Клин. Анатомия для интернов по модулью. Онкология мамология - 7- курс, 90 тест 06. 10. 2017 каз

~ Сүт безінің қапшығы кеуде қабырғасы... шандырымен болады

| беткей

| кеуденің меншікті

| кеуде бұғана

| ішкі кеуде

| сүт безі шандырыдан тыс жатады

~ Сүт безінің радикалды операциясы кезінде бір блокта алынып тасталынатыны болып саналады...

| сүт безінің жоғары-сыртқы квадранты

| кіші кеуде бұлшықеті

| бұғанасты аймағының майлы қабаты

| қолтықасты аймағының майлы қабаты

| үлкен кеуде бұлшықеті

~ Интрамамарлы абцессті ашу үшін қолданылатын тілік реті...

| радиалды

| вертикалды;

| көлденең;

| сопақ, жоғарғы жиегінен

| бұрыштық

~ Беткей іріңді маститтерді ашу үшін... тіліктер қолданылады.

| емзіктерге радиалды

| сүт безінің қатпарлары бойымен доғатәрізді

| сүт безінің жоғарғы жиегі бойымен

| бойлық (вертикалды)

| көлденең (горизонталды)

~ Алдыңы қабырғааралық артериялар... тармағы болып табылады.

| төменгі ішкі кеуде артериясының

| кеуденің бүйірлік артериясының

| кеуде қолқасының

| бұғанаасты артериясының

| жоғарғы мықын артериясының

~ Оң жақ қабырғааралық веналар... венаға барып құяды.

| сыңар

| төменгі қуысты

| жартылай сыңар

| жоғарғы қуысты

| ішкі кеуде

~ Ішкі кеуде артериясы... шығады.

| бұғанаасты артериясынан

| омыртқалық артериядан

| қалқан-мойын сабауынан

| қабырға-мойын сабауынан

| терең мойын артериясынан

~ Қабырғааралық нервтер... шығуы мүмкін.

| мойын өрімінен

| иық өрімінен

| бел өрімінен

| сегізкөз өрімінен

| кеуде жұлынми нервтерінің алдыңғы тармақтарынан

~ Сүт безін қандандыратын латералды кеуде артериясы... артериясының тармағы болып табылады.

| қолтықасты

| бұғанаасты

| жалпы ұйқы

| ішкі кеуде

| аортаның

~ Ретромаммарлы майқабаты кеңістігі... болады.

| беткей шандыр астында

| тері астында

| теріасты май қабатында

| кеуде шандыры астында

| ішкікеуде шандыры астында

~ Кеуде қабырғасының... қабырғааралық қантамыр - нерв шоғыры болады.

| қабырғааралық бұлшықеттер арасында

| кеуде шандыры астында

| параплевралы майқабатында

| беткей шандыр астында

| үлкен кеуде бұлшықеті астында

~ Субпекторалды кеңістік... болады.

| кеуде шандыры арасында

| бұғана-кеуде шандыры арасында

| терасты майқабаты астында

| беткей шандыр арасында

| ішкі кеуде шандыры арасында

~ Ретромамарлы абсцесстерді... тілігімен ашу керек.

| көкірек безінің төменгі жиегі

| сүт безі бүртігі зонасының пигментелген жерінен радиалды

| сүт безінің пигменттелген жерінен шетке қарай 1 см радиалды

| сүт безі бүртігінің пигментелген айналасы

| жартылай дөңгелек

~ Сүт безінің қатерлі ісігі кезінде метастаздану ең алдымен қолтықасты лимфа түйіндерінің... тобына қарай кетеді.

| кеуделік

| иық

| жауырынасты

| орталық

| ұшындағы

~ Сүт безінен лимфа ағысының негізгі жүру жолы қолтықасты жолы болып табылады, яғни қолтықасты түйіндерінің үлкен топтарына қарай бағытталады. Соның ішінде Зоргиус лимфа түйіні... орналасады.

| кеуденің үлкен бұлшықетінің сыртқы жиегінің астында III қабырға деңгейінде

| I қабырға және бұғана арасында

| ішкі кеуде артериясы бойында

| алдыңғы көкірекаралығында

| арқаның аса жалпақ бұлшықеті астында

~ Ішкі кеуде артериясы (a. throracicainterna) алдыңғы кеуде қабырғасының терең қабаттарында орналасқан. II-IV қабырға шеміршектері деңгейінде ішкі кеуде артериясы... орналасады.

| ішкі қабырғааралық бұлшықеттер және кеуденің көлденең бұлшықеті арасында

| қабырғааралық бұлшықеттер арасында

| субпекторалды майқабатында

| плевраасты майқабатында

| кіші кеуде бұлшықеті астында

~ Қабырғааралық қантамыр-нерв шоғырлары (a.v.n. intercostales)... орналасқан.

| қабырғааралықта, III-ден XI-шы қабырға арасында

| кеуде шандыры астында

| параплевралды майқабатында

| беткей шандыр астында

| кеуде қабырғасының бөлімдеріне байланысты әртүрлі тіндер арасында

~ Көкірекаралығында маңызды бірнеше ағзалар орналасқан. Топорафиялық негізіне қарай алдыңғы және артқыкөкірек аралығы деп бөліп қарастырамыз. Соның ішінде алдыңғы көкірек аралығында жатады...

| жүрек перикардымен, айырша без, кеңірдек, иықбас веналары, қолқаның жоғарлайтын бөлігі, қолқа доғасы, өкпе сабауы, өкпе веналары

| өңеш

| сыңар вена

| ішкі кеуле артериялары

| кеуде лимфа өзегі

~ Көкірекаралығында маңызды бірнеше ағзалар орналасқан. Топографиялық негізіне қарай алдыңғы және артқыкөкірек аралығы деп бөліп қарастырамыз. Соның ішінде артқыкөкірек аралығында орналасатынын сипаттаңыз...

| сыңар және жартылай сыңар вена, оң және сол кезбе нервтер, өңеш, кеуле лимфа өзегі

| кеңірдек

| ішкі кеуде артериялары

| жүрек жүрекқабымен бірге

| айырша без

~ Сүт безі... артериясының көзі арқылы қанданады.

| қолтықасты

| сыртқы кеуде

| төменгі кеуде

| жоғарғы кеуде

| ішкі кеуде, латералды кеуде және қабырғааралық

~ Науқас 32-жаста, сүт безінің жоғарғысыртқы квадратында орналасқан көлемі 1-см ісік бойынша сүт безінің секторалды резекциясы жасалды. Жедел гистологиялық зерттеу кезінде жоғары дифференциялық рак анықталды. Хирургтің келесі тактикасын сипаттаңыз...

| сүт безінің радикалды резекциясын жасау керек

| резекция кезінде ісік толығымен алынып тасталынды, операцияны ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ

| Холстед бойынша радикалды масэктомия жасау керек

| екі жақты овариоэктомия жасау қажет

| науқасты тексерістен өткізу керек

~ Сүт безінің радикалды резекциясын жасау үшін... керек.

| 3 см дейінгі көлеміндегі ісік, сыртқа және ішке таралған, маммограммада сүт безінің мультицентриялық белгілерінің болмауы

| Әртүрлі көлемдегі ісік орталыққа таралған, маммограммада сүт безінің мультицентриялық белгілерінің болмауы

| 2 см дейінгі ісік, сыртқа таралған, зақымдалған жақта қолтықасты аймағында метостатикалық лимфа түйіндерінің конгломератының болуы

| Радикалды резекция сүт безі рагінің клиникалық түрі және таралу дәрежесіне байланыссыз жасалуы

~ Хирург сүт безін, кіші кеуде бұлшықетін, қолтықасты, жауырынасты және бұғанаасты аймақтарының лимфа түйіндерін майқабаттарымен бірге алынып тасталынатын сүт безінің қатерлі ісігіне байланысты жасалатын операцияны пайымдаңыз... бойынша радикалды мастэктомия

| Пейти

| Урбану-Холдин

| Холстеду-Майеру

| Мадден

| Донецкий

~ Сүт безінің қатерлі ісігін табуда ең қолайлы диагностикалық әдістердің бірін көрсетіңіз...

| маммография

| термография

| диафаноскопия

| рентгенография

| бронхоскопия

~ Терең субпекторалды кеңістік... бұлшықеттер арасында орналасу керек.

| кіші кеуде және қабырғааралық

| делта тәрізді

| үлкен және кіші кеуде

| алдыңғы тісті және жауырынасты

| үлкен кеуде және жауырынасты

~ Аталған түзілістердің ішінде қолтықасты ойысының алдыңғы қабырғасының бұғана-төс үшбұрышының жоғарғы және төменгі шекаралары … жиегі болады.

| бұғананың төменгі жиегі және кіші кеуде бұлшықетінің жоғарғы

| үлкен кеуде бұлшықетінің жоғарғы

| кіші кеуде бұлшықетінің төменгі

| үлкен кеуде бұлшықетінің алдыңғы

~ Науқас 25 жаста, жүктілік кезінде сол жақ сүт безінің гиперемиясы, тығыздалуы, сүт безі бүртігінен қанаралас сұйықтықтың бөлінуі және сол жақ қолтықасты аймағында лимфа түйіндерінің үлкейуі байқалды. Мұндай жағдайда ең қолайлысы... болып саналады.

| сол жақ сүт безінің тығыздалған жерін тесу және үлкейген лимфа түйінін цитологиялық зерттеу

| маммография

| антибиотиктер тағайындау

| физиотерапевтік процедураларды тағайындау

| гормонотерапия

~ Жас анада сол жақ сүт безіне пальпация жасаған кезде ауру сезімі бар тығыздалған аймақ анықталды, сол аймақтың терісі қызарған. Флюктуация симптомы оң, дене қызуы бар. Диагнозы...

| жедел іріңді мастит

| галактоцеле

| Педжет рагі

| фиброаденома

| фиброзды мастопатия

~ Сүт безінің қатерлі ісігі диагнозын анықтау үшін... әдістері міндетті болуы керек.

| рентгенологиялық диагностика

| клиникалық тексеру

| морфологиялық тексеру

| серологиялық тексеру

| ултрадиагностикалық тексеру

~ Жедел лактациялық мастит кезінде қабыну процессі алғаш сүт безінің... болады.

| паренхимасында және интерстициясында

| теріасты майқабатында

| ретромаммарлы майқабатында

| медиастеналды кеңістікте

| латералды кеңістікте

~ Бүтіндігі бұзылған кезде сүт безінің төмен түсіп кетуіне алып келетін сүт безін ұстап тұратын байламның бекінетін жері болады...

| бұғананың денесі

| төстің бұрышы

| төстің денесі

| құстұмсықты өсінді

| акромиалды ұшы

~ Беткей іріңді маститтерді ашу үшін... тіліктер қолданылады.

| көкірек безі бүртігіне қарай радиалды

| сүт безінің өтпелі қатпары бойымен доғатәрізді

| сүт безінің жоғарғы жиегі бойымен

| бойлық (вертикалды)

| бүйірлі (горизонталды)

~ Радикалды масэктомия кезінде операциядан кейінгі кезеңде... болады.

| аяқтың пілдік ауруы

| қолдан веноздық қан ағысының бұзылуы

| қолдың ишемиясы

| қолдың трофикалық зақымданулары

| қолдың парестезиясы

~ Науқас 38 жаста, сүт безінің қатерлі ісігі бойынша радикалды операция жасалынды. Ісік төменгі-сыртқы квадранта орналасқан. Кейінгі емдік шараларын сипаттаңыз...

| сол жақ сүт безіне сәулелік терапиялық ем
| жергілікті емханада бақылану
| профилактикалық химиотерапия
| қолтықасты және бұғанасты зоналарына сәулелік терапия
| өкпенің рентгеноскопиясы

~ Холстед бойынша радикалды мастэктомия кезінде алынып тасталынатынын сипаттаңыз...

| сүт безі, үлкен және кіші кеуде бұлшықеттері және метастазданған зона аймағы

| бүткіл сүт безін

| метастазданған зонаны ғана
| үлкен және кіші кеуде бұлшықеттерін

| тек қана кіші кеуде бұлшықетін

~ Өкпе түбіріне кіретін негізгі анатомиялық түзілістер...

| алдыңғы өкпе артериясы және венасы, негізгі бронх, бронхиалды артерия

| вена, артерия, бронх

| бронх, бронхиалды артерия и бронхиалды вена

| өкпе артериясы және венасы, нервтер, лимфа түйіндері, негізгі бронх, бронхиалдытамырлар, лимфа түйіндері

| негізгі бронх, өкпе венасы, бронхиалды тамырлар және лимфа түйіндері

~ Пульмонэктомия кезінде оң жақ бронхқа жанасып жататын... вена қантамырлары зақымданады.

| сыңар және жоғарғы қуысты

| өкпе артериясы, жоғарғы қуысты

| өкпе венасы, төменгі қуысты

| төменгі қуысты

| жартылай сыңар вена, сыңар

~ Ортаңғы бұғана сызығы бойымен III қабырғааралық деңгейде кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасының зақымдануы кезінде... бұлшықеттер зақымданады.

| кіші кеуде және қабырғааралық

| үлкен кеуде және қабырғааралық

| қабырғааралық бұлшықеттер, бұғанасты

| үлкен кеуде және алдыңғы тісті

| бұғанасты, үлкен кеуде және сыртқы қиғаш

~ Радикалды мастэктомия кезінде сүт безімен бір блокта... алынады.

| тері, теріасты майқабаты, сүт бездері, ретромаммарлы

| сүт безі, тері, теріасты майқабаты, қолтықасты ойысымен кеуде бұлшықеттері

| сүт безі жәнеүлкен кеуде бұлшықеті

| сүт безі қолтықасты лимфа түйіндері

| майқабаты, кеуде бұлшықеттері, регионарлы лимфа түйіндері

~ Қолтықасты артериясы (a. axillaris) тармақтары бойымен, қолтықасты ойсынан (fossa axillaris) ірің, кеуденің алдыңғы бүйір қабырғасының қандай майқабатты кеңістігіне таралады...

| терең субпекторалды кеңістікке (spatium subpectorale profundus)

| Пирогов–Парон кеңістігіне

| білектің орталық жүлгесінің майқабатына (sulcusantebrachiimedianus)

| беткей субпекторалды кеңістікке (spatiumsubpectoralesuperficialis)

| апоневрозастылық майқабаты кеңістігіне (spatiumsubaponevroticum)

~ Жуан ішек (intestinumgrassum) асқорыту жолының соңғы бөлігіне жатады. Жуан ішекте үш бөлімді ажыратады. Жуан ішектің... бөлімдері ішперде ішінде орналасады.

| құрт тәрізді өсінді, соқыр ішек, көлденең жиек ішек, сигматәрізді ішек және тік ішектің жоғарғы бөлігі

| соқыр ішек, көлденең жиек ішек және төмендейтін жиек ішек

| сигматәрізді ішек және жоғарлайтын жиек ішек

| төмендейтін жиек ішек және құртәрізді өсінді

| жоғарлайтын жиек ішек және сигматәрізді ішек

~ Сүт безінің қатерлі ісігі кезінде метастаздану бірқатар нақты жағдайлардың әсер етуінен регионарлы лимфа түйіндерінің әртүрлі топтарына таралуы мүмкін. Ісік сүт безінің жоғарғы бөлімінде болса, лимфа түйіндерінің... топтары метастазданады.

| бұғанаасты

| төс

| мойын

| қолтықасты

| өкпе бронхлимфа

~ Өкпеге жететін негізгі жол...

| көлденең бүйір және артқыбүйір

| артқы, алдыңғыбүйір жол

| артқыбүйір, алдыңғы

| алдыңғы, бүйір және артқы

| алдыңғы, бүйір және алдыңғыбүйір

~ Өкпе қақпасында өкпе түбірін (radix pulmonalis) құрайтын анатомиялық түзілістер орналасады. Өкпе түбірінің негізгі анатомиялық түзілістерін негіздеңіз...

| негізгі бронх, өкпе артериясы және вена, бронхиалды артерия

| артерия, вена, бронх

| бронх, бронхиалды артерия және бронхиалды вена

| өкпе артериясы және вена, нервтер, лимфа түйіндері, негізгі бронх, бронхиалды тамырлар, лимфа түйіндері

| өкпе венасы, негізгі бронх, бронхиалды тамырлар және лимфа түйіндері

~ Кеуде қуысының айқын көрінетін майлы қабаты кеңістіктерін көрсетіңіз...

| кеңірдекмаңындағы, өңешмаңындағы, қолқамаңындағы

| алдыңы көкірекаралықтық, перикардиалды, қолқа маңындағы

| өңешмаңындағы, перикардиалды, алдыңғы көкірекаралық

| өңешмаңындағы,кеңірдекмаңындағы, перикардиалды

| алдыңғы көкірекаралық

~ Кеуде қабырғасында практикалық маңызы зор бірнеше майлы қабаттар бар. Кеуде қабырғасының аса көрнекті майлы кеңістігін сипаттаңыз...

| субпекторалды бұлшықетаралық, ретромаммарлы, кеуде қабырғасының қабырғааралық шандырлы майлы кеңістігі

| кеңірдек маңындағы, өңеш маңындағы, қолқа маңындағы

| өңеш маңындағы, перикардиалды, алдыңғы көкірекаралық

| кеңірдек маңындағы, өңеш маңындағы, перикардиалды

| алдыңғы көкірекаралық

~ Науқасттары тексеру кезінде, кейбір кезде торокоабдоминалды синдром байқалады, ол плеврит, миокард инфракты кезінде қате диагноз қоюға алып келуі мүмкін. Оның пайда болу себебін топографиялық анатомия мәліметтерін пайдалана отырып түсіндіретіні...

| қабырғааралық нервтердің тітіркенуі

| кезбе нервтің тітіркенуі

| диафрагмалды нервтердің тітіркенуі

| іштің қабырғасы қантамырларының тромбозы

| плевралды майқабатының тітіркенуі

~ Пейти операциясының радикалды мастэктомия операциясынан негізгі айырмашылығы...
| кіші кеуде бұлшықеті алынады, бірақ үлкен кеуде бұлшықеті сақталынып қалады
| үлкен және кіші кеуде бұлшықеттері алынып тасталынады

| үлкенкіші кеуде бұлшықеттерінің екеуі сақталынып қалады
| үлкен кеуде бұлшықеті алынады, бірақ кіші кеуде бұлшықеті сақталынып қалады
| жергілікті анестезиямен жасалынады

~ Өкпеге қабырғааралық-бүйір жету жолы кезінде жұмсақ тіндерді тілу паравертебралды сызықтан... сызыққа қарай жүргізіледі.

| жауырындық

| артқы қолтықастылық

| ортаңғы қолтықастылық

| алдыңғы қолтықастылық

| ортаңғы бұғаналық

~ Өкпе гангренасында пульмонэктомия кезінде өкпе түбірі элементтерін өңдеуді негіздеңіз...

| негізгі бронхтан

| жоғарғы өкпе венасынан;

| төменгі өкпе венасынан;

| өкпе артериясынан;

| сыңарвенадан;

~ Беткей іріңді маститтерді ашу үшін... тіліктер қолданылады.

| көкірек безі бүртігіне қарай радиалды

| сүт безінің өтпелі қатпары бойымен доғатәрізді

| сүт безінің жоғарғы жиегі бойымен

| бойлық (вертикалды)

| бүйірлі (горизонталды)

~ Ішкі кеуде артериясы төс жиегі бойымен өтеді және қабырға шеміршектерінің артқы бетінде орналасады. Ол қабырғааралық артериялармен анастомозданады, aттас веналарымен бірге жүреді. Ішкі кеуде қантамырлары бойымен қабырғааралықтарында... лимфа түйіндері орналасқан

| төсмаңындағы

| мойын

| бұғанасты

| бұғанаүсті

| бронхөкпе

~ Сыртқы және ішкі қабырғааралық бұлшықеттер арасында қабырғааралық қантамырлар мен нервтер жататын майқабатты орналасады. Қантамыр-нерв шоғырының орналасуын ескере отырып плевралық пункцияны жасайды...

| жетінші-сегізінші қабырғааралықта, ортаңғы қолтықасты сызығының артында, төмен жатқан қабырғаның жоғарғы жиегінде

| бесінші-алтыншы ортаңғы қолтықасты сызығының артында, төмен жатқан қабырғаның жоғарғы жиегінде.

| тоғызыншы-оныншы қабырғааралықта, ортаңғы қолтықасты сызығының артында, төмен жатқан қабырғаның жоғарғы жиегінде.

| сегізінші-тоғызыншы қабырғааралықта, ортаңғы қолтықасты сызығының артында, төмен жатқан қабырғаның жоғарғы жиегінде.

| алтыншы-жетінші қабырғааралықта, ортаңғы қолтықасты сызығының артында, төмен жатқан қабырғаның жоғарғы жиегінде.

~ Париеталды және висцералды плевра арасында плевраның тұйықталған саңылаулы қуысы немесе плевра қуысы түзіледі, сол қуыстың ішінде аздаған мөлшерде (35 мл дейін) өкпені барлық жағынан қоршап тұратын серозды сұйықтық болады. Соның ішінде ең терең және клиникалық маңызды синус болып табылады...

| қабырға-диафрагмалды синус, (sinus costomediastinalis)

| медиастиналды (sinus mediastinalis)

| диафрагма-медиастиналды (sinus diaphragmomediastinalis).

| төс-медиастиналды синус

| төс-диафрагмалды синус

~ Ішкіұйқы артериясының негізгі сабауын байлау үшін ішкі ұйқы артериясын... ашу керек.

| 3-ші қабырғаралығында

| 4-ші қабырғаралығында

| 5-шіқабырғаралығында

| 6-шіқабырғаралығында

| 7-шіқабырғаралығында

~ Латералды кеуде артериясы (a.thoracicalateralis) қолтықасты артериясынан шығады және бірге жүретін веналарымен бірге кіші кеуде бұлшықетінің сыртқы жиегі бойымен өтеді. Осы тамырлардың артында 1,5-2см үлкен кеуде нерві өтеді. Латералды кеуде артериясының соңғы тармақтарының көп бөлігі... бұлшықеттері.

| үлкен кеуде және кіші кеуде

| арқаның аса жалпақ

| бұғана

| трапеция тәрізді

| ішкі кеуде

~ Кеуде-арқа артериясы (a.thoracodorsalis) жауырынасты артериясының жалғасы болып табылады. Өзінің бірге жүретін веналарымен бірге кеуде қабырғасының бүйір бетімен төмен түседі. Онымен бірге кеудеарқа нерві бірге жүреді. Барлық кеудеарқа қантамыр-нерв шоғырын жауып жататын... бұлшықеті.

| арқаның аса жалпақ

| үлкен және кіші кеуде

| бұғанаасты

| трапециятәрізді

| ішкі қабырғааралық

~ Төстің алдында, артқы қабырғааралық артериялар, ішкі кеуде артериясынан шығатын алдыңғы қабырғааралық артериялармен анастомозданады. Осы анастомоздарға байланысты әрбір қабырғааралығында артериалды сақина түзіледі, сол сақинаны түзуге... қатысады.

| қолқасы және бұғанасты артериясы

| кеуде қолқасы және жауырынасты артериясы

| кеуде қолқасы және қолтықасты артериясы

| кеуде қолқасы және ішкі кеуде артериясы

~ Көкеттің қандануы бірнеше артерия көзі арқылы қанданады. Негізгі артериялар болып қолқаның құрсақтық бөлімінен шығатын екі төменгі диафрагмалды артериялар (a.phrenicae inferiores) табылады. Сонымен бірге, көкетті қандандыруда... қатысады.

| жоғарғы диафрагмалды артериялар, ішкі кеуде артериясының тармақтары, қабырғааралық артериялар

| омыртқалық артериялар, бұғанасты артериялары, қолтқасты артериялары

| бронхиалды артериялар, перикардиалды артериялар

| бұғанасты артериялары, омыртқалық артериялар

| қолтықасты артериялар, бронхиалды артериялар, жауырынасты артериялары

~ Кеудеде шандырлар сияқты майлы қабаттар да жақсы білінеді. Кеуде қабырғасында практикалық маңызы зор... майлы кеңістіктер сипатталады.

| субпекторалды бұлшықеттік, ретромаммарлы, қабырғааралықшандырлық

| төсүстілік апоневроаралық

| предвисцералды майлы кеңістік, висцералды

| омытқаалдылық

| предперикардиалды

~ Өкпе қақпасы (hilumpulmonis) өкпенің медиалды бетінде орналасқан сопақша тәрізді ойыс. Өкпе қақпасы арқылы өкпе түбірінің (radixpulmonis) анатомиялық түзілістері өтеді. Өкпе түбірінің құрамына кіреді бұл...

| бронхтар, өкпе және бронхиалды артерия және веналар, лимфа тамырлары, нерв өрімдері

| өкпе артериясы және вена, нервтер, лимфа түйіндері, негізгі бронх, бронхиалды тамырлар, лимфа түйіндері

| негізгі бронх, өкпе венасы, бронхиалды тамырлар және лимфа түйіндері

| артерия, вена

| артерия, вена, нерв

~ Өңештің кеуделік бөлімінің қандануы кеуде қолқасының өңештік, бронхиалды және қабырғааралық тармақтарыарқылы жүзеге асады. Ал өңештің кеуде бөлімінің төменгі бөлігі... артериялар арқылы қанданады.

| сол жақ қарыншалық (a.gastrica sinistra)

| Оң жақ қарыншалық (a.gastrica dextra)

| Төменгі диафрагмалды

| Жоғарғы диафрагмалды

~ Өңеш веналары оның қабырғасында торлы жүйе түзейді, одан қан көп мөлшерде сыңар және жартылай сыңар веналарға ағады. Өңештің төменгі бөлігінде венозды жүйе... анастомозданады.

| қақпа венасы жүйесімен

| мықын-ішек веналарымен

| мықын-жиектік веналарымен

| жоғарғы шажырқай веналарымен

| төменгі шажырқай веналарымен

~ Өңештің кеуде бөлімінен лимфа ағысы әкететін лимфа тамырлары арқылы кеңірдекмаңындағы лимфа түйіндеріне барады. Өңештің төменгі бөлімдерінен лимфа сол жақ қарыншалық артерия бойымен... лимфа түйіндеріне барады.

| сол жақ қарыншалық және құрсақ

| оң жақ қарыншалық және құрсақ

| шап

| бел

| қолтықасты

~ Жаңа туған нәрестеде өңеш атрезиясы кезінде тігістердің тұрақсыздығы экстраплевралды жету жолымен неғұрлым дұрысын көрсет...

| консервативтік терапия (интенсивті антибактериалды терапия, көкірекаралығын жуу)

| реторакотомия, өңештің анастомозын бөлу, эзофаго- и гастростомия

| гастростомия, көкірекаралығына дренаж қою

| өңеш кемістігін тігуконсервативтік

| науқасты инкурабелді деп есептеу

~ Асқазанның артериалды қандануы құрсақ сабауы тармақтарының көмегімен жүзеге асады, сабау құрсақ қолқасынан басталып XII кеуде омыртқасы деңгейінде... артериясына бөлінеді.

| сол жақ асқазан артериясына, көкбауыр артериясына және бауырдың жалпы

| оң жақ асқазан артериясына, көкбауыр артериясына және бауырдың жалпы

| оң жақ асқазан-шарбы артериясына, оң жақ асқазан-шарбы

| қысқа асқазан артерияларына, бауыр

| жоғарғы және төмен панкреатодуоденалды

~ Асқазанда қандандыруда 5-қантамыр қатысады... сол және оң асқазан артериялары, сол және оң асқазан-шарбы артериялары және қысқа асқазан артериялары. Соның ішнде аса мықты және практикалық маңызы зор артерияны сипаттаңыз...

| сол жақ асқазан артериясы (a.gastricasinistra)

| оң жақ асқазан артериясы (a.gastricadextra)

| оң жақ асқазан-шарбы артериясы

| асқазанның қысқа артериялары

| оң жақ асқазан-шарбы артериялары

~ Өңештің кеуделік бөлігі артқы көкірекаралығында II ден XI кеуде омыртқалары деңгейінде орналасады. Өңештің кеуделік бөлімінің... бөгде заттар тұрып қалуы керек.

| кеңірдек және диафрагма бифуркациясы деңгейінде

| бронхбифуркациясы деңгейінде және асқазанға кіреберісінде

| YI және YIII кеуде омыртқалары деңгейінде

| YI және IX кеуде омыртқалары деңгейінде

| III және IX кеуде омыртқалары деңгейінде

~ Егер де кеуде лимфа түтігінің зақымдануы II немесе III кеуде омыртқалары тұсында болса,... плевра қуысында хилезді сұйықтық жиналуы мүмкін.

| сол жақ

| оң жақ

| екі

| артқы көкірекаралығында

| алдыңғы көкірекаралығында

~ Кеуде және құрсақ қуыстарын ашатын және көкетті кесетін оперативтік жету жолы... қолданылады.

| торакоабдоминалды, өңеште және бауырда

| френикотомия торакоабдоминалды

| френикотомия, өңеште

| бауыр, торакоабдоминалды

| абдоминалды, френикотомия, өңеште

~ Ішпередеарты кеңістігіне жанасып жататын көкеттің жарықтың түзілуі мүмкін бұлшықеттік бөлігінің осал жерлері болады...

| Богдалек үшбұрышында

| төменгі қуысты венаның тесігі маңында

| қолқалық тесік маңында

| Моргани үшбұрышында

| Ларрея үшбұрышында

~ Қабырға резекциясы кезінде қолданылатын арнайы құралдары...

| Дуаэнраспаторы, Шумахер, Штил қабырғалық қайшылары

| қайшылар, қандауыр және қабырғаолық қайшылар

| қандауыр, қабырғалық распатор

| Шумахер, Штил қабырғалық қысқыштары

| Фарабеф, Дуаэнраспаторы

~ Кеуде қуысы деп... түсінеміз.

| төс және омыртқалармен, қабырғалармен шектелген кеңістікті

| қабырғалармен, омыртқалармен және төспен шектелген кеңістікті

| кеуде клеткасы және диафрагмамен шектелген қуысты

| жоғарғы және төменгі апертуралар арасындағы кеңістікті

| диафрагма, омыртқа, төс және қабырғалары арасындағы қуысты

~ Плевра қуысы дегеніміз...

| негізгі қабырғалық және висцералдық плевралармен шектелген қуыс

| кеуде клеткасы және өкпелер арасындағы кеңістік

| көкірекаралығы, диафрагма және өкпелер арасындағы қуыс

| қабырғалық плевра жапырақтарымен шектелген қуыс

| қантамырлар өтетін кеуде қолқасының бір бөлігі

~ Әрбір плевра қуысында плевралды синустарды ажыратады. Плевра қуысының... плевралды синусы терең орналасқан.

| қабырға-диафрагмалды

| көкірекаралық

| көкірекаралық-диафрагмалды

| диафрагмалды

| медиастиналды

~ Сүт безінен негізгі лимфа ағысы болады...

| беткей және терең лимфа ағысы болады

| парастерналды лимфа түйіндері лимфаны қолтықасты лимфа түйіндерінің басқа да топтарынан жинайды

| тістәрізді бұлшықеттің үшінші тісінде орналасқан лимфа түйіні – бірінші кезеңдегі лимфа түйіні (Зоргиус лимфа түйіні)

| лимфа жоғарғы-ішкі квадранттан құрсақ қабырғасына ағады

| лиманың негізгі коллекторы –қолтықасты лимфа түйіндері

~ Төс сабауы деңгейінде кеңірдек алдында... жатады.

| жоғарғы қуысты вена

| сол жақ бұғанаасты артериясы

| симпатикалық сабау

| қайтарма көмей нерві

| қолқа доғасы, иықбас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы

~ Қолдың піл тәрізді болып өзгеруі мастэктомия кезіндегі хирургиялық қателікке жатады...

| жоқ, өйткені бұл операцияның радикалдылығын көрсетеді;

| әрине, өйткені көп көлемде майлы қабаттар алынып тасталды;

| хирургтың қолтықасты венасын зақымдап алуымен;

| қолтықасты шұңқырының нервтерін кесіп алуымен

~ Қолқа доғасынан оң жағынан солға қарай... артериясы анатомиялық құрылымдар шығады.

| шынтақ жақ иықбас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғанаасты

| оң жақ жалпы ұйқы

| сол жақ жалпы ұйқы

| сол жақ бұғанаасты артериясы, сол жақ жалпы ұйқы

| оң жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғанасты

~ Өкпе түбірінен жоғары оң жақ диафрагмалды нерв... арасында орналасқан.

| жоғарғы қуысты вена және медиастиналды плевра

| қолқа және жоғарғы қуысты вена

| төменгі қуысты вена және оң жақ жалпы ұйқы артериясы

| иықбас сабауы және жоғарғы қуысы вена

| қолқа доғасының

~ Көкіректің диафрагмалды нервтері... артериялармен бірге жүреді.

| перикардодиафрагмалды

| өкпе

| жүректің тәждік

| жоғарғы құрсақүсті

| ішкі кеуде

~Ашық пневотороксты тіккеннен кейін … плевра қуысына дренаж қою арқылы ауаны шығарып тастайды.

| компрессивті ателектазды болдырмау үшін

| обтурациялық ателектаза болдырмау үшін

| қанағудың алдын алу үшін

| гематорокстың алдын алу үшін

| инфекциялық аурулардың алдын алу үшін

~ Ортаңғы көкірекаралықта... болады.

| перикард (pericardium)

| висцеральды плевра (pleura visceralis)

| медиастиналды плевра (pleura mediastinalis)

| ішперде (peritoneum)

| Грубердің соқыр қапшығы (saccus caecus retrosternocleidomastoideus)

~ Жоғарғы көкірекаралықтың (mediastinum superior)... сол жақ кезбе нерв (n. vagus sinister) орналасады.

| қолқа доғасының алдыңғы бетінде (arcus aortae)

| сол жақ жалпы ұйқы және сол жақ бұғанасты арасында

| сол жақ бұғанаасты артериясынан (a. subclavia sinister) солға қарай

| аортаың артқы бетінде

| сол жақ жалпы ұйқы артериясын солдан оңға қарай қиып өтеді

~ Жоғарғы көкірекаралығының (mediastinum superior) төменгі шекарасы болып табылады...

| төменгі өкпе түбірі арқылы шартты түрде жүргізілген сызық

| көкірекаралығы арқылы жүргізілген шартты түрдегі сызық

| жүрек ұшынан (apex cordis) шартты түрде жүргізілген сызық

| сол жақ медиастиналды плевра (pleura mediastinalis)

| оң жақ медиастиналды плевра (pleura mediastinalis)

~ Өкпеге (pulmones) операция жасаған кезде хирургиялық жету жолын алдымен хирург... бастайды.

| басты патологиялық процесстің таралуымен

| пациенттің қалауымен

| хирургтің үйреншікті әдісімен

| өкпедегі патологиялық процесстің сипатымен

| жорамалданған техникалық асқынулардан

~Алдыңғы көкірекаралығында (mediastinum anrerior)... лимфа түйіндері орналасқан.

| диафргмалды-медиастиналды және төсартындағы

| бұғанаүсті

| бұғанаасты

| қолтықасты

| апоневрозаралық

~ Іріңді маститті ашу үшін... тіліктер қолданылады.

| радиалды және жартылай дөңгелек сүт безінің астынан

| сүт безінің ішінде көлденең

| соскаймағында- радиалды

| сүт безінің үстінен жартылай дөңгелек

| жартылай дөңгелек сүт безінің үстінен

~ Ашық пневмотроксты тіккен кезде тігістің екінші қатарында алынатын кеуде қабырғасының қабаттарын көрсетіңіз...

| кеуде шандырының беткей жапырағы және кеуде қабырғасының беткей бұлшықеттер қабаты

| сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер (musculiintercostalesexterni)

| қабырғалар (costae)

| висцералды плевра (pleuravisceralis)

| ішкі қабырғааралық бұлшықеттер (musculiintercostalesinterni)

~ Әйелдердің кеуде қабырғасының терең флегмонасы... майлы қабатта таралмайды.

| сүт безінің алдында және артында

| кіші кеуде және артқы тісті бұлшықеттер арасында

| үлкен кеуде және артқы тісті бұлшықеттер арасында

| үлкен кеуде және қабырғалар арасында

| үлкен кеуде және алдыңғы тісті бұлшықетер арасында

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: