникалық ақпараттарды негізгі таратушы болып табылады, онсыз бір де бір өндіріс болмайды. Қайтадан жасалатын аспаптар, машиналар және ғимараттарда алдымен сызбаларды (жобаларды) әзірлейді. Олар бойынша олардың ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтайды, конструкцияға өзгеріс-тер енгізеді. Жұмысшылар, инженерлер және техниктер конструкцияның өзінің қандай екендігін түсіну үшін, сондай-ақ кескінделетін бұйымның жұмысын түсіну үшін сызбаны оқи білуі тиіс, сонымен қатар сызбаны пайдалана отырып, өзінің техникалық ойларын баяндауы тиіс. Кәдімгі шарикті қаламсаптан қазіргі замандағы ұшаққа дейінгі кез келген өндіріс техникалық құжаттаманы алдын ала әзірлеусіз мүмкін емес. Конструкциялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) барлық ұйымдар және кәсіпорындар үшін міндетті болып табылатын конструкциялық құжаттаманы (сипаттізімі, жалпы түрдегі құрастыру сызбалары, тетіктердің жұмыс сызбалары) қарау, әзірлеу және ресімдеу тәртібі бойынша өзара байланысқан тәртібі мен ережесін белгілейді. Сызбалардың дұрыс және бірыңғай тәріздес ресімделуі олардың орындалуын жеңілдетеді, сызбамен жұмыс істеу кезіндегі уақытты үнемдейді, сызбаның әрі қарай өңделуін ықшамдайды. Конструкторлардың жауапкершілігі үлкен, өйткені бұйымдардың сапасы, ең алдымен, техникалық құжаттаманың сапасын қамтамасыз етеді.

 


1 Теориялық бөлімі

Негізгі ережелер

 

2.101-68 [A12] МЕСТ-қа сәйкес кәсіпорында дайындауға жататын өндірістің кез келген құралы немесе жинағын бұйым деп атау қабылданған. Бұйымдардың келесі түрлері белгіленген: тетіктер, құрастыру бірліктері, кешендер, жинақтар.

Әрбір бұйым үшін өзіне графикалық және мәтіндік құжаттарды енгізетін, бұйымдардың құрылғылары, құрамын анықтайтын және оны әзірлеу немесе дайындау, бақылау, қабылдап алу, пайдалану, жөндеу үшін қажетті деректерді қамтитын конструкциялық құжаттардың кешені әзірленеді. Конструкциялық құжаттаманы әзірлеудің соңғы сатысы болып тәжірибелі үлгіні дайындау немесе бұйымдардың тәжірибелі партиясын және оларды сынақтан өткізу үшін арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеу болып табылады. Сынақтан өткізу нәтижелері бойынша құжаттаманы түзейді және сол бойынша бұйымдардың дайындалған сериясын дайындай-ды. Жұмыс конструкциялық құжаттамасын жобалық конструкциялық құжаттама негізінде әзірлейді. Жоба құжаттамасына жалпы түрдегі бұйым-дардың конструкциялық сызбасы жатады (А қосымшасы).

Жалпы түрдегі конструкциялық сызба (А қосымшасы) бойынша бұйым-дарға енетін тетіктердің сызбасын (Д қосымшасы) әзірлеу процесін әдетте тетіктеу деп атайды.

Өндірісте тетіктеу мақсаты оларды дайындау үшін тетіктердің жұмыс сызбасын алу болып табылады. Оқу процесінде тетіктеу мақсаты тапсырма-ларда берілген нақты шартты жағдайларды қолдану үшін КҚБЖ стандарт-тарының талаптарына сәйкес тетіктер сызбасын әзірлеу дағдыларын меңгеру және бекіту болып табылады.

2.102-68 [A13] МЕСТ конструкциялық құжаттама түрлерін белгілейді.

Сызба – бұл проекция жазықтығында тікбұрышты параллель проекциялау құралы болып алынған кескін. Сызбаға жалпы жағдайда кескіннің бір мағыналығы, қайтымдылығы, қарапайымдылығы және көрнекілігіне қойылатын талаптар ұсынылады. Сызба тетігі – тетік кескінін және оны дайындау мен бақылау үшін қажетті басқа деректерді қамтитын конструкторлық құжат. «Басқа деректерді» екінші дәрежелі немесе қосымша деп түсіну қажет емес, себебі олардың кез келген біреуінің болмауы немесе есепке алынбауы тетіктерді сапалы дайындау мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұған жалпы жағдайда мыналар енеді:

1) өлшемдер және олардың шекті ауытқушылықтары;

2) беттің кедір-бұдырлығы туралы нұсқаулар;

3) термиялық өңдеу және жабындар туралы нұсқаулар;

4) тетік дайындалатын материалдар туралы нұсқаулар.

Құрастыру сызбасы (ҚС) құрастыру (дайындау) және бақылау үшін қажетті құрастыру бірліктері мен басқа деректердің кескінін қамтиды. А4 пішіміндегі бір немесе бірнеше қағаздарда орындалатын ҚБ-не сипат тізім ұсынылады. Сипаттізім – құрастыру бірліктерінің құрамын, кешенді және жинақты анықтайтын негізгі конструкциялық құжат. Ол конструкциялық құжаттарды жинақтау, дайындау үшін және өндірісте оны іске қосу үшін қажет.

Жалпы түрдегі сызба (ЖТ – қысқартылған) – бұйымдардың конструкциясын анықтайтын, оның негізгі құрамдас бөлімдерінің өзара әрекеті және бұйымдардың жұмыстарын түсіндіретін принципті конструк-торлық құжат. ЖТ ҚС-мен салыстырғанда асқан неғұрлым ақпараттанған болып табылады, өйткені барлық тетіктер мен құрастыру бірліктерінің пішіндерін және өлшемдерін анықтау үшін түрлерін, тіліктерін, қималарын және шығару элементтерінің қажетті санын қамтиды. Күрделі емес құрастыру бірліктерінің ЖТ орнына бұйымдарды дайындау үшін тағайындалған ҚС әзірленуі мүмкін.

А4 пішіміндегі бір немесе бірнеше қағаздардағы ЖТ-ге позиция нөмірлері, белгілері, атаулары, түпнұсқалықтардың сандары, кірме, стандартты бұйымдар туралы, сондай-ақ бұйымдар туралы, олардың неден дайындалатыны және басқа деректер (қажеттілік кезінде) туралы мәлімет-терді қамтитын жиынтық кесте ұсынылады.

 

1.2 Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу

 

ЖТ (ҚҰ) оқу дегеніміз - бұйымның қандай салаға арналғанын, құрылымы және оның жұмыс істеу принципін, бұйымдардың және құрамдас бөліктердің тағайындалуын, құрамын, конструкциясын, өзара орналасуын, бекітілуін, өзара әрекеттесуін зерттеу және меңгеру. ЖТ және ҚҰ оқу кезеңдері:

1.ҚҰ негізгі жазуын оқу керек; құрастыру бірліктерінің атаулары бойынша жұмыс принципі және оны тағайындау бойынша көріністі құрау керек; сызба литері бойынша әзірлеу (тәжірибелік үлгі, тәжірибелік партия, сериялық өндіріс және т.б.) сатыларына бағдарлануы тиіс; масштаб бойынша – нақты шамасына және бұйымдар салмағына; конструкторлық құжаттаманы әзірлеушілерді ұйымдастыруға көңіл аудару керек;

2. Кескінделетін бұйым, оның тағайындалуы, жұмыс құрылғылары мен принциптері туралы қысқаша сипаттаманы оқу;

3. Құрастыру сызбасында кескіндердің санын және турлерін аныктау: берілген басты көрініс, негізгі, толықтырушы және жергілікті көріністер, тіліктер, қималар және шығарма элементтерін оқып білу.

4 Жиынтық кестеден (спецификация) бұйымдар қандай құрастыру бірліктері, түп нұсқалықты және стандартты тетіктерден тұратынын анықтау және қарау, тетіктер дайындалатын материалдарды қарау, сызбада сипат тізімде немесе жиынтық кестеде жеке позицияда көрсетілген әрбір құрамдас бөлікті (тетік, құрамдас бөлік) іздеу. Анықталған бөлшектерді барлық бейнелерде тауып алып көлемі және конструкциялық ерекшеліктерін анықтау.

5. Кескін бойынша геометриялық пішінді, тетіктердің орналасуын, оларды қосудың тәсілдері, орын ауыстыру мүмкіндігі бойынша беру. Бұйымның құрамдас бөліктерінің қандай жолдармен өзара біріктілгендерін анықтау

6. Беттердің майлану түрін, май берілетін жолдарды анықтау.

7 Бұйымның құрамдас бөліктерін ажырату және біріктіру жолдарын анықтау.

Құрылғылар және құрастыру бөліктерінің жұмыстары туралы көріністі ала отырып, тетік контурлары қандай беттермен шектелгенін анықтайды. Бұл үшін қосымша түрлерді, тіліктер, қималар, шығару элементтеріне ерекше көңіл аудара отырып, сызбадан тетіктердің барлық көріністерін тауып алу және қарастыру қажет, өйткені оларда негізгі түрлерде анықталмаған элементтердің пішіндері беріледі. Сондай-ақ тетіктің әрбір конструкциялық элементін белгілеуді анықтау керек. ҚҰ оқуға әртүрлі кескіндегі (масштаб есебімен) тетіктерді штрихтау параметрлері және кескіндер арасындағы проекциялық байланыстар көмектеседі.

Тетіктерді кескіндеу, егер оның пішіні, өлшемі, әрбір конструкциялық элементтерді (қиық жиектер, дөңгелету, жонулар, тереңдету, шығыңқылықтар, бедерлер және т.б.) белгілеу және жұмыс сипаты туралы толық көрініс алынған болса, оқылған болып саналады.

 

1.3 Тетік сызбаларын орындау жүйелілігі

Тетік сызбаларын орындау кезінде, тетіктеу – бұл құрастыру сызбасынан кескінді көшіріп алу емес, ал белгілі бір шығармашылық жұмыс екенін ескеру керек. Тетіктің жұмыс сызбасына, атап өткендей, тек қана тетіктерді кескіндеу емес, сонымен бірге материал маркалары, техникалық талаптар және т.б. болуы тиіс. Сонымен қатар тетіктеу процесі дайындалған сатыдан (бұйымдармен танысу, кескіндерді, олардың тағайындалуын зерделеу, сызбаға салынған өлшемдерді, сипат тізімдерді, техникалық сипаттаманы зерделеу және пішімдерді сызу) және сызбаны тікелей орындау сатысынан тұрады.

Студент тетіктеу үшін (1-кесте) көрсетілген позиция нөмірі бойынша бұл тетіктерді ЖТ барлық кескіндерден табу керек, олардың пішіндерін зерделеу және габариттік өлшемдерді анықтау керек. 2-305-68* [A6] МЕСТ-қа сәйкес тетіктің негізгі түрін, яғни тілік түрін немесе тілікпен сәйкес түрді таңдау керек. Бұдан әрі қарай кескіндердің (түрлерінің, тіліктерінің, қималарының, шығару элементтерінің) қажетті санын, яғни ол минимум болуы тиіс дегеннен шығып, бірақ тетіктің пішіні мен өлшемдері туралы толық көрсету үшін жеткілікті белгілеу қажет. Сызбада кескіндердің саны мен сипаты жалпы түрдегі кескіндердің санына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Кескіндердің масштабы 2.302-58* [A3] МЕСТ-қа сәйкес таңдалып алынады. Масштаб барлық жұмыс сызбалары үшін әр түрлі болуы мүмкін. Шағын өлшемді және күрделі пішіндегі құралдарды ұлғайтылған масштабта, ал үлкен өлшемді – азайтылған масштабта сызу ұсынылады. Содан кейін сызбаны сәйкес орналастыру жүргізіледі, өйткені өлшемдерді соңғы қойып шығу есебінен қабылданған пішімде барлық кескіндерді орналастыруды белгілеу керек.

Жұқа сызықта 2.305-68* МЕСТ нұсқауларын басшылыққа ала отырып, түрлерді, тіліктерді, қималарды және шығару элементтерін сызу керек және өлшемдік сызықтарды жүргізу керек. Жалпы түрдегі алынған сызбаның алынған масштабын ескере отырып, тетік сызбада оның элементтерінің номинал өлшемдерін анықтау және қою керек. Түйіскен тетіктердің бастапқы өлшемдері бірдей болуына ерекше көңіл бөлу керек. Конструкциялық элементтердің (қиық жиектер, орталық тесіктер, жонулар және т.б.) өлшемдері ЖТ сызба бойынша емес, бұл элементтерге тиісті стандарттар [А14 -20] бойынша анықталады. Тетік сызбасында не ЖТ бұйымда кескінделмеген элементтер, не ықшамдалған түрде, шартты немесе сұлбалық түрде орындалған элементтер көрсетілуі тиіс.

Бұл 2.305-68* МЕСТ ҚҰ-да кейбір ұсақ конструкциялық элементтерді, егер бұл сызбаны оқуға және құрама операциялар жүргізуге әсерін тигізбейтін болса, сызбауды ұсынады деп түсіндіріледі.

Кейде жұмыс сызбасында тетіктердің конструкциялық элементтері орындаумен ерекшеленуі тиіс және ҚҰ қарағанда бірнеше басқаша көрінуі тиіс. Мысалы, бұрама сұқпалар мен бұрамаларға арналған ұяшықтар ҚҰ-да тілік ұзындығы және тілік астындағы тесік тереңдігі арасындағы айырманы көрсетпей-ақ, ықшамды түрде бейнеленеді. Ұяшық жұмыс сызбасында стандарт талаптарына сәйкес келуі тиіс. Ең ақырында, негізгі жазбаны толтыру қажет, техникалық талаптарды жазу және жіңішке сызықта орындалған жұмыстың графикалық бөлігін тексеруге беру, егер қажет болса, тіліктер мен қималарды сызықтауын орындау және түзету енгізу қажет.

 

1.4 Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын талаптар

 

2.109-73* [A11] МЕСТ-пен белгіленген тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын негізгі талаптар мыналарға келтіріледі:

1. Әрбір тетіктің сызбасы жеке пішімде орындалады (2.301-68* МЕСТ). 2.104-68* МЕСТ-қа сәйкес негізгі жазбаны қамтуы тиіс [A1, A25]. Негізгі жазбаның 1-бағанында берілген бұйымдардың атаулары мүмкіндік бойынша қысқа және қабылданған терминологияға сәйкес болуы тиіс. Атаулар жекеше түрдегі атау септігінде жазылады, мысалы, «Доңғалақ тісті», яғни бірінші орынға зат есім орналасады.

2. 3-бағандағы негізгі жазбаларда аталған материалға деген стандартқа сәйкес тетік материалын шартты белгілеу көрсетіледі. Материалды белгілеу-де оның атауы, маркасы және стандарт номері [A7] көрсетілуі тиіс, мысалы:

«Болат 45 1050-74 МЕСТ».

Егер материалдың шартты белгілеріне оның қысқартылған атаулары кірсе, мысалы, «БЛ», «СШ», «Қо» және т.б., онда «Болат», «Сұр шойын», «Қола» және т.б. толық атаулары көрсетілмейді, мысалы:

«БЛ 3 535-79 МЕСТ».

3. 2-бағанда 2.202-68* [A2] МЕСТ бойынша құжатты белгілеу жазылады, мысалы: «МС 27. 000.000.006», мұндағы «МС» әріптері, пән тарауларын – машина жасаудағы сызу, ал цифрлар тапсырма нұсқасына (27 нұсқа) және ҚҰ немесе ЖТ тетіктер позициясының номеріне (6-поз.) сәйкес белгілейді; 4-бағанда – бұл 180º немесе 90º бұрылған белгілеу пішімнің орналасуына байланысты болады.

4. Сызбадағы кескіндеу масштабы 2.302-68* [A3] МЕСТ-қа сәйкес таңдап алынады.

5. Жұмыс сызбалары бұйымның құрамына енетін барлық бірегей, түп нұсқалықты тетіктерде әзірленеді.

6. Тетік сызбаларында тетіктердің конструкциялық элементтерінің (қиық жиектер, бунақтар, жонулар және т.б.). пішіндерін және өлшемдерін анықтайтын стандарттарға сілтеме жасауға жол берілмейді. Оларды дайын-дауға арналған барлық деректер сызбада келтірілуі тиіс (Ж қосымшасы).

 

1.5 Сызбалардағы шарттылықтар мен ықшамдылықтар

«Кескіндер – түрлер, тіліктер, қималар» атты 2.305-68* [A6] МЕСТ бұйымдардың және олардың құрамдас бөліктерінде ықшамдылықтар мен шарттылықтарға рұқсат береді. Мұндай ықшамдылық бұйымдар туралы ақпарат көлемін сақтай отырып, сызу кезінде графикалық операциялардың санын елеулі қысқартады. Барынша кең таралған мыналар:

Егер түр, тілік немесе қима симметриялық фигураны білдіретін болса, онда оны жартылай немесе жартылайдан неғұрлым жоғары сызуға рұқсат етіледі (1-сурет).

2. Бірнеше бірдей бірқалыпты орналасқан элементтердің – тесіктер, ойықтар, доңғалақтардың тістері және т.б. бар болуы кезінде тек қана бір –екі осындай элементтерді бейнелеуге рұсқат етеді, ал қалғандарын шартты немесе ықшамды түрде көрсету керек (2-сурет).

3. Беттердің қиылысу сызықтарын, егер оларды: қисық сызба үлгінің орнына – шеңбер доғасын (3-сурет) немесе түзу сызықтарды анық салуды талап етпесе, ықшамды түрде бейнелеуге рұқсат етіледі.

 

1-сурет – Симметриялық 2-сурет – Өлшемдерді қойып,

тетікті бейнелеу қайталанатын элементтерді бейнелеу

3-сурет – Беттердің қиылысу сызықтарының ықшамдалған кескіндері

 

Бір беттен екінші бетке бір қалыпты өтуді шартты түрде (4,а-сурет) көрсетуге болады немесе мүлдем көрсетпеуге де болады (4,б-сурет).

 
 

4-сурет – Беттер 5-сурет – Ұзындығы

арасындағы бір қалыпты бойынша тұрақты көлденең

өтуді белгілеу қималары бар тетікті бейнелеу

 

4. Тұрақты немесе заңды түрде өзгеретін көлденең қималары бар ұзын құралдарды (біліктер, тізбектер, шыбықтар және т.б.) үзіктермен бейнелеуге рұқсат етіледі (5-сурет).

5. Егер бейнелеуде тетіктің жазықты беттерін көзге түсерліктей сызып көрсету талап етілсе, онда оған жіңішке сызықтармен диагональдар жүргізіледі (6-сурет).

 

6-сурет – Тетіктердің жазық беттерін белгілеу

 

6. Нәрселерде бүрлеуді, шырмауды, бұдырлауды жартылай және ықшам-далған түрде бейнелеуге рұқсат береді. Бүрлеу түзу (7,а-сурет) және қиғаш торлы (7,б-сурет) болып қолданылады. Сызбаларда дөңгелетуді шартты түрде белгілейді.

7. Кейбір тетіктер (бұрамалар, бұрандамалар, кілтектер, бұрама-сұқпалар, біліктер, тұтқалар) бойлық тілікте бөлінбеген шартты түрде бейнелейді. ҚҰ-да бөлінбеген сомындар және тығырықтарды көрсетеді.

8. Тесіктер орталық сызықтармен белгіленеді және олардың санын көрсетеді. Дөңгелек ернемекте орналасқан тесік тілігінде, егер қиятын жазықтыққа тап болмаған жағдайда бейнеленеді (8-сурет).

9. Қаттылық қабырғалары, шабақтар және т.б. бөлінбеген түрде көрсеті-леді, бірақ егер қиятын жазықтық қабырғаның немесе осьтің бойында болатын жағдайда ғана сызықталмаған болады. Алайда егер тетіктің осыған ұқсас элементтерінде тесіктер бар болса, жергілікті тілікті орындау керек (8-сурет).

10. Сызбаларды ықшамдау немесе кескіндердің санын қысқарту үшін күрделі тіліктерді қолдануға рұқсат етіледі (9-сурет). Күрделі тіліктер, егер қиятын жазықтықтар параллель (Б-Б тілігі, 9-сурет) және сынық болса, егер қиятын жазықтықтар бұрыш бойымен (А-А тілігі, 9-сурет) қиылысатын болса, сатылы болады. Тіліктер қиылысатын жазықтықтар жағдайына байланысты горизонталь (Б-Б тілігі, 9-сурет) және вертикаль (А-А тілігі, 9-сурет) болып бөлінеді.

Қиғаш торлы МЕСТ 21474-75
Көлбеу тілікті (қиятын жазықтық проекцияның негізгі жазықтықтарының бір де біреуімен параллель емес) сызбаның кез келген жеріне орналастыруға болады. Оны басты бейнелеудегі аталған құрал үшін қабылданғанға сәйкес жағдайға дейінгі бұрылыспен, бірақ міндетті түрде (Г-Г тілігі, 9-сурет) белгісімен бейнелеуге рұқсат етіледі.

 
 
Түзу торлы МЕСТ 21474-75

7-сурет – Бүрлеу: а – түзу; б – қиғаш торлы; в – сызбалардағы кескіндер

8-сурет – Тесіктердің ықшамдалған және шартты белгісі

 

9 – сурет – Қарапайым, күрделі және көлбеу тіліктер

1.6 Тетіктердің конструкциялық элементтерін кескіндеу

Машинаның көптеген тетіктерінің пішіндерінде жалпы элементтер: ойық-тар, қиық жиектер, жонулар, бүрлеулер, бунақтар және т.б. болуы тиіс, бейне-леу белгілі бір стандарттар [A15-20] және ережелер бойынша орындалады (10-сурет).

Қиық жиек
Қиық жиектер
Жонулар
Кілтемелі ойықтар
Галтель
Бунақ
Қасқал

10-сурет – Тетіктердің конструкциялық элементтерінің атауы

 

Жазықтықтардың мұқалған жиектері, біліктердің соңы, бұрандалық өзекшелер, тесіктер қиық жиектер деп аталады. Қиық жиектердің өлшемдері жалпы ереже бойынша – сызықтық және бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық өлшеммен, егер көлбеу бұрышы 45 градустан ерекшеленсе көрсетеді (11-сурет). Қиық жиектердің өлшемі 2.307-68 МЕСТ бойынша с қиық жиегінен биіктікті көрсете отырып, бір өлшемдік сызықпен және көлбеу тәріздес бұрышпен немесе 45 градустағы жазықтық кесіндісінен белгіленеді (12-сурет).


11-сурет – Стандартты 12-сурет – Стандартты

емес қиық жиектер қиық жиектерді

өлшемдерін кескіндеу және белгілеу кескіндеу және белгілеу



Жонуларды бұранданы кесу кезінде кесетін құралдарды «шығару» үшін қолданылады (13-сурет). Егер тетіктің беті ажарланса, онда ажарлау кезіндегі (Д қосымшасын қараңыз, 12-кесте) ажарлағыш шарықтасқа шығу үшін арнайы бунақтарды, сондай-ақ оларға тоқтатқыш немесе тығыздағыш балдақ-тарды орнату үшін қарастыру қажет (15-сурет). Тығыздамалы тығындауларға арналған бунақтар өлшемдері Ж қосым-шасында берілген (13-кесте).


13-сурет – Сыртқы 14-сурет – Кескіш құралды

жонудың кескіні шығару үшін ішкі жонуды кескіндеу

 

 

15-сурет – Тығыздағыш балдақтар астындағы бунақтарды кескіндеу

Ажарлағыш шарықтасқа шығу үшін бунақты ҚҰ жиі көрсетпейді. Жалпы түрдегі сызбаларда және құрастыруда сыртқы жону әрдайым ықшамдалған түрде бейнеленеді, сондықтан тетіктің жұмыс сызбаларында тиісті стандарттар бойынша нақты пішіндері және өлшемдерін көрсететін шығару элементтері толтырады [A21]. Жону өлшемдерін (14-сурет) бұранданың қадамына байланысты таңдайды (Д қосымшасы, 2 және 8-кесте). Кілтекті ойықтар екі түйіскен тетікте: білікте және төлкеде орындалады. Осы ойықтарға орнатылған кілтек біліктен төлкеге дейінгі және керісінше бұрау моментін береді. Осьтік бағыттағы білікте кілтектің еніне сәйкес келетін тікбұрышты бунақ түріндегі ойық ойылып алынады. Ойықтың ұзындығы және тереңдігі кілтектің өлшемінен байланысты болады және стандарттармен анықталған [A20]. Ойық өлшемдері білікте призматикалық кілтектер үшін 23360-78 МЕСТ-қа (Д қосымшасы, 6-кесте), сегментті үшін –24071-80 МЕСТ-қа сәйкес белгіленеді. Анықтайтын өлшем болып, білік немесе d төлке диаметрі болады, сол бойынша кілтекті ойықтың b ені, t1 тереңдігін және r1 айналу радиусын таңдайды (Д қосымшасын қараңыз, 12-кесте). Бейнелеу үлгілері және кілтекті ойықтардың өлшемдерін салу 16-суретте берілген.

16-сурет – Кілтекті ойықтарды кескіндеу және өлшемдерін белгілеу:

а, б, д – біліктердегі призмалық кілтектің астында;

в – тесіктегі призмалық кілтектің астында;

г – біліктегі сегментті кілтектің астында

Бұранданы кесумен байланысты технологиялық элементтерге шығып кету, толық кесілмеу, жону және қиық жиек жатады (17-сурет), ал шығып кетуді немесе толық кесілмеуді жою үшін жонуды орындайды (17-сурет).

 

17-сурет – Сыртқы және ішкі бұрандалардың

технологиялық элементтері

1.7 Сызбаларға өлшемдер салудың кейбір ерекшеліктері. Базалар

 

Сызбаларға өлшемдерді конструкциялық ерекшеліктердің, бұйымдағы тетіктің жұмыс жағдайы, оны дайындау технологиясы және өлшемдерді бақылау есебінен салу керек. Бұл талаптардан шыға отырып, тетікті оны дайындау кезінде өлшейтін, сондай-ақ бұйымдарды бақылау және құрастыру кезіндегі базаны таңдау керек. Базалар конструкциялық, технологиялық өлшеу және құрамалы болатынын басшылыққа алу қажет. Конструкторлық база үшін бұйымдағы тетіктің жағдайын анықтайтын бет, сызықтар немесе нүктелерді қабылдау керек (18-сурет). Технологиялық база ретінде дайындау кезінде тетік бетін өңдеуге бағдарланатын салыстырмалы бетті таңдау керек (19-сурет). Аталған тетіктер үшін А және Б екі технологиялық база пайдаланылған.

Өлшеу базасы үшін дайын бұйымдарды өлшеу кезінде өлшемдері есептелетін бет, сызықтар немесе бет жиынтықтары қабылданады. Құрас-тыру базасын беттер, сызықтар және нүктелер жиынтығы ретінде, бұйымдарды жинау кезінде қалған тетіктерді бағдарлайтындай таңдап алады. Сызбадағы өлшемдердің саны минимум болуы мүмкін, бірақ бұйымдарды дайындау және бақылау үшін жеткілікті болуы тиіс. Сызықтық өлшемдерді белгілеу кезінде 2.307-68 [A8] МЕСТ-ты және 6.636-69 МЕСТ-ты (Д қосымшасы, 10-кесте) басшылыққа алу ұсынылады. Сызбада өлшемдерді салудың үш: тізбектік, координаталық және аралас тәсілі болады.

 
 
Конструкторлық база


(жазықтық)

18-сурет – Конструкторлық база

 

 

 

19-сурет – Конструкторлық және технологиялық

базалардан өлшемдерді қою

 

Тізбекті тәсіл аралас элементтер (тізбекті) арасындағы өлшемдерді жүйелілікпен салуға мүмкіндік береді (20-сурет). Бұл тәсіл тек қана үлкен ұзындығы бар тетіктер үшін қолданылады.

 

20-сурет – Өлшемдерді тізбектеп салу үлгісі

 

Анықтамалық деп аталған сызба бойынша орындалмайтын, ал оқудың үлкен ыңғайлығы үшін көрсететін өлшемдер аталады. Анықтамалық өлшемдер сызбада * белгісімен белгіленеді. Барлық өлшемдер координаталық тәсілдер кезінде бір базалық жазықтықтан (негізгі база) бір бірінен тәуелсіз түрде салынады (22-сурет). Бұл тәсіл жоғарылаған дәлдікпен ерекшеленеді және сондықтан неғұрлым басымдырақ. Өлшемдерді салудың аралас тәсілі С координаталық әдістің тізбекті әдіспен үйлесуін білдіреді. Сызбадағы әрбір өлшем бір рет көрсетілуі тиіс және ол қай жерде барынша сипатты болса сол жерге салу керек. Штрихты сызықпен көрсетілген тетіктің көрінбейтін контурына әдетте өлшемдерді қоймайды. Шеңбер өлшемін радиус түрінде емес, диаметр түрінде қою керек.

21-сурет – Тесіктердің өлшемдерін салу

       
   
Көмекші база
 
 
 


База – ось симметрия түзуі
База – жазықтық (негізгі база)

 

22-сурет – Өлшемдерді координаталық

тәсілмен салу үлгісі


2 Курстық жұмыс

Жалпы ережелер

 

«Жалпы түрдегі сызбаларды оқу және тетіктеу» курстық жұмысының орындалуы студенттің дербес жұмысы болып табылады. Тетіктеу процесі бұйымдар тетіктерінің конструкциялық пішіндерін талдай білуді және олардың өзара әрекеттестігін анықтай білуге, жалпы түрдегі сызбаны оқи білуге және сол бойынша тетік сызбасын орындай білуге бағытталған. Курстық жұмыстың мақсаты алдында алынған білімді тереңдету мен бекіту, студенттерді анықтамалық әдебиеттерді, КҚБЖ стандарттарын пайдалана білуге, сондай-ақ конструкциялық құжаттаманы құрастыра білу дағдысын иеленуге үйрету

2.2 Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар

Студенттерге курстық жұмыста 2.301-68*[A1] МЕСТ бойынша А4 пішіміндегі сызба қағазының (ватман) беттеріне тетіктер сызбасын қарындаштың, яғни сызба аспаптарының көмегімен және нұсқалар бойынша орындау ұсынылады. Тетіктер сызбасының берілген сапасын қамтамасыз ету үшін кескіндерді алдын ала сәйкес орналастыру және сызбалардың өзін параққа тиісті пішімдегі миллиметрде нобайлы түрде орындауға және жеке тәртіпте оларды оқытушымен келісу ұсынылады. Сызба пішімінің жиегі рамкамен шектеледі және соның ішінде 2.104-68*[А2] МЕСТ бойынша негізгі жазба орналасады (23- сурет).

23-сурет – Негізгі жазбаны толтыру

 

Бұйымдардың тетіктері (Д қосымшасы) 2.302-68*[А3] МЕСТ бойынша масштабта сызылады және парақ пішімі шегінде барлық сызбаға барынша біркелкі тарату есебінен орналастырады. Тип және қалыңдығы сызбалардың сызықтарын жиектеу кезінде 2.303-68*[А4] МЕСТ сәйкес алынады. Бірінші беті 1.1.02-2004 [A18] СМК ФС (Е қосымшасын қараңыз) талаптарына сәйкес ресімделеді. Сызбадағы барлық жазбалар және әріп немесе цифр түріндегі белгілер 2.304-81[А5] МЕСТ-қа сәйкес стандартты шрифтпен жазылуы тиіс.

 

 

2.3 Курстық жұмыстың мазмұны

 

Курстық жұмыс 4-5 беттік көлемде жазылған түсіндірмелі жазбадан және екі сызбадан тұрады (А4 немесе A3 пішімі).

Түсіндірме жазбада мыналар болуы тиіс:

1) бірінші беті Г қосымшасы (анықтамалық) Бірінші бетті ресімдеу

2) нұсқалар бойынша тапсырма;

3) мазмұны;

4) нормативтік сілтемелер;

5) кіріспе;

6) негізгі бөлім (жалпы түрдегі сызбаны оқуды сипаттау);

7) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

8) қосымша.

А3 немесе А4 пішімінде ватманда орындалған сызбалар түсіндірме жазбада пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін түптеліп тігіледі және қосымшаға енгізіледі.

 

2.4 Курстық жұмысты қорғау

Қорғауға тек тапсырмаға сәйкес және талап етілген көлемде орындалуы тиіс жұмыстар ғана жіберіледі. Жұмыстар белгіленген оқу жоспарының мерзіміне сәйкес қорғалуы тиіс. Қорғау белгіленген мерзімнен кейін тек қана институттын рұқсатымен жіберіледі. Студент «Инженерлік графика» курсы бойынша курстық жұмысты орындап, оң баға қойылған, тиісті пікірмен емтихан тапсыруға құқығы болады.

2.5 Құрастыру сызбаларын тетіктеу үшін нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау

 

Курстық жұмысқа арналған тапсырмалар жеке болады. Олар нұсқа бойынша беріледі. Нұсқа студенттік журналдағы тізіміне сәйкес келуі тиіс. Әдістемелік нұсқаулар машиналар және тораптарды құрастыру сызбаларының 33 нұсқасын қамтиды (оқутышы таратады).

Әр құрастыру сызбада тетік бұйымдарына енетін сипат тізім мен қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі. А3 екі пішіміне сызып көрсету қажетті тетіктердің атаулары және позиция нөмірлері 1 -кестеде берілген.

 

1 - кесте - Нұсқамалар бойынша бөлшектеу үшін арналған ақпарат

 

 

№ вар. Тапсырмалар нұсқамалары Бөлшектеу үшін бөлшек позициясының атауы мен нөмірі
1. 01.001 Тасымалдауыштың кергіш құрылғысы Білік (7), сырғақ (4)
2. 01.002 Тасымалдауыш Білік (12), мойынтіректер (15)
3. 01.003 Қол жетегінің механизмі Білік (1), мойынтірек қанқасы (3)
4. 01.004 Жетек Білік (2), қақпақ (4)
5. 01.005 Аралық біліктер Білік (5), қақпақ (2)
6. 01.006 Бүйірлік тасымалдауыштар Ось (6), негізгі (7)
7. 01.007 Сұйықтыққа арналған сорғы Штуцер (5), ұстаушылар (23)
8. 01.008 Вариатор Созылмалы төлке (5), төлке (11)
9. 01.009 Вакуум- сорғы Білік (4), сорғыш қақпақ (2)
10. 01.010 Кілиі аунақшалардың жетегі Білік (2), аунақша (5)
11. 01.011 Жетек Саусақ (12), аунақша (6)
12. 01.012 Шынжырлы тасымалдауыштың кергіш құрылғысы Ось (7), сырғақ (6)
13. 01.013 Жетек білігі Білік (1), қақпақ (26)
14. 01.014 Жетек білігі Білік (1), қақпақ (6)
15. 01.015 Май сорғысы Кронштейн (1), қақпақ (2)
16. 01.016 Тасымалдауыштың кергіш станциясы Сол жақ жарты ось (4), планка (7)
17. 01.017 Кергіш аунақшалар жетегі Білік (3), аунақша (4)
18. 01.018 Жетек Білік (19), қақпақ (28)
19. 01.019 Жетек білігі Білік (22), қақпақ (39)
20. 01.020 Жетек білігі Білік (11), қақпақ (3)
21. 01.021 Ауыстырып қосу механизмі Білік (7), қақпақ (17)
22. 01.022 Тартқыш аунақшалар Білік (2), аунақша (1)
23. 01.023 Тісті жалғастырғыш Саусақ (6), құрсама (8)
24. 01.024 Фрикционды муфта Төлке (3), вал (7)
25. 01.025 Бұру механизмі Саусақ (13), қақпақ (12)
  1-кестенің жалғасы
Қосымша нұсқамалар
№ вар. Тапсырмалар нұсқамалары Бөлшектеу үшін бөлшек позициясының атауы мен нөмірі
26. 01.002 Тасымалдауыш Білік (16), шкив (1)
27. 01.005 Аралық біліктер Білік (6), қақпақ (7)
28. 01.016 Тасымалдауыштың кергіш станциясы Оң жақ жарты ось (6), күпшектер (2)
29. 01.017 Кергіш аунақшалар жетегі Білік (14), қақпақ (9)
30. 01.018 Жетек Білік (9), қақпақ (4)
  01.019 Жетек білігі Білік (20), стакан (3)
32. 01.020 Жетек білігі Аунақша (5), мойынтірек қанқасы (1)
33. 01.025 Бұру механизмі Білік (1), қақпақ (15)
         

 


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. Ыбраев А. Инженерлік графика. Техникалық жоғары оқу орындары мамандықтарының студенттеріне арналған оқулық. Алматы: «Білім» баспасы, 2005.-248 бет.

2. Ыбраев А. Инженерлік графика. Техникалық жоғары оқу орындары мамандықтарының студенттеріне арналған оқулық. Алматы: «Білім» баспасы, 2011.-224 бет.

3. Наби Ы., Есмұхан Ж., Дүйсенов С. Машина жасау сызуы. Жалпы ред. басқарған Ы. Наби.- Алматы: РОНД, 2004.-208-б.

4. Жаңабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика. Техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық.-Алматы: «Мектеп» баспасы, 2005.-304 бет, суретті.

 

 

 

3 Курстық жұмысты орындау үлгісі

3.1 «Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасын оқу

 

 

1) «Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасының негізгі жазуы: ББ.002.000.000.; құрастыру бірліктерінің атаулары бойынша жұмыс принципі және оны тағайындау бойынша көріністі құрау керек; сызба литері – оку жұмысы; масштабы - 1:2 кішірейтілген масштаб; бойынша –бұйымдар массасы – көрсетілген жоқ; конструкторлық құжаттаманы әзірлеушілер – КарМТУдің студенті (Т.А.Ж., тобы)

2) кескінделетін бұйым, оның тағайындалуы, жұмыс құрылғылары мен принциптері туралы қысқаша сипаттаманы оқу;

Бағыттаушы блоктың жалпы түрдегі сызбасын орындау тізбектілігін қарастырамыз (24-сурет). Бұл құрама бірлік көтергіш кранның металл конструкциясы бөліктерінің біреуінде орнатылады және тросты (арқанды) бағыттау үшін қызмет атқарады.

Трос роликтің науашасына кіреді және роликті белгілі бұрышпен иеді. Ролик (1) осьтің (5) ойығына кіретін, жұқа тақтайшамен (4) айырдың (2) құлақтарына қозғалмайтындай бекітілген, осьте (5) еркін айналады. Жұқа тақтайша (4) айырға (2) екі бұрандамен бекітіледі.

Роликтің (1) осін (5) майлау үшін пресс-май сауыт (9) қызмет атқарады, ол арқылы цилиндр каналдары бойымен оське (5) үйкелу бетіне қою май беріледі.

Айыр (2) төрт бұрандамен (6) және сомын (8) арқылы кронштейнмен 3 қосылады, ол да кранның металл конструкциясына бұранда арқылы бекітіледі.

3). Құрастыру сызбасында кескіндердің санын және турлерін аныктаймыз:жалпы саны – 6, негізгі көріністердің саны 3- басты көрініс, үстінгі және сол жақты көрініс, жергілікті көрініс 1- А-А, қиманың саны 2 –Б-Б, В-В

4) Жиынтық кестеде позицияның саны – 9, жалпы болшектің саны – 11. Бұйым 1 құрастыру бірлігі, 4 түп нұсқалықты және 11 стандартты тетіктерден тұрады. Тетіктер дайындалатын материалдарды қарап, анықтаймыз. Сызбада сипаттізімде немесе жиынтық кестеде жеке позицияда көрсетілген әрбір құрамдас бөлікті (тетік, құрамдас бөлік) іздейміз. Анықталған бөлшектерді барлық бейнелерде тауып алып көлемі және конструкциялық ерекшеліктерін анықтаймыз.

5. Кескін бойынша геометриялық пішінді, тетіктердің орналасуын, оларды қосудың тәсілдері, орын ауыстыру мүмкіндігі бойынша беру. Бұйымның құрамдас бөліктерінің қандай жолдармен өзара біріктілгендерін анықтау

6. Беттердің майлану түрін, май берілетін жолдарды анықтаймыз..

7 Бұйымның құрамдас бөліктерін ажырату және біріктіру жолдарын анықтаймыз.

 

Құрылғылар және құрастыру бөліктерінің жұмыстары туралы көріністі ала отырып, тетік контурлары қандай беттермен шектелгенін анықтаймыз. Бұл үшін қосымша түрлерді, тіліктер, қималар, шығару элементтеріне ерекше көңіл аударамыз, сызбадан тетіктердің барлық көріністерін тауып аламыз және қарастырамыз, өйткені оларда негізгі түрлерде анықталмаған элементтердің пішіндері беріледі.

 

 

Тетік сызбаларын орындау жүйелілігі

 

 

Сызбаны орындаудың алдында блокты өз бетімен бөлшектеу, тетіктердің геометриялық пішіндерін айқындау, тетіктер қосылыстарының түрлерін және құрама операциялардың тізбектілігін анықтау керек.

Бұйымның құрастыру бөліктерін спецификация бөлімдері бойынша бөлу және оларға белгілер беру керек.

«Бағыттаушы блок» бұйымының бөлшетердің жұмыс сызбаларың орындау барысында осы методикалық нұсқаудың 1.3; 1.4;1.5;1.6;1.7 тарауларын оқұ қажет.

Қосымшаларда «Бағыттаушы блок» бұйымының сызбасы, сипаттізім және тетіктерінің сызбаларын орындау мысалдары көрсетілді.

 

24-сурет- Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасы


 

Қосымшалар

 


А қосымшасы. «Бағыттаушы блок» бұйымының құрастыру сызбасы

25-сурет- Бағыттаушы блок» бұйымының құрастыру сызбасы
Б қосымшасы. Бағыттаушы блок бұйымына сипаттізім

26-сурет- Бағыттаушы блок» бұйымының сипаттізімі


В қосымшасы. «Бағыттаушы блок» бұйымдар тетіктерінің сызбаларын орындау мысалы

 

27-сурет – Ось сызбасының фрагменті

 

28-сурет – Жұка тақтайшаның сызбасы

 

 

29-сурет – Роликтің сызбасы

 

30-сурет - Ернемек сызбасы


Г қосымшасы (анықтамалық) Бірінші бетті ресімдеу

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow